Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ақыл-ой тәрбиесі

  1. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы.

Олардың өзара байланысы

Ақыл-ой тәрбиесі тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алу және оқы әрекетерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізгі ақыл-ой тәрбиесінен басталады.

Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, есте сақтау, творчестволық қиял, сөйлеу, ойлау) .

Білім мен ақыл егіз. Білім-ақылдың ажар-көркі. Оны халқымыздың "Ақыл азбайды, білім тозбайды" - деген мақалынал көруге болады. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби: "Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет", десе "Білімді болу деген сөз, - ол белгісіз нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады"' - деп түсіндірген.

С. Торайғыров : "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам", - демекші қазақ халқының біртуар ұлдары, ағартушы-педагогтары да өз халқының сауаттылығын, білімді және мәдениеттілігін аңсаған.

"Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің, күні кәріп" (халықтікі) .

"Білім мақсат емес, қарау" - деп орыс жазушысы Л. Толстой айтқандай ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет екенін ұмытпауымыз керек.

Көне грек философы Сократ "Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұятсыздық"-десе, оның шәкірті Платон: «Ештемені білмейтін және бірдемені білейінші деп талпынбайтын адам - өте жаман адам, оның бойына екі кесел бірден ұялаған» - дейді.

Ендігі жерде "Ой", "ойлау" ұғымына келсек бұл өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы ұғым. Философиялық еңбектерде бұған анықтама әртүрлі пікірлер, қарама-қайшылықта берілген.

"Бой жетпеген жерге ой жетеді,

қыран жетпеген жерге қиял жетеді"- деп халқымыз бекер айтпаған. Ойлай білуге, дұрыс ойлауға жастарды ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, алдымен ой-өрісін айналадағы қоршаған дүниені-табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастаған жөн. Бұл процесс бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Бұл бағытта отбасы, бала бақша, мектеп тіпті жоғарғы оқу орындарының ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады. Оқытудағы негізгі міндеттің бірі - адамзат ғасырлар бойы жасап келген ұшан-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ол диалектикалық ойлау негізінде жүзеге асырылады.

Ал психология саласындағы еңбектерге келсек, "Ойлау - адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын оларды елеулі белгілері бойынша бейнелейді - ретін және олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әртүрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс"- деген анықтама беріледі.

Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі.

Ойдың ерекшеліктері оны қабылдаумен салыстырғанда айқын көрінеді.

Ойлау ми қыртысъщда жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.

"Ойлау дегеніміз белгілі бір дәрежедегі мидың дамуының нәтижесі".

"Ойлау - мидың желісі".

Ми жануарларда да бар. Одан адам миының ерекшелігі, өмір сүрген ортасы, онымен қарым-қатынасы бар. Яғни, ойлау қарым-қатынас нәтижссі. Ол үшін, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ойлай, білуге үйрету, дағдыландыру қажет. Ой танымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерленумен және практикамен ажырамастай байланысқа түседі. Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өндейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісі мен өзара байланысын танып біледі.

"Ойлау - дүние құбылыстары мен заттарын олардың әртүрлі байланысы мен қатынастарында танып білу.

Шындықта болатын байлаиыстардың себептік, мақсаттын, жағдайлық, қатынастың т. б. тәрізді категориясы адам тәрбиесінде танылып, белгілі тілдік формалар мен аталып отырады".

Қорыта айтқаңда " . . . ақыл-ой дегеніміз адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімімен бірге оның адамдық қасиеті".

2. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:

  1. Жеке тұлғаның сана-сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту.
  2. Адамзат жасаған материалдық және рухани байлықтарды меңгерту.
  3. Оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру.
  4. Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлау білуге үйрету.

Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы: "Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек", - дейді Абай.

"Ақыл енбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз . . .

Ақыл-мизам, өлшеу қыл", - дейді.

Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет деп сипаттайды Абай.

Оның міндеттері қандай?

1. Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздермен
терең және берік қарауландыру.

2. Білім беру негінде оқушыларда ғылыми-материалистік
көзқарасты қалыптастыру.

3. Балалардың таным қабілеттерін дамьпу.

  1. Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістеріментаныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету.
  2. Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойындаөздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру.
  3. Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру.

Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы -мектептегі оқыту ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске асады.

3. Ақыл-ой тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие

Халықтың тәлім-тәрбие оның тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы, ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады.

Қазақ халқы өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Ғалым А. Э. Измаилов халықтық тәлім-тәрбие жайында: "Қазақ халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде жалғасып халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттың салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады", дейді.

Тұрмыстық-мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанырларыңда, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сезімінен туған бата сөздерінде, төрт түлікке сай өлең жырларында ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық ақыл-ой тәрбиесі барын көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Ақыл-ой және танымдық ойындар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны және оның қасиеттері
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр
Педагогиканың дәрістері
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz