Адам өмірінің мәні жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Адам өмірінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Адам және оның мәні туралы қазіргі көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ...
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын зертгеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды.
Өкінішке орай, адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан оның шығу тегі де, Жердегі өмірдің қай кезде пайда болғаны да қазіргі ғылым үшін жұмбақ күйінде қалып отырғанын мойындауға мәжбүрміз. Адам қалыптасуының алғы тарихын түсіндіріп беруге қабілетті, теріске шығармайтындай айғактар және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай отыр. Алам туралы бар көзқарастар негізінен болжамдар мен ұсыныстарға ғана сүйенеді. Бұған таңдануға болмайды, өйткені әлем туралы казіргі ғылыми көзқарастар бұдан 300—400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл адамзаттың көп ғасырлық тарихындағы аз ғана мезет. Алайда, осыған қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық деңгейде үлкен сенімге ие бола отырып, дүрыс бағыт сілтейді.
Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бүл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әппсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастады.
Адамды философиялық түрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғьмдар негізінде хәне қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашкы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның белігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізеді.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қальштастырды. Оның ең көрнекті өкілдсрінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде «аспан» концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясы негізіні аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына — даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үдерісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың мақсаты Конфуции концепциясына сай «идеалды адам», «қайырымды ер» (цзюнь-цзы) деңгейіне жету болып табылады. «Цзюнь-цзыға» жақындау үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі «өзіңе қаламағанды өзгеге жасама» деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы (адамшылык, гумандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Келтірілген ереже адамгершілік императив ретінде кейінірек әр түрлі нұсқаларда Ежелгі Грекиядағы «жеті данышпан» ілімдерінде, Інжілде, Кантта кездеседі. Коифуций сяо (кішінің инабаттылығы және ата-анаға, үлкенге деген кұрмет) принципіне де ерекше көңіл беледі. Ол өзге жақсы қасиеттер негізі және «үлкен отбасы» ретінде қарастырылатын елді басқарудың тиімді әдісі болып табылады.
1. Досмұхамед Кішібекрв. Философия-Алматы 2002
2. Алтай Ж. Философия тарихы.-Алматы, 1999
3. Философия.-Алматы, 2002
4. Қазақстан энциклопедиясы. –Алматы 2004

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: “Адам өмірінің мәні ”

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.Адам
өмірінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
2 Адам және оның мәні туралы қазіргі
көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ...
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және
қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың
бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам
оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі
қырларын зертгеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда
болды.
Өкінішке орай, адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан
оның шығу тегі де, Жердегі өмірдің қай кезде пайда болғаны да қазіргі ғылым
үшін жұмбақ күйінде қалып отырғанын мойындауға мәжбүрміз. Адам
қалыптасуының алғы тарихын түсіндіріп беруге қабілетті, теріске
шығармайтындай айғактар және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай
отыр. Алам туралы бар көзқарастар негізінен болжамдар мен ұсыныстарға ғана
сүйенеді. Бұған таңдануға болмайды, өйткені әлем туралы казіргі ғылыми
көзқарастар бұдан 300—400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл
адамзаттың көп ғасырлық тарихындағы аз ғана мезет. Алайда, осыған
қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық деңгейде
үлкен сенімге ие бола отырып, дүрыс бағыт сілтейді.
Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын
айтыла бастады. Бүл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз,
әппсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда,
әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні
қарастырыла бастады.
Адамды философиялық түрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан
түсініктер, идеялар, образдар мен ұғьмдар негізінде хәне қалыптаса бастаған
философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша
адам туралы алғашкы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның белігі ретінде
пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар,
адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің
эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек
адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан
зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога
ілімдеріне мол әсерін тигізеді.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қальштастырды.
Оның ең көрнекті өкілдсрінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі
тұжырымы ретінде аспан концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен
адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де
білдіреді. Бірақ оның философиясы негізіні аспан, немесе жалпы табиғи әлем
емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни
антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік
әрекетіне назар аударады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық
қасиеттерге ие болған адам мораль заңына — даоға сәйкес қылық жасауы тиіс
және бұл қасиеттерді оқу үдерісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың
мақсаты Конфуции концепциясына сай идеалды адам, қайырымды ер (цзюнь-
цзы) деңгейіне жету болып табылады. Цзюнь-цзыға жақындау үшін әрбір адам
бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі
өзіңе қаламағанды өзгеге жасама деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі
адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы
(адамшылык, гумандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Келтірілген ереже
адамгершілік императив ретінде кейінірек әр түрлі нұсқаларда Ежелгі
Грекиядағы жеті данышпан ілімдерінде, Інжілде, Кантта кездеседі. Коифуций
сяо (кішінің инабаттылығы және ата-анаға, үлкенге деген кұрмет) принципіне
де ерекше көңіл беледі. Ол өзге жақсы қасиеттер негізі және үлкен отбасы
ретінде қарастырылатын елді басқарудың тиімді әдісі болып табылады.
Адам өмірінің мәні

Адам өмірінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары -
әпсаналардағы (ми-фологаядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең
негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қ-ның ойшьшдары
(Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: "адам - заттардың
өлшемі", Сократ: "өзіңді-өзің танып біл"). Ежелгі Үнді, Қы-тай, Грекия
философиясында Адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит
түсіндірмесінде Адам микрокосм, "кішІ әлем", ол сондай-ақ түпнегіздерден
қүралады; Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі жағы (аристотелизм) немесе
екі ерекше түпкізаты (платонизм) Үнді филосфиясынсындағы жанның көшуі
туралы ілмі тіршілік иелері арасындағы шекараны белгілейді, бірақ тек адам
ғана эмпириялык, өмір сүру тұсауынан кармасансара заңы арқылы құтылуға
ұмтылады. Антикалық философия үшін (Аристотель) Адамды қоғамдық өмірге
икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды.
Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср Әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы
күшейіп тұрғандығына қарамастан Аристотельдің осы түсінігін әрі қарай
жалғастырды. Кайтпа өркендеу дәуірінде. құдайдан дарыған еріктілік күші
арқасында өз өмірі мен(тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз
билеушісі ретінде танылды сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс
символына айналды. 17 ғ. (ғыл. рев. ғ-нда) мен 18 ғ. (ағаргушылық
дәуірінде) рационалистерінің ұғыныунда нақ сол парасат, ақыл-ой адамның
түпкізаты, өзіне тән ерскшелігі ретінде қарастырылады. Классик. неміс
филоссы үшін Адам. мәдениетті жаратушы, рухани іс-әрекет субъектісі және
жалпы идеалдык, бастау, яғни рух, парасат иесі. 19-20 ғ. постклассик.
филос. (Нищше, Шопенгауэр, Кьеркегор және т.б.) сезім, ырық және т.с.с.
Адамдық ақыл-
дан тыс кабілеттер деп біледі. Қазіргі филос. Адам өмірінің мәнін белгілі
бір құндылықты қалаумен байланыстырады. Бұл калаудың барысында адам
тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеумметтік мәніне
назар аудара отырып. қазіргі филос. сонымен бірге әлеумметтік және
биологиялық. факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеумттік факторлардың
басымдылығын ескереді. Әйтсе де, "табиғи түрде" әрекет ететін биологиялық.
факторлардың зор манызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы Адам.
парасатты, иманды, елгезек те қаракетшіл, сонымен бірге сүлулықтан ләззат
ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте
кайталанбас бітім, бірегей түлға ретіндегі өзіндік "менімен" танылатын
болады. Зерттеушілер пікірінше, Адам жерде шамамен осыдан 2-3 млн. жыл
бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық. кезеңдерден (питекантроп,
гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 - 40 мың жыл бұрын, Ноmо
sapiеns (лат. зерделі адам) кейпіне енді де, бірте-бірте казіргі адамдарға
тән биол. касиеттерге ие болды (кроманьондар).
Абай, Шәкерім және ислам теологы Әбу Мүхаммед Әл-Ғазали тәрізді
даналардың айтуынша, Адам болмысы үш бөліктен құ.ралады: тән, нәзік болмыс
және жан. Тән- та-биғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан,
ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру
заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның н ә з
і к б о л м ы с ы н а - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және "мен" деген
түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын. Нәзік-болмыс табиғи және
әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология,
спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді Адам психикасын зертгейтін
ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары
бар: арабша - хауас сәлим. қазақша рух санскритте аура. орысша - дух,
латынша –спирит, ғылымда — психоэнергет жүйе т.с.с. Ж а н- Адам өмірін
басқарушы, қуат көзі, тіршілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық
болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге
және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін
қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық "болмыс болса
әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі
болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән
арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін
туғызады. Шығыс филосфиясы бойынша Адамның жетілуі дегеніміз жанның
материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық кұрсаудан неғұрлым азат
болса, жан соғурлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік
иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмыска хайуанат
дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға
жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның
касиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген Адамның бүкіл болмысы
кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік
болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғүрлым таза болса, Адамның іс-
әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл Адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне
бөлейді. Адам "микрокосм" болғандықтан, оның өмірі "макрокосм" болып
табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі
бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен
балап, табиғи сезімдерінің ықпалын-
да жүргенді пенде деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды "адам"
деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді "толык адам деп атайды.
Адам үшін дүииеде тек тірі организм болып тіршілік ету, организмдік
мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз. Оның дүниеде болуын ақтай
алатын нәрсе мәнділік. Яғни, адамдықтың мәні. Бірак кейбіреулер осы
тірлікті ғана камтамасыз етуді, соның мұқтаждарына ғана қызмет етуді өз
өмірінің бірден-бір мәні немесе мағына-сы деп білуі де мүмкін. Осылай
ойлайтын адамдар аз да емес. Өмір сүрудің қиындығы көбінесе осылай ойлауға
негіз де береді. Әйтсе де, егер адамдардың барлық әрекетгерІ мен қылықтарын
олардың организмдік. тек тәндік мұқтаждықтары ақтай алатын болса, онда
адамға ғана тән көп нәрселер болмас еді. Ең алдымен, оларға мұндай жағдайда
қоғамдасудың керегі шамалы. Ол үшін коғамдасудың ең алғашқы жануарларда
кездесетін қарапайым түрлері де жеткілікті. Қоғамдасудың түпкі мәні -
адамдарға қажетті құндылыктарды орнықтыру оларды сақтау екенін көреміз.
Себебі, сол құндылықтарды сақтау үшін коғам жеке адамдардың өзімшілдігін
құрбан етуді, тежеуді талап етеді. Қауымдық дәуірде, мыс, ру мен тайпаның
сақталуы үшін, ұрпақ пен ұрпақтың жалғасуы үшін жеке адамдардан екінің
бірінде өз өмірін қиюды қажет еткен. Ал жеке адам оны көбінесе даусыз
мойындаған. Яғни әрбір жеке адам өз өмірінен бағалырақ нәрсенің бол-ғанын
ұғынған. Адамдардың өмір сүруінің өзі де олар үшін белгілі бір мәнділікке
ие. Тір-шілікте тірі жәндіктің бірі болу да адам үшін аз да болса, барлық
мәнділікіердің алғышарты. Тіпті қандай да болмасын мәнділік содан
басталады. Өз өмірің де, басқа адамдардың өмірін де, тіпті жер бетіндегі
тіршілік атаулыны бағалай білу мәнділіктің басталатын жалпы көзі. Бірак
осы мәнділікті, осы құндылыкты өз жан дүниесінің үнемі ақтаушы, оның рухани
ұмтылыстарына ұдайы бағыт беруші күшке айналдыру - тек адамның өз
тіршілігінен жалпы тірлікті жоғары қою шартынан шығады. Осы жалпылықты өз
үшін мән етуден басталады.
Адамгершілікті, ізгілікті, әділеттілікгі мойындаудан басқа шексіз
байлыққа, билікке, үстемдік пен озбырлықка ұмтылушылық та көп адамдардың
көкейтесті пиғылдарына айналатындығы тарихтан белгілі. Гегель "Бостандық-
адам мәні" дейді. Жеке адамдар өмірінің мәні болған тағы да осындай
нәрселерді айтуға болады. Сол сияқты тарихи кезеңдер бір халықтың, таптың
т.т. екіншілеріне үстемдік етуге ұмтылуы, тіпті оларды жойып жіберуді
көздеуі осындай мәннің орнын басады. Фашизм идеологиясы солардың бірі. Олай
болса, мәнді болу тек қана игілікті, ізгілікті болу деген сөз емес.
Мәнділіктің адамдарды басқа барлық жәндіктерден бөлектетіп тұратыны - оның
адамдарға табиғаттан берілген тума қасиет еместігіне, Адам туғанда мәнімен
бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мәнділікке ие болуы мүмкін.
Және ол да тек мүмкін нәрсе. Онда бұлтартпайтын қажеттілік, заң жоқ..
Себебі, дүниеге келген нәрестенің адам болуының өзі де мүмкіншілік қана, ол
болмай қалмайтын тағдыр емес. Сондықтан да адамдардың әрқайсысы белгілі бір
мәнділікті өзі жасайды яғни оның таңдайтыны өзінің биологиялық қасиетінен
басқа да болуы және сол өзінің биологиялық болмысы да болуы мүмкін.
Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі,
не ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы
нақты істер мен мақ-саттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы
тіршілігі мен ойлауының логикасы сол шікі мәнділікпен сәулеленіп тұрады,
белгілі дәрежеде соның көршісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе
тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белглі бір ортаның рухани
мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің
жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы. Мысалы,
байырғы кауымдасудың дәрежесінде 20 ғ-ға дейін сақталған Америка,
Австралияның, т.б. жерлердің тайпаларын зерттеген Еуропа ғалымдары сол
тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын көп уақыт
түсіне алған жоқ. Оларға әуелде (Э. Дюркгейм, әсіресе, Л. Леви-Брюль) қауым
адамдарының ойлауында ешқандай логика жоқ сияқы көрінген. Бірақ кейінгі
кезеңдерде олардың ойлауы еуропалықтарға ұқсамайтын басқаша тәртіпен,
заңдылықпен іске асатындығы айқындала бастады. Прологик. (ягни логик.
дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік өзгеше логикасының
бар екені белгілі болды. Оның себебі ойлаудың барлық мәнін сыртқы
объективтік дүниенің себеп-салдарлық байланыстары арқылы ғана көретін,
сыртқы дүниені тек пайдалануға бағыталған еуропалық ойлау негізінде басқа
мән жатқан ой-лауды, рухани мәдениеттегі түсіне алмады. Байырғы қауым
адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы түрғыдан қарау;
жат нәрсе. Осы қатесін Л.Леви-Брюль кейін өзі де мойындаған.
Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен
анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді
іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның бірін-бірі
толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы және екіншіден, табиғатты тек
пайдалануға ұмтылу. Табигатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек
өзінің бір мұқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антик дәуірден бастап
Еуопада кең өріс алды. Онда табиғатты тек Адамның бір кәдесіне жарайтын
немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде
ғана қарап іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басқа
көзқарастар да бар, бірақ әңгіме қандай пиғылдың жетекші, басым
болғандығында. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті біз біреулердің
жан дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған жерде табиғаттың, басқа
адамдардың, жалпы өзінен тыс құбылыстардың кайсысы болса да өзіндік дербес
мағынасынан айрылады, ондай жандар үшін табиғаттың кез келген заты я
пайдалы, я пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең.
Сондықтан ондай Адам оңдай қоғам табиғатты тәуелсіз мағынасы үшін
қастерлемейді, мәпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды одан тек керегін
алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мәнділіктің ешбір қоспасыз "таза"
анықтамасы. Бірақ өмірде ол қатынас "кіршіксіз" күйінде кездесе бермейді.
Өкінішке орай, өзіміз өмір сүріп отырған дүниемізде осы қатынас басым.
Соның арқасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде.
Бұл қатынас түбірінен өзгерілсе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат
қазіргісінен де зор апаттарға ұшырауы сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған
мәнділіктің бір көрінісі.
Адамдарға өз құлқынан басқаның бәрін тәрік етушілік меңдеп кеткен
дәуірлерде ол табиғатқа ғана емес, ең алдымен адамның адамға қатынасында ең
үлкен апаттарға душар етеді. Осындай пиғыл 20 ғ-да айрықша зор алапаттар
туғызды. Оның кейбір мысалдары: екі рет болған дүн. жүз. соғыс, белгілі
кезенде Еуропада бел алған фашизм, бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп,
бүкіл әлемді, соның ішіне Казақстанды да камтыған экол. дағдарыс. Екінші
бір мәнділік: табиғатты өзгертуге, меңгеруте, үстемдік етуге, пайдалануға
біршама енжарлық, бірақ оның есесіне, табиғатпен үйлесімді тіршілікке
бейімділік, көбінесе, Шығыста айқынырақ көрінді. 20 ғ:ға дейін осылай
болды. Бірақ мұндада мәнділіктің алғашқы үлгісі белең ала бастады. Кауымдық
коғамдасу дәуірінде адамдардың барлық істері мен әрекеттері дәстүрлі жолмен
реттелген. Басқаша айтқанда, аталар ұрпағының рулық мұраттарына сай
орнатылған тәртіптері мен нормалары, құндылықтары - әрбір іске, әрекетке
баға берудің өлшемі. Ол нормаларда жеке адамның дербестігіне, оның өзіндік
бір басқа құндылықты қалауына орын жоқ. Жеке өмірдің әрбір басатын қадамына
дейін салт дәстүр, үрдістермен анықталып, бекітіп қойылған. Өмірлік
эталоны, мұраты, адамның адамдығынын өлщемі аталар орнатқан тәртіпке оралу,
содан ұдайы ауытқымау бодандықтан өзгеріс атаулы ол қоғамда теріс
бағаланады. Қоғамдық қарым-қатынастар бір кезде қалай ұйымдастырылса,
әсіресе, не үшін ұйымдастырылса, сол айнымай сақталып, үнемі қайталанып
отыруы тиіс. Оның принципі — жеке адамды қоғамдық бүтіндікке толык,
мойынсындыру деуге болады. Осы кезеңде және антика мен орта ғасырларда
сақталған түсініктер бойынша адамдар іс-әрекеттерінде әр нәрсенің өзінің
белгілі бір шамасының бар екенін, сол шамадан асып кетсе, жаманшылыққа
соқтыратынын ұмытпауы керек. Ол шаманы әр түрлі рухани филос. және
күнделікті ойлаудың түсінікгері бойынша құдайлар, табиғат, не ғарыш, мемл.,
не қоғам т.т. орнатқан. Сонымен қатар ондай өлшемдер өмірде бар, берік
орныққан ғана тәртіптер емес, олар адамдардың ұдайы ұмтылатын, көздейтін,
аңсайтын немесе мін деген нәрселер және соған сәикес олар ақиқаттың,
тамашалыктың, әсемдіктің, игіліктідіктің үлгісі. (Қазақ халқынын ұғымында
адамның мінез-құлқындағы астамшылық-осындай өлшемдерден асып кету,
өлшемдерден аттау. Адамдардың кісі (субъект) ретінде даму деңгейі қашан да,
әр түрлі. Жекелеген адамдар, кейбір тұлғалар осындай даму жағынан
көпшіліктен ілгерілеп кетіп жатады. Олар адамдық, тұлғалык дамудың жаңа
өрістерін, соны жолдарын айқындап, өздері сол жаңа болмыстарында өмір
кешетіні болады, Олар басқа адамдармен осы өздері ашқан және өздеріне тән
еткен өлшеммен қарымкатынас жасайтыны түсінікті. Ал бұл жаңа өлшем,
адамдықты басқаша өлшеу, оны басқа қасиеттерден керу, әрине. көпшілікке
гүсініксіз. Замандастарының көпшілігі оны өздеріне жат, тілті кауіпті
нәрседей қабылдауы хақ. Сонымен бірге адамдыққа жат мүдделердің үстемдік
құрған кездерінде адамдардың көпшілігінің көңіл-күйінде жекелеген тұлғаның,
әсіресе, рухани жасампаздық жаннан алғандағы тұлғаның үздіктігіне деген
жауығу пайда болатыны да бар. Бұл қатардағы адамның әрқайсысының өзін
субъект емес, объект деп сезінуінің көрінісі. Ал объектілер, яғни тек
сыртқы бір ықпалдың күшімен ғана козғалысқа келетін нәрселер, жалпы алғанда
бірдей болуға тиіс. Олардың біреуін барлық уақытта екіншісімен ауыстыра
салуға болады. Ал үздік тұлғаны басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы ақын Абай
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Ерікті болу қасиеті
Адамның био-әлеуметтік табиғаты
Шәкәрім поэзиясындағы діни көзқарастар
Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Адамның тұлғасын зерттеулердің жаңа бағыттары
Орта ғасырлық философия
Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы
Пәндер