Дағдарыстың дауасы



1 Әлемдік қаржы дағдарысы
2 Доллар және басқа елдердің валюталары
3 Көршілеріміздің жағдайымен салыстырсақ
Әлемдік қаржы дағларысының жер бетіндегі барлық мемлекеттерді шарпып өткен, өтіп қана қоймай, олардың кейбіреуін банкроттық жағдайға жеткізген мәлім. Түрлі елдердегі бұған дейін таза пайдасының есебін ғана алып, дағдарыс емес-ау, сәл кідіру дегеннің не екенін білмей келген небір алып компаниялар мен фирмалар аман қалудың амалдарын қарастырып, фабрикалар мен зауыттарын жабуда немесе жұмысшыларын қысқартуда. Көптеген дамыған елдер миллондаған жұмыс орындарының қысқаруына байланысты әлеуметтік ахуалды ұшықтыруға жол бермеу мақсатында қысқарған жұмысшылардың жағдайларын ойластыруда.
Соңғы оншақты жылда дағдарыстың екінші қайтара соғуы әлем елдерінің басшыларын терең ойға қалдырып отыр. Алайда көптеген саясатшылар мен сарапшылар нақ осы дағдарысты енсеру жолдарын ғана ойластырып отырған анық.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дағдарыстың дауасы

Әлемдік қаржы дағларысының жер бетіндегі барлық мемлекеттерді шарпып
өткен, өтіп қана қоймай, олардың кейбіреуін банкроттық жағдайға жеткізген
мәлім. Түрлі елдердегі бұған дейін таза пайдасының есебін ғана алып,
дағдарыс емес-ау, сәл кідіру дегеннің не екенін білмей келген небір алып
компаниялар мен фирмалар аман қалудың амалдарын қарастырып, фабрикалар мен
зауыттарын жабуда немесе жұмысшыларын қысқартуда. Көптеген дамыған елдер
миллондаған жұмыс орындарының қысқаруына байланысты әлеуметтік ахуалды
ұшықтыруға жол бермеу мақсатында қысқарған жұмысшылардың жағдайларын
ойластыруда.
Соңғы оншақты жылда дағдарыстың екінші қайтара соғуы әлем елдерінің
басшыларын терең ойға қалдырып отыр. Алайда көптеген саясатшылар мен
сарапшылар нақ осы дағдарысты енсеру жолдарын ғана ойластырып отырған анық.
Ал дағдарыстың шығу себебі неде, бір елде басталған тоқыраудың барша
елдердің қаржы жүйесін қамтуы неліктен, әлемнің барлық елдерін дағдарыстан
шығу жолдарын бірлесе ой-әлем елдеріндегі саясаткерлер мен сарапшылардың
назарын аударды.
Ондағы сөз болып отырған мәселелер планеталық деңгейдегі проблемалар.
Экономика саласындағы дағдарыс бүкіл әлем елдеріне етек жайды және де
толастамай, барған сайын күрделеніп бара жатыр. Дағдарысты тежеу, одан шығу
амалдарын барлық елдер жаппай іздеу үстінде.
Осыған орай әлем елдеріндегі саясатшылар мен сарапшылардың бірі емес,
бірегейі болып дағдарыстан шығудың тосын жолын қарастырып, әлем деңгейдегі
қайраткер дәрежесіне көтере түсетіні сөзсіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Қазіргі жаһандық дағдарыс - бұл мүлде қандай да
бір табиғи апат емес және жағдайлардың кездейсоқ қиылысының нәтижесі емес,
бәзбір терең ішкі ақаулықтың заңды сыртқы салдары- дей келіп дағдарыстың
себептерін нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған
әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біздің бүкіл күш-жігеріміз
тек косметикалық сипатта ғана болатының көреміз.
Қайдан болсын дерсіз. Бірақ бұл жауап сіздің адалдығыңызды көрсете ме?
Президенттің жауабын да тыңдап көрелік: Әлемдік валюта жүйесі жұмысының іс-
жүзіндегі нәтижелері өркендеу үстіндегі әлемдік капиталдың және тұрақты
әлемдік дамудың (бірыңғай әлемдік валютаның да) болуының өзі бүгінде
қатерлі болып отырған жағдайға жеткізді. Бұл оның толық тиімсізділігінің
айқын дәлелі.
Доллар және басқа елдердің валюталары да қазір қажеттен тыс көптеп
шығарылып жатыр. Ақша экономикаға тек бірақ жағдайда керек, яғни тауар мен
қызмет көрсету айналымын қамтамасыз ету үшін ғана. Сондықтан тауар мен
қызмет көрсету көлемі оған қажет ақша мөлешерімен сәйкес, тіпті тепе-тең
болуы керек.
Егер олай болмай, ақша қажеттіліктен артық шыққан жағдайда валюта
жүйесі бұрмаланады, өзінің міндетін дұрыс атқара алмайды. 2007 жылы барша
әлем елдеріндегі ішкі жалпы өнім 60 триллион доллар көлемінде болған екен,
сол жылы барлық елдердегі ақша көлемі долларға шаққанда 600 триллион доллар
болған екен. Міне, осы жағдай валюта жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын
жоққа шығарып отыр. Қазіргі қалыптасқан жүйесінің ең күрделі кемшілігі деп
Президент осыны атап отыр. Ал енді әлемді валютаның қандай болуы, қанша
көлемде болуы, оның бағамының белгіленуі қалай жүруі керек? Елбасы әлем
саясатшылары мен сарапшыларының, жұртшылығының алдында әлемдік валюта
иесінің жауапкершілігі қандай болуы керек деген мәселелер төңірегінде
тереңнен ой толғайды.
Долларды шығару қазір бір-ақ елдің қолында. Ол – Америка Құрама Штаты.
Ақша шығаратын станоктың иесі солар. Басқа мемлекеттер ол станоктың жұмыс
істеуіне ешқандай әсер ете алмайды. Сондықтан валюта жүйесінің дұрыс не
бұрыс жұмыс істеуіне тек бір-ақ мемлекеттің экономикалық саясатына барша
әлем тәуелді болып отырмыз. Америка қазір долларды шамасынан көп шығарып
жатыр, өздеріне бұл жақсы болғанымен, басқа елдерге салқын әсерін тигізуде.
Біз мұны қазіргі дағдарыстан жақсы көріп отырмыз.
Президент мұның да дұрыс еместігін жан-жақты сараптап, әлем деңгейінде
барлық елдермен келісе отырып жаңа валюта жүйесін жаңа ақша енгізуді
валюталар жүйесін қалыптастыруды да Президент ұсынып отыр.
Экономист-сарапшы ретінде мен осы пікірлерге толығымен қосыламын,
оларды қолдаймын. Тек біздерде емес, көптеген елдерде Президенттің пікірі
терең талқыланып, қолдау табуда. Еуроодақ пікірлері де Н. Назарбаев
пікірлерімен жалғасады. Көптеген халықаралық өте жоғары лауазымды жиындарда
да Президент ұсыныстары талқыланары сөзсіз.
Елімізде дағдарыстың зардабын барынша азайту, оны еңсеру жөніндегі
шаралар алынып, жүзеге асырылуда. Бұл істе еңсеру үдерісіне қатысушылардың
барлығы адал, қолдары таза болғаны жөн. Сонымен қатар дағдарысты еңсеру,
оның зардабын жою Үкіметтің ғана міндеті деп қарап отыруға ешкімнің құқы
жоқ. Ол енкейгеннен қарттан еңбектеген балаға дейін баршаның қатысуын,
баршаның адал еңбек етуін талап етеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қоғамды сауықтыру мақсатында айтқан
ой-пікірлер дәл осы атаулармен болмаса да осыған ұқсас атаулармен іске
асатыны сөзсіз. Тіпті болмағанда, Елбасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарысқа қарсы эканомикалық саясат бағыттары
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері
Дағдарыстан шығу кілті
Бүл аурудың дауасы малды қысқы мерзімде дұрыс азықтандыру
Асқар Егеубаев - публицист
Поэзиялық аударма мәселелері (Иран-Ғайыптың өлеңдері мысалында)
Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама
Мұқағали Мақатаев
Дағдарыс жағдайында экономиканы басқарудағы мемлекеттің рөлі
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Пәндер