Қазақ атауы қайдан шықты



1 тұрғызылған Күлтегiн ескерткiшiнде Соғдақ атауы
2 Ал мәселенiң этно.лингвистикалық қыры
Бiздiң арғы-бергi тарихта қазақ атауы шығу төркiнiнiң бiрнеше нұсқасы бар екенi белгiлi. Бiр нұсқада қазақтың арғы атасы сақ болғандықтан «қассақ» атанып, содан қазақ атанғанбыз десе, тағы бiрiнде қазақ «еркiн, азат» деген ұғыммен мәндес болғандықтан «қазақ» атанған дейтiн болжамдар бар.
Солардың бiреуi – алаш арысы Мұқаметжан Тынышбаев «Великие бедствия…»*(«Ақтабан шұбырынды») атты әйгiлi шығармасында айтылатын Крафт есiмдi зерттеушi ғалым талдаған аңыз – бiздiң осы талдау мақаламыздың негiзгi өзегi болмақ. Аңыздың қысқаша желiсi мынадай (аңыз – жадымызда әбден көмескiленiп, жойылуға айналған ежелгi тарихымыздан хабар беретiн алғашқы дереккөз): ертеде Қалша-Қадыр деген кiсi қу медиен далада шөлден қаталап, өлуге шақ қалғанда, бiр қаз ұшып келiп, перiштеге айналады да, Қалша-Қадырдың аузына су құйып, өмiрiн сақтап қалады. Содан екеуi бас құрап, араларынан Қазақ туады. Қазақ халқы осы баладан тараған ұрпақ-мыс делiнедi.
Ардақты арысымыз М.Тынышбаев қазақ атауының құрамындағы «қаз»-ды – зат есiм, «ақ»-ты сын есiм деп қарастырып, түрiк тiлдерi ережесi бойынша сын есiм әр кезде зат есiмнiң алдында тұратындығын ескерiп, бұл нұсқаны қабылдамайды.
1. Мухамеджан Тынышпаев. Великие бедствия и великие победы казаков (Актабан-шубырынды). Алма-Ата, Жалын, 1992.
2. Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата. «Наука» Казахской ССР.
3. Асемкулов Т., Наурзбаева З. Мифологический образ змеи / дракона: Драма человеческой предистории (рецензии).
4. Зуев Ю.А. О формах этносоциальной организации кочевых народов Центральной Азии в древности и средневековье: пестрая орда, сотня (сравнительно-типологическое исследование)//Военное искусство кочевников Центральной Азии и Казахстана (эпоха древности и средневековье). Алматы, 1998.
5. Нар заман мен зар заман поэзиясы (Асанқайғыдан Кердерi Әбубәкiрге дейiн) Жыр-толғаулар. Алматы, «Раритет», 2007.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АЗАҚ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ? Алаштың арысы Мұқаметжан Тынышбаевтың аруағына
бағышталады!
20-Қыркүйек, 2010 1 рет оқылған
Бiздiң арғы-бергi тарихта қазақ атауы шығу төркiнiнiң бiрнеше нұсқасы бар
екенi белгiлi. Бiр нұсқада қазақтың арғы атасы сақ болғандықтан қассақ
атанып, содан қазақ атанғанбыз десе, тағы бiрiнде қазақ еркiн, азат деген
ұғыммен мәндес болғандықтан қазақ атанған дейтiн болжамдар бар.
Солардың бiреуi – алаш арысы Мұқаметжан Тынышбаев Великие
бедствия...*(Ақтабан шұбырынды) атты әйгiлi шығармасында айтылатын Крафт
есiмдi зерттеушi ғалым талдаған аңыз – бiздiң осы талдау мақаламыздың
негiзгi өзегi болмақ. Аңыздың қысқаша желiсi мынадай (аңыз – жадымызда 
әбден көмескiленiп, жойылуға айналған ежелгi тарихымыздан хабар беретiн
алғашқы дереккөз): ертеде Қалша-Қадыр деген кiсi қу медиен далада шөлден
қаталап, өлуге шақ қалғанда, бiр қаз ұшып келiп, перiштеге айналады да,
Қалша-Қадырдың аузына су құйып, өмiрiн сақтап қалады. Содан екеуi бас
құрап, араларынан Қазақ туады. Қазақ халқы осы баладан тараған ұрпақ-мыс
делiнедi.
Ардақты арысымыз М.Тынышбаев қазақ атауының құрамындағы қаз-ды – зат
есiм, ақ-ты сын есiм деп қарастырып, түрiк тiлдерi ережесi бойынша сын
есiм әр кезде зат есiмнiң алдында тұратындығын ескерiп, бұл нұсқаны
қабылдамайды.
Бiз өз кезегiмiзде осы нұсқаны қайта қарап, аталған деректердi басқаша
сөйлетуге талпыныс жасап көрмекшiмiз. VIII ғасырда Орхон өзенi бойында
тұрғызылған Күлтегiн ескерткiшiнде Соғдақ атауы кездеседi. Ғалымдар осы
атауды зерттей келе, ерте заманда Соғды мемлекетiнiң (соғдылықтардың
түпкiлiктi мекенi, яғни метрополиясы) тұрғындары сауда-саттық жасау
мақсатымен басқа мемлекеттерге барып, өздерi бiрыңғай тұратын шағын қала
немесе аудандар (соғдылықтардың барып қоныстанған мекенi, яғни колониясы)
қалыптасты деген пiкiрде болған сияқты. Осындай соғдылықтар ғана бiрыңғай
тұратын мекенжайды сол дәуiрдегi көктүрiктер Соғдақ атағандығы – ғылымда
анықталған жайт.
Алайда аталмыш ақ жұрнағының көрсететiн емiлелiк қызметi көмескiленiп,
бүгiнгi күнге бәз қалпында жетпей қалған. Бұны ерекше жұрнақ атап
отырғанымыз да сондықтан. Егер ол жұрнақтың ерекше мәнi сақталған болса,
дүние жүзiнiң шар тарабында шашырап жатқан қаптаған Чайна таундарды
Қытайақ немесе Қытайық атаған болар едiк. Әйтсе де тiлiмiздегi ақ
жұрнағы осыған ұқсас емiлелiк қызметiн әлi күнге дейiн атқарып келедi.
Мысалы, бидай сөзi моңғол тiлiнде буудай, мажар тiлiнде бууза, көне
түрiкше бұғұдай деп аталады. Ал бiзде бидай (дәндi дақыл) – бидайық
(бидайға ұқсас шөптесiн өсiмдiк) дейдi. Сол сияқты ақ жұрнағынан
туындайтын дар  – дарақ, бұта – бұтақ, пiр – пырақ  т.б.,
атаулар бар.  Бұдан гөрi күрделiрек түрi: тәңiр – шаңырақ. Сақа (якут)
тiлiнде тәңiр атауы тангара деп жазылады. Тәңiр – көктiң күмбезi де,
шаңырақ – үйдiң күмбезi (таң – тең = шаң – шең). Бiр түбiрден туындап,
екi бөлек ұғымды бiлдiретiн зат есiмдердi түрiк тiлдерi ақ жұрнағы арқылы
осылай айыратын үрдiс бар. Егер мәселеге осы тұрғыдан қарап, қазақ
атауындағы ақ-ты жұрнақ деп танысақ, Крафт ұсынған аңыздағы болжам
бойынша, қаздан тараған ұрпақ екенiмiз рас болып шығады.
Ал мәселенiң этно-лингвистикалық қырына көбiрек назар аударатын болсақ,
сөзден сөз туындауы әбден мүмкiн. Мәселен, аңыздағы кейiпкерiмiз қаз
сияқты құстың бейнесi сақ дәуiрiнiң аң стилiндегi алтын жәдiгерлерiнде де
көрiнiс тапқанын көрiп жүрмiз. Онда бәйтеректiң бұтақтарында бiр-бiрiне
қарама-қарсы қарап, бiрi мойнын көкке созып, екiншiсi басын төмен
салбыратып отырған екi құс бейнеленедi. Мойнын көкке созғаны Көк Тәңiрге
табынуды бiлдiрсе, басын төмен салбыратқаны Ұмай – Жер-анаға iзет етудi
бiлдiретiнiн кейiнгi ұрпаққа таңғажайып өнер туындысы түрiнде осылай
аманаттаған болса керек. Сақ дәуiрiне дейiн баратын қаздың мифтiк бейнесi
қазақ атты халықтың тарихи жадында осы аңызда айтылғандай сақталып келе
жатқаны ғажап-ақ. 
Шыңғыс қаған Хорезмдi жаулап алғанда, Отырар дәргейi Қайырханға қатысты
дауды желеу еткен. Қайырхан кейбiр тарихи әдебиеттерде Қадырхан тұлғасында
да ұшырасады. Соған қарағанда, түрiк тiлдерiнде й мен д дауыссыздарының
алмасу заңдылығы ерте дәуiрлерден берi сақталып келе жатқанының куәсi
боламыз. Қайыр тұлғасы әуелгiде қай мен ар сөзiнiң қосылуынан шыққан
болса керек. Қай көне түрiк тiлiнде жылан (жылан тақырыбына келесi
көлемдi мақаламызда арнайы тоқталатын боламыз) деген ұғымды бiлдiредi. Ар
сөзi Махмуд Қашқари сөздiгiнде қазiргi тiлiмiздегi ер деген сөзбен бiр
мәндес. Яғни ар ер екi түрлi тұлғадағы бiр мағынаны бiлдiретiн сөздер.
Қай мен ар зат есiмдерi қосылғанда, тiлiмiздiң үндестiк заңдылығы
ықпалына ұшырап, а дауысты дыбысы ы дауыстыға өзгередi де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы
Қазақ халқы
Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі
Қойшығара Салғараұлының тарих ғылымына қосқан үлесі
Қазақ атауының мән - мағынасы туралы
САМҰРЫҚТЫҢ СИҚЫРЛЫ ҚАУЫРСЫНЫ
«Қазақ» қайдан пайда болған?
Қазақ этнонимінің мәніне тарихи талдау
Қостанай облысындағы жер-су аттары
Пәндер