Жас ұрпақтың болашағы ұстаздар



1. Жас ұрпақтың болашағы ұстаздардың қолында.
2. Мұғалім мамандығының басты міндеті .
3. Мұғалім . бала жанының инженері.
4. Мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Дүниеге шыр етіп келген әрбір жан мынау жарық дүниені, тамаша тіршілікті сыйлаған Анаға мәңгілік қарыздар. Ал осынау өмірде көкірегі ояу, көзі қарақты азамат болып шыққаны үшін әрбір адам Ұстазға өмір бойы борыштар деп ойлаймын.Ана адамға өмір сүру бақытын сыйласа, Ұстаз біздің бойымызға ғылым нұрын дарытып, көңіл қойнауында бұғып жатқан қабілет қасиеттеріміздің қайнар көзін ашады. Демек, өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарды да солай құрметтеуге тиіспіз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздін ертеңі жас ұрпақтың қолыңда, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолыңда», — деген еді.
Жігерлі де елжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін жеке тұлға ретінде сана сезімін дамытып, өмірдің құбылыстарын жүрекпен сезініп, кемшілігіне өкініп, жеңісіне сүйсініп, сауаттылыққа, білімділікке жеткізу жолында тер төгіп, тынымсыз ізденіс үстінде жүріп, тәрбие беріп, баланың өмірлік көзқарасын бағамдап, сарапқа салып, ішкі жан дүниесіне бойлап, сабырлылыққа баулып, адаспайтын ақыл дариясына жетелеген, шаршамайтын, керісінше, рахат алатын ұстаздарымыз да аз емес.
1. Қоянбаев. Ж.Б. «Педогогика»
2. Мектеп журналы.
3. Мектеп директорының орынбасары.
4. Республикалық ғылыми - әдістемелік және
ақпараттық – сараптамалық журнал.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мұғалім мамандығының басты міндеті
Дүниеге шыр етіп келген әрбір жан мынау жарық дүниені, тамаша тіршілікті
сыйлаған Анаға мәңгілік қарыздар. Ал осынау өмірде көкірегі ояу, көзі
қарақты азамат болып шыққаны үшін әрбір адам Ұстазға өмір бойы борыштар деп
ойлаймын.Ана адамға өмір сүру бақытын сыйласа, Ұстаз біздің бойымызға ғылым
нұрын дарытып, көңіл қойнауында бұғып жатқан қабілет қасиеттеріміздің
қайнар көзін ашады. Демек, өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ,
сол ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарды да солай құрметтеуге
тиіспіз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Еліміздін ертеңі жас ұрпақтың қолыңда, ал
жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолыңда, — деген еді.
Жігерлі де елжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін жеке тұлға ретінде сана сезімін
дамытып, өмірдің құбылыстарын жүрекпен сезініп, кемшілігіне өкініп,
жеңісіне сүйсініп, сауаттылыққа, білімділікке жеткізу жолында тер төгіп,
тынымсыз ізденіс үстінде жүріп, тәрбие беріп, баланың өмірлік көзқарасын
бағамдап, сарапқа салып, ішкі жан дүниесіне бойлап, сабырлылыққа баулып,
адаспайтын ақыл дариясына жетелеген, шаршамайтын, керісінше, рахат алатын
ұстаздарымыз да аз емес.
Мұғалім мамандығының басты міндеті.
Оқу процесіңде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтсақ
оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен, қарым-қатынас деңгейінің
жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл
мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке дара зерттей отырып,
мәселенің себебін зеректік пең анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген
жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана
ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс
шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу тағы да
мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерек-шелігін ескере
отырып, оқушылардың не қалайтынын (ұжымға сіңісу, сынып алдында бедел
жинау, белгілі бір пәнге қызығушылық, сыйлы болу, жолдастарьның өзіне деген
ынта-ықыласы және т.б.) қанағаттандыруды ұйымдастыруымыз керек. Кез келген
жаста оқушы үшін көпшілік алдында ұятқа қалу, беделін түсіру, ұрыс-жанжалға
бару ішкі жан дүниесін бұзады. Сондықтан ұлы Абай атамыздың:
"Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Үстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға" — деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби
шеберлікке жету, өз ма-мандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын
дүние еместігін біз жақсы тү-сінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті,
зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық анғарғанда ғана толық
нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимы-лы, киімі, аяқ
алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт
жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір үстаз үшін оқу-тәрбие процесін
ұйым- дастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен
дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша
көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап
өткенді жөн көрдік:
сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасау;
дамыта оқыту жүйесінің мәні ме міндеттері;
сабақты ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері;
мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасаудың маңызы өте зор. Қазіргі
уақытта оқу-тәрбие процесін бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Бұл екі
бағыттың да көздеген мақсаты — тұлғаны қалыптастыру, саналы, салауатты,
өмірлік позициясы нақты құрылған азамат тәрбиелеу болып табылады. Негізгі
мақсат бір бола келе оқу процесін ұйымдастыру түрлі жолдармен өзіндік
формалармен жүзеге асады. Мүғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
негізгі көзі — сабақ болып табылады. Мұғалім өзінің алға қойған мақсат-
міндеттерін (оқытушылық, білім берушілік, тәрбиелілік, дамытушылық) осы
сабақта жүзеге асыра алады. Тек сабақта ғана мұға-лім оқушылармен ұжымдық,
топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылар-дың білімінін мол,
дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүм-кіндік жасайды.
Мүғалім оқушының көзқарасы мен оның сабақты меңгеру денгейін тек қана
сабақка толық педагогикалық - психологиялық талдау жасай отырып, кейде
тәжірибесі аз жас мамандар бағалауда мына қателіктерді жібереді.
Бағаның дұрыс қойылмайтын себептері:
1-қателік, мейірімді болғысы келеді, бәріне жақсы баға қояды, баға
силық ретінде қолданылады.
2-қателік, ортаны қалайтын мұғалімдер. Бұлар 2 мен 5 қоюдан қашады: 2 -
үшін жауап бергісі келмейді, 5-қоюға өзіне-өзі сенімсіз.
3-қателік, өзіне ұнағанына жақсы баға қояды, ұнамағанын кеміте береді.
4-қателік, өзінде жоқ қасиетті оқушысынан көрсе, оны негізсіз жоғары
бағалайды.
5-қателік, 2-ден кейін бірден 5 қойғысы келмейді, 2-ден кейін 5 деген
бағаны алу мүмкін емес деп ойлайды.
6-қателік, үлгерімі мен қатар тәртібіне де баға қоятын мүғалімдер.
Бағаны көтермелеп және кемітіп қоятын кездер болады.
1. Баланы қолдау оның зейінін арттыру, қызығушылығын тудыру үшін бағаны
көтермелеп қоюға болады.
2. Балаға өз іс - әрекетіне сын көзбен қарап жұмыс жасау үшін бағаны
түсіруге болады, бірақ бұл жағдайда баға не үшін кемітілді, қателігін
немесе
кемшілігін ескерту қажет.
Мұғалім — бала жанының инженері. Әлі жас ақылы толмаған, көп нәрсені
білмейтін балаларға білім беретін де, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Ата-баба дәстүрі асыл мұра
Қашықтықтан оқыту жағдайында ата - аналардың рөлі
Анашым-жанашырым
Мен ұстазбын (эссе)
Ұлттық құндылықтарды тасымалдаушы ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім мен тәрбие берудің рөлі
Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім
Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
Пәндер