Адам құқықтары саласындағы білім беру жұйесі



1.бөлім. Адам құқықтары саласындағы білім беру
2.бөлім. Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы
3.бөлім. Балалар құқығын оқытудың әдістемелік талаптары
4.бөлім. Бала құқықтарына оқыту барысында балалар кітаптары
Құқықтық білім берудің маңызды шарттарының бірі – мектеп қабырғасында, қазіргі заманғы қоғамға біріктірілген және осы қоғамды жетілдіруді көздеген адам-азамат қалыптастыруға бағытталған оқушылардың сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс қызметін ұйымдастыру барысында құқықтық білім беруді ұйымдастыру әдістемесін меңгерген құзырлы мамандарды, әдіскерлер мен педагогтарды дайындау қажеттілігі.
Адам құқықтары саласындағы білім беруді анықтау кезіндегі басты элемент оның мақсаты болып табылады, өйткені әдіснамасы мен мән-мағынасына қарамастан ол адам құқықтары мәдениетін дамытуды көздейді. Мұндай мәдениеттің аса маңызды элементтері адам құқықтары саласындағы білім берудің жалпы міндеттерін анықтайды, олар:
• адам құқықтарын және негізгі бостандығын құрметтеуді нығайту;
• адамзат ар-намысын бағалау және өзін-өзі құрметтеуді және басқаларға құрметпен қарауды дамыту;
• басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге апаратын қарым-қатынас пен мінез-құлықты дамыту;
• өмірдің қай саласы болмасын әйелдер мен еркектер үшін шынайы гендерлік теңсіздік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
• түрлі бағыттарды, әсіресе, түрлі ұлттық, этникалық, діни, тілдік және басқа да аз топтар мен бірлестіктерге қатысты түрліліктерді құрметтеуге, түсінуге, дұрыс қабылдауға ықпал ету;
• азаматтылықты аса белсенділікпен көрсету үшін адамдардың мүмкіндіктерін арттыру;
• демократияны, дамуды, әлеуметтік әділдікті, ұжымдық біртұтастықты, адамдар мен халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достастықты қолдау;
1. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А. Біз халық ... Азамат жобасы: Оқушыларға арналған оқу құралы.- Алматы, Азаматтық білім берудің гылыми-ақпарат орталығы, 2002 ж.- 44 б.
2. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А Біз халық. Азамат жобасы: Муғалімге басшылық Алматы, Азаматтық білім берудің гылыми-ақпарат орталығы, 2002 ж. - 56 б.
3. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А. Обучение правам человека. Пособие для тренеров. Алматы, НИЦГО, изд. Magicolors, 2006.
4. Жұмақанова Р.А. Права ребенка: Методическое руководство по обучению Конвенции о правах ребенка в начальной школе Алматы, НИЦГО, 2003 г. 111
5. Начальный курс. Обучения правам человека. Учебное пособие. Аmnesty international, London ,UK
6. Шабельник Е.С., Каширцева Е.Г. Ваши права.- М.: Вита-Пресс,1995 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
1-бөлім. Адам құқықтары саласындағы білім беру
Құқықтық білім берудің маңызды шарттарының бірі – мектеп қабырғасында,
қазіргі заманғы қоғамға біріктірілген және осы қоғамды жетілдіруді көздеген
адам-азамат қалыптастыруға бағытталған оқушылардың сабақтан тыс, сыныптан
тыс және мектептен тыс қызметін ұйымдастыру барысында құқықтық білім беруді
ұйымдастыру әдістемесін меңгерген құзырлы мамандарды, әдіскерлер мен
педагогтарды дайындау қажеттілігі.
Адам құқықтары саласындағы білім беруді анықтау кезіндегі басты элемент
оның мақсаты болып табылады, өйткені әдіснамасы мен мән-мағынасына
қарамастан ол адам құқықтары мәдениетін дамытуды көздейді. Мұндай
мәдениеттің аса маңызды элементтері адам құқықтары саласындағы білім
берудің жалпы міндеттерін анықтайды, олар:
• адам құқықтарын және негізгі бостандығын құрметтеуді нығайту;
• адамзат ар-намысын бағалау және өзін-өзі құрметтеуді және басқаларға
құрметпен қарауды дамыту;
• басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге апаратын қарым-қатынас пен
мінез-құлықты дамыту;
• өмірдің қай саласы болмасын әйелдер мен еркектер үшін шынайы гендерлік
теңсіздік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
• түрлі бағыттарды, әсіресе, түрлі ұлттық, этникалық, діни, тілдік және
басқа да аз топтар мен бірлестіктерге қатысты түрліліктерді
құрметтеуге, түсінуге, дұрыс қабылдауға ықпал ету;
• азаматтылықты аса белсенділікпен көрсету үшін адамдардың
мүмкіндіктерін арттыру;
• демократияны, дамуды, әлеуметтік әділдікті, ұжымдық біртұтастықты,
адамдар мен халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достастықты қолдау;
• адам құқықтарының жалпыға ортақ құндылықтарына, халықаралық
түсіністікке, төзімділік пен зорлық-зомбылықты қолданбауға негізделген
әлем мәдениетін құруға бағытталған халықаралық органдардың қызметін
қолдау.
Балалық шақ – бала құқықтарын оқытуды бастау үшін ең ыңғайлы уақыт, осы
шақта алған білім өмір бойы ұштала бермек. Мұның өзінде, адам құқықтары
саласындағы білім берудің үштала түсетін жалпы міндеттерін баланың
қоғамдағы және отбасыдағы өмірлік тәжірибесін, сондай-ақ оның басқа
балалармен және ересектермен жеке қатынасының қалай қалыптасуын ескере
отырып, кішкентай баланың өмірін нақты көріністірмен толтыратындай
ыңғайластыруға болады.
Бала құқықтарын оқыту өз-өзіне деген сенімділік пен әлеуметтік
төзімділік қасиеттеріне тәрбиелеуге, адам құқықтарының бүкіл мәдениетінің
басты құрамдас бөліктеріне бағытталған:
• өзін және басқаны бағалау;
• адам құқықтарын күнделікті өмірде мойындау және құрметтеу;
• өзінің жеке негізгі құқықтарын түсіну және оларды түйсініп үйрену;
• айырмашылықтарды мойындау және құрметтеу;
• қақтығыстарды зорлық-зомбылықсыз, басқа адамдардың құқықтарына
құрметпен қарау арқылы шешіп үйрену;
• балалардың әрекет ету қабілеттеріне сенімділіктерін, олардың адам
құқықтарын қорғау мен дәлелдеу дағдыларын дамыту.
Бала құқықтарын қалай зерделеу қажет? Балаларға өздерінің құқықтарын
күнделікті өмірде түсінуі үшін қандай білім қажет? Бала құқықтарын шынайы
өмірде дамыту және қолдау үшін оларға қандай дағдылар мен ұстанымдар қажет?
Осы құралдың Бала құқықтары туралы конвенцияны және еліміздегі балалардың
құқықтары туралы Заңды зерделеуге негізделген материалдары осы сұрақтарға
жауап береді. Құралды дайындаған авторлар құқықтық білім беру және Бала
құқықтары туралы конвенция мен Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы Заң баптарымен жұмыс барысында бала құқықтары туралы
оқытуды, бала құқықтары үшін оқытуды және бала құқықтарын оқытуды қосатын
жан-жақты тәсіл ретінде балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер,
мақалдарды қолдануды ұсынады.
Сабақ жүргізу барысында ең алдымен оқытушы мен оқушының қарым-
қатынасына, оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, творчествалық
әлеуетін көтеруге негізделген оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.
Мұндай бірлескен жұмыстың нәтижесі қабылдауға (ақпаратты жай есте сақтау)
негізделген дәстүрлі әдістемеге қарағанда анағұрлым жоғары. Балалардың өз
бетінше қызмет ету, эмоционалдық толғаныстары арқылы оқытудың интерактивті
әдістері сабақты түсіну, білімді меңгеру, қабілеттер мен дағдыларды,
құндылықтар мен қарым-қатынастарды қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Білуге және түсінуге, ең алдымен, адам құқықтарының рухани жақтарын
түсіну, Бала құқықтары туралы ковенцияда және Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бала
құқықтарының негіздерін білу, балалардың дамуға және қорғауға ерекше
құқықтарының барын білу, бала құқықтарының бұзылу салдарын түсіну, өз
құқықтарын қорғау тәсілдері туралы білу жатады.
Бала құқықтары туралы білім баланың жасы мен бойындағы қасиеттеріне
қарай құбылып тұрғанымен, әдетте ол төмендегі маңызды ұғымдарды қамтиды:
• Адам құқықтары оның отбасыдағы, мектептегі, қоғамдағы және бүкіл
әлемдегі жүріс-тұрысының стандарттарын ұсынады;
• Адам құқықтарының нормалары оларды түсіндіру және жүзеге асыру
әдістері түрлі болғанымен өзі әмбебап болып табылады;
• Әрбір бала адам құқықтарына ие болуымен қатар басқа да адамдардың
құқықтарын құрметтеуге міндетті. Мұндай құқықтарға қорғалу,
қамсыздандырылу және қатысу құқықтары, мәселен, мазалаған мәселелер
бойынша баланың өз пікірін білдіре алу құқығы және тағы сол сияқты
құқықтар жатады.
Қабілеттер мен дағдыларға орын алған жағдайды, қоғамдық құбылыстарды
адам құқықтары жағынан талдай білу, адам құқықтарының бұзылғандығын айыра
білу, өз құқықтарын қорғай білу, топпен жұмыс істей: ынтымақтаса,
көмектесе, бір-бірімен келісе білу, пікірталас жүргізе білу, көпшілік
алдында сөйлей алу, тыңдай білу, бірлескен қызметті ұйымдастыра білу
кіреді.
Құқықтық білім беру барысында балалар өздерінің қоғам өміріне араласуға,
адам құқықтарының мәдениетіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беретін
қабілеттер мен дағдыларды бойына сіңіреді. Бұған оқушылардың төмендегідей
қызмет түрлерін ұйымдастыру ықпал етеді:
• Белсенді түрде тыңдау және араласу: түрлі көзқарастарды тыңдай білу,
өз пікірін айта білу және басқалардың, өзінің пікірін бағалай білу;
• Сын көзбен ойлап қарау: дәйектер мен пікірлер арасын ажырата білу,
теріс ұғым мен бір жақты пікірді, сондай-ақ түрлі айла-амалдарды тани
білу;
• Топпен жүргізілетін жұмысқа қатысу және қақтығыстарды бейбіт жолмен
шешу;
• Консесусқа қол жеткізу;
• Құрбы-құрдастармен орындалатын жаттығуларға белсенді қатысу;
• өз пікірін сенімді түрде айта білу;
• проблемаларды шеше білу.
Құндылықтар мен қарым-қатынастар басқа адамдарға құрмет көрсету, өзге
көзқарастарға, мүдделерге, дәстүрлерге төзе білу, басқа адамның қайғысына
ортақтасу және аяу, басқаның бойынан жақсыны көріп, оған жақсылық тілеу
арқылы білінеді. Адам құқықтары балалардың, бүкіл адамдардың қалай бірге
өмір сүру керек екендігі туралы қағидаттар ретінде қарастырылады. Алайда,
адам құқықтары материалдық болмағандықтан, негізінен оның әрекеттері мен
құндылықтары және көзқарастары арқылы көрсетілетіндіктен адам құқықтары
саласындағы білім беруді аса күрделі де ұзақ жүретін түрі болып табылады.
Балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер, мақалдар арқылы балалар
өз құқықтарын сабақтағыдай, одан да көбірек оқи алады. Сондықтан да баламен
жұмыс істейтін кез-келген адам өзі ықпал еткісі келген адам құқықтарының
құндылықтарын түрлендіруге міндетті.
Үйретілуі міндетті адам құқықтары саласындағы ұстанымдарға мыналар
жатады:
• Өзіне және басқа адамдарға деген ізгі қатынас;
• өз әрекеттеріне деген жауапкершілік сезім;
• түрлі құбылыстарға деген әуестік, әділдік және түсінушілік;
• басқа адамдарға деген жанашырлық және тілектестік, адам құқықтары
бұрмаланған адамға көмектесуге ұмтылыс;
• адамгершілік сезімі, өз құндылықтарын және әлеуметтік, мәдени, тілдік
немесе діни айырмашылықтарға қарамастан басқалардың құндылықтарын
құрметтеу;
• әр адамға әділ қарым-қатынас үшін әділдік және әлеуметтік
жауапкершілік сезімі;
• өз мектебін немесе қоғамын жақсартуға үлес қосуға асығу.
Сонымен, жеке тұлға құқықтары дегеніміз – бұл әр адамның өмірлік
тәжірибесінің бір бөлігі, сондықтан адам құқықтары саласындағы білім беру
балаларды оқытудың күнделікті жүріп жатқан үрдісіне қосылуы тиіс. Бала
құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы Заң балалардың адам құқықтарына деген қызығушылықтарын
және осы құқықтарды өмір барысында түсінуін арттыру ресурстары болып
табылады. Адам құқықтары саласындағы білім берудің басты мақсаттарының бірі
құқықтарды қорғау әрекеттері болып табылады. Сондықтан, балалардың осы
саладағы проблемаларды шешу үшін тиімді және мақсатты әрекеттер жасау
қабілеттерін қолдап, дамытып отыру өте маңызды. Балалар үшін мұндай
әрекеттер кітап, анимациялық фильмдер кейіпкерлерінің арасындағы құқықтық
қатынастар ретінде болуы мүмкін, сонда олар шынайы өмірде топтағы немесе
отбасыдағы қақтығыстарды шешу үшін өздерінің бауырларына деген қарым-
қатынасын өзгерте алады. Бұл әрекеттер бұдан да ауқымды жерлерде, мысалы,
Халықаралық адам құқықтары күнін атап өтуді ұйымдастыруда немесе адам
құқықтары тақырыбына арналған суреттер мен қолөнер көрмелерін ұйымдастыруда
қолданылуы мүмкін. Баланың жасына қарай, олар кішкентай болған сайын оларға
ересек адамдардың көмегі көп қажет болады, бұл оқушылардың ұжымдық
шығармашылық қызметін және балалардың ұжымдық жобалау қызметіне (мысалы,
шығармашылық топ күшімен жасалатын Бала құқықтары жөніндегі кітап жасауға),
жеке және ұжымдық Конкурстар мен Байқауларға, балаларға арналған кітаптар
мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы
суреттер мен ашық хаттар жасауға қатысуға мүмкіндіктерін дамытуға ықпал
етеді.

2-бөлім. Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы - Бала құқықтары
туралы Конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Оқушыларға бала құқықтарын оқыту адам құқықтары мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған процесс болып табылады. Оқыту процесі балалардың
белсенді түрде қатысуына негізделген, балалар адам құқықтары туралы білім
алып, адам құқықтары проблемаларын түсіне бастайды, құқықты қорғауға және
теңсіздік пен ар-намысқа ізгілікпен қарауға қажет дағдылар мен қасиеттерді
бойына сіңіреді.
Сондықтан адам құқықтарын оқыту кез келген білім беру процесінде басты
роль атқаруы тиіс. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы балаларды адам
құқықтарымен таныстырудың баға жетпес құралы болып табылады. Бала құқықтары
туралы конвенцияда балаларға тікелей қатысты адам құқықтары анықталған.
Бала құқықтарын зерделеу және қолдану балаларға адам құқықтарының
негізін түсінуге, құқықтарды жеткізуші өздері екенін түсінуге, осы
құқықтарды өзінің ортасына бейімдеуге және қолдануға көмектеседі. Бұл
балаларды адам құқықтарына оқытудың басты мақсаты.
Конвенция преамбуласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария
етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін,
теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті
және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылатынын, Біріккен
Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке
адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және
кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын
жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын айтады.
Преамбулада балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екені, бала
қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар
Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-
қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында
тәрбиеленуге тиіс екені туралы айтылған.
Конвенцияда баяндалған нормалар мен міндеттемелердің мақсаты елдегі
заңнамаға, саясатқа және бағдарламаларға, сондай-ақ халықаралық, ұлттық,
үкіметтік немесе үкіметтік емес ұйымдар мен органдарға, олардың балаларға
қатысты қызметтеріне бағыт-бағдар беру.
Конвенцияда бала құқықтарының тізбесімен қатар мемлекет тарапынан балаға
қатысты мойындалуы тиіс міндеттемелердің тізімі берілген. Бұл міндеттемелер
тікелей болуы мүмкін, мысалы, білім алу үшін мүмкіндік беру немесе жасы
кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу және жанама түрде болуы
мүмкін, мысалы, ата-аналарға, отбасының басқа да мүшелеріне немесе
асыраушыларға өздерінің басты рөлдерін ойнауға және тәрбиешілер мен
қорғаушылар міндеттерін орындауға мүмкіндік беру.
Басқаша айтқанда, Конвенцияның балаларға әсерін ең алдымен үкіметтің,
содан кейін халықаралықтан жергіліктіге дейінгі мекемелер мен ұйымдардың
қалай қабылдағаны арқылы бағалауға болады. Яғни, прогресс туралы ұлттық
заңдар мен саясаттың сипатына, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін талап
етілетін құрылымдар мен тетіктердің болуына, тиімділігіне қарай бағалауға
болады. Конвенция еш уақытта балаларды босату хартиясы болған емес, оның
мазмұны да еш уақытта отбасының маңыздылығын түсірген емес.
Конвенция адам құқықтарының ауқымды түрлерін қамтиды. Бұрын адам
құқықтары бір жағынан азаматтық және саяси болып сыныпталса, екінші жағынан
экономикалық және әлеуметтік, мәдени болып сыныпталды. Алайда 4-бап осы
санаттарға қатысты, дегенмен баптар осы қағидат бойынша бөлінбеген.
Конвенцияның бүкіл мәні – барлық құқықтардың бір-бірін толықтыратынын
көрсету, ЮНИСЕФ балалардың өмір сүруі және дамуы деп көрсететін қағидасын
қамтамасыз ету. Конвенцияда қамтылған құқықтардың барлық түрі үш бағытта
көрсетілуі мүмкін: есім, азаматтық алудан бастап, медициналық-санитарлық
көмекпен пен білім алудан аяқталатын өмір сүру мен дамуды қамтамасыз ету,
қорғау (азаптау, қанау, еріксіз бас бостандығынан айыру, негізсіз отбасы
қамқорлығынан айыру сияқты белгілі әрекеттерден), қатысу (жеке басының
өміріне және қоғамдағы өміріне қатысты шешімдерге).
Конвенцияда басты үш жаңалық бар.
Біріншісі, балалар үшін қатысу құқықтары ұғымын енгізу және балаларға
өздерінің құқықтары туралы ақпараттану маңыздылығын мойындау. Екіншісі,
Конвенция бұрын халықаралық құжаттарда мүлде қаралмаған мәселелерді
көтереді: қатыгездіктен және пайдаланудан жәбір көрген балалардың оңалуға
құқықтары және үкіметтің балалардың денсаулығына зиян келтіретін дәстүрлі
практиканы жоюға қадамдар жасау міндеті. Үшіншісі, бұрын заңдық жағынан
міндеттелмейтін мәтіндерде кездеспейтін қағидаттар мен нормаларды қосады,
атап айтқанда, балақыз асырап алуға және жасы кәмелетке толмағандарға
қатысты әділ сот жүргізуге қатысты мәселелер.
Сонымен қатар, Конвенция - мәні зор екі маңызды тұжырымдаманы қамтиды:
• бала мүддесін барлық жағынан қамтамасыз ету (3-бап) балаларға
қатысты барлық әрекеттердің міндетті критерийіне айналады;
• ата-аналардың (немесе бала үшін жауап беретін басқа да адамдар)
баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес, осы құқықтарды жүзеге
асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік етуі тиіс
қағидат (5-бап).
Бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінде дерлік балалардың жағдайы осы
елдердің үкіметтерін балаларды қорғауға және олардың құқықтарының толықтай
жүзеге асырылуын қадағалауға ресми түрде міндеттеу арқылы жақсаруы мүмкін.
Конвенция қағидаттары үкіметтердің өз міндеттерін орындау барысына қарай
балалардың күнделікті өміріне өзгерістер енгізеді.
Конвенция мынадай басты қағидаттарға ықпал етеді:
Мемлекеттер әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының
немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне,
жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық,
этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың
денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына
қарамастан, барлық құқықтарын қамтамасыз етулері тиіс (2-бап).
Жеке, мемлекеттік немесе қоғамдық нысандағы мекемелердің, соттардың,
әкімшілік немесе атқарушы органдардың балаларға қатысты қолданатын іс-
әрекеттерінің бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүддесі тұруы тиіс (3-
бап).
Әрбір баланың өмір сүруге, есім, азаматтық алуға, өзінің ата-анасын
білуге, олардың қамқорлығына ие болуға деген ажырамас құқығы бар. Мемлекет
оның тірі қалуына, денелік, ойлық, рухани, әлеуметтік және мәдени дамуды
қоса жан-жақты дамуына кепілдік беруі тиіс (6-бап).
Бала тыңдалу құқығына ие. Балаларға өмірге қатысты барлық мәселелерді
шешуге, өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік берілуі тиіс (12-бап).
Конвенцияда мынадай маңызды құқықтар берілген.
Азаматтық құқықтар мен еркіндік. Әрбір бала туылған сәттен бастап
есім, азаматтық алуға құқығы бар, мемлекет оны тиісті құжатпен қамтамасыз
етуге міндетті. Балалар ойын еркін жеткізуге құқылы, мемлекет олардың
ойлау, ар-ождан және дін бостандығына, ата-анасының қамқорлығына ие болуға
деген құқығын құрметтеуі тиіс. Балалар, сондай-ақ, араласу бостандығына
құқылы және олардың жеке өміріне қол сұғушылықтан қорғалуы тиіс. Сонымен
қатар, ешқандай бала зорлық-зомбылыққа, қорлауға, қатыгез, кемсітетін,
адамшылыққа жатпайтын жәбірлеуге және жазалауға ұшырамауы тиіс. 18 жасқа
толмаған жеткіншекке үкім кесу барысында өлім жазасы мен еркіндікке шығу
құқығынан толық айырған өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға
тыйым салынған.
Отбасы және тәрбие. Конвенция балаларды тәрбиелеу үшін бастапқы және
негізгі жауапкершілікті олардың ата-аналарына жүктейді және мемлекеттің
оларды осы жағдайда қолдауын көздейді. Балаларды ерекше жағдайлардан басқа
жағдайларда, ата-аналарының ықтиярынсыз, құзырлы органдардан басқа
органдарда, қолданыстағы заңдарға қатаң сәйкестікте болмаған жағдайда ата-
аналарынан айыруға болмайды. Ата-анасы еріксіз айрылған жағдайда балалар
ата-анасының екеуімен де қарым-қатынаста болуға құқылы. Бала мен ата-ана от
басын біріктіру немесе өзара қарым қатынастарын нығайту мақсатында кез
келген елден шығып өз еліне келуге құқылы. Ата-аналар балаларының лайықты
өмір деңгейін қамтамасыз етуге жауапты, ал мемлекет сол жауапкершіліктің
орындалуына кепілдік беруі тиіс. Конвенция мемлекетке отбасыларынан
айрылған балаларды арнайы қорғауды қамтамасыз етуді міндеттейді. Мысалы,
уәкілетті органдардың рұқсатымен бала немесе қыз асырап алу жүргізілуі
мүмкін жерлерде. Мемлекет балалардың ұрлануын немесе ата-аналарының, не
болмаса үшінші адамдардың оларды шетелде ұстап отыруын алдын алуға және
жоюға; балаларды қиянат көрсетудің және кемсітудің барлық түрлерінен
қорғауға міндетті. Балалар қарулы қақтығыстың, қорлаудың, кемсітудің,
немқұрайлы қараудың немесе пайдаланудың құрбаны болған жағдайда, мемлекет
олардың қалпына келуін және қоғамға әлеуметтік қосылуын жеңілдететін емделу
мен сауығудың тиісті көмегін алатынына кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар,
мемлекет емдеуге немесе сауықтыруға жіберген бала ахуалының үнемі бағаланып
отыруына құқы бар.
Балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты. Әрбір бала өмір сүруге құқылы,
қатысушы мемлекеттер баланың тірі қалуына және дамуына, денсаулық
сақтаудың ең жоғары қол жетімді стандартына құқығына ең жоғары кепілдік
беруі тиіс. Мемлекеттер денсаулық сақтаудың алғашқы, алдын алу, денсаулық
сақтау саласындағы қоғамдық білім беру және балалар өлімін азайту
жұмыстарына баса назар аударуы керек. Олар бұл салада халықаралық
ынтымақтастықты барынша қолдап-қуаттауы және ешқандай бала жоғары сапалы
сауықтандыру қызметінен алыстатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы
керек. Дамуында ауытқулары бар балалар мамандандырылған қатынасқа, емдеуге,
білім беруге және қамқорлыққа ие болуға құқылы. Балалар әлеуметтік
қамсыздандыру саласы тарапынан да көмек алуға құқылы. Қатысушы мемлекеттер
ата-аналары жұмыс істейтін балалардың балалық шақты қорғау қызметтерін
пайдалану құқығына кепілдік беру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы
тиіс. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани,
имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын
мойындайды.
Білім алу, бос уақыт және демалыс.
Балалар білім алуға құқылы, мемлекеттің міндеті бастауыш білімнің
еркін және міндетті болуына, мектеп тәртібі баланың ар-намысын құрметтеуге
бағытталуына, білім берудің мақсаты адамның жеке тұлға ретінде дамуына,
оның ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға
бағытталуына кепілдік беру. Білім беру ата-анасын, төл мәдениетінің
құндылықтарын, ана тілін және адамзат құндылықтарын құрмет тұтуды нығайтуы
және ынталандыруы тиіс, бұл баланы қоғамдағы саналы өмірге түсіністік,
бейбітшілік, шыдамдылық, басқа адамдармен достықта болу рухында дайындайды.
Балалар бос уақытқа, демалысқа және мәдени іс-шараларға құқылы.
Арнайы қорғаныс шаралары а) Қатысушы мемлекеттер 15 жасқа дейінгі кез
келген баланың әскери әрекеттерге қатыспауы үшін мүмкін болған шаралардың
барлығын қолдануы тиіс. 15 жасқа толмаған кез келген бала қарулы күштер
қатарына қызметке шақырылмауы керек. Қабылданған халықаралық
уағдаластықтарға, әсіресе қарулы қақтығыстарда азаматтық халықты қорғау
жөніндегі Женева Келісіміне сәйкес, қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыстар
аймағындағы балаларды қорғауға кепілдік беру үшін барлық шараларды қолдануы
тиіс. Мемлекет барлық балаларға – әскери қақтығыстардан, қорлаудан,
кемсітуден, немқұрайлы қараудан немесе пайдаланудан зардап шеккен балаларға
тиісті көмек көрсетуге және оларды емдеуге кепілдік беруге міндетті. Арнайы
қорғаныс босқын балаларға немесе босқын мәртебесін алуға ұмтылған балаларға
көрсетілуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осындай қорғаныс пен көмек
көрсететін құзырлы ұйымдармен ынтымақтасу.
b) Бала заңмен қақтығысқан жағдайда балалардың құқық бұзушылықтары
жөніндегі органдар баланың жасын назарға алулары және олардың қоғамда
реинтеграциялануына жәрдемдесулері тиіс. Заңмен қақтығысқан балалар олардың
адамдық қадір-қасиетін және өзін-өзі бағалауын ынталандыратын қатынасқа
құқылы. Мұндай жағдайда балалар олардың сотта қорғалуына заңды немесе өзге
көмектесу сияқты негізгі кепілдіктерге құқылы. Мүмкіндігінше оларды
оқшаулайтын жерлерден аулақ болған дұрыс. Бас бостандығынан айрылған кез
келген бала ересектерден бөлек жерде болуы тиіс, егер баланың өзінің
ықтиярына қайшы келмесе. Сонымен қатар, қамауға алынған бала заңды және
басқа да көмекке ие болуы тиіс, сондай-ақ отбасымен қарым-қатынаста болуға
құқылы.
c) Жұмыс істеген жағдайда балалар экономикалық қанаудан және
денсаулығына, білім алуына немесе дамуына қауіп төндіретін жұмыстардан
қорғалуға құқылы. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі
жас мөлшерін және Халықаралық еңбек ұйымы, атап айтқанда, Ең төменгі жас
туралы 1973 жылғы Келісіммен (№138) құрылған стандарттарға сәйкес жұмыс
талаптарын реттейтін ережелер белгілеуі тиіс. Балалар есірткі және
психотроптық заттарды қолданудан, сондай-ақ оларды өндіру немесе сату
жұмыстарына тартылудан қорғалуға құқылы. Мемлекет баланы жезөкшелікті,
порнографиялық бизнеске қанап пайдалануды қоса, сексуалды қанау мен
зорлаудан қорғауы тиіс. Келісім мемлекет балаларды сату, саудалау және
ұрлауды болдырмас үшін бүкіл күштерін салуға міндетті болғанын көздейді.
d) Бала ұлттық немесе өзге азшылық топқа жатқан жағдайда. Ұлттық немесе
азшылық топқа жататын балалар өз мәдениетін, тілін және дінін қолдануға
құқылы.
Бала құқықтары туралы конвенция бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін
(1-қосымшаны қараңыз) мұғалімге Конвенцияның баланың тірі қалуына, дамуына,
қорғалуына және қатысуына құқықтары берілген бірінші бөлімінің 1-41-
баптарына сүйене отырып, оның мазмұнымен танысып шыққаны абзал (42-54-
баптарда Бала құқықтары туралы конвенцияның сақталуы және күшіне енуі
туралы мәселелер қаралған).
2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заң баланың
Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен
мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Заң
балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және
шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән
құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен
азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру
қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан
Республикасының Заңы бойынша мақсатты тәрбие жұмысын өткізу үшін баптардың
мазмұнымен танысқан кезде құжатты тұтастай ұсыну және басты назарды баланың
негізгі құқықтары мен міндеттері ашылатын Заңның 3-тарауына аударған
маңызды.
Төменде Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан
Республикасы Заңының құрылымы берілген, оған 53-бап кіреді, ондағы 3 және 4
тараулар баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін ашады (2-қосымшаны
қараңыз):

1-тарау. Жалпы ережелер (1-5-баптар)
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік (6-7-баптар)
саясат (8-20-баптар)
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері (21-26-баптар)
4-тарау. Бала және отбасы (27-30-баптар)
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың
құқықтары (31-33-баптар)
6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары (34-41-баптар)
7-тарау. Бала және қоғам (42-47-баптар)
8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын (48-49-баптар)
мүдделерін қорғау (50-53-баптар)
9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның
мінез-құлқына әсер етудін ерекшеліктері
10-тарау. Қорытынды ережелер

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңның Баланың
негізгі құқықтары мен міндеттері 3-тарауында баланың денсаулық сақтауға
құқығы (8-бап), баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы (9-
бап), баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және
жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы (10-бап), баланың сөз және ар-ождан
бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы (11-бап), баланың
қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы (12-бап), баланың мүлiктiк құқықтары (13-
бап), баланың тұрғын үйге құқығы (14-бап), баланың бiлiм алуға құқығы (15-
бап), баланың еңбек бостандығына құқығы (16-бап), баланың мемлекеттiк
көмекке құқығы (17-бап), баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға
 құқығы (19-бап) қаралады. Әрбір бала басқа адамдардың құқықтарын,
бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк
нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға,
тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және
мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи
байлықтарға ұқыпты қарауға (20-бап) мiндеттi.
Заңның Бала және отбасы 4-тарауында баланың отбасында өмiр сүру және
тәрбиелену құқығы (21-бап), баланың отбасындағы құқықтары (22-бап), жан-
жақты дамуына жағымды жағдайлар (24-бап), баланың өзiнен бөлек тұратын ата-
анасымен қарым-қатынас жасау құқығы (26-бап) қарастырылады.
Бала және қоғам 7-тарауда баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан
қорғауға (36-бап), баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды
әсерiнен қорғауға (37-бап), баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн
немесе улы заттардан қорғауға (38-бап) басты назар бөлінеді, баланы
жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау (40-бап), баланы соғыс қимылдарына
қатыстыруға тыйым салу (41-бап) туралы айтылады.
Жетекші педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, балаларды Бала құқықтары
туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Заң негізінде бала құқықтарына оқыту жұмыс барысында ойын әдістемелері
қолданылған жағдайда тиімді болады. Мысал ретінде Кемемен жаңа жерге
сапар шегу және Бүгін не болған өзі атты екі ойын түрін келтіреміз.

Кемемен жаңа жерге сапар шегу
Кеме бортының сыртына бірінші қандай затты тастар едіңіз?
Балалар көз алдыларына кемемен жаңа жерге сапар шегіп бара жатқандарын
елестетеді, алайда оған жету үшін олар борт сыртына бірінші кезекті емес
заттарды таңдап, тастаулары тиіс. Ойын басымдықтарды белгілеп, талқылауға
бағытталған.
Міндеттер:
• Тірі қалу үшін және даму үшін не маңызды екенін бағалау.
• Өз қалауларын қажеттіліктерден бөлек қарау.
• Адам мұқтаждарын оның құқықтарымен біріктіру.
Дайындық: әр топ үшін қалаулар мен қажеттіліктер жазылған карточкалар
жиынтығының көшірмесін жасап, оларды қырқыңыз; оны конвертке салыңыз.
Материалдар: Конверттер, қалаулар мен қажеттіліктер жазылған
карточкалар көшірмесі, желім, қағаз беттері
Нұсқаулықтар:
1. Балалардан олардың жаңа континентке сапар шегетіндерін елестетуін
сұраңыз. Ол континент қазір елсіз, сондықтан олар онда келген кезде
жаңа елдің пионерлері, негізін қалаушылары болады.
2. Балаларды шағын топтарға бөліңіз, әр топқа қалаулар мен қажеттіліктер
жазылған карточкалар жиынтығы салынған конвертті таратып, мынау жаңа
елде өмір сүру үшін өздерімен алатын заттар екенін түсіндіріңіз. Әр
топтың конвертті ашып, ішіндегі барлық карточкаларды алып, оларды
зерделеуін сұраңыз. Нұсқа: оларға бірнеше бос карточка қосып,
балаларға жаңа елде қажет болуы мүмкін немесе олар алғысы келетін
бірнеше қосымша заттарды қосып жазуларын ұсыныңыз.
3. Кеменің қазір сапарға шығатынын түсіндіріп, әңгімені былай бастаңыз:
Сапар өте қолайлы болады. Күн жарқырап тұр, теңіз тыныш. Кенет, үлкен
теңіз дауылы тұрып кетіп, кеме шайқалып жатыр. Ол батып жатыр! Кеменің су
бетінде қалуы үшін борт сыртына үш карточка тастауыңыз қажет.
Әр топтан неден құтылатындықтарын шешуін сұраңыз. Оларға бұл заттарды
кейін қайтып ала алмайтындықтарын түсіндіріңіз. Борт сыртына тасталған
карточкаларды жинап алып, оларды бір топқа жинаңыз.
4. Әңгімеге қайта оралыңыз:
Дауыл әйтеуір басылды. Барлығы жеңіл демалды. Алайда, дәл осы кемеге 5-
санатты дауыл келе жатқаны туралы метеорологиялық мәлімет келеді. Егер
дауылдан аман қалғыңыз келсе, борт сыртына тағы үш карточка тастауыңыз
қажет! Есте сақтаңыз: жаңа елде тірі қалу үшін қажет заттарды тастамаңыз.
5. Әңгімеге оралыңыз:
Біз ажал аузында болдық. Алайда, біз жаңа континентке жақындап қалдық.
Барлығы қатты толқып келеді. Бірақ біз горизонтта жерді көрген кезде,
кемемізге үлкен кит соғылып, бортты тесіп кетті. Сіздер кемені бұрынғыдан
да жеңіл қылуға тырысуларыңыз керек! Тағы үш карточканы борт сыртына
тастаңыздар. Карточкаларды бір топқа жинап, реттеп қойыңыз.
6. Олардың жаңа континентке әйтеуір аман-есен жеткендерін және жаңа ел
құруға дайын екендерін жариялаңыз. Әр топтан қалған карточкаларды
жаңа континентке не алып келгендерін барлығы естерінде сақтай
алатындай етіп, қағаз бетіне шаптауларын сұраңыз. Тірі қалуға
қажеттінің барлығы бар ма екен? Қалыпты өсу және даму үшін не барын?
7. Әр топтың өз парақтарын бөлменің төріне іліп қоюларын сұраңыз,
олардың жаңа жерге не алып келгендерін түсіндіріңіз. Әр сипаттаудан
кейін барлық топтан: Олардың аралда тірі қалуы үшін қажет заттардың
барлығы бар ма? Өсу және даму үшін не барын? сұрап отырыңыз.
Талдау және бағалау:
1. Мынадай сұрақтар қойып, ойынды талдап шығыңыз:
• Бұл ойында сізге не ұнады?
• Несіз күн көре алатыныңызды қалай шештіңіз? Басты нәрсе не болды?
• Кейбір шешімге келу қиын болды ма? Олар қандай шешімдер?
• Топта нені қалдыру және нені борт сыртына тастау жөнінде
келіспеушіліктер болды ма? Бұл келіспеушіліктерді қалай шештіңіздер?
• Адамдардың қажеттіліктері бірдей ма екен? Кімнің қажеттіліктері
басқаша?
• Өзіңіздің соңғы таңдауыңыз туралы не ойлайсыз? Жаңа елде өмір сүре
алар ма едіңіз? Онда қалыпты өсіп, дами алар ма едіңіз?
• Тобыңыз борт сыртына не тастау қажет екенін қалай шешті?
• Қорытынды нәтиже сізді таң қалдырды ма?
Егер осы ойынды қайта ойнау қажет болса, қандай заттарды борт сыртына
тастар едіңіз?
2. Адам құқықтары адам қажеттіліктеріне: әр адамның тірі қалуына, қалыпты
өсуіне және дамуына, лайықты өмір сүруіне қажет заттарға негізделгенін
атап айтыңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:
• Сіздің тірі қалуыңызға қажет затыңыз бар ма?
• Сіздің өсуіңізге және дамуыңызға қажет зат бар ма?
• Сіз қандай заттардың болғанын қалар едіңіз, бірақ оларды бірінші
кезекті заттар емес деп шештіңіз?
3. Барлық адамдарға адам құқықтарының барлығы қажет екенін айтыңыз! Кейбірі
тірі қалу үшін қажет заттар, мысалы, тамақ, медициналық көмек, таза су
және баспана. Қалғандары жақсы өмір сүріп, даму үшін қажет бірінші
кезекті заттар. Тірі қалу - жеткіліксіз. Мынадай сұрақтар сұраңыз:
• Олардың болғанын қалаған, бірақ тірі қалу үшін тастауға болатын
заттар қандай карточкаларда жазылған?
• Бізге тірі қалу үшін қажет заттар қандай карточкаларда жазылған?
• Бізге қалыпты өсуімізге және дамуымызға қажет болуы мүмкін заттар
қандай карточкаларда жазылған?
• Сізде _________ болмаса, мына жаңа елде не болуы мүмкін?
(карточкалардың ішінен бірнеше мысал келтіріңіз.)

Ойынды жүргізушілерге кеңестер

• Балалардың бұл ойыннан адамның кейбір құқықтары басқаларынан маңызды
емес және оларды қысқартуға болады екен қорытынды жасамағандары
маңызды. Талдау барысында құқықтардың өзара тәуелділігін атап
көрсетіңіз.
• Балаларға олардың тастаған заттарын қайта алу мүмкін еместігін және
қалдырған заттарының оларды құтқарғанша тірі қалу үшін ғана емес,
жаңа ел құру үшін де қажет екенін атап айтыңыз.
• Кейбір заттардың екі қыры болуы мүмкін, бұл жағдай бірінші кезекті
затты анықтауда қиындық туғызады (мысалы, ұялы телефон – біреулерге
сән-салтанат құру үшін қажет болса, біреулерге – байланыс құралы
ғана).
• Кішкентай балалар өздерінің қалаулары мен қажеттіліктерін ажыратуға
қиналуы мүмкін. Сондықтан, оларға жаңа елде тірі қалу үшін не қажет
екенін бас айтып көмектесіңіз.
Талдау барысында әр дағдарыс кезінде борт сыртына лақтырылған
карточкаларды салыстырыңыз. Балалардан түрлі адамдарды таңдауда қандай
ерекшеліктер байқайтынын сұраңыз.

Карточкалардағы құқықтар: 1.Өз пікірін білдіру; 2. Қалауымша жұмсауға
ақша; 3.Таза су; 4.Дербес жатын бөлмем; 5.Компьютер және Интернетке қосылу
мүмкіндігі; 6. Әділ қатынас және дискриминацияның жоқтығы; 7. Таза қоршаған
орта; 8.Ұялы телефон; 9.Кока-Кола; 10.Демалу және ойнау мүмкіндігі;
11.Теледидар және газеттер; 12.Дінді қолдану мүмкіндігі; 13.Жайлы үй;
14.Сәнді киім; 15. Жағалаудағы каникул; 16.Тамақ өнімдері; 17.Қатыгез
қараудан қорғалу; 18.Білім алу; 19. Дәргерлер; 20.Велосипед; 21.Тәттілер;
22.Сәндік әшекейлер; 23.Плеер; 24.Жылы киім; 25.Ата-ана; 26.Ойыншықтар мен
ойындар; 27.Дәрі-дәрмектер мен ауруларға қарсы егулер; 28.Еркін таңдау мен
нормалар; 29.Сағат; 30. Мәдениетін зерделеу және ана тілінде мөйлеу
мүмкіндігі.

Бүгін не болған өзі ойыны

Мақсаты: Бүгін не болған өзі проблемалық ойыны арқылы оқушылардың
назарын тұтастай бір қоғамның қажеттіліктері мен нақты бір адамның
құқықтары арасында пайда болатын қарама-қайшылықтарға аудару.
Дайындалу: Сыныпқа шарттарды, нұсқаулықтарды және жауаптары бар
карточкаларды оқып беріңіз.
Әдістемелік материалдар: Ойын тақтасы, жауаптары бар карточкалар,
нұсқаулық және төменде берілген Сіз қандай топ түрін таныстырасыз?
тізімі.
Сабақтың құндылығы: Сабақ барысында оқушылар жеке адам құқықтары мен
топтың немесе қоғамның қажеттіліктері арасындағы қарама-қайшылықтарды
түсінуі тиіс.
Сыныпты топтарға бөлу қажет. Оқушыларды Аяғы ойранға айналған
арманыңыздағы демалыс ойынының ережелерімен, шарттарымен және жағдайымен
таныстырыңыз. Ойынның ережесі оқушылардың қолында болуы тиіс. Ойын
аяқталғаннан кейін топтарды біріктіріп, әр топтың жасаған қадамдарының
санын анықтаңыз. Жинаған ұпай саны ең көп топ өзіне қиыншылық туғызғанымен,
жеке адамның құқықтарын еріксіз қысқартады. Аз ұпай жинаған топ бүкіл
топтың тірі қалғаны маңыздырақ деп санайды.
Топтың жеке мүшесі мен бүкіл топтың құқықтары арасындағы арақатынас
топтың жағдайына және топтың мүшелеріне қарай үнемі ауытқып тұрады. Бұл
жерде бүкіл қоғамның немесе оның жеке тобының анда-санда тап болатын
белгілі проблемалар туралы сөз болып отыр. Төтенше жағдайларда жеке адамның
құқықтары бүкіл топ тірі қалуы үшін мүмкіндігінше қысқартылады.
Бұл ойынды алыс планетада болған жағдайлар туралы жоспарласаңыз, жеке
адам мүддесінің бүкіл топ мүддесінен жоғары болуы мүмкін екеніне көз
жеткізесіз.

Аяғы ойранға айналған арманыңыздағы демалыс

Вояджер ғарыштық серуендей кемесі Жерден Фанфария планетасына ұшу
жолында метеориттік жаңбырға тап болды. Кеме қатты қирады, барлық
коммуникациялық жүйелер адамдар Жерге апат сигналын жібергенше істен шығып
қалды. Пилот кемені әрең дегенде жақын жердегі Мобиус планетасына
отырғызды.
Бұл планета бұрын соңды зерттелмеген, бірақ апатқа ұшыраған кемеде аман
қалғандар онда Жердегі сияқты оттегі атмосферасы бар екенін біледі. Сонымен
қатар, басқа саяхатшылардың планетаның солтүстік полюсіне сигнал беретін
құтқару мұнарасын орнатқаны белгілі болды. Өкінішке орай, ғарыштық кеме
оңтүстік полюсте апатқа ұшырады. Сигнал беру мұнарасына жету бірнеше айға
созылуы мүмкін.
Сіз мұнараға бет алған апатқа ұшырағандардың үлкен тобы ішіндесіз. Сіз
аздаған тамақты ұстап үлгердіңіз, бірақ сапарларыңыз барысында түрлі
жағдайлар орын алуы мүмкін, оларды шешу қажет.
Бұл жағдайларды ұзақ шешуге болмайды, сапар ұзаққа созылып кетуі мүмкін,
топ мүшелері қиналып қалады – топ мүлде солтүстік полюске жетпей қалуы
мүмкін.
Ойынды қалай жүргізу қажет
• 4-адамнан тұратын топтарға бөлініңіздер.
• Сізге 16 карточка және өз нәтижелеріңізді жазатын тақта беріледі.
• Барлық карточкаларды араластырып, оларды бетін үстелге қаратып үстел
бетіне жайыңыз.
• Сонда шешу қажет болатын проблемаларды кезекпен отырып зерделеңіз.
Тобыңыз екі нұсқаның бірін таңдауы тиіс: а) немесе ә) Сіз дұрыс деп
санаған нұсқаны.
• Бірінші шешім қабылданғаннан кейін оны қозғалыс парағыңызға жазып
қойыңыз. Егер (а) нұсқасын таңдаған болсаңыз – бір учаскені сызықтап
тастаңыз, (б) таңдасаңыз – екі учаскені.
• Енді келесі проблемаға көшіңіз. Сізге өз шешіміңізді қабылдап, тиісті
учаске санын сызықтап қою қажет. Дегенмен, (б) нұсқасы үшін ұпай саны
көбірек, сіз оны тезірек алға жылжу үшін ғана таңдамауыңыз қажет.
Қозғалысты баяулататын болса да, үнемі топтың дұрыс деп шешкенін
орындаңыз.
• Ойынды қандай да бір аралық кезеңде аяқтауға болмайды.
• Сигнал беру мұнарасына жеткен кезде (яғни, тобыңыз аман-есен жетті)
жасаған жүрістеріңіздің жалпы санын есептеңіз. Жеке адамның мүддесі
қанша рет жалпыға жатқызылды. Тобыңыздың қай топ түріне жататынын
оқыңыз.
• Тобыңыздың нәтижесін басқа топтардың нәтижесімен салыстырыңыз.

Оқушыларға арналған тапсырма (жауаптары бар карточкалар)

№1-карточка. Топ мүшесі ән салып сайран жүр. Өкінішке орай ол үнемі ән
салып жүреді. Кейбіреулері бұған қарсы емес, ал кейбіреулері одан
жалыққанын айтады.
а) сіз оған кедергі жасамай, оған әрі қарай ән айтуына жол бересіз;
ә) басқалар қасында болған кезде ән салмауын талап етесіз.

№2-карточка. Бірнеше адам, әсіресе, отырған кезде зақымданған адамдар баяу
жүріп келеді. Сіз мұндай жүріспен тобыңыздың көздеген жерге тамақтары
таусылмай жететініне күмәндісіз.
а) сіз жүру жылдамдығын солардың жылдамдығына дейін азайтып, басқалардың
өміріне қауіп келтіресіз;
ә) оларды ажал аузына тастап кетесіз.

№3-карточка. Топты кім басқарады деген мәселеде қарама-қайшылықтар пайда
болды. Егер топтың әр мүшесінің пікірін тыңдасаңыз, көп уақыт кетеді.
а) сіз әркімнің өз пікірі үшін дауыс беруіне құқық бересіз;
ә) сіз топтың шешімді жылдам қабылдайтын бір көшбасшысына ғана дауыс
бересіз.

№4-карточка. Мінезі қиын баласы бар отбасы мүшелері оған дұрыс қарай
алмайтындарын мойындайды. Бала қиналып жүр.
а) сіз ол отбасыға бұл мәселені шеше алатын адамды көмекке бересіз;
ә) отбасыға бұл мәселені өзі шешуіне құқық беріп, ештеңе істемейсіз.

№5-карточка. Топта нәресте дүниеге келді. Ол сырқат, егер топ қозғалысын
жалғастырса шетінеп кетуі мүмкін.
а) сіз топты нәрестелі ана жолға шығуға дайын болғанша кідіртесіз;
ә) баланың тірі қалатынына үміттеніп, жолды жалғастырасыз.

№6-карточка. Қарт әйел хал үстінде жатыр. Оның қолында қызы дәметкен көп
азық-түлік бар екені анықталды.
а) сіз қызына бұл азық-түлікті сақтауға рұқсат етесіз;
ә) жалғыз өзі тұтынбас үшін, азық-түлікті беруін талап етесіз.

№7-карточка. Топ жолында ашық жасыл түсті сұйықтығы бар тоған кездеседі.
Сұйықтың сергітетін қасиеті бар, алайда оны көп мөлшерде ішіп алғандар
қалғып келеді.
а) топқа осы сұйықтықты ішуге рұқсат бересіз;
ә) тыйым саласыз

№8-карточка. 14 жастағы жеткіншек топтың қозғалуына кедергі келтіріп,
тәртіпсіздік көрсетуде. Ата-анасының оған шамасы келмей келе жатыр,
басқаларға да рұқсат етпейді.
а) ата-ананың қалауына құрметпен қарайсыз;
ә) оны тыныштандыруын талап етесіз.

№9-карточка. Топ жетекшілерінің бірі сырқаттанып қалды, оған қан құю қажет.
Топтың басқа мүшелерінде оның қан тобы табылды, алайда олар ауру жұқтырып
алудан қорқып ерікті болғысы келмейді.
а) қанын бергісі келмегендерді солай қалдырасыз ба;
ә) өте қажет болғандықтан күшпен мәжбүрлеп бергізесіз.

№10-карточка. Бір адам топ жетекшілерінің басқаруына көнгісі келмейді. Оның
мұндай қылығы топ мүшелері арасында іріткі салуда.
а) сіз оның мұндай қылығына көнесіз;
ә) оның сөйлемеуін сұрап, топтың басқа мүшелерінен бөліп тастауға
тырысасыз.

№11-карточка. Топ мүшелерінің бірі оған жүктелген тапсырмаларды орындаудан
бас тартады. Ол мұның бәрі бекер дейді. Ол болған оқиғаға қатты қынжылады.
а) сіз одан ештеме талап етпей, күйзелістен шығуына көмектесіз;
ә) жұмыс істемесе жазалаймын деп қорқытасыз.
№12-карточка. Екі қарт жұбайлар өздерінің топты кідіртіп келе жатқандарын
сезіп, оларды тастап кетулерін сұрайды.
а) оларға жүруге көмектесесіз;
ә) жұбайлардың ұсынысын қабыл аласыз.

№13-карточка. Азық-түлік қоры үшін жауап беретін адамыңыздың бұрын алты жыл
ұрлық үшін отырғанын естисіз. Бірақ бұған дейін ол өз міндетін жақсы
атқарып келген.
а) сіз оған сеніп, жұмысын жалғастыруға ерік бересіз;
ә) тәуекелге бармай-ақ, жұмысты басқа адамға тапсырасыз.

№14-карточка. Топтың екі мүшесі арасында дау шықты. Кешке олар мұны
жұдырықпен шешпек ойлары бар.
а) сіз оларға жұдырықтасуға ерік бересіз;
ә) топтың басқа мүшелері қосылып кетпес үшін, төбелесті тоқтатасыз.

№15-карточка. Планета ауа-райы өте салқын. Зардап шеккен жолаушылардың
кейбіреулері кеме қираған кезде өздерінің жылы киімдерін жоғалтып алған.
а) басқаларға өз киімдерін бәрібір ескіреді деп өздерінде қалдыруға ерік
бересіз;
ә) барлығының өз киімдерімен бөлісуін талап етесіз.
№16-карточка. Ұрлық болды. Бір әйел басқа адамның сөмкесінен тамақ ұрлап
жатқан жерінен ұсталды.
а) сіз оны бүкіл сапар бойындағы осы жалғыз қылмысы үшін жазаламайсыз;
ә) басқаларға сабақ болсын деп, оны жазаға тартасыз.

Ойынның нәтижесі

8 - 10 жүріс – сіздің шешіміңіз топтың сигнал беру мұнарасына тез
жетуіне көмектесті, алайда біраз адам жолда қалды.
11 жүріс – топтың жылдам жүруіне тырыстыңыз, топ мүшелерінің де
қажеттіліктерін ескердіңіз.
12 - 16 жүріс – топтың жекелеген мүшелерінің қалауларына сүйендіңіз,
сондықтан сапар ұзаққа созылып кетті.
3-бөлім. Балалар құқығын оқытудың әдістемелік талаптары

Осы оқу құралында балалар құқығын оқыту жетістігі және оқушылармен жұмыс
істеудегі жеке тәсіл балалар құқығын оқытудың әдістемелік негізі ретінде
қарастырылады.
Балалар құқығын оқыту – ұйымдастырушылардың оқыту жетістігі
проблемаларын жетік түсінуі. Жеке тұлғаны оқыту барысында тұтастай оқыту
қызметіне және жеке алғанда танымдық белсенділігіне қатынасының реттеуіші
ретінде үлгерім қажет. Үлгерімді сезіну түрлі себептерге байланысты болуы
мүмкін. Шетел психологиясында суггестия технологиясына, сендіруге
негізделген позитивті ой түю сияқты бағыттың басым болуы кездейсоқ емес.
Өзің туралы Мен – ақылдымын, қабілеттімін; менің бойымда кез келген
қиыншылықтарды жеңетін барлық қасиеттер бар және т.б. деп ойла және ол
шыныменде солай болады.
Үлгерім жеке басқа ғана тән нәрсе. Оның маңыздылығы алдын ала
белгіленген нормалар бойынша анықталады, оқушы әр кезде өз жетістіктерін
ұсынылған деңгеймен салыстырып отыруы тиіс.
Үлгерімге оқыту барысында белгіленген бірізділік бойынша педагогтың
көмегімен қол жеткізуге болады: әрекетке нұсқау беру (оқу тапсырмасын
шешуге оқушыны эмоционалдық дайындау); әрекетті, операцияны қамтамасыз ету
(ұтымды шешу үшін жағдай жасау); алынған нәтижелерді болжанған нәтижелермен
салыстыру (өзіңнің оқып еңбектенудегі жеткен нәтижеңе саналы түрде қарау).
Демек, үлгерімге оқытушы арқылы қол жеткізілсе, жүйелі және саналы түрде
оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері
Инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық заңдарды аңықтау
Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
Пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарының сақталуы
Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары
Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Пәндер