Азамат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Төртінші лекция : Азамат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы.

Лекцияның жоспары:

1. Әл - Фараби - шығыс философы, педагогы.

2. Ж. Баласағұнның и Құтты білік" дастанындағы педагогикалык, ойлар.

3. Қ. А. Иассауидың "Диуани Хикмет" даналық кітабындағы тәрбиелік ой - пікірлер.

4. Әл - Фараби - шығыс философы, педагогы,

Мақсаты: Азамат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы туралы талдап мәнін ашу.

Абу Насыр әл Фараби (870 - 950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы болған Отырар (Фараб -Қарапюқы) қаласында туып, сонда білім алған, кейін Бағдат (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.

Ол - ғақлиялық (Ғылымилық) бағыттың бастаушысы. Ғалымның ғылыми еңбектерінің саны жүзден астам. Оларды топтасақ:

1. Астрономия;

2. Астрология;

3. Математика;

4. Логика;

5. Музыка;

6. Дәрігерлік ғылым;

7. Табиғат ғылымдары;

8. Социология - әлеуметтік ғылым;

9. Лингвистика - тіл ғылымы;

10. Поэзия - риторика;

11. Философия;

12. Педагогика.

Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ-беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемдегі екінші ұстаз (Аристотельден соң) атанған. Оның ұлы шәкірттерінің бірі Әбу әли ибн Сина (Авиценна) болған.

Әл - Фарабидің педагогикалық пікірлерінің төмендегіше түжырымдарды аламыз:

І . Ғылым туралы : Ғылымда әл - Фарабидің "Бақытқа жету", " Ғылымдар тізбегі", "Ғылымдарды топтау" еңбектері ерекше орын алады. Ол математиканы жеті тарауға бөледі:

1. Арифметика;

2. Геометрия;

3. Оптика;

4. Астрономия;

5. Музыка;

6. Статика;

7. Механика - әдіс - айла жөніндегі ғылым.

Ол «Теориялық, арифметикаға қысқаша кіріспе", "Риторика", "Софистика", "Поэтика", "Логика", "Этика", "Метафизика", т. б. көптеген окулықтар, ғылыми трактаттар жазды. Оның оқулықтары мен ғылыми еңбектерін Әбу Әли Ибн Сина, Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары, Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.

2. Оқу, білім туралы . Ол оқу, білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді-"Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет" дейді ұлы ұстаз.

Ол тәрбие әрекетінде қатты әдіс (қатаңдық) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады.

Ол оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, дейді.

Ал білім беру - ғылым теорияларын іске асыру әрекеті дейді.

Тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді.

3. Оқыту әдістері туралы . Әл - Фараби оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік деп көрсетеді. 1. Сөрыскілік әдісінің мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Ол окьпудың әдіс - тәсілдерін айқындап, оны пайдалануға ұсынған методист - педагог. Үйретуде түсініктілік, лайықтылық тәсілдерін қолдануды ; уағыздайды. ("Музыканың ұлы кітабы", Рғ. Алмагеске түсініктеме" т. б) .

4. Тәлім - тәрбие туралы. Тәрбиелеу [дегеніміз-халықтардың бойына білімге негізделген ' этикалық игщіктер мен өнерлерді дарыту деген сөз. Адамның әуелден тоқымашы . . . болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та әуел бастан жаратылысынан дарымайды.

Денсаулық туралы: . . . Егер дені сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.

Еңбек туралы. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күші қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде Қалдырады.

Поэзия және музыка туралы. Әл - Фараби поэзияны "сезімді сиқырлайтын болмыс" деп, оның тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.

Поэзияның үйлесімділігі, қисындылығы, біктіргіштігі тыңдаушының пайымдауымен сөйкес делсе, оның құдіретті қуаты адам санасының

шырайлы сәулелерін молайта түседі. Әл - Фараби адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық, еңбек, білім жеке адамның қоғамдық бейнесінің негіздері деп көрсетсді. Оның философиялык тұжырымдары - бүкіл әлемдіқ философия ғылымының негіздері.

Әл - Фарабидің әлемге әйгілі ғылыми еңбектерімен қатар оның шығармашылық -поэтикалық еңбектері, тәлім - төрбие, ұстаз бен шәкірт, оқу мен оқыту туралы пікірдері қазақ халқыңың ұлттық педагогикасының ( тәлімдік, ғылымның) мөлдір бастауы екенін жоғары бағалап, оның тәрбиелік, білімділік қуатын мәңгі пайдаға асыру - ұлағатты ұстаздар мен ізденімпаз шәкірттердің міндеті.

Әл-Фарабидін философиялық шығармаларына тоқталайык.

1. Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы.

Біріншіден, философ ғалымдар мектептерінің атын білу;

Екіншіден, Аристотелъдің әрбір кітабының мақсатын білу;

Үшіншіден, философияны зерттеуге негіз етіп алынған ғылымды білу;

Төртіншіден, философияның зерттеу мақсатынын маңызын білу;

Бесіншіден, философияны ұғынғысы келген кісінің дұрыс жолды таңдап ала білуі;

Алтыншыдан, Аристотельдің әрбір кітабінің тіл ерекшеліктерін білу;

Жетіншіден, өзінің кітаптарын Аристотель не себептен тұспалдап жазғанын білу;

Сегізіншіден, философиядан білігі бар адамны қандай күйде болуға тиіс екенін білу;

Тоғызыншыдан, Аристотельдің кітаптарын зерттегісі келетін адамға қажетті нәрселері.

Философиялық ағымдардың атаулары туралы

Философияның белгілі бір саласы уағыздаушының атымен аталады;

Оның қаласының атымен аталады;

Ол - Дәріс берген жердің атымен аталады;

Оның тіршілік аты мен аталады;

Философтардың ізбасарларының көзқарастары бойынша аталады;

Философияны зерттеуді көздейтін мақсатымен аталады;

Философиямен қатар жүргізетіы іс әрекеттерінен аталады.

Интеллект (пайымдаушы) сөзінің мағынасы жайында:

Интеллект - парасатты адам (ойшыл) парасатш ыл, оны құптаушы. Ойшыл жанның қабілеттілігі оның дәлелдеуіне байланысты. Интеллект адамның қасиеттері туралы: 1. Ойы мәнді . Ойы нақты;

3. Біліктілік жүре келе дарыған;

4. Әрекетшіл, әмбебап адам.

4. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары трактаттар Әбу Насыр Мүхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Тархан Ибн Узлағ әл Фараби ат Түрки былай дейді:

Қайырымды қала тұғындары мына сөздердің мәнін жақсы білу керек: алла, періште, жұлдыз, Жер - ана, сөз, тіл, адам, жан, қоғам, бақыт, надандық, әділдік, көнбістік жөне осы сөздерге байланысты игі іс - әрекетке қайырымдылар батыл//. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастандағы педагогикалық ойлар.

XI ғасырдағы Түркі тілдес халықтарының аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, шежіреші ғалым, белгілі қоғам қайраткері - Жүсіп Баласағұни XI ғасырдың басында (шамамен 1015 - 1020 жж) Баласағұн қаласында дүниеге келген.

Ол табиғаттану, математика, астрономия тарих, араб - парсы тіл білімі, т. б. толып жатқан ғыльгм салаларын жете меңгерген ғұлама - ғалым.

Жүсіп Баласағұнның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбектерінен бізге жеткені "Құтты білік". ("Құты білік") дастаны. Дастан 6520 бәйіттен (екі жолды өлеңнен) тұрады.

Бұл дастан - мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси мәні бір түрлі ережелер мен заңдарды, әдет - ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады.

"Құтты білік" дастанында (ол 85 тараудан тұрады), негізінен, төрт салада тәлімдік мақсаттар орындалады.

Біріншіден, әрбір елді, яғни мемлекетті басқару үшін сол мемлекеттің қара қылды кақ жаратындай әділ заңы болуы керек. Әділ заңды іске асыратын, мешіттің әділетті басшысы болуы керек. Ақын әділетті басқарудың бейнесінде күнтуды патшаны дастанда мадақтай жырлайды.

Екіншіден, елге кұт, ерге бақ - дәулет қону үшін әрбір адам адал еңбек ету керек, білімдіні құрметтеп, тірлік еткенмен бірлік құрып, іс істеген адам ретін тауып басшыға, үлкенге, елге қымсынбай қызмст ете білген адам - бақытка жетеді дейді ақын. Бақ - дәулетке жетудің үлгі -өнегесі дастанда Айтолды бейнесі арқылы беріледі-

Үшіншіден, адамның адамдығы оның ақыл -парасатымен бағаланады, ақылды адам әрқашанда ардақты, сыйлы, білімге құштар деп, ақын ақыл -парасаттың қоғамдық мәнін уәзірдің баласы Уәғділміш бейнесінде көрсетеді.

Төртіншіден, ел басшысынан бастап барлық адамда қанағат - нысап болу керек дейді. Дүниеге тоймайтын, қанағатсыз адам елді басқара алмайды, ал жай адамдар бақытты, байыпты, өмір сүре алмайды. Қанағатшылдықтың өзі - ақылдылық деп түйеді ақын. Дастанда уәзірдің туысы Огдурлиш дәруіш арқылы ақын, әрі ақылды, әрі іскер, әрі білімді адамның дүние қуып, мансап іздеуден аулақ қашып, өмірінің соңында дәруіш болып кеткенін суреттейді.

Автор әңгімені әмірші патшаның өзінен бастайды. Ел - жұртты басқаратын адам - ақыл парасаты үшан теңіз. ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Бұл ретте Жүсіп Баласағүн әлемнің екінші ұстазы әл - Фараби бабамыздың "Қайырлы қала" деген еңбегіндегі ел басқарушының, яғни әкімнің қандай болуы керек екендігі туралы қисынды тұжырымдарын жалғастырып, дамыта түседі.

Ақының бәйіттері (4-6 тармақпен түйінделген өлең шумақтары) көркемдігі жоғары, әуезді, шешендік шеберлікпен жазылған.

Ақынның әрбір бәйіті жеке бір тәрбиелік мақсаттарда орындалады:

Өскен елді, туған жерді ардақтау:

Өскен ұрпақ туған елдің бойында,

Өледі тек туған елдің қойнында. (883 - бәйіт)

2. Әдепттілік туралы:

Есте сақта, сөзімді қабыл ет те, Пайда - мінез, ұят пен әділетте. (1630 - бәйіт)

3. Сараңдық туралы:

Дүние - мүлік жинадың кенелдің бе? Оны ешкімге қимадың жемедің де. Тартып оның азабын өкіндің де. Дүниеден ажалың білесің бе?

(1645 - 1646 -бәйіт)

4. Еңбек туралы:

Көз берді, алла зат көргенді күндау үшін, Құлақ берді үн естіп, тындау үшін, Қос қол берді тірлікпен тынбау үшін, Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін.

(3599-3600-бәйіт)

5. Ата - ананы құрметтеу туралы: Ата - ананың қабылдап қасиетін, Ардақтай біл атқарып өсиетін.

(1486 - бәйіт)

6. Ғылым мен білім туралы: Жастай түссең ғылымның жолына, Өмір бойы бақыт сенің қолыңда.

(1593 - бәйіт)

7. Ақылды дос туралы: Ақылдыға қосылсаң, бақытты боп өтесің, Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің.

(4497 - бәйіт)

8. Меймандостыққа, кеңпейілдшкке тәрбиелеу - Туыс, доска пейіліңмен берсең мәзір асыңды, Олар сені кұрметтеп, сыйлап өтер басынды.

(4649 - бә йіт)

9. Менмендік туралы:

Менменшілдік - есуас надандығың, Ит өліммен байқалмас адамдығың. (3480 - бәйіт)

130

10. Дүние туралы:

Түркі тілдес халықтардың, соның ішінде, әсіресе қазақ халқының ұлттық педагогикасында Үлкен орын алған "Диуани Хикмет", "Даналык Кітабы" деп аталатын касиетті кітап - ұстаз ақынның болжам бойынша есептелінген 4400 өсистінің негізгі бөлімі. Мұнда берілген 149 өсиеті тәлім - тәрбиелік тұжырымдар дейміз. 'Даналық кітабында" негізінен төрт ғақлия мадақталады:

I. "Шариғат" - ислам заңдары мен әдет ғұрыптарының негіздері, яғни мұсылмандық жолын қастерлеп, соны төлім- тәрбиеге үлгі өнеге етіп жырлау. Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәсілі екендігін жырға қосып, ақын адамгершілік төрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.

2, "Тариқат" - сопылық ой - мақсаттарды насихат - өсиет ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрлақты имандылыққа, шыншылдыққа әділеттілікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеп, тақуалыққа үйрету:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Халықтық педагогика көздері
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz