Отбасындағы ұрыс – керіс келіспеушіліктер



Отбасындағы ұрыс – керіс келіспеушіліктер оның қалыпты жағдайына ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Той аяқталғаннан кейін, жаңа отаудың өзіндік тарихы басталады. Отау егелерін – жас жұбайлар дейді. Жаңа шаңырақ көтерген отбасы барлық жаңа жаратылған тіршілік сияқты, осал, морт келеді. Оны статистикалық мәліметтер дәлелдеп отыр: айырылудың көбі осы кезеңде болады. Мұның себебі неде? Себебін жоғарыда айтып кеткендей, отбасылық келіспеушіліктер, ұрыс – керістер. Алайда, шет елдерде әрбір отбасының өз психологы бар. Яғни, олар үй болып бала тәрбиесінде жүрсе де психологтың кеңесін алуға дағдыланған. Ол үшін психологтың әрине білімді, өз маман иесі, және де жақсы кеңес бере алатындай болуы керек. Ұрыс үстінде ерлі – зайыптылар бір – бірінен бұрын көрсетпеген мінездерін танытады. Екеуара қарым – қатынастың дамуына біржағынан алғанда мұндай қайшылықтың пайдасы да бар сияқты. Себебі, ерлі – зайыптылар бір – біріне өкпе – назын, ренішін жеткізеді.
Екі мінез – құлықтың нағыз соқтығысыда болады. Оны тоқтатуға енді әзіл – қалжыңның әлі келмей қалады. Қарсыластар өзіне жақтастар жинауға кіріседі. Оның құрамына балалары, туыстары, достары кіреді. Әрқайсысы өзінің дұрыстығын жақтап, жеңілгісі келмейді. Бір – бірінен өш алып, есесін жібермеудің амалын құрастырып, қит еткенді жіпке тізіп, сыныққа сылтау тауып отырады. Мұндай қақтығыстар жанды жаралап, екі ортаға сызат түсіреді. Татуласқан күнде де бітеу жарадай сыздап, ойдан кетпейді. Ұрыстың бұл түріне маскүнемдік, отбасына опасыздық, тұрақсыздық, дөрекілік пен өшпенділік, отбасы мүшелеріне балаларына деген немқұрайлылық өз міндетіне жауапсыздық т.б. себепші болатындықтан, татулық та оңайлықпен қайта оралмайды. Солай бола тұрса да, отбасы татулығын сақтаудың жолдарын таба білуге тырысу керек. Бұл істі белгілі ережелерді сақтай отырып, ақылмен жүзеге асыруға болады. Ол ережелер:
1. К.Оразбекова "Иман және инабат" –Алматы, "Ата - ана" баспасы, 1993ж.
2. || "Қазақстан әйелдері" №10. 2000ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Отбасындағы ұрыс – керіс келіспеушіліктер оның қалыпты жағдайына
ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Той аяқталғаннан кейін, жаңа
отаудың өзіндік тарихы басталады. Отау егелерін – жас жұбайлар дейді. Жаңа
шаңырақ көтерген отбасы барлық жаңа жаратылған тіршілік сияқты, осал, морт
келеді. Оны статистикалық мәліметтер дәлелдеп отыр: айырылудың көбі осы
кезеңде болады. Мұның себебі неде? Себебін жоғарыда айтып кеткендей,
отбасылық келіспеушіліктер, ұрыс – керістер. Алайда, шет елдерде әрбір
отбасының өз психологы бар. Яғни, олар үй болып бала тәрбиесінде жүрсе де
психологтың кеңесін алуға дағдыланған. Ол үшін психологтың әрине білімді,
өз маман иесі, және де жақсы кеңес бере алатындай болуы керек. Ұрыс үстінде
ерлі – зайыптылар бір – бірінен бұрын көрсетпеген мінездерін танытады.
Екеуара қарым – қатынастың дамуына біржағынан алғанда мұндай қайшылықтың
пайдасы да бар сияқты. Себебі, ерлі – зайыптылар бір – біріне өкпе – назын,
ренішін жеткізеді.
Екі мінез – құлықтың нағыз соқтығысыда болады. Оны тоқтатуға енді әзіл –
қалжыңның әлі келмей қалады. Қарсыластар өзіне жақтастар жинауға кіріседі.
Оның құрамына балалары, туыстары, достары кіреді. Әрқайсысы өзінің
дұрыстығын жақтап, жеңілгісі келмейді. Бір – бірінен өш алып, есесін
жібермеудің амалын құрастырып, қит еткенді жіпке тізіп, сыныққа сылтау
тауып отырады. Мұндай қақтығыстар жанды жаралап, екі ортаға сызат түсіреді.
Татуласқан күнде де бітеу жарадай сыздап, ойдан кетпейді. Ұрыстың бұл
түріне маскүнемдік, отбасына опасыздық, тұрақсыздық, дөрекілік пен
өшпенділік, отбасы мүшелеріне балаларына деген немқұрайлылық өз міндетіне
жауапсыздық т.б. себепші болатындықтан, татулық та оңайлықпен қайта
оралмайды. Солай бола тұрса да, отбасы татулығын сақтаудың жолдарын таба
білуге тырысу керек. Бұл істі белгілі ережелерді сақтай отырып, ақылмен
жүзеге асыруға болады. Ол ережелер:
Бірінші: Қақтығыстың неден басталғанын, себебін анықтау керек. Ең қиыны,
ұрыс әбден өршігенде, алғашқы себебін анықтап көр. Алдымен себеп айтылады,
ал оны өз қалпында түсіне қоймай, қарсыласып, ерегісіп бұрынғыдан да бетер
дауды өсіре береді. Кім не үшін риза емес екендігін анықтаудан бастау
керек. Ренішті жұбай – ұрыстағы негізгі тұлға. Ол отбасы шырқын бұзушы
"агрессор" емес. Ол жәбірленуші және басқалардан көмек күтуші. Ал, әрі
қарай оны шын ниетімізбен, ойын жинақтап нақты айтуға тырысқан.
Екінші; Ұрыстың негізгі себебімен, оны тудырушы фактіден ауытқымау
керек. Барлық ренішті жағдайларды бір уақытта жиып – теріп шеше алмайсыз.
Ұрыс неден шықты, ол туралы кім қалай ойлайтынын өзара кекетпей, мұқатпай
тыңдап, көзқарастарын қалыпқа келтіруге, түсіндіруге тырысу керек.
Үшінші; Қақтығыс кекетіп – мұқатып, бірін – бірі төмендету, жәбірлеу
түрінде емес, кеңесіп талдау түрінде өтуі қажет. Сол сияқты таласқа үшінші
адамды, балаларын, туыстарын және қатыстырмау керек. Олар еріксіз түрде
біреуіне жақ болып, аралық теңдікті бұзады. Әсіресе ата – аналарының
"соғысы" балаларына қатты батады.
Төртінші; Кешірімді болу. Қарсыласып ұрысты өршіте бермей, кей – кезде
өзін - өзі тежеп, серігін тыңдауға тырысу керек. Серігінің кей пікірлерімен
келісіп, оның қойған талабын орындаған дұрыс. Ал, талап қойған адам өз
бойына бір жола бағындырып алудың жолын ойламай, жолдасының аз ғана мойын
ұсынғанына қанағаттануы керек. Жұбайлық өмірде және басқа да қарым –
қатынастарда ашық түрдегі эгоизм, бірбеткейлік, кешірімсіздік
келіспеушілікті тудырады және семьяның бұзылуына әкеп соқтырады. Ерлі –
зайыптылардың махаббаты мен жастардың неке тіркеу орнына келу сезімінде
айырмашылық бары даусыз. Бұл табиғи нәрсе. Адам өзгереді, онымен бірге оның
сезімі де өзгереді.
15-тегі сүіспеншілікпен, 25 немесе 50 жастағы сүйіспеншілік бірдей
болмайды. Ол өзіне су жинаған өзендей кеңейіп, тереңдей түседі. Махаббат
құмарлығына өзара түсінушілік арқылы көп жылдар бойы қалыптасқан достық
қосылады да, ерлі – зайыптылар махаббатты ата – ана сезімімен байи түседі.
Махаббаттан туған нәресте үшін жауапкершілікті жұбайлар жаңаша ұғына
бастайды. Ерлі – зайыптылардың біреуі екіншісін түсінсе, ол ауырып жүре ме,
көңілсіз жүре ме соны сезініп, оған көмектессе, оны жұбатса сонда ғана
олардың махаббатты нығайта береді. Жақсы жұбайлар бірін – бірі түсінуді,
зейін қоюды, өмірді жеңілдетуді, қамқоршы болуды отбасының тыныштығы,
жайлылығы арқылы ғана жүзеге асыра алады. Отбасының қарым – қатынас
ерекшелігін білумен бірге оны өмірдің әр кезеңіне сақтай білуді де үйрену
керек. Ол жұбайлар қатынасында ерекше шаттық сезім орын тебеді, күш жігерлі
артып тау қопарарлық сенім пайда болады. Махаббаттың шабытты күші міне,
осындай. Бірақ, махаббат болса қалғаны өзінен өзі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жар таңдау және отау тігу
Басқалары түсіндіреді агрессивті мінез - құлық ашулануға реакция ретінде
Отбасындағы әлеуметтік психологиялық жағдайдың қиын балалардың шығуына психологиялық әсері
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар
Қиын балалармен жұмыс
Жасөспірімдерге мінездеме
Қиын балалардың пайда болуы
Отбасында сыйластық, жарастық орната білейік
Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Отбасындағы балаға жанжалдардың балаға педагогикалық психологиялық әсері
Пәндер