Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу.

Республикамыздың агроонеркөсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рол атқарады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2009 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев: "Ауыл дегеніміз сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді", деп атап көрсетті. Көптеген жылдар бойы онімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көшу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" ескерілмеді: - эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге даиын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды.

Агроонеркәсіп кешенінің 1-ші және 3-ші сала кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешелендірудегі ұйымдық-экономикалық және құқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бұзылуына, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында дағдарысты жағдай қалыптасты. Ол жөніндегі келесі статистика мәліметтеріне назар аударайық.

Кестеден көріп отырғанымыздай, республикада негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі жыл сайын айтарлықтай кемуде. Айталық, 1990 жылы бұл көрсеткіш барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша 35182, 1 мың гектар болса, 1995 жылы 28679, 6; ал 2000 жылы 16193, 3 мың гектарды құраған, яғни 1995 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 81, 5 пайыз болса, 2000 жылы бүкіл егіс көлемі 1995 жылғы көлемнің 56, 5 пайызы болып отыр.

Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі

(барлық санаттағы шаруашылықтар, мың гектар)

:
1990: 1990
1995: 1995
2000: 2000
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 1995жыл 1990 жылға пайызбен
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 2000жыл 1995 жылға пайызбен
: Барлық егістік көлемі
1990: 35182, 1
1995: 28679, 6
2000: 16193, 3
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 81, 5
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 56, 5
: Дәнді дақылдар
1990: 23355, 9
1995: 18877, 6
2000: 12438, 2
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 80, 8
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 65, 8
: Техникалық дақылдар
1990: 439, 9
1995: 702, 2
2000: 631, 1
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 159, 6
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 89, 9
: Картоп
1990: 205, 9
1995: 205, 9
2000: 160, 3
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 100, 0
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 77, 8
: Көкөніс
1990: 70, 8
1995: 76, 1
2000: 102, 7
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 107, 4
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 134, 9
: Бақша дақылдары
1990: 35, 8
1995: 27, 7
2000: 38, 8
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 77, 3
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 140, 0
: Мал азықтық дақылдар
1990: 11065, 5
1995: 8788, 7
2000: 2823, 7
1995жыл 1990 жылға пайызбен: 79, 4
2000жыл 1995 жылға пайызбен: 32, 1

Соңғы он жылда дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдардың егістік көлемдері күрт төмендеп кеткен. Дәнді дақылдар 1990 жылы 23355, 9 мың гектар жерге егілсе, 2000 жылы 12438, 2 мың гектарға егілген, яғни бұл көрсеткіштің осы жылдар аралығында 46, 8 пайызға төмендегенін байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, мал азықтық дақылдардың егістік көлемі 2000 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 74, 5 пайызға кемігеніне көз жеткізуге болады.

Талдау жасалып отырған мерзімде техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша дақылдарының егістік көлемдері ұлғайған, бірақ олардың бүкіл егістік көлемінде алып отырған үлесі аз 1990 жылы 1, 5%, 2000жылы - 4, 1%.

Мал мен құс саны барлық шаруашыльқ санаттарында,

2001 ж. 1 қаңтарға, мың бас

:
1990: 1990
1995: 1995
2000: 2000
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 1995 жыл 1990 жылға пайызбен
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 1995 жыл 1990 жылға пайызбен
: Ірі қара
1990: 9757, 2
1995: 6859, 9
2000: 4106, 6
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 70, 3
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 59, 8
:

Соның ішінде:

Сиыр

1990: 3368, 0
1995: 3045, 0
2000: 2014, 7
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 90, 4
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 66, 1
: Қой мен ешкі
1990: 35660, 5
1995: 19583, 9
2000: 998, 1
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 54, 9
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 50, 9
: Шошқа
1990: 3223, 8
1995: 1622, 7
2000: 1076, 0
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 50, 3
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 66, 3
: Жылқы
1990: 1626, 3
1995: 1556, 9
2000: 976, 0
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 95, 7
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 62, 6
: Түйе
1990: 143, 0
1995: 130, 5
2000: 98, 2
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 91, 2
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 75, 2
: Құс, млн бас
1990: 59, 9
1995: 20, 8
2000: 19, 7
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 34, 7
1995 жыл 1990 жылға пайызбен: 94, 7

Кестеден көріп отырғанымыздай, республикада мал мен құс саны соңғы он жыл ішінде айтарлықтай кеміген. 1995 жылғы мал санын 1990 жылмен салыстырғанда ірі қара саны 70, 3 пайызға (2000 жылды 1995 жылмен салыстырғанда 59, 8 пайызға) азайған, тиісінше, қой мен ешкі саны 54, 9 (50, 9%), шошқа - 50, 3 (66, 3), жылқы - 95, 7 (62, 6), түйе - 91, 2 (75, 2), құс - 34, 7; (94, 7) пайызға кеміген. Республика мал шаруашылығының негізі болып саналатын қой мен ешкі саны 2000 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 35, 6 млн бастан 9, 9 млн басқа дейін азайған, яғни 27, 9 Пайызды құрайды.

Жоғарыда жүргізілген талдау мәліметтері көрсеткендей, Қазақстан ауыл шаруашылығының "құлдырауына" не себеп болды? Біріншіден, жекешелендірілген ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүшелерінің негізгі бөлігінің өз бетімен шаруашылық жүргізуге дайын болмауы, нарық жағдайына өтуге ауыл шаруашылық жұмысшыларының психологиялық дайындықсыздығы, еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық формасына дағдыланғандықтан өз шаруашынығын ұйымдастыру тәжрибесінің жеткіліксіздігі.

Екіншіден, іс жүзінде жекешелендіру формальды түрде, яғни тек сыртқы көрнісін, түрін өзгертумен шектелді, оның түрлері мен әдістері біржақты сипат алды. Алғашқы кезеңде жеке шаруашылық жүргізу үшін жағдайлар жасалмастан негізінен ірі кәсіпорындарды ұсақ және шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына бөлшектеу қалыптасқан өндіріс процесінің бұзылуына, ішкі және сыртқы байланыстарының үзілуіне алып келді. Оның үстіне, ауыл шаруашылығында айналым заттарының қоры болмауы мен баға қайшылығынан жағдай қиындай түсті.

Үшіншіден, жекешелендіру бағдарламасы тұтастай аграрлық саясат пен экономиканы тұрақтандыру шараларымен нығайтылмады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дамуын мемлекеттік қолдау деңгейі анықталмады. Жекешелендірумен Мемлекеттік мүлік комитеті жеткілікті мөлшерде негізделген экономикалық есептеусіз айналысты. Аграрлық кәсіпорындар деңгейінде жекешелендіру жұмыстарының жағымсыз зардаптарын болдырмау шаралары жасалынбады және өндірістік бөлімшелердің қызмет көрсетуші, қосалқы, көмекші кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас механизмі дайындалмады. Төртіншіден, АӨК-тің өңдеуші кәсіпорындарын жекешелендіру де жеткілікті экономикалық негіздеусіз жүргізілді, нәтижесінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өніміне төменгі сатып алу бағалары және өз өнімдеріне жоғары өткізу бағалары монопольды жағдайда белгіленді. Бұл ауыл тауар өндірушілерін әділетсіз, ауыр жағдайларға душар етті. Бұл жерде ұтымды тәжірибе ретінде, кезінде Алматы темекі фабрикасын басқаруға алған американдық "Филипп Морис" компаниясының қызметін атауға болады. Компания темекі өсіруші шаруашылықтармен фючерстік келісім-шарттар жасап, күзде алынатын өнім есебінен олардың көктемгі жұмыстарын қаржыландыру шараларын жүргізді, темекі тұқымымен, тыңайтқыштармен, басқа да заттармен: қамтамасыз ете білді. Сатып алынған өнімнің ақысын уақыт өткізбей төлеп отырды. Соның салдарынан, темекі дақылының түсімі 2007 жылы 2000 жылмен,
салыстырғанда 3, 5 есеге өсті. Жоғарыда айтылғандарды және аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжрибесін ескере отырып төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

  • аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз "таза күйінде" пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтің мәселелердің шиеленісуін тудырады;
  • меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта құрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан көпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі өндірістің (ерікті кооперация негізінде) үйлесуі ұзақ мерзімге сақталады;
  • аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің "бастапқы алаңы" ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін экономиканың бірінші саласы болуы қажет; оның мәні-әкімшілік емес, экономикалық құралдарды (баға, салық, несие, т. б. ) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі
Ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығы
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп кешені ауқымда сала
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Республиканың агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесін құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz