Cпорттық жаттығулардың оқыту әдістемесі



1 Дене шынықтыру және спортты дамыту
2 Проблеманың қазіргі жай.күйін талдау
3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
4 Материалдық.техникалық базаны дамыту мен нығайту
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының “Дене шынықтыру және спорт туралы” 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 148-тармағына сәйкес әзірленді.
Дене шынықтыру және спортты дамыту үшін бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы №570 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысымен бекітілген оны іске асырудың Іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылды.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
CПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-
2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
Қазақстан Республикасының “Дене шынықтыру және спорт туралы” 1999
жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 148-тармағына сәйкес
әзірленді.
Дене шынықтыру және спортты дамыту үшін бұған дейін Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы №570 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6
сәуірдегі № 462 қаулысымен бекітілген оны іске асырудың Іс-шаралар
жоспары әзірленіп, іске асырылды.
Бағдарламаны әзірлеу дене шынықтыру және спорт саласында орын алған
ұйымдық және құқықтық қатынастарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу,
халықтың қалың жіктерін, әсіресе жастарды дене шынықтырумен және спортпен
саналы түрде шұғылдануға тарту, ел халқының дене жаттығуларымен шұғылдануы
үшін жағдай жасау, спорт резервін сапалы дайындау және халықаралық
дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу, Қазақстан спортының халықаралық
аренадағы беделін одан әрі арттырудың қажеттілігінен туындайды.
Бағдарлама дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың
стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, оны іске асырудың
міндеттері мен тетіктерін айқындайды және халықтың дене тәрбиесінің
негізгі қырларын қамтиды, сондай-ақ спорт резервін даярлау мен халықаралық
дәрежедегі спортшылар тәрбиелеудің мәселелерін шешеді.

Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001-
2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік
бағдарлама) іске асырудың нәтижесінде Қазақстанда дене шынықтырумен және
спортпен шұғылданушылар санының орнықты өсу үрдісі байқалады. Егер
Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2001 жылы спортпен
шұғылданушылар саны 1436,3 мың адам болса, 2002 жылы 1546,3 мың адамға
көбейді, 2003 жылы 1752,1 мың адамға, 2004 жылы 1885,9 мың адамға өсті
және Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың соңында 2 млн. адамды немесе
ел халқының 13,7(-ын құрады.
Штаттағы 30 мыңға жуық дене тәрбиесі қызметкерлері дене шынықтыру
және спорт сабақтарын ұйымдастырып өткізеді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда
6737 адамға көп.
2001 жылы штаттағы дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің
саны 23239 болса, 2002 жылы 24684, 2003 жылы 26624, 2004 жылы 28337,
2005 жылы 29976 адам болды.
Жыл сайын өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық
спорттық іс-шаралардың саны өсіп келеді, оларға 2,5 миллионнан аса адам
қатысады.
Дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасы нығайып
келеді. Спорт ғимараттарының саны 2001 жылдан бастап 2366-ға көбейіп, саны
28666-ға жетті. Астана, Орал, Қостанай, Шымкент, Павлодар қалаларында спорт
сарайлары салынып іске қосылды, Қарағанды, Өскемен, Астана, Атырау
қалаларында қазіргі заманғы спорт кешендері пайдалануға берілді. Астана,
Қарағанды, Атырау, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Ақтөбе, Оралдағы
стадиондар, Алматы қаласындағы “Медеу” спорт кешені қайта күрделі жөндеуден
өтті. Алматы қаласының “Шаңырақ“ шағынауданында қазіргі заманғы спорт
базасы бар спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-
интернаттың құрылысы жүріп жатыр, Алматы облысында республикалық
олимпиадалық даярлау базасы мен Щучье қаласында республикалық шаңғы спорты
базасының құрылыс жұмыстары басталды.
Елімізде тұрғылықты жері бойынша 488 жасөспірімдер клубы, дене
тәрбиесі даярлығының 73 балалар мен жасөспірімдер клубы, 499 дене
шынықтыру-сауықтыру және 87 кәсіби клубтар құрылды. Жалпы білім беретін
мектептердің бағдарламасына дене тәрбиесінен аптасына үшінші сабақ, ал
жоғары және орта арнаулы оқу орындарында аптасына төрт сағаттық сабақ
енгізілуде.
Дене тәрбиесінен үшінші сағат республикадағы жалпы білім беретін
мектептердің 75,3(-да, ал ұлдар мен қыздарды бөлек оқыту 46,6(-да
енгізілген.
Елдегі, әсіресе ауылдық жердегі спорт және дене шынықтыру-сауықтыру
ғимараттары желісі олардың санының жеткіліксіздігімен, нашар жарақталуымен,
сапасының төмендігімен және олардың бірқалыпты орналаспауымен сипатталады.
Көптеген спорт ғимараттары коммуналдық немесе жеке меншікте, ал меншік
иелері шын мәнінде монополистер бола тұрып, қазіргі заманғы мүкәммалдар
мен жабдықтар сатып алуға және оларды тиісінше техникалық жағдайда ұстауға
мүдделі емес.
Жоғары жетістіктер спорты да спорт ғимараттарына, сапалы
мүкәммалдарға және қазіргі заманғы жабдықтарға деген тапшылықты бастан
кешіп отыр.
Республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиада
резервін даярлау орталықтарының дербес материалдық-техникалық базасы жоқ,
спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар мен жоғары спорт
шеберлігі мектептерінің спорт базасы сапалы оқу-жаттығу процесін
ұйымдастыру талаптарына сай емес.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты халықтың денсаулығын бекемдеу және халықаралық
спорт аренасында қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
үшін дене тәрбиесі мен спорттың тиімді жүйесін құру болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШAЙБAЛЫ XОККEЙДІҢ ТEXНИКAЛЫҚ - ТAКТИКAЛЫҚ ДAЙЫНДЫҒЫН ДAМЫТУ
Машықтану әдістері
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүйесінің сипаттама беру
Ағылшын тіліне оқытуда айтылым дағдысын дамыту
Қазақcтан Реcпубликаcының белcенді туризм cалаcы мен оcы бағытта қызмет жаcайтын кәcіпорындар (Іле-Алатау мемлекеттік табиғи ұлттық cаябағы мысалында)
СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ
Жаңартылған білім беруді жүзеге асыруда жаңа технологиялар қолдану
Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері
Қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқытудың әдістемесінің ғылыми негіздері
Пәндер