Ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың ерекшелігі


ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың ерекшелігі
Сманова А. А. - оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К. Д. Ушинский: «Халық тілі - тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатыны, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі - барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде . . . » деп көрсеткен болатын .
Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. К. Д. Ушинский : «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы , математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән енді түсінікті емес пе?» - деген болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағана қызықтыру үшін ана тілі сабағын жаңа технологияларды енгізу қажет. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап, оқытуға мүмкіндік туады.
Ана тілі сабақты тиімді өткізуде оқушылардың танымдық белсенділігі арттады. Жаңа технология оқушының жеке өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы оқушының білім жетістігін жақсартуға ықпал етеді. Сабақта жаңа технологияларды қолдану жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапаларымен сәйкес жан-жақты дамытуға бағыттап, құруға болады. Жаңа технологияларды пайдаланудағы сабақтың ерекшелігі оқушылардың өздері жаңалық ашуға ұмтылады, әрі ізденіп жауабын тауып, өз көзқарасын дәледейді .
Сабақ мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыруы керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиеді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Ал, енді қазірде жаңа технологияларды пайдаланылып жүрген сабақ төмендегідей үш құрамдас бөліктен тұрады:
- Оқу мақсаттарының қойылуы.
- Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру.
- Шешемнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа ендіру әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Себебі елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азамат қажет.
Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарас болса, ал жаңа технологияларды оқыту барысында бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйрету.
Қазірде ана тілі сабағанда жаңа технологияларды падалануда көркем шығармаларды оқытуда сабаққа мынадай талаптар қойылады:
А) дидактикалық;
Ә) дамытушылық;
Б) тәрбиелік;
В) гигиеналық;
Г) психолгиялық, ұйымдастырушылық талаптарды ескеру керек.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал, ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Мұғалім сонымен, сабақ өту барысында педагогикалық шеберлігіне байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білу қажет. Тиімді әдістерді пайдалану барысыда оқушының білімге деген қызығушылығын одан әрі арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады .
Ана тілінің әдістемесінің іргетасын қалаушы аса көрнекті ғалымы педагог А. Байтұрсынов: « . . . Әдіссіз тек мәніс білім - өлі білім, тіршілік тірлік - шарасы. Тіршілік шаранасына үйретілетін білім түрі болу керек. Ондай білімді адам мәніс білім мен әдіс білімін қатар үйренгенде болмақ әдіс - кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы-жаманы боламғы жұмсалатын орның керек қылуына қарай» деген. Демек, оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін қолайлы етіп, таңдап ала білуге тікелей байланысты.
Мұғалім ана тілін сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды пайдалануда, қажетті әдістерді тиімді пайдалана білгенде ғана өз мақсатына жетеді. Мұғалім ана тілі сабағында қазірде қолданып жүрген белсенді оқыту әдістерді пайдалана білу керек.
- Белсенді оқыту әдістері кластық-сабақтық жүйедегі оқу үдерісінде, мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларды өзгертуді талап етпей ешбір қиындықсыз қолдана алды.
- Белсенді оқыту әдістері бүгінгі білім саласындағы гумандандыру, демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келелі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;
- Оқытудың белсенді әдістері білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін қалыптастырады;
- Белсенді оқыту әдістері мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әлеуметінің дамуына және кәсіби әрекеттің шыңдалуына жол ашады.
Қазірде мұғалімдер көркем шығармаларды оқытуда пайдаланып жүрген әдістерге тоқталайық:
Көркем шығармаларды оқытуда ұтымды әдістердің бірі - ойын. Ойын әдісін сабақта қалай пайдалануға болатынын көрейік. Осы ойын әдісі арқылы оқу үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға таптырмайтын құрал.
Мысалы, «Жұмбақ шешу» ойыны оқушыларды тілін жаттықтырып, еске сақтау қабілеттін жетілдіре түседі. «Жұмбақ шешу» ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны баланы өздігінен ойлануына мүмкіндік беріледі, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.
Топпен жұмыс әдіс арқылы баланы ұжымда жұмыс істеуге, өз ойын ұжымда айта білу, өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Мысалы, 2 сынып ана тілі сабағында М. Дулатовтың «Байлық» көркем шығармасын оқытуда мұғалім оқушыларды топқа бөледі. (Топпен жұмыс. ) Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.
І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге?
ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?
ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар?
ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер?
V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер.
VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын талқылап, сұраққа дұрыс жауап іздейді. Осы топпен жұмыста оқушылар жұбымен пікір бөліседі. Топпен пікірлер бөліседі, де әр топ ойларын ортаға салады, ой алмасады.
Ана тілі сабағында көркем шығарманы оқытуда тиімді әдістің - бірі проблемалық әдіс.
Оқушының алдына проблема қойып үйретуде мынадай қағиданы басшылыққа алдық:
- Проблемалық жағдайдың бала көңіл-күйіне сәйкес келуін қадағалау;
- Шешілетін проблеманың оқушы үшін иаңызды болуы:
- Оқушы мен мұғалімнің диалогының өзара түсіністік сипатта құрылуы.
Жалпы көркем шығарманың құрылымдық ерекшелігін түсіндіру проблемалық сұрақтардан тұрады. Талдау барысында «. көркем шығарманың мазмұнын тез түсіне аламыз ба?» деген проблемалық сұрақ туады. Мұғалім «неліктен олай ойлайсың» деген сұрағымен проблема нақтыланады
Сабақта қызықты да тартымды өткізу үшін тиімді әдістің бірі - итерактивті әдіс. Интерактивті әдіс бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Ол ең алдымен коммуникативтік іскерлік пен дағдыны дамытады. Тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, себебі балалар топта жұмыс жасауға, бір-бірінің ойын тыңдауға үйренеді. Интерактивті әдіс мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін өзгертеді, мұғалім белсенділігі, оқушы белсенділігімен ауысады.
Өлең құрастыру әдісі. Бұл жұмысты екі түрлі тәсіл арқылы жүргізуге болады.
а) дайын өлең жолын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы, Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем», - ұсынылған жолдар. т. б.
ә) дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз»тақырыбына арнайы төмендегі ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
байлық,
алдық.
құс біткен
қалдық.
Оқушы тапсырмасының орындалу :
Күз - береке, күз байлық,
Күзде өнім мол алдық.
«Қош» айтысып құс біткен
Кеткен ұшып біз қалдық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz