Абайдың «қара сөздерінің» тәрбиелік мәні



1 АБАЙ ТУР АЛЫ СӨ3
Бірінші сөз.
Екінші сөз
«Үшінші сөздң» тәрбие мәні
«Төртінші сөздің» тәрбие мәні
Абай Құнанбайұлының «қара сөздері» бүкіл әлемге әйгілі. Абай осы сөздерді жазғанда, оның мақсаты: жастарды тәрбиелеу, көбірек халыққа білім беру, кедейлік болмау, байлармен хандарға қарсы шығұ, Қазақстанды білімнен алға шығару болды. Адамдар істеген істерін ойланып істесін, жамандықпен жақсылықтын айырмашылығын білсін, жалқауланбай еңбек етсін деген тілегімен жазған.
Абайдың «қара сөздерін» дұрыстап ұғып оқыған адам ешқашан біреуге жамандық ойламайды, әрқашанда көмектеседі, жалқауланбай өзі үшін, халық үшін, отаны үшін еңбек етеді.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық жұлыстық айтыстық тартыстық — әypeшілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: кажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кici бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердін азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Абайдын «қара сөздері» 1986ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.
АБАЙ ТУР АЛЫ СӨ3

Ибрахим мырзаның тұрагы қазақ іші болғандықтан, қадipi азырақ білінді.
Олай бол-мағанда данышпан, хакма, философ кісі еді. Қop елде туды да,
қорлықпен өmmi.
ШӘКӘРІМ

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда
қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
АХМЕТ

Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген кунінен Қанша алыстасақ, рухына
сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге
қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге ар-тылар. Бірінші ақынымыз
деп қабірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық — пенен Абай арасы күшmi
махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз
сезер, құанар.
МІРЖАҚЫП

Шын хакім, сөзің асыл — баға жеmnec Бip сезің мың жыл жүрсе дәмі етпес.
Қарадан хакім болған сеңдей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Ай, жыл
өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. Көз ашып,
жұртың ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
МАҒЖАН

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы — заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн
біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өpic алын mұр.
MҰXTАР

Абай Құнанбайұлының қара сөздері бүкіл әлемге әйгілі. Абай осы сөздерді
жазғанда, оның мақсаты: жастарды тәрбиелеу, көбірек халыққа білім беру,
кедейлік болмау, байлармен хандарға қарсы шығұ, Қазақстанды білімнен алға
шығару болды. Адамдар істеген істерін ойланып істесін, жамандықпен
жақсылықтын айырмашылығын білсін, жалқауланбай еңбек етсін деген тілегімен
жазған.

Абайдың қара сөздерін дұрыстап ұғып оқыған адам ешқашан біреуге
жамандық ойламайды, әрқашанда көмектеседі, жалқауланбай өзі үшін, халық
үшін, отаны үшін еңбек етеді.

БІРІНШІ

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір
бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық жұлыстық айтыстық тартыстық —
әypeшілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: кажыдық,
жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік,
бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып
өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кici бақпаса,
не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай
сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар.
Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым,
тілемсектердін азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар
жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғалым сөзін сөйлесер адам жоқ.
Білгенінді кімге үйре-терсің, білмегенінді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде
кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар?
Мұңдасып, шер тарқатысар кici болмаған соң, ғылым өзi — 6ip тез
қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не
көңілде, не көрген күнінде бip тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған
софылық! Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың
мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харакет-ке
қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпен
көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле ал-май отырмын,
не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз
бен кара сияны ер-мек қылайын, кімде-кім iшiнен керекті сөз тапса, жазып
алсын, я оқысын, кepегi жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры
осыған байладым, енді мұнан басқа eш6ip жұмысым жоқ.

Осы бірінші сөзде тәрбие мәні: адам алысты, жұлысты, айтысты, бірақ
өмірсүрген өмірін, істеген қылықтарын, айтқан сөздерін қайтадан
қайтаралмайды. Сондықтан адам өткеткен өмірін ойламай, болашағын, қалған
өмірін қалай өмірсіретінің, жасаған қателерін қайталамау тұралы ойлауы
керек. Білген білімін, көрген нәрселерін, істеген қателерін басқалармен
бөлісүі керек, болашаққа қағазға жазып берүі керек.

EKIHШI
Мен бала күнімде ecтyшi едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлушi еді:
"ененді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне са-ламын
деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде "әке-үке" десіп, шығып
кетсе, қызын боқтасқан, "сарт-сұрт деген осы" деп.
Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: "түйеден қорыққан ноғай атқа
мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңізші,
түкке ыңғайы келмейтұғын, сотдат ноғай, қашқын ноғай, "башалшік" ноғай деп.
Орысқа да күлуші еді: "ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс" деп.
Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, "ұзын құлақты
тауып бер депті"— деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәpi
антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш
сөздерді 6ip үлкен қызық көріп, куанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген eriнi жоқ, саудагерінің жүрмеген жері
жоқ, қылмаған ше-берлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бipi eшбip
шаһари жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің axиpeттiгiн,
тipiciнің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малынды кірелеп,
сол айдап кeтiп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден
олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік,
қырмызылық, сыпайылық — бәpi соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да
шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шы-дайды, молда, медресе сақтап,
дін күтуге де шы-дайды. Еңбек қылып мал табудың да жөнін солар біледі,
салтанат, әсем де соларда.
Оның малдыларына құзғын тамағымыз үшін, бipiмiз жалшы, бipiмiз қош
алушымыз. Біздің ең байымызды: "сәнің шақшы аяғың, білән пышыра-тырға
қойған идән түгіл, шық, сасы қазақ",— деп үйінен қуып шығарады.
Оның бәpi бipiн-бipi қуып, қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып
зор болғандық әcepi.
Орысқа айтар сөз де жоқ, бiз кұлы , күңі қадарлы да жоқпыз.
Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

Ал екінші сөздің тәрбие мәні осылай: бір адам басқа адамның
қателескенің көріп сол адамға күліп, өз істеген қателерін байқамайды.
Күлкіге қалтырған адамның істеген қатесіне күлмей, өзінің қателерін көріп
ойлануы керек. Және сол қатесіне күлмей көмектесүі керек, үйткені олда
кейін көмектеседі.

ҮШІНШІ

Казақтың бipiнің біріне қаскүнем болмағының, 6ipiнің тілеуін бipi
тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш
болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?
Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әp6ip жалқау кici —
қорқақ, қайратсыз тартады, әpбip қайратсыз — қорқақ, мақтанғыш келеді;
әрбір мақтаншақ — қорқақ, ақылсыз, надан келеді: әpбip ақылсыз — надан,
арсыз келеді; әpбip арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзi тойымсыз, тыйым-сыз,
өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге
егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді
Әpбip мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса
екен дейді.
Ол мал көбейсе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды
жайлап, жүйрікті байлап отырмақ.
Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, барлық қызметімен
біреудін қыстауын са-тып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан
айрылған және бipeyгe тиіспек, я бол-маса орынсыздығынан елден кетпек, әр
қазақтың ойы осы.
Осылар бipiне 6ірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы
кем болар еді, малдан айрылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп,
мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде
ішімізбен қас сағындық. Әрбердем соң сыртымызға шықты, жауластық,
дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді бол-сын және де
ептеп мал жиюға күшім жетімді бол-сын деп, қызметке, болыстық, бидікке
таластық.
Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал
іздемейді, егін, сауда-ның керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай та-
ласпенен кici көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін бipеyiне, ертең
бipeyiне кезекпен сатады да жүреді.
Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі
жар болған соң, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абайдың қара сөздерінің құндылығы
Абай қара сөздері
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Абай Құнанбаевтың Адам болу мәселесі
Пәндер