Алтынбек және бүгiнгi қазақ қоғамы



1 «Ұлттық диалог қажеттiгi айқын сезiледi»
2 “Алтынбек Алаш азаматтарының рухани мұрасын жалғастырды”
Жыл сайын Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi қарсаңында елiмiздiң белгiлi саясаткерлерiнiң, журналистерiнiң, қоғам қайраткерлерiнiң, саясаттанушы сарапшылардың басын қосып, қоғамдық-саяси өмiрдегi ахуалға шолу жасап, өткен-кеткенге баға берiп, бағыт-бағдарымызды анықтау мақсатында “Жас Алаш” газетiнiң редакциясында алқалы кеңес құрсақ деген ойымыз бар. Мұны қолдасаңыздар, дәстүрге айналдыруға болады. Бiр-екi күн бұрын Алтекеңнiң жазған мақалаларын, айт¬қан сөздерiн тағы бiр оқып шықтым. Бiрнеше жыл бұрын айтқан ойлары қазiргi қазақ қоғамын суреттеп тұрғандай көрiндi. Ештеңе өзгермеген, барлық жағдай дәл сол қалпында сақталған тәрiздi. Бұл ненi көрсетедi? Қоғамымыздың алға жылжымағанын, дамудың, iлгерiлеушiлiк¬тiң жоқтығын аңғартады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Алтынбек және бүгiнгi қазақ қоғамы (басы)

Айдос Сарым:
Жыл сайын Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi қарсаңында елiмiздiң белгiлi
саясаткерлерiнiң, журналистерiнiң, қоғам қайраткерлерiнiң, саясаттанушы
сарапшылардың басын қосып, қоғамдық-саяси өмiрдегi ахуалға шолу жасап,
өткен-кеткенге баға берiп, бағыт-бағдарымызды анықтау мақсатында “Жас Алаш”
газетiнiң редакциясында алқалы кеңес құрсақ деген ойымыз бар. Мұны
қолдасаңыздар, дәстүрге айналдыруға болады. Бiр-екi күн бұрын Алтекеңнiң
жазған мақалаларын, айтқан сөздерiн тағы бiр оқып шықтым. Бiрнеше жыл бұрын
айтқан ойлары қазiргi қазақ қоғамын суреттеп тұрғандай көрiндi. Ештеңе
өзгермеген, барлық жағдай дәл сол қалпында сақталған тәрiздi. Бұл ненi
көрсетедi? Қоғамымыздың алға жылжымағанын, дамудың, iлгерiлеушiлiктiң
жоқтығын аңғартады. Бүгiнгi отырысымызда талқылайтын, ой елегiнен өткiзiп,
сараптайтын мәселе көп. Қап тауындағы қақтығыстан да ешқайда қашып құтыла
алмаймыз. Ресейдiң басқыншылық әрекетi әлемде қалыптасқан геосаяси тәртiптiң
астан-кестеңiн шығарғаны мәлiм. Қазақстанның осы қақтығысқа қатысты дербес
мемлекет ретiндегi ұстанымы әлi де анық танылмады. Ресей мәселесiн
бүге-шiгесiне дейiн зерттеген адамдардың бiрi ретiнде Алтынбек Сәрсенбайұлын
атар едiм. Кезiнде ол кiсiнiң Ресейде елшi болғанын да, Қауiпсiздiк кеңесiнiң
хатшысы болғанын да жақсы бiлесiздер. Осы қызметтерде жүрiп Алтекең Ресей
мәселесiне, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа айрықша мән
беретiн. Ресейден туындайтын қауiпке қатысты көп ойланып-толғанатын. Қазақ
қоғамын алаңдатып отырған маңызды мәселелердiң қатарында элитааралық
қақтығыстар бой көрсетедi. “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысына
бiрiккен азаматтар мен Рахат Әлиев арасындағы қақтығыстар жөнiнде қазақ
қоғамы өте-мөте хабардар болуы тиiс. “Рахат Әлиев” атты проблема шешiмiн әлi
күнге дейiн таба алмай келедi. Оған Рахаттың адамдарының тұтқындалуы, өзiнiң
елден қуылып, ондаған жылға бас бостандығынан айырылуы айқын дәлел.
Тұтқындалулардың әлi де тоқтамағанына тағы бiр мәрте куә болып отырмыз.
“Серiк Бүркiтбаев тұтқындалды” деген ақпараттың таралуын соның айқын көрiнiсi
ретiнде бағалар едiм. Ұлт мәселесi де маңызды әрi өзектi проблемалардың бiрi
екенiн ешкiм жасырмас. Қазақ тiлi мәселесi әлi де күн тәртiбiнен түспей
келедi. Бұл мәселенi де жылы жауып қоюға, айналып өтуге болмайды. Қоғамды
демократияландыруды жеделдету мәселесiне де тоқталайық. Байқасаңыздар,
Парламент те, үкiмет те бар болғаны президенттiң тапсырмасын орындаушылар
ғана. Мiне, осы мәселелер төңiрегiнде ой бөлiсiп, пiкiрiмiздi ортаға салсақ.

Рысбек Сәрсенбай:
– Қоғамдық-саяси мәселелердi талқылау үшiн, ой қосып, пiкiр бөлiсу үшiн “Жас
Алаш” газетiнiң шаңырағына жиналған азаматтарға ризашылығымызды бiлдiремiз.
Алаш ардақтысы, қазақтың абыройлы азаматы Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу
отырысы ретiнде де ұйымдастырдық бұл кездесудi. Алтекеңдi қазаққа таныстырып
жатудың қажетi шамалы. Алтыкеңдi кiм болғанын, елi үшiн қандай еңбек
сiңiргенiн бәрiмiз де бiлемiз. Бiздiң мақсатымыз – Алтынбектiң айтқан
пiкiрлерiн, ойларын сараптай келе, қазiргi қоғамдық-саяси ортада қалыптасқан
жағдайға баға беру, оны жан-жақты талқылау. Қазiргi таңда қазақ елiнде
өзгерiс болғанын қаламайтын адам жоқ тәрiздi. Демократияшыл өркениеттi
елдердiң қатарына қосылуымыз керек. Сөз бостандығы мен пiкiр алуандығына
ұмтылуымыз, саяси өзгерiстер жасауды талап етуiмiз қажет. Алтынбек
Сәрсенбайұлының: “Назарбаевсыз өмiр сүргенде Қазақстан қандай болуы керек
деген мәселе төңiрегiнде ойланатын кез келдi” деген сөздерi есiмiзде.
Қазақтың санасына бұл пiкiрдi берiк орнықтыруға ықпал етейiк. Ел-жұрт
Алтынбектiң айтқан сөздерiн зердесiне түйiп, ойларына көз жүгiртiп, оның
орнықты пiкiрiне құлақ түрiп отырды. Алтыкеңнiң арманы өркениеттi қоғам
қалыптастырып, қазақ елiнде нағыз демократиялық мемлекет орнықтыру едi. Оның
бұл мақсатын жүзеге асыру үшiн қазақ қоғамын ұйқыдан оятуымыз қажет. Онсыз
iлгерiлеушiлiктi, өзгерiстi күту бос әурешiлiк болмақ. Мұндай пiкiрдi тек
қарапайым халық қана емес, саяси билiкте отырған шенеунiктер де құптайтын
тәрiздi. Мемлекеттiк қызметте жүргендердiң арасында да елде өзгерiс болуын
қалайтындар жетерлiк. Олардың арасында да қалыптасқан саяси билiк жүйесiне
iштей қарсы азаматтар бар. “Билiк қылмыспен айналысса, қылмыс билiкке
айналады” деген Алтынбектiң кесiмдi пiкiрiне олардың да көзi әбден жеттi.
Мемлекеттiк билiктi бiр адамның еркiне берiп қою, авторитарлық жүйенi
орнықтыру тәрiздi қадамның мемлекеттi, елдi ұшпаққа шығармайтынын бәрiмiз де
түйсiндiк. Билiк бiрде-бiр рет әдiл сайлау өткiзбеумен қоймай, өзiне қарсы
шыққан қайраткерлерге қысым жасап, қудалауды басты саяси тұжырымдамасына
айналдырды. Бiрақ, қарсыластарын әлiмжеттiкпен тұқыртуға тырысу еш нәтижеге
әкелмейтiнiн түсiнгендей де болды. Билiктi күшпен ұстап тұру мүмкiн емес.
Мұның бәрi алдамшы, уақытша дүние ғана. Қалыптасқан саяси билiк жүйесiнiң
ғұмыры қысқа боларына күмәнiм жоқ. Президенттiк билiктi 20 жыл бойы ешкiмнiң
қолына бермей, жеке-дара билеушi атанған мемлекет басшысының қоғамда еш
беделi қалмайды. Халық теледидардан Н.Назарбаевты көрсетсе, арнаны басқа
жаққа бұрып жiберетiндей қалге жеттi. Қоғамда, халық арасында беделi
төмендеп, абыройы азайған басшының мемлекеттi басқаруы саяси билiк жүйесiнiң
iрiп-шiрiп, жантәсiлiм етуге аз қалғанын танытады. Бiр адамның шексiз билiгi
орныққан жүйенiң қаупi жайында Алтынбек Сәрсенбайұлы мақалалары мен
сұхбаттарында ашық әрi дәл айтқан едi. Бүгiнгi кездесуде осы мәселелерге
тереңiрек тоқталсақ. Дөңгелек үстелдiң тақырыбы ретiнде “Алтынбек
Сәрсенбайұлы және бүгiнгi қазақ қоғамы” атты тақырыпты ұсынамын.

Ұлттық диалог қажеттiгi айқын сезiледi
Айдос Сарым:
– Қоғамда дүниеге көзқарастың бiрнеше түрi қалыптасқан. Ұлттық, этникалық,
кеңестiк тұрғыдан өмiрдi қабылдау бар. Қоғамды бiрiктiретiн, қоғамдық пiкiрдi
бiр арнаға тоғыстыратын, жұмылдыратын идея Қазақстанда жоқ. Қап тауындағы
қақтығысқа қатысты қоғамдық пiкiрдiң өзi екiге жарылды. Қазақтiлдi қоғам
Ресейдiң Грузиядағы басқыншылық әрекетiн өзiне жасалған соққы ретiнде
қабылдаса, орыстiлдi орта сөзге келместен Ресей жағына өттi. Ресей Қазақстан
аумағын өзiнiң ақпараттық шатырының астына алғанына тағы бiр мәрте көз
жеткiздiк. Қазақстан билiгi де өзiнiң қауқарсыздығын танытты. Iшкi мәселенi
ғана емес, сыртқы саясатты да реттей алмайтын күйде екенiн аңғартты. Елiмiзде
президенттiк институттан басқа бiрде-бiр билiк құрылымының жұмыс iстемейтiнi
белгiлi. Президенттiк институт қоғамға, саяси партиялар мен өзге де
демократиялық күштерге арқа сүйемейтiн, өзiмен-өзi, жападан-жалғыз ғұмыр
кешкен билiктiң тармағына айналды. Қап тауындағы қақтығысқа қатысты елдегi
бiрде-бiр саяси партия не қозғалыс өзiнiң анық ұстанымын бiлдiре алмады.
Олардың бiр аптадан аса уақыт бойы үнiн шығармай, түк болмағандай жата беруi
мүлде түсiнiксiз. Бұл өте қауiптi үрдiс екенiн жасырмайтын шығармыз. Тәуелсiз
мемлекет ретiнде өзiнiң айқын ұстанымын бiлдiре алмайтын мемлекет Ресеймен
де, Еуропа елдерiмен де жемiстi жұмыс атқаруға, бiрiгiп шаруа тындыруға
қауқарсыз екенi ақиқат. Бұл – қоғам үшiн, мемлекеттiң болашағы үшiн қауiп
туғызатын проблема. Қазақ қоғамының басым көпшiлiгi қолдау бiлдiретiн,
жалпыұлттық доктринаның қажеттiгi айқын сезiлуде. Мұндай доктрина, ұлттық
консенсус идеясы қоғам үшiн ауадай қажет. Бұған шартты түрде “Қазақтың
Монклоа пакты” деген атау берсем деп ұйғардым. “Монклоа пакты” Испанияда 1977
жылғы сайлаудан кейiн қабылданған құжат екенi белгiлi. Бұған қоғамның барлық
саяси күштерi қолдау бiлдiрiп, “Испанияны қалай дамытамыз?” деген сауалға
жауап iздедi. Бiзде де сондай пактының қажеттiгi сезiледi. Жалпыұлттық
келiсiмге келудiң арқасында Испания 1977 жылдан бастап демократиялық ел деп
танылды. Әлемдегi ең дамыған мемлекеттердiң қатарына қосылып қана қоймай,
қоғамды ортақ мақсат жолында бiрiктiре бiлдi. Қазақ елiнiң тәуелсiздiгi әлi
берiк орнықпады. Егемендiктi тарихтың қазақ халқына тартқан сыйы ретiнде
қабылдаған жөн. Билiктiң қолға алған реформаларын табысты деп атау қиын. Бiз
мемлекеттi дамытудың тек жағымды, ұнамды сценарийлерiне ғана емес, жағымсыз,
негативтi дамып, өрбуiн де қарастыруымыз қажет. Билiкте жүрген азаматтармен
көп араласамыз. Олар мәселенiң бiр жағын ғана көредi. Жағымды жағына
тоқталғанды ұнатады. Бiрақ, керiсiнше, мәселеге сыни тұрғыдан қарау керек.
“Сын түзелмей, мiн түзелмейдi”. Қоғамда сынның болмауының өзi қоғам дамуына
қауiп төндiретiн құбылыс. Айтылған сынға сараптамалық қорытындылар жасалып,
мемлекет дамуына кедергi келтiретiн факторлардың алдын алуымыз шарт. Елдi
дамытудың 40-50 жылғы стратегиялық жоспарын әзiрлегенiмiз жөн. Ұлы ойшыл
Бентанның осыдан 3,5 ғасыр бұрын айтқан: “Дұрыс пен бұрыстың дәл өлшемi
барынша көп адамдар үшiн ең тиiмдi шешiм болмақ” сөздерiн ұстаным ретiнде
қабылдаймыз. Бүгiн қабылданған шешiмдер жеке саясаткерлердiң амбициясынан
жоғары, тiптi олардың өздерiнен де әлдеқайда маңызды дүние. Бүгiн қазақ ұлты
аңсаған мемлекеттiң тағдыры шешiлмек. Бiзге дейiн өмiр сүрген миллиондаған
адамдар мен бiзден кейiн тiршiлiк ететiн миллиондаған халықтың тағдыры бүгiн,
дәл қазiр шешiледi. Қазақстанда өмiр сүрiп жатқан қазiргi халық келешек
ұрпақтың жетiстiгiнiң катализаторы болуы тиiс. Тарихи жағдай қазақ елiнiң
тағдырын бiр адамның еркiне бердi. Нұрсұлтан Назарбаевқа дейiнгi бiрде-бiр
қазақ басшысы, бiрде-бiр қазақ ханы мұншама шексiз билiктi қолына
шоғырландыра алмады. Келешекте Нұрсұлтан Назарбаев сияқты абсолюттi билiктi
өз қолында ұстайтын басшы болмасын деген тiлек бiлдiрейiк. Мұны Нұрсұлтан
Әбiшұлының өзi де, оның айналасындағылар да тiлейтiн шығар. Назарбаевтың бар
бiлiмi, көзқарасы, саяси ұстанымы, ойы мен пiкiрi “Конституция” деген атаумен
жарық көрдi. 1995 жылы қабылданған Конституцияға үнемi өзгерiстер мен
толықтырулардың енуiн президенттiң көзқарасы мен пiкiрiнiң, стратегиялық
мақсаттарға жету жолында ұстанған бағыты мен бағдарының ұдайы өзгерiсте
болатынын танытады. Назарбаевтың өзiне деген сенiмсiздiгiн аңғартады. Мұндай
жағдайда қоғам қандай қадамға баруы тиiс? Қоғам өзiнiң таңдауы мен еркiн,
құқығы мен қалауын қорғай алатын деңгейге көтерiлуi қажет. Өкiнiшке қарай,
бұлай болмай тұр. Қоғам мүддесiн әлi күнге дейiн қорғай алмайды. Бұл –
жемқорлық тәрiздi мәселелерден әлдеқайда күрделi проблема. Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2019 жылы қандай бейнеде болары бiз үшiн өте маңызды. Мемлекет
қандай күйде болады? Ол кезге дейiн мемлекеттiгiмiздi сақтай аламыз ба? 2029
жылы бiздiң ұрпақтарымыз қалай өмiр сүредi? Қазiргi қазақ президентiне қандай
баға бередi? Осы жерде ОПЕК-тiң бұрынғы басшысы шейх Ясин Рамаданның: “Тас
ғасыры тастардың бiткенiнен аяқталған жоқ” деген сөздерiн айта кетсем. Ұлттық
диалог кез келген қарсылықтың түрiнен тиiмдiрек екенiн де мойындау керек.
Назарбаевтың билiк еткен жылдары тек қана қара түске боялмай, елiмiздiң
әрқилы саяси күштерiнiң бiрiгуiне, олардың ұлттық диалогқа отыруына түрткi
болуы шарт. Интеллектуалды орта қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын
қарастыруы керек. Билiк пен оппозиция ортақ келiсiмдi iздестiруi қажет.
Оппозиция мен билiктiң бiр-бiрiне деген соқыр өшпендiлiгi екi жақтың да
жеңiлiсiне әкелiп соғады. 2001 жылы “ҚДТ” қозғалысының құрылуымен басталған
билiктiң реакцияшыл және реформашыл саяси элитасының текетiресi қоғамның қақ
жарылуына әкелдi. Ол қақтығыста күш қолдануға бейiм тұратын билiктегi
күштердiң жетiстiгi оларға түбегейлi жеңiс сыйлай алмады. Алғашқы
протестанттар өздерiн “протестант” есебiнде қарастырмады. Iнжiлдiң рухани
құндылықтарын жоғары бағалайтын, қасиеттi кiтапта айтылған жолмен тiршiлiк
ететiн католик дiнiнiң өкiлдерiмiз деп есептедi олар өздерiн. Бiрақ,
католиктердiң әсiребелсендiлiк танытып, оларға қарсы күш қолдануы жаңа
“протестанттық” дiннiң пайда болуына әкелiп соқты. Бұл жайында Астана
политтехнологтары ойлануы керек. Билiктiң қарсылықты күш қолдану арқылы
шешуге тырысуы мемлекет институтының беделiнiң төмендеуiне әкелiп соғады.
Мәселенi революциялық жолмен алаңдар мен көшелерге шығу арқылы шешуге
тырысатындардың санын арттырды. Мұндай пиғылдағы адамдар жұмысты қазiрше тек
сөз жүзiнде жүргiзуде. Олар нақты iске көшсе, ешкiмге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Қазақстандағы көппартиялық жүйе
Молдашев алтынбек бәкірұлы
Балалар композиторлары
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Қазақтардың 1 Дүниежүзілік құрылтайы
Жалпы қазақ өнері
Қыздар жар - жары
Пәндер