Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылу ерекшеліктері және негізгі тәсілдері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылу ерекшеліктері және негізгі тәсілдері

Агроөнеркосіп бірлестіктері рөлінің өсуін қоғамдық еңбек бөлісінің тереңдеуімен және ауыл шаруашылығы өндірісін 50-жылдардың ортасында дамудың машиналық кезеңіне өткізу және одан әрі индустриалдық тұрғыдан дамыту жағдайында оның мамандануымен және жинақталуының күшеюге түсіндіруге болады. Бұл факторлер фермалардың санының күрт қысқаруына алып келіп, олардың өндірістік-сауда бірлестіктері шеңберінде өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарымен ұйымдық жақындасуын жеңілдете түсті.

Агроөнеркәсіптік бірлестік қызметі бастапқы кезде ауыл шаруашылығын жоғары деңгейде интенсивтендіру арқылы тез бүзылатын өнімдерді алуға бағытталды. Мұндай өнімдер әдетте сапасы жөнінен әр түрлі болып келеді, ал олардың көбісін өндіру жылдық өндірістік циклдан әлдеқайда қысқа. Сондықтан агроөнеркәсіп бірлестіктерінің дамуы өсімтал балапандарды, сүтті, сондай-ақ өңдеуге арналған көкөністер мен жемісті өндіруге әлдеқайда жақын тұрады.

Агроөнеркәсіп бірлестіктер шеңберінде агроөнеркәсіп кешенінің I және II сфераларыңдағы интеграция өндірісті мамандандыру, жақындастыру масштабы, технология, ұйымдастыру ісіндегі мәнді айырмашылықтар мен басқа да ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы өндірістік процестердің ерекшелігіне орай болмашы ғана дамыды. Сондықтан да агроөнеркәсіптік бірлестік ең алдымен жем-шөп, жұмыртқа өндірумен және асыл туқымды мал және құс өсірумен технологиялық жағынан өзара бір-бірімен байланысты кәсіпорындарды қамтиды. Олардың басым көпшілігі контракт жүйесі бойынша жумыс істейді.

Агроөнеркәсіп бірлестіктері басым жағдайда аг-роөнеркәсіп кешенінің II және III сфераларындағы блокта негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын, сондай-ақ тез бұзылатын өнімдерді өндіру және өңдеу саласында дамиды. Салааралық баланстың мәліметтеріне қарағанда, АҚШ-та 80-жылдардың аяғында агроөнерәсіптік бірлестіктер тамақ өнеркәсібі үшін ауыл шаруашылығы шикізаттарының 40%-ке жуығын дайындады. Аг-роөнеркәсіп бірлестіктер рөлі сауданы әмбебаптандыру және азық-түлікті, негізінен көкөністер мен жемістің жоғары ассортиментін өндіруді бақылаудың мүмкін еместігінен шектеліп отыр.

Агроөнеркәсіп бірлестіктері дамуының тежеуші агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығы емес сфералары мен ауыл шаруашылығындағы жекелеген салалар мен қызмет түрлерінің арасындағы маманданудағы, техноло-гиядағы және ұйымдастырудағы айырмашылық қана бо-лып табылмайды, сонымен қатар бұл жерде бірнеше экономикалық факторлар да әсер етіп отырады. Ауыл шаруашылығында мамандандырылуды дамыту көп жағдайда өндірістің кейбір салаларын ұйымдық алшақтауға әкеліп тірейді, сондықтан да агроөнеркәсіп бірлестіктерінің дамуы өндірістің тек технологиялық аралас кезеңін қамтиды. Жеке алғанда, жем-шөп өндіру, малды бордақылау және сою өндірісін қамтитын агроөнеркәсіп бірлестіктерін құру мал бордақылау, жем-шөп дайындау, әр түрлі қызмет түрлерін (мысалы, малдәрігерлік) көрсетумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындарды сақтаумен үйлеседі.

Агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығы емес сфераларында қоғамдық еңбек бөлудің тереңдей түсуі мамандандырылған міндеттер санының жақындасуын қиындатып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы емес сферадағы компаниялардың шығындары мен табыстарының жиынтық балансындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағын азайтады. Айталық, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жыл сайынғы шығындарындағы ауыл шаруашылығындағы шикізатының үлесі ауыл шаруашы-лығы емес сфералардың шығын үлесінен аз. Мұндай кәсіпорындар ауыл шаруашылығымен жақындасудан гөрі тамақ шикізатын өңдеумен байланысты ауыл шаруашылығы емес сферадағы салалармен жақыңдасуды дүрыс көреді.

Агроөнеркәсіп бірлестіктерінің дамуы, бір жағынан, өнеркәсіп-сауда фирмаларының ауыл шаруашылығы өндірісіне енуімен, ал, екінші жағынан, ірі фермерлік капиталдың (ауыл шаруашылық корпорациялары, бәсекелестер мен кооперативтер) агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығы емес сфераларына кірігуімен негізделеді. Агроөнеркәсіп бірлестігін құру агроөнеркәсіп кешенінің Өндірістік жүйесіне енетін шаруашылық бірліктерін диверсификациялау процесінің элементі болып табылады. Өндірістік-сауда немесе фермерлік капитал бақылайтын агроөнеркәсіптік бірлестіктердің арасындағы айырмашылық әлеуметтік табиғатының ұйымдық тәсілінің, басқару әдісінің, құрылымдардың масштабы мен салаларының ортақтығына байланысты өте аз. Сонымен қатар фермерлік капитал арқылы құрылған агроөнеркәсіптік бірлестіктердің бірқатар ұйымдық ерекшеліктері бар. Айталық, олар фермерлік кооперативтерге мемлекет беретін қаржылық жеңілдіктерді пайдаланып, көптеген жағдайда монополистік корпорациялармен табысты бәсекелестікке түсуге мүмкіндік береді.

АҚШ-тың және бірқатар батыс еуропалық елдердің ауыл шаруашылығында агроөнеркәсіп кешенімен тікелей байланысты емес экономиканың салаларына фермерлік капиталдың ену жолымен фермерлік шаруашылыктар (басым жағдайда кооперативтер базасында) құратын агроөнеркәсіп бірлестіктер мен ерекше түрлерінің рөлі күшеюде. Мұндай бірлестіктерді дамыту бір жағынан капиталды тиімді орналастыруға конъюнктуралық ұмтылысты білдірсе, екінші жағынан ауыл шаруашылығындағы қолда бар ресурстарды толығырақ және тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері мен қажеттілігін аңғартады. Мұндай агроөнеркәсіптік бірлестіктер кең мағынада алғанда агроөнеркәсіптік интеграцияның формасын құрады.

Басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізаты базасында түпкі өнімді өндірудің технологиялық бірлігіне байланысты емес, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салаларының ресурстарын барынша кеңінен кооперациялаудың қажеттілігі мен мақсатын кеңейтетін экономикалық факторлар арқылы дамыту тәсілін дүниеге әкелді .

Дамыған елдердің ауыл шаруашылығына әлеуметтік-экономикалық табиғат, ұйымдастырудың қаржылық-құқықтық нормалары және басқару, салалық және міндеттік құрылымдар масштабы, агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі сфераларында тарату деңгейі тұрғысынан алғанда агроөнеркәсіптік бірлестіктердің үлкен әртектілігі тән. Егер өлшеуіш ретінде қаржылық-құқықтық құрылымды қабылдайтын болсақ, онда басқару тегершігін, барлық агроөнеркәсіп бірлестігін біртүгас меншікке (тікелей қосылу) негізделген және контракт жағдайында жұмыс істейтін агроөнеркәсіптік бірлестіктер деп екіге бөлуге болады. Соңғы қолда бар мәліметтерге қарағанда, АҚШ-та агроөнеркәсіптік интеграцияның контрактылық тәсілі басымдылыққа ие болуда. Контракт негізінде агроөнеркәсіп бірлестіктері шеңберіндегі өнімі көлемінің 80%-ке жуығын өндіру және өткізу үйлестіріліп отырылады. АҚШ агроөнеркәсіп кешені жүйесіндегі ауыл шаруашылық және өнеркәсіп кәсіпорындарының арасындағы байланысты белгілейтін келісім-шарттар әр түрлі болып келеді. Мұнда өнімнің тек мерзімін, көлемін және бағасын реттеуші контр-актілерден бастап өнімнің сапасын, өндірістің технология-сын қатаң реттейтін техникалық бақылауды, өндіріс құрал-жабдықтары мен материалдарды жеткізуді жүзеге асыратын контрактілерге дейін көруге болады.

Тікелей қосылу әдісі бойынша құрылған агроөнеркәсіптік бірлестіктерде қазіргі жағдайда аг-роөнеркәсіптік бірлестіктердің барлық тәсілдерімен қамтылған ауыл шаруашалығы өнімінің 20%-тен аспайтын бөлігі өндіріледі. Агроөнеркәсіптік интеграцияның бұл тәсілі мынаған негізделген. Агроөнеркәсіп кешенінің I және III сфераларындағы фирмалар жерді сатып алып, ауыл шаруашылығы өндірісін (көкөніс және жеміс плантациялары, мал бордақылау шаруашылықтары, құс фабрикалары және т. б. ) ұйымдастырып, өндірістің технологиялық процесіндегі барлық негізгі буындардың меншік иесі болып қалыптасады. Айталық, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен (консервілер, жартылай шикізат, мұздатылған өнімдер және т. б. ) айналысатын және олардың, сапасына талапты жоғары қоятын тамақ өнеркәсібі қомпанияларының көп жағдайда өздерінің жеке фермалары бар. Мысалы, 70-80-жылдары ет комбинаттары жалпы бордақыдағы мал санының 10%-ке жуығын ұстады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Сүт шикізатының сипаттамасы
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Агробизнес
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Экономикадағы интеграциялық процестер
ЭКОВАС негізінде Батыс Африка мемлекеттерінің федерациясын құру
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz