«Айқап» журналы және ХХ ғ.б.әдебиеттің даму мәселелері (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Ф-Б-001/033

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы:

«Айқап» журналы және ХХ ғ. б. әдебиеттің даму мәселелері

(тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)

Жұмыс қорғауға жіберілді

Ғылыми жетекшісі:

Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. к., ф. ғ. к., доцент С. Ергөбек

Доцент С. Ергөбек « » 2009

Орындаған: СҚӘ-615о

тобының студенті

Ибрагимов Ерлан

Түркістан - 2009

Мазмұны

КІРІСПЕ (Жұмыстың жалпы сипаттамасы) . . . 3-4

І ТАРАУ

ХХ ғ. б. қазақ баспасөзінің дамуы және «Айқап» журналы

1. 1 ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің дамуы және «Айқап». . 5-15

1. 2 «Айқап» көтерген өзекті мәселелер . . . 15-22

ІІ ТАРАУ

«Айқап» және ХХ ғ. б. әдебиет

2. 1 «Айқап» және көркем әдебиет . . . 23-39

2. 2 «Айқап» және әдебиет мәселелері . . . 39-49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50-51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52-53

Кіріспе

(Жұмыстың жалпы сипаттамасы)

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихының ХХ ғ. б. кезеңі (1900-1920) даму тұрғысынан алғанда, айрықша деп айтуға болады. Кезең әдебиеті - ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттің заңды жалғасы. Әйтсе де ХХ ғ. б. әдебиеттің айрықша дамуына әсер еткен бірнеше мәселе болды. Олар: осы кезеңдегі орыс патшалығындағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделілігі, бірінші орыс төңкерісі (1905-1907) нәтижесінде пайда болған демократиялық жағдайлар, олардың орыс халқымен бірге бұратана елдердің де мәдени тұрғыдан алға озуына ықпал етті. Оқу-ағарту ісі дамыды. Кітап бастыру ісі де жақсы жорлға қойыла бастады. Баспасөз ісі де патшалық тарапынан қанша қысым көрсе де бұған дейін болмаған дәрежеде өсті. Осы жағдайлардың барлығы да ХХ ғ. б. қазақ әдебиетінің өсуіне елеулі әсер етті. Әсіресе, кітап бастыру мен баспасөз ісінің дамуы әдебиеттің дамуына мол ықпал еткені даусыз. Патшалық цензура тарапынан үздіксіз қысым, зорлықтың мол болуына байланысты жеке қайраткерлік тұлғалардың бастамасымен шығып отырған қазақ газеттері ұзақ өмір сүре алмай, жабылып қалып отырды. Аталған кезеңде қиыншылықтарға қарамай, ұзақтау өмір сүрген және қазақ әдебиетінің дамуына өз басылымдары арқылы мол ықпал еткен екі-үш ғана басылым болды. Олар: ақын-жазушы М. Сералиннің бастамасымен, қайраткерлігімен 1911-1915 жылдар аралығында шығып тұрған «Айқап» журналы еді. Журналдың басы қасында М. Сералинге қаламының қайратымен көп көмек көрсеткен А. Байтұрсынов, М. Дулатов (Орынборда «Қазақ» газетін шығарғанға дейін), Ә. Ғалымов, С. Торайғыров секілді қаламгерлер қызмет етті. Сол сияқты «Қазақстан» газеті де өзге басылымдармен салыстырғанда, біршама мол басылған газет болды. Бұл газеттің басылуына бетінде, ХХ ғ. б. қазақ халқының түрлі мәселесі қозғалып отыруына Б. Қаратаев, Ғ. Қараш секілді қазақтың қайраткер азаматтары еңбек сіңірді. Баспасөз мәселесінде ерекше орны бар, әрі ұзақ басылған, әрі қазақ даласының түкпір-түкпіріне жеткен, мол тиражбен тарай алған басылым - «Қазақ» газеті болды. Газеттің сондай дәрежеде басылуына, қазақ халқына жан-жақты қызмет етуіне Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов күш-қайратын жұмсады. Әрине, аталған басылымдардың ісіне қазақ халқының оқыған азаматтарының әрқайсысы дерлік өз үлесін қосты, ойы ортаға салды десек, қателеспейміз.

ХХ ғаыср басындағы қазақ баспасөзі мен әдебиетінің дамуында ерекше орны бар басылым - «Айқап» журналы. Журнал бетінде сол кезеңдегі қазақ халқының түрлі проблемалық, ұлттық мәселелері тұрақты көтеріліп отырды. Бұл жағдай қазақ журналистикасының, көсемсөзінің жан-жақты өсуіне, толысуына зор әсер етті деп айта аламыз. Сол секілді журнал бетінде әдеби шығармалар да мол орын алып отырды. Журналда жарияланған көркем шығармалар жанрлық тұрғыдан алғанда сан-салалы болып келеді. Журнал бетінде поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалармен қатар, аударма үлгілері де жарияланып отырды. Бұл жайт ХХ ғ. б. қазақ әдебиетінің дамуына қосылған мол үлес еді. Аталып, айтылған мәселелер зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетсе керек.

Тақырыптың жаңалығы. Зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің дамуындағы «Айқап» журналының орны жан-жақты сөз болады. Сонымен бірге журналдың кезең әдебиетінің дамуына еткен ықпалы басты назарда болады.

Тақырыптың теориялық, практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен әдебиетінің даму мәселелерін зерттеу арқылы кезең баспасөзі мен әдебиет тарихы жөнінде теориялық, практикалық мәліметтер бере алады.

Зерттеудің мақсат, міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - ХХ ғ. б. қазақ баспасөзінің даму ерекшеліктері мен «Айқап» журналының көтерген мәселелері және кезең әдебиетінің дамуына журнал жасаған ықпал мәселесін талдау болса, осы мақсатқа сай мынадай міндеттер көзделеді:

  • ХХ ғ. б. қазақ баспасөзінің дамуы және сол үдерістегі «Айқап» журналының орнын анықтау;
  • «Айқап» журналы көтерген өзекті мәселелерді саралау, анықтау;
  • «Айқап» журналы және ХХ ғасыр басындағы әдеби үдеріс байланысын ашу, «Айқап» және кезең әдебиетінің даму ерекшеліктерін нақтылау;
  • «Айқап» және журнал көтерген әдебиет мәселелері ерекшеліктерін саралау.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ

ХХ ғ. б. қазақ баспасөзінің дамуы және «Айқап» журналы

1. 1 ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің дамуы және «Айқап»

ХХ ғасыр басындағы әдебиет даму тұрғысынан ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттің заңды жалғасы болды. Соның дамыған, көркейген, өскен үлгісі болды. Сол секілді ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің тарихы да ХІХ ғасырдың екінші жартысында басылған «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газеттерінен бастау алады. Бұл газеттер орыс патшалығының үкіметі тарапынан басылған қазыналық газет болды. Әйтсе де, осы басылымдар бетінде қазақ халқы тарихына, мәдениетіне, өнеріне, фольклорына т. т. қатысты көп материалдар жарық көрді. Демек, бұл басылымдар қазақ баспасөзінің, көсемсөзінің дамуында ерекше орны болды.

ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен әдебиеті кеңес дәуірінде де, онан кейінгі кезеңдерде де зерттеліп келе жатқан мәселелер. Кезең басапсөзі мен әдебиетінің мол зерттелу себебі - оның кейінгі қазақ баспасөзі мен әдебиетінің дамуындағы орнының өте-мөте ерекшелігі. Проф. Бейсембай Кенжебаевтың көп ел аралап, көп жердің архивін ақтарып, дамыл таппай ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен әдебиеті жөнінде дерек, дәйек, құжат іздеуі, түрлі саяси аумалы-төкпелі кезеңде қайраткер-қаламгерлердің әдеби-публицистикалық мұраларын жинап, жариялап отыруының өзі дербес ғибрат.

Профессор Бейсембай Кенжебаев өзінің ұзақ ғұмырында «Айқап» журналы мәселелеріне, оның редакторы ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин тақырыбына дүркін-дүркін оралып, зерттеу, очерк кітабы, монографиялық тарау, оқулыққа енгізу, туған, өлген жылдарына байланысты атаулы күндері әрдайым мақала жазып, баспасөз бетінде жариялап, насихаттап отырды [1] .

Қазақ баспасөзі мен әдебиетіне бірдей қатысты «Айқап» журналы және оның редакторы М. Сералиннің өмірі, саяси-қоғамдық көзқарасы, қайраткерлігі, әдеби, публицистикалық мұрасы Бейсембай Кенжебаевтан өзге Қ. Бейсембиев[2], Ә. Дербісәлин [3], Х. Бекхожин [4], Р. Бердібаев [5], Т. Кәкішев [6], С. Зиманов, Қ. Ыдырысов [7], Т. Қожакеев [8], С. Бурабаев [9], Т. Әбдірахманов [10], Ү. Субханбердина [11], З. Бисенғалиев [12], Ө. Әбдіманов [13] секілді әр буын ғалымдар тарапынан кейде арнайы, кейде зерттеу объектісіне орай жанама түрде қарастырылып, зерттеліп келеді. Аталмыш ғалымдар еңбегі кейбір дәуір тынысына орай жіберілген кемшіліктеріне қарамастан, «Айқап» журналы және Сералин шығармашылығын зерттеуге, тануға қосылған мол үлес болды.

«Түркістан уәлаяты» газеті - халқымыздың саяси-әлеуметтік, әдеби, мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятып қалыптастыруға септігін тигізген қазақ баспасөзінің көш бастаушы басылымы. Газет 1870 жылдан бастап Ташкентте шыға бастаған «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде жарық көрді. Бұл тек қазақтың ғана емес Орта Азия халықтарының тұңғыш газеті еді. Алғашында ол айына төрт рет екі саны қазақша, екі саны өзбекше шықты. Газет бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағұлматтар көп басылған. Әсіресе, Ақмешіт, Шымкент, Әулиеата және Жетісу жерлерін қоныстанған қазақтардың тыныс, тіршілігі кеңірек қамтылды. Негізінде газеттің шығуына іскі істер министрлігі рұқсат беріп, оның бағдарламасын, патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, салтанатты жиылыстарын жариялауға ғана лайықтап, көбіне ресми хабарларды басып отыруды ұйғарған еді. Ресми хабарлардың ішінде Түркістан генерал-губернаторы мен әскер губернаторлардың жергілікті халыққа қатысты түрлі бұйрықтары, үкімет бұйрықтары, сот үкімдері болды. Орыс патшалығының ғылымы мен білімі және тарихына қатысты ұлы орыстық материалдар басылып отырды. Сонымен бірге, орыстың классикалық әдебиеті, ақындары мен жазушылары туралы да мақалалар жарияланды. Сол секілді қазақ әдебиетінің де ірі өкілдері туралы мақалалар және олардың шығармалары, қазақ фольклоры материалдары басылды.

«Дала уәлаятының» газеті 1888-1902 жылдар аралығында Омбы қаласында шығып тұрған «Акмолинские обласные ведомости» газетіне қосымша ретінде қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрды. Газет қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі туралы материалдарды тұрақты жариялап отырған басылым болды. Орыс тіліндегі қосымшасы «Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен шығатын. Қосымша 1894 жылдан бастап орыс тілінде «Киргизская степная газета», ал қазақ тілінде «Дала уәлаятының» газеті деген атпен жарық көре бастады. Газет аптасына бір рет шығатын апталық газет болды. Газеттің соңғы саны 1902 жылы наурыз айында басылды. Содан кейін газет «Сельскохозяйсвенный листок» атты орыс тілді газет болды.

«Түркістан уәлаятының» газетінің қазақша басылуына Ш. Ибрагимов, И. Ибрагимовтар қалай қызмет етсе, «Дала уәлаятының» қазақша шығуына басшылық еткен Ешмұхамет Абылайханов, Дінмұхамет Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсенбаевтар болды. Бұл газетте үкімет бекіткен бағдарламасына сәйкес патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, заң-зәкүндерін, әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды. Газетте ресми және ресми емес бөлімдер жұмыс жасады. Ресми емес бөлімде халыққа пайдалы ғылым, білімге қатысты мақалалар жарияланды. Газет сол кездегі өзге газеттерге қарағанда, қазақ халқының тұрмысын, оның шаруашылық жағдайын, мәдени тіршілігін толығырақ көрсетіп отырды. Сібір әкімшілігіне қараған Семей, Ақмола, Жетісу қазақтары өнер-білім жаңалықтарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет қазақ жұртшылығын орыс әдебиетімен де таныстырды. Оның бетінде А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Л. Н. Толстой, Д. Н. Мамин-Сибиряк, Г. И. Успенский шығармаларының, И. А. Крыловтың мысалдарының қазақ тіліндегі алғашқы аудармалары басылып жатты. Сондай-ақ, қазақ елінің тұрмысын, әдебиетін, тұрмысын, мәдениетін зерттеген орыс ғалымдары өздерінің мақалаларын да осы газетте жиі бастырып отырды. Мсыалы, Г. Потанин, А. Алекторов, А. Ивановский, А. Добросмыслов, В. Обручев, Н. Пантусов, Н. Ильминский т. б. қазақ елінің тарихына, этнографиясына қатысты материалдарымен қатар қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастыруда пайдалы жұмыстар жасады. Рас, аталған ғалымдардың көпшілігі бұратана жұрт қазаққа қатысты миссионерлік пиғылда жұмыс жасап еді.

Газет жергілікті отаршылдық, әкімшілік орындардың ресми органы болғанымен, халықты отырықшылыққа, өнер-білімге шақыруда едәуір роль атқарды. Әсіресе, қазақ жазба әдеби тілінің дамуына зор ықпал жасады деп айтуымызға болады. Газет бетінде қоғамдық-публицистикалық және ресми іс-қағаздарын жүргізу жөнінде түрлі мақалалар жарияланды. Публицистикалық, ресми және ғылыми стильдің негізі қаланды. Аударма тәжірибесінің алғашқы қадамдары жасалды. Араб графикасына негізделген қазақ жазбасында тыныс белгілерін қолданудың да алғашқы әрекеттері жасалды.

Ұлттық баспасөзіміздің қарлығаштарымыздың бірі - «Дала уәлаяты газетінің» дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Дала уәлаяты газетінде» басылған шығармаларды қазақ халқының әр кезеңдеріндегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, күрделі жағдайлары мен оқиғалар толық тұтас қамтылмағанымен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке-жеке суреттерін алғаш рет осы газет бетінде жарияланып, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің негізін қалауға көмектесті.

«Дала уәлаяты газетінде» басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз төл туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілері еді. Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан бір-біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба әдебиетінің дауына ықпал етті.

Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың, классик ақын Абай Құнанбаевтың, ағартушы әрі жазушы Ы. Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына, шығармаларының жарияланып отыруына газеттің ықпалы мол болды.

«Дала уәлаяты газеті» әдебиетке, мәдениетке қатысты мақала, хабар, өлең, публицистикалық шығармалар, очерктер, мысалдар мен ертегілер, аңыздар мен әңгімелерді көп жариялағанын, сол арқылы қазақ әдебиетінің, көсемсөзінің т. т. дамуына көп әсер еткенін жоғарыда атап айтып өттік. Осы орайда тағы да ерекше айтылуға тиіс мәселенің бірі - қазақ көркем прозасының дамуындағы газеттің ролі. Газет материалдары қатарында қазақ көркем прозасының көптеген көркем үлгілерін табуға болады. Сөзіміздің дәлелі ретінде, ғалым Ү. Сүбханбердинаның қажырлы еңбегінің арқасында жарыққа шыққан «Дала уәлаятының газетіндегі» әдеби нұсқалар» атты бестомдық кітапты айтуымызға болады. Демек, ХХ ғасыр басында жеке көркем жанр ретінде толық орныққан роман жанрының, жалпы проза жанрының туып, қалыптасуына, дамуында газеттің орны ерекше екендігі анық.

«Серке» (1907) . « Серке» газеті жайында Б. Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер» деген кітабында біраз мағлұматтар келтірілген еді. Газеттің өзін тауып оқи алмағандықтан, осы басылым төңірегінде шыққан деректерге сүйеніп, қысқаша мәлімет бергенді жөн көрдік.

Қазақ оқушыларына арналып Петербургте шығып тұратын «Улфат» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қошығұловтың басқаруымен және X. Ибрагимовтың редакторлығымен 1907 ж жарық көрген «Серке» газеті үш-төрт нөмірі басылған соң тоқтап қалған екен. Бастапқыда екі жетіде бір шығарылмақ болған көрінеді. «Серке» газеттің шығуы туралы 1911 ж. М. Сералиннің оқушыларға арнап жазған бас мақаласында: «1907 ж. ІІ-Мемлекеттік думаның мүшесі Шәймерден Қошығұловтың іждиһатыменен Петербургте «Серке» есімді газет шыға бастап еді, ұзаққа бармай үкімет тарапынан тоқтатылды» («Айқап», 1911, №1) делінген.

Газеттің шығуы жайында Ш. Қошығұловтың айтуымен жазылған Орталық ғылыми кітапханадағы қолжазбада «Серке» газетінің 3-4 саны шығып тоқтағандығы, газет атының боранда қойды жайылымға бастаушы серке мағынасында алынғандығы туралы деректер бар. Ал «Нәжет» («Азаттық») деген жинақта «Улфат» газетінің редакторының бірі жазған хабарда: «1906 жылдың ақырында «Улфаттың» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде «Серке» атты екі жетілік газет шығаруға қарар болды. Келесі жылғы март айының басында сол газеттің жариялауы шықты. Артынша, 28 мартта бірінші саны шықты. Ол «Улфат» газетінің 67-санына қосымша болып шықты. Газет шыққан соң бірер күннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Улфат» газеттерінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті. Екінші күні тиісті орындардан сұрағанымызда, олар: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берді делінген. «Серке» газеті «Улфат» газетіне қосымша болғандықтан, мұны да либералдық-буржуазиялық бағыттағы газет деуге болады деген баға береді Ү. Сүбханбердина [14, 20] .

«Қазақ» газеті. «Қазақ газеті» 1907 ж., наурыз айында, Троицк қаласында шыққан. Бір саны шығып тоқтап қалған. Шығарушысы - Хаим Шумлов-Сосновский, бастырушылар - Жетпісбай Андреев, Ешмухамет Иманбаев. Газеттің басылуы, қай қалада шығару керектігі, редакторы жайында көп дау болып, ақырында келісімге келіпті. Бұл газеттің де нұсқасы сақталмаған. Рәмиевтің «Уақытылы татар матбұғаты» деген альбомында «Қазақ газеті» 1907 ж., март айында қазақ тілінде Троицк қаласында Хаим Шумлов-Сосновскийдің басқаруымен шығып тұрғаны жөнінде мәлімет берілген.

«Қазақстан» газеті 1911 ж., 16 наурыздан бастап, алғашқы сандары Ордада, кейін Оралда (бұрынғы Теке қаласында) қазақ және орыс тілдерінде басылды. Орыс тілінде қазақ мәтінінің кейбір қысқаша аудармасы ғана беріліп тұрыпты. Көлемі шағын, 6 беттік газеттің 5 саны 1911 ж., ал қалған сандары 1912-13 ж., барлығы 14-15 саны шыққан екен. Газеттің редакторы Елеусин Бюрин болды. Газет А. Н. Шелкова дегеннің жекеменшік баспаханасында басылып тұрған. Газеттің мақсатын әр санының басында: «Газеттің асыл мақсаты: кәсіп ету, ғылым үйрену турасында» делінген сөздерден-ақ айқын аңғаруға болады. «Қазақстан» газетінің бетіндегі мақалаларда халық алдындағы адамгершілік парызды өтеу мақсатында қазақ елін өнер-білімге жетелеуге қызмет ететіндігі жазылған (1911, N1, 15 қараша) Рәмиевтің «Уақытылы татар матбұғаты» деген альбомында «Қазақстан» газетінің 1911 ж., наурыздан бастап Орал қаласында қазақ тілінде шыға бастағандығы, қазақтың көзі ашық азаматтарының бір-бірімен мәмлеге келе алмай, біршама уақыт айтысып, тартысқан соң көп қайшылықтармен шығарылғандығы туралы мәлімет берілген. «Қазақстан» газетінің бетінде орыс мәдениетінен, әдебиетінен үйренуге, үлгі алуға шақыру секілді сарын басым. Оған Кольцовтың «Что ты спишь, мужичек?» (1911, 1, 16 наурыз) деген өлеңінің қазақ тіліне «Уа, ұйықтап жатамысың, қара шекпен?» деп аударылуы жалқаулықты, кері кеткендікті әшкерелеп, талапкерлікке, еңбекке үндеуі айқын дәлел бола алады. Архангельскийдің «Қазақтың мал шаруашылығына көмек жайында» (1913, №1, 27 қаңт. ) деген мақаласын қазақ тіліне аударып, осы сала жайында құнды кеңестер берілгенін де атап өткен орынды.

Газет бетінде мәдени жаңалықтармен бірге, ғылым жетістіктеріне арналған материалдар да жарияланып тұрды. «Нефті» (1911, №2, 1 желт. ) деген хабарда Үйшік (Гурьев) уезінде 8000 шаршы км. көлемін алып жатқан бай мұнай орнының табылғандығы жазылған. Жаңа шыққан кітап, газет туралы хабар, мақалалар да көптеп кездеседі. «Жаңа шыққан кітап» (1913, №2, 16 ақпан) деген хабарда «Қазақстан» баспаханасынан көлемі 27 беттік «Ызың» атты жаңа кітаптың басылып шыққандығы хабарланған.

«Қазақстан» газетінің бетінде басылған мақалалардан қазақ елінің хал-ахуалын, тіршілігін, шаруашылығын білумен қатар елді өнер-білімге, мәдениетке, басқа елдердің әдебиетінен үлгі алуға шақырған прогресшіл-демократиялық ізгі ниетті аңғаруға болады. Алайда, газеттің небәрі 14-15 саны шығып, жабылып қалды.

Кезінде қалың қазақ елінің айнасы, шамшырағы болған, білім мен өнерді, мәдениетті насихаттап, жұртшылыққа таныстырған «Қазақ» газеті А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың еңбегінің арқасында жарыққа шықты.

«Қазақ» газеті Орынборда 1913 жылғы 2 ақпаннан бастап шыға бастады. Таралымы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткені туралы деректер бар. Редакторы Ахмет Байтұрсынов, бастырушы «Азамат» серіктігі, Құсайынов-Кәрімов баспаханасы.

Архивте газеттің екінші редакторлығына М. Дулатовты тағайындау туралы 1914 жылғы 19 мамырда Орынбор губернаторына жоғарғы баспасөз басқармасының берген бұйрығында былай делінеді: «Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газетінің екінші жауапты редакторы қызметін атқаруға Торғай облысы, Сарықопа болысы №1 ауылдың қазағы Мир-Якуп Дулатович Дулатовқа рұқсат берілген. Ал газеттің 1918 жылғы 261-265-сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Баспасөз және сын
М.қаратаев - әдебиет сыншысы
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Қазақ тілі газеті
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz