Баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері
1. Тыныс алу жүйесінің маңызы
2 Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі
3 Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналык талаптар

Тыныс алу жүйесінің маңызы.—Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сүйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік затгардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минөттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Организмде отгегінің қоры жоқтың қасы - не бары бірнеше минөттік кана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады.
1. Ж. Д. Демеуов, Б. Я. Байназарова, 3. М. Алиакбарова, А. М. Бекетаев. Мекгепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы. Алматы, "Білім", 1995.
2. Ю. А. Ермолаев Возрастная физиология. М.,"Высшая школа", 1985.
3. А. Г. Хрипкова. Возрастная физиология, М.,"Просвещение". 1978.
4. А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фабер, Возрастная физиология и школьная гигиена, М., 1990.
5. X. Қ. Сөтцаева, Ж. Б. Нілдібаева, Ө. А. Өтепбергенов. Адам физиологиясы, Алматы, -"Білім", 1995.
6. Физиология человека. Дж.. Дудел, М. Циммерман и др. 3-том, М., "Мир", 1986.
7. Қ. С. Рымжанов, И. М. Төленбек. Адам мен жануарлар физиологиясы, Алматы, 2000.

1. Баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы мен қызметінің
ерекшеліктері
Тыныс алу жүйесінің маңызы.—Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен
қатты, сүйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам
үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам
организмінде қоректік затгардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты
өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал
оттегінсіз бірнеше минөттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам
өмірі үшін аса маңызды. Организмде отгегінің қоры жоқтың қасы - не бары
бірнеше минөттік кана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі
денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу
кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа
шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы
газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл
газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде
қуысында орналасқан өкпе орындайды. Ал өкпеден ұлпаларға оттегін,
клеткалардан өкпеге көмір қышқылын тасымалдайтын қан деп алдыңғы тарауларда
жазғанбыз.
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе
альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан
ауадағы отгегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте
елсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі
міндеттерінен басқа да қызмет атқарады. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты
түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің
(диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп және төмен түсуі ас
қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж)
іспетгі әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады.
Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе
артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту
мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына кемектеседі.
Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер
етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда
пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы,
әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай
әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.
Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан айналысына
да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студентгерде дем шығарғанда
қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс ырғағы көздің
жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді.
Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу педагогтер
үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын жағдайларды
естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тың тындағанда дем алу сөл
уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте
төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам
көңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай калады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі
басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда
адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның
алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты
гигиеналық талаптар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру
сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағының нашар болуы оның мұрын
қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мұрын қуысындағы бездердің
өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының
ауырғаны, кейбір балалардың түнде төсекке дәретке отыруы, т. б. басылады,
ұйкысы жөнделеді, сөздері анық болып, сөйлеу кабілеті дұрыс дамиды.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері
мұрыннан басталады (32-сурет). Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда
жөне дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында
газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (яат.алъвеолус — ойма қуыс,
науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер т ы н ы с а л у жүйесін құрады. Бұл
жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі -
өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс
жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен,
тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде,
кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан,
микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты
кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін
жылытылады.
Ауа т а н а у арқылы мұрын қуысына кіреді. М ұ р ы н қ у ы с ы кеңсірік
шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөлікгерге бөлініп, жұп танау тесіктері
арқылы сыртқа ашыладыда шкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады.
Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-
тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз
ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны
жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу
ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25% -ға көбірек өткізетін
көрінеді. Бұл оның қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке
талшықтарының болуына байланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микро-
организмдердің "қақпасы" - тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан
тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиетгерін
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары
орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей - сөйлеу
мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - ө к п е (32-сурет). Бұл бронхылардың
ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер
ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар
тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың
қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе
альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның
және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін
қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен
дем шығаруда аса маңызды.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен кызметі адамның жасына, жынысына және
жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына
өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе
қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады
(еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі
де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем
алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда
бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14
жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3,
Дем алу көлемі жаңа туған сөбиде - 25 см3, 1 жаста - 80 см3-ге дейін
артады, 2 жаста - 140 см3, ересек адамда - 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа
туған сәбиде - 53 см3, 1 жаста - 210 см3, 13 жаста - 707 см3, 20-25 жаста -
1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде
- 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1,617 см3,
ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің
шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,108
тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы
жаңа туған сәбиде - 6 м2, ересек адамда - 50 м2, яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста — 7
см, ересек адамда - 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді.
Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде
өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы
көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді.
Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі
ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға
суйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік
туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің
әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде
қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни
өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді.
Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу
ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін
шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге-болады. Мұны қосымша
ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен
дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл -қордағы ауа .
Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік
сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және
айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек
адамдармен бірдей болады (14-кесте). Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен
дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық
газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады.
Бала неғүрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады
Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылыгы
Б а л a Ж a c ы
Ер бала 6
1 5 15-20 20-25 25-30 30-35 44 26 20 18 16 18
Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың
ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы,
дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше (16-кесте)
Тыныс ауасының құрамы
Газдардың мөлшері, %
Газдар Сыртқы ауада Дем шығарған ауада
Азот Отгегі Көмір қьшіқылы 78 20,92 0,033 78,8 16-17
3-4,5
15-ші кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның
құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі
болады. Дем шығарған ауаның температурасы сыртқы ауадан жоғары болады,
сондықтан сыртқа айдалатын ауадағы азоттың пайыздық мөлшері сәл көбірек,
бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне байланысты. Ауадағы
азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ.
Олар пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі
үшін маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір ұшақ, тік ұшақ, зымырандарды
пайдаланып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz