Адамның иммундық жүйесі



Иммундық жүйе – бұл лимфоидтық мүшелердің тұтастығы мен лимфа жасушаларының жинағы. Адамның лимфоидтық мүшелерінің жалпы салмағы 1,0-2,5 кг. Бұл өзіндік жүйе: ол дене бойына тараған, оның жасушалары қан ағысы арқылы бүкіл денеге тарайды, антигендерге қарсы арнайы антиденелер түзуші қабілетке ие. Иммундық жауаптың негізгі жасушаларына лимфоциттер жатады.
Иммундық жүйе тек қана денсаулықты сақтау үшін қорғаныс реакциясының түзілуін қамтамасыз етпейді. Иммундық жүйенің белсенді қатысуымен аутоиммундық, аллергиялық және басқа да иммунопатологиялық реакциялар дамиды. Иммундық жүйе орталық және шеткі мүшелерден тұрады.
Орталық мүшелерге сүйек кемігі, айырша без (тимус) жатады; бұларда жасушалар жетіліп, көбейеді және бµлінеді (дифференциация).
Шеткі мүшелер мен ұлпаларға көк бауыр, бауыр, лимфа түйіндері және шырышты қабықтардың лимфоидты ұлпалары жатады. Бұл жерлерде лимфоциттер антигенмен жанасып, активация, пролиферациялану және бµліну (дифференциация) процестерінің дамуына алып келеді. Антигенмен жанаспаған жетілген лимфоциттер «аңқау» немесе «бұзылмаған» деп аталады. Сондай-ақ, иммундыќ жүйеге инкапсулярлы (айырша без, көк бауыр, лимфа түйіндері), инкапсулярлы емес (асқазан-ішек, тыныс жолдары шырышты қабықтарының лимфа ұлпасы) мүшелер, терінің лимфоидтық жүйеасты (тері лимфоциттері, шеткі лимфа түйіндері мен лимфа тамырлары) және басқа шырышты қабықтары жатады.
Иммундық жүйе мүшелері афферентті (қан және лимфаның ағып келуі), эфферентті (ағып кетуі) қан тамырларын; қан тамыр және иннервациялық жүйелердің дамуын; синустардағы жасушалардың көбею, жетілу және бµліну аймақтарын қамтиды. Ұлпалар құрылымы талшықты болады.
Сүйек кемігі - барлық иммундық компетентті жасушалары мен қанның формалы элементтерінің бастамасы болып табылатын көп компетентті дің жасушаларының негізгі көзі және өндірушісі.
Сүйек кемігі ыќшамды сүйектен, стромадан, сүйек кемігі арқылы өтетін синустардан, афферентті және эфферентті тамырлардан, генеративті және жетілу аймақтарынан (орталық синус) тұрады. Қан тамыр жүйесімен иннервациялыќ жүйе тығыз байланысты. Сондықтан сүйек кемігінің барлық элементтері гемо- және лимфопоэздің реттелуіне қатысады. Лимфоидты мүшенің өзінің қызметтерін орындайтын негізгі ерекшелігі – бұл жасушалардың генерация аймағынан иммундық ќабілетті жасушалардың жетілу және қан тамыр жүйесіне шығу аймағына миграция жасау қабілеттілігі.
Сүйек кемігінде жасушалар көбейеді, жетіледі және бµлінудіњ алғашқы кезеңдерінен өтеді. Жасушалардың қаннан рецир-куляциясы нәтижесінде сүйек кемігінде жетілген лимфоциттердің бір бөлігі, қан және сүйек кемігіне қайта келетін медиаторлар, соның ішінде гормондар болады. Жасушалардың барлық даму және миграция процестері сүйек кемігінің белсенді заттарының (өсу факторы, гемопоэтин, эритропоэтин факторлары және т.б.) бақылауында болады.
Тимус – негізінен Т-лимфоциттер дамитын арнайы лимфоидтық мүше. Тимустың салмағы 10-12 жаста («иммундық жетілген» кезеңі) ауыр болып, 30 жастан кейін (50-60) оның инволюциясы басталады, бірақ тимус толығымен жойылмайды. Тимустың инволюциясымен иммундық жүйенің және жалпы дененің қартаюын байланыстырады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
АДАМНЫҢ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

Иммундық жүйе – бұл лимфоидтық мүшелердің тұтастығы мен лимфа
жасушаларының жинағы. Адамның лимфоидтық мүшелерінің жалпы салмағы 1,0-2,5
кг. Бұл өзіндік жүйе: ол дене бойына тараған, оның жасушалары қан ағысы
арқылы бүкіл денеге тарайды, антигендерге қарсы арнайы антиденелер түзуші
қабілетке ие. Иммундық жауаптың негізгі жасушаларына лимфоциттер жатады.
Иммундық жүйе тек қана денсаулықты сақтау үшін қорғаныс реакциясының
түзілуін қамтамасыз етпейді. Иммундық жүйенің белсенді қатысуымен
аутоиммундық, аллергиялық және басқа да иммунопатологиялық реакциялар
дамиды. Иммундық жүйе орталық және шеткі мүшелерден тұрады.
Орталық мүшелерге сүйек кемігі, айырша без (тимус) жатады; бұларда
жасушалар жетіліп, көбейеді және бµлінеді (дифференциация).
Шеткі мүшелер мен ұлпаларға көк бауыр, бауыр, лимфа түйіндері және
шырышты қабықтардың лимфоидты ұлпалары жатады. Бұл жерлерде лимфоциттер
антигенмен жанасып, активация, пролиферациялану және бµліну
(дифференциация) процестерінің дамуына алып келеді. Антигенмен жанаспаған
жетілген лимфоциттер аңқау немесе бұзылмаған деп аталады. Сондай-ақ,
иммундыќ жүйеге инкапсулярлы (айырша без, көк бауыр, лимфа түйіндері),
инкапсулярлы емес (асқазан-ішек, тыныс жолдары шырышты қабықтарының лимфа
ұлпасы) мүшелер, терінің лимфоидтық жүйеасты (тері лимфоциттері, шеткі
лимфа түйіндері мен лимфа тамырлары) және басқа шырышты қабықтары жатады.
Иммундық жүйе мүшелері афферентті (қан және лимфаның ағып келуі),
эфферентті (ағып кетуі) қан тамырларын; қан тамыр және иннервациялық
жүйелердің дамуын; синустардағы жасушалардың көбею, жетілу және бµліну
аймақтарын қамтиды. Ұлпалар құрылымы талшықты болады.
Сүйек кемігі - барлық иммундық компетентті жасушалары мен қанның
формалы элементтерінің бастамасы болып табылатын көп компетентті дің
жасушаларының негізгі көзі және өндірушісі.
Сүйек кемігі ыќшамды сүйектен, стромадан, сүйек кемігі арқылы өтетін
синустардан, афферентті және эфферентті тамырлардан, генеративті және
жетілу аймақтарынан (орталық синус) тұрады. Қан тамыр жүйесімен
иннервациялыќ жүйе тығыз байланысты. Сондықтан сүйек кемігінің барлық
элементтері гемо- және лимфопоэздің реттелуіне қатысады. Лимфоидты мүшенің
өзінің қызметтерін орындайтын негізгі ерекшелігі – бұл жасушалардың
генерация аймағынан иммундық ќабілетті жасушалардың жетілу және қан тамыр
жүйесіне шығу аймағына миграция жасау қабілеттілігі.
Сүйек кемігінде жасушалар көбейеді, жетіледі және бµлінудіњ алғашқы
кезеңдерінен өтеді. Жасушалардың қаннан рецир-куляциясы нәтижесінде сүйек
кемігінде жетілген лимфоциттердің бір бөлігі, қан және сүйек кемігіне қайта
келетін медиаторлар, соның ішінде гормондар болады. Жасушалардың барлық
даму және миграция процестері сүйек кемігінің белсенді заттарының (өсу
факторы, гемопоэтин, эритропоэтин факторлары және т.б.) бақылауында
болады.
Тимус – негізінен Т-лимфоциттер дамитын арнайы лимфоидтық мүше.
Тимустың салмағы 10-12 жаста (иммундық жетілген кезеңі) ауыр болып, 30
жастан кейін (50-60) оның инволюциясы басталады, бірақ тимус толығымен
жойылмайды. Тимустың инволюциясымен иммундық жүйенің және жалпы дененің
қартаюын байланыстырады.
Тимус екі бөліктен тұрады, олардың әрқайсысы – тимустың құрылымды
бірліктері – кіші бөліктерден тұрады (2-ші сурет).
Тимуста строма (фибробласттар, капиллярлар эпителиі, талшықтар);
қатпарлы қабат, милы (медуллярлы) қабаты болады. Тимуста жақсы дамыған
васкулярлық тор (гематотимустық барьер), эфферентті және афферентті лимфа
және қан тамырлары орналасады. Қатпарлы қабатқа эпителиалды жасушалар,
лимфоциттер, макрофагтар кіреді. Эпителиалды жасушалар тимустың көп бөлігін
құрайды және әр аймағында әртүрлі қызметтер атқарады. Эпителиалды
жасушалардың өсінділері лимфоциттердің басқа жасушаларымен байланысын
қамтамасыз етеді. Қатпарлы қабаттағы эпителиалды жасушалар иммундық
ќабілетті жасушалардың жетілуі мен бµлінуін қамтамасыз етеді. Т-
лимфоциттердің ізашарлары қатпарлы қабаттан милы қабатына ауысып жетілген Т-
лимфоциттерге айналады.
Тимустың күрделі жасушалық-гуморалдық комплексі негізгі міндеттерді
атқару үшін бағытталған:
1) Т-жасушалардың антигенді танушы рецептор түзілуіне дейінгі жетілуі;
2) Т-жасушалардың субпопуляцияларға бөлінуі;
3) антигенді танушы қабілетке ие Т-лимфоциттердің қажетті клондарын
таңдау.
Айырша без жетіспеушіліктерінде ауыр иммунопатологиялық аурулар дамиды
(тимуслимфалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммундық жүйе
Иммуннопатология
Иммунопатологиялық үрдістер
Иммунитет.Иммунитет түрлері
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Макроорганизм
Пәндер