АРАЛ – КАСПИЙ ОЙПАТЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ


АРАЛ - КАСПИЙ ОЙПАТЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.

Қазақстан мен Орта Азияны географиялық тұрғыдан зерттеу ісі қолға алынған алғашқы кезеңнің өзінен бастап - ақ бұл өлкелердің сол замандағы географиялық ерекшеліктерін әрқайсысы өзінше түсіндіруге тырысқан екі негізгі палеогеографиялық болжам (бағыт) айқындалған. Бірінші болжам бойынша ұлғанғайыр Арал - Каспий бассейні бертінде пайда болған. Содан бірте-бірте оның суы тартылып, тегіс әрі ойпаң теңіз түбінде тұзды көлдер мен сортаң қақтар сақталып қалған. Ал екінші болжам ежелгі заманда Каспий және Арал теңіздерінің екі аралығында кең арналы суы мол өзендер көп болған деп топшылайды. Қазақстан табиғатын зерттеуші аса көрнекті ғалымдар Арал - Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі мәселеге ерекше назар аударды. Бұл мәселемен кезіңде П. С. Паллас, А. Гумбольдт, Н. А. Северцов шұғылданғаны мәлім.

Ол кезде «Қырғыз даласы» жеткілікті мөлшерде зерттелмегенді, сонымен бірге оның айналасындағы іргелес территориялар жөнінде де қолда бар деректер тым мардымсыз болатын. Сол себепті әуел бастан Арал - Каспий ойпатының шығуы, қалыптасуы (генезисі) туралы мәселені дұрыс шешіп, шындықты айқындауды елеулі қиыншылықтар кездесті. - «Каспий мен Арал теңіздерінің су айдыны неліктен кішірейіп барады?» - «Бұл төңіректе шөл қалайша пайда болған?» - «Құстар қалай пайда болып, қалайша көшеді?» - «Орта Азияның климаты қуаң тартып бара жатқан жоқ па?» - «Шөлейт жерлерде құрғақ өзен арналары қалай пайда болған?» және басқа бірқатар сауалдар төңірегінде XIX ғасырдың аяқ шенінде айтыс-тартыс көп болған.

Қазақстан территориясын физикалық - географиялық тұрғыдан танып-білудің классикалық кезеңінде зерттеу жүргізген аса көрнекті ғалымдардың Арал - Каспий ойпатының шығу тегі жөніндегі тұжырымдарының қалыптасып, дамуына П. С. Палластың, Э. А. Эверсманнның, К. М. Бэрдің және А. Гумбольтдың палеогеографиялық ұғымдарының зор әсері тиді.

Сол кездегі геологиялық білімдердің тым жеткіліксіздігі салдарынан П. С. Паллас, әлбетте, Арал - Каспий ойпатында болған өзгерістердің негізгі себептерін дұрыс түсіндіре алмады.

П. С. Паллас Каспий теңізінің айналасындағы ұлан-ғайыр жазық жерлер бертін келгенше теңіз түбі болған деп есептейді де, ойпат табиғатының көптеген ерекшеліктерін осы жағдаймен байланыстырады. Сондай-ақ ол Каспийдің деңгейі Әлемдік мұхиттың деңгейінен төмен жатыр, бұрынғы кезде теңіздің шеті Жалпы сыртпен Ергенейге дейін жеткен деп санайды. Каспий мен Қара теңіздердегі ғалым Қара теңіз бір кезде Жерорта теңізімен қосылмаған, жіңішке Ла-Маныш бұғазы арқыла Каспиймен жалғасып жатқан деген болжамға келген. Кейіннен, жер сілкінуі садарынан немесе басқа бір себеппен Қара теңіз бен Жерорта теңізінің арасында Босфор бұғазы пайда болғанда, Қара теңіздің деңгейі төмен түскен. Маныштың суы тартылып, құрғап кеткендіктен, Каспий Қара теңізден бөлініп қалған, әрі оның аумағыда кішірейген. П. С. Паллас Арал теңізінің бөлінуін де осылайша түсіндіреді. Ғалым Арал - Каспий ойпатында сорлардың, сортаң жерлердің, құмдардың және тұзды көлдердің көп болуы, әрі жерінің жап-жазық тегістігі Каспий теңізінің бірте-бірте тартылуына байланысты деп есептейді.

Бұл арада Қара теңіз суының Жерорта теңізіне ағып қосылуы туралы пікір П. С. Палластан бұран да айталып жүргенін еске сала кеткен жөн. Бұл жөнінде түңғыш рет XVIII ғасырда француз ботанигі Жозер Турнефор (П. С. Паллас оның пікіріне сүйенген) сөз қозғаған, ал Каспий мен Қара теңіздердің байланысы туралы алғаш рет Г. Бюффон жазған. Бірақ Г. И. Танфильев дұрыс атап көрсеткеніндей «сол бір болар-болмас көмекші болжамнан бастап дәлме-дәл негізделіп, сындарлы ілімге арналған Палластың көзқарастырына дейінгі аралық әлі де өте қашық еді».

П. С. Палластың пікірі өз заманы үшін тым батыл болжам болды. Мұны коптеген ғалымдар - оның замандастары мен ізбасарлары бірауыздан атап көрсетті. «Бұл блжамдың батыл болғандығы соншалық, - деп жазды М. Н. Богданов, - оны бірден түсініп, қолма - қол бағалау қиынға соққан». «Паллас, - деп мәлімдеді Г. И. Танфильев, жоғарыда аталған еңбегінде, - осынау бір аса күрделі мәселеге түсінік берген тұңғыш ғалым болды. Оның болжамы түзетуді талап еткенімен, жалпы алғанда ғалымның пікірі осы заманғы көзқарастарға едәуір жақын еді».

Каспий төңірегіндегі ойпатта тұшы және тұзды жер асты суларының пайда болуы туралы И. И. Лепехиннің айтқан пікірлеріден қоярлық. Ол ойпаттың оңтүстік бөлігіндегі жер асты суының тұшы болуы сол арадан ағатын Үлкен және Кіші Өзен деп аталатын өзендердің әсері деп есептеді. Тұшы су тұзды жер қабаты арқылы өтсе кермек (тұзды) тартылады. Ал енді осы кермек тартқан су құмдақ не тұнба қабат арқылы сүзіліп өтсе, ол қайтадан тұшы суға айналады.

Э. А. Эверсман өз зерттеулерінде Арал - Каспий ойпатының геологиясы және ботаникалық - географиялық ерекшеліктері туралы бірқатар дұрыс пікір айтты. Атап айтқанда, Арал - Каспий бассейнін түзетін геологиялық қабаттарды ғалым негізгі екі топқа бөледі: бассейнің ойпаң шөлейт жерлерінің үстіндегі ең жаңа қабаттар (құмтастар, мергелдер, әктастар, және сазбалшық) және Мұғалжарды, сондай-ақ осы кеңістіктегі басқа да тауларды түзетін неғұрлым ежелгі заманғы өзгермелі қабаттар (жасыл тасты порфирлер, тау жыныстары) .

Э. А. Эверсман Арал теңізінің жоғалуын егжей - тегжейіне дейін зерттеді. Ол теңіз жағаларын суреттеп жазып, оларға физикалық - географиялық сипаттама берді. Теңіз жағалары жөніндегі және Сырдарияның төменгі ағысындағы өзендер мен көлдер туралы деректерді салыстырып, зерттеуші Арал теңізінің суы тартылып бара жатқанын ескертті. Кейін бұл болжам Орта Азия құрғап бара жатыр деген теорияға айналды (П. А. Кропоткин, Э. Хентингтон, И. В. Мушкетов) . Кезінде бұл теорияны Л. С. Берг жоққа шығарғаны мәлім.

К. М. Бэр Каспий теңізі деңгейінің төмендегенін атап көрсетіп, бұл кенет күшті тектоникалық процестің әсерінен мысылы, теңіздің оңтүстік немесе оңтүстік - батыс бөлігінің түбі опырылып түсіп кетуі салдарынан болған құбылыс деп есептеді. Ол өз пікірін жаратылысы ерекше шағын төбелердің пайда болуымен дәлелдейді. Кейіннен бұл төбелер «Бэр төбешіктері» деп аталып кеткен. Каспий теңізі төңірегіндегі ойпатқа біткен дөңес-белдердің аумағы әдетте біркелкі, олар бір - бірімен қапталдасып жатыр. К. М. Бэрдің болжамы бойынша, Каспийдің деңгейі күрт түсіп кеткен кезде су бір бағытпен жосыла аққан да, соның нәтижесінде осындай төбелер пайда болған.

Ғалымның айтуына қарағанда, төбелердің бір бағытта созылып жатуы теңіз суының қай бағытпен аққанын анықтауға мүмкіндік береді.

Туран ойпатының табиғат ерекшеліктерін және қалыптасуын тексерген А. Гумбольдт ойпат бертінге дейін түбі болған және ол теңіз Солтүстік теңізбен қатар Понт және Балқашпен де қосылған деп мәлімдейді. Бірақ Орта Азияда заңғар таулардың пайда болуына байланысты ұланғайыр теңіздің суы бірте-бірте тартылып, Каспийдің кемеріне келіп жиналған. Қазір Каспий теңізі деңгейінің мұхит деңгейінен төмен болуының бір себебі міне осындай.

Ежелгі оқымыстылардың, атап айтқанда, Страбонның аузынан шығып, бертін келе кең тарап кеткен пікірге қарсы тұрып, Гумбольдт тұңғыш рет Аралдың Солтүстік теңізден тарихи дәуірден әлдеқайда бұрын бөлінгенін дәлелдеді. Ғалымның айтуынша, Аралдың бөлінуі жоғары үштік дәуірге жататын сияқты. Бәлкім, Геродот заманында Аралдың әлі де Каспиймен қосылып жатуы ықтимал, бірақ араб үстемдігі кезінде ол бүгінгідей дербес бассейн болған деп тұспалдайды А. Гумбольдт.

Ғалым жер бедерінің қалыптасуында вулкандық күштердің әрекетіне зор маңыз берді. Ішкі Азия тауларының көбіне ендік бағытымен тұрғанын атап көрсетіп, зерттеуші вулкандар ендік бойымен жарылғандықтан таулар да солайша біткен деп топшылады. Екінші жағынан, деп мәлімдеді ол, жоғарыда айтылғандай жарылыстар нәтижесінде биіктеген таулардың жанындағы іргелес жерлер тиісінше төмен түсуі ықтимал. Вулкандардың жарылып атқылауы заңғар тауларды туғызумен қатар Арал - Каспий ойпаты секілді ұлаңғайыр алқаптың төмен түсуіне де себепкер болады. Шын мәнісінде ойпат Кавказ, Гиндикуш және, жалпы алғанда, Орта Азия тауларының қалыптасуына байланысты пайда болған» - деп жазды ғалым.

Біз жоғарыда аталған ғалымдардың Арал - Каспий ойпатының мәселелері жөнінідегі палеогеографиялық ұғымдары, идеялары мен тұжырымдары туралы қысқаша баяндадық. Енді қазақстан территориясын физикалық - географиялық тұрғыдан танып - білудің классикалық кезеңінде зерттеу жүргізген аса көрнекті ғалымдардың осы мәселеге байланысты негізгі қағидаларына тоқталып көрелік. Бұл орайда ең әуелі Н. А. Северцовтың, И. В. Мушкитовтың және Л. С. Бергтің тұжырымдарын ауызша алған жөн. Олардың еңбектерінде Арал- Каспий ойпатының геологиялық - географиялық мәселелері онан әрі ілгері дамытылып, бірқатар соны әрі бірегей тұжырымдар туды.

Н. А. Северцов Арал- Каспий ойпатының қалыптасуы туралы мәселені шешкен кезде А. Гумбольдтің жаңсақ ұғымдарынан аса алмады. Сөйтіп ол да вулкандық құбылыстардың ізін «тапты». Ғалым Арал- Каспий су айрығының пайда болуын күшті жер сілкінулердің және вулкандық құбылыстардың әсерімен байланыстыруға әрекеттеніп, соның салдарынан екі дербес су бассейні жаралған деп тұжырымдады. Ғалымның Арал теңізінде жүргізген бақылаулары Арал суының деңгейі әлі де төмен түсуде деген пікірге сайды. Н. А. Северцовтың Каспий мен Арал теңіздерінің арасындағы ежелгі шекараны анықтауының осы өлкенің геологиясыны түсіну үшін маңызы зор болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы
Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуы
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Тұран жазығы
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz