Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау, ұғымы, әдістері
Кіріспе ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
І.тарау Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
1.1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы және оның принциптері ... ... ... ..6
1.2. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау нысаны және тәсілі...8
1.3. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі және орны ... ... ... ... ..13
ІІ.тарау. Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
2.1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері ... ... ... 18
2.2. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау.кепілпұл ... ... ... .22
2.3. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау.тұрақсыздық айыбы ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер

Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы міндеттемеге сәйкес 6ip адам (борышқор) басқа адамның, (несие берушінің) мүлкін беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бip әрекеттер жасауға, не белгілі 6ip әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз мідеттерінің орындауын талап етуге құқылы. Несие берудің борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттеме заң талаптары жене міндеттеме шарттарына сәйкес, мұндай шарттар мен талаптардың болмаған жағдайында - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе баск,а талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс. Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі. Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында реформалық, басталумен құқықтық, базасыз нарық, қатынастары карыштап дами бастады. Осыған орай міндетті құқық, рөлі, соның ішінде мідеттемелерді қамтамасыз ету әдістері, рөлі едәуір ұлғая түсті.
1.1995 жылғы 30 тамызда республикалық, референдумде кабылданған Қазакстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінде 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған.
3. Қазақстан Республикасының 1994 жыл 24 желтоқсандағы "Шетел инвестициялары туралы" Заңы.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық, серіктестері туралы" заң күшіне ие Жарлығы . 1995 ж ., 2 мамыр.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекетттік кәсіпорындар туралы" заң күшіне ие Жарлығы. 1995 ж., 19 маусым.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ici туралы" заң күшіне ие Жарлығы. 1995., 20 шілде.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Банктер және банк қызметі туралы" заң күшіне ие Жарлығы. 1995 ж., 31 тамыз.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Үкімет туралы" 1995ж.,18 желтоқсан.
9. Қазақстан Республикасы "Жер туралы" 2001ж.24.01.
10. Қазакстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" Жарлығы. 1995 ж.,22 желтоқсан.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қозғалмайтын мүлксін ипотекалау туралы" заң күшіне ие Жарлығы. 1995 жыл, 23 желтоқсан.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қозғалмайтын мүлікке және онымен Жасалған мәмілеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заң күшіне ие Жарлығы. 1995 ж., 25 желтоксан.
13. Қазакстан Республикасының Қазакстан "Банкроттық туралы" заңы. 1997ж., 21 қаңтар.
14. Қазақстан Республикасының Қазақстан Рееспубликасы Президентінің "Банкроттық туралы" заң күшіне ие Жарлығының күшін жоғалтқанын тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы " Заңы 1997 ж., 5 наурыз.
15. Қазақстан Республикасының "Құнды қағаздар рыногы туралы" Заңы. 1997 ж ., 5 наурыз.
16. Қазақстан Республикасының "Құнды қағаздармен жасалган мәмілелерді тіркеуге алу туралы" Заңы. 1997 ж.5 наурыз.
17. Қазақстан Республикасының "Орындау өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңы 30 маусым 1998 жыл.
18. Министрлер кабинетінің 1992 ж. 6 тамыздағы Қаулысымен бекітілген " Мемлекеттік ломбард туралы" ережесі.
19. Министрлер кабинетінің 1992 ж. 6 тамыздағы Қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік ломбард туралы" ережесі.
20. "Ипотекалық, несиелерді қамтамасыз етуден жер учаскелері мен жерді пайдалану құқының кепіл тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 1996 ж. 6 маусым.
21. "Қазақстан Республикасындағы нақты акддасыз есеп айырысу уақытша ережесі". Қазақстан Республикасы Ұлттық, Банкінің Басқармасы. 1992 ж. 19 караша.
22. "Ломбардтар туралы" ереже. Қазақстан Республикасы Ұлттық, Банкінің Баскармасы қаулысымен бекітілген. 1993 ж. 3 маусым.
23. "Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімге несиелеу ережесі". Қазақстан Республикасы Ұлттық, Банк Басқармасының Қаулысымен бекітілген. 1994 ж. 11 ақпан.
24. Мемлекеттік кепілдікті беру тәpтi6i туралы нұсқау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығымен бекітілген. 1999 ж. 1 тамыз.
25. Қазақстан Республикасының Азаматтық, кодексі түсініктемелер мен сілтемелер. Жалпы бөлім. Алматы. Баспа. 1996 ж.
26. Қазақстан Республикасының Азаматтық, кодекс түсініктемелер мен сілтемелер. Жалпы бөлім. Алматы. Баспа. 1996 ж.
27. Гражданский кодекс Российской федерации часть первая М. Собрание законодательства Российской Федерации. 1995ж.
28. Комментарии к Гражданскому кодексу Российской Федерации, части первой М. Юринформцентр. 1997 ж.
29. Байсин Ю. Г. Общие положение гражданского кодекса.
30. Республики Казахстан Алматы. "Предприниматель и право". 1996ж.
31. Гражданский кодекс Российской Федерации в схемах Эксперт 1977 104с.
32. Боберешова О. Способы обеспечения обязательств. Алматы "Предприниматель и право". 1996 с. 5-7.
33. Васенин А.П. залог как способ обеспечения обязательства. Том 1-3. 1996-1997г.г.
34. Коммерческий договор: от заключения до исполнения. М."Маркетинг" , 1995. 324 с.
35. Хравченко А.И. Законодательство об ипотеке. / Алматы, Адилет/. В сб. "Комментарий гражданского законодательства". Том 1-3. 1996-1997 .г.г.
36. Момонтов Н. И. Обязательства и их исполнение.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
І-тарау Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы және оның
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау нысаны және
тәсілі...8
3. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі және
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІ-тарау. Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз
ету
1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
тәсілдері ұғымы және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
2. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау-
кепілпұл ... ... ... ...22
3. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау-тұрақсыздық
айыбы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .33
Кіріспе
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы міндеттемеге
сәйкес 6ip адам (борышқор) басқа адамның, (несие берушінің) мүлкін беру,
жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бip әрекеттер жасауға,
не белгілі 6ip әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші
борышқордан өз мідеттерінің орындауын талап етуге құқылы. Несие берудің
борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттеме заң талаптары жене
міндеттеме шарттарына сәйкес, мұндай шарттар мен талаптардың болмаған
жағдайында - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе
баск,а талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс. Шарт бойынша міндеттемелерді
орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы
қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі.
Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті
дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады. 80-
жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында реформалық, басталумен құқықтық,
базасыз нарық, қатынастары карыштап дами бастады. Осыған орай міндетті
құқық, рөлі, соның ішінде мідеттемелерді қамтамасыз ету әдістері, рөлі
едәуір ұлғая түсті.
1995 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Азаматтық, Кодексінің 271
бабына орай, мідеттемелер заңда көрсетілген келісімдер мен тағы басқа
шарттардан, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық, Кодексінің 7
бабанда көрсетілген зиян келтіру және басқа негіздерден келіп туындайды.
Тараптар арасында пайда болған шарттар немесе заңға негізделген
міндеттемелер, шарт немесе заң, талаптарына сәйкес болмаған жағдайда,
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға және Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабында қарастырылған: айып төлеу;
кепіл; кепіл болушылық; (кепілдік); кепілпұл; борышқор мүлкін алып қалу;
Алайда, жоғарыда керсетілген әдістер мұнымен аяқталып қалмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық, Кодексінің 292 бабында міндеттемелерді
орындау заң жүзінде немесе келісімде көрсетілген тағы басқа әдістер арқылы
қамтамасыз етілуі мүмкін.
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау - борышкердің несие
беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы (немесе әрекеттен
тартылуы). Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын міндеттеменің
түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды
өтеу жөне т.б.) Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек
ететін міндеттемелерге тең емес. Мысал ретінде автордың басқа баспаға
қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да, авторлық
шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру әрекетінен
тартыну кіреді.
Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені
орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол
берілмейді (АК-ның 273-бабы).
Шарт тең құқылы негізде, тараптардың еркін ықтияры негізінде жасалады,
сондықтан ол екі жақтың өзара келісімімен тоқтауы тиіс. Шартты орындаудан
біржақты бас тарту, шын мәнінде, шартты біржақты тоқтату, сондықтан оған
жол берілмейді. Жекелеген жағдайлар үшін бұған арнайы рұқсат ету заңда
белгіленген. Кейбір мұндай жағдайлар АК-да көзделген (404-бап).
Тиісінше орындау принципі жөне нақтылай орындау принципі міндеттемені
орындаудың негізгі принциптері болып табылады. 272-бапта былай делінген:
"Міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше
орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда -
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге
де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс".
Бапта тиісінше орьшдалу принципі айтылған, яғни, ол — тиісті
борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті
затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы.
Міндеттеме тиісінше орындалды деп саналады, егер орындау нысанына,
субъектілерге, орнына, мерзіміне және орындау тәсіліне қатысты барлық
шарттар мен талаптар орындалған болса.
Тиісінше орындау принципін жүзеге асырудың нақты тәсілдерін АК
ашпайды, ол міндеттеме шарттарына және заңнама талаптарына, ал ондай
шарттар болмаса - іскерлік айналым талаптарына немесе өзге әдетте қойылатын
талаптарға сілтеме жасайды.
Нарықтық қатынастардың келуіне байланысты тиісінше орындауға қойылатын
талаптардың көпшілігін шарттағы тараптардың өздері анықтайды. Сондықтан АК-
да айтылатын міндеттемелердің шарттары тиісінше орындауды анықтаудың жиі
қолданылатын тәсілі болып табылады.
Заңнама тиісінше орындаудың талаптарын императивті белгілей алады,
яғни біржола, үзілді-кесілді, басқа нұсқаларға жол бермей (мысалы, сапаға
талап, жеткізілген тауардың түгелдігі). Тараптар бұл талаптарды өзгерте
алмайды. Бірақ заңнамада да талап диспозитивті берілуі мүмкін, яғни
тараптардың өзге ережелер қабылдауына мүмкіндік беріледі (мысалы, өнімді
жеткізу шарты бойынша жөнелту тәсілдері). Бұл ретте, егер тараптар шартта
өзгедей жағдайлар қарастырмаса, заңнама талабы қолданылады.
Заң акгілерінде әкімшілік актілерінің талаптарын орындау міндеті
белгіленген жағдайда, тараптар тиісінше орындау үшін осы актілерде
белгіленген талаптарды сақтауы тиіс. Мысалы, Мемлекетгік кәсіпорын туралы
Жарлықтың 13-бабында "мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырысты
орындау міндеті болып табылады. Кәсіпорын тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметі) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарт жасаудан бас
тарта алмайды, егер мұндай шарттар жасасу мемлекеттің тапсырысында
көзделген болса" делінген. Бұл ретте мемлекеттік кәсіпорын тиісінше
орындаудың мемлекеттік тапсырыста келтірілген барлық талаптарын сақтауға
міндетті (санын, сапасын, орындау мерзімін және т.б.).
Әдетте қойылатын талаптар, көбіне, орындау нысаны болып табылатын
тауар, жұмыс және қызмет сапасын анықтағанда қолданылады. Бұл талаптар
заңнамада немесе шартга белгілі бір тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетілетін қызметтердің белгіленген сапа стандарттары болмаған
жағдайларда да қолданылады. Сондай немесе ұқсас тауарларға, жұмыстарға
немесе қызметтерге (түріне, сортына, т.б.) әдетте қойылатын талаптар
қолданылады.
Тиісінше орындау барлық реттерде міндеттемені тоқтатады және
борышкерді міндетін орындаудан босатады. Тиісінше орындамау несие берушіге
міндеттеменің нақты орындалуын (АК-ның 354-бабының 1-тармағы) және
азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануды талап етуге негіз
береді.
Нақты орындау принципі АК-ның 354-бабында келтірілген жөне оның мәні
—залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау керектігінде
(яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді жасау). Сонымен
қатар бұл бап заттай орындау принципінің қолданылуын бұрынғы заңнамамен
салыстырғанда қатты шектеді. Тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық
айыппұлын төлеу жөне шығындарды өтеу борышкерді міндеттемені орындаудан
босатпайды, яғни нақты орындау принципі күшінде болады.
Міндеттемелерді қамтамасыз етудің бұрыннан белгілі және өте кең
таралған әдici айып төлеу болып табылады. Айып төлеу -зат жүзінде немесе
шартта белгіленген ақшалай сома, оны борышқор келесі тарапқа өз
міндеттемесін орындамаған немесе тиicтi дәрежеде орындамаған, сондай-ақ,
шартта көрсетілген мерзімді ұзартқан жағдайда төлейді. Айып төлеудің
түрлері айыппұл мен өciм болып табылады.
Осы жұмыста әрекет eтyшi заңға талдау жасау әдісі арқылы
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық, әдістеріне
зерттеу жүргізуге, оны ресми түрде түсіндіруге және кәсби тұрғыда әдістеме
жасауға талпыныс жасалады.

1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
ұғымы және оның принциптері

шарттар болмаса —іскерлік айналым талаптарына немесе өзге әдетте қойылатын

Іскерлік айналым дағдысының міндеттемелерін орындағанда қолданудың ең
жарқын мысалы ИНКОТЕРМС ережелері болып табылады, ол халықаралық сатып алу-
сату шарттарын орындағанда ұдайы қолданылады.

босатпайды, яғни нақты орындау принципі күшінде болады. Бірақ міндеттемені
орындамау жағдайында шығынды өтеу және тұрақсыздық айыппұл төлеу борышкерді
міндетемені заттай орындаудан босатады, яғни кері принцип қолданылады.
Екі принцип те диспозитивтік сипаттағы жалпы ереже ретінде
қолданылады, бірақ заң актілері мен шартта өзгедей көзделуі мүмкін.
Борышкерді міндеттемені заттай орындау міндетінен босату керегі болмай
қалған міндеттеменің орындалуынан несие беруші бас тартқан, сондай-ақ бас
тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сома төленген жағдайларда орын
алады (АК-ның 354-бабының 3-тармағы).
Заңда міндеттемені мәжбүрлеп орындауға еріксіз көндіру жағдайлары
белгіленген. Мысалы, жеке — белгілі бір затты меншікке, шаруашылық
жүргізуге, жедел басқаруға немесе несие берушінің пайдалануына беру
міндеттемесін орындамаған жағдайда, егер бұл затқа үшінші жақтың артықшылық
құқығы болмаса, несие беруші оны борышкерден алып қоюға және өзіне беруді
талап етуге құқылы (АК-ның 355-бабының 1-тармағы).
1.2.Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
нысаны және тәсілі
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау нысаны, ол — борышкер
міндеттемеге сәйкес несие берушіге беруге, орындауға немесе көрсетуге
тиісті зат, жұмыс немесе қызмет. Нысанға қойылатын тиісінше талап сапа және
сан ұғымы арқылы көрініс табады. Сапа шартқа сәйкес анықталады. Егер ол
затқа мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шартгар болса, онда сапа
госттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес, егер болмаса — әдетге
қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау нысаны, бұл — мүлік
(АК-ның 115-бабы). Бірінші кезектегі орындау нысаны — зат. Мысалы, жеке-
белгілі бір зат жайында 355-бапта айтылған. Заттардың айрықша түрі болып
табылатын орындау нысаны ретінде АК-да ақша алынған (282-бап). Орындау
нысаны зат емес мүліктер де, атап айтқанда, міңдеттемелік құқық та,
интеллектуалдық меншік те болуы мүмкін. Орындау нысаны өзіне затты да,
талап қою құқығын да, борыштарды да, интеллектуалдық меншікті де (айрықша
құқықты) қамтитын мүліктік кешен болуы мүмкін. Сөз мүліктік кешен ретіндегі
кәсіпорын жайында болып отыр (119-бап).
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау зат түрінде орындау
туралы, яғни міндеттемені заттай орындау принципі туралы ереже бекітілген
ретте де орындау нысаны жайында айтылады (254-бап).
Міндеттеме тиісінше орындалуы үшін сақталуы тиіс кейбір элементтер АК-
ның арнаулы баптарында бекімін тапқан: мысалы, орындау субъектілері туралы
(275, 276-баптар), мерзім туралы (277-279-баптар), орындау орны туралы (281-
бап), орындау тәсілі туралы (284-288,290, 291-баптар) шарт.
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау нысанына қатысты
айрықша талаптар ақшалай міндеттемелерді орындауға қойылады.
Ақшалай міндеттемелер дербес (заем шарты бойынша) немесе тәуелді
(сатып алушының сатып алған затқа төлеуі) болуы мүмкін. Ақшалай міндеттеме
(немесе борыш валютасы) дегенді оның сомасын белгілеу, ал төлеу (немесе
төлем валютасы) дегенді сол соманы несие берушіге; не қолма-қол ақшамен
немесе қолма-қол емес есептесу тәртібінде беру ; деп түсіну керек.
Ақшалай міндеттеме Қазақстан Республикасының аумағында I теңгемен
көрініс табуы тиіс (АК-ның 127-бабы). Міндеттемелер бойынша есеп-қисапты
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырғанда шетел валютасын,
сондай-ақ шетел валютасындағы төлемдік құжаттарды пайдалануға Қазақстан
Республикасының заң актілерінде анықталған реттерде және жағдайларда немесе
оларда белгіленген тәртіпте жол беріледі. Ақшалай міндеттемеде борыш шетел
валютасы түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуге
тиіс екендігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда теңгемен төленуге тиісті сома
Ұлттық Банктің тиісті шетел валютасы үшін төлем күні белгіленген ресми
бағамы бойынша не тараптардың келісімімен белгіленген өзге бағаммен
айқындалады (АК-ның 282-бабы).
АК-ның 282-бабының ережелерін бұзу (яғни ақшалай міндеттемені шетел
валютасында көрсету немесе төлеу) мәмілені заң талаптарына сәйкес келмейтін
заңсыз мәміле деп тануға әкеп соғады (АК-ның 158-бабы).
Бұл ережеден ауытқу заң актілерінде көзделген немесе олар белгілеген
тәртіпте ғана орын алуы мүмкін.
Шетел валюталарын пайдаланудың мүмкіндіктері мен шектерін анықтайтын
негізгі нормативтік акт —1996 жылғы 24 желтоқсандағы Валюталық ретгеу
туралы Заң.
АК-ның 282-бабында шетел валютасы туралы айтылған. Валюталық реттеу
туралы Заң (1-бап) шетел валютасын шет мемлекеттердің валютасы ретінде
анықтайды (доллар, иен, рубль, сом және т.б.) 2002 жылдың 1 қаңтарынан
айналымға жаңа валюта —евро енгізідді, ол Еуропалық одақ елдерінің
валюталарын (франк, марка, гульден және т.б.) алмастырды.
Егер ақшалай міндеттеме бойынша жасалған төлемнің сомасы барлық
борьпшы өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда өтеу мына тәртіпте жүргізіледі:
бірінші кезекте — несие берушінің борышкерден орындауды алумен байланысты
шығыны (мысалы, шартқа сәйкес ақшалай міндеттемені орындау орны болып
табылатын өзінің тұрғылықты жерін борышкер ауыстырғанда, векселмен
төлегенде жөне кейін оған есеп жүргізгенде). Екінші кезекте тұрақсыздық
үшін айыппұл төленеді, ол төлеу мерзімінің өткені үшін өсімақы болып
табылады және мүліктік жауаптылықтың бір түріне жатады (АК-ның 353-бабы).
Үшінші кезекте сыйақыны (мүддені) өтеу жүргізіледі. Ең соңында негізгі
борыштың сомасы өтеледі (282-баптың 2-тармағы).
Банк практикасында да ақша қаражатын пайдаланғандық үшін пайыз негізгі
борыштың сомасына кіреді. Егер баптың мәтінін дел ұстанатын болсақ,
борышкердің несие беруші аддындағы борышын өтеу мына кезекте жүргізіледі:
несие берушінің шығындары, тұрақсыздық үшін айыппұл, сыйақы (мүдде),
борьпшың негізгі сомасы. 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Салықтар және
бюджетке теленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)"
Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдауға байланысты Қазақстан
Республикасьшың кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы" ҚР Заңының түсіндірме беріліп отырған бабының 1-тармағының екінші
бөлігінен мына мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдер алынып тасталды:
Ақшалай міндеттемеде ол шетел валютасындағы белгілі бір сомаға бара-бар
сомада теңгемен төленуге жатады деп кезделуі мүмкін. Бұл ретте теңгемен
төленуге жататын сома, төлем күніне жөне төлем орнында немесе оған жақын
жерде тиісті шетел валютасы үшін Қазақстан банкаралық валюта биржасы
белгілеген бағам бойынша анықталады, егер заңнамада немесе тараптардың
келісімінде өзге бағам немесе оны анықтаудың өзге күні белгіленбеген
болса".
Түсініктеме беріліп отырған баптан теңгені шетел валютасымен
байланыстыру мүмкіндігі туралы ережені алып тастау практикада көптеген
мәселелер тудырды, сондықтан ҚР Ұлттық банкі (2002 жылы 5 ақпанда) мен ҚР
Мемлекеттік кіріс министрлігі (2002 жылы 11 ақпанда) бірлесіп түсініктеме
берді. Бұл түсініктеменің мазмұны мынада. АК-ның 282-бабына сәйкес ақшалай
міндеттемелер ҚР аумағында теңгеде көрініс табуы тиіс. Сонымен, қазіргі
кезде ҚР аумағында кез келген ақшалай міндеттеменің шетел валютасының;
-белгілі бір сомасына бара-бар сомада орындалуына жол берілмейді. Осы бапқа
сөйкес ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған
кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын
пайдалануға Қазақстан Республикасының заң акгілерінде көзделген реттер мен
жағдайларда немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі.
Соңдықтан да, ҚР резиденттері өзара шарттар (контракт, келісім) жасасқанда
өз міндетгемелерін тек теңгеде көрсетулері тиіс және тауарларды
(жұмыстарды, қызметті) сату (иемдену) бойынша ақшалай міндеттеменің сомасын
шетел валютасына бара-бар белгілеуге олардың құқығы жоқ. Бұл талап ҚР
президентгері шығаратын бағалы қағаздардың номиналдық құнын көрсеткенде де
қолданылады.
Сонымен қатар тараптар, бағалы қағаздар шығару шартында өз қауіптерін
сақтандыру, оның ішінде ақшалай міндеттеменің өзгеру тегігін ҚР заңнамасына
қайшы келмейтін тәртіпте анықтау арқылы сақтандыру мақсатында дисконттелген
күн бойынша міндеттеме қарастыруға құқылы. Бұл ретте, мұндай сақтандыру мен
тетік инфляция коэффициентіне, сыйақы ставкаларына, қайта қаржыландыру
ставкасына, қауіпті хеджирлеудің заңға қайшы келмейтін өзге тәсілдеріне
негізделуі мүмкін.
АК-ның 282-бабының 3-тармағына сәйкес тараптардың келісімі бойынша
ұзақ мерзімді міңдеттемелердің төлемдерін ивдексациялауға жол беріледі.
"Бухгалтерлік баланс және қаржы есеп-қисаптарындағы негізгі ашулардың"
бухгалтерлік 2-есеп стандарты бойынша орындалу мерзімі 12 айдан асатын
міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелерге жатады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері
арасындағы шарттар (контракттер, келісімдер,) валюта заңнамасына сәйкес
тараптардың келісімімен кез келген валютада жасалуы мүмкін. Кепіл затының
бағалық құнын анықтау ақшалай міндеттеменің көрінісі болып табылмайды,
сондықтан АК-ның 282-бабының талаптары оған таралмайды.
Ұлттық банк пен Мемлекеттік кіріс министрлігінің берген түсініктемесін
талдау мынадай қорытындыға келтіреді. Ақшалай міңдеттемені теңгемен көрсету
талабы ғана императивтік норма болып табылады. Сондықтан теңгені шетел
валютасына бара-бар сомада көрсетуге болмайды. Бірақ, тараптар алдын ала
көрсеткен жағдайда төлемге индексация жасауға жол берілген. Бұл ұзақ
мерзімді міндеттемелерге қатысты еш дау туғызбайды.
Түсініктеме беріліп отырған баптың 3-тармағында айтылатын индексацияны
АК-ның 283-бабында көзделген индексациямен шатастыруға болмайды, бұл соңғы
ең төменгі жалақыны ресми көтерумен тығыз байланыста. Дегенмен, түсініктеме
беріліп отырған баптың 3-тармағына сәйкес иңцексация жасау реттерін
тараптардың өздері анықтайды. Индексация инфляцияның бюджетте көрсетілген
болжамдық пайызына, Ұлтгық банк белгілейтін қайта қаржыландыру ставкасына
байланыстырылу мүмкін. Индексацияны Ұлттық банк төлем күніне белгілеген
доллар бағамына қарай анықтауға тыйым салынбаған.
Жоғарыда баяңдалғаңдар негізінде шарт мазмұнына қатысты нақты
ұсыныстар жасауға болады. Шарттың алғашқы баптарының бірінде мынадай ереже
келтіруге болады: "Шарттың сомасы (немесе бағасы) 100 мың теңге құрайды".
Шарттың соңында мына мазмұндағы ереже берілсе: "Шарт бойынша телемдер төлем
күнгі доллар бағамына қарай төлемнің индексациясы ескеріліп жүргізіледі".
Қысқа мерзімді (орындау мерзімі бір жыл және одан аз) шарттарда
төлемді индексациялау мүмкіндігі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. АК-ның
282-бабының 3-тармағын қысқа мерзімді шарттарда төлемді ивдексациялауға
болмайды деп түсіну керек. Оны басқадай да түсінуге болады. АК-ның 282-
бабының 1-тармағынан шетел валютасының белгілі сомасына бара-бар теңгеде
төлеу туралы ереже алынып тасталған. Бірақ бұл ереже төлемдерді шетел
валютасымен байланыстырып ұлттық валютада жүргізуге тікелей тыйым салмайды.
Егер заңнамада тыйым болмаса шарт бостандығы туралы жалпы ереже күшінде
болады, ол тараптарға шартта заңнамаға қайшы келмейтін кез келген
жағдайларды белгілеуге мүмкіндік береді.
Сондықтан да шетел валютасының бағамына қарай төлемге индексация жасау
қысқа мерзімді міндеттемелерде де теория жүзінде мүмкін. Ұлттық банк пен
Мемлекеттік кіріс министрлігінің берген түсіндірмесі де мұндай мүмкіндікті
жоққа шығармайды. Қайта, ақшалай міндеттемелерді өзгерту тетігін анықтау
жөнінде тек ұзақ мерзімді ғана емес, барлық ақшалай міндеттемелерге қатысты
айтылған. Атап айтқанда, түсініктемеде қауіпті хеджирлеу тәсілдері туралы,
яғни валюталық қауіптерді сақтандыру туралы айтылған, ол ақшалай
міндеттемені шетел валютасына байланыстыру мүмкіндігін жанама құптайды.
АК-ның 2-380-баптары мен оларға түсініктеме, кітап: Гражданский
кодекс РК (Общая часть). Комментарий (постатейный). 2 кітап. 1-кітап. — Сот
практикасы пайдаланылып 2-басылуы Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. —
Алматы: Жеті жарғы, 2003. 49-50-6; Гражданский кодекс РК (Общая часть).
Комментарий (постатейный). 2 кітап, 2-кітап. Сот практикасы пайдаланылып 2-
басылуы
Дегенмен, бұл ереже дау тудырып отырғандықтан, қысқа мерзімді
шарттарда міндеттеме сомасын теңгеде көрсету, ал шарт бойынша төлем
мөлшерін белгілі бір уақыт аралығында (жарты жылда, тоқсан, ай сайын)
қалайда немесе тараптардың біреуінің арызы бойынша қайта қарау туралы
ережені шартқа енгізу ұсынылады.
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау тәсілі, бұл —
міндеттеменің орындалуы үшін жасалынуы тиіс әрекетгердің сипаты,
борышкердің міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерінің жасалу тәртібі.
Орындау тәсілі, әдетте, нақты шарттың жағдайларымен немесе шарттардың
кейбір түрлерін реттейтін заңнамамен анықталады.
Бірақ, орындау тәсіліне қатысты кейбір жалпы ережелер де бар. Мысалы,
АК-ның 274-бабына сәйкес "егер міндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше
белгіленбеген болса немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әрекеттегі
құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші
міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы".
Жалпы ереже бойынша орындау толық жүргізіледі, сондықтан орындауды
бөлшектеп қабылдау несие берушінің міндеті емес, құқығы. Мысалы, жеткізу
шарты ұзақ уақытқа жасалынады, ал оны орындау бөлшектеп жүргізіледі
(айларға, тоқсандарға немесе басқа мерзімдерге бөлініп). Бөлшектеп
орындаудың нақты мерзімдері заңнамада немесе шарттың өзінде көзделеді.
Кейбір реттерде бөлшектеп орындау міндеттеменің мәнінен туындайды (мысалы,
төлеу мерзімін ұзартып тауарды несиеге сату).
Міндеттеменің мәнінен, сонымен қатар, міндеттемені бөлшектеп
орындаудың мүмкін еместігі де туындайды, мысалы, орындау нысаны бөлінбейтін
зат болса (АК-ның 120-бабы).
Бөлшектеп орындалғанды қабылдауға келісім тікелей арыз арқылы ғана
емес, ондай ниетгі біддіретін белгілі бір әрекеттер жасау арқылы да көрініс
табады. Мысалы, егер несие беруші белшектеп орындалғанды пайдалана бастаса,
онда ол орындалғанды қабылдаудан бас тартатындығын мәлімдеген күнде де,
орындау қабылданған болып саналады.
Несие беруші бөлшектеп орындалғанды қабылдаудан бас тартса, бұл бөлік
орындалмаған болып танылады, ал орындау мерзімі келгенде борышкер мерзімді
өткізіп алған болып саналады. Мысалы, егер несие беруші борыштың бір
бөлігін мерзімінен бұрын қабылдаудан бас тартса, борышкер міндеттемені
түгелдей мерзімінде орындағанда барлық ақша сомасын, оның ішінде мерзімінен
бұрын орындауға талпынған бөлігін пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлеуге
міндетті.
Борышкер, әдетте, міндетемені тікелей несие берушіге орындайды. Бірақ,
кейбір реттерде олай жасау мүмкін емес. Ақшалай міндеттеме бойынша немесе
басқадай міндеттеме бойынша бағалы қағаздарды борышкердің ақшаны депозитке,
ал бағалы қағаздарды - нотариус атына сақтауға, ал заң актілерінде
көзделген жағдайларда - сот атына енгізуіне рұқсат етіледі.
Мұндай құқық борышкерде болады, егер міндеттеме мына жағдайда
орындалмай қалса:
-несие берушінің немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілеттік
берген адамның міңдеттеме орындалуға тиісті жерде болмауынан;
-несие берушінің әрекет қабілетсіздігі және оның өкімінің болмауынан;
міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөнінде несие беруші мен
басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені жайында
анық айқындық болмауынан;
-несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруынан немесе оның
кінәсінен өзге мерзімді өткізіп алудан (АК-ның 291-бабының 1-тармағы).
АК-ның 291-бабында анықталған тізбе толық болып табылады, сондықтан ол
заңнамада немесе шартта ұлғаймайды. Ақшаны немесе бағалы қағаздарды
нотариустың немесе соттың атына депозитке салу міндеттеменің орындалғаны
болып саналады. Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған нотариус немесе
сот бұл туралы несие берушілерге хабарлайды (АК-ның 291-бабының 2-тармағы).
2. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
мерзімі және орны
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі. Азаматтық
істер бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі анықталған жөне орындалу
мерзімі талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді.
Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі анықталған
міндеттемелер міндеттеменің орындалу күнін немесе ол орындалуға тиіс уақыт
кезеңін көздейді немесе оларды анықтауға мүмкіндік береді (мысалы, шартта
міндеттеме айсайын, тоқсан сайын, жарты жыл ішінде орындалады деп
көрсетіледі, ал борышкер міндеттемені осы кезеңнің кез келген кезінде
орындауға құқылы).
Орындалу мерзімі тікелей анықталмаған, бірақ орындау мерзімін
анықтауға мүмкіндік беретін міндеттемелердің мысалы ретінде теңіз чартерін
атауға болады, себебі теңіз тасымалдаушысы жүкті жеткізгенде белгілі бір
жылдамдықпен жүруге және бағытынан қажетсіз ауытқымауға тиіс.
Ұзақ мерзімге есептелген кәсіпкерлік шартгарда, көбіне, орындаудың
жалпы мерзімі жөне орындаудың жеке мерзімі болады (мысалы, құрылыстың
мердігерлік шартында құрылысты аяқтаудың жалпы мерзімі). Мұнымен қатар,
кейбір кешендер мен құрылыстарды өткізудің мерзімдері белгіленеді. Бұл
реттерде орындаудың жеке де, жалпы да мерзімдері сақталуға тиіс.
Орындалу мерзімі анықталмаған міндеттемелер оларды орындау мерзімін
қарастырмайды және ол мерзімді анықтауға мүмкіңцік беретін жағдайларды
қамтымайды.
Орындалу мерзімі анықталмаған міндеттемелерде бұрындары міндеттемені
несие берушінің талабы бойынша тез орындау белгіленген болатын. Борышкерге
7 күнде орындау жеңілдігі берілген еді. Бұл ереже әртүрлі шарттардың
ерекшелігін ескермеді. Егер жеке-белгілі бір заттарды сатып алу-сату шартын
7 күнде орындау мүмкін болса, белгілі бір нақты әрекеттерді жасауға
есептелген, уақыт керек ететін мердігерлік шартын орындауға 7 күндік мерзім
жеткіліксіз.
Сондықтан АК-ның 277-бабына ақылға қонымды мерзім үғымы енгізілді, сол
мерзім ішінде міндеттеме орындалуға тиіс. Мерзімнің саналуы міндеттеме
туындаған кезден басталады (ақылға қонымдылық туралы АК-ның 8-бабын қара).
Борышкер аралығында міндеттемені орындауы тиіс 7 күндік мерзім АК-ның
277-бабында да сақталған. Бірақ, бұл жерде ең бастысы — сол мерзімнің қай
кезден бастап саналатындығын анықтау. Егер орындау мерзімі талап етілетін
кезбен анықталса, онда мәселе туындамайды. Егер мерзім анықталмаған болса,
жеті күндік мерзімнің ағыны, АК-ның 277-бабына сүйенсек, міндеттемені
орындаудың ақылға қонымды мерзімі өткеннен кейін басталады. Мысалы,
тараптар мердігерлік шарт жасасады, ол бойынша мердігер міндеттеме алады
(үй салуға), бірақ тұрғызу мерзімі көрсетілмейді. Дау туған жағдайда
құрылыс нормалары мен ережелеріне сүйеніп құрылысты аяқтау үшін қажетті
ақылға қонымды мерзім анықталады (мысалы, екі ай). Бұл мерзім өткеннен
кейін тапсырыс беруші міндеттеменің орындалуын талап етуге құқылы, және
одан кейін жеті күндік мерзім өткен соң міндеттеменің орындалмағаны үшін
санкция қолдана алады. Әрине, ақылға қонымды мерзім деген нақтылық
бермейді, сондықтан, егер оны тараптар дәл анықтай алмаса, онда сот
белгілейді.
Бұл ереже қолданылмайды, егер басқа мерзімде орындау міндеті
заңнамадан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе
міндеттеменің мәнінен туындаса. Мысалы, банктің клиентке банктік салымды
тез, бірінші талап бойынша беру міндеті егер ол мерзімсіз (талап еткенге
дейін) деп ресімделген болса, заңнамадан туындайды.
Орындау мерзімі шарттың күшінде болу мерзімімен дәл келуі мүмкін. Егер
заңнамада немесе шартта күшінде болу мерзімі көзделсе, онда бұл мерзімнің
аяқталуы шарт бойынша міндеттеменің тоқтауына әкеледі. Күшінде болу мерзімі
көрсетілмеген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы
аяқталып біткен кезге дейін күшінде болады деп танылады (АК-ның 386-бабы).
Орындалуы ұзақ мерзімге есептелген міндеттемелер, егер зандарда немесе
міндетгеме шарттарында өзгеше көзделмесе не міндеттеме мәнінен немесе
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан туындамаса, бірқалыпты,
міндеттеменің осы түрі үшін ақылға қонымды мезгілдерде (күн, онкүндік, ай,
тоқсан және т.б.) орындалуға тиіс (АК-ның 278-бабы). Бірқалыптылық талабы
барлық міндеттемелерге емес, әдетте нысаны тектік белгілермен анықталған
міндеттемелерге қойылады, сондықтан тауарлар көп болып, орындау мерзімі
ұзақ болғанда орындау мезгілін анықтау керек. Сондықтан да мұндай
міндеттемелерде мезгіл, әдетте, заңнамамен немесе шартта анықталады, не
міндеттеменің мәнінен туындайды (мысалы, егер борышкер екі тәулік
мезгілдіюіен теңізге шығын тұратын теңіз паромын отынмен жабдықтап тұруға
міндетгеме алса, онда отьшмен жабдықтап түру жөніндегі міңцетемені
орьшдаудың мерзімділігі екі тәуліктен (немесе еселенген екі төуліктен)
немесе іскерлік айналымның дағдыларьшан өзгеше болуы тиіс емес (мысалы,
өнімнің кейбір түрлерін жеткізу шарттарын орындаудың мерзімділігін көп
жылдар бойы заңнама анықтап келді (ай, онкүндік жөне т.б.)- Егер екі ірі
кәсіпорын ұзақ уақыт бойы бұл мерзімділікті қолданып келсе және мұндай
қатынасты осы уақытқа дейін сақтап отырса, онда өнім бірқалыпты, белгілі
бір мерзімдерде жеткізіледі, ол бұл кәсіпорындардың іскерлік айналым
дағдысы деп танылады, сондықтан ол заңнамада да, шартта да көзделмей-ақ
қолданылуы тиіс.
Егер орындаудың бірқалыптылығы ешбір анықталмаса және ешнәрседен
туындамаса, онда 278-баптың ережесі қолданылады. Бұл жерде ақылға қонымды
ұғым — сол міндеттеме үшін ақылға қонымды мерзімдер негізгі болып табылады.
АК-ның 279-бабында, егер зандарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше
көзделмесе жөне оның мәнінен туындамаса, борышкер міндеттемені мерзіміне
дейін орындауға құқылы делінген.
Жалпы ереже бойынша мерзімінен бұрын орындау борышкер үшін тиімді,
сондықтан оған ондай құқық берілген. Бірақ, міндеттемелердің барлығын
бірдей мерзімнен бұрын орындау несие беруші үшін қолайлы емес. Мысалы,
автобусты немесе пойызды ерте жөнелту, белгілі бір уақыт сақтау
міндеттемесін ерте орындау және т.б. ақылға қонымсыз әрекеттер. Сондықтан
АК-ның 279-бабында "егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше
көзделмесе және оның мәнінен туывдамаса" деп көрсетілген.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелер үшін АК-ның 279-бабында
кері ереже белгіленген: жалпы ереже бойынша несие берушінің келісімінсіз
мерзімінен бұрын орындауға жол берілмейді. Борышкер міндеттемені мүмкіндігі
заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген не іскерлік қызмет
өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің мәнінен туындаған
реттерде ғана мерзімінен бұрын орындай алады.
Бұл кәсіпкерлік қызметтің бірқалыпты және ырғақты жүзеге асырылуы тиіс
екендігімен байланысты. Тауарларды мерзімінен бұрын жеткізу сатып алушы
үшін залалды да зиянды болуы мүмкін (оның сақтайтын жері жоқ, тауарларды
қажетіне қарай тез пайдалана алмайды, т.б.) Мерзімінен бұрын жеткізу,
мұндай жағдайларда, міндеттемені тиісті салдарға әкелетіндей бұзу болып
саналады (орындауды қабыддаудан бас тарту, шартгы бұзу, шығынды өтеу, т.б.)-
Борышкердің міндеттемені мерзімінен бұрын орындауынан несие берушінің
талабы бойынша борышкердің міндеттемені мерзімінен бүрын орындауы тиіс
екендігін ажыратқан жөн. Мысалы, занды тұлғаны бөлгенде немесе бөліп
шығарғанда сол қайта құрылған заңды тұлғаның несие берушісі осы занды тұлға
борышкері болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын
және келтірілген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы (АК-ның 48-
бабы). АК-ның 279-бабының ережесі мұндай жағдайда қолданылмайды.
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау орны. Орындау орнын
дәл анықтаудың, атап айтқанда, орындауды жеткізуге шыққан шығындарды
тараптар арасында бөлу үшін практикалық маңызы бар, Жалпы ереже бойынша,
орындау орнына дейінгі шығындар, егер заңнамада немесе шартта өзгедей
көзделмесе, борышкерге жүктеледі.
Әдетте, орындау орнын заңнама, шарт анықтайды (мысалы, сатьш алу-сату
шартын жасасқанда тараптар тауарды сатып алушының пәтеріне жеткізуді
сатышуға міндеттейді), не міндеттеменің мәнінен (мысалы, пәтерді жөндеу,
бау-бақшаны химикаттармен өңдеу және т.б. жөніндегі міндеттемелердің
орындалу орны айтпай-ақ белгілі), немесе іскерлік айналым дағдысынан
(мысалы, халықаралық сатып алу-сату шарттарын орындағанда кең қодданылатын
ИНКОТЕРМС ережесі) туындайды.
Егер орындау орны анықталмаған болса, онда АК-ның 281-бабына сәйкес
орындау былайша жүргізіледі:
1) жылжымайтын мүлікті беру міндеттемесі бойынша - мүліктің тұрған
жерінде. 117-бапқа сәйкес жылжымайтын мүлік деп жермен берік байланыстағы
мүлікгі түсінеміз. Бір даулы мәселе — бұл тармақша жылжымайтын мүліктерге
теңестірілген мүліктерге қолданыла ма (мемлекеттік тіркеуге жататын әуе
және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен-теңіз" кемелері,
ғарыш объектілері (117-баптың 2-тармағы). АК-да бұл мәселенің тікелей
шешімі берілмеген. Егер бұл мүліктердің жылжымайтын емес, тек соларға
теңестірілгенін ескерсек 281-баптың 1-тармақшасының күші бүл мүліктерге
таралмайды деуге болады. Бірақ, бұл мәселені заң жүзінде шешу керек;
2) тасымалдауды пайдаланып тауарды немесе өзге мүлікті апарып беру
міндеттемесі бойынша мүлікті несие иесіне жеткізуі үшін оны бірінші
тасымалдаушыға өткізу орнында. Бұл тармақшада өңгіме тауарларды қаладан
тысқары тұратын сатып алушыларға жеткізу жайында. Бұл реттерде орындау орны
бірінші тасымалдаушыға байланыстырылған (станса, порт, автомобилмен
тасымалдағанда жеткізушінің қоймасы және т.б.);
3) кәсіпкердің тауар мен басқа мүлікті апарып беру жөніндегі басқадай
міндеттемелері бойынша - мүлікті даярлау немесе сақтау орнында, егер бұл
орын несие берушіге міндеттеме туындаған кезде белгілі болса;
4) ақшалай міндеттеме бойынша - міндеттеме туындаған кезде несие
берушінің тұрғылықты орнында, ал несие беруші заңды тұлға болса -
міндеттеме туындаған кезде оның тұрған жерінде.
"Ақшалай міндеттеме" ұғымына бұл тармақшада АК-ның 282-бабына сәйкес
түсініктеме беріледі. 16-бапқа сәйкес азамат түрақты немесе көбінесе
тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Бірақ, ақшалай
міндеттемені орындау үшін мұндай анықтама жеткіліксіз. Ақшалай
міндеттеменің ерекшелігі сонда, оны орындау үшін сол елді мекенде банк
немесе байланыс бөлімшесі болуы керек. Сондықтан, едді мекенде несие
берушінің есепшоты бар банк бөлімшесі, немесе ақша аударымын қабылдайтын
байланыс бөлімшесі болмаса, мұндай бөлімшелері бар жақын жердегі елді
мекенде немесе аудан орталығында ақшалай міндеттемені орындауды тиісінше
орындау деп санауға болады.
Несие берушінің — заңды тұлғаның тұрған орны тұрақты әрекет ететін
заңды тұлға органының тұрақты орны ретінде АК-ның 39-бабына сәйкес
анықталады.
Заңды тұлғалар арасындағы есеп-қисап олардың есепшоты ашылған банктер
арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: қай
банкті - борышкердің банкін, әлде несие берушінің банкін ақшалай
міндеттеменің орындалу орны деп алуға болады? Борышкер төлемді аудару
жөнінде өз банкіне тапсырма берсе орындау аяқтадды деп санай алады. Бірақ,
АК-ның 281-бабының дәл мәніне жүгінсек, ақшалай міндеттеменің орындалу орны
несие беруші есеп немесе өзгедей шот ашқан, оған ақша қаражаты келіп
түсетін банк болып табылады деген тұжырым жасауға болады.
Бұл ереже несие беруші ретінде жеке кесіпкер, ал борышкер ретінде
заңды тұлға немесе басқа жеке кәсіпкер болған жағдайда қолданылады, егер
төлем жеке кәсіпкердің — несие берушінің есепшоты ашылған банк арқылы қолма-
қол емес есептесу жолымен жасалса.
Бірақ, есептесу қолма-қол төлем арқылы жүргізілгенде жағдай басқаша
болады. Бұл борышкер азаматтар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар болып, олар қолма-қол ақшамен есептескенде орын алады. Қолма-қол
ақшамен есептесу, әдетте, жеке кесіпкердің жұмыс орындаған, қызмет
көрсеткен жерінде жүзеге асырылады (касса арқылы). Сондықтан да,
міндеттемені орындау орны мұндай жағдайларда, тұрғылықты жер емес, жұмыс
орны, қызмет көрсетілетін жер болып табылады. Бұл 4-тармақшаға қайшы
келеді, бірақ ол қолданылмаған ретте жалпы ережемен толықтай үйлеседі:
мәселенің мүндай шешімі міндеттеменің мәнінен туындайды;
5) барлық басқа міндеттемелер бойынша — борышкердің тұрғылықты
жерінде, ал егер борышкер заңды тұлға болса — оның тұрған жерінде.16
Заңды тұлғаның түрған жеріне қатысты жалпылама тағы бір сұрақ қоюға
болады: орындау орны деп түрақты әрекет ететін органның тұрған жерін емес,
заңды тұлғаның филиалының тұрған жерін санауға бола ма? Мысалы, шарт
Алматыда орналасқан заңды тұлғамен, оның Тараздағы филиалы арқылы жасалған,
ал бұл шарт бойынша борышкер Таразда. АК-ның 281-бабының 5-тармақшасының
мәнін қатаң сақтасақ орындау орны Алматы болуға тиіс, бірақ бұл нақты
жағдайда міндеттемені Таразда орындау міндеттеменің мәнінен туындайтындығы
жөніндегі жалпы ережені қолдануға болады. Ал бұл ереженің дауға себеп
болары сөзсіз, сондықтан орындау орны туралы мөселені шартта шешкен жөн.

2.1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
тәсілдері ұғымы және олардың түрлері
Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
тәсілдері ұғымы және олардың түрлері. Міндеттеме бойынша құқықты жүзеге
асыру құқық субъектісі ғана емес, борышкердің де еркіне байланысты.
Міндеттемеден (атап айтқанда, шартқа негізделген) басқаның әрекетіне құқық
туындайды, яғни міндет емес талап етуге құқық береді, бірақ, жалпы ереже
бойынша, борышкер уәде еткен әрекетті орындауға мәжбүрлемейді. Бұл ережеге
кірмейтін бірден бір жағдай, ол — жеке-белгілі бір заттарға қатысты
міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық
құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік. Жалпы ережеге сәйкес
міндеттеме бойынша әрекет жасау міндетті адамның еркіне байланысты, ол
міндеттемелік қатынастар бойынша орындауға белгілі бір қауіптілік береді.
Сонымен қатар несие беруші, міндеттемелік қатынастар бойынша борышкердің
міндеттемені орындамауына байланысты шығындардың орнын толтыртуға құқылы.
Кез келген міндеттемені орындау, жалпы ереже бойьшша, несие берушінің заңда
көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе
міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі
есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі.
Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда міндеттеменің орындалуын
қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (міндеттеменің орындалмауынан
болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін
жауапкершілік түрінде) міндеттеменің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz