Араб


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Араб

Батыс Азияда 190 млн. араб халқы 22 араб елінде (Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ, Египет, т. б) және Солтүстік Африка елдері - Магриб (Магриб, Тунис, Алжир, Марокко, Ливия, Мавритания, Батыс Сахара ) елдерінде өмір сүреді. Бұл мемлекеттер Араб Елдерінің Лигасын құрайды. Аталған ұйым өз мүшелігіндегі елдердің егемендігін қорғау үшін 1945 жылы құрылған болатын.

Араб елдерінің ішінде бай, дамыған монархиялар мен республикалар, сондай-ақ дамушы мемлекеттер бар. Жоғарғы экономикалық жетістікке, бай мемлекеттер, мұнай мен газды экспорттау арқылы қол жеткізді. Көптеген араб елдері отарлық жүйеден жақында арылса, кей мемлекеттер әлі де болса өзге мемлекеттің ықпалында. Бірақ, бұл мемлекеттердің барлығын ортақ тіл мен ортақ тарих және бір ғана дін - ислам біріктіреді.

Араб елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарына келетін болсақ, бұл елдердің көпшілігінде қоғамдық пікірді тудырушы ретінде және елдегі саяси идеологияны дұрыс түсіндіру үшін мемлекет БАҚ-ты өз бақылауында ұстайды.

Телевидения. Радио. Араб елі мұсылман мемлекеті болғандықтан, мешіттерден діни репортаж, діни бағдарламалар жасауға рұқсат етілген. Сондай-ақ, мәдени, балаларға арналған бағдарламалар да бар. Ал жаңалықтар қызметі мынадай салада қызмет жасайды:

1. Ел ішіндегі оқиғалар.

2. Үкімет жаңалықтары

3. Ресми кездесулер.

4. Таяу Шығыстағы оқиғалар.

5. Халықаралық ақпараттар.

6. Спорт.

Діни бағдарламаларда:

1. Бес уақыт намаз.

2. Исламның ерекшеліктері мен дәстүрлері.

3. Тыңдаушылардың сұрақтары мен оған жауап

4. Күллі мұсылман үшін маңызды оқиғалар (Қажылық, Рамазан айы) көрсетіледі.

“Мекке радиосы”, ”Исламдық құтқарушы” ұйымының радиостанциясы, Мединедегі мұсылман университетінің радиосы, т. б радиолар жұмыс жасайды. Бұл радиостанциялардың басшылары - елге танымал, белсенді ислам ұйымдарының басшылары мен діни қайраткерлер. Радиобағдарламалардың мазмұны көбіне, ислам дінін насихаттау мен ел арасындағы мәдени шаралар, жаңалықтар турасында.

Кез-келген БАҚ-та ислам дініне көп көңіл бөлінуі, Араб елдерінің 100%-ға жуығы мұсылмандар болуымен байланысты. Сондай-ақ Меккеге қажылық сапармен келгендерге де арнайы нұсқаулар мен белгілі бір ережелер басылған басылымдар таратылады. Исламдық БАҚ - қоғамдық тыйым салушы қызметін де атқарады. Мәселен, батыстық телебағдарламалардың ықпалын жұқтырмас үшін, спутниктік телевиденияның дамуына қарсы шықты.

Кейбір Араб елдері АҚШ, Англия, Франция елдеріне тәуелді болғандықтан, журналистер сол елдерге барып тәжірибе жинақтап, батыстық көзқараспен баспасөзге материал жариялайды. Яғни, тәуелді алып державалардың пікірін қуаттайды.

Енді баспасөзге шолу жасап көрелік.

Египет.

Алғашқы баспа ұйым 1828ж., « ﺔﻳﺮﺼﻣﻠﺍ ﺔﻧﻘﻭﻠﺍ » ”Аль-Вакана аль-Мисрийя” (“Египет хабаршысы”) шыққанда пайда болды. Қазіргі таңда Египетте 300-ден жоғары газет-журнал мерзімді түрде шығып тұрады. (Оның ішінде 40 газет (17 күнделікті) )

1971 жылы Египет Араб Республикасында баспасөздің абсолютті бостандығы туралы декларация қабылданғанымен, билік басылымдарды толығымен өз бақылауында ұстайды.

1875ж. бастап « ﻢﺍﺭﻫﻵﺍ » «Аль-Ахрам» (« Пирамидалар» ), газеті шықты. Қазір араб еліндегі ең ірі, әрі сапалы мерзімді баспасөз болып есептелетін бұл газеттің тиражы 600 мың дана. Египеттің барлық қоғамдық-саяси, мәдени және экономикалық, халықаралық мәселелерін көтереді. Сондай-ақ, елдегі белсенді, танымал саяси қоғам қайраткерлерінің, журналистер, жазушылардың әр түрлі мақалалары мен туризм саласындағы басты ақпараттар жазылады. Бұл газет барлық араб елдері мен АҚШ пен Ұлыбританияда тұратын араб ұлтына тарайды.

Келесі бір күнделікті газет газет «ﺭﺎﺑﺨﻷﺍ» «Аль-Ахбар» («Жаңалықтар») 1944ж. шығады. 12 бағанмен шығады, жарнамаға көп орын береді.

« ﺔﺳﺎﻳﺴﻠﺍ » «Ас-Сияса» ( Саясат ) - демалыс күні шығатын үкіметтік апталық. Аты айтып тұрғандай, саяси мәселелерді жазады. Мұнда биліктің ресми саяси көзқарастары мен оған жасалынған талдау беріледі.

« ﻒﺴﻮﻳﻠﺍﺰﻭﺭ » «Роз эль-Юсеф» - қоғамдық-саяси және әдеби, өте танымал апталық журнал. Египеттің өзінде таралымы 20 мың болса, шетелде 40 мың данамен басылады. Бұл басылымның негізін Фатимой эль-Юсеф немесе Роз эль-Юсеф деген лақап атпен белгілі актриса 1925 ж. қалады. Журналдың ерекшелігі - үкіметті сынау. Журналмен елдің белді публицистері тұрақты жұмыс жасап тұрады. Сондай-ақ осы баспада « ﺮﻳﺨﻟﺍ ﺡﺎﺒﺻ » «Сабах Аль-Хайр» ( «Қайырлы таң» ) және « ﻲﺒﻫﺬﻟﺍﺏﺎﺘﻜﻠﺍ » «Аль-Китабу Аз-Захаби» («Алтын кітап») журналдары шығады. Бұл журналдар - интеллигенцияның мәдени қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

« ﺭﺑﻮﺘﻛﺍ » «Октобр» ( Октябрь ) - қоғамдық-саяси апталық журнал. 1976 ж. А. Садаттың өз ұйымдастыруымен, жалпыарабтық ұйымға айналдыру мақсатымен шығарылды . Тиражы - Египетте 55 мың және шетелде 40 мың дана. Жарнама мен сенсациялық мазмұндағы материалдарға көп орын беретін жоғары иллюстрацияланған журнал.

ﻲﻟﺎﻫﻷﺍ » «Аль-Ахали» («Адамдар») -1978 жылдан шығатын, таралымы 100 мың дананы құрайтын апталық газет. Ұлттық-пргрессивтік Ұйымның, (солшыл) партияның басылымы. Жарияланған материалдарының салмақтылығы мен аналитикалық сипаттағы мақалаларымен оқырман ықыласына бөленіп жүрген газет. Бұл апталық 1952ж. Шілде революциясының жаулап алу саясаты мен Президент Г. А. Насеромның идеяларын насихаттайды. Саяси үкіметтік Израильмен болған келіссөздерге қарсы көзқарастарын ашық жариялап, елдің ішкі саяси тұрақтылығына пікірін білдіріп тұрады.

« ﺪﻓﻮﻠﺍ » «Аль-Вафд» (« Делегация» ) - 300 мың данамен тарайтын 1984 ж. негізі қаланған апталық. Оппозициялық басылымдардың ірі газеті. «Жаңа Вафд” партиясының ұйымы. Негізінен биліктің саяси демократиялық және саяси экономикалық режимін сынайды. Материал мазмұны сенсациялық, мемлекеттік ұйымдардағы жемқорлықты сөз ететін сынға жақын.

Египет Араб Республикасында діни бағыттағы басылымдар көп. Ең атақтылары - « ﺀﺍﻮﻠﻠﺍ » «Аль-Лива», « ﺭﻮﻧﻟﺍ » «Ан-Нур» ( «Жарық» ) және « ﻲﻧﻄﻮﻠﺍ » «Аль-Ватани» (« Патриот» ) .

АҚШ-тағы 2001 ж. 11-қыркүйек оқиғасынан кейін жалпы басылым беттерінде терроризммен күресті насихаттайтын айдарлар пайда болды.

Ағылшын тіліндегі « Cairo today » (« Бүгінгі Каир» ) журналында туризм, архитектура, өнер, мәдениет, салт-дәстүрге байланысты материалдар жарияланады. 1979 ж. АҚШ-пен бірлесіп негізі қаланды. Тиражы - 9 мың дана.

Сауд Арабиясы. Бұл елдегі БАҚ-тың негізгі функциясы, басқа араб елдеріне қарағанда(ЕгипетСирия), елде қалыптасқан құрылымның тұтастығын сақтауға ықпал ету, ислам идеялары мен исламға және корольге адалдықты насихаттау. Сауд Арабиялық басылым - қоғамдық пікірдің қалыптасуында ешқандай роль ойнамайды және елдің, басқа да араб мемлекеттерінің саяси-әлеуметтік мәселелеріне назар аудармайды. Бұл- елдегі саяси режим(Сауд Арабиясында бірде-бір саяси партия жоқ) мен материалдың бірізді жазылуымен және халықтың жоғарғы білімінің төменділігімен түсіндіріледі.

Сауд Арабия Корольдігінде алғаш газет 1924 ж. желтоқсанда Мекке қаласында « ﻯﺭﻗﻟﺍ ﻢﺃ » «Умм аль-Кура» ( «Қалалардың анасы» ) деген атпен шықты. Бұл апталық үкіметтің ресми ұйымы болды. Газеттің бас редакторы - Х. А. Акид. Таралымы - 5 мың дана . Ресми жаңалықтардан басқа, әлеуметтік-экономикалық материалдарға да орын береді . Соңғы кездері «Араб бауырлаға көмек» айдарымен американдық контртеррористік операциялармен ұстаған « ﻯﺪﺋﺎﻗﻠﺍ » «Аль-каида» ислам ұйымындағы көптеген жазаланушылардың тағдыры мен олардың сатып алынуы туралы баяндалуда.

Газет беттері негізінен «Associated press», «United press international», «Arab news agency” сияқты ірі ақпарат агенттіктерінің араб елдері туралы ақпараттары және ерекше түрде король Фахдтың өмірі мен оның беделі туралы ақпараттармен толығады. Ал қазір король қартайып, ауырып жүргендіктен, оның баласы ханзада Абдулланың өмірі мен беделіне көп назар аударылады. Сондай-ақ, елдегі жетістіктерді кеңінен насихаттайтын мақалалар мен діни тақырыптағы материалдар - газет бетінің басым бөлігін құрайды.

1970ж. ж. Сауд Арабиясында 10 күнделікті, 13 апталық газет шығып тұрған. Басылымдардың басым бөлігі қазіргі таңда жеке мемлекеттік лицензияланған баспаханаларда шығады. Баспа үйінің полиграфиялық базасы жоғарғы сапалы, әрі онда техникалық жаңартулар болып тұрады. Ең алдымен баспахана үкімет тарапынан басу туралы рұқсат қағаз түріндегі құжат алады. Осы арқылы баспахана ресми цензураның болмаған кезінде баспасөзді қатаң қадағалап, кейбір ақпараттарды алып тастау құқына ие болады. Сондай-ақ БАҚ - баспа ұйымының кадр құрамын айқындайтын Ақпарат Министрлігінің және елде таратылатын ұлттық және шетелді басылымды бақылайтын ІІМ-нің баспа жөніндегі Жоғарғы кеңестің тексеруінде (ханзада Наифтың басқаруында) бақыланады. Мысалы, бұл ұйымдар 1998ж. күзде үкіметке қарсы сипатта жазылған мақаланы жариялағаны үшін « ﻥﻭﻣﻠﺴﻣﻠﺍ » «Муслимун» (« Мұсылман» ) газетін жапқан болатын.

1937 жылдан бастап елде жалғыз әдеби « ﻞﺤﻧﻣﻠﺍ » «Аль-Манхаль» журналы 6 мың данамен шығады. Бұл журналда жас ақын, жазушылар өз туындыларын жариялайды. Көбіне король отбасына, араб елінің тарихына, ежелгі цивилизацияға арналған мақтау одалар жазылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб – парсы тілінен енген кірме сөздер
Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі
Академиктің тіл білімінде қосқан үлесі
Араб сөздері құрамындағы дауыстылар мен дауыссыздардың қазақ, өзбек және түрік тілдері заңдылықтарына бейімделіп игерілуі
Қазіргі қазақ, өзбек және түрік тілдеріне ортақ араб сөздерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау, оған тілдік тұрғыдан жан-жақты сипаттама беріп, салыстыру арқылы аталған түркі тілдерінің даму, қалыптасу тарихындағы алатын орнын көрсету
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі
Араб тілінің қазақ тіліне әсері
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
АРАБ ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНАН АЛАТЫН ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz