Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау.

Қазіргі заман талаптарына сай оқу білім беру жүйесінде көптеген инновациялық тәсілдер енуде. Сол бір методикалық жүйеде нәтиже шығару ол балалардың білімін дұрыс бағалай білу болып табылады. Осы ретте кездесетін керағар факторлерді жою үшін ең басты мәселе «баға қою» деген терминді білім деңгейін бағалау деп ауыстыру қажет деп ойлаймын. Ол үшін оқушылардың білім денгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау эксперименттік жұмысын жүргізіп көрдік.

Бұл жұмысты ең алдымен жазбаша түрінде дәлелдеп шығуым қажет деп санадым. Бұнан соң II кезең ол - бір ғана сыныппен эксперименттік жұмыс жүргізу. III кезең екі-үш сыныппен әр түрлі пәндермен салыстырмылы түрде жұмыс жүргізу және IV кезең бүкіл мектеп сыныптарын осы іс-шараға барлық пәндер бойынша тарту болып табылады. Шығыс философиясына сүйенсек, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиетін дәріптеу оның өз міндеттерін қалай орындауы арқылы айқындалады. Ендеше, оқушылардың негізгі міндеттері оқу-білім алу болса, оның деңгейін бағалау, олардың жеке басының қадір-қасиетін айқындау болып табылары сөзсіз. Сондықтан, оқушылардың білім деңгейін бағалау процессіне өте салмақты, мағыналы көзқарас керек. Баланың білімін бағалау процессі, мұғалім жұмысындағы ең қиын кезең болып табылады. Ол рас, балаға қандай деңгейдегі бағаны қандай материалды ұғынғанда қоюға болады деген қалыптасқан ереже де бар. Бірақ ол шеңбердің аясынан шығатын кез туған сияқты. Өйткені бес баллдық жүйе бойынша бағалау, менің ойымша, баланы сабаққа ынталандыру барысында және оның еңбегін нақты бағалау үшін көп қиындықтар туғызуда. Баға жөнінде көптеген жағымды және жағымсыз жағдайлар болып жатады. Мұғалім оқушының білім деңгейін бағалау кезінде көптеген кемшіліктер жіберіп алып, өкініп жатар кездері де болады. Айталық, сыныптағы үздік оқушы тоқсан барысында бір рет өте нашар баға алып қалады. Ал тоқсан соңында ол бала беске бағаланғысы келеді, бірақ мұғалім екілік баға тұрғанда оны өте жақсы деп бағалай алмайды. Осыдан жанып тұрған баланың сағы сынады, пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Келесі тоқсанда ол баланың ынтасын көтеру, мұғалім алдындағы үлкен міндет болып табылады. Жасыратыны жоқ кейде баға дефицитін жою үшін «төбеден» алған бағаларды қойып жатамыз. Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау баға қоры жөніндегі алаңдатушылықты жоққа шығарады. Егер бізде бұрыннан қалыптасқан дағды (ереже) бойынша бір тақырыпты өту барысында 5-6 оқушы сұралуы керек болса, бұл технология бойынша онша қажет емес. Керісінше бір ғана сабақта қарастырылатын он немесе он бес сұрақ-тапсырмаларға берілетін + немесе - бонустарды 2-3 оқушы ғана иемденуі мүмкін. Оқушының білім деңгейін бағалау бонустық бірліктер арқылы жүзеге асуы тиіс. Бала оқу процессі кезінде өзіне бонус жинайды. Айталық, сабақ барысында бір дұрыс жауабына 1 бонус беру керек болса, дұрыс емес жауабына немесе мүлде жауап бермесе 1 бонус шегеру керек. Бірінші тоқсанда 6, 4, 7, 11 бонус жинаған балалар тура осы нәтиже бойынша қалған үш тоқсанда бағаланса, онда төрт тоқсанның қорытындысы бойынша оқушыларда тиісінше 24, 16, 28, 44 бонус жинайды. ал шкала бойынша 25-30 бонусты 5 балл деп, 20-25 бонусты 4 балл деп, 15-20 бонусты 3 балл деп есептеуге болады. Менің ойым, тоқсандық қортындыға бонустар санын ғана қойып, жылдық қортындыға балл қою керек. Бұған негіз етіп, ұлттық бірыңғай тестің ережесіндегі қосымша шкалалар таблицасын алып отырмын.

Ол іс-тәжірибе барысында былайша жүзеге асырылады. Сынып журналы дәл бұрынғы қалып бойынша толтырылады. Тек әр оқушының аты-жөнінің тұсындағы тор көзді бұрыштама етіп қиғаштап екіге бөлеміз. Тор көздің жоғарғы бөлігіне + бонустар қойылады да, төменгі бөлігіне -бонустар қойылады (№1кесте) .

№1 кесте. Бонустар қойылатын журнал үлгісі.

р/с
Оқушының аты-жөні
қыркүйек қазан
4
6
11
13
18
20
25
27
2
4
9
11
16
18
23
25
30
1
I-тоқсан
р/с: 1
Оқушының аты-жөні: Ботаев М.
қыркүйек қазан:
р/с: 2
Оқушының аты-жөні: Райқұлов Ғ.
қыркүйек қазан:
р/с: 3
Оқушының аты-жөні: ЖиенбетовН.
қыркүйек қазан:
р/с: 4
Оқушының аты-жөні: Умашев Ж.
қыркүйек қазан:
р/с: 5
Оқушының аты-жөні:
қыркүйек қазан:
р/с: 6
Оқушының аты-жөні:
қыркүйек қазан:
р/с: 7
Оқушының аты-жөні:
қыркүйек қазан:
р/с: 8
Оқушының аты-жөні:
қыркүйек қазан:
р/с: 9
Оқушының аты-жөні:
қыркүйек қазан:
р/с: 10
Оқушының аты-жөні:
қыркүйек қазан:

Сонда жыл бойы 30 немесе одан да көп сұрақты толық меңгерген бала 5 баллдың иесі деп айтсақ болады. Ал шкаланы 25-30 деп қойған себебім минус бонустар жеп қойған, бірақ толық жауап берілген сұрақтар есебінен толықтырылады. Сонан соң баланың сұралмай қалатын, түрлі себептермен сабақтарды жіберіп алатын күндері болады.

Бұл тәсіл деңгейлетіп оқыту, аралас сабақ және т. б. инновациялық методтары жүзеге асыру барысында қолданыс табады деп ойлаймын. Ең алдымен бұл әдістің тиімді жағын қарастырып көрелік. Ол үшін мынадай III-тірек факторларды алып отырмыз.

I. Бұл - жаңаша тәсіл.

II. Балалардың ынтасын көтереді, серпілісін оятады.

III. Мұғалімнің бағалау процесіндегі жұмысын жеңілдетеді. Атап айтсақ, бағаны түзету, оқушыны ынталандыру және көтермелеу мен жазалау оқушының ар-намысына шаң жұқтырмай отырып жүзеге асырылады.

Ендеше, осы факторларды жеке-жеке дәлелдеп көрелік:

I фактор. Бұл тәсілдің жаңашыл екендігінде дау жоқ. Техникалық прогресс дамыған кезеңде бонустарды есептеуді электрондық есептегіш машиналар немесе компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асыру өте қолайлы болып табылады. Бес баллдық баға жүйесі бойынша ең ақыры жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандары да бағаланбайды. Ол жерде әр пәннен 30 дұрыс жауап берген бала - үздік белгімен марапатталады.

Бұл әдіс сабақ барысын түрлендіруге, мұғалімнің жан-жақты ашылуына, оның жаңа оқулықтарды, оқу көрнекіліктерін, дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын кеңінен қолдануына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда мектептердегі білім беру жүйесіне оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын енгізу, мұғалімнің өз білімінің деңгейін көтеруге, шеберлігін шыңдауға көмектесуге және оқушылармен өткізген сабақтарын, педогогикалық процессті өте терең және салалы түрде талдау жасауына жол ашатын бірден-бір интеграциялық тәжірибелердің бірі.

II фактор. Балалардың ынтасын оятып, серпілісін көтеретін бұл әдіс өте тиімді. Әрбір оқушының өзінің потенциалдық мүмкіншіліктерін таразылауына және жағдайды өз күшімен өз пайдасына шешуіне көп әсерін тигізеді.

Әр баланың өз бетінше шебер және белсенді бола білуі, өзін физикалық, психикалық және рухани сезінуінің басты шарты екендігінде дау жоқ. Олай болса, бұл фактордың басты мүмкіншілігі балаларға «қателесуге құқық»бере отырып, оны түзетуге жағдай жасау болса, олар баға үшін қорқуын доғаратыны сөзсіз. Сонымен қатар, барлық балаларды салыстырмалы түрде жіктейтін әдеттен де мүлде арыламыз. Сөзімізді нақтылай түсер болсақ, бір рет қателескен бала да, егер қатесін дер кезінде көрсетіп, түсіндіретін болсақ, ол оқушы сол қатені жоюға және қайталамауға белсене кіріседі. Дәл осы кезде балаға жан-жақты көмек қажет. Ол «нашар бағам бар, оны жоя алмаймын » деген ойдан арылуы керек. Есесіне «мен (-) бонустарды (+) бонустарға түзетуге мүмкіншілігім зор» деген ынта-жігер, серпіліс ояту мұғалім алдындағы міндет.

Екінші жағынан қарайтын болсақ, бұл - ойын. Үйге берілген тапсырманы сұрау барысында таптырмайтын тәсіл. Плюс бонус жинау үшін балалар бір-бірімен жарысып қол көтеріп, барлық сұрақтардың дұрыс жауабын беруге тырысатыны сөзсіз. Тек дер кезінде оларға тиесілі бонустарын беріп немесе алып отырсаңыз болды. Демек бұл балалардың тарапынан қызығушылық оятуға болатын бірден-бір тәсіл. Бұл тәсіл - бастауыш сыныптарда бұрыннан бері қолданылып келе жатқан тәсіл. Мысалы, сабақ барысында дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша, жалауша беріп белсенділіктерін ерекшелендіріп тұратын сәттермен сәйкес. Тек бастауыш сыныпта жалаушалар мен жұлдызшаларды қайтып алып қою үрдісі енгізілмеген.

Бұның бәрінің тиімділігі тек оқу процесстері кезінде ғана емес, тәрбие ісінде де, тәжірибелік сабақтар, ең ақыры балаларды қоғамға пайдалы еңбек ке тарту кезінде де өз нәтижелерін береді. Демек, тек 5-ке оқитын оқушы үнемі жақсы да, 2-лік бағаны жиі алатын бала нашар оқушы деген ұғымнан арыламыз. Бұл баланың бойындағы моральдік, рухани және алымдылық-алғырлық қасиеттерін жанжақты ашуға септігін тигізеді. Кішкене ғана мысал, кейбір оқушылар математика, физика, химия сабақтары бойынша үлгермейтіндер қатарында болса, әдебиет, тарих, қоғамтану, география сияқты сабақтардан кілең «беске» оқуы мүмкін. Тереңірек тоқталар болсам, біраз жылдар бойы сырттай және тығыз түрде бақылау жүргізу барысында байқағаным, бір оқушы саптық даярлық тарауы бойынша теория жүзінде де, практика жүзінде де шыңдалған. Оның дене бітімі, сымша тартылуы, саптық тәсілдерді нақты етіп орындауы және жаңа сабақты түсіндірген, көрсеткен кездердегі ерекше ықыласы мен ыждағаттылығы, саптағы тәртібі 5-тен де артық баға қоюға тұрарлық. Дәл сол оқушы тактикалық даярлық тарауы бойынша теориялық сабақтарда еш белсенділік танытпайды, - бағалары нашар, практика жүзінде алғырлық танытуына негіз жоқ, сол үшін ол үлгермейді, яғни нашар оқушы. Мәселенің шиеленіскен тұсы алда, - сол оқушыға жылдық баға қою кезінде көп қиындық туындайды. Біздер көбінесе жылдың жылы мезгілдеріне саптық, атыс даярлығы тарауларының сабақтарын қойғандықтан, I -тоқсанға саптық даярлық, II- тоқсанға әскери қызмет негіздері, III- тоқсанға тактикалық дайындық, IV- тоқсанға атыс даярлығы бөлінеді. Бір тоқсан бойы үздік баға алған, екінші тоқсанда нашар баға алып қалған оқушыға қорытынды бағаны қалай қоярымызды білмей дал боламыз.

Менің ұсынысым, тоқсан соңында жинаған бонустарының жиынтығын есептеп шығарып, жылдық баға қою керек. Демек, тоқсан соңында баға қорытпастан бонустар санын жазып қана қою керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бонустық бірліктер арқылы бағалауды ұйымдастырудағы кездесетін қиындықтар
Мектеп кезеңі
Шоко-Мокко кофеханасы
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың қызметіндегі коммуникация процесін басқару
Мұғалімдерді оқытудың шетелдік тәжірибесі
Алматы қаласындағы Mildom қонақ үйінің тұтынушыларға адалдық бағдарламасын жетілдіру шаралары
Еңбекақы талдау әдістері
КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
«Казиндустрия» ЖШС персоналының еңбек потенциалының қалыптастыру, бағалау және оны дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүйесін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бастауыш сынып оқушыларының математика оқулығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz