Аристотельдің философиясына қысқа шолу
1 Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы
2 Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық
3 Платон идеяларының логикалық арақатынасы
4 Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы
5 Аристотельдің таным теориясы
6 Адамгершілік — адам жанының қабылдап алған рухани сапасы

Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.

Аристотельдің философиясына қысқа шолу.
Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан,
барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан,
Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар
бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген
мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді
шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі
де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең
талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі
мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі
ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық
байланысқа тоқталып өткеніміз жөн. Ия, Аристотель — Платонның шәкірті.
Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап,
пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін
жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. Аристотельге:
"Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?"- деп айып таққанда,
ол: "Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ",— деп жауап
беріпті деген аңыз бар.
Әрине, аңыз аңыз болып қала береді. Дегенмен, мәселе басқада. Ол
Платонды, біздің тілімізбен айтқанда, "өлтіре сынап" отырған жоқ.
Керісінше, ол өзінің ұстазымен көзінің тірісіндегідей айтысып, қарсы
пікірлерін алдына жайып салып, онымен ой таластырып отыр.
Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонға қарсы
айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің
ішінде Платонды сынау ғана негізгі мәселе болып отырған жоқ, сонымен бірге
осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады.
Айталық, Аристотель өзіне дейінгі философтар сияқты, болмыс мәселесіне
айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен біте қайнастыра
қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай
рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты толғандырады. Бұл
мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі көкейтесті мәселесіне
айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың өзіне тән
ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы
басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша құрал екендігін
атап көрсетті. Бірақ Аристотель, Платон сияқты, ұғымдар мен идеялар өз
алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы
ұғымдар болмыссыз, табиғатсыз, бізді айнала қоршаған дүниесіз өз
дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарды, түрлерді, идеяларды сезімдік
заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір-біріне қарама-қарсы қойса,
Аристотель бұған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған
ойдың негізі тарихи жағынан алғанда өзінің бастауын сонау Гераклиттің
диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені Гераклит сезімдік заттар дүниесі
үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да
өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып, үнемі
өзгеріп, козғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат
жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс
деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына
ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс
табиғаты бір ғой.
Ендеше, Платонның бұларды екіге бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен
идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, сайып келгенде,
Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің
көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай болса, Платон екіге бөліп
отырған заттардың өзі бір-бірімен бірігудің орнына алшақ кетіп, бізге
ешқандай білімнің негізін бермейді.
Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша, "идеяларда"
жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға да тән. Ендеше,
осылай бөліне беретін идеяларда мазмұнның болуы неғайбыл. Өйткені сайып
келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн болмай шығады ғой. Айталық,
адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің жиынтығынан
ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық
жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің
философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) және форманы (сезімнен тыс
идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше,
мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою болмыстың мәнін
аша алмайды.
Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, "Платон
идеялар дүниесін жеке бөліп алып, оның сезімдік заттар дүниесі мен
арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың
арасын қосуға да әрекеттенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі
идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы
замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға
қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені
толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты
қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе,
оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.
Платон идеяларының логикалық арақатынасы жөніндегі пікірі, тіпті,
қисынға келмейді. Біріншіден, "идеялардың" арасындағы логикалық байланыс,
екіншіден, "идеялар" мен сезімдік заттар арасындағы қатынастар қайшылыққа
толы. Идеялар арасындағы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың арасындағы
қатынас арқылы көрініп, жалпы — жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі. Ал
идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста зат пен оның идеясы бір-
бірінен бөлек тұратын көрінеді. Бірақ заттар дүниесі, Платонның ойынша,
"идеялар" дүниесінің бейнелеуі ғана ғой. Ендеше, әрбір заттың және оның
идеясының екеуіне де ортақ және жалпы бірдеңе болуы керек. Егер сезімдік
заттарға қатысты "идеялар" дүниесі бар десек, онда осыларға қатысы бар
"идеялардың" жаңа дүниесі де болуы қажет.
Ендеше, бұл — "идеялардың" өзіне тән екінші дүние. Сөйтіп, Платонның
идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады. Яғни, Аристотель
көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші адам" шықты деуге мәжбүр
етеді. Ол калай дейсіз ғой? Ол мынандай жағдайға байланысты: "Әуелі жеке
сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да бір
"идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен сезімдік адамның арасындағы
ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам".
Сайып келгенде, Платонның идеялар туралы теориясы сезімдік заттар
дүниесін түсіндіре алмайды, оның қасиеттерін ашуға да дәрменсіз. Бұл
идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы мен қалыптасуын, пайда болуы мен
жойылуын түсіндіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз алдына бөлек тұрған идея
заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына жауап беруге
дәрменсіз келеді.
Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласындағы себеп-салдарлы
байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге жете көңіл
бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы
қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар.
Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін
— материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс.
Мұндай қағиданы тым асыра дәріптеп жіберуге болмайды. Өйткені
Аристотель Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа карай өтейін деп
отырған жоқ. Керісінше, Аристотель белгілі бір философиялық мәселені шешу
барысында ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана
көре білді. Енді өзі белгілі бір жүйе жасау үшін, осы қайшылықтарды қалайда
шешуге ұмтылды.
Біз Аристотельдің сынын ақтайын деп отырғанымыз жоқ. Бірақ дәл осы
логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді шешуде, көне грек
философиясының алыбы — Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді.
Дегенмен, Платонды сынау арқылы Аристотель көптеген меселелердің бетін
ашып тастады емес пе?
Меселенің өзі осы болып тұр. Біреуді "мынаны істемеді, мына меселені
шешпеді" деп сынау, тағы басқа да себептерді айтып, айыптау оңайырақ. Ал
енді сол мәселелерді шешуге бет алған сыншының өзі қайшылықтарға белшесінен
батып, тұншығып, шыға алмай қалуы мүмкін.
Сөзіміз жалпылама, абстрактылы болмас үшін, мынандай мәселенің қойылуы
және шешілуін алайық. Жоғарыда біз Аристотель Платонға қарсы шыға отырып,
мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мәселесін көтерді, олардың өзара
байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның ("материя"
мен "форманың") диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің
философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.
Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан
әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын
тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан,
формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек
қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға
тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір-біріне өтеді?
Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс
мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар
болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды
ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен. Егер ол болмыстан
пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз
болар еді.
Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын,
яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы
К.Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі
идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де
мүмкін.
Ол да рас. Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы
Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни
Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал
оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып шығады. Бірақ мәселе мынада.
Қалайша болмыс болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінен
болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық
болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікті сақтайды
екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде
сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы
сауатсыздығынан емес, керісінше, адамның сауатты болғаны, оның бойында
сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан.
Ендеше материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі — онда әлі
"форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға"
айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі — теріс анықтама,
ал екіншісі — оң анықтама.
Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан
субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза
мүмкіндік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкіндік қана емес, ол
іске асқан шындық.
Айталық, егер біз "мраморды" алсақ, ол оз алдына жатқан "материя", яғни
сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық
ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл,
Аристотельдің тілімен айтқанда, "соңғы материя" болады.
Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен басқа жағына, оның іске асатын
мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті
(ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін)
ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға болмайды. Ол тек оймен
ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты, оны "белгісіз субстрат" деп
атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған "бірінші материя" деп ат
берді.
Бұл жерде үлкен бір философиялық мән жатыр. Тегі осы "соңғы материя"
мен "бірінші материяның" байланысы диалектикалық болуға тиіс. Бірі сезімнің
химиялық, физикалық, биологиялық ерекшелігімен дараланса, екіншісі басқа да
қасиеттерімен, басқа да сапалық ерекшеліктерімен анықталуға тиіс. Міне, осы
ерекшеліктер мүмкіндіктің шындыққа, материяның формаға айналуын белгілеп
беретін болғаны.
Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап
отырған "материя" мен "форма", яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне
өтуі, олардың өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады
ма деген ойға әкеп тірейді.
Сонда ол не болды екен? Мүмкін осының бәрі адамдардың іс-әрекетіне
байланысты шығар? Аристотель өзінің шығармасында мұндай өзара байланысты,
өзара сабақтас ұғымдар тізбегін: мрамор — мүсін — мүсіншіні көрсетіп берді
емес пе? Сонда адам ғой негізгі, оның іс-әрекеті де маңызды рөл атқарады
екен ғой.
Біз осы ойды терең талдай отырып, мына пікірге ойысамыз. Айталық,
мрамор — субстрат материалды зат болса, оның бойында табиғи
ерекшеліктерінің бәрі бар. Ал енді осы мрамор мүсіншінің қолына түсті
делік. Одан шебердің қолы арқылы тамаша мүсін пайда болады. Сонда бұл ненің
нәтижесі? Бұған жауап бере келіп, әрине, Платон мен Аристотель мұны күні
бұрын адамның басына ұялаған идеяға байланысты дер еді. Өйткені осы идеяның
негізінде ғана мрамордан салтанатты сарайдың, адамның, жан-жануардың
мүсіндері, әдемі ыдыстардың, тағы басқа да әсем заттардың өзі пайда болады
ғой.
Иә, ол да дұрыс жауап. Дегенмен, Аристотель өз ұстазы Платонның
абсолюттік идеясынан гөрі басқаша пікір айтып отыр емес пе? Сондықтан ол
осы заттарды, әсем мүсіндер мен салтанатты сарайларды тудыратын адамдардың
идеялары ғана емес, олардың қызметі деп есептейді.
Жаңа заманда, капитализм дәуірінде ғана дүниеге, ойлау процесіне енген
адамдардың қызметі туралы идея сонау көне грек дәуіріндегі Аристотельдің
басына ұялағанына таң қаламыз.
Амал нешік, жағдай солай болған соң?! Көне грек философиясының жоғары
шыңы болған Аристотель өз заманындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық
қатынастарға терең талдау жасай отырып, ол тіпті құн формасын зерттеуге
дейін барды ғой. К. Маркс өзінің "Капиталының" I томында бұл жөнінде: "Ең
алдымен Аристотель тауардың ақшалай формасы — құнның жай формасының тек
келешектегі дамуы ғана, яғни бір тауар құнының әйтеуір басқа бір тауардан
көрінуі ғана деп мүлдем айқын көрсетеді",— демей ме?!
Бірақ ол кезде, яғни көне грек заманында құн ұғымының болмауы
Аристотельдің қайшылыққа тап болуына әкелді де, ол әрі қарай мәселені
талдауды тоқтатады. Ал, шындығында, бір тауар мен екінші тауардың өзара
алмасуының негізі бір нәрсеге байланысты ғой. Ол — адам еңбегі емес пе?
Ендеше, Аристотель материядан формаға, мүмкіндіктен шындыққа өту адам
қызметінің нәтижесі деп көрсетсе, оның не артықтығы бар? Дегенмен,
Аристотель тауар құнының формасында енбектің барлық түрлері бірдей бар
екенін аша алмаған. Яғни, басқаша тілмен айтқанда, тауар құндарының
формасында еңбектің барлық түрлері бірдей және демек, бір-біріне тең адам
еңбегі болатындығын Аристотель құн формасының өзінен шығара алмады, өйткені
грек қоғамы құл еңбегіне негізделгенді, демек, бұл кемшіліктің табиғи
негізі адамдардың және олардың жұмыс күштерінің теңсіздігінде жатыр еді.
Еңбектің барлық түрлері тең және бірдей. Өйткені олар жалпы адам еңбегі
болып табылады, құн көрінісінің бұл жасырын сыры адам теңдігінің идеясы
халық сезімінде тұрақты орын алған кезде ғана ашылуы мүмкін еді. Ал мұның
өзі тауар формасы еңбек өнімінің жалпы формасына айналған қоғамда, демек,
тауар иелері ретіндегі адамдардың өзара қатынасы үстемдік етуші қоғамдық
қатынас болып табылатын кезде ғана мүмкін болады. Аристотельдің
данышпандығы дәл мынадан көрінеді: тауар құнының көрінісінен ол теңдік
қатынасын ашады. Ол өмір сүрген қоғамның тарихи өрісінің тарлығы ғана бұл
тендік қатынасының мәні "шындығында" дәл неде екенін ашуға оған кедергі
болды.
Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы, олардың диалектикалық
өзара байланысы туралы қарастырған мәселесі жаңа замандағы көптеген
философтардың ой желісіне арқау болғанын байқаймыз. Бірақ бұл мәселені тек
адамдардың практикалық қоғамдық қызметі арқылы ғана түсіне аламыз ғой.
Материяның формаға айналуы, мүмкіндіктің шындық болып жүзеге асуы белгілі
бір тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Адамдардың
практикалық, өндірістік қызметі белгілі бір жағдайдағы материяны,
субстратты қоғамға қажетті аса бір құнды формаға айналдырып, заттың белгілі
бір кезеңдегі табиғи, жаратылыстық негізін өзгертіп қана қоймай, оның
бойындағы жасырын сырын да қоғамдық негізде кеңінен аша түседі. Қоғамдық
адамдардың практикалық қызметінің әсерінен материя, тіпті, ғажап түрде
өзгеріп, ол жаңа бейнеге, формаға ие болады. Мұндай құдіретті тудыратын
заттың өзіне ғана тән физикалық, химиялық, биологиялық өзгешеліктері ғана
емес, оның басты себебі адамдардың қоғамдық шығармашылық еңбегінде жатыр.
Түрленіп, ерекше қасиеттерге ие болған форма да, өзінің белсенділігінің
арқасында, материяның қозғалысы мен дамуына жаңадан жол ашып, бағыт
сілтейді. Материя мен форманың бірлігі тек адамдардың қоғамдық материалдық
қызметінің шығармашылық дамуының нәтижесінде ғана айрықша көрінеді.
Сонымен, материя мен форма өздерінің мәнін тек қоғамдық материалдық
практикалық негізде ғана табады. Ендеше, тек материяны әлде форманы асыра
дәріптеу екі жақты, кейде тіпті шешілмейтін қайшылыққа алып келеді.
Аристотельдің таным теориясындағы бір ерекшелік — ол Платонның
философиясындағы тар өрістілігін сынай отырып, материя мен форманың басын
біріктірмекші болды. Өйткені Аристотель жаңа дәуірде, әсіресе, көне грек
мәдениетінің құлдырау кезеңінде мазмұн мен форманы, материя мен форманы
біріктіре, өзара тығыз байланыстыра қарамайынша дүниенің (табиғат пен
қоғамның) негізін аша алмаған болар еді. Сондықтан Аристотель Платонның тар
өрістілігін ғылым саласымен жете айналыса отырып аңғарды.
Әрине, мұның өзі Аристотельді шындыққа қарай жақындата түскенімен,
табиғат пен қоғамдағы қайшылықтарды шеше алмады. Сондықтан болар, ол кейін
осы көзқарасынан ауытқып, басқа жолға түсті. Себебі Аристотель өзінің
ұстазы Платонды ұғым мен идеяны асыра дәріптегені үшін сынға алып, біраз
мәселелердің басын ашып, ғылымды жалпының үстемдігінен босатып алып
шыққанымен, өзінің жүйесін жасауда қайтадан шешілмейтін қайшылыққа ұрынды.
Сол себептен Аристотель өз жүйесін қалыптастыру барысында бір-бірінен алшақ
кетіп, өзара жатсынған материя мен форманың бірлігін былайша анықтамақшы
болды. Оның ойынша, материя — енжар, ал форма — белсенді болып келеді.
Сондықтан материя, субстрат өзінің табиғи енжарлығына байланысты ешбір
қимылмен іске қатыспайды. Ал форма болса тым белсенді. Ол материяның түрін,
негізін өзгертіп, оның басқа формаға ауысуына мүмкіндік жасайды. Олай
болса, егер форма, оның белсенділігі болмаса, материяның ешбір маңызы да
жоқ болып шығады. Міне, осы көзқарас Платонның идеясына, яғни оның идеяны
асыра дәріптеген процесіне қайта алып келеді. Егер Платон жалпыны, идеяны
асыра дәріптеп, үлкен қайшылыққа ұрынса, Аристотель жалпы мен жекенің
арасындағы диалектиканы түсіне, сол диалектиканың негізінде пайда болған
қайшылықтарды шеше алмады. Бұдан Аристотель форманың рөлін, оның қызметін,
іс-қимылдағы белсенділігін асыра дәріптей отырып, өзінің философиясында
идеалдылықты асыра бағалауға қарай бет бұрды деуге болады.
Әрине, мұндай анықтама дұрыс та шығар. Аристотель, шынында да, өзіне
дейінгі философияның таным теориясын терендете талдай отырып, ондағы ілім
мен білімнің негізі материалдық, практикалық қызмет екенін жете түсінбеді.
Оған Аристотельдің өзі емес, ол өмір сүріп отырған орта, көне грек
тарихындағы жаугершілік пен шапқыншылықты, экономикалық және саяси
дағдарыстарды басынан кешіріп отырған қоғамдағы шешілмейтін қайшылықтар
кінәлі болатын. Осы қайшылықтардың негізін Аристотель ғылыми білімдердің
жүйесін жасау арқылы шешпекші болды. Айталық, Аристотельдің форманы асыра
дәріптеуі қанша біржақты болса да, таным теориясындағы мәселені толық шеше
алмаса да, ғылым үшін оның ерекше маңыз атқарғанын айтқанымыз жөн. Бұл
ойымыз қайшылықты әрі түсініксіз болуы да мүмкін. Дегенмен, Аристотельдің
ойлау процесінің мәселелерімен көп айналысқанын жақсы білеміз. Оның осы
мәселеге арналған "Категориялар", "Бірінші аналитика", "Екінші аналитика",
"Топика", тағы басқа да еңбектері бар. Аристотель таным теориясына Платонға
қарағанда әрі көбірек, әрі тереңірек көңіл аударды. Ол бұл мәселені
Платоннан гөрі тым өзгеше әрі түсінікті етіп баяндады. Ол Платонның мифке
сүйенген таным теориясынан бас тартты. Егер Платон таным тек еске түсіру,
сайып келгенде, үңгірге қамалған адамдардың дүниені сырттан түскен сәулелер
арқылы ғана, елес арқылы қабылдауы деп есептесе, Аристотель бұл теорияға
басқаша мән берді. Ол бізге әлі де толық жетпеген "Философия туралы" деген
трактатында адамдардың танымын үнемі даму барысында қарайды. Ол Платоннан
өзгеше, адамды үңгірде қамағаннан гөрі, оларды сырттағы жарық сәулелерге
қарай жетелейді. Аристотельдің осы бір теңеуі дүниені танудың ақиқат жолына
қарай бастағанын байқаймыз.
Аристотельдің ойынша, егер адамдар жер астында өмір сүрсе, олардың
дүниетанымы қалай болар еді? Жер астындағы адамдардың үйлері әрі жарық,
олардың ішінде не түрлі жиһаз, қазыналар, әдемі статуялар мен суреттер бар.
Сондай-ақ, олардың бақытты болуына қажетті нәрселердің бәрімен камтамасыз
етілген (Аристотельдің бұл айтып отырғаны қапас үңгірдегі адамдарды қол
аяғы кісендеулі, ешбір жарық сәулені көрмейтін жағдайда суреттеген Платон
теориясына қарама-қарсы). Бірақ жер астындағы адамдар жер үстінде құдайлар
бар екен деген ұзынқұлақ әңгімелерді естиді.
Бірде жер қозғалып, енді оның астында тұра беруге мүмкіндік
болмағандықтан, адамдар жер бетіне шығады. Сонда не болады? Олар тосыннан
жерді, теңізді, суды, аспанды, ондағы бұлттарды көріп, ызыңдап соғып тұрған
желдің күшін байқап, аспандағы күнді көріп, ғажайып әдемілігіне танданып,
оның бүкіл жер бетіне төгіп тұрған нұрына балқып, ал кеш болған соң, түнгі
аспан әлеміндегі жымыңдаған жұлдыздарды көріп, айдың әртүрлі жағдайда жарық
шашатынын сезініп, таң қалар еді. Осының бәрінен олар: "ия, рас, құдайлар
бар екен, осы ғажап дүниелер мен құбылыстарды тек солар жаратады" деген
қорытындыға келген болар еді.
Дүниені танудың осындай, Аристотель бейнелегендей жолы — біріншіден,
Платонның таным теориясынан, оның еске түсіру идеясынан бас тарту болса,
екіншіден, танымды бірте-бірте дами келе ақиқатқа бастайтын логикалық
процесс деп қарау.
Аристотель таным теориясын осылай белгілі бір даму ретінде қарай
отырып, әуелі жеке танушы субъектінің жалпыны түсінуге ұмтылатынын өзінің
"Метафизика" деген еңбегінде жан-жақты талдап көрсетті. Таным процесі
сезімдік қабылдаудан басталады екен. Одан соң, тәжірибеге келеді де, ол
сезімдік таным процесімен тығыз байланыса отырып, санадағы жадта сақтауды
тудырады. Сөйтіп, тәжірибеде адамға жеке заттар туралы білім беріледі екен.
Осы тәжірибеден кейін адам білімінің практикалық негізі қалыптасады.
Айталық, емшінің жалпы адамды, абстрактылы адамды емес, жекелеген индивидті
емдеуден алған тәжірибесі ғылым үшін үлкен рөл атқарады. Одан соңғы
танымның сатысы — өнерде, Аристотельдің айтуынша, тәжірибенің негізінде
пайда болады екен. Осыған байланысты ол тәжірибе жекелеген заттарды білу
болса, өнер — жалпы мен себептердің негізін білу. Осы өнерді білген жандар
— дана адамдар. Өйткені олардың осы заттар туралы ұғымы бар. Олар бұл
заттардың қайдан шыққанын, не себептен пайда болғанын біледі. Одан соңғы
саты — ғылымдар. Олардың ең жоғарғы түрі — ұстанымдарды тануға бағытталған
философия. Аристотельдің таным теориясы Гегельдің "Рух
феноменологиясындағы" білімнің қалыптасу жолдарын көз алдымызға
елестететінін айта кеткеніміз жөн болар.
Сырттай болса да, бұлардың өзара ұқсастығы бар. Өйткені Гегель
Аристотельдің философиясынан көптеген ой-пікірлерді қабылдап алды. Бірақ
ғылым, Аристотельдің ойынша, өнерден гносеологиялық немесе танымдық негізде
емес, өзінің әлеуметтік белгісі арқылы ерекшеленеді. Ғылымның қоғамдық
құбылыс екендігі туралы жаңа замандағы ойшылдардың көзқарасына
Аристотельдің жақындап келгеніне таң қаласың.
Сайып келгенде, Аристотельдің таным теориясы сенсуализмнен (сенсуа —
латын тілінде "түйсік") басталып, рационализмге ("рацио" — латын тілінде
"ақыл") келіп аяқталады.
Көне грек дәуірінде осы екі ұғымның екеуі де болғаны анық. Ендеше,
танымды түйсіктен, тәжірибеден ақылға, білімге, ғылымға қарай өтті деп,
Аристотельдің ойын тұжырымдауымыз оның көзқарасына жасалған қиянат емес.
Әрине, сырт қарағанда солай болып көрінері даусыз. Бірақ Аристотель
"Метафизика" деген еңбегінде таным теориясындағы ойлау мен болмыстың тепе-
тең келіп, шамаласпайтын болмағаны ма деген сұраққа өзі жауап береді: білім
қуаты жағынан жалпыға, актуалдылығы жағынан дараға бағытталады. Міне,
жалпыға ұмтылатын білімнің бәрін ойлау кезінде белгілі бір формаға түсіріп,
зерттеу қажет. Сондықтан Аристотельдің форманы асыра дәріптегені ағат
болғанымен, сол көне грек дәуірінде жаңа ғылымның, кейін орта ғасыр мен
жаңа дәуірде ерекше рөл атқарған көптеген білімдердің сүйенер негізі болған
формальды логиканы тудырды. Аристотель жасаған осы ғылымның (формальды
логиканың) атқарған маңызын айтып жеткізу қиын шығар. Оның таным теориясына
да, дүниетанымға да тікелей қатысы болды. Ол өзі пайда болған дәуірден
бастап тек логика болып қана қалған жоқ, сонымен бірге ол әлемді, дүниені,
табиғатты танудың әдісіне айнала бастады. Тек XVIII ғасырдың аяғы мен XIX
ғасырдың басында классикалық неміс философиясында диалектикалық логика
таным теориясы ретінде өмірге келген соң ғана, бұл логика өзінің бұрынғы
әмбебапты, жан-жақты тегіс қамтыған маңызынан айырыла бастады. Бірақ жаңа
заманның математикалық логикасы, тіл біліміне қатысы бар ілімдер —
лингвистика мен семантикалық логикалары осы формальдық логикадан келіп
шықты. Ендеше, формальды логиканың қазіргі жаратылыстану саласы мен
жекелеген ғылымдар үшін әлі де өте маңызы зор екенін есімізде ұстағанымыз
дұрыс.
Бірақ Аристотельдің таным теориясы мен формальды логикасы тек
рационалды, идеалды болып шыққандықтан, олар адам туралы мәселеден бөлініп
қалды ғой?! Әсіресе, формальды логикадағы силлогизмдер мен дәлелдемелер
адамнан, оның ішкі дүниесінен қол үзіп кетті емес пе деген сауал да пайда
болады.
Сауалға жауап: Аристотель осы білім мен ғылым арқылы адамды тануға
жақындай түседі. Бірақ бұл адамға қарай басталған жол өте ауыр, әрі
қайшылыққа толы. Оның ойынша, ілім ақылды жанға ғана орналасқан. Ендеше,
жанның бір түрі — ақылды жан тек адамға ғана тән. Ол денеден бөлек, оқшау
өмір сүреді. Ойлау мәңгі. Өйткені, ақыл ешуақытта да жойылмайды әрі қирап
талқандалмайды. Ол өте құдіретті және ештемеге бағынышты емес. Бұл
теориялық ақыл. Ал енді болмысты материя және форма деп екіге бөлуге
байланысты Аристотель ақылды да екіге бөледі. Оның ойынша, әрі пайымдаушы,
әрі енжар ақыл бар. Сондай-ақ, әрі белсенді, әрі жасампаз ақыл да өмір
сүреді. Оның бірі — материяға тән, екіншісі — формаға сәйкес келеді.
Ақылдың қандай түрі болмасын, сайып келгенде, ол Құдайға келіп тіреледі.
Аристотельдің ойынша, формалардың формасы бар. Ол — Құдай. Батыстағы
орта ғасырлық схоластиканың негізін қалаушы Фома Аквинский "формалардың
формасы — Құдай" деп ашықтан ашық айтқаны да осыдан келіп шығады.
Аристотельдің форманы дәріптеуі философияға Құдай туралы ұғымды алып
келді. Формалар үш негізде өмір сүреді екен: Құдайда — актуалды және
материясыз, табиғатта — актуалды және материалды, жанда — потенциалды және
материясыз. Міне, осыдан келіп Аристотель білім танымнан бұрын өмір сүрген
деп есептейді. Мұндай пікірдің негізі ақылдың енжар, селқос болуымен қатар,
оның белсенді әрі жасампаз негізде өмір сүретінін дәлелдейді. Сөйтіп,
Аристотель білімді дамып отыратын процесс деген идеясын басқаша негізде
жандандыра түсті.
Аристотельдің таным теориясы мен логикасына қысқаша шолу жасай отырып,
оның адам туралы іліміне де кеңірек тоқталуымыз қажет. Өйткені ұлы ойшылдың
таным теориясы мен логикасы теориялық ілім негізіне, ал оның этикасы мен
практикасы, эстетикалық көзқарасы адамның қызметі арқылы іске асатын
практикалық философия негізінде қаланды ғой.
Аристотель өзіне дейінгі философтардың, ең алдымен Сократ пен Платонның
көзқарастарын талдай келіп, олардың терең ойлы пікірлеріне жүгінеді. Оның
ойынша, практикалық ілімдер — этика мен саясаттың адам қызметіне тікелей
катысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетінің іске асуын айрықша айқындайды.
Өйткені адамгершілік пен зерде адамның өз еркінің қалауымен тығыз
байланысты. Сонымен бірге өз бетімен немесе еріксіз іс-қимылдар жасау
адамның ішкі рухани дүниесіне тікелей қатысты.
Адамгершілік — адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Өз
табиғатынан тыс жақсы адамның болуы мүмкін емес. Табиғат бізге игілікті
қабылдайтын мүмкіндіктерді ғана береді. Содан бара-бара ол мүмкіндіктер
шындыққа, шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне
айналады.
Ізгіліктерді қабылдап алу екі негізгі процеске байланысты. Бірі — оқып
білім алуға, ал екіншісі, әсіресе, адамгершілік — тәлім-тәрбиеге
байланысты. Тек тәлім-тәрбие ғана адамгершілік пен зерделілікті адам бойына
сіңіре алады. Аристотель бұл жерде тәлім-тәрбиеге байланысты: "Әркім өзінің
мінезіне өзі жауапты" деген пікір айтты. Мұндай пікірдің кейін жаңа заманда
да қайталанғанын атап өткен жөн. Жаңа дәуір ойшылдары адам өз тағдырының
қожасы, ол өз драмасының актері деп бұл мәселені жаңа тарихи жағдайда
жаңаша дамыта түсті.
Сонымен бірге Аристотель тәрбиешіге, яғни тәрбиелеуші адамға үлкен
көңіл аударады. Оның ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші — мемлекет және оның
заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі азаматтарды тәрбиелеуде ерекше
рөл атқаруға тиіс. Адам өзінің рухани кабілеттерін үнемі жетілдіре және
жаттықтыра отырып, зор жеңістерге жетеді.
Сондай-ақ, Аристотель адамның ішкі рухани сапаларын жетілдірудегі пайда
болатын диалектикалық қайшылықтарға да жан-жақты тоқталды. Мұнда екі жаққа
кететін ұшқарылық, сыңаржақтықтар бар. Аристотель бұл қарама-қарсылықтарды
"аралық" және "орташалық" деп бөліп қарады. Егер осы екеуінің диалектикалық
бірлігі болмаса, адамның қабілеті өз қасиетінен айырылған батпақ сиякты
ортаға түседі.
Айталық, батылдықтың тым асқан көп болуы — ессіз ерлікке, ал
батылдықтың ешқандай белгісі жоқ болса, ол қорқақтыққа әкеледі. Сондай-ақ,
игілік — екі қарама-қарсы шектің арасындағы ұнамды істер, ал ол екі шектің
екеуі де жаман: біреуі — молшылық, екіншісі — тапшылық. Дәл сол сияқты
қайырымдылық та екі түрлі жағдайдың арасындағы рухани күйлер мен қасиеттер;
ол екі шеткі жағдайдың екеуі де теріс жағдай: біреуі — ысырапшылдық,
екіншісі — тапшылық. Мәселен, таза ниеттілік — құмарлық пен ләззат сезімнің
жоқтығының аралығы, бұл екеуінің бірі құмарлық — ысырапшылдық, екіншісі —
тапшылық. Мырзалық — сарандық пен ысырапшылдықтың аралығы. Қалжыңдағы, ойын-
сауықтағы тапқырлық бір жағынан, бейпілауыздықтың, бұзылғандықтың және,
екінші жағынан, топастықтың аралығы. Карапайымдылық бір жағынан —
тәкаппарлықтың және екінші жағынан, ұялшақтықтың аралығындағы адамгершілік
қасиет. Ізгілік — бір жағынан — мақтаншақтықтың, менмендіктің, аса
құмарлықтың және екінші жағынан — мүсәпірліктің аралығы. Міне, осы
диалектикалық қарама-қарсылықтарды Аристотель айтқан "аралық" және
"орташалық" арқылы әрі қарай жалғастыра беруге болады. Ендеше білім
(мынандай сыңаржақтықтар білімнің жоқтығынан шығар) ізгіліктің негізі деген
Сократтың пікірі дұрыс па? Сократ "Әркім біліммен қаруланған бойда,
жақсылыққа қарсы тұрмайды" деп атап көрсетті ғой.
Мұндай қағиданың қайшылыққа әкелетінін Аристотель өз шығармаларында
айқындап берді. Айталық, жақсылық пен зұлымдық туралы білімге ие болу және
оны практикалық істе пайдалану бірдей емес екен. Өйткені ниеті бұзық
адамдар жақсылық пен зұлымдықтың арақатынасын біле тұра, өз ойынша іс
атқармай ма? Сондай-ақ, ұстамсыз адамдар қатты толғаныс, ғашықтық сезім
үстінде өзінің не істеп, не қойғанын білмеуі де мүмкін. Ендеше, Сократтың
ізгілік ақылдың ажырамас қасиеті деп санауы дұрыс емес. Осыдан келіп:
"Сонда қалай, ізгілік пен ақыл бір-біріне қарама-қарсы болғаны ма" деген
сұрақ туады.
Сократтың көзқарасын сынай отырып, Аристотель әрине, "ақыл өте қажет-
ақ, бірақ, қайырымдылыққа, ізгілікке жетудің бірден-бір жағдайын ол жасай
алмайды" дейді. Жоғарыда айтып өткендей, батылдық — бір-біріне қарама-қарсы
тұрған сыңаржақтықтардың дел ортасы. Тек практикалық, іс-әрекетте ғана адам
осы ортаны таба алады. Әйтпесе, ол сыңаржақтықтардың біріне түсіп кетуі
мүмкін.
Бір таңқаларлығы, осы пікірді жаңа заманда классикалық неміс
философиясының іргетасын қалаушы И. Кант та ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz