Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы туралы ақпарат



1 Тақырыптың өзектілігі
2 Зерттеу нысаны
3 Тіл дамыту жұмысы
«Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. «Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007
2. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, 2006.
3. Абулханова К.А.О субъекте психической деятельности.-М. 1973.
4. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-СПб.:Питер,2001
5. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.-Воронеж,1996.
6. Истратова О.Н., Эксакусто Т.В. Справочник психолога начальной школы. –Ростов н/Д: «Феникс», 2004, 141-143 б.
7. Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы, «Мектеп»,1976, 37,63,71 б.
8. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.
9. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. «Қазақстан мектебі», Алматы,2006 , №3 ,17-19 б.
10. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары. Алматы, «Рауан»,1994, 56-57 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі.

Тіл дамыту-оқушының тілін ұштау, сөйлеу мәдениеті мен жазба тілі.

Тіл дамыту сапасының субъектіге әсері.

Дамулдина А.С.

Оралқан Бөкей атындағы №44

қазақ орта мектеп-лицейі

мемлекеттік мекеме
ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының
тіл дамыту сапасын арттыру- субъект ретінде дамуының алғы шарты

Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы-ой.
Ақылды ой, алғыр сөз адамның
ең жоғары қасиеттері.

Ғ.Мұстафин
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасында: Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі-
өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана
емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар
алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік,
ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы деп
айқын көрсетілген. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын
арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын
басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект
ретінде тәрбиелеу болып отыр. Субъектілік ұғымының мазмұны оқытудың
жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім
беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-
жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Қазіргі оқушы:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды өнертапқыш;
• Ізденімпаз, талапты;
• өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.
Осындай жеке тұлғаны субъект ретінде дамытып, қалыптастыру керек.
Ғалым А.В.Брушлинскийдің ұйғарымы бойынша, Субъект-аса жоғары
белсенділік,біртұтастық,автономдық деңгейіне жеткен адам. Адам субъект
болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып жетіледі. Оның субъект ретінде
дамуының алғы шарты іс-әрекет,қарым-қатынас, тіршілік барысы болып
табылады.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, коммуникативті құзіретті, адамдармен
өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, тілі дамыған жеке
тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру,-деп 12-жылдық жалпы
орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларының
тілін дамыту: тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен
қатар ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыру. Тілі дамымаған адамның ойы да
дамымайды деген халқымыз.Мектеп психологымен бірлесе отырып алынған
диагностикалық жұмыстар мен сауалнамалар қорытындысы бойынша бірінші
сыныпқа келген оқушыларда мына проблемалар анықталды:
1.Тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе
алмайды;
2.Орыс тілді балалар.
Сондықтан да мен 2008-2013 жылдар аралығына Ақпараттық-коммуникативтік
технология негізінде бастауыш сынып оқушыларын субъект ретінде дамыта
отырып тіл дамыту сапасын арттыру деген өзекті тақырып алдым.
Зерттеу нысаны:1 сынып.
Зерттеу пәні:тіл дамыту, субъект-субъектілік қарым-қатынас.
Болжам:Егер білім беру ортасында субъект-субъектілік қарым-қатынас
педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі
дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.Мұғалім алдындағы балаға
субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін
күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-
тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген субъект қалыптасады
деп ойлаймын.
Күтілетін нәтиже:
• Ақыл-ойы дамиды;
• Мен жүйесі қалыптасады;
• Шығармашылық белсенділігі артады;
• Коммуникативті құзіреттілігі артады.
Субъектілік мәдениетті игеруді тек қана адам баласы қажетсінеді.
Сондықтан адамзат тарихының қай кезінде болмасын субъектілік мәселесі
әрқашан өзекті. Бұл субъектілікті ұстану аса күрделі процесс екендігін
көрсетеді. Расында да, әрбір адамның ішкі жан дүниесі космос тәрізді
шексіз, шетсіз, сарқылмайтын тылсым құбылыс. Демек, адам қоршаған ақиқатты
тануға қабілетті болып, дүниеге әуесқойлығы сарқылғанша, оның субъектілік
позицияға деген ұмтылысы да көкейкесті болып қала береді.
Субъект психологиясының алғашқы ілімдері С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе,
Б.Г.Ананьев еңбектерінен бастау алады.
Б.Г.Ананьев субъект ұғымын адамның тұлғалық, индивидтік, даралық
негіздері, субъектілік қасиеттер жиынтығынан тұрады деп түсіндіреді.
Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, субъект – тұлғаның өзін-өзі
ұйымдастыруы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті
жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-
әрекеттің объектілік және субъектілік мақсаттары мен міндеттеріне орай
барлық психикалық процестерді, қасиеттерді, кейіпті байланыстыру орталығы.
Қазіргі кезде жеке тұлға өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі
белсендіруге дайын, бәскеге қабілетті және құзіретті ,білімді, жан-жақты
болу үшін алдымен оның тілін дамыту керек. Адам мәдениетіндегі өте күрделі
көрсеткіштердің бірі-оның тілі болып табылады.
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де творчестволық процесс.Тілін дамыту ең
бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті, өз сұранысын айтуға
талпынуынан туады.Тіл байлығынның мол болуы бір жағынан балада жаңа
құбылыс, көрініс ,ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан,
тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік
қор болып табылады Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:
• Өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу;
• Қазақ әдеби тіл нормасына сай сөйлей білу;
• Байланыстырып бейнелі сөйлей білу;
• Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;
• Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі.
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы
аптасында мына мәселелерді анықтап алдым:
• Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры;
• Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі;
• Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.
Мектеп психологымен бірге оқушылардың тілдерінің дамуы, байланыстырып
сөйлей білу дағдылары ,зейін ,қабылдау, фонематикалық есту, ойлау, есте
сақтауларын зерттеу жүргізілді.Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса да
бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке шоғырлануы.Фактілер мен
құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын
белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қол жететін
таным процесі ойлау деп аталады. Есте сақтау және оны кейін жаңғырту –ес
деп аталады.[7]
Мониторинг қорытындысында бағдарлама талаптарына сәйкес балалардың
білімінің көлемі,сапасы, дағды дейгейі, танымдық-еріктілік белсенділіктері
қарастырылады.Жоғары деңгей-балалар жоспарды ескеріп байланыстыра
сөйлейді,тілі сауатты.Орта деңгей- жоспарлы сөйлемейді, күрделі сөйлемдер
құрауда қателіктер жібереді.Төменгі деңгей-сипаттау орнына сұрақтарға қысқа
жауап береді, тілі сараң, байланыссыз.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездесті:
1. Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл
білдіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық маңызы
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Балалардың психологиялық дайындық компоненттері
Қазақстан Республикасындағы адам қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер