Шетелдік білім беру жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Англияның білім беру жүйесі.

Ұлыбританияда әлеуметтік жағдайы мен ұлтына қарамастан барлық балалар үшін тегін жалпы білім беру жүйесі қалыптасқан. Білім беру реформасының (1988) Актісіне байланысты міндетті білім беру кезеңдері:

5 жастан 7-ге дейін;

7-ден 11 жасқа дейін;

11-ден 14 жасқа дейін;

14-тен 16 жасқа дейін.

Оқу жылының ұзақтығы - 38 апта. Оқу жылы триместрлерге бөлінген, олардың арасында 1 апта демалады және мынадай каникул күндері қарастырылған: жазғы (6 апта), рождестволық (2-3 апта) . Әдетте оқу аптасына 5 күн. Мектеп түрлері: муниципалды - тегін оқытатын және жекеменшік - ақылы.

Бастауыш білім беру 5-тен 11 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. 5 жастан бастап міндетті оқу басталады да балалар бөбектерге арналған мектептерге келеді. 7 жастан бастап бастауыш мектепте, 11 жастан бастап орта метепте оқиды. Бастауыш мектепте барлық пәндерден бір мұғалім береді, сабақтың өтілу ұзақтығы - 15 минуттан 45 минутқа дейін. Бастауыш мектепте өтілетін пәндер:

  • оқу уақытының 40 %-ы ағылшын тіліне,
  • 15 %-ы дене шынықтыруға,
  • 12 %-дай өнер мен қол еңбегіне,
  • қалған сағаттар арифметика, тарих, география, табиғатттану және дінтануға берілген.

Орта білім сатылары:

  • біріккен мектеп (11-12 - ден 15 жастағылар үшін) ;
  • грамматикалық және қазіргі заманғы мектеп (15-17, 18 жастағылар үшін) .

Балалардың 90 %-ы біріккен орта мектептерде оқиды. Бұл мектептер білім алу үшін барлық балаға бірдей мүмкіндіктер жасау мақсатында құрылған, бірақ көптеген біріккен мектептерде балаларды қабілеті бойынша таңдап оқытатын топтары немесе бөлімдері сақталған.

Грамматикалық мектептер толық орта білім береді және дифференциялық деңгейімен ерекшеленеді. Бұл мектептің негізгі мақсаты - оқушыларды жоғары оқу орындарында оқуға дайындау. Бұл мектептің 5 сыныбын бітірген оқушылардың 60 %-дайы емтихан тапсырып, куәлік алғаннан кейін мектептен ткетеді. Қалған 40 %-ы жеке оқу жоспары бойынша 2 жылдық алтыншы сыныпта оқып, мектепті бітіреді.

Англияның жалпы білім беретін мектептерінің ішінде білім және ғылым департаменті субсидия бөлетін «паблик скулз» жекеменшік мектебі ерекше орын алады. Бұл мектеп түлектері беделді университеттерге түсіп, кейіннен қоғамның саяси және экономикалық саласындағы жоғары лауазымдарға ие болады.

Жалпы білім беретін мектепте оқу мерзімі - 13 жыл, міндетті білім - 11 жыл. 14 жасқа толған жасөспірімдер кәсіптік мектепке түсе алады, 16 жастан кейін білімін ары қарай жалғастыруға немесе жұмыс істеуге болады.

Оқушылардың білімін тексеруде көбінесе тест қолданылады.

Оқыту нәтижесін бақылау тексеру, есепке алу және диагностикадан тұрады. Бақылау стандартты білім, ептілік, дағдыларды игеруге бағытталған. Осы стандартқа сәйкес оқушы жетістігінің үш деңгейі анықталады:

  • есте сақтау;
  • алған білімін түрлі жағдайларда қолдана білу;
  • білім, біліктерін күнделікті өмірде іске асыру. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау үшін емтихан алу ұйымдастырылады:
  • бастауыш мектепте екі рет - 7 және 11 жастағылар үшін;
  • орта мектепте екі рет - 14 және 16 жастағылар үшін.

Бағаны мұғалімдер және емтихан комиссиясының тәуелсіз мүшелері қояды.

Жапонияның білім беру жүйесі

Мектептегі оқу 12 жыл және соның жартысын яғни 6 жылын бастауыш мектепте оқиды, өйткені ана тілін меңгеру өте қиын және күрделі. Бастауыш мектеп-6 жылдық, 6-12 жастағы балалар үшін міндетті. Оқушылар 1000-1850 иероглифті білуі қажет, бірақ кітап пен газет оқуы үшін 2, 5-3 мыңға дейін иероглифті білу талап етіледі. Осының жартысын бастауыш мектепте меңгерулері қажет. Оған қоса әр иероглифті оқу мен айтудың бірнеше варианттары бар.

Бастауыш мектептің оқу жоспарында мынадай пәндер енген: ана тілі, қоғамтану, жаратылыстану, мораль, математика, музыка, бейнелеу өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру.

Апталық жүктеме - 24-29 сағат.

Орта мектеп 2 басқыштан тұрады:

  • төменгі орта мектеп;
  • жоғары орта мектеп

6 жылдық бастауыш мектептен кейін оқушылар 3 жылдық төменгі орта мектепте оқиды. Төменгі орта мектеп жоспары міндетті және оқушылардың өздері таңдайтын пәндерден жасалады. Міндетті пәндер: ана тілі, математика, жантану, жаратылыстану, мораль, музыка, бейнелеу өнері, денешынықтыру. Ұлдар үшін - өндіріс негіздері, қыздар үшін - үй шаруасын жүргізу. Таңдамалы пәндер: шетел тілі, технология, үй шаруасын жүргізу, музыкадан, денешынықтырудан, өнерден курстар.

Апталық жүктеме - 30 сағат.

Төменгі орта мектептен жоғары орта мектепке өту тестілік емтихан қорытындысы негізінде іске асырылды. Жоғары орта мектеп - 3 жылдық, ақылы және жалпы және кәсіптік білім беретін бөлімдерден тұрады. Жалпы білім беретін бөлім гуманитарлық оқу жоспарлары негізінде оқушыларды университеттерге түсуге дайындайды.

Оқу пәндері: жапон тілі, классикалық әдебиет, азаматтану, экономика, ұлттық және әлемдік тарих, география, математика, физика, химия, биология, денешынықтыру, бейнелеу өнері, музыка, шетел тілі, өндіріс негіздері (ұлдар үшін), үй шаруасын жүргізу (қыздар үшін) .

Апталық жүктеме - 34-36 сағат.

Кәсіптік білім беретін бөлімдерде 5 сала бойынша оқытады: технологиялық, ауыл шаруашылық, теңіз саласы, коммерциялық, үй шаруасын жүргізу. Оқудың 40% арнайы пәндерге, ал қалғаны қысқартылған бағдарлама бойынша жалпы білім беретін пәндерге берілген.

Бұл бөлімді аяқтаған оқушыларға өзі оқыған мамандық бойынша квалификация берілмейді және сол мамандық бойынша жұмысқа тұруға кепілдік алмайды. Осының барлығы кәсіптік білім беретін бөлімдердің беделінің түсуіне себеп болып отыр.

Оқу бітіру және университеттерге түсу емтихандары оқу бағыты бойынша жасалған, тесттер арқылы жүргізіледі. Тестілеудің бірінші кезеңі мемлекет көлемінде өткізіледі. Бірақ жетекші университтер өздерінің күрделі оқу жоспарларын меңгере алатын талапкерлерді таңдау үшін қосымша қабылдау емтиханын өткізеді.

Бастауыш және орта мектепте бағалау шкаласы 5 деңгейлік:

S (өте жақсы) ;

А (жақсы) ;

В (қанағаттанарлық) ;

С (нашар) ;

Д (өте нашар) .

Жапонияның бастауыш және орта білімінің маңызды ерекшелігі «кокоро» деген ұғым болып табылады. Әр жапондық үшін «кокоро» тек білім мен білікті қалыптастыратын ғана емес, сонымен қатар адам мінезін қалыптастыруға ықпал ететін білім. «Кокоро» сөзін жүрек, жан, ақыл, гуманизм деп аударуға болады. Бұл ұғымның мазмұнына мына маңызды құндылықтар кіреді: адам мен жануарларға деген құрмет, басқа адамдарға деген сыйластық және кеңжүректілік, ақиқатты іздеу, әдемілікті сезіне білу, өзін-өзі бақылауды меңгеру, табиғатты сақтау, қоғам дамуына өз үлесін тигізу. Осы принцип бүкіл оқу бағдарламасының, пәндердің мазмұнын құрайды.

АҚШ -тың білім беру жүйесі.

АҚШ-та бастауыш білім беру 6 немесе 8 жыл. Орта мектептің бағдарламасы пәндерді оқытудың түрлі варианттарын ескеріп құрастырылған 200-ге жуық түрлі курстардан тұрады.

Орта білім берудің сапасын бағалау көрсеткіштері: орта мектепті бітірушілер саны, алған білім деңгейі (тест нәтижесі бойынша анықталады) .

Қазіргі заманғы мектеп жүйесі білім беру саласындағы алты стратегиялық мақсат бойынша дамиды:

  • Американың барлық баласы мектепке оқу дағдысымен келуі қажет.
  • Толық орта мектепті жақсы бітірушілер саны 90 пайызға дейін өсуі тиіс.
  • Американдық мектеп оқушылары 4, 8 және 12 сыныптарда емтихан тапсырып, ағылшын тілінен, математикадан, жаратылыстанудан, тарих пен географиядан жақсы білім көрсетулері қажет. Әр орта мектеп өз бітірушілеріне білімін ары қарай жалғастыруға кепілдік беретін білім беруі керек.
  • Американдық мектеп оқушылары математика мен жаратылыстану пәндерінен білім деңгейі бойынша әлемде бірінші орынға шығуы қажет.
  • Барлық ересек адамдар әлемдік экономиканы түсінуге және өз азаматтық міндеттерін орындау мен құқықтарын жүзеге асыруға қажетті білім алады.
  • Барлық мектептер наркотик пен зорлық-зомбылықтан азат; оларда тәртіп пен мейірімділік атмосферасы орныққан.

Дәстүрлі академиялық пәндер міндетті жаңа курстармен толықтырылған:

  • ағылшын тілі- әлемдік әдебиетке жалпы кіріспемен;
  • қоғамтану (тарих, география, азаматтық құқық) - батыс цивилизациясының тарихымен, Америка тарихымен, американдық демократиямен;
  • математика- дифференциалдық және интегралдық санау негіздерімен;
  • жаратылыстану (физика, астрономия, геология, химия, биология) - кванттық механика, электродинамика, технология принциптері (техникалық жобалау және конструкторлау) негіздерімен.

Сонымен бірге шетел тілі, денешынықтыру, денсаулық және өнер курстары жетілдірілуде.

АҚШ-та 7 және 8 сыныптардан бастап оқу жоспарына оқушылар өздері таңдайтын пәндер енгізіледі. Бұл сыныпгарда оқушыларға кәсіптік бағдар беруге көп көңіл бөледі.

9 сыныпта оқу кеңінен дифференциалдық сипат алады. Дифференция көптеген міндетті түрде алатын пәндердің, әсіресе математика - жаратылыстану циклі пәндерінің әртүрлі деңгейінде кеңейе түседі.

Мектептің жоғары сатысында (11-12 сынып-оқыту үш бағытта - академиялық, кәсіптік, жалпы бағыттарда жүргізіледі. Тек академиялық бағыт қана оқушыларды университеттерге түсуге дайындайды.

АҚШ-та оқушылар 10 сыныпқа дейін өздерінің келешекте алатын білімі жөнінде шешім қабылдайды деп есептеледі. Сондықтан 10 сыныптан бастап әдеттегі ағылшын тілі, қоғамтану, математика, жаратылыстану сияқты академиялық пәндер оқушылардың өздері таңдайтын пәндермен толықтырылады.

Талапкерлерді университеттерге қабылдау мынандай критерийлер негізінде іске асырыдады: бітіргені жөніндегі аттестат бағалары, мектеп жолдамасы, осы мамандықта оқи алатын және мамандық бойынша ғылыми жұмыс жасауға қабілеттілігін анықтайтын тестілер және университетте өткізілетін арнайы сұхбаттасудың корытындысы.

Германияның білім беру жүйесі.

1. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі.

Германияда балабақшалар өте аз және олар тек түске дейін ғана жұмыс жасайды. Мұнда балабақша кішкентайларға арналған клуб сияқты ұйымдастырылған, бұл жерде балалар тамақтанбайды. Бала тек үйде тамақтануға тиісті, себебі бала жанұясынан өзін алшақ сезінеді деп есептейді. Ата-аналардың қоғамдық ұйымдарының күшімен құрылған жекеменшік балабақшалар, науқас балаларға арналған орман балабақшалары бар. Сонымен бірге мүгедек балаларға арналған арнайы балабақшалар жұмыс істейді.

1. Мектепте білім беру жүйесі.

Германияда мемлекет 9 жылдық міндетті тегін білім беруді қамтамасыз етеді. Мектепте оқу 6 жастан басталып, бастауыш мектептің алғашқы екі жылында оқытуды кешенді түрде жүргізу қолданылады: неміс тілі, арифметика, өлкетану, музыка, денешынықтыру, дінтану кешенді түрде оқытылады. 3-4 сыныптарда тіл, өлкетану және музыка кешенді кешенді түрде оқытылып, қалған пәндер бөлек оқытылады. Оқудың алғашқы алты жылында балалар бірге оқиды, 5-6 сыныптарда оқушы өзінің білім алуын қайда жалғастыратыны жөнінде мәселе шешіледі: толық халықтық мектеп, реалды мектеп немесе гимназия. Бұл ата-аналарының материалдық жағдайына байланысты емес, баланың қабілеті мен талабына байланысты.

Германияда 5-6 сыныптар жалпы бағдарлы сыныптар болып есептеледі. Олардың міндеті - әр оқушының қабілетін анықтау. 7 сыныптан бастап оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай үш мектептің -негізгі мектеп, реалды мектеп және гимназияның бірінде оқуларын жалғастырады.

Олардың оқу жоспарлары бір-бірінен өзгеше болып келеді. Негізгі мектеп балаларды кәсіптік оқу орындарына түсуге, реалды мектеп - арнаулы жоғары оқу орындарына, ал гимназия университеттерге түсуге дайындайды.

Толық халықтық немесе негізгі мектептер (5-10 сыныптар) толық емес жалпы, кейін кәсіптік білім алуға мүмкіндік жасайды. Оқу уақытының 33 %-ы дін, тарих, қоғамтану ана тіліне жұмсалса, жаратылыстану (биология, физика мен химия бойынша алғашқы мәліметтер) мен математикаға аптасына 4 сағаттан бөлінген. Еңбек, дене шынықтыру және эстетикалық циклдағы пәндер (бейнелеу өнері, ән, музыка) оқу уақытының 22 %-ын алады.

Реалды мектептер (5-10 немесе 7-10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы толық емес жалпы білім береді. Физика, химия, биология, шетел тілі міндетті пәндер ретінде өтіледі, математика жоғары деңгейде өтіледі. Жоғары сыныптарда оқушыларға белгілі бір сала бойынша кәсіптенуге мүмкіндік беретін бір-екі таңдамалы пән қосылады. Реалды мектепте жақсы үлгеретіндер гимназияға ауысуына болады.

Реалды мектепті бітірген түлектер орта, сонан соң жоғары кәсіптік-техникалық оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады.

Гимназия (5-13 немесе 7-13 сыныптар) толық орта білім береді және университеттерге түсуге даярлайды.

Гимназия 11 - сыныптан бастап арнаулы оқу бағдарламасымен білім алуға қажетті іргелі білім береді. Гимназияның оқу жоспарының негізгі ерекшелігі - 9-сыныптан бастап оқушылардың таңдауларына жаратылыстану-математика, ғылым-зкономика, музыка және басқа да бағыттардағы дифференциалды пәндер жүйесін ұсынатындығында.

Гимназияның жоғары сыныптарында (11-13 сыныптар) барлығына міндетті негізгі және оқушылар өздері таңдайтын - күрделі курстар жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе жалпы білім алумен бірге әрбір оқушының
өзіндік қабілеттерін толық ескеруге мүмкіндік береді. Оқушыларға ұсынылатын күрделі курстар жүйесі - тіл-әдебиет, қоғамдық-ғылыми және жаратылыстану-математика сияқты міндетті үш курс негізінде іске асырылады. Әрбір оқушы осы үш курстың екеуіне жазылуға міндетті және оның ішінде міндетті түрде шетел тілі мен математика және жаратылыстану ғылымының бір пәні болуы тиіс.

Гимназия бітіргені жөнінде аттестат беру үшін 4 пәннен емтихан алынады. Емтихан тапсырушы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жақсы білім, ал өздері таңдаған күрделі курс бойынша үздік білім көрсетуі керек. Емтихан ауызша және жазбаша түрде өткізіледі.

Университеттерге талапкерлер емтихансыз қабылданады. Олар университеттерге өздерінің гимназияда алған барлық құжаттарының көшірмелері мен белгілі бір мамандықты таңдағаны жөніндегі өз ойын жазбаша түрде жібереді. Әр университет талапкерлерді қабылдау үшін олардын жіберген құжаттарымен жұмыс жасайтын қабылдау комиссиясын құрады. Қабылдау комиссиясы талапкерлердің гимназияда тандаған мамандықтарын терең меңгеруге қажетті пәндерді қандай деңгейде игергендеріне ерекше көңіл аударады.

Білімді бағалауда орта оқу орындарында 6 деңгейлік бағалау шкаласы қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Қазақстан Республикасының туристік кластерін дамытудағы кадр мәселесі
Еліміздегі жоғары оқу орындарының жаңа типтері
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспектілері
Білім беруді бағалау тарихы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдік тәжірибе түрлері
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz