Бірнеше бағдарламалық пакетті қолданып, медициналық мамандықтарға кәсіптік шет тілін үйрететін электрондық оқулық жасау


МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
3
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1
АНИМАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУШЫ БАҒДАРЛАМА . . .
6
МАЗМҰНЫ: 1. 1
Электрондық оқулықтардың маңыздылығы . . .
6
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық - психологиялық талаптар . . .
9
МАЗМҰНЫ: 1. 3
Электрондық оқулықтың қазіргі кездегі тиімділігі . . .
15
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА КӘСІПТІК ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТЕТІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . .
23
МАЗМҰНЫ: 2. 1
Macromedia Flash MX бағдарламасы және Action Script бағдарламалау тіліне жалпы сипаттама . . .
23
МАЗМҰНЫ: 2. 2
AutoPlay Media Studio 7. 0 Professional бағдарламасы туралы . . .
41
МАЗМҰНЫ: 2. 3
Медициналық мамандықтарға кәсіптік шет тілін үйретуші электрондық оқулығына сипаттама . . .
47
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
59
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
61
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық-комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған.

Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр » делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі - оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты бірнеше бағдарламалық пакетті қолданып, медициналық мамандықтарға кәсіптік шет тілін үйрететін электрондық оқулық жасау. Электрондық оқулықтың интерфейсі практикалық дайындығы жоқ компьютер пайдаланушысына да оқулықпен жұмыс істеуді жылдам үйретуге мүмкіндігі бар болуы қажет. Осы оқытушы бағдарлама оқушылардың зерттеліп отырған материалдармен танысу бойынша негізгі түсініктері қалыптасуына, әр түрлі оқу жағдайларында белсенді түрде пайдалана отырып негізгі ойларын және тәжірибелерін нығайтуға, сондай-ақ өзін-өзі бақылау мен білімін тексеруге арналған.

Жасайтын электронды оқулығымды Macromedia Flash анимациялық бағдарламасында жазуды жөн көрдім. Себебі Macromedia Flash алдыңғы кезекте бейнелерді анимациялау үшін кеңінен қолданылатын, білім беру саласында электронды оқу құралдарын жасауда, сонымен қатар, күрделі иитерактивті схемалар навигациясын, динамикалық WЕB түйіндерді, мультсериалдарды, ойындарды, музыка және видео ойнатқыштарын құру үшін жиі пайдаланылады. Сонымен қатар Adobe PhotoShop 8. 0 және AutoPlay Media Studio 7. 0 Professional қосымша бағдарламаларын пайдаландым.

Дипломдық жұмыстың міндеті тақырып бойынша осы электрондық оқулықты пайдаланушыларға түсінікті, әрі өте қызықты, кең көлемде қамтылған материалдарды қанағаттандыратындай етіп жасау.

Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, құрылымы және көлемі көрсетілген.

Бірінші тарауда электрондық оқулықтардың маңыздылығы мен компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар жайлы айтылған.

Екінші тарауда Macromedia Flash MX және AutoPlay Media Studio 7. 0 Professional бағдарламаларына жалпы сипаттама берілген және Macromedia Flash MX-те электрондық оқулықтың құрылуына да толық сипаттама берілген. Қорытынды бөлімде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер, қорытындылар мен ұсыныстар жүйелі түрде, бір-бірімен байланысты, нақты, әрі қысқаша тұжырымдалған.

Пайдаланылған әдебиеттерде диплом жұмысын жазу барысында қолданылған әдебиеттер берілген.

1 АНИМАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУШЫ БАҒДАРЛАМА

  1. Электрондық оқулықтардың маңыздылығы

Бүгінгі таңда адамзат әр түрлі сферада жаңа ақпараттық технология құралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез келген басылымда, кез келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. Қазіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологиялардың дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы, ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан (дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және оның дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр.

Жаңа ақпараттық технология арқылы білім беруде: ең жоғары университет және институттарға ғылыми жетістіктерді және тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі таңда шетелдерде кез келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін интернетті пайдалануда өте бай тәжірибеге қол жеткізген.

Білім беру мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шартты белгілері мыналар:

● электронды (мультимедиялық) оқулық, қашықтықтан оқыту курсы;

● анықтама мәліметтері (сөздік, энциклопедия, карта, деректер базасы) ;

● электронды кітапханалар: тексттік, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттары;

● виртуалдық мұражай, көрмелер және т. б. көрнекі материалдар;

● оқытушылар үшін методикалық мәліметтер.

Енді мультимедия сөзіне тоқталсақ: мультимедия ағылшын тілінде

multimedia латыншадан multum - көп және media, medium - жинақ, яғни, электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде текст, сурет, бейне, анимация және т. б. кіреді деген мағына береді [1] .

Мультимедия біздің түсінігіміз бойынша мыналарды білдіреді: компьютер технологиясы, ақпаратты ұсынуды қолдану тек қана текст емес, сонымен бірге графика, түс, дыбыс, анимация, бейне көріністер. Яғни, мультимедиялық оқулық - компьютерлік мультимедия технологиясын пайдалану арқылы берілетін дыбыс, графика, анимация және т. б. Бұл анықтама оқыту бағдарламасы және электронды оқулық терминдерімен қарама - қарсылық тудырмайды. Бірақ электрондық оқулық мультимедиялық болмауы да мүмкін (бұл дегеніміз оқулық тек қана тексттік тұрғыда болса) .

Мультимедиялық оқулықтардың көпшілігі гипертексттік технологиясын қолдану арқылы ұйымдасқан (технология, тексттік массивте берілген тақырыпты іздеуді қамтамасыз етеді. Мұндағы іздеу тексттердегі арнайы көрсеткіштер (гипертексттік сілтеме) құжаттағы сөз немесе сөйлем болып, оқушының таңдауымен басқа құжатқа өтіп, оны экран бетіне шығару) .

Мұндай гипертексттік қолдану арқылы жасалған мультимедиялық оқулықтың дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болады.

1. Мультимедиялық мүмкіншіліктерді қолдану: музыкалық немесе

дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-шоу және т. б.

2. Гиперсілтемелердің тармақталу құрылымы (анықтама, термин, атау, түсіндіру) . Гиперсілтемелер түсіндірмелер алу, анықтамалар, оқу мәліметтеріне қосымша ақпараттар, сонымен бірге тез арада негізгі текстке қайтуға мүмкіндік береді.

3. Бұл жүйенің басқару құрылымы - оқытушы (өз ойын, көз қарасын), өз кезегінде материалдың ұсынылуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады немесе анықтамалық жүйе ретінде де пайдалана алады.

4. Бұл жүйенің білімді бақылауымен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы [1] .

Сонымен қатар гипертексттік протокол (әдіс, компьютерлер арасындағы деректердің алмасуы) www стандарты арқылы (әлемдік тор) бұл оқулық жеңіл ғана глобалдық ақпараттық желіге(интернетке) және кеңінен қолданушылар тобына берілуі мүмкін.

Бүгінгі таңдағы жаратылыстану консепциясының тәртібі бойынша электрондық оқулықтардың компьютерлік әдістік нұсқауының негізгі бағыты бойынша 2-ге бөлінеді:

  1. Интернет технология. Гипертексттік құжат болып есептелетін интернет технологиясы құрамының оқулығы болуымен қатар ол желімен HTML немесе Java тілінің көмегімен таралады. (Интернет немесе интранет) .
  2. Case технология. Ал Case технологияның қолдануымен оқулық жеке бағдарлама ретінде және қарапайым бағдарламалау тілдерінде жазылады [31] .

Оқулықтың тұтынушыға жеткізілуі

Қолданушыға қандай да болмасын технологиямен дайындалған мультимедиялық оқулық жеткізілуі тиіс. Оқулықты дайындау технологиясы таңдалуымен қатар оның тұтынушыға жеткізілуі де үлкен роль ойнайды. Егер дайын болған оқулық авторы глобалдық желіге арқа сүйей алмаса, яғни, оның белгілі ақпараттың ресурстарын интернет желісіне жалғана алмаса және де оқулықтың өзі ойға қонымды белгілі мегабайт көлемінде болса, онда оқулықтың тұтынушыға жеткізілуін лазерлі компакт дискілермен мүмкін болар еді. Егер де оқулықтың сілтемелер жүйесі білім беру сайтына орналасқан болып, ол музейде экскурсия жүргізуші секілді болса, онда мұндай оқулықтың нақты орны интернет болар еді. Жоғарыда айтып өткеніміз бойынша мультимедиялық оқулықтарды тұтынушы қолына жеткізілуі тиіс болды делік және бұл оқулық құралының өзінің пайдаланушысына жетер жолдың 3 түрі бар болады.

Оқулықтың жеткізілу жолдары:

CD (лазерлі диск) ;

Интернет сайтында;

CD және оның интернет сайтына да байланысы болу [1] .

Қазіргі кезде заман талабына сай түрлі оқулықтар пайда болып, оларды тәжірибеде қолданылып жатыр десек артық айтпаған болар едік. Сонымен оқытушылар мен студенттер электрондық (мультимедиялық) оқулықтарға деген өздерінің ойларын түйіп, оң көзқарастар қалыптастыруда. Оқулықтардың түрлі тиімділігін пайдаланып, бұл күндері сапалы білім беруге деген құлшыныс жоғарылауда. Осылайша электрондық оқулықтарға деген түсініктерді төмендегіше тұжырымдауға болады:

● көрнекілік материалдардың ұсынылуы(мультимедиялық технология құжаттағы гиперсілтемелер, түсі дыбыс, бейне және т. б. ) ;

● жылдам, әрі тез арада қайта байланыс (құрылған текст тапсырмалармен сол материалды қалай қабылдағанын бақылау) ;

● әрдайым оқулықтың жаңа деректердің шығуымен толықтырылуы (электронды оқулық бір жерде топтастырылады, оған көптеген адамдар жалғануына болады. Егер бір файлды жаңартып немесе қосымша қосылса, онда жаңартылып толықтырылған оқулыққа рұқсаты бар барлық адамдарәп сәтте-ақ оқулықтың толыққанды түрімен қауыша алады) .

Мультимедиялық оқулықтың мүмкіншілігі:

  • тез арада қайта байланыс орнату;
  • қажетті ақпаратты табу;
  • текст қысқа, әрі нұсқалы болса да, оны көрсетіп, айқындау;
  • схемалар, модельдеу;
  • анимациялармен безендіру және т. б.

Мультимедиялық оқулыққа қойылатын талаптар:

● курс бойынша ақпарат құрылымы өте жақсы болуы керек;

● тексттік ақпарат бейне-лекциямен үндесуі керек;

● мультимедиялық оқулыққа көптерезелі интерфейс қолданылып, әр терезеде ақпараттар бір-біріне сілтемелермен байланыста болуы қажет;

● жай көріністе қиынға түсетін бөлімдер бейне көріністер мен анимация

арқылы толықтырылуы керек [9] .

Яғни, жоғарыда айтылған сөздерге қарай отырып электрондық

оқулықтар дайындау үшін мультимедияның барлық мүмкіндігін пайдалану қажет:

  • слайд-шоу;
  • мульти-анимациялық;
  • дыбыстық бейне фильмдер.

Мультимедияның негізгі ерекшелігі жаңа оқулық материалын тек қана көрумен ғана емес, сонымен бірге текстке, түске, статикалық бейне немесе көрініске, бейнефильмге және анимацияға, дыбысқа мән бере отырып, материалдың жан-жақтылығы мен сапасын жоғарылатады. Осылайша электрондық оқулықтарға сипаттама беріледі.

1. 2. Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар

Компьютерлiк техниканың барлық салаға екпiндi енуi, соның iшiнде бiлiм беру саласына енуi компьютерлiк оқыту технологиясын және компьютердi бiлiм беру саласында қолданудың психологиялық-педагогикалық негiзiн iргелi зерттеудi талап етедi. Компьютермен сұхбаттасудың интерактивтiк процессiн және компьютердiң көрнектiлiк мүмкiндiктерiн жоғары деңгейге көтеретiн жаңа ақпараттық технологиялардың бiрi мультимедиа (multimedia) құралы екеңдiгi белгiлi.

Оқытушы бағдарламалардың iшiнде имитациалық-моделдеушi бағдарламалары өмiрде, табиғатта болатын кұбылыстар мен процестердi көрнектi бейнелей алатындығы белгiлi. Оқыту процесiнде компьютерлiк оқыту бағдарламалары, ақпаратты iздеу және ақпаратты анықтамалық, оку процесiне арналған оқытушы орта - эксперттiк жүйелерi қолданылады.

Осы күнде белгiлi компьютерлiк бағдарламаларды зерттей келе компьютерлiк окыту жүйесi оқытушы бағдарламалардың жеке дара түрiнен ғана емес, комплекстi, көп функциональды болу қажеттiгi, сонымен катар, компьютерлiк оқытушы жүйеге қойылатын негiзгi талаптар анықтайды [32] .

Психологиялық-педагогикалық талаптарды қарастырайық.

Психология көзқарасы тұрғысынан қарағанда компьютерлiк оқытушы жүйелерге қойылатын ең негiзгi талаптарға:

• керi байланысты ұйымдастыру;

• оқудың мотивациясын қалыптастыру;

• компьютерлiк оқыту жүйесi негiзiнде жеке оқыту;

• сұхбаттасуды жүргiзу жатады [9] .

Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды қарастырайық.

Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектiлеуде оны симметрия параметрi бойынша бағалау маңызды. Компьютердiң функциясына оқу бағыты мен тақырыпты анықтау, сұхбаттасуды құрастыруды жатқызсақ, сұхбаттасу ассиметриясы компьютердiң пайдасына шешiледi. Оқушыдан тек қана пассивтiк жауап қайтару талап етiледi. Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын бастауда оқушы мен компьютерге тең мүмкiндiк берiлуi керек. Оқушының сұхбаттасуды кез-келген уақытта бастауға мүмкiндiгi бар, ал компьютердiң кез-келген уақытта сұхбаттасуды бастауға мүмкiндiгi жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бiрге компьютердiң сол сәтте сұхбаттасуды жүргiзу мүмкiншiлiгi сияқты факторлар iске қосылады.

Сұхбаттасуды құрастыруда оқушы өзiнiң iс-әрекеттерiнiң толық жарамдылығын түсiнiп, өз iс-әрекеттерiнiң субъектiсi ретiнде сезiнетiндей, орындайтын iс-әрекеттерiн кеңiнен жоспарлап, қажет болғанда оны логикалық соңына жеткiзе алатындай немесе ойын қандай да бiр критикалық нүктеге жеткiзiп, үйреншiктi деңгейде өзiн бағалай алатындай болуы керек.

Оқушыны сұхбаттасуға тарту мәселесiн шешуде мiндеттi түрде окушыда сол сәтте сұхбаттасу қажеттiлiгi бар ма екендiгiн анықтап, сұхбаттасу оның ойын бұзбайтындығын ескеру қажет. Сұхбаттасудың бағытын анықтауда оқушының дайындық деңгейi ескерiлуi керек. Оқушының дайындық деңгейi тапсырманы орындаудың қандай кезеңiнде болғандығымен анықталады. Оқушының сұхбаттасуы өзiндiк максат емес, оның шектен тыс жиiлiгi өзiн-өзi ақтамайтындығын ескеру керек.

Оқытушы жүйелерде сұхбаттасудағы өзара байланысты ұйымдастыру-да келесi ескерiлмеген жағдайлар кездеседi:

- компъютердiң шектен тыс көмек беруi, яғни оқушыға қате жiбергенде шешу жолын толық көрсету;

- жеткiлiксiз көмек, яғни түсiнiктеменiң және көмектiң оқушыға түсiнiксiз болуы.

Сондықтан, сұхбаттасуды ұйымдастыруда төмендегi жағдайларды ескеру керек:

- кездесетiн қиыншылықтың ерекшелiгiн анықтап, оқушыны ескерту;

- оқытушы бағдарламаның көмек беру мүмкiндiгiмен оқушыны таныстыруды iске асыру қажет.

Оқушы мен компьютер арасындағы сұхбаттасу байланысын бұзатын негiзгi себептердiң бiрi - бағалау пiкiрлерде адекваттықтың болмауы. Адекваттықтың жоқтығы окытушы бағдарламаларда оқушыны шектен тыс мақтау элементтерi. Егер оқушы еш қиындықсыз тапсырманы орындағанда компьютер оны мақтаса, оқушының жұмысқа жауапкершiлiгi төмендейдi.

Оқушының компьютерде беретiн жауабына қойылатын негiзгi талаптардың лингвистикалық аспектiлерiн қарастырайық.

1. Оқушының жауабы неғұрлым қысқа болып, оның клавиатурадағы жұмысы азаюы керек, тышқан манипуляторының көмегiмен жауапқа қажеттi объектiнi белгiлеу «drag and drop» арқылы iске асырылу қажет.

2. Оқытушы бағдарламаның барлық, фрагменттерiне бiрдей қысқартулар, синтаксистiк таңбаларды қолдану, хабарды берудi шектеудiң аспектiлерi (мысалы, зат есiмнiң аттары тек атау септiгiнде жiктеледi) анықталады. Бұл шектеулердi оқушылар жақсы меңгеруi керек. Қысқартулар оқушыға түсiнiксiз болғанда, жылжыма көмек iске асырылуы орынды (компъютерде ескерту механизмi - арқылы) .

3. Жауаптарды кодтау рұқсат етiледi. Бiрақ, бұл кодтар табиғи және тұрақты болулары керек. Қысқарту мүмкiндiгiн ескере отырып, олардың қолданылу және үндестiрiлу мүмкiндiктерiн нақты дәл айтып кету қажет.

4. Барлық форматтық ережелер алдын ала толық ескертiлiп, айтылуы керек.

Оқушы мен компьютердiң сұхбаттасуын проектiлеуде дизайн теориясы (көркемсурет теориясының негiзгi принциптерi: пропорция, рет, акцент, бiр-тұтастық және тепе-теңдiк) ескерiлуi керек [32] .

Пропорция принципi объектiлердiң өлшемдерi мен олардың кеңiстiктегi орналасуының ара қатынасына байланысты болады. Мәлiметтердi дисплей экранында ұйымдастыра отырып, логикалық байланысқан мәлiметтер айқын топталып, басқа мәлiметтер категориясынан ерекшеленуiне ұмтылу қажет. Мәлiметтердi реттi көрсету үшiн топтау GroupBox, Panel панельдерiн қолдану, табуляция, бос позиция пернесiн қолдану мүмкiндiктерi бар [1] .

Рет деп, көздiң қозғалысын ескеретiн дисплей экранындағы объектiлердiң ұйымдастырылуын айтамыз. Оқуға әдеттенген көз, әдетте, қозғалысты сол жақ жоғары бұрыштан, экран бойынша, оңға қарай оң жақ төменгi бұрышқа дейiн жылжиды. Сондықтан, бастапқы қабылдау нүктесi экранның сол жақ жоғары бұрышында орналасуы керек. Ал, жылдам көретiн тiзiмдер сол жағына келтiрiлiп вертикаль бойынша тегiстелуi керек [1] .

Акцент деп, бiрiншi қабылдану керек ең маңызды объектiнi ерекшелеу принципi. Бұл принциптi сактағанда окушының көз қарасы акцент зонасына бағытталады. Мұндай акцент жасау үшiн әр түрлi құралдарды пайдалануға болады: ең маңызды мәлiметтi центрге орналастыру, оларды бос кеңiстiкте басқа ақпараттан бөлек орналастыру, ашық түстердi қолдану. Артық әшекейлеуден, түстердi қажеттен тыс көп пайдаланудан, артық кодтаудан және енгiзiлетiн ақпараттың көлемi өте үлкен болуынан аулақ болып, экранның анықталған бiр бөлiгiнде түрлi-түстi бояудың көмегiмен көмектi арнайы ажыратқан дұрыс.

Критикалық ақпаратты, ерекше мәлiметтердi, өзгерiстi талап ететiн элементтердi, жоғары приоритеттi мәлiметтердi, енгiзу қателерiн, команданың салдары жайлы ескертулердi, есептi шешуге арналған нұсқауларды, ережелердi белгiлеу керек.

Негiзгi объектiге оқушылардың назарын аудару үшiн түстi дақты қолдану орынды, яғни, ең ашық түспен негiзгi объект, ал қосымша түспен оның қалған бөлiктерi белгiленедi. Егер түстер гаммасы суреттi қабылдау психологиясын есепке алмай құрастырылса, бұл негiзгi бөлiктi белгiлеудi қиындатады, көздi талдырады. Ашық түстер жабық фонда көрерменге жақындатылып, ал жабық түстер, ашық фонда алыстатылып көрiнедi. Эвристикалық ұсыныстар болған жағдайда түстi кәдiмгi бейнелеумен сәйкестендiру керек (яғни, қызыл - рұқсат жоқ, жасыл - рұқсат, сары - алдын - ала ескерту) [1] .

Тұтастық принципi бейнелердiң өзара байланысты болуын, өлшемi, формасы, түсi бойынша дәл сәйкес келуiн талап етедi. Олар тiзбектi, функциональды, мәнi бойынша және т. б. ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұнда оқушыларды мәлiметтердiң орналасу принциптерiмен таныстырып өткен дұрыс. Бiркелкi мәлiметтер дараланған түрде, әр жоспарлы мәлiметтер әр түрлi көрсетулерi керек. Шек қою үшiн қарама-қарсы түстердi, ал ұқсастықты беру үшiн ұқсас, бiрақ әртүрлi түстердi қолдану қажет. Берiлетiн ақпараттар дараланған және логикалы болу керек [1] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphі программалау тілін қолданып Информатика пәнінен электрондық оқулықты пайдалану технологиясы
Қазақстандағы білім беру жүйесіне сипаттама
Білім беру жүйесінде ақпараттық техникалық құралдарды қолдану
Лингвистикалық мультимедиалық платформалар
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Интернет желісіне қосылу
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Білім беруді бағалау тарихы
Қорыта келе электрондық оқулықтың құрамында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz