Ақша, қаражат түсінігі, олардың қазіргі жағдайда дамуы
КІРІСПЕ
I. Негізгі бөлім
1.1. Ақша, қаражат түсінігі, олардың қазіргі жағдайда
дамуы және экономикалық мәні
1.2. Ақша қаражаттарының есебі. Кассадағы және
есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі.
1.3. Ақшасыз есеп айырысу нысандары
1.4. Ақша айналымы туралы есеп беру.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТІ

Ақша қаражаттарының есебі менің «Ақша қаражаттарының есебі» атты курстық жұмысымда баяндалған. Ақша қаражаттары айналым активтерінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан олар кәсіпорындарға мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу, бюджетке төлемдер жасау несиелік мекемелермен есеп айырысу, қызметкерлерге еңбек ақы, сыйақы және т.б. төлемдер жасау үшін қажет. Ақша қаражаттарының күнделікті өмірдегі маңыздылығы мен қажеттілігін осыдан аңғаруға болады.
Кәсіпорындардың ақша қаражаттары қолма-қол ақша түрінде кассада, банктегі есеп айырысу шоттарында сақталады. Ақша қаражаттарын дұрыс пайдалану және оларға бақылау жасау кәсіпорын бухгалтериясының және бухгалтерлік есептің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

1. «Аралас экономика негіздері» Е. Жатқанбаев
2. «Қаржы-қаражат», Алматы 1996 ж.
3. «Саяси экономия» Ә.Әубәкіров, А.А. Абдуллаев, С.А.Аманжолов,
М.А.Арыстанбеков, А. А.Базиков Алматы «Ана тілі» 1991 ж.
4. «Қаржылық есеп» Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева,
Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева Алматы, «Экономика» баспасы
2001 ж.
5. ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар № 2732
Жарлығы
6. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин,
В.В. Радостовец, О.И. Шимдт, Алматы, 2003ж.
7. «Бухгалтерлік іскерлік корреспенденция» В.Л.Назарова, «Экономика»
баспасы, Алматы, 2002 ж.
8. «Қазіргі экномикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-
анықтамалық», Алматы, 2003ж.
9. «Мемлекеттік бюджет» М.Өтебаев
10. «Ақша, несие, банктер» Ғ.С. Сейтқасымов.
11. «Қаржы» Қ.Қ. Ілиясов, С.Құрлыбаев ЖОО-ны арналған оқулық
Алматы, 2005 ж.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. Негізгі бөлім
1. Ақша, қаражат түсінігі, олардың қазіргі жағдайда
дамуы және экономикалық мәні
1.2. Ақша қаражаттарының есебі. Кассадағы және
есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі.
1.3. Ақшасыз есеп айырысу нысандары
4. Ақша айналымы туралы есеп беру.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТІ
Кіріспе
Ақша қаражаттарының есебі менің Ақша қаражаттарының есебі атты
курстық жұмысымда баяндалған. Ақша қаражаттары айналым активтерінің бір
бөлігі болып табылады. Сондықтан олар кәсіпорындарға мердігерлер мен
жабдықтаушылармен есеп айырысу, бюджетке төлемдер жасау несиелік
мекемелермен есеп айырысу, қызметкерлерге еңбек ақы, сыйақы және т.б.
төлемдер жасау үшін қажет. Ақша қаражаттарының күнделікті өмірдегі
маңыздылығы мен қажеттілігін осыдан аңғаруға болады.
Кәсіпорындардың ақша қаражаттары қолма-қол ақша түрінде кассада,
банктегі есеп айырысу шоттарында сақталады. Ақша қаражаттарын дұрыс
пайдалану және оларға бақылау жасау кәсіпорын бухгалтериясының және
бухгалтерлік есептің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Курстық жұмысының 1.1. бөлімшесінде ақша қаражат туралы түсінік
қарастырылған. Сондай-ақ осында ақша қаражаттарының қазіргі жағдайда дамуы
және олардың экономикалық мәні жан-жақты қарастырылады.
Кассаның және есеп айырысу шотының есебі берілген курстық жұмыстың 1.2
бөлімшесінде қарастырылған. Ақша қаражатттарын сақтау, қабылдау мен беру
үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерінің кассасы болады. Кассада нақты
қолма-қол ақша және құнды қағаздар сақталынады. Ақшасыз есеп айырысу
нысандары туралы ақпарат 1.3 бөлімшеде қарастырылған. Ақша айналымы туралы
есеп беру к.ж-ң 1.4 бөлімшесінде қарастырылған. Онда есеп берудің жанама
және тікелей әдістері көрсетілген.
1. Ақша, қаражат түсінігі, олардың қазіргі жағдайда дамуы және
экономикалық мәні
Әр мемлекеттің ішіндегі қаржы байланыстарында мемлекеттің өзінің қаржы
байланыстары өтеді. Ол орталықтандырылған қор арқылы жүреді. Қаржы
қорлары жалпы халық шаруашылығы экономикасы тоқтамай өтуі үшін
орталықтандырылған. Бюджет мемлекеттің міндеттері мен функциясын іске
асыру үшін құрылған, орталық-н қаржы қоры. Бюджет – ол жалпы қаржысы
категорияға қарағанда бөлек тұрған экономикалық категория қордың ішінде
бюджеттің орны ерекше бюджет экономиканың қажетті жылдамдығына, дамуына,
өндірістің пропорцияларын сақтауға мемлекеттің бірінші қажетті
жағдайларға жұмсауына және ірі әлеуметтік өзгерістерге аса қажет. Қаржы
механизм арқылы мемлекет өзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік
сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын
жасап қолданады.
Қаржы жүйесінің көрсеткіштері жалпы ұлттық экономикағы жағдайдың
сенімді индикаторы болып табылады. Осындай шаруашылық әрекеттердің барлық
маңызды аспектілері тікелей немесе жанама түрде бейнеленеді: өндірістің
құрылымы, сала аралық және территориялық пропорциялар жеке салалардың іс
әрекеттердің тиімділігі.
Қаржы деп ақшы қаражаттарының (қаржы ресурстарын) бөлу және пайдалану
туралы қатынастардың жүйесі аталады. Басқаша айтқанда қозғалысы ерекше
қорлар арқылы жүріп отыратын ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары бұл:
- мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар арасындағы;
- физикалық және заңды тұлғалар арасындағы;
- заңды тұлғалар арасындағы;
- жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар;
Осы қатынастар жүйесі қаржы жүйесі деп аталады. Қаржы жүйесінің
буындары әр дәрежедегі бюджеттер, әлеуметтік мүліктік жеке адамдарды
сақтандыру қорлары мемлекеттің валюта резерві кәсіпорынның, ұйымдардың,
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары, басқа арнаулы ақша қорлары. Қаржылар ақшалай құралдар қорының
қалыптасу, бөлу және пайдалану мен байлансты қатынастарды көрсетеді, ақша
қорларының жасалынып пайдалануына бөлу қатынастары әсер етеді: осы жағдай
қаржылық бақылаудың объективтік түрде талап етеді. Құндылық қаржылық
көрсеткіштердің қалыптасуына және пайдалануына бақылау жүргізу
кәсіпорындармен ұйымдардың өндірістік жабдықтау және өткізу іс-
әрекеттерінің әртүрлі жақтарын қамтиды. Сондықтан, қаржылық бақылауды
экономикалық бақылаудан ажырату оңай емес, өйткені қаржы операторлары
кәсіпорындармен ұйымдардың экономикалық қызметтерінде көрсетіледі.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және
объективті. Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы,
тиімді, келісім нәтижесінде болады деп көрсетіледі. Объективті көзқарас
кезінде дәлелденді: ақша – бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген көптеген
тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы ақша қатынастарының дамуының
нәтижесі. Осы теория сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына
байланысты. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процессінен
туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі
әлеуметтік экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес
түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор немесе
қазына жинау құралы, дүние жүзілік құралы. Құнның өлшем қызметі тауар
өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнның өлшемі
ретінде қабілеттілігін білдіреді. Бағаны анықтауда делдал қызметін
атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Бұндай
тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын
саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек
өлшемі ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді. Ақша
құн өлшем қызметін идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың
құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар
формасынан ақша формасына айналуы үшін тауар бағасы белгіленсе жеткілікті.
Ақшаның айырбас құнның дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей
өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайдары олар несие
беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өлшеу мемлекеттік
бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес
шығындарды қаржыландыру, ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа
банктерге сатуы және т.б.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өтімін теңестіру ойша орындалады. Тауарды ақшаның көмегімен өлшеуге
болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі. Ақша түрінде көрінетін тауардың
құны оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайда
алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны
өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнында ақшалар кез-келген
тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшелінеді.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты бірақ ақша қозғалысы міндетті
түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнының еркін
формасында көрінеді. Олардың өткізу процессін еркін аяқтайды ақшаның
қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен
ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін
сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем
құралы қызметін атқарады ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар
айналысы емес сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді.
Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей топтауға болады.
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеу міндеттері;
- мемлекетке қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік тұтыну несиесі бойынша байланыстық
міндеттеме;
- сақтандыру міндетемелері;
- әкімшілік сот сипатындағы міндетемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтар бар
бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату – сатып
алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарларды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы
сатушыға ақшаны берудің орнына борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл
борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады. Төлем
құралы қызметін толық бағалы емес, нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал
борыштық міндеттемелерді өзара өтеуді идеалды ақшалар атқарады. Төлем
құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді. Ақшаның төлем
құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым
толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақшаға
деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын
борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтілетін
төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір
бөлімде, борышының міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса,
онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады. (Қарыз
бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және
т.б.).
Ақша қатынасының басты міндеті ұлғаймалы ұдайы өндрісті жоспарлы
дамытуда қажет ақша қаражаттарын жинау, бөлу және пайдалану процесстерін
қамтамасыз ету. Осыған байланысты мемлекет пен экономиканың әр түрлі
секторларындағы арасында кәсіпорынның бір-бірімен өз ішінде мемлекет пен
кооперативтер және қоғамның жекелеген мүшелері арасында экономикалық
қатынастар болады. Ақша қатынастарын нығайтуда толық шаруашылық есептің,
өзін-өзі, қаражаттарының ролі өте зор. Еліміздің ақша, бюджет жағдайын
қалпына келтіру үшін одақтас республикаларды, аймақтар мен жергілікті
қаржыландыру принциптеріне көшіріп, арасындағы жауапкершілікті күшейту.
Экономикадағы ақшаның ықпалын күшейту үшін рынокты оның ішінде финанс
рыногін де қалыптастыру керек.
1.2. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-"Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесінің
активті жинақтаушы шоттарында:
451- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" және 452-
"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында
жүргізіледі.
"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде
кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін" басшылыққа алуға міндетті.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны
алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге:
"Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне
немесе ведомостьқа қоса тіркейді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдем ақылар мен
сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша
беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас
бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып
белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам
болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан" деген жазу
жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі, ол
нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын
басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін
кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады. Екіншісі
көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі
ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының
жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала
парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп
парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын
парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың
жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі
жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды.
"Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен
шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да
көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның
жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 451 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол
ақша" шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп
регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін
кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай қорреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі
корреспонденциясы
1 Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол 451 701
келіп түскен ақша қаражаттары.
2 Алынуға тиісті жол төлемі кассаға келіп 451 334
түсті.
3 Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша 451 411
қаражаттары кассаға келіп түсті.
4 Тауарларды сатудан қолма-қол келіп 451 702
түскен ақша қаражаттары.
5 Артық тұрған материалдарды сатқаннан 451 727
қолма-қол келіп түскен ақша.
6 Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген 451 333
еңбекақы сомасы кассаға қайтарылды.
7 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын 451 333
аванс ретінде алып, жұмсамаған сомасы
кассаға қайтарылды.
8 Жарғылық қорды толтыру үшін үлес 451 511
қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақша
9 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың 451 333,334
берешек қарызы кассаға қабылданды.
10 Енішлес, тәуелді серіктестіктердің 451 321-323
берешек сомасы кассаға келіп түсті.
11 Кассаға банк және банктен тыс 451 601-603
мекемелердің несиелері келіп түсті.
12 Алынған материалдық емес активтердің 101-106 451
құны кассадан төленді.
13 Алынған құнды қағаздардың құны кассадан 401-403 451
төленді.
14 Сатып алынған материалдық құндылықтардың201-208 451
құны кассадан төленді.
15 Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары 811,821 451
кассадан төленді.
16 Келіп түскен тауарлардың құны кассадан 222 451
төленді.
17 Кассадан есеп айырысу немесе валюталық. 441,431 451
18 Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі 451 521
акциясын қайта сатудан түскен табыс
кассаға қабылданды.
19 Акционерлер мең үлес қосушыларға 621-622 451
есептелінген дивидендтер сомасы кассадан
төленді.
20 Жұмысшылар мен қызметкерлерге 681 451
есептелінген еңбекақы сомасы кассадан
төленді.
21 Субъектінің лауазымды тұлғалар алдындағы682 451
борышы кассадан төленді.
22 Құнды қағаздарды сатуға байланысты 843 451
шығындар кассадан төленді
23 Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан 333 451
төленген сомасы.
24 Субъектінің кассасынан жұмысшы 333 451
қызметкерлерге берілген несие сомасы.
25 Кассадан жұмысшы қызметкерлердің 687 451
депонеттелген (уақытында алмаған)
еңбекақы сомасы төленді.
26 Банк немесе банктен тыс мекемелерден 601-603 451
алынған несиелер сомасы кассадан
қайтарылды.
"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның"
есебі. Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452
шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға
ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса
ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және
теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары
үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар
кредиттеледі:
431-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" шоты - валюта
шотынан валюта түскен кезде;
301-"Алынуға тиісті қарыздар" шоты - кассаға алынған валюта түсімінің
сомасына;
725-"Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шоты - тиісті шетел
валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам
айырмашылықтарының сомасына;
333-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты - есеп
беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына;
Валюта кассасынан валюта берген кезде - 452-шот кредиттеледі және мына
төмендегі шоттар дебеттеледі;
333-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты -есебіне
берілген шетел валютасының сомасына;
431-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" шоты - валюта шотына
өткізілген валюта сомасына;
844-"Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар" шоты - тиісті валюталарға
қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары
сомасына.
Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол
ақшаның есебі.
Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне
байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша
қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін
жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады.
№1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына
сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар
бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден
өткізеді. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз,
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі,
БКМ (бақылаушы кассалық машина) паспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін
журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-
ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын
ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық
органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті
инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль
шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында
сақталады.
Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451 Операциялық кассадағы қолма-
қол ақша аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
701-"Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс", 704-"Көлік ұйымдарының
жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс"
шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;
301-"Алынуға тиісті қарыздар" шоты - сатып алашылар мен тапсырыс
берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде - 451 шоты дебеттеледі
де, ал 451 шотының "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша" субшоты
кредиттеледі.
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және
басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша
жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім
мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары
берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін
қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан
келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының президенті - заңды тұлға мен оның
жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол
үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын
растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты,
аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық
жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына
жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын
белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын,
өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе
оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп,
куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауга келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы
жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру
қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса,
арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп
шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл
келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы.
Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының
жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың
тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша
операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың
жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк
келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал
мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға - шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе
заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан
астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал
басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік
мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама
жасалуы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі
өзгергенде - шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы
керек.
Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп
операцияларының негізгі корреспонденциясы
1 Есеп айырысу шотына субъектінің жарғылық 441 511
қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан
келіп түскен сома.
2 Сатып алушылардан жіберілген өнім, 441 301,
көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін 321-323
келіп түскен сома.
3 Есеп айырысу шотына вексельден келіп түскен 302
сома: 441
- негізгі берешектердің қарыз сомасы; 441
есептелінген пайыздар.
4 Есеп айырысу шотына жалға алушылардан 441 332
пайдаланғаны үшін түскен қаржы.
5 Жалға алушылардан жалға алып пайдаланғаны 441 724, 332
үшін есептелінген пайыз сомасы айырысу шотаны
келіп түсті.
6 Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске 441 724
алынған сома.
7 Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін 441 451
келіп түскен сома
8 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банк 441 334
несиесі
9 Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шоттан 441 601
келіп түскен сома
10 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банктен441 423
тыс мекемелердің несиесі
11 Есеп айырысу шотына келіп түскен акциялардың 441 724
дивидендтері
12 Есеп айырысу шотына облигациялардан пайыз 441 724
түрінде келіп түскен табыстар
13 Есеп айырысу шотына келіп түскен ұзақ 441 724
мерзімді инвестициялар дивидендтер сомасы
14 Есеп айырысу шотына құнды қағаздарды 441 723
сатқаннан келіп түскен сома
15 Кәсіпорынның өз акциясын қайта сатудан есеп 441 521
айырысу шотына келіп түскен табысы
16 Жолдағы деп есептелінген ақша қаражаттарының 441 411
есеп айырысу шотына келіп түсуі
17 Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп441 631, 633,
айырысу шотына қайтарылды 634
18 Есеп айырысу шотына келіп түскен атқарушы 441 726
органдардың субсидиялары
19 Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп кіріске 101-106 441
алынған материалдық емес активтер
20 Құны есеп айырысу шотынан төленіп кіріске 121-125 441
алынған негізгі құралдар
21 Құны есеп айырысу шотынан төленген 126 441
монтаждауды қажет ететін бөлшектерді кіріске
алу.
22 Негізгі табынды толтыру үшін жас малдарды 126 441
бағып өсіруге кеткен шығындар есеп айырысу
шотынан төленді.
23 Ағымдағы айдың қысқа мерзімді жалдық 811, 821, 441
міндеттемесі есеп айырысу шотынан төленді. 937, 947,
687
24 Материалдарды қосалқы бөлшектерді сатып алу 351 441
үшін алдын ала аванс ретінде есеп айырысу
шотынан төленген сома.
25 Қызмет көрсетушілерге, орындаушыларға 352 441
істейтін жұмыстары үшін алдын ала аванс
ретінде есеп айырысу шотынан төленген ақша
қаражаттары.
26 Алынған құнды қағаздардың құны есеп айырысу 401-403 441
шотынан төленді.
27 Банк және банктен тыс мекемелерден алынған 601-603 441
несиелер есеп айырысу шотынан қайтарылды.
28 Үлес қосушыларға, акционерлерге есептелінген 621-622 441
дивиденд сомасы есеп айырысу шотынан төленді.
29 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан ұсталынған631, 634 441
табыс салығы есеп айырысу шотынан бюджетке
аударылды.
30 Қосылған ұсталынған салық сомасы есеп айырысу633 441
шотынан бюджетке аударылды.
31 Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемі 651 441
есеп айырысу шотынан аударылды.
32 Әлеуметтік салық сомасы есеп айырысу шотынан 634 441
бюджетке аударылды.
33 Жабдықтаушылардан алынған тауарлар үшін 671 441
берешек сома есеп айырысу.
34 Ұзақ мерзімді жал төлемі есеп айырысу шотынан683 441
аударылды.
35 Құнды қағаздарды сатуға байланысты кеткен 843 441
шығындар сомасы есеп айырысу шотынан төленді.
36 Еңбекақы, зейнетақы және тағы да басқа 451 441
төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу шотынан
кассаға ақша алынды.
Төлем карточкаларымен және вексельдермен
есеп айырысу
Төлем карточкаларымен есеп айырысу
Инкассациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын жеңілдету,
Қазақстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын
жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары - ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа
да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға,
қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып
бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы шотындағы ақша сомасының шегінде оның
ұстаушысына төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар өздерінің
қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz