Ақыл-ой тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері



І тарау

І. Ақыл.ой тәрбиесінің психологиялық.педагогикалық негіздері.
ІІ. Мектепке дейінгі балалардың ақыл.ойын дамытудың психологиялық ерекшеліктері.

ІІ тарау

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ойын дамытудың әдістері мен жолдары.
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой әдістемесі (тренингтер).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң: жалпы ережелерден басталып, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері, білім беру жүйесін басқару, Білім беру процесін субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері, білім беру экономикасы, білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік және өтпелі ережелерді қамтиды.
«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І тарау

І. Ақыл-ой тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері.
ІІ. Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытудың психологиялық
ерекшеліктері.

ІІ тарау

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытудың әдістері
мен жолдары.
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой әдістемесі
(тренингтер).

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік
саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының
білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң: жалпы ережелерден
басталып, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен білім
деңгейлері, білім беру жүйесін басқару, Білім беру процесін
субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері, білім
беру экономикасы, білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін
жауапкершілік және өтпелі ережелерді қамтиды.
Білім туралы Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және мектепке дейінгі
ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар
нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке
дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі,
сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап
көрсетілген.
Заңдағы тікелей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі
мәселелеріне тоқталатын болсақ, ол 23-бапта нақты берілген:
1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда
жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті)
жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың,
олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында
ауытқуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж
балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды
басқару орындары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік
және конституциялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау
міндеті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы
білім беру бағдарламаларының шеңберіңде жүзеге асырылады.
Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады, - деп
тұжырымдалған.
Жоғарыда айтылған негізгі, көкейкесті мәселелерді отбасында,
балабақшада жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс-шаралар
ұйымдастырылуы шарт.
Атап айтқанда:
- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты
сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту,
- тәрбиенің сан-саналы келелі мәселелерін шешетін қарапайым
дағдыларын бала санасына орнықтыратын алғашқы білім негіздерін қалауға баса
назар аудару;
- баланың жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, өз ойын
жинақтай біліп, жаңа мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе білуге
қызығушылықтарын арттыру,
- баланың өздігінен дербес іс-әрекет жасау, адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыратын бағдарламалар мазмұнын айқындап, қалыптастыру;
- мектепалды даярлау топтарында 5-7 жастағы балаларды мектепке
даярлау;
- білім беру жүйесінің басты мідеті - үлттық сана және адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды калыптастыру;

- педагог-тәрбиешілерді кәсіби шыңдауға қажетті мүмкіндіктерді
толық пайдалану.
Тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес,
ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт—тілі болуы қажет.
Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен
қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы,
тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары
сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді
тарихы,сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы
мінезі - бәрі көрініп тұр. Осы күнге түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен
бай,оралымды, терең тіл жоқ. Түркі балалары күндерде бір күн айналып қазақ
тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы, күндерде бір күн түркі
балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізгісі қазақ тілі болса,
сөз жоқ, түркі елінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы.
Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік - дей келе:
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Таралған түркі балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім, - деп елдің болашағымен астастырып,
жаны құрақ үшып, жүрек жарды сөзін айтқан ұлы Мағжан Жүмабаевтың ойы
еңсемізді езер ауыр шындық.
Әрине, тіл - әр ұлттың қасиетті белгісі, анасындай асыл, қымбат,
аяулы. Ұлы Мүхтар Әуезов: Бұл дәуірде өз ана тілін, әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам, толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол
қандайлық мамандық білімі болса да, рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат
болады, - деген ой түйеді.
Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі. Неғұрлым тілді терең үғып, терең
түсінсең, соғұрлым қоршаған ортаға деген көзқарасыңның молайып адамдарға
ілтипатың өсіп отырады.
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы осы кезде өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп
келеді. Сөйлеу мәдениетінің түп тамыры ертедегі грек және римдіктердің
шешендік өнерінде, одан бері қазақ ойшылдарының, данышпандарының, ақын-
жырау, билердің туындыларында жатыр. Тілдік қатынас адамның ойлау,
пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей
қатысты қүбылыс.
Олай болса, балабақшада бала өз ана тілін меңгеру барысында тілдік
қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді
байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы
баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Педагогика ғылымының
тарихына үңілсек, баланың сөздің байланыстыра сөйлеуін
дамытуда Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, СЛ.Рубенштейн, А.М.Леушина,
Т.Тихеева және т.б. зерттеулерді бала тілін дамытуға көмек болатын
еңбектер.
Бұл тақырып бойынша қазақ тілінде зерттеулер жүргізіп ғалымдар
Б.Баймүратова, А.Меңжанова, М.Мұқанов, Х.Т. Дебелбаева және т.б. еңбектері
де назар аудартуға тұрарлық.
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз — сөз бен
сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген,
дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу
барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін
қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз.
Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын
тексеру мақсатында, балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға
арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын
негізге ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап, тәжірибелер
жасау әрбір тәрбиеші педагогтың атқарар ісі.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде қазақ балалар
әдебиетінің көркем шығармалар мен ертегілердің, соның ішінде қазақ халқының
ұмытылып бара жатқан парасатты, сөзге шешен адамдар туралы естіген,
білгендерімізді пайдалансақ нұр үстіне нұр болмақ.
Ұзақ жылдар салып ортаға қайта оралған М. Жұмабаев, А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Қүдайбердиев және т.б. еңбектерін бала
тәрбиесінде жан-жақты пайдалану - бүгінгі күннің парызы.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде, ертегі, аңыз-
әңгімелердің, мақал-мәтел, жаңылтпаштардың асыл сөздер мұрасының әсері
әлдеқайда басым.

3-тен 4 жасқа дейінгі сәбилер тобында да тіл дамыту сабақтары
осылайша жұпталады. Бұл топтағы ерекшелік — қоршаған ортамен таныстыруға
аптасына 1 сағат, тіл дамытуға — 1 сағат және шығарма оқуға 1 сағат
бөлінеді. Сонда бұл топта да жыл бопына 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші қоршаған
ортаны бақылату процесінде баланың сөз қорын молайтуға баса назар аударады.
Себебі мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған
ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі — затты
таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-
түсіне'байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-
білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жүмысы да жүргізіледі.
Тәрбиеші тіл дамыту жүмысына жоспар жасағанда (96 сағатты — әдебиет
оқу, тіл дамыту) сабақ түрлеріне сай дәл жұптауы керек. Бір ай ішінде тіл
дамыту жұмысын ай аптада қандай тақырып бойынша жүргізілетінін, әдеби
шығарма оқу, бақылау жүмысын аптаның қай күні өткізген жөн екенін мұқият
анықтауы керек. Далдан тақырыпты қай кезде, не мақсатта, қандай сабақпен
байланыстырып өткізетінін белгілей отырып, сол сабақтың тақырыбын, оқылатын
шығарманы, ойын, сурет атын жоспарда атап көрсетеді. [4. 100-101 беттер]
Мысалы, сәбилер тобында күзгі табиғатты бақылату керек делік. Тәрбиеші бұл
тақырыпты жалпылама алмайды. Күзгі бақша, көкөніс жинау туралы тақырып
белгіленсе, онда бақылаудан соң Күзде деген суретті көрсетіп әңгімелесу.
Қияр мен капуста деген ертегіні оқу, Қызғаншақ деген тақпақты жаттау,
Бұл не? деген ойын (көкөністермен) сабақтары өткізіледі. Сабақ түрлері
белгілі күндерге бөлінеді.
Ересек балалар тобында аптасына 15 сабақ (2 сабақ орыс тілі) өтіледі.
Оның ішінде тіл дамыту — аптасына 1 сағаттан 32 сағат, табиғат таныту,
шығарма оқу — 0,5 сағаттан (1) 32, айналадағы дүниемен таныстыру 1 сағаттан
32 сағат, сауат ашу 32 сағат. Сонда бұл топта 5 түрлі сабаққа 128 сағат
беріліп отыр. Осы сағатты әр сабақтың өз көрсеткішіне қарай жұптау керек.
Жоспар жасауда ескеретін мәселелер:
1.Сауат ашу деген бөлімде сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Сөйлем,
сөз, буын (бөлігі), дыбыс (дауысты, дауыссыз) ұғымдары практикалық тәсілмен
меңгертіледі.
2. Бақылау жүмыстарына байланысты сабақтар тіл дамыту жүмысынан тыс
өтіледі. Программада айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарына
жеке бөлімдер берілген. Алайда балабақшада өтілетін тіл дамыту жұмыстары
аталған бөлімдерге практикалық жолмен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені
мектепке дейінгі баланың тілі өзін қоршаған орта арқылы толығады. Қоғамдық,
маусымдық мағлұматтар, жан-жануарлар дүниесі туралы білім беру, баланың
логикалық ойын, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын дамыту біртұтас
қарастырылады. Сондықтан тәрбиеші программаның осы бөлімдерінен берілетін
материалдарды тіл дамыту жүмыстарымен сабақтастыра, үйлестіре жоспарлауы
керек.
Аталған сабақтарды жоспарлау барысында үнемі балалардың сөйлеу
дәрежесі ескеріледі. Оқу жылының алғашқы аптасында тәрбиеші балалармен
жекелей сөйлесе жүріп, сөйлеу дәрежесін анықтайды, аты-жөнін, әке-
шешелерінің
1.1. Балаларға ақыл -ой тәрбиесінің орны.
Мектепке дейінгі педагогиканың терориялық және практикалық мақсаты
біреу, ол — жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін
кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті совет
педагогикасы және Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасында сәбидің
тілін дамыту, ауыз екі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін
күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады.
Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі — тіл.
Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің жетіле түсуіне
негіз.болады. [5.7.]
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы
адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде
кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі
жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз
қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К.
Чуковский оларды данышпан лингвистер деп атаған болатын.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып,
бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек
процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға программалық
материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек. [11-15]
Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау,
сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жүмысына өте мұқият қарау қажет. Ол
үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі программада берілген
материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші
қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен
байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті
материалды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы,
ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды. [48-50 бет]
Ал ана тілінен берілетін мағлұматтар программада жалпылама
берілген. Олай болса, сол көрсетілген мағлұматтарды дәлме-дәл бөліп
жоспарлау тәрбиешіден творчестволық шеберлікті талап етеді.
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасының соңында тіл
дамытудан өтілетін апталық сабақ саны анық көрсетілген. Тәрбиеші осыны
басшылыққа ала отырып, өзі жұмыс істейтін топта өтілетін сабақты
жоспарлайды. Ең алдымен Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың тілін
дамыту деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң программалық материалды
оқу жылы бойынша бөледі. Ана тілінің сабақ кестесі мен календарлық жоспарын
жасайды. Әр топта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, қоршаған орта туралы
бақылату сияқты жұмыстар апталық сағат саны бойынша жоспарланады. Жаңа
программа бойынша сәбилердің бірінші (2-ден 3 жасқа дейін) тобында тіл
дамыту, қоршаған ортаны бақылату аптасына екі рет, дидактикалық ойын, дене
қимылы тәрбиесі бір рет жүргізіледі. Сонда оқу жылы бойына 64 сабақ тіл
дамытудан, 32 сабақ ойын сенсорлық тәрбие (бұл да тіл дамытуға сәйкес) —
барлығы 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші программалық материалға талдау жасай
отырып, тіл дамыту жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық
көрсетіп әңгімелесу, атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы
сұрап әңгімелеседі. Осыдан соң программа мазмұны негізінде календарьлық
жоспар жасалады. Жаңа программа бойынша үш жасқа қараған балаларды сөз
ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс тыңдап, дұрыс айтуға
үйрету, Сөйлеу мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз, дыбыс деген ұғымды
меңгерту, сөздік қорын молайту көзделеді.
Бала тілінде грамматикалық формаларды қалыптастыру көзделеді:
сөздерді жекеше, көпше түрде (бала-балалар, доп — доптар, қуыршақ—
қуыршақтар, т.т.) айтуға үйрету, өзіне қойылған сұрақты тыңдап, сөйлем
түрінде жауап беруге жаттықтыру, яғни байланыстырып сөйлеуге үйрету жөнінде
әр түрлі практикалық жаттығулар орындалады. [67-70 бет]
Тіл дамыту сабақтары баланың өткен сабақта алған білімімен
байланыстырыла жүргізіледі. Мысалы, сәбилерді өз бөлмесімен таныстырған
соң, Бөлмеде не бар? деген тақырыпта әңгімелеседі. Әңгімелесудегі мақсат
— баланың көргенін, естігенін естеріне түсіру, күнделікті пайдаланатын
бұйымдардың атына байланысты сөздерді меңгерту. Сабақта затты көрсетіп,
атын сұрау, өздеріне айтқызу әдістері қолданылады. Тәрбиеші төсекті
көрсетіп, Мынау не? Не үшін керек? деген тәріздес сұрақтар қояды. Балалар
жауап береді. Қалған заттар (ойыншық, ыдыс-аяқ) осы ретпен сұралады. Тауып
ал, атын айт деген дидактикалық ойын ойнатады. Ойын материалы: ойыншық
төсек, төсеніштер, ыдыстар; қайталанатын сөздер: бөлме, еден, есік, терезе,
төсек, көрпе, жастьқ. Осы сөздерді күнделікті өмірде дұрыс айтып, қолдана
білуге үйрету керек. [80-89 бет]
Келесі сабақта (екінші аптада) Қуыршаққа бөлме жасау ойыны
өткізіледі. Бұл ойын әрі қарай Қуыршақты киіндіру, Шомылдыру, Серуенге
шығару, Тамақ пісіру, Тамақ пісіру үшін не керек?, Қуыршақты
ұйықтату сияқты ойын ретіндегі сабақтармен жалғасады. Менің
ойыншықтарым, Добым менің, Әлди-әлди, әлди-ай атты шығармалар оқылады.
Әрбір ойын сабағы білім берерлік дәрежеде өтілуі тиісті. Ол үшін
тәрбиеші ойын материалдарын алдын ала дайындауы қажет. Сабаққа қажетті
дидактикалық ойыншықтар балаға белгісіз орында сақталғаны жөн. Өзіне
белгісіз жаңа ойыншық баланы ойын сабақтарына қызықтырып, ынтасын
арттырады. Мысалы, әдемі киінген, үлкен-кіші ұл-қыз қуыргшақтар, қуыршақ
мүлкі, үйге қажетті мүліктер, кір жуатын ыдыстар, т. б.
Балалардың сөздік қорын молайту жұмысы сабақ үстінде, сабақтан тыс
ойын, серуен кезінде де жүргізіледі. Мысалы, заттың түр-түсін білдіру керек
болса, балаларға ойланып орындайтын жаттығулар беріп, бір түстің басқа
затқа да тән екенін түсіндіру қажет. Қызыл түсті гүлден басқа тағы қандай
қызыл зат болатынын сүрау керек. Олар доп, қарындаш, алма, помидор деп
жауап береді. Аш сөзі - есікті, терезені аш, шкафты, чемоданды аш ретінде
қолданылатынын түсіндіру.
Мұндайда тәрбиеші балаға таныс аш сөзін басқа сөз тіркестерімен
қоса айта отырып, ол сөздің қандай жағдайда қолданылатынын қажет затпен
практикалық жаттығу жүргізе отырып меңгертеді. Мысалы, Болат, есікті аш.
Алма, шкафты аш, үлкен, қызыл допты көрсет, т. б.
Айналадағы дүниемен таныстырған соң, Үй жануарлары, олардың төлдері,
Біздің бақшада, Біздің ыдыстар, т. б. программада көрсетілген
ертегілер, жыл маусымдары жайында арнайы салынған суреттер, альбомдар
көрсетіп әңгімелесу, үлестірмелі суреттермен ойната отырып сөйлесу. Мысалы,
тәрбиеші бұзаудың суретін көрсетіп, осындай үлкен суретті тап,— дейді.
Балалар тауып көрсетеді, атын айтады.
Сөзді тілдік қалыпта дұрыс айтуға үйрету
үшін шағын сюжетті суреттерді көрсетіп, Мынау кім? Ол не істеді? Қайда
келді? Не тігіп отыр? Немен тікті? сияқты сұрақтар қойып, сөйлемді дұрыс
айтуға үйретеді. Әр түрлі заттар жөнінде жалпы ұғымдарын
қалыптастыра отырып, ол заттарды түр-түсіне, формасына, сапасына (қатты —
жұмсақ т. б.), кеңістікте орналасуына қарай (жоғарыда, төменде, ортасында,
шетінде), көлеміне қарай (үлкен — кішкене, ұзын — қысқа, биік — аласа),
санына қарай (көп — аз), т. б. ажырата салыстырып айта білуге үйрету.
Сөйлем құрап айтуға үйрету —ұтымды әдістің бірі: 1.Адамдардың еңбек
процесі мен табиғат қүбылысын бақылату (мереке кезінде көшелерді безендіру,
балабақша қызметкерлерінің еңбегі, т. б.) 2. Инсценировкалар көрсету.
3. Көркем шығармалар оқып беру,
тақпақ жаттату. 4. Суреттер көрсете отырып өтілетін
сабақтар. 5. Дидактикалық ойындар. Үстел үстінде
көрсететін ойындар (көлеңке театры, ойыншықтармен ойын).
Естияр балалар тобында да тіл дамытудан өтілетін
сабақ түрі осы мөлшерде болады. Бұл топта оқылған шығарма мазмұнын
әңгімелетіп айтқызу қосылады. Жұмыстың бұл түрін 3 жастағылармен де
жүргізуге болады. [2. 17-21 бет]
Ойлау белсенділігін, өз бетінділігін, ақыл-ой әрекетіне зор талап
қоя білушілігін тәрбиелеу жағынан біртұтас нұсқаудың тиімді жағын мойындай
отырып, біз бірақ оның жан-жақтылық мәніне көне алмаймыз. Мектепке
дейінгі жастағы кішкентай балалар нұсқау сипатының айтарлықтай мәні жоқ,
өйткені балаларға берілетін материалдың мазмұнының өзі бөлшектеуді қажет
етпейді. Оқытуды диктанттық нұсқау бойынша, кейде ғана біртұтас нұсқауды
пайдалана отырып жеткізуге болады. Мектепке дейінгі естиярлар жасында
оқытуды балаларды тәрбиелеу әсеріне пайдалана отырып, біртұтас нұсқауға
негіздеу мақсатқа сай болады. Мұнда нұсқау сипатының оқытудың мазмұнына
байланысты екенін ескеру керек. Мысалы, нақты іскерліктерге үйретуде
диктанттық нұсқауды пайдалану қолайлы. Біртұтас нұсқауды қолданғанда
балаларға әрекет тәсілдерін өзгерту әр қилы болатынын ескерту маңызды және
бұл жағдайда олардың ынта-ықыласын мадақтап отыру орынды.
Әрине, мектепке дейінгі жастағы балалардың бұл арадағы
мүмкіндігі онша емес, бірақ дамытып, олар белгілі ақыл-ой сапасының
сипатына ие болу үшін жаттықтырып отыру керек.
Бұл әдістің мәні түрлендіруге дидактикалық жақтан әзірлеуге
болатындығында және ақыл-ой міндетін құрайтындығында. Тапсырманы орындауды
қамтамасыз ететін қайсыбір ойлау тәртібін сақтағанда, оны орындаудың
бірнеше жолы болады, оған тәрбиеші балаларды икемдеп отырады. Балалардың
өздері мұндай мүмкіндікті сирек ескереді, ал егер оларға айтса, онда бүл
жолмен ризалықпен жүретіндігін атап айту керек. Сөйтіп, хабарлау
процесінің өзі тәрбиелік ролы атқаруы мүмкін екендігіне, оқыту процесінде
жеке адамның маңызды қасиеттері — ойлау белсенділігі, елестете білу —
қалыптасатынына көз жеткіздік. [3. 119-122 беттер]
Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға
қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте
сақтауға мәжбүр етеді. Сөйлеу жағдайы мен ондағы іс-әрекеттер мектепке
дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Сөйлеу
арқылы бала іс-әрекет жасауға үйренеді. Баланың сөйлеу кезі көбіне көп ойын
әрекетімен тығыз байланысты. Ол балаша ойынға ат қояды және осы қойылған
атқа сәйкес іс-әрекет етеді. Балаша зат ойлау тірегі болады. Балаша затпен
іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп
заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және
олармен ақыл-ой түрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Ойын едәуір
баданың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі. Ойын тілдің тез
дамуына ықпалын тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл
қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Құрдастарымен
түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады. Баламен
баланың сөйлесуі қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Сөйлеу
әрекетінде бала бір затты екінші бір затпен алмастыруға, өзіне түрліше
рөлдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады.
Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге
және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда
тілдесу немесе қарым-қатынасқа түсу баланың ішкі дүниесінде өтеді.
[10. 13-16 беттер].

Сабақтың бағдарламалық мақсаты: Балабақша туралы білімдерін
тиянақтау, 4-ке дейінгі санды ретімен тура және кері санату, математикалык,
ұғымдарды қалыптастыру. 4 санының емлесімен таныстыру жолдары, төменгі
жолақшадағы сандарды салыстыру, топтастыру. Балалардың ақыл-ойын,
байқағыштык, қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін
дамыту, қиялын ұштау, жуан-жіңішке, ұзын-қысқа
ұғымдарын меңгерту. Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ақыл-ой
белсенділігіне тәрбиелеу.
Сабақта баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылықрен, өз бетімен жұмыс
істеу әдістері қолданылады.
Үлестірмелі парақшалар, "Бала-бақша" құрастыру, "Уақытты бағдарлау"
улестірмелі суретті текшелер көрнекіліктер ретінде пайдаланылады.
Сабақ, амандасудан басталады:
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз мейірімді Жер Ана!
Армысыз, шұғылады Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай, Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Амансыздар ма? Есенсіздер ме?
- Сәлематсыздар ма?
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біздер балабақшамызға жету үшін,
алдымыздағы көптеген кедергіден өтуіміз керек. Алдымен, мына жердегі тар
көпірден өтейік. Әдетте күзде жаңбыр көп жауады ғой, содан жиналған
шалшыктан өтіп, бөрене арасы-мен!:ирелеңдеп жүріп өтсек қана балабақшамызға
жетеді екенбіз.
- Міне; балабақшаға да жеттік.
Төрбиеші: - Сәлематсызйар ма, балалар? Сендер қайда келдіңдер? -
Біздер балабақшаға келдік.
Балабақшаның аты қалай аталады? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: - Ал, ендеше мына суретке квңіл аударамыз.
- Біздің балабақша неше қабат? (Балалардың жауабы)
- Терезелер қанша?1 Есіктер қанша?
- Ортада ненің есігі бар? Тағы нелерді көріп тұрсыңдар суреттен?
- деген сұрақтар қойылып балалардың жауабы тындалады. Арада балаларды
"Ойнайық, ойлайық, орнымызға барайық", - деп аздап ойнатып алып, орындарына
отырғызады. Содан соң оларға тағы да:
- Балалар, бүгін аптанын, қай күні? Бір аптада неше күн бар? Қазір
жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай? Күз мезгілі неше
айдан тұрады? - деген сауалдар қойып, балалардың жауабы тыңдалады.
Тәрбиеші: - Балалар, естеріңе түсіріңдер, өткен сабакта нешеге
дейін санап үйрендік. (Балалардың жауабы). Ендеше бүгін 4 санының
таңбасымен танысамыз, тура және кері санап үйренеміз. Санамақ; -
Бір-білім алдым,
Екі - егін салдым,
Үш - үй көшірдім,
Төрт - төл өсірдім,
Бес - белге жеттім,— айтылады.
Төрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, менің қолымдағы не?
- Геометриялық пішіндер.
- Қандай геометриялық пішіндер. (Балалардың жауабы)
- Балалар, жоғары жолақшадағы қандай пішін? (Балалардың жауабы)
- Түсі қандай? (Балагардың жауабы)
- Жоғары жолаушадан бір дөңгелекті алып тастағанда, қанша
дөңгелек қалады? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: - Балалар, сендердің алдарыңда карточкалар бар. Ойнаймыз
да ойлаймыз. К,азір мен бір санды көрсетемін, сендер карточкада қанша
дөңгелек бар екенін көтересіңдер. Енді осы. геометриялық пішіндерден
қандай бейне құрастыруға болады. Тақтаға бор-мен сызып, бейне
құрастырылады. (релаксация) - балалар ортаға шығып, сиқырлы әлемге
келгендей демалып, айналып, көздерін жұмып отыра қалады. Көздерін ашады.
Тәрбиеші: - Балалар, айналада қандай өзгеріс бар, біздер қайда
келдік.
- Айналаға қараңдар, ағаштар, шыршалар-биік пе, аласа ма, бөренелер
қандай? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: - Мына жерден нені көріп тұрсыңдар?
- Ормандағы андар.
- Балалар, қараңдаршы аңдар орындарын шатастырып, ауыстырып
алыпты, көмектесемізбе? (1 -2 түзейді) ("Аюдыңі" дауысы) Осы кезде аюдың
дауысы естіледі. Аю кіреді, амандасады.
1. Аю балаларға ‘Уақытты бағдарлау" деген тапсырма береді.
2. Түлкі келіп "Балабақша құрастыру" деген тапсырма береді.
Рефлекция. Қорытынды.
Тәрбиеші сабақты қорытындылайды.

Ақыл-ой тәрбиесі өр заманда жастарға білім берудің негізгі кұралы
болып келді. Халық педагогикасы бойынша акыл-ой төрбиесі деп шөйрттердің
ойлау кабілеттерін, сана-сезімія сатау жөне еңбек процесінде дамьпуды
айтады.
Акыл-ой төрбиесінің міндеттері: ойлау іс-өрекетінің шарты болатьн
білім қорын жинау, негізгі ойлау операцияларын меңгеру, зиялылық
біліктерді қалыптастыру, дүниетанымды қалыптастыру.
Оқыту - ақыл-ой төрбиесінің ең басты кұралы. Теориялық тұрғыдан
қарағанда окушылардың ақыл-ойьш дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі
"дамыта окыту" тұжырымдамасынан орын алады. Тұжырымдаманың мәні оқытуды
шамалай отырып қиындықгың жоғары деңгейінде құрылуы керек.
Жалпы айткаңда студент өз бақылау жұмысында ақыл-ой төрбиесін, ақыл-
ойдың дамуын камтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп беруі
керек. Сонымен қатар, кітаптің мазмұнын ұтымды пайдалану, жоспар бойынша
дұрыс жауап кайыру жөне негізгі сұрақгарға нақгы жауап бере білу.
Оқу еңбегінің мәдениеті окушылардың ақыл-ой іс-өрекетінің сапасын
сипаттайды. Еңбектену мөдениеті — бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау жөне
тиімді ұйымдастыру, оку гигиенасы ережесін сақгау, жұмыс орнын жөне қажетті
материалдарды реттеу, оқу кұралдарын пайдалана білуі кажет.

Бақылау жұмысында егемеңді еліміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси
өмірін жеделдете дамытудың күрделі процестерінде еңбек тәрбиесі шешуші орын
алатынын айрықша көрсету керек.
Мектеп оқушыларының еңбекке қоғамдық қатынасын калыптастыруды
мамандықка бағалауды, еңбекке, қоғамдык, белсенділікке төрбиелеуде ҚР
Конституциясының адамдардың еңбек етуге, мамандық таңдауда кұқы мен
өлеуметгік парызын, сонымен қатар "Білім туралы заңының"
негізгі бағытгарының маңызын жүзеге асыру жолдарын
таңдап жазу керек.
Бақылау жұмысында еңбек тәрбиесі жүйесін, мазмұны мен әдістерін,
окушылар еңбегінің түрлерін: оку еңбегі, қоғамға пайдалы еңбек, өнімді
еңбек, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегінің алатын орнын және оларға
қойылатын педагогикалық талаптарды баяндау кажет.
Бақылау жұмысының екінші бөлімінде оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп,
оларды еңбекке төрбиелеу төжірибесін баяндау керек. Бұл тұста мына
мөселелерге өзгеше тоқгалған жөн: бір сыныпты алып, оқушылар еңбегін
ұйымдастару, жоспарлау, окушыларды бөлу, дара ерекшеліктерін ескеру, жұмыс
мақсатын белгілеу, еңбектің қоғамдық мәнін анықтау, шығармашылық
дербестігін дамыту, еңбек нәтижесіне қоғамдық баға беру мөселелеріне
тоқгалу керек. Бұл жұмыстардың окушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Педагогиканың дәрістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Пәндер