Ағылшын тілін интерактивті тәсілмен оқыту



1 Шетел тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
2 Интерактивті оқыту
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесіне және оның мазмұны мен оқыту технологиясына да көптеген жаңалықтар енуде.
Бүгінгі ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны дұрыс таңдау жасау, ұтымды шешім қабылдау, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделу қабілетіне байланысты өмір сүру талабы күтіп тұр. Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі – оқушыны шынайы өмірге дайындау.
Білім беру жүйесінің алдында оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдеріне үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектепті философтар адамзаттың өзіне-өзі қойған қақпаны деп айтып жүр. Мектеп бітірушінің 3%-і ғана жоғары деңгейдегі шығармашылық білімге негізделген өнім құрауға қабілетті. Мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚазМемҚызПУ
Тарих-экономика факультетінің
Құқық және экономика негіздері
мамандығының 2-курс студенті:
Назарова Айгерім
Ғылыми жетекшісі, ағылшын пәнінің
оқытушысы: Назарбаева Тұраркүл

Ағылшын тілін интерактивті тәсілмен оқыту

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі
түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесіне және оның мазмұны
мен оқыту технологиясына да көптеген жаңалықтар енуде.
Бүгінгі ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда
өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны дұрыс таңдау жасау, ұтымды шешім
қабылдау, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделу
қабілетіне байланысты өмір сүру талабы күтіп тұр. Мектептегі білім
беру міндеттерінің бірі – оқушыны шынайы өмірге дайындау.
Білім беру жүйесінің алдында оқушыны ойлануға, қай жаста
болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет
тәсілдеріне үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектепті философтар
адамзаттың өзіне-өзі қойған қақпаны деп айтып жүр. Мектеп
бітірушінің 3%-і ғана жоғары деңгейдегі шығармашылық білімге
негізделген өнім құрауға қабілетті. Мектеп тәжірибесінде оқушыны
тапсырманы орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол
оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал
етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан бүгінгі
таңда еліміздің білім жүйесін, оқыту үрдісін тың идеяларға
негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазіргі нарық
экономикалық жағдайында шетел тілін меңгеру қажеттілігі туындап
отырғаны бәрімізге мәлім. Шетел тілін білу өмірдің өзекті мәселесіне
айналды. Сондықтан өскелең ұрпақты шетел тілін оқытуда әр түрлі
әдістемелік жаңа әдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі
туындап отыр. Осыған орай әр ұстаз шетел тілін оқытуда жаңа
әдістемелік технологияларды қолданып жас ұрпақтың тілге деген
ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын алға қояды. Әрине,
тілді меңгертуде әлі де көптеген қиыншылықтар жетерлік. Соның бірі
сөйлеу әрекеті. Ол негізінен жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың
жетіспеушілігінен туындайды. Бәрімізге мәлім шетел тілін оқытудың
негізгі мақсаты – коммуникативтік қатынасты дамыту. Тілді меңгертудің
негізі – есту, көру қабілеттілігінің байланысын түрлі жаттығулар
арқылы дамытып, оқушымен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру. Яғни, жеке
тұлғаны қалыптастыру жолы.
Шетел тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық
бағытқа негізделген. Бұл принциптің негізі: оқытуда ең бірінші
негізгі түйін – оқушы (студент), ал ұстаз – оқытушы ғана емес – ол
тану әрекетінің дамытушысы. Яғни, шетел тілін оқытуда жаңа
технологияларды пайдалана отырып әрі нәтижелі әрі қызығарлық сабақ
жүргізу, яғни интерактивті тәсілді пайдалану - біздің басты
міндетіміз. Ойланып көрелік... Оқушы (студент) көбінесе шынайы
қиындыққа қарағанда психологиялық қиындықты жиірек кездестіреді. Сол
себепті көбінесе үнсіз қалады. Яғни:
- студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды
таба алмағандықтан үндемейді.
- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді.
- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен
үндемейді.
Мұндай жағдайда студентті сөйлеу үшін оған қысым
көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы
керек, студентті өз әрекеттерін тыңдай білуге үйрету керек. Мұғалім
алдымен студенттерді сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-
қатынас құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, студенттерде өз іскерлігі
мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу
атмосферасын орната білу керек. Ал, мұндай атмосфераның орнауына
Н.В.Гавриленконың төмендігі пікірлерімен толықтай келісуімізге тура
келеді.
Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілді қолдану
кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқыту процесіне сай
болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық
жойылады, ал төмен болса, жалығуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары,
жаттығулар студенттердің білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай
болуы керек.
Үшіншіден, студенттер жіберген қателерін мұғалім көмегімен
өзі табуға дағдылануы керек.
Студенттер әр түрлі болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын
жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша
түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай студенттер нақты
нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдайда
студенттерді топқа не болмаса жұпқа біріктіріп, оларға ортақ
тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке
рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр студенттің өз
жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге
ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен студенттер
үлгерімі жоғары студенттерден өзіне түсініксіз болған жерді сұрап,
ал үлгерімі жақсы студент топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық
студенттердің, әсіресе білімі төмен студенттердің нәтижелі жұмыс
істеуін көздейді. Осылайша студенттер бірігіп қиындықтың алдын алады.
Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауға
бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар,
интерактивті әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері бағалайды да,
олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін-
өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері
сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді. Бұл бақылауды төмендегі
бағалау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болады. Өздік бағалауы:
1. Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орташа,
жоғары.
2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары.
3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орташа, жоғары.
Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды)
1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық
араласу әдебі: төмен, орташа, жоғары.
2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы: төмен, орташа, жоғары.
3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті: төмен, орта, жоғары.
Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне және өзгеге сын
тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың әдістері
Ағылшын тілін оқытуда тиімді әдіс тәсілдерді қолдану
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу процесінде интерактивті әдістерді қолдануы
Ақпараттық жүйе құрылымы
Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Пәндер