Білім сапасын бағалаудың бағдарламаларындағы үш өлшемді құрылымның ерекшелігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Білім сапасын бағалаудың бағдарламаларындағы үш өлшемді құрылымның ерекшелігі

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2010 жылдың қаңтарындағы халыққа Жолдауында «Жоғары білім берудің сапасы ең жоғарғы халықаралық талаптарға жауап бере алатындай болуы тиіс» және « . . . 2020 жылға қарай ұлттық инновациялық жүйе толық қалыптасып, патенттер мен жаңа технологиялар түрінде оқу үдерісіне енгізілуі керек», - деген еді.

Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде білім сапасын бағалаудың халықаралық деңгейіне көтерілу қажеттігі «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла-масында» Болон үдерісінің негізінде халықаралық аккредитациядан өтуге дайындықты күшейтуді күн тәртібіне қойған болатын[1] .

Бұл талаптың құрылымдық элеметтерінің бірі - жоғары оқу орны түлектері мен мектеп мұғалімдерінің кәсіби қызметке даярлық сапасын анықтауда халықаралық бағалау бағдарламаларын пайлану мүмкіндіктерін көрсету қажеттігі айтылған еді. Елімізде ҰБТ нәтижелері бойынша көптеген оқушылардың төмен нәтижелер көрсетуі орта мектепте білім беру сапасының төмендігін, пән мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарының жеткідліксіздігін байқатады. Анықталынып отырылған мәселенің орын алуының басты себебі білім сапасын бағалау критерийлерінің орта мектеп деңгейінде жеткіліксіз қолданбауынан және түрлі бағдарламалардың қатар қолданылу мүмкіндік-терінің ескерілмеуінен деп табылып отыр.

Білім сапасын бағалаудың әлемдік және отандық тәжірибелерін салыстыра отырып, жалпы орта білім беру саласындағы түрлі олқылықтарға ұшыраудың басты себебін былай түсіндіруге болады:

- білім беру жүйесіндегі тұрпайылық пен қаталдық, сонымен бірге білімнің мазмұны барлық адамға бірдей делінгенімен, оқушылардың нақты қажетін қанағаттандыра алмайды;

- оқушыға сезімдік серпіліс туғызбай, дара ерекшеліктер ескерілмей, құр сөзге құрылған формалар мен әдістемелер таңдаудағы бірыңғайлық кемшілікке ұрындырмай қоймайды;

- оқытудағы нақты мақсатты дәл айқындай білмеу және оның нәтижесін тиімді түрде бақылай алмаушылықтан әр түрлі қателіктер туындайды;

- кез-келген көлденең әңгімеге ұрынып, тәрбиелік бағдардағы жалпылама сөз, жаттандылық оқушының дамуына деген немқұрайлылыққа соқтырады.

Мұның бәрі мұғалімнің дидактикалық, психологиялық әлсіздігін және әдістемелік жағынан білім деңгейінің нашарлығын, ізденісінің жетпейтіндігін көрсетумен қатар, оқыту жұмысындағы сәтсіздік деген тұжырымдық пайымдау жасатады. Бұл кемшіліктерді жою үшін алдымен үлгермеушілік себебін айқындауға мән беру қажет. Қазіргі педагогикалық ғылыми зерттеулердегі, дидактикалық тұжырымдамалардағы сұрыптап көрсетіліп отырған басты тәсіл мынаған келіп саяды: білімді бағалау ерекшеліктері мен ұйымдастыру формалары туралы қазіргі уақытта еліміздегі білімді бағалаудың дәстүрлі түрлерімен қоса альтернативті түрлерін қолдану қолға алына бастады. Дәстүрлі формада білім сапасын бағалау жеткілікті нәтижелер бере алмауда деп саналып отыр. Оқушылардың оның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасының тиімділігі төмен деп саналған. Халықаралық білім сапасын тексеру комиссияның шешімі бойынша берілген білімнің пайдалы әсер коэффициенті төмен. Оны көтеру үшін жаңа бағалау формаларына көшу керектігін күн тәртібіне қойылған.

Халықаралық бағалау бағдарламаларының ішінде PISA бағдарламасы оқушыларының білім деңгейлерін жетістік шкаласы бойынша көрсететін және оқушылардың жас ерекшелігі мен дара ерекшелігін есепке алатын сындарлы жүйені қакмтамасыз етеді деп саналады. РІSA бағдарламаның мақсаты - оқушылар өздерінің алған жалпы міндетті білімі, білігі мен дағдылары арқылы қоғамда толық қызмет ете алатынын бағалау. Оқу жетістіктерін бағалаудан басқа оқушылардың білімге деген қызығушылығы зерттеледі және зерттеулердің нәтижелері халықаралық салыстырмалы көрсеткіштер ретінде мектеппен және оқушылардың отбасымен байланысты қалыптасатын білім жетістіктері деңгейіне әсер еткен жеке факторларды ашуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, OECD/PISA бағдарламасы әр саланың жетістік шкаласы бойынша тиімді көзқарас дәрежесін, шкала бойынша түрлі дәрежені көрсету, ептілікті көрсетуге рұқсат ету, тест тапсырмасын калибрлік мазмұнда дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді деп саналады. Мұнда әрбір шкала әр саланың сауаттылық дәрежесін беруді анықтау арқылы адамның ептілігін бір мақсатта жеңіл жинау және анықталған шамада немесе мінездемеде орналастырады. Бұл екі факторға тәуелді: біріншіден, басқа сұрақтармен жұмыс істегенде басқа сұрақ типтерімен арақатынаста болу; екіншіден, әр сала бойынша бір шкаладағы сұрақтарды басқа шкалалармен қатар қарастырылады.

PISA бағдарламасы оқушының өз бетімен «мектеп» дағдылары мен «өмір» дағдыларының арасындағы айырмашылықты сезінуі мен пайымдауын (рефлексия) қамтамасыз етеді. Көптеген мектептерде әрқашан жастарды өмірге дайындауға тырысады, бұл өте маңызды. Мектеп оқу бағдарламасы дәстүрлі құрастырылады, негізінде, әдістеме мен деректің көзқарас негізімен беріледі. Олардың дәстүрінде дағды назарына аз көңіл бөлінеді, әр білім саласын тарату шамасында қолданылады. Проблеманы шешуде және өз идеясын қабылдауда, өмір жағдайын түсінуде қабілеттілік дәрежесіне назар аударылады. Дағды мен пайымдаудыдеңгейін анықтауға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді, осы білімді қабылдауға рұқсат етеді. Одан ары, OECD/PISA мектептегі білім мазмұнының баламалығын шеңберлеуге шек қоймайды.

Қысқасы, оқушы білімін бағалауда талаптар күшеюде. Міне, осы жерде бұрынғы жұмыс істеу тәсіліне, бағдарламаларға үйреніп қалған оқытушылар «бұл өзгерістерге даяр ма?», «келешекте оқытушы өзіне қандай талаптар қоюы керек?» деген сұрақтар туындайды. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын пайдалану, кредиттік жүйеге көшу, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге дайындық, халықаралық ИСО-9001:2000 стандарттарына сәйкес білім мазмұнын анықтау, TIMS, PISA бағдарламалар бойынша білім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу т. б. мәселелер қолға алынуда. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда көптеген педагог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нәтижелерін оқу тәрбие процесінде еңгізуде. Атап айтқанда Ж. Қараев, М. Жанпейісова, Қ. Жанпейісова, М. Жадрина, Ж. Қобдикова, т. б. ғалымдар білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі түрлерімен қоса білім беру мазмұнын дифференциациялау арқылы комплексті сатылап бағалау жүйесін еңгізу қажеттігін қолдайды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының педагог ғалымдары білім нәтижесін бағалаудың соңғы нәтижеге бағдарлануын сапалы бағалауға жатады деп есептеледі (М. Жадрина, Н. Оразақынова, т. б. ) [2] .

Елімізде білім беру сапасын бағалауда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер жиі кездесетіні, онда білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі жүйесіне көшу, оның дидактикалық шарттарын анықтау арқылы көрсетілген. Осындай көзқараста Республикалық білім жетілдіру институтының ғалымдары (Ж. Кобдикова, Г. Жайтапова, т. б. ) білім сапасын бағалаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру қажеттігін, ол үшін жаңа педагогикалық негізінде оқу тәрбие процесін технологизациялау қажеттігін күн тәртібіне қояды.

Аталған шаралар жаңа формация педагогына қойылатын философиялық парадигмалар негізінде құрылуда. Сондықтан білім беру сапасын арттыру мен оның нәтижелілігін бағалаудың жаңа өлшемдік жүйелерін анықтап, оқу-тәрбие үдерісіне енгізу қажет болып отыр. Елімізде білім сапасын бағалаудың ИСО - 9001: 2000 стандартына сәйкес TIMS, PISO тағы басқа бағалау жүйелерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда. Сонымен бірге, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Н. Кушеров, К. Бұзаубақова, М. Қасымов, А. Ботамқұлова, т. б. ) Ұлттық Білім Академиясының ғалымдарымен бірлесе отырып көп деңгейлі оқыту мен көп деңгейлі бағалау жүйесінің тиімділігін көрсететін білім сапасын бағалаудың жаңа үлгілерін сынақтардан өткізуде. Альтернативті вариант ретінде М. Жадрина, Ж. Қараев, Ж. Кобдикова, А. Жайтапова, т. б. ғалымдар оқыту үрдісін әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдірудің басты шарты білім беруді көп деңгейлі бағалау қажеттілігіне тәуелді болады деп, оқыту үрдісін басқарудың және оның нәтижесін сапалы етудің жаңа өлшемдік жүйесін ұсынады[3] .

Аталған элективті курста PISA бағдарламасы бойынша үш өлшемді білім беру саласының құрылымына сипаттама жасалынған (№1кесте) :

№1 кесте

Бағалау түрлері
: Әрекет түрлері
Бағалау түрлері: Оқу сауаттылығы
Математикалық сауаттылық
Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығы
:

Әрекет түрін

анықтау

Бағалау түрлері: Түсіну, пайдалану және жазбаша тестер-ді талдау мақсат жетістігіне арналған, үздіксіз білім және әлеумет, және қоғамға қатысады.
Анықтау, түсіну және математикалық білім, математикадық рөл пікірін қазіргідей және болашақта негіздейді.
Дәлелдеу негізімен қорытынды жасауды жаратылыс ғылымы бойынша үйлесімді білім.
: Компонент-тердің білім-дік мазмұны-ның көлемін мөлшерлеу
Бағалау түрлері: Түрлі текстерді оқу: проза, тип бойынша және документтерді классификациялау, құрылым бойынша классификациялау.
Математикалық мазмұн - негізінде, математикалық «негізгі түсінік». Бірінші циклде бұл өзгеру мен көбею, кеңістік және форма. Келесі циклде ықтималдық, сандық ойша пайымдау, өзгер-гіштік.
Ғылыми түсінік - мы-салы, энергияны сақ-тау, адаптация, жайы-лу, физика саласы-ның негізінен таңдап алған биология, хи-мия сұрақтарымен қолданылады. Қол-данған энергиямен байланысады. Биоло-гиялық түрін сақтау немесе материалдар-ды қолдану.
: Тапсырма нәтижелерін талдау
Бағалау түрлері: Оқу бойынша түрлі тапсырмаларды орын-дау, нағыз деректерді шығару, текстің фор-масын немесе мазмұ-нын талдау немесе түсіндіру, тексті оқу, түрлі жағдайға арнал-ған жазба, мысалы жеке қызықтар үшін немесе жұмыс тала-бын орындау үшін

Математикалық ептілік, мысалы, үлгілеу, пробле-маны шешу, үш класқа бөлінеді:

1) процедураны орындау;

2) қатынасты дәлелдеу;

3) математикалық ойлау және талдап қорыту. Түрлі жағдайда матема-тиканы қолдану, мысалы, проблемалар индиви-дуумға ықпал жасау, қоғам немесе барлық әлем.

Дағдылар - мысалы, анықтау, кіріспені ба-ғалап және істеуді үй-рену. Ғылыми білім негізінің тапсырмасы-на тәуелді емес. Түрлі жағдайларда ғылым-ды қолдану, мысалы, проблемалар, индиви-дуумға ықпал ету, қоғам немесе барлық әлем.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін білімді бағалаудың жаңа жүйелері мен бағдарламаларына қатысты даярлау мақсатында «Халықаралық білімді бағалау бағдарламалары және оны отандық бағалау жүйесімен салыстыру» атты элективті курс ұйымдастырылған. 2 кредиттік осы курста OECD/PISA бағдарламасы бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың білімін жаңаша бағалауының үш өлшемдік білімдік критерийлеріне сәйкес мазмұн беріледі.

Ол мазмұнда бастауыш сыныптарда білім берудің үш білімдік саласын қамтитын функциональды білім мен дағдыларды бөліп көрсетіледі, балалардың өмір сүру ортасы мен қоғамдық шараларға белсене қатысуының құзырлылық шегі айқындалады. Тапсырманы орындау қабілетін жетілдіру сол үдеріске белсене қатысуды талап ету арқылы шешімді қабылдау үдерісіне қатысу қабілеттілігінің қалыптасу дәрежесін көрсетеді.

Осы жіктеуді қолдану үшін, үш өлшемдік көзқарасқа сәйкес әдістемелік қызмет түрлері жазылады. Олар шамалап мынадай түрде беріледі:

  • мамандану саласы бойынша білімнің мазмұны мен құрылымын анықтау;

-түрлі үдерістер мен танылатын дағдылардың қалыптасуына белсене қатысуын талап ету және орындалу шамасы қадағалау;

  • жағдай және контекстке қатысты білім мен дағдының ауысуын қамтамасыз ету.

Болашақ мүғалімдердің кәсіби-құзырлылық дағдыларын бағалау қатарында идея немесе мәселені көре алу алдыңғы қатарда тұрады, ол тапсырмалардың түрлі деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет. Дегенмен осы үш өлшемнің жалпы құрылыс шеңберінде әр саланың өз өлшемі анықталады, оқу сауаттылығының жаратылыстану ғылымдары мен ғылыми мен матема-тикалықтың сауаттылықтардан айырмашылығы айқындалуы тиіс. Бұл жүйеге сәйкес біріншіден өзіндік әрекет ету дағдылары маңызды болады, оқу жоспарына сын тұрғысынан қарау қайшылығы туындайды, себебі білім мазмұны ашық «мазмұнды» болмайды. Оқушының негізгі оқу әрекетінің түрлеріне пайымдау әрекеті қосылады, сондықтан болашақ мұғалім рефлексия теориясын жақсы меңгеруі тиіс. Сол себепті біздің «Халықаралық білімді бағалау бағдарламалары және оны отандық бағалау жүйесімен салыстыру» атты элективті курста үш өлшемді бағалау жүйесінің психологиялық ықпалының күшті болатыны айтылады.

PISA бағдарламасына сәйкес білім мазмұнының ауыспалы көлемінің үш бағыты негізге алынады. Олар мәтіндік түсініктерден тұрады: сұрақтар - білімгерлер үшін тапсырма мазмұнында беріледі; жауапты форматтар - тапсырма бойынша өз біліктерін тексеруін сұранатын білімгерлердің қабілет дәрежесін анықтайды; білімгерлердің жауабының бағалануын кезекпен баяндайды анықтайтын белгілер үшін ережелерді әзірлеу.

Талапта және үздіксіз мәтінде пайда болатын толық түсінік жүйесі өзара байланысқан келесі бес аспекті тұрғысынан өлшенетін PISA бағдарламасының оқу бағасының критерийлерін құрайды:

- жалпы кең түсінік жасау;

  • бұрынғы түсініктерді реттеу;
  • интерпретацияны дамыту;
  • мәтін мазмұнындағы бейнені анықтау;
  • мәтін форматындағы бейнені сипаттау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Білімді бағалаудың критерийі
Модельдеу әдістері мен модельдеуге арналған бағдарламаларға шолу
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯДАҒЫ ЖАҢА ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері
Білімді бағалаудың кейбір мәселелері
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
Оқушылардың білім, білік дағдыларын бағалау және тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz