А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәнінің теориялық негіздері.
1. 1 А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәнінің педагогикалық ерекшелігі . . . 5-20
1. 2 А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні . . . 21-31
ІІ А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәнінің әдістемесі
2. 1 А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мұрасы . . . 32-45
2. 2 А. Құнанбаевтың қара сөздерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары . . . 46-51
Сабақ жоспарының үлгілері . . . 52-54
Қорытынды . . . 55-56
Пайдаланған әдебиеттер . . . 57
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі :Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында -қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған
: « . . . Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар . . . күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоты болдаы . . . Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның сакулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды:».
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны -Қазақстан Республикасына сүйіспеншілкке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілде, орыс, шетел тілдерін меңгеру», - делінген.
Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда «Білім туралы» заңды білім беру жүйесінің міндетті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. [1]
Ұлттық мектептің қажеттігі қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблемаларды:
Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл және қыз балалар тағы басқаларды бірте бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде.
Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту болашақ мұғалімдерді даярлау процесіне жаңа талаптар қояды, солардың ең бастыларының бірі болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау проблемасы.
Зерттеу мақсаты: А. Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау: психологиялық көзқарастарын, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін көрсету.
Зерттеу міндеттері: - А. Құнанбаевтың педагогикалық, этнопедагогикалық идеяларын қарастыру.
- А. Құнанбаевтың қара сөздерін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану
- А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін сабақта оқып үйрену;
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық-педаогогикалық әдебиеттермен танысу.
Диплом жұмысының құрылымы : Кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәнінің теориялық негіздері
1. 1 А. Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәнінің педагогикалық ерекшелігі
Қазақ халқының ұлы ағартушы-педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Көркем әдебиет, соның ішінде поэзия - өнер дүниесі.
Ал бұл дүние әсемдік, үйлесімділік, көркемдік деген сипаттарымен өнер аталады. Сондықтан «өнер» деген жерде «көркем» деген анықтама сөз қоса жүреді. Көркемдік кең ұғым.
Әсіресе поэзия әлеміне келгенде, ол тек «сыртқы сұлулықтың» көрінуі емес, яғни өлең қызыл сөздің жиынтығы емес, ең алдымен ғылым тілімен айтсақ, мазмұн мен түрдің сәйкестенуі, түсіндіре айтсақ, ақынның білдірмек ойына (поэтикалық идеясына) оны беретін тілінің сай келуі. Поэзиядағы көркемдік - тіл деген құбылыстың (құралдың) адам баласының өміріндегі құдіретін, күшін көрсететін белгі.
Абай поэзиясына келгенде қойылуы әбден заңды. Диплом жұмысында Абайдың қазақ өлең құрылысына қосқан үлесі қарастырылады. Өлең сөздің қара сөзден құрылыс жағынан айырмасы - онда мөлшерлі ырғақ болады.
Яғни, өлең ырғағы - поэзияның өз еншісіне тиген сипат, өлең сөзде белгілі, қалыптасқан өлшем, өрнекті сақтаудан туатын, әрбір өлең тармағының көлемінде мөлшерлі шек болатындықтан туатын ырғақ.
Басқаша айтсақ, өлеңге кіретін сөз мағынасымен бірге айтылуындағы ырғағына қарай да іріктеліп, топтастырылып, өлең өрнегіне сай алынып қолданылады. Мұны аңғару үшін әр сөздің буынын ежіктеп санап жату қажет емес, оның ырғағын, әуезділігін айқын сезіну жеткілікті.
Тереңдеп зерттеп, байыбына барып, ұға білсе, өлең құрылысында, өлеңнің өлшем-өрнектерінде халықтың творчестволық-жасампаздық қабілетінің шексіздігін, эстетикалық-көркемдік талабының жоғары екендігін танытатын ғажап сырлар мол.
Өлең сөздің табиғаты, оның қара сөзден бөлек, мөлшерлі ырғақ, өрнегі болатыны, осындай өлшеуліліктің сыры, қажеттілігі жайлы талай ғалым-зерттеушілер, әдебиетші-ойшылдар пікір қозғаған.
Өлең жүйесі тіл құрылысына негізделе отырып, мүлде жаңа сапа, қасиетке ие болады. Өлең сөздің өзіне ғана тән белгілі заңдары қалыптасқан.
Мысалы, сөздерді буын санына қарай қолдану, мөлшерлі буын сақтау өлеңде ғана бар. Ал қара сөзде мұндай заңдылық жоқ.
Қай елдің поэзиясында болсын өлеңдегі ырғақты туғызатын - өлең сөздің қайталанып келіп отыратын мөлшерлі бөлшектері десек, қазақ поэзиясында ырғақ туғызатын - өлең сөздің буын саны тұрақты бөлшектері.
Осындай бөлшектердің негізгісі, бастысы - тармақ, яғни өлең жолы.
Өлеңді сөзді оқып, айтып қарағанда тармақтың өлшеулі шегі бар екені ерекше көзге түседі.
Тармақтың бірлік-тұтастық тауып, оқшауланып, бөлініп тұратыны тегін емес. Оның шегі берік сақталып, өрнегі үнемі қайталанып отырады. Әрбір тармақ көбінесе тиянақты ойды не оның бір түйін-тарауын білдіреді, дауыс толқыны, сөйлем құрылысы жағынан да бөлекше болып келеді.
Ал тармақты бунаққа бөлу ырғақтық жағынан анық болғанымен, синтаксистік (сөйлем құрылысы), интонациялық (дауыс толқыны) жағынан көзге түсе бермейді.
Шумақтың құрылысын алсақ, мысалы, тармақтар төрт-төрттен топтасса да, не алты-алтыдан топтасса да көбіне өлең сөздің интонациялық, синтаксистік ерекшеліктеріне сәйкестелініп алынады.
Өлең өлшемдері, әдетте, тармақтағы буын санына қарап ажыратылады. Мысалы, он бір буынды өлең, алты буынды өлең, жеті-сегіз буынды жыр өлшемі, т. б. Тармақ ішінде өлең ырғағын белгілейтін, дәлдеп анықтайтын - бунақ. Ырғақты күшейтіп, толықтыра түсетіндер - шумақ, ұйқас.
Ырғақ күші сөзді музыкалық толқындардың жотасына жоғарылатады және мұндай сөз негізгі нысанаға садақтың жебесіндей тура ұшады, әрі үн келісімін күшейтеді. Тегінде, ырғақ сөзге шырай беріп, оған ұшқыр қанат байлап, мейлінше нұрлы сипаттарға иелендіреді.
Қазақ өлеңі теориясында тұңғыш рет ырғақ табиғаты туралы Қ. Жұмалиев өлең сөйлемдері мен қара сөздегі ырғақты дауыс толқыны жағынан айқындайды Сонымен бүгінгі таңда ырғақ табиғатын тану біршама жақсы дамыған. Зәки Ахметов өлең ырғағын белгілейтін, дәлдеп анықтайтын «бунақ» және өлеңнің «ырғақтық» жүйесінде тұрақталған сөз жігінің, сөз айырымының үлкен мәнін дұрыс көрсеткен.
Өйткені, тармақ ішіндегі «тұрақты сөз жігі» шумақ көлеміндегі тармақтардың тұтастығын сақтайды, ырғақтың қайталануын мұқият құнттайды. Өлең құрылысының зерттеушісі 3. Ахметов буын, бунақтың өлеңнің ырғақтық жүйесіндегі аса зор қызметін, табиғатын тиянақты қарастырған. [2] .
Өлеңнің ішкі құрылысындағы жүйеліліктер мен байланыстарға шаншыла көз тігу - зерттеушінің басты нысанасы. Мұны 3. Ахметов «Өлең сөздің теориясы» атты зерделі зерттеуінде жан-жақты талдап көрсетті
Ал Б. Қенжебаев, М. Қаратаев, Ә. Тәжібаев,, Т. Қәкішев, С. Сейітов, Ә. Дербісалин поэзиядағы дәстүр мен жаңашылдыққа байланысты қазақ өлеңінің буындық, бунақтық, ұйқастық, шумақтық құрылысына ой жарығын түсірген.
Ал ақ өлеңнің архитектоникасын анықтауда Р. Нұрғалиевтың қосқан үлесі қомақты. Ол ақ өлеңдегі ырғақ:
1) бунақ құрайтын буын санының біркелкілігіне;
2) дауысты және дауыссыз дыбыстар үндестігіне;
3) өлеңнің тұтастығын сақтайтын ішкі құрылымындағы өрім-кестеге негізделеді деп пікір түйіндейді [3] .
Қазақ поэзиясында өлең ырғағының тірегі - буын, яғни ырғақ буын санымен өлшенеді.
Сондықтан қазақ өлеңі силлабикалық (силлабо- грекше буын деген сөз) жүйеге жатады. Буын санына негізделетін силлабикалық өлең жүйесі қазақ поэзиясында, басқа түркі тілдес қырғыз, өзбек, татар, түрікмен, әзербайжан, башқұрт секілді халықтардың тілінде, сонымен бірге, француз, чех сияқты халықтардың тілінде де қолданылады.
Буын силлабикадан басқа жүйедегі өлең құрылысында да ескеріледі. Бірақ оларда ырғақты силлабикалық өлеңдегідей, қазақ өлеңіндегідей, буын саны, буынның аз, көбі туғызбайды.
Тоникалық өлеңде екпінді буындар ғана есепке алынса, силлабикалық-тоникалық өлең екпінді буын мен екпінсіз буындардың белгілі ретпен алмасуына, метрикалық өлең созылып айтылатын буындар мен қысқа буындардың алмасуына негізделеді.
Ал «силлабикалық өлең жүйесінде буынның бәрі ырғақтық сапасы, сипаты жағынан тең саналады, мұнда өлең ырғағын туғызатын да, ол ырғақтың қандайлығын анықтайтын да буын саны болады
Сондықтан силлабикалық өлең жүйесін, соның ішінде қазақ өлең құрылысын буынға негізделген деу әбден дұрыс»[- дейді академик З. Ахметов.
Силлабикалық өлең жүйесінде буындардың өлең ырғағын туғызуға, белгілеуге қатысты, қызметі біркелкі сипатталуы, әрине, тіл құрылысының түпкі, түбегейлі ерекшеліктерімен терең байланысты. Қазақ тілінде екпінді буын мен екпінсіз буын арасында орыс тіліндегідей немесе басқа тілдердегідей зор айырма жоқ.
Орыс тілінде екпінді буын айрықша көтеріңкі, неғұрлым күштірек айтылса, екпінсіз буын әлдеқайда бәсең, әлсіз айтылады. (Ал араб, парсы тілдерінде созылыңқы дауысты дыбыс қысқа дауысты дыбыспен салыстырғанда екі есе ұзақ айтылады да, өлеңде бір ұзын буын екі қысқа буынға тең болады) .
Қазақ өлең жүйесінің орыс поэзиясындағы силлабикалық-тоникалық өлеңнен өзгешелігі, алдымен, қазақ тіліндегі екпіннің орыс тіліндегідей аса күшті болмауына байланысты.
Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамын алсақ, бір буында бір дауысты дыбысқа қоса көбінесе бір, не екі дауыссыз дыбыс болады, үш дауыссыз дыбыс болуы өте сирек.
Қатарынан екі дауыссыз дыбыс келуі де кемде-кем және кейінгі кездерде кірген сөздер болмаса, мұның өзі де буынның басында емес, тек соңында, аяғында ғана кездеседі.
Осының бәрі де - қазақ өлеңінде барлық буындардың ырғақтық сапасы жағынан бірыңғай, тең болуына себепші жағдайлар.
Дауысты дыбыстардың, сол себепті буындардың бәрі де біркелкі айқын айтылатын, екпінді буын екпінсіз буынға қарағанда пәлендей оқшауланып көзге түспейтін тілдерде өлең тармағында буынның аз-көптігі өзінен-өзі-ақ сезіліп тұратынын және осындай тілдерде силлабикалық өлең жүйесін қолданудың өзі бірден-бір қонымды, ұтымды, әрі өнімді деген пікірді кезінде В. Брюсов дәлелді айтқан болатын
Сонымен бірге, В. Брюсов силлабикалық өлеңнің мүмкіншіліктері орасан мол, бай екендігін атап көрсетіп, ол (силлабикалық өлең) басқа өлең жүйелерімен салыстырғанда өлең сөз ырғағын түрлендіру жағынан артып түседі деген пікір білдірген.
Қазақ поэзиясының буынға негізделген силлабикалық өлең құрылысы -жүздеген жылдар бойы қалыптасып, шыңдалған өрнектері мол өлең жүйесі. Бұл өрнектер, көп тараған он бір буынды, жеті-сегіз буынды, тағы сондай өлшемдер тілдің өзіне тән серпінділік, екпінділікті, сөз бен сөзді шебер қиюластырып байланыстырғанда туатын жарасымды гармонияны бойына барынша толық сіңірген. [4] .
Сондықтан поэзиядағы орныққан өрнек-өлшемдер ұтымды қолданылғанда өлең сөзге бейне бір жан бітірерліктей әуезділік, әрі келісімді, әрі ширақ ырғақ дарытады, сөздің сыңғырлаған үнділігі мен әуенділігі, әсерлілігі мен көркі неғұрлым мол көрінуіне мүмкіндік береді.
Қазақ поэзиясында көп тараған өлең өлшемдерінің бір тобында тармақтың буын саны бірдей болып келеді.
Мысалы, он бір буынды өлең, алты буынды өлең. Бірақ барлық өлшемдерде өлең жолдары түгелдей буын саны жағынан тең болуы шарт емес. Мысалы, жыр өлеңінде тармақтар жеті не сегіз буынды болып келетіні белгілі.
Ал тармақтардың қай-қайсысының да буын саны тұрақты әрі ырғақ жағынан ұқсас, сабақтас. Сондықтан екі түрлі тармақ еркін араласып, кезектесіп келе береді.
Қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын өлең өлшемдері - жеті буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды. Алты буынды өлең, онан да қысқарақ төрт буынды өлең сиректеу кездеседі.
Он төрт, он бес буынды өлеңдердің тармағы құрама болып келеді, яғни жеті буынды екі тармақтан, не жеті, сегіз буынды екі тармақтан құралған болады.
Бірақ қазақ поэзиясында ертеден жеті буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды екі-үш-ақ түрлі өлшем болыпты деп қомсына қарауға ешбір негіз жоқ.
Жалғыз қазақ поэзиясында ғана емес, тіпті дүние жүзі халықтарының әдебиетінде де көбірек орын тепкен өлшемдер жеті-сегіз буыннан он бір буынға дейінгі өлшемдер болғанын көреміз.
Бұлай болудың өзі тегін емес. Тармақтың көлемінде, мөлшерінде үлкен мән бар. Айталық, төрт буынды келте тармақтар бірыңғай қолданғанда, сөйлемді, сөйлемшелерді тым қысқа-қысқа құрап, интонациялық, синтаксистік құрылысы жағынан үзік-үзік етіп алуға тура келер еді.
Абайтану - қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы.
Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтитыны анық.
Өйткені, Абайдың шығармашылық мұрасы - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы, халқымыздың рухани-мәдени өмірінің шарайнасы, сан буын ұрпағымызға таптырмас, таусылмас қазына.
Осы мұраны игеру, оның творчествосын зерттеу - өткендегі рухани байлық көзін пайдаланудағы ең негізгі мәселелердің бірі.
Абайды қазақ көркем сөзі мен әдеби тілінің жаңа кезеңін бастаушы, оларды жаңа сапаға көтеруші, сөз өрнегінің соны үлгілерін ұсынушы деп танығанда, сол жаңалықтардың, сол үлгі-қалыптардың әрі қарай жалғасуын іздейміз.
Егер жалғаспаса, ол жаңа кезең, жаңа сапа, жаңа өрнек болып саналмай, дүниеге бір-ақ рет келіп, тұйықталып қалған феномендік құбылыс болып табылар еді.
Абай қазақ поэзиясының ырғақтық-интонациялық байлығын молынан пайдалана біліп, өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосты.
Ол жаңа өлшем, ұйқас түрлерін орнықтыруда қандай асқан өнерпаздық керсетсе, бұрыннан белгілі, көп тараған өлшем-өрнектерді керек жерінде қырнап-өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалық зор өнегелі іс атқарды.
«Абайды ұлы деп танытып отырған белгі - оның поэтикалық дәстүрінің, руханн қазынасының, көркем тілінің жалғастық тапқандығынан, өзінен кейінгілерге үлгі-эталон болғандығынан көрінеді. Бұл жайында жиі айтылып, көп жазылып келеді.
Дегенмен бұл концепцияны еңбегімізде жасаған талдауларымыз бен түйіндерімізге жанастыра дәлелдей түспекпіз. Осы мақсатпен дипломдық жұмыста Абай және одан кейінгі ақындардың тіл өрнегіне үңілдік.
Абай үлкен «төңкерісті» қазақ өлеңінің архитектоникасында (құрылымында) жасады: мүлде тың өлшемдер мен ырғақтар әкелді, бұрын жоқ шумақ түрлерін ұсынды, шумақ пен шоғырдың құрылымын құбылтты: атақты «Сегізаяқтан» бастап, алты тармақты шумақтан тұратын өлең - «алтыаяқтардың» неше түрін, жеті, тоғыз, он төрт «аяқты» өлең құрылымын дүниеге келтірді.
Бұл құрылымдар қазақ өлеңінің синтаксисіне, интонациясына жаңалықтар әкелді: қазақ өлеңі жазба поэзия статусына көтерілді; жазба поэзияға тән «өлең тасымалы», ауыз-екі сөйлеу интонациясы дегендерді көрсетті. [5] .
Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді.
Сол арқылы олар XX ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді.
Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылы.
Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді.
Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық.
Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды.
Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз.
Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды.
Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді.
Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді.
Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды.
Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін.
Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді.
«Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті.
Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н. Ә. Назарбаев.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі.
Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі - бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz