Алымдар және оларды есептеу мен төлеу тәртібі



1. Алымдар және оны төлеушілер.
2. Алымдарды есептеу тәртібі.
3. Алымдады төлеу тәртібі
Алым дегеніміз белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап “елтаңбалық алым ”алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1. “жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым” және 6.1. “кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін” және 8.1. «туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн» алымдары қосылды.
2007 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді.
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн алым.
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
5. Көлік құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
6. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
6-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
7. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
7-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым.
8. Аукциондардан алынатын алым.
9. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
10. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Бүгінгі таңдағы алымдардың түрлері:
- алымдар;
- тіркеу алымдары;
- автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
- аукционнан алынатын алым;
- жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
- телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
Тіркеу алымдары – уәкілетті мемлекеттік органдар Салық кодексінің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
Алым төлеушілер - Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Алымдар және оларды есептеу мен төлеу тәртібі

1. Алымдар және оны төлеушілер.
2. Алымдарды есептеу тәртібі.
3. Алымдады төлеу тәртібі

Алым дегеніміз белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы
қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап “елтаңбалық алым
”алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1.
“жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым” және 6.1.
“кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін”
және 8.1. туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды,
туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн  алымдары қосылды. 
2007 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді.
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi  және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркегені  үшiн алым.
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн  және кеменің немесе жасалып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
5. Көлік құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
6. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
6-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды,
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
7. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы.
7-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым.
8. Аукциондардан алынатын алым.
9. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
10. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк
спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Бүгінгі таңдағы алымдардың түрлері:
- алымдар;
- тіркеу алымдары;
- автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін
алым;
- аукционнан алынатын алым;
- жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
- телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
Тіркеу алымдары – уәкілетті мемлекеттік органдар Салық кодексінің 455-
бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай
тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын
берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар
жүзеге асырады.
Тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан
кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган
белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы
ақпарат береді.
Алым төлеушілер - Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін
жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Салық салу объектісі
Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:
1) мыналарды:
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және
филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;
- дара кәсіпкерлерді;
- жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;
- жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің
ипотекасын;
- радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;
- көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
- дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
- туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар
мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық
шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
- мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік
тіркегені (есепке қойғаны);
2) жоғарыда аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын
құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.
Алым ставкалары
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
мөлшеріне негізделе отырып есептеледі және мыналарды құрайды.
Алымдарды төлеуден босату:
1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:
- шаруа немесе фермер қожалықтары;
- І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға
құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);
2) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды
мемлекеттік тіркеу кезінде:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы
Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі
үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған
адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты
ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы
жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының
ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-
ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
- бөлек тұратын зейнеткерлер;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар
(оралмандар);
- кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;
3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің
ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы
Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі
үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған
адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты
ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы
жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының
ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-
ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар
(оралмандар);
4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды
мемлекеттік тіркеу кезінде – мемлекеттік мекемелер;
5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар
мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы
Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі
үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған
адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты
ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы
жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының
ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-
ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар
(оралмандар);
- кәмелетке толмағандар босатылады.
Есептеу мен төлеу тәртiбі
Алымдардың сомалары белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және салық
салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды
бергенге дейiн төленедi.
Алымдарды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге
дейiн тiркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда,
төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды
төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың төленген жері бойынша
аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс
етпегенін растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжаттарды олар табыс
еткеннен кейiн салық органдары жүргізеді.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені
үшін алым
Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн
алым: 
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге
асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан
кетуi;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге
асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына
келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi; 
3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк
автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi; 
4) концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын
қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік
автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады. 
Алым алынбайды:
1) мыналардың:
- жедел медициналық жәрдем қызметінің;
- өртке қарсы қызметтің;
- авариялық-құтқару қызметтерінің;
- жол-патрульдік қызметтің арнаулы автокөлік құралдарының;
2) басқа баламалы жол болмаған кезде:
- жолаушылар мен жүктерді қала маңы қатынастары мен кенттерді,
ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе
республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын қатынастарда тұрақты
тасымалдайтын автобустардың;
- белгілі бір аудан шегінде жолаушыларды (жүктерді) тұрақты тасымалдау
мақсатында ақылы мемлекеттік автомобиль жолына жақын жатқан осыр ауданның
аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
тіркелген автобустардың;
- белгілі бір ауданның шегінде қозғалыс кезінде ақылы мемлекеттік
автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл
автокөліктердің;
- су бөгеттерімен және темір жолдармен шектесетін жақын көліктік жол
айырымдары арасындағы ақылы мемлекеттік жолдардың учаскелері (бөлігі)
шегінде жүк автокөлік құралдарының, дөңгелекті өздігінен жүретін ауыл
шаруашылық, мелиоративтік машиналардың ақылы мемлекеттiк автомобиль
жолдарымен жүргені үшін алынбайды.
Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi,
егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан
Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге
асырылады. 
Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және
рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан
кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық
органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен
салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
Алым төлеушiлер - Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк
құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым
төлеушiлер болып табылады.
Алым ставкалары
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері
негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге
асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан
кетуi үшін - АЕК-тің 2 еселенген мөлшері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік
бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста
жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 10
еселенген мөлшері;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге
асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына
(аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
транзитi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері; 
4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк
автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым
ставкасы мынаны қамтиды: 
- автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының
жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есеп-қисап, бұл 0,005
еселенген АЕК мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық
емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына
(километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
- автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік
жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есеп-
қисап, бұл әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген
осьтер үшін есептеледі және 1-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт
бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:

- автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің жол берілген
көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есеп-қисап, бұл автокөлік
құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін
есептеледі және 2-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша
тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
- Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік
автомобиль жолдарымен жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
Есептеу мен төлеу тәртiбi
Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат
құжаттарын алғанға дейiн төленедi.
Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және ақылы мемлекеттiк
автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
Алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не көлiк
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерiнде не
өзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан
бойынша қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақша аудару жолымен
жүргізіледi. 
Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлiк саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі
операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке
есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда,
ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш
күнде бір рет жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң
есептілік бланкiлерiне көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның
сәйкестендіру нөмірі қойылады.
Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік
автомобиль жолдарымен жүруі үшін алынатын алымды есептеу, төлеу тәртібін
және бюджетке енгізу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді.
Аукциондардан алынатын алым
Аукциондардан алынатын алым аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк
құқықтарды) сату кезiнде алынады.
Аукциондарды өткізілуіне байланысты екі түрде бөлуге болады:
• ашық;
• жабық.
Ашық түрдегі аукциондарға жан-жақтан тұлғалар келіп қатыса алады.
Жабық түрдегі аукцион тек мекеменің ішінде ғана өткізіледі де, оған
сырттан ешбір тұлға қатыса алмайды.
Аукционды өткізудің негізгі екі әдісі бар:
• ағылшындық әдіс;
• голландтық әдіс.
Ағылшындық әдісте аукционда белгілі бір белгіленген бағадан жоғары
қарай өсіп отырады. Бұл аукционда негізінен құнды заттар, антиквариат,
картиналар, бағалы тастардан жасалған бұйымдар қойылады.
Голландтық әдісте белгілі бір белгіленген бағадан төмен қарай кеміп
отырады. Бұл аукционда негізінен құны төмен заттар, көбінесе ауыл
шаруашылық тауарлары, есептен шығарылған міндеттемелер басқа да бұйымдар
сатылады.
Алым төлеушiлер
Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын
жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады. 
Алым алу объектiсi
Мүлiктi сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым
алу объектiсi болып табылады.
Мыналардан:
1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету
құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi орган, оның аумақтық
органдары өткiзетiн аукциондардан;
2) соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату
бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;
3) мыналарды:
- салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату;
- салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған
мүлiктi сату;
- соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды
орналастыру бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
- соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне
тәркiленген мүлiктi;
- белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi; 
- белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi
аукциондардан;
5) банкрот заңды тұлғалардың конкурстық массасын сату жөнiндегi
аукциондардан;
6) мәжбүрлі түрде таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру
ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату конкурстық массасын
өткізу жөніндегі аукциондардан;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы
сауда-саттықта;
8) бағалы қағаздарды сату жөнiндегi аукциондардан сатылатын мүлік
(мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.
Алым ставкасы
Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi
(мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.
Есептеу мен төлеу тәртiбi
Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы
дербес есептейдi.
Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша
өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу
объектiсін бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету
жүргiзiледi. 
Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар
(аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей
жүзеге асырылады.
Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiн жарамсыз деп таныған
жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға
жатпайды.  
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды салық органы
олардың төленген жері бойынша алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша
жүргізеді.
Салық декларациясы
Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi
айдың 20-сынан кешiктiрмей, өзі орналасқан жердегi салық органдарына алым
жөнiндегi декларацияны табыс етеді.
Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша
тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешіктірмей өзі
орналасқан жердегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан
бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс
етеді.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi
бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру
(қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда
алынады.
Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган
(бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.
Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен
кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi
орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері
туралы ақпаратты табыс етеді.
Алым төлеушiлер - Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым
төлеушiлер болып табылады.
Алым ставкалары
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін
негізге ала отырып белгіленеді және мынаны құрайды:
Есептеу мен төлеу тәртібі
Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға
тиісті құжаттарды бергенге дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша
бюджетке төленеді.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында
лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды
бергенге дейін төлейді.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған
төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін
төлейді.
Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін
лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын
қайтару жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық
өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс
етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін олардың
төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алым
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн
пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым байланыс саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын
тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат
телнұсқасын) берген кезде алынады.
Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн
Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына
қолданылады. 
Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.
Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы
бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге жататын
алымның есебiне жатқызылмайды.
Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдар телевизия және
радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық
органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен
салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан
кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Алым төлеушiлер - телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары.
Өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк
спектрiн пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттiк мекемелер алым төлеуден
босатылады.
Алым ставкалары
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала
отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері
көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың
қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының
санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды:
Есептеу мен төлеу тәртiбi
Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейiн телевизия
және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке
төленедi.
Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн
лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын
қайтару жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің
салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның
табыс етпегенін растайтын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген
құжатты табыс еткеннен кейін олардың төленген жері бойынша салық органдары
жүргізеді.

Төлемақы, оның түрлері және есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы және оны төлеушілер
2. Төлемақыны есептеу тәртібі
3. Төлемақыны төлеу тәртібі

Төлемақы дегеніміз белгілі бір қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік төлемдер
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру түрлері
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер мен алымдардың экономикалық мәні
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні
Салық жүйесінің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салық салудың айқындық қағидасы
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салықтың атқаратын қызметтері
Салық ұғымы, түрлері және оның әлеуметтік-экоеомикалық мәні
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні жайлы
Пәндер