Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, талаптарға шолу, талдау жасай отырып, білім беруді ақпараттандырудың мәні мен мазмұнын сипаттау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Ақпараттық.коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері ... ... ... ... ... 7
1.2 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Электрондық білім беру ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.4 Электрондық курстың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.5 Тәжірибелік өңдеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық- ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
Экономикалық нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішіндерін
дамыту;
Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. 1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интеллектуладық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың Демократиялық бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) Меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;
2) Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру
бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті
стандарттарының;
3) Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
1. ҚР мемлекеттік стандарты. ҚР МС 34.017-2005 «Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым. Электронды оқу басылымы» ҚР индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі коммитетінің (Мемстандарт) 2004 жыл 7 ақпан №39 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған.
2. Хестер. Front Page 2002 для WINDOWS: - учебник для вузов/ Хестер, Нолан – Москва: ДМК Пресс, 2002 – 6-7 с.
3. Досжанов Б.А. Мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: - педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты/ Досжанов Б.А. – Түркістан 2007, 30 бет.
4. Офисные программы Front Page 2002 2-изд./Мэтьюс.М.С:-Режим доступа: һttp://www.yandex.indo.net.programma_ front_page.
5. Искакова А.Б. к проблемем моделирования интерактивного электронного учебника./Искакова А.Б.// Вестник унивеситета «Кайнар» - 2005, №3/1.–с 94-97.
6. Ходжаниязов Х.Т. Оқыту процесіндегі: Электронды оқулықты пайдалану / Ходжаниязов Х.Т.//Білім әлемі 2004, №4 – 14 бет.
7. Доллинер Л. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мәселелері және болашағы/ Доллинер Л.// Информатика негіздері
8. Тілегенова К. Қазақ тілін оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі. /Тілегенова К.// Ізденіс 2005, №2/2 – 229-234 бет.
9. Аңдасова Б.З. Студенттердің өздік жұмысында электрондық оқулықты қолдану. / Аңдасова Б.З.// Білім берудегі менеджмент 2006, №1 – 139-142 бет.
10. Бейсенова Гүлбахрам. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі / Бейсенова Г// Қазақстан мектебі 2006, №6 – 11-19 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде
қолданылуы
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму
кезеңдері ... ... ... ... ... 7
1.2 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Электрондық білім беру ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.4 Электрондық курстың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.5 Тәжірибелік
өңдеме ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...24
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...32

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Педагогика ғылымы әркез оқытудың
жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады,
білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым
мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі
мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды
талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың
қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын
жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды
анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі
педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны
реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда
қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-
ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған
біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа
үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті
факторлар:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз егеменді мемлекет
болып қалыптасуы;
Экономикалық нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішіндерін
дамыту;
Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. 1999
жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы қабылданды.
Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі
қағидаларын орнатты:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интеллектуладық дамуы мен психофизиологиялық және жеке
бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік
болуы.
3. Білімнің зайырлығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне,
бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың Демократиялық
бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) Меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім
беру ұйымдарының;
2) Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім
беру
бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы
міндетті
стандарттарының;
3) Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру
жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен
осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:
- Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
- Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру;
-Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін
қастерлеуге, Конституцияға қайшы, қоғамға қарсы келген кез-келген
көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
- Республиканың қоғамдық саяси, экономикалық және мәдени өміріне
қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне
саналы көзқарасы қалыптастыру.
- Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне бару, қазақ халқы
мен Республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін
зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
- Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім
беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
- Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жүмысшылар мен
мамандар даярлау және біліктілігін арттыру;
Жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған
халықты қайта оқыту және қайта даярлау.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар
даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу
қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту білім беру мен
ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасында нәтижеге бағытталған білім берудің 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы шеңберін де орта білім
берудің мемлекеттік жүйесіне енгізілетін үлгі ретінде 2003 жылы пайда
болды.Бұл құжатқа сәйкес, бірінші кезеңде нәтижеге бағытталған білім беру
үлгісін жасау және сынақтан өткізу мәселесі шешіледі. Онда
былай деп атап көрсетілген.
Мұндай үлгіні жасау үшін төмендегідей шаралар қабылданады.
1. Күтілетін нәтиже түрінде білім беру мақсаттарының жүйесін әзірлеу,
ол үш деңгейден тұруы тиіс:
а) Ұлттық деңгей: оқыту нәтижесінде қоғам қандай адамды және азаматты
қалыптастырып шығарғысы келеді. Қазақстан үшін білім берудің
ұлттық мақсаттары бірнеше кең көлемдегі базалық біліктер: үш тілдің
еуразиялық көп мәдениеттілік, қатысымдылық, технократтық және т.б
болуы мүмкін;
ә) кең көлемдегі білім салаларының деңгейі, мұнда ұлттық мақсаттар
түйінді біліктер түрінде нақтылануы тиіс;
б) Білім беру пәндерінің деңгейі.
2.Сыртқы ағымды және қорытынды бағалау жүйесін құру. Білім беру сапасын
бағалаудың ұлттық жүйесі білім сапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға,
білім алушылар мен білім беру ұйымдарының даму динамикасын қадағалау үшін
білім сапасының мониторингін жүргізуге, білім сапасын тұрақты
қадағалаудың кешенді жүйелерін құруға мүмкіндік береді.
3. Оқыту ұйымдарының қағидаларын, оқушы ролін білім, іскерлік, дағдыны
енжар алушыдан білім үдерісінің белсенді танушы субъектісіне өзгерту.
Орта білім берудегі күтілетін нәтижелерді және мониторинг мәліметтері
негізінде оларға жету жолдарын талдау үдерісіне барша қауымды қатыстыру
жүйесін құру.
Курстық жұмысының обьектісі – бастауыш мектептердегі оқыту процесі.
Курстық жұмысының пәні. Бастауыш мектепте математика сабағында
ақпараттық технологияларды пайдалану.
Курстық жұмысының мақсаты. Білім беру жүйесінде болып жатқан
өзгерістер, талаптарға шолу, талдау жасай отырып, білім беруді
ақпараттандырудың мәні мен мазмұнын сипаттау, ақпараттық технонологияларды
қолдана отырып математика сабағын өтудің тәжірибесін ұсыну.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мен оның міндеттерін
оқып-үйрену.
- Білім беруді ақпараттандырудың даму тарихына шолу жасау.
- Білім беруді ақпараттандырудағы жаңа технологияларды оқып-үйрену.
- Ақпараттық технологияларды оқу процесіне ендірудің
кейбір әдіс- тәсілдерін меңгеру және іс жүзінде қолдану.
Практикалық маңыздылыгы - курстық жұмысын жазу барысында жасалған
ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен көптеген ақпараттық жаңа
технологияларға жасалған шолу, талдау жұмыстарының қорытындысы білім
процесінде қолдануға, теориялық білімді толықтыруға зор ықпал етеді.

І тарау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде
қолданылуы
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері
"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы
Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы
деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі
тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп
барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып
ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз
ілеспес жылдамдыкпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға
бұру керектігін оқушы өзі таңдайды.
Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз
ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны
қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі
түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру
мекемелерінде тегін орта білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз
етуте мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру процесінің
сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық
бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен
жоғары оку орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті
ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатциялауға жоғару оқу орындарын
оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде балаларды мектепке дейін даярлаудың
енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық
қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жүйесін жетілдіру; бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу,
оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі
шараларды жүзеге асыру.
Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік "жалпыға
міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары
мен несиелері жүйесі дамытылады;
Жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық
бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және
енгізіледі;
Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге
асырылады;
Білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға
беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған
жағдайда жекешелендіру құқұғын беру жөнініде эксперимент басталды;
Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу
құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару
жалғастырылады.
Орта білімнің екінші сатысы
Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң
басталып, орта білімнің үш жылынан кейін аяқгалады. Жалпы білім маңызды
бағыт болып табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл
бөлінеді.
Үшініші білім деңгейі (жоғары білім).
Бұл білім деңгейі екінші сатының екінші деңгейінде немесе жаңа,
төртінші деңгейде ұсынылатын бағдарламаларға қарғанда мазмұны едәуір
тереңдетілген деңгейдегі бағдарламаларды қамтиды.
Үшінші білім деңгейінің бағдарламалары төрт өлшем бойынша жіктеледі:
оқудың жалпы ұзақгығы; біліктілік түрі (университеттік дәреже немесе оған
теңестірілген дәреже, университеттік емес немесе оған теңестірілген);
ұлттық біліктілік құрылымындағы орны (аралық біліктілік, бірінші дәреже,
екінші дәреже, үшінші дәреже).
Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім
туралы, Жоғары білім туралы заңдарды қоса алғанда, нормативтік актілерді
халықаралық практикаға сәйкестендіру үшін оларға аздаған түзетулер енгізуді
қажет етеді.
Ақпараттандыру дегеніміз мемлекеттік үкімет органдарының жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің,
азаматтардың құқықтық сұранысын қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызатын
ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық процесс. Сондай - ақ,
ақпараттандыру сол ресурстарды пайдалану және қалыптастыру процесі болып
есептеледі.
Ақпараттандырудың даму заңдылығы - әлеуметтік кеңістіктегі, оның
технологиялық білімдерін дамыту және жетілдіру. Білім беруді ақпараттандыру
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық процестерді
ақпараттандырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Оқытуды жетілдірудегі болашақ мамандар анықтаған білім мен дағдылар,
болашақта қоғамды дамытудың даму жолдарын жетілдіруге көмектеседі және
пайдасын тигізеді.
Білім беруді ақпараттандыру өз кезегінде экономиканы, мәдениетті және
ғылымды жедел дамытудың аса маңызды буыны және негізгі көзі болып табылады.
Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап,
мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтың дәстүр және даму ерекшеліктерін
ескере отырып, оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны
- алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.
Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде
білім берудегі мақсат жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой
талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
1997 жылдың 16-қыркүйегінде мемлекет басшысы Резиденсиясында Елбасының
білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасына қол қойған болатын. Нұрсұлтан
Әбішұлы өзінің сөзінде бұл бағдарламаның қабылдануын сол кездің өзінде-ақ
біздің еліміздің бюджеті үшін өте қымбат шешім деп атаған еді, бірақ,
сонымен қатар: Бізге бұдан да өте қымбатқа түседі, егер біз Қазақстанның
келешегі-өскелең ұрпақтың сапалы білімі туралы ойламасақ -деп атап
көрсетті.
Білім жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға
арналған Концепциясы Үкіметтің қаулысымен бекітілді, онда оның негізгі
бағыттары анықталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4, 3, 1,9-
тармақтарына сәйкес әзірленген және білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға
дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайтын Білім мемлекеттік
бағдарламасының негізгі міндеттерінде де:
- Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту,
мамандықтардың мемлекеттік жіктегішін жетілдіру;
Білім беру бағдарламасын жетілдіру жолымен мамандарды даярлаудың
жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
Студенттерді даярлауда, олардың біліктілігін арттыру мен қайта
даярлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен
ғылыми зерттеулерді жүргізу;
Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу: дистанттық білім
беруді дамыту;
Академиялық және салалық ғылымды жоғары біліммен кезең-кезеңмен
интеграциялау.
Арақашықтықта оқыту - өз бетінше білім алудың бір түрі. Дистанттық
философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла, А.Тоффлера,
Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім термині нақты
анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай түсіндіреді: білім
программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап көрсетеді, олар
кабельдік және спутникті телевидение, видео және аудио жазбалар, факстар,
модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс жерлерде оқыту.
Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде - Қазақстан Республикасының
білім беру системасының бір бөлшегі ретінде және педагогикалық
жүйе ретінде қарастыруға болады.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі-білім беру үрдісін
ақпараттандыру. Бүл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
дамыта оқыту, дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Білімді ақпараттандырудың негізгі шарты.
Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жүмыс істеп, өмір
сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады.
Арақашықтықта оқыту өз бетінше білім алудың бір түрі
Дистанттық философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла,
А.Тоффлера, Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім
термині нақты анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай
түсіндіреді: білім программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап
көрсетеді, олар кабельдік жэне спутникті телевидение, видео және аудио
жазбалар, факстар, модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс
жерлерде оқыту.
Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде –Қазақстан
Республикасының білім беру системасының бір бөлшегі ретінде
және педагогикалық система ретінде қарастыруға болады.
Оқу орындарында оқыту күндізгі, сырттай, кешкі оқу сияқты бұрыннан келе
жатқан нысандармен қатар, халықаралық іс-тэжірибедегі білім үлгілері
дистанциялық оқыту және экстернат нысандарында жүзеге асырылуы заңмен
бекітілген.
Дистанциялық оқыту дегеніміз - электрондық және телекоммуникациялық
құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-
танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және әдістемелі түрде ұйымдастырылған
басшылық жасау. Қысқаша айтқанда, алыстан білім беру.
Экстернат дегеніміз - ерекше санаттағы адамдарға арналған оқыту
нысандарының бірі, мұнда олар білім беру ұйымына үнемі бармай - ақ, білім
беру бағдарламаларын өз бетінше меңгереді және қорытынды мемлекеттік
аттестаттауға жіберіледі. Оқуды бітірген соң берілген құжаттар Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде танылуы, сондай-ақ, шетелдік білім беру
ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында
танылуы тиіс халықаралық шарттар (келісім) негізінде жүзеге асырылады.
2001 жылы Алматыда екі күнге созылған Қазақстан Республикасындағы ара
қашықтықтан білім беру тәжірибе сараптамалары мен даму келешегі атты
халықаралық ғылыми- тәжірибелік маслихат болып өтті.
Білім берудің жаңа түріне байланысты ғылыми көпшіліктің басқосуын
Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігі, Ресейдің Томск
мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық
институты бірге отырып өткізді.
Мұндай халықаралық бас қосудағы мақсат - ара қашықтықтан білім беруді
білім жүйесіне енгізудің мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударып,
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне көтерілуіне жағдай туғызу.
Қысқаша айтқанда, ара қашықтықтан білім берудің тиімді жақтары да
жеткілікті. Бұл әдіс жоғарғы оку орындарындағы студенттер үшін өте қажет.
Мысалы, студенттер жоғары білім алу үшін бір қаладан екінші қалаға, бір
мемлекеттен екінші мемлекетке қатынамай-ақ, тұрғылықты мекендерінде
оқуларын жалғастыра береді. Білім берудің мұндай түрі қазір Европа
елдерінде кеңінен пайдаланылуда.
Ара қашықтық (дистанциялық) оқу жүйесінің тиімді жері әлемнің
кез
келген нүктесінен білім алуына болады. Интернет арқылы тапсырмалар алып,
дипломды да интернет арқылы қорғауына болады. Бұл барып оқығаннан
тиімдірек, әрі арзанырақ.
Білімді ақпараттандыру жағдайын да білім парадигмасының өзгеруі
(А.П.Ершов, С.А.Жданов, И.А.Заинчовский, Г.К.Тұрғанова, Д.М.Жүсібалиева
т.б) қазіргі жалпы білім беретін мектептің дамуының негізгі ретінде
ақпараттық технологиялары (Г.А.Абумова, Н.Ермеков, С.Құнанбаев т.б)
мәселелері ретінде зерттелуде.
Бүгінгі таңда мектептің бастауыш сыныптарға информатиканы
оқытудың міндеттерін кеңейтуге және практика жүзінде оқытудың қолданбалы
міндеттен курстың жалпы білім беретін қызметіне көшуінің жағдайы
қалыптасты. Информатиканы оқытудың жаңа тұжырымдамасының міндеті дәл осы
да, яғни оның жалпы білім беретін курсіна сапалы көшу болып табылады.
Информатика негідері мен басты түсініктерді дамыту және толық енгізу аркылы
информатиканың жалпы білім берудегі қырларын толық ашуға мүмкіндік береді.
Мысалға мынадай түсініктерді келтіруге болдаы: ақпарат, ақпараттық
процесстер, модельдеу, формализация және тағы басқа информатиканың басты
түсініктері болып табылады. Әсіресе оқытылатын материалдарды
меңгерудің жеңілдігі мен ғылымилық дидактикалық талабы
тұрғысынан ақпарат түсінігін тұжырымдау көкейкесті мәселеге айналды.
Информатика үш түрлі ортада (әлеуметтік, әлеуметтік-
техникалық, биологиялық) өтетін ақпараттық процесс жэне ақпаратпен
айналысады. Осы ортада ақпаратты сақтау, жинау және талдау
процестерінің өзіндік ерекшеліетері бар. Осы ерекшеліктер
басқа факторлармен қатар информатикалық жалпы білім беретін
курсынан ол курстың қолданбалы жағына ауысуына жәрдемдеседі.
Ақпарат қазіргі оқу және әдістемелік құралдары мен оқулықтарда
негізінде техникалық жүйелердің қызмет ету тұрғысынан қарастырылады, яғни
мектепте ақпараттың тек синтаксистік белгілері оқытылады.
Біздің тәжірибеміз мектептің бастауыш сыныптарында ақпарат түсінігін
енгізуді және дамытуды, оның прагматикалық, семантикалық, синтаксистік және
басқа да аспектілерін аша отырып енгізу керек екендігін көрсетті. Ол
ақпараттың жалпы білім беретін потенциалын толық ашуға жәрдемдеседі.
Ғылыми зерттеулердің болмауының негізгі жалпы білім беретін мектепте
ақпарат түсінігін қалай дамытып енгізу қажет екендігі анық емес.
Бұл жәйт ақпарат түсінігін бастауыш мектепте енгізу қажеттілігі мен сәйкес
әдістемелік жұмыстың жоқтығы арасындағы қайшылықтан тұрады.
Ақпарат ұғымын қалыптастыру әдістемесі негізгі тұрғыларға сүйенді:
-Ақпарат ұғымын енгізудің және дамытудың негіздемелерін және тұрғыларын
зерттеудің мақсатқа бағытталған ұстанымы;
-Алдында тұрған ұғымдарды алдын ала енгізудің ұстанымы;
-Ақпарат ұғымын енгізудің және дамытудың контекстілік ұстынымы;
-Ақпарат ұғымының негізгі астарларын бірізділікпен ашу ұстанымы.
Ақпараттық және ақпараттық процестермен байланысты информатиканың негізгі
ұғымдарға тек қана бір сабақта енгізілмей, бүкіл информатика курсын оқыту
барысында жүзеге асырылады.
Күнделікті сабаққа бейне; аудио, теледидар мен компьютерді қолдану
айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар
оқушылардың қызығушылығын арттырып зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей
қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматтарды нақтылауға
мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратгы көшіріп алып
(дискетаға немесе аудио-бейне таспаларға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс
істей алады.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңында еліміздің
білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі- білім
беру жүйесінің ақпараттандыру, оқытудың жаңа технолгиясын енгізу, бүкіл
әлемдік коммуникация желісіне шығу.
Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру
қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі.
1.Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің
өмірлік іс -әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті
деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде
тәрбиелеу.
2.Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу,
яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканы
құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.
3.Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперементалды
іскерлігін дамыту.
4.Оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру,
тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген
пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім
берумен байланысты болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша,
ақпараттық технологиялар ақпаратты өңдеу мен байланысты үрдістер болып
табылады.
Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде
оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары (ЖАТ) ұғымы пайда болды.
А.Горячевтің тұжырымдауынша, ЖАТ-мәтіндік редактор,
электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және
коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р.Абдірәсілова болса, жаңа
ақпараттық технологияны оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.
Н.Апатованың анықтауынша, ЖАТ-қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы
бар компьютер.
М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын
береді:
"ЖАТ-адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік
үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру,
сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары
мен
әдістерінің жиынтығы."
Д.Мотрос төмендегі шарт орындалғанда ғана ЖАТ туралы
айтуға болады дейді:
-егер ол педагогикалық технологияны негізгі
ұстанымдарын қанағаттандырса (алдын-ала жобалау, мақсатқа сәйкестік,
біртұтастық, т.б);
-егер ол дидактикада теория және тәжірибе жүзінде бұдан бұрын
қарастырылмаса;
-егер ақпаратты дайындау және тасымалдау құралы компьютер болса.
Осыған қарағанда жаңа ақпараттық
технологияға
дидактикаға мәселелерін есептеуіш техника көмегімен шешетін педагогикалық
технология деген анықтама беруге болады. Осыған байланысты оқытуды
компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау-басты міндеттері болып
табылады. Бұл багытта дүрыс шешім қабылдау үшін нақты стратегиялық
бағдарлама қажет. Біздің ойымызша, оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі
сәттерді ескеру қажет.
І.Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін
немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі
бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда моделдеуге үйрету.
2.Компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай,
керісінше оқушы мен неғұрлым тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау қажет.
Осылайша білім негіздерін топтық түрде бере отырып, оқытуды даралауды да
күшейтіп оқушылардың білім сапасынның көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады.
З.Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез
шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет, яғни мақсатқа сәйкестік
ұстанымын ескеру қажет.
4.Оқытуды компьютерлендіруді оқушыны өз бетімен ойлап, шығармашылық
белсенділік танытып, дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп,
ойластырған жөн.
5.Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық
талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл
оқулықтарда теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері,
анықтамалықтар, т.б болуы тиіс. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында
педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі
міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-
тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында
педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары
жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог
мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық
құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің
өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе
қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік
тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене
қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол
жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек.
Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу
қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың
негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,
мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-
психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау
жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық,әдістем елік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген
педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын,
ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден
акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай
мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері,
графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык
бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс
жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.

1.2 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу
оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік
біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік
технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен
артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге
қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады,
оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы өмір бойы білім алу
ұстанымынан білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін ұстанымына нақты
ауысады.[8] Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-
ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында
да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру
жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын
оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып
отыр.
Қазір әрбір оқу орындарында, оқытушыдан студенттерге білім беріп қана
қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз
ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде.
Жұмыс кезінде оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста болады,
ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды.
Осыған бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне
қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру
мүмкіндігін береді. Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы
бөліктерге бөлу, оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай
оқыту қағидаларын қатар пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту
элементтері, пәнді игеруді қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар
фрагменттері, арнайы тесттер, компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар,
демонстрациялық файлдар, т.б.) ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияны пайдалану – оқу және жетілдіру мақсаттарына
тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі
Қашықтан оқыту жайында
Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Мұғалімдердің АКТ құзыреттілігінің құрылымы
Бастауыш информатика пәні мұғалімі мамандығы
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану
Пәндер