Әлеуметтану ғылымы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. Әлеуметтану ғылымы . . .

ІІ. Тарихи әлеуметтану

2. 1 ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы . . .

2. 2 Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең . . .

III. Әлеуметтану ғылымы жөнінде ғалымдардың ой-пікірлері

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Социология (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының - Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты - борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.

Ежелгі Үндістанда әлеуметгік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялык мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизмнік этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мен тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) дегсн «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтсрі ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселссіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын. 䡳пࡵ✁қа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонның пікірінше, табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді. Халық соны мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе - Жер-Ана деп көрсетеді.

Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857) . Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.

І. Әлеуметтану ғылымы

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ, ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт өзінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ жэне Конт барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді. Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді. Конттан кейін әлеуметтану негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның тұғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін, сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла әрекет жасайтын өмірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру болып табылады. Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір, тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану, биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады. Дегенмен, мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл эволюциялық әлеуметтануды құрамайды. Шынында да, әлеуметтану арнайы әлеуметтану ғылымдары зерттейтін әрқилы қоғамдардың негізінде жатқан бірлікті мойындауды талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудің объективті немесе физикалық, субъективті немесе ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы экономикалық және саяси философия саласында бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің "Саясатынан" бастап Боден, Монтескье және физиократтар нәсілдің, топырақтың, климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи жағдайлардың объективті тәпсірленуін дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам, Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының, пайдалылықтың, этикалық императивтер мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан бетпе-бет қақтығысқан емес. Ой шектері ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой көкжиегін бұзған емес.

Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері - бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған. Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі: Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Бұрынғы КСРО-да әлеумет тануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм- бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстратылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М. Вебер, Э. Дюркгейм, К. Маннгейм, Т. Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада: жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.

ІІ. Тарихи әлеуметтану

2. 1 ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы.

Бәрімізге мәлім, қазақ елі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды . Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды . Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды . Қанаушылар олардың құнарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды . Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті .

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады .

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық -саяси қайраткерлері шықты .

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік ғылыми көз-қарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, арласып жүргенде қалыптасты .

Ш . Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін « Записка о судебном реформе », «Очерки джунгарий», « О мусульманстве в степи », «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеяларымен ұштасып, үндесіп жатқаның байқай аламыз .

Ш. Уалиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде реформаны іске асыру барысында халықтық ерекшелігін ескеруі жайлы пікірін тереңдете түсіп, реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс салты мен әдет- ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенің айтады .

Міне, осыдан кейін: «В наше время нет общественного вопроса, который был бы так важен, как вопрос о народных реформах . От удачных и неудачных реформ зависит вся будущность народа, в них заключается его быть или небыть . Реформы бывают тогда удачны, когда они правильные т. е . тогда когда они основаны на тех неизбежных законах, прогресса при которых только и возможно здоровое развитие общественного организаций » деген шешімге келді.

Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уалиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің илігі үшін сарп еткен, өз халқының даңқы ұлы . Ы . Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағартушы және ойшыл болған кісі . Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйреуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс- қырғыз мектептерін ашу ішінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші болып әрекет жасады .

Ш . Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейде крепостнойлық правоны жою үшін саяси және идиологиялық күрестің шелініскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80 ші жылдарында креплстнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті .

Әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағанымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады және бұл еңбектерінде кейбір қоғам дамуының мәселелерін ғылыми пікірлерге сүйеніп шешуге тырысады .

Қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлұның ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті .

Абай әлеумттанудан арнаулы еңбек жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған . Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрлымы, адам, тарихтағы бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері терең ой қозғады . Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырады . Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды . Қоғамның әлеуметтік құрлымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратын ақиқат, дейді Абай .

Абай дүниенің объективтілік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі . Абайдың әлеуметтік көз қарасында : байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайларын, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған .

Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой- пікрлердің дамуы терең болған . Әлихан Нұмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері . ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы алдынғы қатарлы өкілдерінің бірі, әрі оқымысты - ғалым Ахмет Байтұрсынов болды . Бұл өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиеттің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды .

Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі- ХІХ- ғасырдың 40-жылдары.

Қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік қажеттілікке, өмір сұранысына байланысты пайда болады . Өмір, тәжірибе қажеттілігі, сұранысы болмаса, ғылым пайда болмаған болар еді . Осыған орай әрбір ғылымның, тіпті теорияның өзіне тән шығуы, пайда болу тарихы бар .

Бұл шарттардың да әлеуметтану ғылымына тікелей қатысы бар және біз оның әрбір теориясына, тұжырымдамасына тарихи тұрғыдан қарасақ, біз ондағы ескі, кертартпа ой-пікірлерді, қателерді, жағымсыз тәжірибені болдырмауға, қайталамауға тырысып, болашағы зор теорияны, тұжырымдарды, тәжірибені кең қолдануға мумкіндік тудыратын процестерге жол ашамыз .

Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы шарттары, шығу себептері қандай, оның ғылым болып қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды ?

Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес . Өйткені әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады . Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдары Платонның, «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т. б. еңбектерінен кездестіреміз . Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли . Руссо . Гобс . т. б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған .

Әлеуметтану қалай пайда болды, қай уақытта, өмірге келуіне қандай алғышарттар себеп болды, т. с. с. сұрақтарға ғылыми дұрыс жауап беру үшін біз ғылымдардың шығуы мен дамуын зерттейтін «Науковедение» атты кітаптың деректеріне сүйенеміз .

«Науковедение» кітабы бойынша, әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы «Позитивтік философия курсы» атты еңбегінің 3-ші томында «Социология» деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізде зерттеп білуді міндет етіп қойды .

Өзінің даму кезеніңде әлеметтану төрт негізгі кезеңнен өтті .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдерін кесте бойынша жүйелеу
Әлеуметтанудың әдісі
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Әлеуметтану ғылымы туралы ақпарат
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz