А.Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ӘОЖ. 419. 99271 Қолжазба құқығында

Жанысбаева Балауса Козыбаковна

А. Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары

Мамандығы 6N0205

Филология магистрі академиялық дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент Г. Қ. Жылқыбай . . .

Түркістан 2013 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . 3

І тарау

А. Ысқақовтың сөз таптары теориясы: көзқарастары мен

тұжырымдамалары . . . 8-34

1. 1 Сөздерді таптастыру принциптері . . . 8

1. 2 Көмекші есімдер . . . 16

1. 3 Етістіктің шақ категориясы . . . 19

1. 4 Үстеу . . . 24

1. 5 Еліктеуіш сөздер . . . 26

1. 6 Одағай сөздер . . . 30

ІІ тарау

А. Ысқақов зерттеулерінің грамматикалық негізі . . . 35-82

2. 1 Сөздің морфологиялық құрылымы және

негізгі грамматикалық ұғымдар . . . 35

2. 2 Лексикалану және делексикалану құбылысы . . . 41

2. 3 Аналитикалық морфология . . . 45

2. 4 Қазақ тіліндегі ішкі флексия . . . 53

2. 5 Күрделі сөздер . . . 55

2. 6 Тіл мәдениеті және әдістемелік пікірлері . . . 61

2. 7 Тілтанымдағы жаңа парадигмалардың

А. Ысқақов зерттеулеріндегі көрінісі . . . 70

Қорытынды . . . … . . . 75

Пайдаланылған дереккөздер . . . ……. … . . . 79

Кіріспе

Қазақстан қоғамы үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени өзгерістер мен бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы өте зор. Оны орындау үшін нарықтық экономикаға негізделген бәсекеге лайықты жаңа заманда жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны дайындау шарт. Қазақстан Республикасының президенті - елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары туралы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деп атап көрсетеді [1] .

Осымен байланысты Қазақстандағы жоғары білім беруге негізделген қазақ тілі маманын даярлау жүйесінің көздейтін мақсаты - жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетімен білімін жетілдіре алатын, мамандығы бойынша қажетті білім, іскерлік, дағдысы қалыптасқан терең білімді, білікті, ізгілікті маман даярлау.

Қазақстандағы соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістер білім беру жүйесінің барлық салаларына қарқынды өзгерістер алып келді. «Білім туралы заң», «Жоғары білім туралы заң», «Қазақстан республикасы гуманитарлық білім беру бағдарламасы», «Қазақстан республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы», «Білім беру туралы мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» т. б. мемлекеттік құжаттар білім беру мазмұнын анықтап беріп отыр. Аталмыш құжаттарға сәйкес жоғары білім беруді дамытуда көзделетін негізгі мақсат: «Оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті және ғылым, мәдениет, білім беру процесін бірлікте тану негізінде жас ұрпақты тәрбиелейтін жоғары білім берудің тұңғыш жаңа ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады» [2, 7] .

Білім берудің жаңа үлгісін жасау - Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер талап етіп отырған міндет. Оқытудың жаңаша құрылуының алғышарттары - маман даярлаудың құзыреттілік (компетенция) моделін қамтамасыз ететін -оқытуды демократияландыру, ізгілендіру, ақпараттандыру, саралау, студенттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына мән беру, проблемалық, бағдарламалық оқытуды жетілдіріп, оқыту үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, оны білім беруде кеңінен қолдану және оқытудың нәтижелілігі. Білімгер кәсіби-теориялық білім, іскерлік, дағдылармен қаруланып қана қоймай, шығармашылық еңбегімен ізденіп өздігінен білім алуға, ой қорытындысын жасауға қабілетті болуы тиіс.

«Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік-интелектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі» [3, 180] .

Осыған сәйкес жоғары білім беру маманның болашақ қызметіне сәйкес біртұтас, жүйелі, іргелі білім, кәсіби іскерлік, дағдылармен қаруландыруды және арнайы шығармашылық және ғылыми ізденушілік қабілеттерін дамытуды көздейді. Осы мақсаттағы диссертациялық жұмыстың тақырыбы «А. Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары» деп аталады.

Тіл білімі тарихын зерттеушілердің басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек.

Жекелеген ғалымдардың мұрасын оқып-үйрену - ғылым үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қажеттілік. Лингвистикалық мұраны зерттеу жалпы тіл білімінде, соның бірі түркі тілдерінде, ғылым туралы ғылым ретінде әбден орныққан, қалыптасқан дәстүр болып табылады. Қазақ тіл білімінде бұл мәселе 1970-ші жылдардан басталады. К. Ш. Хұсайынның «Исследование фонетики и лексики казахского языка в трудах В. В. Радлова»(А., 1971) атты кандидаттық диссертациясында қарастырылып, одан кейін жеке ғалымдардың мұралары монографиялық тұрғыда зерттеле бастады.

Осымен байланысты “Қазақ тіл білімінің дамуына А. Ысқақовтың қосқан үлесі қандай болды, ұстанған концепциялары қай мектеп өкілдерінің тұжырымдарымен үндес келеді” деген мәселе төңірегінде ізденгенімізде айтулы ғалымның жалпы тіл білімі, қазақ тіл біліміндегі морфология саласы бойынша орнықты пікірлерінің күні бүгінге дейін маңызын жоймағаны байқалды.

Ғалымның ғылыми танымы қазақ тіл білімінің жекелеген мәселелеріне арналған Т. Қордабаев, Б. Қалиев, Ф. Оразбаева, Т. Жанұзақ т. б. ғалымдар еңбектерінде, мәнділігі, құндылығы туралы айтылған пікірлер деңгейінде талданды деп атауға болады. Дегенмен оның морфологияға қатысты концепциялары қазіргі ғылыми таным тұрғысынан жан-жақты, жүйелі түрде қарастырылып, арнайы зерттеу объектісі болған емес.

А. Ысқақов - қазақ тіл білімінің әр саласына қалам тартқан ғалым. А. Ысқақовтың зерттеушілік жұмысының арқауын қазақ тіліндегі сөз таптары мәселесі, оның категориялық ерекшеліктері, грамматикалық сипаттары айқындайды. Жалпы тіл білімінің жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Тіл дамуының ішкі заңдылықтарын, ішкі және сыртқы факторлар мен себептерді анық ашып көрсетеді.

Зерттеудің көкейтестілігі Жалпы тіл білімі жекелеген тілдерді зерттеудің негізінде дамиды. Жекелеген тіл білімі өкілдерінің зерттеулері ұлттық тіл ғылымының тарихындағы теориялық бағыттар мен мектептердің, оның көрнекті өкілдерінің алатын орны мен рөлін анықтауда ерекше маңызды болып табылады. Қазақ тіл білімінде А. Ысқақов сынды ғалымдардың теориялық көзқарастарын, ой-тұжырымдарын, ұстанған бағыттарын арнайы зерттеу сол ғылым саласының қалыптасу, даму тарихын қазіргі тіл білімінің жетістіктері және жаңа салаларымен сабақтастығын теориялық тұрғыдан пайымдауға жол ашады.

А. Ысқақов жоғары оқу орындарында дәріс берген тілші-ғалым. Морфология саласы бойынша ғалымның сол кезде айтатын құнды пікірлері мен ғылыми тұжырымдарының қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарымен, өзекті мәселелерімен сабақтас келетіндігі ерекше назар аудартады. Морфология бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы А. Ысқақовтың авторлығымен шығып, ол бірнеше рет қайта өңделіп, күні бүгінге дейін осы оқулықпен оқытылуда. Онда сөздің морфологиялық құрылымынан бастап, қосымшалар, олардың жіктелуі, сөз таптары, морфологиялық категориялар т. б. негізгі мәселелердің барлығы қамтылған.

А. Ысқақов еңбегінен соң зерттелуден тыс қалған кейбір мәселелердің төңірегінде сөз қозғап, соған орай тереңірек қайта зерттеуге ұсыныстар жасауды да көздедік.

Осы айтылғандар зерттеу нысанына алынып отырған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу нысаны - А. Ысқақовтың қазақ тілі грамматикасының өзекті мәселелеріне қатысты іргелі зерттеулері, пікірлері мен ізденістері.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері Жұмыстың мақсаты - А. Ысқақовтың ғылыми танымы мен өзіндік көзқарастарын ғалымға дейінгі және қазіргі таңдағы ғылыми ой-пікірлермен салыстыра отырып, түркітану іліміндегі, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі орнын анықтау, ғылыми мұрасына лайықты бағасын беру. Бұл мақсатқа жету үшін ғалым мұрасындағы төмендегі мәселелердің шешімін бағалау міндеттері қойылды:

- ғалым зерттеулеріндегі сөздерді таптастыру теориясына қатысты көзқарастары мен тұжырымдары;

- көмекші есімдер, етістіктің шақ категориясы, үстеу, еліктеуіш сөздер, одағай сөздер туралы ұстанымдары;

- А. Ысқақов зерттеулерінің грамматикалық негізін тілдің грамматикалық құрылысы жайындағы ілімі, лексикалану және делексикалану құбылысы, аналитикалық морфология, қазақ тіліндегі ішкі флексия, қос сөздер, біріккен сөздерге қатысты зерттеулері ыңғайында саралау;

- тіл мәдениеті мен оның нормалары туралы, қазақ тілінің әдістемесі жөніндегі пікірлерінің мәнін ашу;

- тілтанымдағы жаңа парадигмалардың А. Ысқақов зерттеулеріндегі көрінісін айқындау;

  • А. Ысқақов еңбектеріндегі грамматикалық тұжырымдарының ғылыми-теориялық деңгейін қазіргі тіл білімі тұрғысынан анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы Ғалым мұраларын сөз ету ғылымға ерекше жаңалық ретінде қосылмайтындығын мойындаймыз, алайда кез-келген ғалымның ғылыми жаңалықтарын айқындап, тұжырымдарын сұрыптау арқылы ғылымның дамуына көп септігін тигізуге болады, еленбей қалған мәселелер болса ашыла түсуіне жол ашуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан ғалым А. Ысқақов еңбектері арқылы қазіргі қазақ тілінің грамматикасындағы түйінді мәселелер, атап айтқанда

- қазақ морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен даму жолдары сараланады;

- А. Ысқақов зерттеулеріндегі концептуалды тұжырымдар өзге де морфолог-зерттеушілердің ой-пікірлерімен салыстырылып, ғалымның ұстанған бағыты, концепциясының ғылыми негіздері ашылып көрсетіледі;

- қазақ тіл білімінде қазақ тілі морфологиясының күрделі проблемаларының зерттелу барысына ғылыми шолу жасалып, А. Ысқақовта ол мәселелердің қандай шешім тапқаны анықталады;

- А. Ысқақовтың қазақ тілі морфологиясын ғылыми пән ретінде дамытудағы қосқан үлесі, жаңалығы, орны, мақсаты анықталып, соның нәтижесінде ғалымның ғылыми лингвистикалық мұраларының құндылығы айқындалады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, морфология пәні, функционалды грамматика бойынша лекциялар курсында кеңінен қолданылады. Жұмыстың кейбір деректері ғалымның еңбектері туралы энциклопедияларда, қазақ тілі бойынша анықтағыштарда қолданылады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар

- көрнекті ғалымның лингвистикалық мұрасын зерттеу, бағалау, қазіргі тіл білімінің дамуындағы орнын көрсету ғылымның тарихы үшін аса маңызды мәселе болып табылады;

- қазақ тіл білімін дамытуға үлес қосқан айтулы ғалымның ой-пікірін саралап, олардың теориялық негіздерін көрсету тілді зерттеуді жетілдіру үшін аса қажет;

- қандай лингвистикалық мектеппен байланысын, қандай ғылыми-теориялық бағыттарға сүйенгенін, қандай тәсілдер қолданғанын анықтаудың тілдің өзіндік табиғатына байланысты ерекшеліктерін зерттеуде маңызы зор;

- тіл ғылымы жетістіктерін қаншалықты пайдалана алғанын көрсету;

- қандай ғылыми әдістерді қолданғанын, тілдің дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың өзара байланысын көрсете алғанын саралаудың мәні аса зор.

Зерттеудің дереккөздері Жұмысты жазу барысында А. Ысқақовтың морфологияға қатысты жарық көрген монографиясы, оқулықтары, ғылыми мақалалары мен жасаған баяндамалары, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, А. Байтұрсынұлы К. Аханов, А. Қалыбаева, Н. Оралбаева т. б. зерттеулері, сондай-ақ ғалымның пікірлеріне талдау жасап, оның теориялық тұжырымдарын дамытқан еңбектер жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.

Зерттеу әдістері Жұмысты жазу барысында сипаттама, талдау, жүйелеу, жинақтау, саралау, тарихи-салыстырмалы, сараптау, қорыту әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері төмендегідей: «А. Ысқақов сөздерді таптастырудың принциптері туралы», «А. Ысқақовтың етістіктің шақ қатегориясын танудағы ұстанымы» атты 2 мақала жарияланып («Қазақстанның ғылыми әлемі» халықаралық ғылыми журналы, 2012-6), «А. Ысқақовтың тілдің грамматикалық құрылысы жайындағы ілімі» тақырыбында республикалық ғылыми конференцияда баяндама жасалып, жинаққа шықты (Абылайханның 300 жылдығына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков оқулары-2013» атты ІҮ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары) .

Зерттеу жұмысының құрылымы Диссертация кіріспе, екі тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған дереккөздер тізімі берілді.

І тарау

А. Ысқақовтың сөз таптары теориясы: көзқарастары мен

тұжырымдамалары

  1. Сөздерді таптастыру принциптері

Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико-грамматикалық топтарға бөлу болғаны белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыз алдындағы Ү-ІҮғасырдағы көне Үндістан лингвисі Панини грамматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері айтылып келе жатқанын да білеміз. Тілдегі сөздерді есім, етістік, шылау деп үшке бөлу де сол заманда басталған болатын. Платон мен Аристотельден басталған жоғарғы үш топ құрамына кіретін сөздерді ең аз болғанда бес, ең көп болғанда он бір топқа бөлу - тіл білімінде әбден орныққан, тұрақты үлгіге айналған дәстүр. Ғылымда орныққан сол даяр үлгіні түркологтар түркі тілдерін зерттеуде де қолданды. Кейін келе сол соқпақпен қазақ тілін зерттеушілер де жүрді [4. 95] .

Қазақ тіл білімінде де сөздерді түрлі тапқа жіктеу мәселесінің өзіндік қалыптасу, даму жолы бар. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі өткен ғасырдың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы А. Байтұрсынов есімімен тығыз байланысты. ғалымның тіліміздегі сөздерді таптастыруындағы жалпы жүйе негізінен көп өзгеріссіз күні бүгінге дейін сақталып келеді [5. 18] .

Қазақ тіл білімінде сөз таптастыру мәселесіне оң ықпалын тигізген іс - әр сөз табын кандидаттық диссертация ретінде жеке зерттеу нысанына айналдыру ісі 40-жылдары басталды. Сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерінің қазақ тіл білімінде сөз таптарын зерттеген Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, Ә. Хасенов, Ш. Сарыбаев, Ж. Шәкенов, Р. Әміров, Б. Кәтенбаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде түрлі дәрежеде көрініс тапты [6] .

Бұл ғалымдар өздерінің зерттеулерінде тиісті сөз таптарын анықтауда қазақ тіл біліміне 30-жылдары енген сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерін басшылыққа алады. Аталған авторлардың зерттеулері барысында, басқа да ғалымдардың еңбектерінде сөз таптарының семантика-құрылымдық табиғатын ашуда бұл принциптерді қолдану деңгейлерінің әр түрлілігі байқалды.

Сөз таптастыру ілімі проблемасы өзекті мәселе ретінде морфологияның күн тәртібіне 1950 жылдары қойылды. Бұл жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасын шешу ісіне белсене араласқан А. Ысқақов болды. 1950 жылы «Халық мұғалімі» журналында ғалымның «Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы» атты мақаласы жарияланды. Ғалым сөздерді түрлі тапқа бөлудің мән-мақсатын «тілдің даму сатысын, грамматикалық құрылысын айқындаумен» байланыстыра отырып, «Сөздерді таптастыру жөніндегі көзқарастар мен бағыттар жалпы тіл ғылымының даму сатысына, қалса әрбір жеке тілдің зерттелуі дәрежесіне сәйкес өзгеріп те, дамып та отырады», - дейді [7] .

Бұл ғалым да қазақ тілі сөздерін түрлі тапқа жіктеуде өзіне дейінгі айтылған үш принципті атайды: «Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырғанда да, басқа тілдердегі сөздерді таптастырғандағыдай, негіз етіп алынатын белгілер және қолданылатын принциптер мыналар:

- сөздің семантикалық (лексикалық) мағынасы;

- сөздің морфологиялық (грамматикалық) мағынасы;

- сөздің сөйлемдегі (синтаксистік) қызметі».

Автор аталып отырған принциптерді басшылыққа алып сөз таптастырудың нәтижесінде пайда болған сөз таптарын «лексикалық топтар» деп атайды.

«Сөз таптары категориясы- сөздерді лексикалық топтарға бөлудің нәтижесі», -дей отырып [5, 36] , ғалым сөз таптары терминінің орнына лексикалық топтар терминін ара-тұра қолданып отырады.

А. Ысқақовтың бұл мақаласының алдыңғы ғалымдар еңбектерінен өзіндік жаңашылдық жақтары да бар:

біріншіден, мақала мазмұны сөз таптастырудың жалпы теориялық мәселесімен қатар, әрбір сөз табының семантика құрылымдық табиғатын егжей-тегжейлі толық баяндауымен ерекшеленеді;

екіншіден, автор осыған дейін одағайдың құрамында қаралып келген еліктеуіш сөздерді тұңғыш рет жеке сөз табы ретінде қатарға қосады.

Ғалым тіліміздегі еліктеу сөздерді семантика жағынан еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерге бөліп, олардың әрқайсысының мағыналық, дыбыстық ерекшеліктерінің барлығына және морфологиялық құрылысының өзгешеліктеріне талдау жасайды. Еліктеу сөздердің өзіндік сөз тобы болатын принциптерін айта келіп, еліктеулердің одағайларға қосылатын ұқсастығы жоқ, өзіндік жеке сөз табы етіп қарастыруға әбден болатын категория екенін автор: «Еліктеу сөздерді ешуақытта одағай сөздердің қатарына қосуға болмайды, өйткені еліктеу сөздердің лексикалық мағынасымен бірге грамматикалық, оның ішінде синтаксистік қасиеті аса күшті. Одағайларда ондай синтаксистік қасиет жоқ», -деп дәлелдейді [7] .

А. Ысқақовтың тағы бір жаңалығы қазақ тіл біліміне Қ. Жұбанов енгізген сөз таптастырудың үш принципін (семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) бірлікте қарай отырып, оларды жетілдіре түскендігі болды. Ғалым морфологиялық принципті сөз ете отырып, әрбір сөз табының түрлену жүйесіне байланысты қосымша қабылдау қабілеті ішінде сөз тудырушы жұрнақтардың да сөз табын айырудағы қызметін көрсетеді .

«Сөзден сөз тудыратын формальдық бөлшектердің де(жұрнақтардың) сөз таптарының жіктерін ашуда атқаратын қызметі аса күшті», - дей отырып автор бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстыруға қабілетті жұрнақтарды да әр сөз табының анық морфологиялық көрсеткіші болып танылатын сөз түрлендіруші (мысалы, сын есімнің шырай, етістіктің етіс, т. б. ) жұрнақтары секілді формальдық белгі ретінде таниды.

«Жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалған сын есімдердің формальдық белгілері(көрсеткіштері) сол туынды сын есімдерді жасаған жұрнақтар болады», - дейді ол [5, 37] .

Алайда бұл тұжырымның дұрыс бола бермейтіні қазақ тіл білімінің кейінгі даму барысында анықталды. Ғалым сол сияқты сөз таптастырудағы синтаксистік принципті айта отырып, әрбір сөз табының сөйлемде негізгі және қосымша қызметі болатынын ашып айтты.

А. Ысқақов кезінде Қ. Жұбанов айтқан идея ізімен сөз таптарын тарихи категория ретінде тани отырып, оларды таптастыруда саралану процесінің әлі жүріп жатқанын, бұл факторды сөздерді жіктеу ісінде мықтап ескеру керек екенін де айтып, дәлелдеп берді. Ғалым «Сөз таптарын анықтаумен қатар, әдеби тіліміздің күннен-күнге қарыштап өсуімен, дамуымен байланысты оның лексикалық құрамындағы сөздер де өзара дифференцияланып (сараланып) бітпегендігін, сөздердің саралану процесі тіліміздің қазіргі жағдайында төтенше күшті екендігін естен шығармау керек», - дей отырып [5, 37] , бұл пікірін нақты мысалдармен дәлелдейді. Оның ойынша, «Жел Төлеубайдың басынан тақиясын ұшырып түсірді», «Қаратаудың басынан көш келеді», «Жұмысты басынан осылай ұйымдастыруымыз керек еді», - деген сөйлемдердегі бас сөзіне қатысты түрлі мағыналық өзгерістер сөздердің саралану процесінің көрінісі, яғни әуелгі толық мағыналы зат есім бас сөзінің мағынасының солғындауы нәтижесінде екінші сөйлемде көмекші есімге, үшінші сөйлемде шығыс септігінің көнеруі арқылы үстеуге айналған.

50-жылдардан бергі дәуірде қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының қалыптасып, дамуының негізінен А. Ысқақовтың есімімен байланысты болуы ғалымның көп жылғы еңбегінің нәтижесі іспетті. 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбекте, 1967 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасында», 1964 жылы қорғаған «Морфологическая структура слова и именные части речи в современном казахском языке» атты докторлық диссертациясында, т. б. еңбектерінде сөз таптастыру теориясына қатысты ой-пікір, тұжырымдарын кеңірек сөз қылады. Ғалымның жоғары оқу орны филология факультеті студенттеріне арнап жазған «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» оқулығының 1974 жылғы бірінші, 1991 жылғы өңделіп толықтырылған екінші басылымы да тіл біліміндегі сөз таптары туралы зерттеулерді қамтыған сүбелі еңбек болып есептеледі.

«Морфологияға тән әр түрлі мәселелерді бөліп алып, жекелеп зерттеушілер қазақ тіл білімінде аз емес, бірақ солардың барлығы бірдей өздерін мрофологияның маманымын, ғылыми негізгі обьектім морфология дей алмаса керек. Ал олай болса, морфология, әсіресе оның есім саласын тұтас алып зерттеуші, оны өзінің ең негізгі ғылыми обьектісі деп есептейтін ғалым кім десе, оған қазақ тілі мамандарының көпшілігі А. Ысқақов деп жауап береді. Бұл жауапты мен де мақұлдаймын», - деген Т. Қордабаевтың пікірі [4, 102] қазақ тіл білімінің морфология саласының қалыптасуы мен дамуындағы ғалымның еңбегіне берілген лайықты баға.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздерді топтастыру принциптері
Морфология саласының теорияларын зерттелу сипаттары
Сөздің құрамы мен құрылымы
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
Көмекші сөздердің тіл біліміндегі ерекшеліктері
Қалиқан Ысқақов шығармалары
Зерттеу өзектілігі
Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ драматургиясының өркендеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz