Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы – ІІ


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы - ІІ

  1. Археологиялық ақпараттарының жинақталуы және археологиялық шежірені жасау іс-әрекеттері
  2. Этнографиялық ақпараттарының жинақталуы және алғашқы тұрмыстық әлеуметтік институттарының қайта қалпына келтіру

ХІХ ғасыр әлем тарихында ерекше қызмет атқарған. Өйткені, осы ғасырда бірнеше ғылыми пәндер қазіргі тұрпатында қалыптасады. Алғашқы қоғам тарихы ғылымы да, адамзат тарихының ең ұзақ уақыт мерзім кезеңін қамтитын білімдік жүйесі ретінде осы ғасырда қалыптасады. Бұл ғылым жүйесі этнология, археология және биология ғылымдарының тоғысатын аймағында пайда болады.

Сонымен қатар, ХІХ ғасырда этнлогиялық білімдік жүйесі ірі жетістіктерге жеткенін ескеру қажет және де оның ары қарай дамуы жаңа бағыттардың дамуына қажетті концепцияларын өңдеуіне сәйкес келетін. Археология ғылымы керісінше ХІХ ғасырдың бірінші жартысында алғашқы қадамдарын жасаған болатын, ал жинақтаған ақпараттарын талдауына және тұрпаттық жүйелендіруін жасауына тек ғасырдың соңында жетті.

Биология ғылымының алғашқы қоғам тарихының дамуына қосқан үлесі тікілей алғашқы тұрмыстық адамның зерттеу жұмыстарына байланысты болатын. 1859 жылы Ч. Дарвинның эволюциялық теориясының жарық көруі алғашқы қоғам тарихы саласындағы зерттеулерінің сапасына біраз өзгерістер енгізді. Ол тарихшылдық принциптерінің қолдануында көрінеді.

Археология саласында табылған көне еңбек құралдарының негізінде жасалған алғашқы қарапайым жүйелер алғашқы қоғам тарихының үштік жүйесін қайталайтын. Кейінен бұл жүйелерді материалдық және рухани мәдениеттің даму жүйелерімен сәйкестендіруіс-әрекеттері алғашқы қоғам тарихы ғылымына көп зиянын келтіреді.

Көне құралдарының жіктеу саласында алғашқы іс-әрекеттерін дат археологы К. Томсен бастаған болатын. 1836 жылы Копенгаген қаласындағы ұ¦лттық мұражайында көне еңбек құралдарының экспозициясын жасап, сол экспозицияда еңбек құралдарды жасау матералдарына карап - тас, мыс немесе қола, темір - бөлген болатын. Бірақ бұл жіктеу еңбек құралдардың хронологиясы, технологиясының төменгі сатысынан жоғарыға қарай дамуы туралы ещ мәлімет бермейтін.

К. Томсеннің ізбасарлары Чемберлен Ворсо мен Свен Нильсен бұл жіктеудің археололгиялық зерттеулерде кең қолдануға болатынын байқайды. Осы жіктеу археололгиялық методологияның дамуына және еңбек құралдарды тарихи дерек ретінде қолдануға мүмкіндік туғызды. Ч. Ворсо, қабірлерден табылған қоладан жасалған бұйымдарды салыстыра отырып, салыстырмалы хронология әдісінің бастамасын шығарды. С. Нильсен әр түрлі мәдени дму сатыдағы халықтардың мәдениттерінің өзгешеліктеріне және археологиялық материалдарына негізделе сүйеніп алғашқы қоғам тарихының шежіресін ұсынады. Этнологиялық және археологиялық құбылыстарды салыстыру арқылы алғашқы тұрмыстық мәдениетті қалпына келтіру әдісі әлі күнге дейін маңызын жоғалтан жоқ.

Англияның оңтүстігінде Д. Мак-Инери, Бельгияда П. Шмерлинг, Францияда Ж. Буше де Перт көне тас құралдарымен көне жануарлардың қалдықтарын табады. Льеж қаласының жанында өткізілген қазба жұмыстарының барысында Шмерлинг адамның сүйек қалдықтарын табады. Алғашқыда бұл олжаларға көңіл бөлімбеген болатын. Буше де Перттің іс-әрекетінің нәтижесінде бұл табыстар ғылыми талдауға түсіп ғылыми айналымға енгізіледі. Бұған себеп болған көне зеттардың жатқан жер геололгиялық қыртыстарының бұзылмаған қабаттарында жатуы. Буше де Перттің осы мәселеге арналған еңбегі 1860 жылы жарық көрді. 1863 жылы Чарлз Лайелл «Геологияческие доказательства древности человека с замечаниями о происхождении видов на основе вариаций» Буше де перттің теориясын толығымен растап шығады.

Алғашқы қоғам тарихы саласында ең құнды зерттеулер тас ғасырының зерттеулеріне негізделеді. ХІХ ғасырдың 60-ы жылдары Джон Леббок тас құралдарының жасау әдістерінің екі даму кезеңін -палеолиттік және неолиттік - анықтайды. Бұл кезеңге бөлу тез арада кең қолданысқа түседі. Француз археологы Габриедь Мортилье ХІХ ғасырдың соңында тас ғасырының жаңа хронологиялық динамикасын ұсынады. Ол тас индустриясының әр кезеңін тас құралдардың табылған ескерткіштерінің атауымен атауға ұсыныс берді: шелль, ашель, мустье, солютре, мадлен - палеолит үшін, азиль, тарденуаз - мезолит үшін. Бірінші үш кезеңді төменгі палеолит үшін қолдануға үсынып, кейінгі екуін жоғарғы палеолит деп атайды. ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында Анри Брейль жоғарғы палеолиттің жаңа кезеңін бөліп көрсетеді - ориньяк. Осы шежіре ХХ ғасырдың 30-ы жылдарына дейін қолданылды.

ІІ. Этнология ғылымы да ХІХ ғасырда ірі жетістіктерге жеткені мәлім. ¦лы географиялық жаңалықтардың негізінде әр түрлі қоғамдар туралы этнологиялық ақпараттар кең көлемде жинақталған болатын. Сондықтан бұл ақпараттарды жүйелеп талдауға түсіру және қорытындыллауға объективті қажеттілік туады. Осындай еңбектердің қатарына Густав Клеммнің жалпы мәдениет атрихына арналған еңбектері жатады. 1843-1852 жылдары он томдық еңбегінде сол кездегі барлық ақпараттарды қамтуға әрекет жасаған.

Сонымен қатар, жаңа саяхаттарда орын алады. Осы саяхаттарды географиялық білімдердің дамуымен қатар европа ғылымы жаңа этнологиялық ақпараттармен толығады. Ол Александр Гумбольдтың және Альсид д, Орбиньидің Оңтүстік Америкадағы, Генри Скуларафттың және Льюис Генри Морганның Солтүстік Америкадағы, Давид Левингстонның Африкадағы, Уильям Баклинің Австралиядағы, Николай Пржевальскийдің Орталық азиядағы саяхаттар.

Алғашқы тұрмыстық қауымдарының әлуметтік институттарын қайта қалпына келтіру саласында этнология ХІХ ғасырда іргелі нәтижелерге жетеді және де оның құндылығы ХХ ғасырда бағаланады. Осы реконструкциялар көне адамдар өмірінің барлық саларын қамтитын, әсіресе жанүяның ерте тұрпаттары мен әлеуметтік қатынастар саласындағы зерттеулер өте маңызды болып табылды. Зерттеулердің осы бағыты көптеген ғалымдардың атағын шығарды. Алғашқы тұрмыстық қауымдар тарихына өте жоғары үлес қосқан адамзаттың психологиялық тұтастығы теориясы. Бұл теорияны ұсынған және дамытушы болып Адольф Бастиан мен Теодор Вайтц болып табылады. Вайтц көбінесе кабинетінде отырып барлық әдебиетпен жұмыс істейтін. Бастиан, керісінше, көбінесе саяхаттарда жүретін. Көптеген халықтармен және олардың мәдениетімен танысып ақпараттар жинайтын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Ертедегі грек тарихшылары
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары
Алашорда үкіметінің құрылуы
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz