Андрон мәдениеті (б.з.б. 17-9 ғғ.): кезеңдері, шаруашылығы және материалдық-мәдени ерекшеліктері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Андрон мəдениетінің (б. з. б. 17-9 ғасырлар) үш кезеңі бар: А. Ерте қола (б. з. б. 18-16 ғғ) . Ə. Орта қола (б. з. б. 15-12 ғғ) . Б. Кейінгі қола (б. з. б. 12-8 ғғ) .

Орталық Қазақстандағы Андрон мəдениеті (көптеген мекендер, қорымдар, көне кендіктер, құрбандық орындары, петроглифтер, күрделі мазарлар, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі), ертедегі Нұра кезеңіне тəн Андрон мəдениеті (жерлеу салтындағы кремация - мəйітті өртеу- аластау мен мəйітті табытқа салып қою рəсімі, керамика ыдыстардың жоғары жағын ғана əсемдеу, қабір ішіне мəйітпен қоса үй жануарларының сүйектерін де қою), Атасу кезеңіндегі Андрон мəдениеті(жерді, тіпті шөлейт жерлерді игеру, тау-кен жұмыстарының күрт кеңеюі, мəйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жерлеу), Бегазы-Дəндібай кезеңіне сай Андрон мəдениеті (мəйіттерді шалқасынан жатқызып қою, жер бетіне тастан, ағаштан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу), - осы кезеңдердің мысалы. Бұдан басқа да мысалдар (Солтүстік жəне Батыс Қазақстандағы Алексеев пен Тастыбұлақтағы топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек жəне тік бұрышты қоршаулары бар қорымдар мен ежелгі қалаларға мысал боларлық Қостанай облысының шекарасындағы Арқайым қонысы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы петроглифтер мен қорымдар, Арал алқабынан табылған Тегіскен кесенесі сықылдылар) толып жатыр.

Андрон мəдениетіне тəн (əсіресе ерте жəне орта қола кезеңдеріндегі, яғни б. з. б. 1 мыңжылдық басындағы) адамдар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысты. Атап айтқанда:

А. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымын (қазіргі моңғол жылқысына ұқсас жылқылар; шоқтығы орташа не биік жылқылар; соғыс арбасына жегілетін, асылтұқымды, биік, жіңішке аяқты, сымбатты, қой мойынды жылқыларды) ұстады. Олар қос өркешті бактриан түйелерін де бақты. Қыста төлді жылы жерде (тұрғын үйге жалғаса салынған мал қораларда) ұстады. Үйсіндердің байларында неше мыңдаған жылқы болды.

Ə. Негізгі тамағы сүт жəне сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік) болды. Етті тек мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланды. Бұл туралы Хəн əулетінің қағанкесі Лю Шижюннің əулет ордасына жазған хатында да айтылған.

Б. Бұл кезең адамдарының қоныстары дала өзендері мен оның жағалауларында болды. Егін, бау-бақша салуды білді. Бұған қоныстардың бəрінен табылған ортақ олжалар (тары ботқасы күйген құмыралар, дəнүккіштер, келсаптар, орақтар, тас кетпендер) дəлел. Үйсіндердің Іле дариясы бойын мекендеуі мен ол өңірге жүргізілген археологиялық зерттеулер мұны да дəлелдеп отыр.

В. Шаруашылық деңгейінде ілгерілеу (табиғаттан неғұрлым ұтымды пайдалануға ұмтылу) пайда болды. Отырықтылық салдарынан үй маңы жайылымы тұяқ кесті болып тез тозғасын, жайлауға шығуды (жігіттер малды көктем, жаз айларында алыс жайылымға əкетіп, үйде қалғандар екпешілікпен айналысуды) ойлап тапты. Үйсін күнбиі байлар меншігіндегі шұрайлы жайлауларды қору туралы бұйрық та шығарды.

Г. Кен өндіру б. з. дан 3000 жыл бұрын пайда болған-ды. Мысалы, Жезқазғанда, Іленің Қас тармағының бойында осы кезден-ақ кен өндіріле бастапты. Олар “кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру əдістерін меңгерген екен. Сондай-ақ əрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасапты. Əйелдер саз балшықты əзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар əртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен əсемделген. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланыпты”. Іле дариясының басындағы Қас тармағы өңірінен шыққан мыс кені де, табылған ыды - аяқтар да, масақтар да - бұған айғақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Андронов мәдениеті: ескерткіштер, шаруашылығы және қоғамдық-мәдени ерекшеліктері
Қазақстандағы Андронов мәдениеті: қола дәуірінің хронологиясы, шаруашылығы және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері
Ежелгі Қазақстандағы қауымдық құрылыс мәдениеті және материалдық мұра: Андрон, Беғазы-Дәндібай, сақ және ғұн дәуірлері
Авар қағанатының тарихы, шаруашылығы және әскери-мәдени ерекшеліктері (VI-VIII ғғ.)
III B және IV B топ элементтерінің құрылымы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Үйсіндер: саяси тарихы, шаруашылығы және материалдық мәдениеті
Қола дәуіріндегі Қазақстан: андронов мәдениетінің хронологиясы, шаруашылығы және материалдық мәдениеті
VI-XIII ғғ. Қазақстандағы көшпенділердің материалдық мәдениеті және ақша айналымы
VI-XII ғғ. Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы материалдық және рухани мәдениеті
Қазақстандағы Андронов мәдениеті: ошақтары және тарихи-мәдени ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz