Адамшылық амандасудан басталады



1 Адамшылық амандасудан басталады
2 Ұлағат сөздер
3 Алдымен сүй, ардақта ата.анаңды
4 Туыстан жақын жоқ, ұмытуға оны қақың жоқ.
5 Ұлағат сөздер
Амандасу — тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Бұрын қазақтар бұл рәсімді амандасу деп атап, кішілері үлкендеріне алдымен тіл қатып: «Армысыз, ата? (баба, әже, ана, т.б.)»—дейді екен де, үлкендер: «Бар бол, балам! (қарағым, қызым, ұлым, т.б.)»—деп жауап қатады екен. Мұсылман діні қабылданғаннан бері (VIII ғ.): «Ассалаумағалейкум» деп сәлем беріп, «Уағалейкумассалам» деп сәлем алатын болған. «Сәлем — сөздің атасы» деген содан шыққан.
Сәлем — арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ас-салам сөзінің тілімізде фонетиқалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар бір-бірімен осы сөзді қолданып амандасады.
Тегінде, әдеп, адамшылық — амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі — сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда — адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуіңде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адам баласы қашаңда тыныш-бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу әдебі салған. Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған. Соңдықтан, мәселен, халқымызда бар «сәлемі түзу», «сәлемнен кеткен жоқ» сияқты сөздер татулықты, ағайын арасының бұзылмағанын білдіреді. Соған орай бізде «тәңірдің сәлемін беру», «сәлемін қабыл алды» ұғымдары қалыптасқан. Мұндағы тәңір—құдайдың бір аты. Оның түп төркіні ежелгі зороастризм дінінің құдайы — Тәңірінің есімімен байланысты. «Тәңір жарылқасын!» деген түсініктің өзі сол заманнан біздің кезімізге дейін жетіп, кәдуілгі салт-дәстүрлерімізге араласып кеткен.
Сәлемдесудің мәні, ең алдымен, бетпе-бет ұшырасқан сәтте болатын тоң-торыс үнсіздік, «ыңғайсыздық» пен жатырқаушылық, салқындық кедергісін жойып, бір-бірінін кейін-кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын (ниетін) ұқтыру; бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал, таза екенін білдіру. Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары, барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сезімен амандасады, оның мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Оған жауап, яғни сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» — «Сізге де тыныштық тілеймін» деген сөз. Одан кейін барып: «Үй ішіңіз, мал-жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?» деген сияқты хал-жағдайды білісу, жай, жөн сұрасу рәсімі жалғасады.
Әдетте, амандық-есендік сұрасудан бұрын пайда болған амандасу әдептерінің бірі — қолмен ишарат ету, белгі беру. Қадым заманғы неондарталь адамы аң аулап жүріп, өзі секілді екі аяқты, жұмыр басты пендені кезіктіргенде, оған өзінің қастық жасау ниетінің жоқ екендігін білдіру үшін оң қолын жоғары көтеретін болған. Бұл ишарат ежелгі Мысырда шыққан. Онда адамдар бір-бірімен кездескенде қолдарын иық тұсына дейін көтеріп, алақандарын ашып көрсетеді екен. Онысы: «Мен қарусызбын, қолымда ештеңе жоқ, саған адал ниетпен келіп тұрмын» дегені. Мұны, әрине, біздің қазіргі қол алысып, амандасуымыздың бастапқы көрінісі деуге болады. Бұл әдет кейін римдіктерге көшіп, кешқұрым ұшырасқан адамдар, ең алдымен, қару-жарақтарының жоқтығына сендіру үшін оң қолдарын алысуы (ұстасуы) керек болған. Қоштасу кезіндегі қол алысу бертінде: «Бұл жолғы дидар-жүз көрісу кезінде бір-бірімізді ренжіткен жоқпыз, алдағы кезде де осындай ак пейіл, адал ниетпен, дос көңілмен кездесіп, қол алысатын болайық!»—дегенді анғартқан.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Адамшылық амандасудан басталады

Амандасу —тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Бұрын қазақтар бұл рәсімді амандасу деп атап, кішілері үлкендеріне алдымен тіл қатып: Армысыз, ата? (баба, әже, ана, т.б.)—дейді екен де, үлкендер: Бар бол, балам! (қарағым, қызым, ұлым, т.б.)—деп жауап қатады екен. Мұсылман діні қабылданғаннан бері (VIII ғ.): Ассалаумағалейкум деп сәлем беріп, Уағалейкумассалам деп сәлем алатын болған. Сәлем —сөздің атасы деген содан шыққан.
Сәлем —арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ас-салам сөзінің тілімізде фонетиқалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар бір-бірімен осы сөзді қолданып амандасады.
Тегінде, әдеп, адамшылық —амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі —сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда —адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуіңде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адам баласы қашаңда тыныш-бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу әдебі салған. Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған. Соңдықтан, мәселен, халқымызда бар сәлемі түзу, сәлемнен кеткен жоқ сияқты сөздер татулықты, ағайын арасының бұзылмағанын білдіреді. Соған орай бізде тәңірдің сәлемін беру, сәлемін қабыл алды ұғымдары қалыптасқан. Мұндағы тәңір—құдайдың бір аты. Оның түп төркіні ежелгі зороастризм дінінің құдайы —Тәңірінің есімімен байланысты. Тәңір жарылқасын! деген түсініктің өзі сол заманнан біздің кезімізге дейін жетіп, кәдуілгі салт-дәстүрлерімізге араласып кеткен.
Сәлемдесудің мәні, ең алдымен, бетпе-бет ұшырасқан сәтте болатын тоң-торыс үнсіздік, ыңғайсыздық пен жатырқаушылық, салқындық кедергісін жойып, бір-бірінін кейін-кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын (ниетін) ұқтыру; бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал, таза екенін білдіру. Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары, барлық мұсылман елдеріндегідей, Ассалаумағалейкум деген араб сезімен амандасады, оның мағынасы Сізге тыныштық тілеймін дегенді білдіреді. Оған жауап, яғни сәлемді алу ретінде айтылатын Уағалейкумассалам —Сізге де тыныштық тілеймін деген сөз. Одан кейін барып: Үй ішіңіз, мал-жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма? деген сияқты хал-жағдайды білісу, жай, жөн сұрасу рәсімі жалғасады.
Әдетте, амандық-есендік сұрасудан бұрын пайда болған амандасу әдептерінің бірі —қолмен ишарат ету, белгі беру. Қадым заманғы неондарталь адамы аң аулап жүріп, өзі секілді екі аяқты, жұмыр басты пендені кезіктіргенде, оған өзінің қастық жасау ниетінің жоқ екендігін білдіру үшін оң қолын жоғары көтеретін болған. Бұл ишарат ежелгі Мысырда шыққан. Онда адамдар бір-бірімен кездескенде қолдарын иық тұсына дейін көтеріп, алақандарын ашып көрсетеді екен. Онысы: Мен қарусызбын, қолымда ештеңе жоқ, саған адал ниетпен келіп тұрмын дегені. Мұны, әрине, біздің қазіргі қол алысып, амандасуымыздың бастапқы көрінісі деуге болады. Бұл әдет кейін римдіктерге көшіп, кешқұрым ұшырасқан адамдар, ең алдымен, қару-жарақтарының жоқтығына сендіру үшін оң қолдарын алысуы (ұстасуы) керек болған. Қоштасу кезіндегі қол алысу бертінде: Бұл жолғы дидар-жүз көрісу кезінде бір-бірімізді ренжіткен жоқпыз, алдағы кезде де осындай ак пейіл, адал ниетпен, дос көңілмен кездесіп, қол алысатын болайық!—дегенді анғартқан.
Дүние жүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесуі де түрлі-түрлі болып келеді. Мысалы; жапондықтар таныстарын көрген жерде қалшиып сәл тұрғаннан кейін, қолын алдымен беліне, одан кейін йіліп, тізесіне дейін апарып, сол енкейген қалпы, мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Ондай тәжім етудің жапондықтарда басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрлері бар. Осыған ұқсас сәлем әдептері қазақта, кейбір бауырлас халықтарда да кездеседі. Мәселен, қазақ келіншектері қайын аталары мен енелеріне, қайнағалары мен жасы үлкен абысын-ажынға, өзі келін боп түскен жердің үлкендеріне тізесін бүгіп, қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем қылады. Оған үлкендер: Көп жаса, балам!, Үбірлі-шүбірлі бол! деген сияқты тілек айтып, батасын береді. Өзбек, қарақалпақтарда да осындай сәлемдесу түрі болғанын
Алпамыс жырындағы Гүлбаршынның қайнағасына иіліп, бүгіліп, қол қусырып, тізесін басып, сәлем берді дегеннен көруге болады. Ал еркектер арасында бұрын қол қусырып сәлем беру, яғни көріп тұрсың ғой, екі қолымда да ештене жоқ бір-біріне ұстасқан дегенді аңғартатын сәлемдесу түрі болған. Сол Алпамыста қырық қадам жетпей, аттан түсіп, қол қусырып сәлем бергені жайында айтылады.
Ауғаңдар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иіліп, ізет жасап сәлемдеседі екен. Олары —басымыз аман болсын! дегендері, бас киімін алып, сол қолын құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен. Ерте кезде Қытайда дос-жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты. Латын Америкасындағылар бір-бірімен құшақтасып сәлемдескен. Француздар бірінің-бірі маңдайынан сүйіп амандасады. Жас америкаңдықтардың аман-сәлемі бір-бірінің иығын қағу болса, өзара мұрындарын сипасып, бірін-бірі иіскеп амандасатын
халықтарда бар екен.
Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдепке, көргенділік, естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әр басқа қалыптасқан жора-салттар бар. Мысалы, орыстар: Денсаулығың қалай? —дейтін болса, ертедегі мысырлықтар: Қалай, сіз терлейсіз бе? —дейтін болған. Гректер қуаныңыз сөзін айтса, қытайлықтар: Бүгін тамақтандыңыз ба ? Қарныңыз тоқ па ?—деп сұрайды екен. Орта Азия халықтарында сол жақ кеудесін он қолымен басып, кеудесін иіп сәлемдесу қалыптасқан да, одан кейін хал-жағдай сұрасатын болған. Ал монғолдардың алдымен айтатыны: Қалай көшіп жатырсын? Қалай қыстап отырсың? Малыңыз қалай? Бұл жөн сұрасу баршаға түгел ортақ, тіпті көшу дегеңді білмейтін, мал ұстамайтын өзге кәсіп иелері, қала тұрғындары да солай амандасады. Бізде болса: Бала-шаға, үй іші аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма? Мал-жаныңыз сау ма?—деп бастап, біраз жерге дейін апаратыны белгілі.
Міне, мұның бәрі әр елдің тұрмыс-тіршілік ерекшеліктеріне, өмір сүру жағдайлары мен салт-ғұрыптарына байланысты сәлемдесу әдептерінің де өзгешеліктері болатынын көрсетеді. Сонымен қатар сәлемдесу әдеп-салты да уақыт өте келе азды-көпті өзгеріске ұшырап отырған. Ол заңды да.
Бұрынғы КСРО шаңырағының астында ғұмыр кешкен жылдарда халқымыздың әдеп-инабат дәстүрі көз түрткі болып, онын сәлемдесу әдебімізге де теріс әсері тиді, байырғы жарасымды, халық жүрегіне ыстық әрі терең мәнді ұлттық ғұрыпқа зор нұқсан келтірілді. Мұның өзі, ен алдымен, адамның алтын басын көзге ілмеуге, қадір-қасиетін елемеуге соқтырып, бірімен-бірі здрасти десіп ете шығатын нәрсіздікке, парықсыздықка, салқындыққа душар етті. Сөйтіп, халқымыздың атам заманнан келе жатқан бір-біріне иба көрсетіп, таныған-танымағанына қарамай, сәлемдесу, үлкендердің алдынан кесе өтпеу, қос қолдап қол алысу, таңертең ұйқыдан тұрғанда ата-анаға, жасы үлкендерге сәлем беру сияқты аяулы, адамшылық салтымыз ескіліктің қалдығы ретінде құстаналанып, бәрімізге бірдей міндетті әдеп нормасынан шығып қалды. Мектептердің көпшілігінде оқушылар сәлемдесуді ерен санамай, адамдар арасында жатырқаушылық орын тепті. Әсіресе, қала жағдайында бір аулада тұрып, күнде дидарласып жүрген ересек адамдардың өзі бір бағжаң етіп қарап, сәлемдеспей өте береді немесе көрседе, көрмегенсиді. Мұның өзі, айналып келгенде, аламдардың түрлілігіне, суық жүзділігіне, бір-біріне ілтипатсыз, мейірімсіздігіне, тұрпайылығына әкеп соқты.
Ислам дінінде сәлемдесу мен рұқсат сұрау әдептіліктің ең үлкені деп үйретіледі. Құранда: Өз үйіңізден басқа үйге рұқсат сұрамай һәм сәлем бермей кірмеңіз. Рұқсат сұрап, сәлем беріп кіру —өзіңізге жақсы. Егер осы үйлерде ешкім болмай, рұқсат берілмесе, кірменіз. Егер сізге: Кері қайт! —десе, қайтыңыз. Солай болғаны —сіз үшін жақсы. Алла барлық істеген ісіңізді біліп тұрады, —делінген. (Нұр сүресі, 27-аят.)
Ислам рұқсат сұрау мен сәлем беруді шариғатқа (намазға) кіргізген және сонымен қатар адамдарға бір-бірінен сәлемді қабыл алып, жауапты жақсылап қайтаруды бұйырады: Егер сізге сәлем берілсе, сіз оған жақсырақ болмаса да, тап өзіндей етіп жауап қайтарыныз. (Ниса сүресі, 86-аят.) Мұхаммед пайғамбардан: Исламның ен жақсы сипаттары қайсылар? —деп сұрағанда, ол: Аштарға тамақ беру, танитын һәм танымайтындарға сәлем беру, —деп жауап берген.
Қазақ елінің дәстүрі бойынша да таныс, бейтаныстығына қарамай, жасы кішінің үлкенге бірінші болып сәлем беруі—міндет. Біз өзіміздің ұлттық рухымызды тіктеп, халықтық негіздерге бет-бұрыс жасап отырған қазіргі кезде ұсақ-түйекке санамай, әдептілік, имандылық негізі болып табылатын дидарласу әдебіне: жасы үлкендерге, көпшілікке, отырғандарға сәлем беру салтымызды үйде, балабақша, орта және жоғары оку орындарында қайта жаңғыртуымыз, қалпына келтіруіміз керек.
Сәлемдесудің түп негізі жылы шырай, кіші пейілділік екенін, оған үлкендер де лайықты жауап қатып! Көп жаса, балам!, Ғұмыр-жасың ұзақ болсын! деген сияқты ізгі тілек, ықылас-пейіл көрсетіп отыруы мамыражай көңіл жақындығы, жарастық нышаны болатынын ұмытпаған жөн. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту —инабатсыздық, ожар-тәкаппарлық белгісі, оны халық парасатсыздықка, көргенсіздікке санайды. Шынында да, ашық қабакпен, күлімсіреп берген сәлем адамнын жан дүниесін жадыратып, әлгі көрініс көпке дейін көңілдендіріп, жадында жүрмей ме?!
Алайда, шынайы әдептілік тұрғысынан алғанда, құр ғана ассалаумағалейкумді айтып, бір міндеттен құтылғандай болатын тон-торыс сәлемнін ізеттілік емес екені, қайта кісі көңіліне қаяу түсіретін қылық болып шығатыны белгілі. Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты —жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабак, бет-жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Қабағы түнеріп, жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржиып, бар кету немесе естілер-естілмес етіп міңгірлеп, ернін жыбырлата салудың шынайы сәлемдесуге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Өйткені мұның бәрі адамның өзіне емес, өзгеге бағытталған. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды. Айталық, көз көреді, аяқ жүреді, ауыз жұтады —осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, миықтағы күлкі, әуезді үн —айналадағы адамдардың еншісі. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары, жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттестік үшін, тоң-торыс, жайсыз сезімдер көңілді абыржытып, жанды жараламауы үшін қажет. Сол себепті де әркім сәлемдесуді ғана емес, қалай сәлемдесуді білуі, өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы, машықтанып, үйренуі керек. Мың сан жыл бұрынғы ата салты мен қазіргі заманғы болмысын әсем үйлестірген әлемдегі ең өркениетті және әдепті ел саналатын жапондықтардың қыздарын қаршадайынан бастап, тіпті ұйықтап жатқанда да, жүздері күлімсірегендей жылы болуына үйретулері мәнсіз деп айта аласыз ба?..
Көпшілікке сәлем беруші олардың арасыңда өзінің суқаны сүймейтін немесе түс шайысып қалған кісісі болған жағдайда да, онысын басқаға сездірмей, ашық ажар, айқын дауыспен сәлемдесуі ләзім. Мұндай жағдайда әлгі дүрдараз кісі де сәлем берушінің сәлемін алуға тиіс. Қол берісіп көріскенде, бір-бірінің қолын қатты қысып, ауырту әдепке жатпайды. Жастардың үлкендерге қалшиып тұрып, бір қолын ұсынуы да жараспайды, шапалақты шарт еткізу де әдептілік емес. Сондай-ақ нем кетті, саусақтарын былқ еткізіп ұстата салу, біреумен амандасып жатқанда, көз-көңілің басқа жақта тұруы —әдепсіздікпен пара-пар. Мұндай қылық кісінің көңілін қалдырады. Ал топ адамның ішінен танитын немесе атақты-абыройлы деген бір-екеуімен ғана алалап сәлемдесіп, қол алысу —барып тұрған әдепсіздік. Бұл сәлем берілген адамдардың өзін ыңғайсыз жағдайда қалдырады да, сәлем берілмегендер үшін ашықтан-ашық қорлау болып табылады.
Әйелдермен, қыздармен амандасу ер адамдар тарапынан ерекше иба, ізеттілікті, сыпайы, сынық көзқарасты талап етеді. Әйелдер әйелдермен көріскенде құшақтасып амандасу жиі кездеседі. Ол да орынды. Кейде ұзақ уақыт көріспеген аға-іні, ет жақын ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жарандар сәлемдесіп қана коймай, құшақтасып амандасады. Қазақтар арасында егде жастағы құда мен құда, құда мен құдағилардың төс қағыстыру деген кезекпен оң жақ, сол жақ кеуделерін тиістіріп керісу салты бар.
Бұл өзі сағынысып көріскен туған құда, сарсүйек жекжаттар арасындағы парасатты, салтанатты, жарастық ишарасы болып есептеледі. Мұндай дәстүрлік амандасудын бүгінде қайта жандана бастағаны байқалады.
Соңғы ондаған жылда Батыстың, әсіресе, еліміз бен жерімізді кеулеп кеткен жат жұрттықтардың әсерінен көптің арасында, басқалардың көзінше үлкен-кіші, қыз-қырқын демей, бетінен, ернінен сүйіп амандасу етек алды. Мұның өзі —біздің халқымыздың, мұсылман түркілерінің әдептілік заңдарына жат, кере-ғар, ұнамсыз қылық. Біздің байырғы және тектілік салты бойынша, ондай сүйісулер әдепсіздік, ұятсыздық саналады. Ата-ана ұл-қызын бауырына басып, мандайынан, бетінен сүйіп көріседі, ата-ене күйеу баласының, келінінің маңдайына ернін тигізеді. Жеңгесі қайын сіңлісін, апалы-сіңлілер бір-бірін бетінен сүйіп, шатқимыл, жарқын жүзбен құшақтасып көріседі.
Сайып келгенде, әдептілік, кішіпейілділік, әркім өзінің орнын біліп, шектен шықпаушылық сәлемдесудің сәнін ғана келтіріп қоймай, мәнін де арттырады.
Сәлемдесу түрлі жағдайларда, әр түрлі адамдар арасында және түрлі тәсілдермен (мысалы, телефон арқылы) жүзеге асуы мүмкін. Соған байланысты осылардың әрқайсысының әдептілік этикетіне қатысты өзіңдік ерекшеліктері болмай қоймайды.
Айталық, көптің үстіне, жиынға —сырттан үйге кірген адам, жасы кіші кісі; сырқат, мүгедекке қатысты алғанда—дені сау адам; әйелге —ер адам алдымен сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп алып, одан кейін барып өзін таныстырып, шаруасын айтады.
Жоғарыда сәлемдесу кезіндегі жағдай және сәлемдесетін орын да ескерілетіні жайында айттық. Мәселен, қызу талқы, мәңді ресми жиын, сұрақ-жауап түріндегі шаралар жүріп жатқан жерге кірген кісі, жұрттың назарын аударып, іркіліс жасамау үшін, дауыстап сәлем беріп, қол алыспайды. Үнсіз бас изеп, сәлем ишарасын жасаса, жетіп жатыр. Дастарқан үстіне кірген кісі дауыстап сәлемдесуі жөн болса да, жағалай түгел қол беріп амандасуы орынсыз. Әсіресе, қол алысып болып, қолын жуу —нағыз әдепсіздік. Егер келген адам елде ұзақ уақыт болмаған, алыс сапардан немесе сондай бір мәнді жолдан оралған яки қатты сырқаттан соң кездесіп тұрған адамның ресми емес орындарда; дастарқан басы, той-томалақ үстіңде кездесуінің жөні басқа, ондайда әлгі шаруаларды тоқтата тұрып, тегіс көрісіп, қол алысып амаңдасу орымды болмак, тек келген адам қолын шайып кірсе жетеді.
Үйдегі балалар, жас өспірім ұландар мен жастар таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті-қолдарын жуып келіп, ата-анасына, отбасы мүшелеріне, конақтарға сәлем беруі керек. Адамның әр күнгі іс-қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталса, ол тыныштықтың, саламаттық пен енімді іс-әрекеттің жебеушісіне айналады.
Осы орайда мектептегі сәлемдеіл әдебінің мәні зор екенін атап көрсеткен жон. Мектепке келген таныс, бейтаныс адамдардың бәрімен шәкірттердің қол алысып, амаңдасып шығуы міңдетгі емес, кейде олай етуге болмайды да. Алайда оларды көрген жерде: Сәлеметсіз бе?, Ассалаумағалейкум, ата (аға, т.б.)! десе, жеткілікті. Дәлізде немесе аула, алаңда топталып тұрған өзің тұрғылас балаларға: Сәлеметсіндер ме, балалар?, Сәлем бердік! деп есендесіп, олардан Сәлем! деген жауап алу да ерсі емес.
Ал сыныпқа мұғалім яки бөгде адамның Ассалаумағалейкум! деп, сәлем беріп кіргені —шынайы әдептілік. Үлкенді-кішілі жиналыстарда мінбеге шыққан адамның залдағы көпшілікке Ассалаумағалейкум, халайық (ағайын, т.б)! деп сәлем бергені орыңды.
Бірақ омірде ұшырасуы ықтимал бар жағдайды түгел ескеріп, толық жөн-нұсқа сызып беру мүмкін емес. Сірә, оның қажеті де болмас. Әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанына, өзінің жас шамасына қарай сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал. Сәлем беру —өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да қақымыз жоқ.
Ұлағат сөздер

Салем—сөздің анасы.

(Қазақ мақалы)

Сәлем беру деп арыз,

Сәлем алу да парыз.

(Өзбек мақалы)

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Адам сөйлескенше,

Жылқы кісінескенше.

(Қазақ мақалы)

Айтқан уақытында Баукеңмен Нарбай ақын да төменге түсті.
Екеуі де жайдары өте көңілді...
Дәм үстінде Баукең біраз шешіліп, өткен жылы Ыстықкөлде демалғанын айта бастап еді, жанымызға Созақ ауданында совхоз директоры болып істейтін тығыршықтай семіз біреудің аяқ астынан келіп киліккені. Әлгі омыраулаған қалпы Баукеңнің тусынан ұмтылып барып, Нарбайдың қолын қысты:
—Ассалаумағалейкум, Нарбай аға, өткен жолы біздің совхозға келіп кеткен екенсіз. Ауылда болмай қалғаныма Сіздің алдыңызда уяттымын. Арнайы келіңіз. Күтеміз, —деп, желімдей жабысып, айрылар емес. Өзгемізге көз қиығын да салмады.
Бауыржан тағы жекіріп тастайма деп, қипақтап отьрған Нәкең иә, иә, жақсы, жақсымен тез қутылғысы кеп, жаны шығып барады.
—Ал, сау тұрыңыз, Нәке, —деп, әлгі бұрыла беріп еді, Баукең:
—Әй, жігітім, —деп саңқ ете түсті. Директор қайтып оралды.
—Мен Бауыржан Момышұлы дегенмін. Бір дастарқанның басында отырған үш-төрт адамды алалап сәлем бергенді қай атаңнан көріп едіқ?
Сасып қалған директор:
Ө-ө, кешіріңіз, кешіріңіз, —деп, есі шығып, сасқалақтап қалды. Ортаға түскен Нәкең: Бұл бәленше деген совхоздың директоры", —дей бастап еді, Баукең:
Сәлемін түзей алмай жүріп, жұртты қалай басқармақ ? Марш!
деді тағы дамуртын тікірейтіп.

(М. Шаханов)

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы турде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр, олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады? Сондықтан қоғамның дамығандығының, мемлекеттін іргесі беріктігі мен азаматтарының көңілінен шығатын өркениеттілігінің басты шарты —экономиканы өркендету, әлеуметтік әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру, білім-тәрбие берудің оңтайлы жүйесін құру арқылы әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат қарым-қатынастары салтанат құруына жағдай жасау.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі —баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл—жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол және жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы. Ата-анасы о дүниеге аттанғаннан кейін де, олардың рухы, әруағы алдындағы міндетін ұмытпаған бала ғана өзінің перзенттік міндетіне адалдық көрсеткен болып табылады.
Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала —ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта-жалынып құдайдан перзенттілеген, перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған (аңсаған перзентін көргенде куаныштан жүрегі жарылып, өліп кеткен шеше де, әке де, ата мен әже де болған!), содан кейін Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін, —деп, әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа бір қатер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар және ұлттық мәдениет
Амандасу
Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік
Cөз әдебін қалыптастыру жолдары
Сәлемдесу
Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары
Этикет туралы ұғым
Тәрбие басы- тал бесік туралы ақпарат
Этикет ұғымы туралы түсінік
Қыз - болашақ ана
Пәндер