Ақша, қаржы-несие жүйесі. Инфляция


АҚША, ҚАРЖЫ-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ.
ИНФЛЯЦИЯ
АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымыңың жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымыңың басты компоненттері мыналар:
- Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона және т. б. ) олар арқылы тауарлар мен кызмет көрсету бағалары белгіленеді.
- Несие және қағаз ақшалар. монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымың реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.,
Тарихи металл ақша айналымыңың (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI- XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сейтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл - алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі - алтын монеталы стандарт.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды.
Екіншісі - алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінін алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс.
Үшіншісі - алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономиқалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымың мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы - халық шаруашылығындағы тауарлар мен кызметтің айналымың қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымыңың белсенді-активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында кағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экономикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточқалары және т. б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен кызметті төлеуде сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз депозитінен қажетті сомманы сатушынын есепшотына аудартады немесе қолма қол беруді бұйырады. Ақша массасының, құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналы-мыңың аталған компоненттері "квази-ақша" деп аталады. Ақша айналымы құрылымыңдағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды. Қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі - ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға - үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды "мұздатылған" құралдар деп атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымыңда мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М 1 және М 2 деп атайды. М 1 - мағынасындағы ақшаны басқаша "іскерлік ақша" деп те атайды. Бұл қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы депозиттер кызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М 2 - кең мағынадағы ақша, ол М 1 -дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердін жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады, бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинак есепшоттардағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М 1 және А 2 -лердің айырмашылығы М 2 -де квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде сонғы уақытқа дейін ақша агрегаттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономиқалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категориялы ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген кағидасына негізделді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.
12-кестеде АҚШ-та ақша агрегаттары мен өлшемді ақша айналымыңың динамикасының өзгерісі көрсетілген.
АҚШ-тағы ақша массасы және оның жылдық өсу қарқыны, млрд. долл.
Бұл деректер АҚШ-та 1960-1985 жылдар арасында ақша массасының едәуір ескенін көрсетеді. Осы кезде М 1 көлемі 44 есеге, ал М 2 көлемі 8, 5 есеге артқан, демек квази-ақшалардың өсу қарқыны қолма-қол ақшалардан әлдеқайда жоғары болған.
Ақша массасы көлемінің тез ұлғаюы себебі неде?
Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік банктін эмиссиялық кызметінен тыс ақша массасынын өсуі коммерциялық банктердін несие беруін кеңейтуі есебінен жүреді. Банктер жаңа ақшалар шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын қайтару кезінде байқалады. Банктің жаңа ақша жасау процесін кеңірек мына мысалдан көруге болады. Нью-Йорктегі "Нэшнлсити банктің" 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына болады, бірақ ол теленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және, ол шешуші - реттеуші рөль атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін болады) . Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, "Нэшнлсити банк" клиенттерге қарызды 90 мың долл. көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв қорына қалады. Қарыз бергенде банк соманы ағымдағы есепке аударады, оны клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Ванк әрекетінің нәтижесі 90 мың доллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру арқылы 90 мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап отырады. Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке кайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек. Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады. Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта "Нэшнлсити банкісі" депозитіндегі алғашқы ақшаның сомасы ең соңында мультипликациондық нәтиже арқылы жаңа ақша қорының жасалуына әкеледі. Айталық "Нэшнлсити банктің" 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және кызмет көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды "Ферст трест банкінің" депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің өсуі оған жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке депозит сомасының 10%-ін жіберу керек (9 мың долл. ) . Демек 81 мың доллар көлемінде жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі банк операциясын қоса есептегенде) 171 мың долларға тең болады.
Келесі кезеңде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да оларды "Сити-трест" банк депозитіне салады, ал енді берілетін қарыздың көлемін 72, 9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында қалады деп есептегенде) . Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша сомасын 243, 9 мың долларға көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі: банктердің жаңа ақша жасау процесі жалғаса береді, бірак белгілі шамаға дейін бұл процесс банктін депозиттер ұлғаюынын мультипликациондық әсерін сипаттайды және оны резервтік талапты ескере отырып есептейді.
Банктік депозиттердің ұлғаю шегі:
100 мың долл. + 90 мың долл. + 81 мың долл. + . . . = 100 мың долл. (1 +0, 9 + 0, 9 2 + 0, 9 3 + . . . ) - (100 мың долл. О -0, 9) - 1 млн. долл.
Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейіндегі 100 мың долл. алғашқы депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн. долларға жөткізеді.
Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы нақты бақылау мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультипликатор (т) арқылы жүреді.
1
Ол мына формуламен есептеледі т = ∙ 100 мұндағы r -
r
М
түріндегі міндетті резервтік норма % немесе т = -
К
мұндағы М - депозиттердің өсуі, R - резервтердің өсуі.
Біздің мысалымызда т = 10, резервтегі әрбір доллар депозиттің 10 долларға өсуіне әкеледі. Демек, мультипликатордың көлемі міндетті резервтік талаптарға кері тәуелділікте. Егер резервтің ставқалары 5 процентке төмендесе, онда т = 20, ал 20 процентке көтерілсе т = 5-ке төмендейді.
Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты, өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел кайтарылмай қолма-қол ақша ретінде де жүре береді. Біздің мысалымызда клиенттердің ағымдағы есепшоттан алғандары ескерілмейді, ал олар банктердін қарыз беру мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктін федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар мемлекеттік облигацияны сатып алуы банктің резервтік ресурсын осы сомаға азайтады нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі (10 проценттік резерв ставкасында) .
Банктердің жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінің негізгі факторларына мыналар жатады: резерв ставкасының ең төменгі мөлшері және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік банктің ақша массасы көлемін қалай реттейтінін көрсетеміз.
АҚШАҒА СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС
Макроэкономиқалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-тендігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономиқалық мектептің "монетарлық және кейнстік макроэкономиқалық үлгілердің пайда болғанын көрсетеді.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы нео-классиқалық дәстүрлерге сүйеніп, XVIII ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымыңда үстіміздегі ғасырдың 30-40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патинкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50-60-жылдардағы енбектерінен көрінеді" (М. Фридмен, К. Брунчер, А. X. Мельтцер) .
Монетаристер экономиканы дамытуда ақшанын рөліне үлкен мән береді. Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны - ақшаның маңызы бар (mоnеg mаttеrs) ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды (mоnеу іs аll thаt mаttеrs) . Кейінірек қазіргі монетаристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассиқалық варианттың сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі постулаты (жорамалы) мынада: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтканда, ақшаны көп ұсынған сайын, бағанын деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:
М -s = КРҮ
Мұнда М -s - ақшаның номиналды саны: k - номиналды табыс пен қажетті ақша қалдықтары (шаруашылық істің құрылымыңда тұрақты болуы) арасындағы пропорция Р - бағаның абсолютті деңгейі, Ү -нақты табыс.
Егер К мен Ү - өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның номиналды санының өзгеруі М -s бағаның абсолютті деңгейінің де өзгеруіне әкеледі деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің "Ақшаның сатып алу күші" (1911) деген кітабыңда сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп шығарды: М -s V = РҮ мұндағы V - ақша айналымыңың жылдамдығы. Осындай жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда қозғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге бөлсек, мына формуланы аламыз:
1
М -s = - рү Демек, V мелшері кембридж формуласындағы k мелшеріне
V
кері әсері бар. Бұл қисын былай түсіндіріледі: егер индивидтер аз ақша қалдықтарын сақтаса (k - төмен) онда сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымыңың жылдамдығын арттыру керек (V жоғары) .
Ақшаға сұраныстың неоклассиқалық теориясы математиқалық түрғыдан үш теңдік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста (толығырақ қараңыз: Харрис Л . Денежная теория. М., 1990; ) . Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша қалдығына сұранысты суреттейді:
М -s = КРҮ
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды: М s = М -s
Үшіншіден, бұл тендеу нарықтағы теңдіктің жағдай-ларын көрсетеді: М s = М д яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс онын рыноктағы тепе-тендігін сақтайтындай жоспарланған ұсынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, неоклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономиқалық үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс дәрежесінін кызметі (РҮ), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни ақшаға сұраныстан тыс белек тағайындалады.,
График түрінде бұл үлгіні былай көрсетуге болады.
М s М s - ақшаны ұсыну қисық сызығы.
ОМД - ақшаға сұраныстың қисық сызығы.
Mд
0 Мs1 М5 M
Суретте ақшаға сұраныстың (М) баға дәрежесіне тәуелділігі (Р) бейнеленген. Баға дәрежесі ескен сайын ақшаға да сұраныс ұлғаяды. Ақшаға сұраныстың қисық сызығы табыстың деңгейімен (Ү) байланысты. Ол толық жұмыспен қамтылған жағдайда бекітілген. Табыстардың өсуі ақшаға деген сұраныстың үлкен жұмсақтылығына, икемділігіне әкеледі, ол суретте сұраныс кисық сызыгынын кеп жазықтығымен көрсетілген. Ақшаға сұраныстың қисык сызығы М s М s, тіке сызылған, өйткені баға дәрежесіне байланысты емес.
Баға Р - деңгейінде тағайындалғанда ақшаға сұраныс пен оны ұсынудың қисық сызығы киылыскан нүктесінде ақша рыногының неоклассиқалық үлгісі теңдік жағдайда боладыл [Ғігер баға жалпы деңгейлік Р 3 көлеміне дейін төмендесе, онда тең М s = М s артық ақша ұсынысы шығады.
Мұндай жағдайда ақша құнсызданып, бағалар есіп Р А деңгейіне жақындайды. Сөйтіп, рынокта автоматты теңдік орнату теңдік иясы көрінеді.
Кейнсиандық теория ақшаға сұранысты түсіндіргенде неоклассиктерден мүлдем алшактайды. Дж. М. Кейнс "Жұмыспен камту, процент және ақшаның жалпы теориясы" деген еңбегінде адамдардың ақшалай (өтімді) түрде жинак сақтауға ұмытылуының үш психологиялық себебін ұсынды: трансакциондық, алыпсатарлық және сактық.
Трансакциондық (ағылшыннын Ігапсасііоп - іс жасау) қалдық қаржыларды белгілі бір ақша табысының деңгейін үстап түру үшін сақтайды. Табыс келтіру және оны жүмсау белгілі уакытқа белінген және бұл интервалды үнемі толықтырып түру керек. Егер интервал үзактығы тұракты болып және ол табыс деңгейімен процент норма-сының өзгеруімен байланысты болмаса (оларды мүлдем ескермеуге болмайды) онда мынадай қорытындыға көлеміз: жеке дара адам үшін трансакциондық қалдық деңгейі оның
ақша табысындағы үлесіне тең болады: к = -%
м
Сонымен Дж. М. Кейнс ақшага сұранысты түсіндіруде неоклассиктер теориясы екілдерінің ^үл женіндегі пікірлерімен сәйкес келеді. Қалдық ақшаларды, алыпса-тарлық немесе сақтық, бейқам болу ниөтімен үстап түру себептері де бұрынгы неоклассиктердің кезқарастарынан айырмашылықтары кеп.
Дж. М. Кейнс ақшаға сұраныс теориясыңда жогарыда аталған себептерге ерекше мән берген. Оның ойынша, финанс рыногындағы екі үштылықпен қауып-қатер жағдайында ақшаға деген сұраныс белгілі дәрежеде обли гациядан түсетін габыска да байланысты. Егер адам алып-сатарлық ойымен болашактағы процент нормасының ры-ноктан күткеннен көп екенін есептеп шығарса, онда ол ақшаны жинактап үстауға тырысады, облигацияларды са-тып алмайды, өйткені процент нормасының өсуі облигация курсын төмендетеді. Демек, бұл пиғыл алыпсатарлықка жақын және ол процент ставкасының өзгеруімен байланыс-ты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz