Дағдарыстың пайда болу табиғаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3-5

1 . Дағдарыстың пайда болу табиғаты

1. 1. Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні . . . 6-10

1. 2. Бейдағдарыстық басқаруды ұйымдастыруды концептуальды тұрғыдан қарастыру . . . 11-13

1. 3. Бейдағдарыстық саясат : басқару құралдары мен әдістері . . . 14-15

1. 4. АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс . . . 15-17

2. Әлемді шарпыған дағдарыс ошақтары

2. 1. Дамыған мемлекеттердегі дағдарыс себептері мен салдары . . . 18-22

2. 2. Дамушы мемлекеттердегі дағдарыс зардаптары . . . 22-26

2. 3. Қазақстанның дағдарыстан кейінгі жағдайы . . . 26-28

3. Әлемдік саясаттағы әлемдік дағдарыс және оның перспективалары

3. 1. Әлемдік дағдарыс- жаһандық мәселе . . . 29-30

3. 2. Дағдарыстан шығу кілті және оның перспективалары . . . 30-32

Қорытынды . . . 33-35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіның қалыптасуы халықаралық аренада мемелекеттердің орнын жаңадын анықтады. Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі өзіндік ерекшеліктерге толы. Оның өзіне тән тенденциялары мен перспективалары бар. Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар жүйелі түрде дамуда. Жаһандану үрдісі мемелекеттерді одан әрі біріктіре түсуде. Ортақ проблемалардың орын алуы, көптеген қақтығыстар, терроризм мен экстримизм, есіркі тарату, экологиялық проблемалар бүкіл әлемді алаңдатуда. Осы кезекте өзекті мәселе етіп әлемдік дағдарысты алып отырмыз. Бүкіл әлемді шарпыған дағдарыс бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр.

Әлемдік дағдарыс бүгін жаһандық мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ол бір мемлекет деңгейінде емес, бүкіл әлемді шарпып отырған құбылыс. Дағдарыс қаржы жүйесінің бұзылуынан бастау алып, мемлекет ішкі және сыртқы жағдайына көп қатер төндірді. Ол тепе - теңдіктің бұзылуының көрінісі. АҚШ-та бастау алған дағдарыс бүкіл әлемді шарпып отыр. Ол мемлекет таңдаған жоқ. Дамыған және дамушы деп бөлген жоқ. Ол АҚШ валютасына тәуелділігі жоғары елдерге зор зардап әкелді. Ал доллар негізгі халықаралық валюта екендігі бәріне мәлім. Сондықтан дағдарыс жаһандық әлемде халықаралық сипат алып, бүкіл әлемнің негізгі мәселесі болып отыр.

Қаржы мамандарының айтуы бойынша, оның себебі - қаржы саласы активтерінің шектен тыс көтеріліп, ішкі жалпы өнімдердің нақты өсімінен әлдеқайда асып түсуінде болып отыр. Экономикалық ғылымда дамудың неоклассикалық және кейнсиандық модельдері деген ұғымдар бар. Оның біріншісі - еркін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі - нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы дамыту деген сөз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік саясатында неоклассикалық экономиканың даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған.

Әлемнің дамыған елдері соңғы 30 жыл ішіндегі ең терең дағдарысты бастан кешу үстінде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы осылай деп мәлімдеді. Ұйымның жорамалына сәйкес, осы құрылымға мүше елдердің Жалпы ішкі өнімінің көлемі 2010 жылы орта есеппен 0. 4 пайызға төмендейді. Оған қоса жұмыссыздық та күрт өседі.

АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы, бүгінгі күнде әлемнің барлық елдеріне, оның ішінде дамыған және дамушы елдердің экономикаларын әлі де шайқатуда. Кейбір сарапшылардың болжауынша, ағымдағы жылда кейбір елдердің экономикалары рецессия процесінен шығып, аздаған өсім көрсетуіне қарамастан, дағдарыс құрсауынан толыққанды шығу туралы айту ерте, сонымен қатар, дағдарыстың түбі әлі де болса көрінбей отыр, - деп болжауда. Осыдан бірер жыл бұрын дағдарыс күшіне ене бастағанда, дамыған АҚШ-тан бастап, дамушы елдердегі көптеген үлкенді кішілі банктер, алып сақтандыру компаниялары, өндіріс орындарымен зауыттар жабылды, бұл келеңсіз үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жабылған және жабылудың сәл-ақ алдында тұрған өндіріс орындарымен банктер және тағы да басқа ұйымдар көмек сұрап мемлекетке жүгінді, мемлекет өз тарапынан елдегі жағдайдың одан әрі ушықпауы үшін, жұмыссыздардың санын арттырмау үшін, ел экономикасының дамуын белгілі бір деңгейде даму үрдісін сақтап қалу үшін аталған кәсіпорындармен қаржы ұйымдарына барынша, қолдарынан келгенше көмегін бергені бәрімізге мәлім. Бұған мысалды көптеп келтіруге болады. Бұл әмбебап үрдіс қаржы дағдарысы кезінде жер жүзінің барлық елдеріне ортақ ереже болып қалыптасты десек артық айтпағанымыз шығар.

Кешеге дейін мызғымас болып келген халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаларының құны кете бастағандықтан, қазіргі әлем тығырыққа тіреліп тұр. Халықаралық қатынастарға қатысты постмодернистік бағыттардың жетекші акторларының бірінің саналы түрде ме, әлде керісінше ме, қолданған іс-әрекеттері әлемдегі қалыпты жағдайдың іргесін ыдыратып отыр. Халықаралық қатынастар жүйесі қозғалысқа келді. Жаңа геосаяси полюстер қалыптаса бастады, ойыншылардың жаһандық топтарының құрамы жаңаруда. Соған орай жаһандық мәселелер де өзіндік сипат алып отыр. Мәселен, әлемдік дағдарыс бүгінгі күннің ең актуалды тақырыптарына айналды. Дағдарыс бүкіл әлемді шарпып, қаржы жүйесіне, мемлкеттердің экономикасына, тұрмыс деңгейіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Дағдарыспен күрес жеке мемлекеттер шеңберінде емес бүкіл әлем елдері, халықаралық ұйымдар шеңберінде жүргізілуде.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бүгінгі таңда өзекті болып отырған әлемдік дағдарыстың пайда болу табиғатын, оның типтері мен экономикалық дағдарыс салдары мен себептерін саралап, олармен кіресу жолдарын анықтау болып табылады. АҚШ-та басталған дағдарыс бүкіл әлемді шарпып жаһандық дәрежеге жетіп отыр. Сондықтан дағдарыстан шығу жолдары мен болашақтағы перспективаларын қарастыру үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру негізделді:

  • Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәнін анықтау;
  • Бейдағдарыстық басқаруды ұйымдастыруды концептуальды тұрғыдан қарастыру;
  • Бейдағдарыстық саясат : басқару құралдары мен әдістерін қарастыру;
  • АҚШ -та басталған ипотекалық дағдарысты саралау;
  • Дамыған және дамушы мемлекеттердегі дағдарыс салдарын анықтау;
  • Қазақстанның дағдарыстан кейінгі жағдайын қарастыру;
  • Дағдарыстан шығу кілті және оның перспективаларын анықтау.

Зерттеу объектісі ретінде дамыған және дамушы мемлекеттердің, және Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси жағдайы .

Зерттеу пәні дағдарыстың дамыған және дамушы елдердің, және Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси жағдайына тигізетін әсеріне теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып табылады.

Зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейі қазіргі кездегі халықаралық қатынастар форматында әлемдік дағдарыс себептері мен салдары және олармен күресу жолдары көптеген саясаттанушы, дипломаттардың назарынан тыс қалған емес.

Бұл жұмыс көптеген кітаптардан, архивтерден, сайттардан теріп алынды. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс тақырыбын зерттеуге бағытталған еңбектер қатарына Маевский В. И. [1], Короткова Э. М. [2], Абалкин П. [3], Шумпетер Й. [4], Абуталипов Ж. [5] еңбектерін атауға болады. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған құжаттар, ақпараттар, материалдар құрайды. Бұған Бакин А. [6] және тағы басқа газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады.

Еңбекті жазу барысында интернет желісінен [12, 13, 14, 15, 16, 17] де материалдар алынды. Алайда бұл еңбектер мен мақалалар әлемдік дағдарыстың себептері мен салдары туралы мәліметтер бергеніне қарамастан, одан шығу жолдарын болжамдап қана көрсете алды . Сондықтан да ол жан-жақты, кешенді түрде зерттеуді қажет етеді.

Жұмыстың ғылыми-методологиялық негізі.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері. 2007ж басталған әлемдік дағдарыс бүгінгі күнге дейін.

Жұмыс құрылымы кіріспе, қорытынды, үш бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Дағдарыстың пайда болу табиғаты

1. 1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуын-дағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән қүбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрындары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1] .

Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын қүрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?

"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады [2] .

Әлеуметтік - экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жұмыс істеу және даму.

Жұмыс істеу - бұл тіршілік әрекетін ұстап тұру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау [3] .

Даму - бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.

Жұмыс істеу және даму, өте тығыз байланысты, және әлеуметтік -экономикалық жүйедегі негізгі тенденциялардың бірлігін білдіреді. Бұл байланысты келесі көрсеткіштерден көруге болады (сурет 1. ) .

1-сурет, - Дағдарыс қаупінің пайда болуы

Жұмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жұмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бүзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды [3] .

Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік -экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар.

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе

тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті үйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі [5] .

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

2-сурет, - Дағдарыстың себептері

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ үзақ және жүйелі шығу. Және үйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, үзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [6] .

Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жүмсартып немесе оны өршітуі мүмкін. Бүл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (3-сурет) .

3-сурет, - Дағдарыстың мүмкін болатын салдары

Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, қүралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс типологиясы және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз өтуімен камтамасыз ету мүмкіндігі туады [7] .

Дағдарыс дәрісі ретінде түтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ түтынудың жетіспеупгілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ эко-номистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда бо-луы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сүранысты ынталандыру) туындайды [12] .

Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Й. Шумпетердің ойынша, инвестициялық қатынастарды қалыптастырушы әрбір фазаға тән өзіндік пси-хологиялық суреттемесі бар [13] . Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының түрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық ғылым, қазіргі уақытта экономикалық цикл мен дағдарыстар себебін түсіндіретін бір қатар теорияларды қалыптастырды. Мысалға, П. Самуэльсон өзінің «Экономикс» кітабында циклдьлық пен дағдарыстар теориясының бірқатар белгілерін көрсеткен, олар төмендегідей:

  • ақша теориясы, яғни банк несиесінің кең етек алу циклы (Хоутри және басқалар) ;
  • жаңашалық теориясы, яғни өндірістегі негізгі жаңашальгқ еңгізу циклы (Шумпетер, Хансен) ;
  • психологиялық теория, яғни пессимистік және оптимистік көзқарастағы толқынын қамту циклы (Пигу, Бэджгот және басқалар) ;

- жеткіліксіз тұтыну теориясы, табыстың көп бөлігін, бай және сақ адамдар-
ды инвестрленгенмен салыстырғандағы цикл себептерін қарастырады. (Гопсон, Фостер, Кэтчингс және басқалар) ;

  • мөлшерден тыс инвестициялау теориясы, жақтастардың айтуынша, рецессия себебі болып жеткіліксізден гөрі, мөлшерден тыс инвестициялау болып табы-лады. (Хайек, Мизис және басқалар) ;
  • *сүн дағы теориясы - ауа райы - өнімділік (Джевонс, Мур) [14]

Классикалық қоғамдық ұдайы өндіріс циклы төрт фазадан тұрады [11] .

4-сурет, - Экономикалық цикл

1. 2. Бейдағдарыстық басқаруды үйымдастыруды, концептуалды

түрғыдан қарастыру

Өндірістік - экономикалық іс-әрекетті басқару теориясында дағдарысқа қарсы басқару проблематикасы басты бағыттардың біріне айналуда. Барлық деңгейдегі щаруашылықтағы ұдайы өндіріс процестерінің қиындауының объективті тенденциялары - жекелей кәсіпорыннан бастап глобалды экономикаға дейін тәжірибелі түрде дағдарысқа қарсы басқаруды үйымдастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік жобалардың қажеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар бүгінгі күнгі экономикалық әдебиеттердің дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын талдай отырып, дағдарысты басқарудың теоретика-методологиялық базистері әліде қалыптасу стадиясында екенін көрсетеді. Сондықтан да, қазіргі күнгі кон-цептуалды түрғыдан қарастыру, қалыптасқан дағдарысты басқару теориясына бәскелес ретінде айтуға болады.

Проактивті және реактивті дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын салыстырып қарау, соңғы уақытқа дейін дағдарысқа қарсы менеджменттің басты сүрақтарына кірмеді [12] . Әзірге «проактивті дағдарысқа қарсы басқару» термині кең қолданыс тапқан жоқ, және жекелей ғалымдар әртүрлі түсіндіріп жүр.

Бірақ, қарама-қайшы қарастыру көздерін, біржағынан дағдарысты болдырмаудың, екінші жағынан, қандай да бір дағдарыс құбылыстарының нақты да стратегиясына қарағанда, тактикасын, менеджмент теориясындағы классиктер еңбегінен көруге болады. Бірақта, үзақ уақыт бойы менеджмент теориясында дағдарысқа қарсы басқару, басым бағыттар қатарына кірген жоқ, сондықтан да реактивті және проактивті әдістерді салыстыру жалпы сипатта болып, екі мүлдем басқа методологиялық түрғыдан келгендегі, жағымды және жағымсыз жақтарын кешенді зерттеу өз формасын тапқан жоқ.

Біздің ойымызша, проактивті дағдарысқа қарсы басқаруда объективті, теңестірілген түрғыдан қарастыру кезінде оның дағдарыспен күрес кезіндегі басым бағыттарны ғана емес, сонымен қатар кемшіліктерін еске-ре кеткен жөн. Дағдарыс қүбылыстарын басқаруда проактивті әдісті таза түрде қолдану, біржақты шектелген. Әрине, алдын-ала сәйкестендірілмеген, аз белгілі құбылыстар қандай да бір дағдарысқа қарсы әдістерге қиындық туғызады. Мысалға, 70 жылдары дамыған елдерде пайда болған «стагфляция» феномені мүлде күтпеген жағдай болып, және сол кездегі макроэкономикалық әдістерге жат қүбылыс болды. Бүндай дағдарыс қүбылыстарымен күресте қажетінше реактивті әдістерді қолдануға болады, бүл мысалда көрсетілгендей біраз уақыт кезеңінен кейін нәтижесін береді.

Дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті әдісінің шектелуінің бірі, на-рықтық шаруашылық жүйесіндегі әлеуметтік экономикалық процестердің жоғарғы динамикасы болып табылады, ол екі немесе одан да көп жағымсыз процестерге әкеледі, және үлкен дағдарыс потенциалына ие ку-мулятивті эффекті қалыптастырады. Бұған нақты мысал ретінде ТМД ел-деріндегі қоғамдық дағдарысты келтіруге болады, ол бір уақытта бір-бірін күшейткен бірнеше дағдарыс қүбылыстары, жиынтығында терең және үзақ дағдарысты туғызды. Бұл мысалда дағдарыс жағдайының өрши дамуына байланысты проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды қолдану мүлде мүмкін болмады.

Қазіргі күнгі баяу қүбылыс болып, әлемдік энергетикалық дағдарысты ай-туға болады. Халықаралық деңгейдегі бірыңғай тиімді және экологиялық таза энергетика технологиясын қүру орнына, кейбір дамыған елдер энерго үнемдеу бағдарламасын жасауымен шектеледі, тек қарапайым шешімдер қабылдап, мысалы салық төлемін тез көтеру, энерго тасымалдаушылардың барлық түріне акциздік төлемдерді қосқанда. Ең біріншіден мүнай сілкінісінен кейінгі 30 жылда дамыған елдер энерго түтыну қүрылымы аз-дап өзгерді. Бірақ батыс европа елдеріндегі отын түрлерінің бірқатарына бекітілген жоғары 60-70 % бөлшек саудада алынатын жоғары салық мөлшері де тиімділік бермейді.

Біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы проактивті басқаруды кешенді түрде, әртүрлі кең әдіс жиынтығын колданатын, бастысы, басқару моделі мәнінің қалуы, ал оның ішінде: дағдарыс қүбылыстарының қарама-қайшы күшті іс-әрекетінің максималды мүмкін болатын ескертулер мен алдын-алуларды пайдалану және болып жаткан дағдарыс қүбылыстарымен белсе-не күресу.

Дағдарысқа қарсы басқарудың бүтіндігі барлық басқару бөлімшелерінің өзара іс-әрекетінің дәлдігімен, (немесе макродеңгейде мемлекеттік реттеу ор-гандары) дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасын жасаудан және іске асы-руда көрініс табады. Соңғы пункт болып дағдарысқа қарсы басқарудың ғылыми-әдістемелік базасын жасау болып табылады. Біздің қөзқарас бойын-ша, дағдарысқа қарсы басқару проактивті әдісінің стратегиялық мақсаты, орнықты даму теориясы болып табылады, оның мәні дағдарыс құбылыстарын көре білу мен мүмкіндіктерінде көрініс табады, дағдарыс жағдайларына белсенді қайшы тұру, бірінші кезекте, профилактикалық және ескертпелі формаларын және әдістерін қолдану, ал мүмкіндігінше -кейбір дағдарыстардың пайда болу себептерін түп орнымен жою.

Дағдарысқа қарсы проактивті әдісті қолдану жағдайды толықтай шеш-пейді, бірақ жоғары табысты өндірістік - коммерциялық қызметте ішкі себеп-терден туындайтын мүмкіндіктерді пайдалануға қатаң шектеулер орнатады, егер жоғары табыс табу коммерциялық және өзге тәуелділіктермен тура бай-ланыста болса. Әрине, басқа да әдістер болуы мұмкін (венчурлық опера-цияларды жүргізу), бірақ бүл мүқият дәлелденген бірыңғай шаралар болуы керек, әрине олар, үзақ мерзімді орнықты даму стратегиясының жалпы мәнін жоғалтпауы керек.

6-сурет, - Проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастырудың концептуалды сызбасы

1. 3 Бейдағдарыстық саясат: басқару құралдары мен әдістері

Бейдағдарыстық саясат батысеуропалық экономистермен "негізгі мәселе дағдарыстан шығу болатын, кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайды жою үшін қажет қызмет" ретінде анықталады. Бүл қызмет "кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайдан шығу үшін қажетті әдістер мен тәсілдердің кәсіпорында қолданылуының интенсивтілігін арттырумен" сипатталады. Сонымен бірге, Хаберландтың ойынша, қатаң және жылдам шешім іс-шараларды жүргізумен бір уақытта байланысты қысқа мерзімді мәселерге бүкіл назар аударылады. Кейбір дағдарыстардың босатушы және ең сипатын бөліп көрсеткісі келген авторлар, дағдарысқа қарсы менеджментте керісінше, "жақындап келе жатқан үзілмелі пункт (дағдарыс) жайлы мәлімдеуге және дамудың жаңа бағытын әзірлеуге жол беретін" құралдарды кұру ретінде анықтайды [29] .

Мақсатты қоюмен қатар, дағдарысқа қарсы менеджмент ұғымы өзіне уақытша сипаттамаларды да қосады. Біріншіден, бұл анықтаманы дағдарыс кезінде дағдарыстық үрдістің әлсіреуіне, өтілуіне әкелетін іс-шараларды әзірлеу мен жүргізу жөніндегі барлық мәселелер бар, бүны Копптың ойынша тар мағынада дағдарысқа қарсы менеджмент сияқты сипаттау қажет, және екіншіден, бүдан тағы дағдарыстың алдын-алуды және терапиясын қосу қажет, сонда бұл кең мағынадағы дағдарысқа қарсы менеджмент үғымы болады. Ұқсас анықтаманы Янике де берді, бұнда ол "жылдам дағдарысқа қарсы менеджмент ретіндегі қатаң дағдарыс шеңберіндегі әрекеттер мен басшылық міндеттері" және "превентивті (ескертуші) дағдарысқа қарсы менеджмент" немесе "антиципативті (озық) дағдарысқа қарсы менеджмент" сияқты дағдарыстардың алдын-алу мақсатын анықтайды [30] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстың мүмкін салдары
Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту
Экологиялық дағдарыс ұғымы
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Әлемдік дағдарыс» себептері ,оның жеңу жолдары
Саяси дағдарыстарды шешу әдістері
Нарықтық экономикадағы дағдарыс
Экологиялық проблемалардың жаһандануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz