Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді пайдалнудың негіздері


Кіріспе
Біздің қоғамның оқу-тәрбие процесін дамытуға талаптарын Елбасы Жолдауларынан айқын көреміз, егерде ҚР Президентінің дәстүрлі жылдағы Жолдауларын тыңғылықты, мүлтіксіз жұмыс істеу арқылы орындасақ, «Қазақстан -2030» Стратегиялық жолдауы-жасампаздық жолдауы аталынған, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келеді, сонда ғана біздер бәсекеге лайықты білім беруді қамтамасыз етеміз, дамыған 50 елдің қатарына еңбек, бірлік, тірлік, тәжірибелерге талдау жасай жоспарлау арқылы ілгері дами берді.
Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған элем жайлы білімнің маңызды кезі болып табылыады. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектепте физика курсы жаңа мәнге ие болуда. Барлық оқушылар меңгеруге тиіс оку материалының стандартталған деңгейін, яғни қандай да бір тақырыптарға байланысты.
Мәселелерді оқу кезінде қалыптасатын білім, біліктілік, дағдыларға қойылатын талаптардың минимал және мүмкін деңгейлерін береді.
Әрине оқу орынның арнаулы қазіргі XXI ғасырға тән оқу кабинеттері, арнаулы жабықталған кабинеттер, арнаулы компьютер, мультимедиа лингофон, интернет класс-кабинеттері қажет, сонымен бірге әрине диапозитив, диафильм, транспорант, дискеттер, кинофильмдер, телефильмдер, компактдискеттер, сонымен қатар аппаратуралар. Ең бастысы білім алушылармен өз дәрежесінде жүмыс істей алатын кәсіби мамандар.
Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен физка ғылымының дамуына ғылыми техникалық прогрестің жетістіктеріне, зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің максаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп екендігі даусыз, сондықтан да физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жататындығы белгілі.
Физика әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлғаның ғылыми көзқарасын дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялык заңдылыктар, бакылау, мектеп тәжірибесін жинақтай, оқушылардың ойлау мен іс-әрекет ерекшеліктері, т. т. пайдаланылады.
Дидактиканы зерттеушілердің ірі өкілінің бірі, академик М. Н. Скаткиннің айтқанындай, көп уақыт бойы, жеке пәнді оқыту әдістемесі өз алдына ғылым емес, ол тек қана оған сәйкес ғылымның қолданбалы бөлігі деген пікір де бірқатар ғылымдар арасында орын алған. сол себепті де, олар кез-келген пәнді жақсы оқыту үшін, оған сәйкес ғылымды жақсы білу жеткілікті деген түсініктеме болды. Мұндай негативті көзқарас, пәнді оқыту әдістемесі мен оған қатысты ғылымның зерттейтін мәселелері мен міндеттерін шатастырудан шыққан. Байқап қарасақ, бұл екеуінің зерттеу нысандары мен максаттары бір-біріне сәйкес келмейді (мысалы, физика ғылымы және оны мектепте оқыту әдістемесі.
Мектептегі физиканы оқытудың казіргі кездегі жағдайын білу үшін оқу процесін бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктің болу себептері, оқу бағдарламалары, физика оқулықтарын, ғылыми-әдістемелік, косымша оқу құралдарын талдау барысында анықталады. Оқу экспериментін үйымдастыру принциптері, зерттеу мәселесіне байланысты бар әдебиеттерге әксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы арттырудың мүмкіндіктері ашылады.
Физиканы оқыту әдістемесінің методологиясы бұл білім беру формалары мен ұйымдастыру түрлері, құрылымдық принциптері мен физика теориясының дамуы, оның шешімдерін практикаға енгізу жолдарын, олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды қарастыратын ғылымның бір саласы.
Физиканы оқыту әдістемесінің методологиясының баска ғылымдар сияқты диалектика мен тарихи материализмге негізделген арнаулы зерттеу әдістері бар.
Осындай зерттеудің педагогикалық шарттары:
- орта білім беруде физиканың пән ретіндегі ролі мен маңызын талдау;
- алдыңғы катарлы педагогикалық іс-тәжірибені жинактау, үйрену және пайдалану;
- оқушылардың физиканы меңгеруінің психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, оқу құралдары мен оқулыктарға, әдістемелік құралдарға дидиактикалық талаптар қоя білу;
- физика ғылымының даму тарихына байланысты физиканы оқыту әдістемесінің заңды түрде дамуына талдау жасау;
- республика және шет елдердегі физика әдістемесінін даму және өзгеру заңдылықтарын анықтау, бағдарламаларын, әдістемелік құрал-жабдықтарын, білімдерін тексеру жолдарын салыстыра отырып талдау;
- осы зерттеу әдістерін негізге ала отырып болжам жасау оны экспериментте тексеру .
Физиканы оқыту процесінде окушылардың ғылыми дүние танымдықтан көзқарасын қалыптастыру әдістеріне:
- заттар мен құбылыстардың өзаа байланыстылығы мен дүниенің біртұтас материалдылығы;
- табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы байланыстарды көрсету; карастырылатын заңдылықтар мен олардан шығатын салдар арасындағы тәуелділіктің сипатын ашу .
Мектеп окушыларының диалектикалық көзқарасын калыптастыруда, физикалық ұғымдарды дамыту әдістемесі маңызды орын алады. Бұл мәселенің шешімі тікелей оку процесіндегі дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Окушылар физиканы оқу арқылы дүниедегі заттар мен кәбылыстардың заңдылықтарын танып біледі. Әрине, физиканы оқудың міидеті физикалық ғылыми білімдер жиынтығын жай есте сақтап, жинай білуде ғана емес. Окушылардың заттар мен кәбылыстар жөніндегі диалектикалык көзқарастарын, ұғымын қалыптастыру, дүниені танудың ғылыми әдісін үйрету, өз бетімен шығармашылық ойлау, пайымдау қабілетін дамыту. Білімді жай есте сақтаудан гөрі, оны әксперимент жүзінде көрсету әлде қайда киын жәмыс екендігін ескеруіміз тиіс.
Физикалық құбылыстарды түсіндіру, бақыланған факторларды жүйелі жинақтау, табиғаттағы өзгерістерді тану, абстрактілі ойлау арқылы ол жайындағы физикалық ұғымдар қалыптастырылады.
Физикалық құбылыстарды түсіндіру барысында, сол құбылысқа талдау жасаймыз. Олардың қасиеітерін салыстырамыз, ішкі табиғатын түсіндіріп, сол құбылыста байқалаған белгілі бір заңдылықтарды анықтаймыз, олардың пайда болуы, дамуы жағдайын көрсетеміз. Жаңа фактор мен құбылыстарды ғылыми түсіндіру негізінде оқушыларды қорытындылар жасауға бағыттаймыз.
Физика мұғалімінің алдына қойған мақсаты-оқушыларды дұрыс қорытынды жасай білу, ғылыми түрде абстрактілі ойлай білу қабілетіне жеткізу. Танымның ең маңызды бір құралы біздің табиғат жөніндегі білімімізді бекіте түсетін нақты істің өзі. Сондыктан біз белгілі бір құбылыстарды түсіндіргенде, физикалык заңды оқытқанда, олардың адам баласының тұрмыс тіршілігінде қалай пайдаланғандығын көрсетуіміз қажет.
Мұғалімнің физикалық құбылысты баяндауы барысында, оқушылардың табиғаттан сол кұбылысты өздері табатындай етіп ұйымдастыру керек.
Оқыту процесінде балалар арасындағы қатынастарға тікелей бақылау жұмысын жүргізбесе, олар өз беггерімен ешбір қорытынды жасамаса, тек мұғалімдердің айтқанын тыңдаумен шектелсе, онда олардың ойлауы жеткілікті дәрежеде дамымайды.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда, олардың өзіндік практикалык жұмыстарға кеткен уақыттары елеулі роль атқаратындығын көрсетті. Оқытуға кететін мерзімнің 25%-ін лабораториялық және басқа да практикалық жұмыстарға арналғаны дұрыс деп танылды. Жетілдірілген оқу бағдарламаларында фронталъ лабораториялық және практикумға физика пәніне арналған уақыттың 16%-ті арналады.
Физиканы окыту барысында оқушылар мұғалімнің басшылығьшен белгілі жүйеге түскен ғылыми білімділікке, практикада қолдануға тиісті бейімділіктері мен дағдыларға ие болып, күнделікті тұрмыс тіршілікте қолданылатын техника мен құралдарды қолдануды үйренеді.
Оку процесін дұрыс және ғылыми түрде ұйымдастыру үшін мұғалімге тек физиканың теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз, соиымен қатар білім алудағы оқушылардың бейімділіктері дағдыларын қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін дамытуда оқытудың жалпы психологиялық негіздерін білу қажет.
Физиканы оқыту процесін ұйымдастыруда, физиканы оқытудағы психологиялық ерекшеліктерді ескеру қажет. Олар біріншіден пәннің мазмұнына байланысты. Физикалық кұбылысты материяның әр түрде болуының, олардың өзара әсерін, бір-біріне айналу процессін түсіндіру үшін оқушылардан әртүрлі ойша елестетуді, абстракциялауды, модельдеуді керек етеді. Ал оқушылардың ойша елестетуі жас ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Екінші психологиялық ерекшелігі басқа пәндерге карағанда физикадан әр турлі модельдер мен белгілеулер (формулалар, белгілеулер, графиктер, т. б. ) оқушылардан әр түрлі объектілердің белгіленуінен нақты өмірде бар түріне көшуді, керісінше нақты объектілерден суреттік белгілерге иллюстрациялауға көшуді талап етеді.
Үшінші ерекшелігі физиканы оқытуда колданылатыы әр түрлі тәжірибе көрсету, оқушыларды бақылауға үйрету, түрлі практикалық жұмыстарды жасату кезіндегі оқушылардың жоғарғы сезімдік касиеттері (белсенділігі, табандылығы, өз пікірін жасқанбай айтуы, алдына қойған максатқа ұмтылғыштығы, қызығушылығы) болып табылады.
Мектеп окушыларының ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру-білім алудағы маңызды әлементтердің бірі.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде тезірек дамып, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тапқаны-физика ғылымы. Сондықтан да олар ғылыми-техникалық прогрестің дамуында шешуші роль атқаратын жетекші ғылымдардың біріне айналып отыр. Жыл сайын көптеген жаңалыктар ашылып, жаңа ұғымдардың пайда болуына көз жеткізіп келеміз.
Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды сапалы түрде меңгеру мүмкін емес, өйткені олар ұғымдар арасындағы байланысты білдіреді.
Ұғымға ие болу оқушылардың белсенді ой-қызметімен, талдау және іріктеу, салыстыру, абстракциялау және жалпылау сияқты ой операцияларын орындаумен байланысты, сондықтан ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың ойлау кабілеттерін дамыту үшін зор маңызға ие. Ұғымдарды меңгерудің барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенді таным кызметін ұйымдастыру керек.
Теориялык тұрғыдан талдасақ, физикалык ұғымдарды окушылардың меңгеру процесі А. Н. Леонтевтің әракет (деятельность) теориясы негізінде жүзеге асырылады. Бұл теория бойынша, физикалық экспериментті пайдалану арқылы ұғымдарды қалыптастыру процесі кезінде, сыртқы, заттык, сезімдік-практикалык әрекет-ұғымды меңгерудің бастапқы генетикалык негізі болып саналады. Ал психологиялық-физиологиялық тұрғыдан қарасақ, ұғымды қабылдау процесі көру және есіту анализаторларының реакциясынан (қызметінен) басталады. Мысалы, толқындардың интерференциясын көру анализаторларьі аркылы, ал акустикасын есіту нәтижесінде (құлак арқылы) ғана сезе аламыз, яғни көріп және есітіп қана түсінеміз.
Оқушыларға жан-жақты терең, тиянақты білім беруде көрнекті кұралдарды пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік маңызы зор екендігі даусыз. Ғылымда әртүрлі себептермен тікелей 'бақылауға болмайтын кұбылыстың мәнін тусіну үшін, ғалымлар сол құбылыстың киялдағы нобайын жасайды. Мысалы, газдардың қасиетін оқып үйрену үшін, идеал газдың киялдағы нобайы; атаоды окытуда-атаомның нобайы және т. т. жасалынды.
Физиканы окытуда оқушылардың дамытылған қиялдары, мұғалімнің демонстрациялық столда көрсете алмайтын кейбір құбылысты немес қандай да бір затты, демонстрациялық тәжірибелерден бұрыннан бақылап келе жатқан әсерлерін пайдалану аркылы өзінше түсінуіне көмегін тигізеді.
Оқыту әдісі ретінде әртүрлі оқу әксперименті физика курсын жүйелі оқытудың басталуымен практика жүзінде бір мезгілде пайда болды. Бұл тек мұғалімдердің физикалық құбылыстарды тануда қолданылатын зерттеу әдістерімен оқушларды таныстрайыи деген ықыластары ғана емес және физика ғылымының эксперименттік сипатына ерекше көңіл аударғандық емес, ен бастысы, ол көптеген табиғат құблыстарын ауыша зертеулерді пайдаланып ұғындыру қиын екендігімен түсіндіріледі.
Мектеп физика курсының барлық мазмүны, осы ғылымның негізін кырайтын бірімдер жиынымен физиканың қандай да бір тарауына жататын заңдар жиыны болып табылатын физикалық теориялар- мен; физикалык құбылыстар арасындағы байланстар өлшемін суреттейтін физикалық шамалармен; табиғаттағы физикалық құбылстар (физика заңдары) арасындағы байланыс заңдылықтармен; құбылыс немесе құбылыстар тобының анағұрлым аңызды белгілерінің кысқаша түрін бейнелейтін физикалық ұғымдармен; физикалык құблыстармен оқушыларды таныстырумен түсіндіріледі,
Физикалық білімдерді меңгеруге бағытталған оку қызметі, оқушының жеке басын қалыптаструда, оның ақыл-ойын дамытуда маңызды рол атқарады.
Физиканы оқытуды демонстрациялық және т. б. эксперименттер зейіннің осындай барлық факторларын жұмылдырып кірістіруге ықпал жасайды.
Мектептегі физика курсы оқытуды демонстрациялық әксперимент колданылатын негізгі оқу пәндерінің қатарына жатады. "Сондықтан графиктік көрнекілік (географиялық карталар, таблицалар, суреттер және т. т. ) немесе дыбыстық құралдар арқылы, сүйемелденетін жабдықтар оқытудағы басым болатын ауызша түсіндіруден соң, тәжірибелерді демонстрациялау өзінің осерлілігімен және салыстырмалы түрдегі жаңалығымен оқушылардың назарын аударатын күшті тітіркендіргіш болып табылады .
Оқушылар демонстрациялык тәжірибелер кезінде алған білімдерін еске жылдам түсіре алумен бірге, өтілген материалдарды еркін баяндап бере алады. Оқушылар, естеріне ала отырып тәжірибенің анағұрлым маңызды және қызықты жерларін бөліп қарай алады. Бұның барлығы тек еске түсіру және қарапайым жаңадан өндіру емес, ол конструкциялық процесс екендігін куәландырады.
Сөйтіп, тәжірибелерді демонстрациялау, физикалык құбылыстарды жәые заңдылықтарды әмпирикалық таным сатысында оқыту, оқушылардың алған білімдері мен түсінген ұғымдарын есте сақтауларын және ынта-ықыластарын дамытуға күшті әсерін тигізеді.
Орта мектепте физиканы оқытуда, физикалық оқу эксперименті тірек болатындығы жалпыға мәлім және оның ролін қайта бағалау киын. Ол оқу материалын түсінікті етіп баяндауды жоғарылатуда және физиканың табиғат туралы ғылым ретінде мазмұнын ашуда тексерілген кұрал болып табылады.
Физикада эксперимент пен теория тығыз байланысты. Кез-келген физикалық теорияны қатарға тұрғызғанда, әксперименттік фактілер тірек болады. Теория мен эксперименттің бірлігін оның динамикасынан қарастыру қажет. Кейбір жағдайларда эксперименттен, бұрын жүреді. Екеуінің қатар дамуы да мүмкін. Оқытуда теория мен әксперимент үйлесімді түрде дамуы қажет. "(оқыту процесіндегі эксперименттің мазмұнын анықтау, орнын бекіту және ролін ашу, сонымен бірге теория мен эксперименттің арасындағы дұрыс қарым-қатынасты табу физиканы оқыту әдістемесінің анағұрлым күрделі мәселелеріне жатады" .
. Физика курсын дедуктивтік баяндау барысында табиғаттың дамуының күрделі диалектикалық жолын көрсетудің практикалық мүмкіндігі жойылады.
Бул кезде идеялардың пайда болу тарихы, физикалық курсынан тыс қалады, бұл педагогикалық ой қорыту тұрғысынан дұрыс емес. Сонымен бірге, материалды дедуктивті аппаратын оқыту қаупі тұрады. Физиканы оқытуда математикалық білімдерді колдану бірқатар жағдайларда, физиканы тереңдетіп оқытуда жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бірақ та, математиканы Ғылым мен техниканың жалпы дамуына сәйкес, физика курсының мазмұны үздіксіз өзгеріп отырады, Осыған байланысты физикалық оқу әкспериментінің мазмұны, техникасы мен әдістемесі өзгереді. Физика мен техниканың кауырт дамуы мектеп физика курсында әдістемелік талдауды, ең алдымен эксперименттік безендендіруді талап ететін жаңа сұрақтардың пайда болуына әкелді Әдетте оқу программасына жаңа тақырыптар кірістіргенде, жаңа оқу эксперименттері жасалынады. Бірақта, жаңа оқу экспериментін жетілдіру программадан алда жүре отырып, жаңа тақырыпты кірістіруге немесе әдістемені жақсартута мүмкіндіктері жок емес. Қазіргі уақытта, әсіресе мынандай үлкен тақырыптар тербелістер, дыбыс толқындары, электромагниттік толқындар, толқындық оптика және т. б. бойынша жаңа оқу экспериментін құру, бар эксперименттерді байыту және жетілдіру қажеттіліктері туып отыр. Қазіргі заманға сай ғылыми идеялардың және техникалык жетістіктердің нәтижесінде одаи әрі жетілдіруге мүмкіндіктер бар деп айтуға болады. Оқушылардың ғылыми-техникалық ізденістеріне қатысты кластан тыс жұмыстар үшін экспериментті дамыту назардан тыс қалмауы керек. Физиканың өндірісте, ауыл шаруашылығында, транспортта, жұмыста және т. б, жерлерде техникалык қолданысын көрсететін эксперименттер жасалынуы қажет. Осы уақытта физикалык оқу экспериментінің даму және жетілдіру міндеттерін шешу үшін казіргі заманға сай ғылым мен техниканың бай мүмкіндіктерін өте кең колдану арқылы қол жеткізуге болады деген біртұтас ой бар.
Техниканың қазіргі заманға сай жетістіктері, оқу экспериментінің базасын камтамасыз ететін орта мектептің физика кабинеттеріне кажетті барлық аппараттарды құрастыруға мүмкіндік жасады. Ең алдымен әлектрондық осциллографты, оптикалык кванттык генераторын, сантиметрлік толқындық генераторды, күшейткіштерді, әлектр өлшеуіш құралдарын және т. б. атап өту қажет. Бұл құралдар өздерінін карапайымдылығымен, қолайлылығымен, сенімділігімен, арзандылығымен ерекшеленеді.
Әртүрлі әлектрлік және механикалық тербелістер генераторларын колдану барысында физикалык эксперименттің мүмкіндіктері арта түседі. Мысалы, дыбыс генераторын және сантиметрлік толқындық генераторларын колдану тербелістер, дыбыс толкындары, электромагниттік толқындар, толкындык оптика тақырыптарындағы демонстрациялық әксперименттерді жоғары дәрежеде жүргізуді қамтамасыз етеді, Бірқатар зерттеушілер казіргі заманға сай ғылыми және техникалық құралдарды қолданып, физикалық экспериментті жетілдіруге байланысты сұрақтарды әлі де болса өңдей түсуде. Көптеген оқулықтар, монографиялар, диссертациялар, мақалалар физикалық оқу экспериментіне арналған.
Олардың ішінен программа негіздеріне сай қызмет атқарып жүрген, біркатар тәжірибелерде казіргі заманға сай техникалық кұралдар қолданыс тапкаи эксперимент бойынша-екі томдық оқу кұралын атап өтуге болады.
Демонстрациялық тәжірибелер. Физикалык эксперименттердің ішінен демонстрациялық әксперименттер, әксперименттік есептер мен виртуальды эксперименттер өте қыска уакытқа лайықталып жасалған. Сондықтан әр түрлі оқыту міндеттерін шешу мақсатында, сабақта мұғалім, калаған кезеңдерінде пайдалануына болады. Олар: жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, мұғалім түсіндірмесін иллюстрациялауда, оқу материалын қайталауда, жаңа тақырыпты бекіткенде, практикалық дағдыларын қалътптастыруда, т. б. жағдайда колдануына болады. Ал, зертханалык жұмыстар мен физикалық практикумдар толық бір сағатқа негізделген.
Оқушылардың ақыл-ойын, танымдық жәие шығармашылық қабілетін дамыту, физиканың қазіргі коғам өміріндегі және адамзат мәдениетін дамытудағы ролін ашу, табиғатқа ғылыми көзкарасын қалыптастыру, адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның кұндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуте шығармашлықпен қолдануға, алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру үшін физикалық оқу эксперименттінің алатын орыны бөлек.
Орта мектепте физикадан жүргізілетін зертханалык сабақтарды жаппай (фронтальды ) өткізу әдісінің көптеғен аса маңызды пайдалы жақтары бар. Бұл әліс алдымен окушылардың зертханалық жүмыстарын физика курсымен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстар курстың әр тарауын оқуға кіріспе ретінде, не мүғалімнің сабақты көрнекті түрде түсіндіруіне, немесе өткен материалды қайталау және қорыту ретінде өткізілуі мүмкін.
Сөйтіп, окушылардың зертханалық эксприменттері, демонстрациялық тәжірибелер сияқты, материалды ұғынуға көп жәрдем ететін, оқыту процесінің қажетті бір буыны болып табылады.
Сонымен катар, зертханалық сабақта жаппай жұмыс Істеу оқушыларға қарапайым өлшеуіш аспаптармен және баска аппаратуралармен жүмыс істеуте, кейбір алғашқы практикалық дағды беруге мүмкіндік туғызады.
Жаппай орындалатын зертханалык жұмыс кезінде, сабақта толығымен бүкіл сынып ұжымды түрде жұмыс істеуі арқылы және мүғалімнің үнемі бақылап отыруы арқылы өткізіледі. Мұндай жағдайда қандай болмасын қателік тез байқалып, не мұғалімнің нұсқауынша немесе жақсы окитын оқушыға еліктеу арқылы тез түзетіледі.
Әдістемелік пікірлер бойынша жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға арналған оку жабдықтары, оларды меңгеріп, ал оқушыларды негізгі мақсаттан, яғни физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды үйренуден, баска жакқа алаңдатпау үшін өте қарапайым етіп алынғандықтан, оқушыларға құралдарды меңгеру, олармен жұмыс жасаудың ең ұғымды, өміршең дағдылары үйретіледі.
Жаңа оку стандартындағы "Физика" пәнін окытудың басты міндеттерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту атап көрсетілген. Осы міндетті іске асырудың тағы бір әдісі, оқушыларды жас ерекшелігін ескере отырып, білім деңгейінде қарай бөліп оқыту. Деңгейлік саралау оқушылардың жалпы көпшілігінің жүмысын жеңілдетуте, әрі білімі күшті оқушылардың таным әрекетін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл құбылыстарға байланысты физикалық практикумдар: физикалық тұрақтыларды анықтау, зерттеудің физикалық әдістемесімен танысу, физикалық шамалардың арасындағы . тәуелділіктІ (байланысты) оқып үйрену, қүрылғылардың күрылысы мен жүмыс істеу негіздері сиякты жұмыстар, енгізілген.
Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді
пайдалнудың негіздері.
Адам тек тыңдайтын болса, онда сабақтың тақырыпқа қатысты мәліметтерді есту талдаушысы 15% есте сақтайды, егерде тек көру ақпаратын көру талдаушыларымен 25% есте сақтайды, егерде көру және есту талдаушыларын пайдаланса, онда есте сақтау 65% жетеді. Сондықтан ғылыми тұрғыдан көрнектіліктің функциясы үлкен, халқымыз: “Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық”-деген ойды тәжірибеден қорытып, ұсынған, ол айналымды, оны қазіргі зерделеу, зерттеу нәтижелері анық екендігін дәлелдеу үстінде.
ОТҚ дидактикалық ерекшеліктеріне, жоғары тиімділігі, оқу-тәрбие үдерісіне сөз берейік, сонымен:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz