Андронов дәуірінің қоныстары мен тұрғын үйлері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І. Кіріспе

1 - тарау. Андронов дәуірінің қоныстары мен тұрғын үйлерінің ерекшелігі.

2 - тарау. Сақтардың баспаналары, олардың ерекшелігі

3 - тарау. Ғұндар мен үйсіндердің баспаналары.

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұланғайыр далаларын тегі жағынан және та-рихи тағдырларының ортактығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шарты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.

Аңдронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тара-пынан оларға тікелей ықпал жасап отырды.

Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма ша-лғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.

Андроновтық уақытқа байланысты металдан жасалған еңбек құралдары, қарулар және сәндік заттар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер көп тарады.

Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады.

Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе, Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді.

Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі гео-метриялық өрнектермен сәнделді.

Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоға-лар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды.

Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінін әдемілігі мәдениет денгейінің жоғары болғанын көрсетеді.

Андронов мәдениеті бұл терминнің кең тарихи-мәдени мағынасында алғанда, қола дәуірінің алдыңғы кезеңіне (б. з. б. ХУІІІ-ХҮІ ғасырлар) және ортаңғы кезеңіне (б. з. б. XV-XII ғасырлар) тұстас келеді. Б. з. б. II мың-жылдықтың аяғында - I мыңжылдықтың басында андронов мәдениеті тай-паларының экономикасында, тұрмысы мен мәдениетінде өзгерістер болды; бұл өзгерістер қоғамның жаңа шаруашылық негізіне байланысты, әуелі жайлауда, кейін көше жүріп мал есіруге байланысты туды.

Соңғы қола дәуірі деп аталған бұл кезенде (б. з. б. XII ғасыр - VIII ғасырдың басы), археологиялық деректердің көрсетуінше, шаруашылық пен мәдениеттегі андроновтық дәстүрлердің орнына ерте темір дәуіріндегі қоға-мның экономикасы мен материалдық мәдениетінің неғұрлым прогресшіл түрлері келді.

І - тарау. Андронов дәуірінің қоныстары мен тұрғын үйлерінің ерекшелігі. Андронов мәдениетінің қалай шыққаны - пікірсайыс туғызып келе жатқан проблема. Бұл проблеманы шешудің қиындығына бұдан бұрынғы неолит пен энеолит дәуірлеріндегі ескерткіштердің жеткіліксіз зерттелуі себеп болып отыр.

Тарих ғылымында бірнеше болжам бар.

Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуір-леріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарынын мәдениет жағынан, әрі, сірә, шыккан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде құрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын.

Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінін шығуына, метал-лургияның дамуына жеткізді. ¥лан-ғайыр далалық аймақта осы материал-дық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыпт-асуына, қоғамның әлеуметтік укладтарының жақын түрлеріне жеткізді.

Андронов қауымының тарихындағы күрделі әрі пікірсайыс туғызатын мәселелердің бірі тұрғындардың этникалық тегін анықтау болып табылады.

Бірнеше пікірлер бар. Олардың біреуі бойынша андроновтықтар финн-угор этникалық тобына жатқан.

Үнді-иранның ежелгі жазбаша ескерткіштерін - Авестаны, Ригведаны, Атхарваведаны, Яджурведаны, Шатапатханы және топономика мен ономастиканың басқа да деректерін, археологиялық материалдарды талдау негізінде тарих және филология ғылымында андронов тайпаларынын үнді-иран немесе арий текті екендігі туралы болжам қалыптасқан.

Кейінгі жылдарда тілшілер, түркологтар, этнографтар, тарихшылар ара-сыңца андронов тайпаларының түркі тілдес болғаны туралы болжам ұсы-нылатын бірқатар зерттеулер пайда болды.

Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 ж. А. Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттын ішінде орасан көп археологиялык материал жиналды.

Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезендерге бөліп, топтастыруды бастаған С. А. Тегаюухов болды. Әсіресе М. П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ақ андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді.

Кейін К. В. Сальников Орал сыртының андронов мәдениетіне хроноло-гиялық топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: федоров кезеңі - б. з. б. XVIII- XVI ғасырлар, алакөл кезеңі - б. з. б. XV-XII ғасырлар, замараев кезеңі - б. з. б. XII-VIII ғасырлар. Андронов мәдениетін К. В. Сальниковтың кезендерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды.

Қазақстанның аңдронов мәдениетін кезендерге бөлу проблемасымен Ә. X. Марғұлан, К. А. Ақышев, А. Г. Максимова, С. С. Черников, А. М. Оразбаевтар айналысты.

Қазіргі кезде К. В. Сальниковтың кезендерге бөлуі қатта қаралып, Э. А. Федорова-Давыдованың, В. С. Стоколостың, Г. Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектеріңде нақтылана түсті.

Андронов мәдениетін кезеңдерге бөлуге байланысты бұл болжамдарды жақтаушылардың принципті пікір алалығы бұл мәдениеттің федоров кезеңі мен алакөл кезеңінің хронологиялық шеңберлерін бағалау жөнінде болып отыр.

Ең көп тараған көзқарас мынадай: бұл кезендер бірінен сон бірі келіп отырды, соның өзінде неғұрлым ертеректегі кезең ретіндегі федоров кезеңінен кейін алакөл кезеңі келеді, ал алақөл кезеңі аңдроновтық тайпалардың экономикасы мен мәдениетінің ең дамыған шағы болып табылады. Екінші көзқарас бойынша, федоров пен алакөл уақытындағы ескерткіштер бір уақыттың ескерткіштері, бірак өлке тұрғындарының әр түрлі топтарынан қалған. Алакөлдік тайпалар Жайық өңірін, Батыс және Солтүстік Қазақ-станды мекендеген және Еділ бойының қима мәдениетті тайпаларымен, Орта байланыс жасаған, ал федоровтық тайпалар Шығыс Қазақстанды, ішінара Орталық Қазақстанды мекендеген және этникалық, мәдени-шаруашылық жағынан Батыс Сібірдің орманды-далалық аймағы халқының тобына жақын болған.

Бұл дәуірдегі ежелгі евразиялык дала туралы ғылыми түсініктерге қала үлгісіндегі Синташт және Арқайым бекіністі қоныстарының ашылуы мен зерттелуі принципті түзетулер енгізді.

Андронов мәдениеті бұл терминнің кең тарихи-мәдени мағынасында алғанда, қола дәуірінің алдыңғы кезеңіне (б. з. б. ХУІІІ-ХҮІ ғасырлар) және ортаңғы кезеңіне (б. з. б. XV-XII ғасырлар) тұстас келеді. Б. з. б. II мың-жылдықтың аяғында - I мыңжылдықтың басында андронов мәдениеті тай-паларының экономикасында, тұрмысы мен мәдениетінде өзгерістер болды; бұл өзгерістер қоғамның жаңа шаруашылық негізіне байланысты, әуелі жайлауда, кейін көше жүріп мал есіруге байланысты туды.

Соңғы қола дәуірі деп аталған бұл кезенде (б. з. б. XII ғасыр - VIII ғасырдың басы), археологиялық деректердің көрсетуінше, шаруашылық пен мәдениеттегі андроновтық дәстүрлердің орнына ерте темір дәуіріндегі қоға-мның экономикасы мен материалдық мәдениетінің неғұрлым прогресшіл түрлері келді.

Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті - алдыңғы қола мәдениетінің жалғасы мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл - қоғамның, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа, неғұрлым жоғары кезең; бұл кезең қола дәуірінің дамыған ортаңғы кезеңіне жатады.

Шаруашылық жағынан алғанда бұл кезең мал өсірудің бұрынғыдан гөрі кеңірек таралуымен және кетпенмен өндейтін егіншілік көлемінің өсуімен сипатталады. Қорымдар мен қоныстардағы мал сүйектерінің қалдықтары Атасу заманындағы тұрғындардың өсірген мал түліктері туралы түсінік бе-реді. Мұнда сиыр мен қой-ешкі, жылқы үлкен рөл атқарды. Бұл кезенде жылқы мен қойдың шаруашылық маңызы артады.

Малдың көбеюі және халықтың өсуі шөлейт жерлерді шаруашылық жағынан игеруге итермеледі. Тайпалардың бір бөлігі өзен алкаптарын тас-тап, шөлдер мен шөлейттердің оазистеріне ауысты; онда сумен жабдықта-лудың бірден-бір көзі құдықтар болды.

Кен жұмыстарының көлемі өсті, мыс пен қалайы табу, демек, өндіру артты. Мыс пен қоладан еңбек құралдарын, тұрмыстық және сәндік заттар жасау едәуір ұлғайды.

Мыс пен қола металлургиясының, бақташылық мал шаруашылығының дамуы шаруашылықтың мамандануына және бірқатар әлеуметтік өзгерістерге жеткізді.

Атасулық андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты сипат алды. Өлгендер жерленгенде бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қо-ддары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстікке неме-се оңтүстікке бейімдеңкірей жатқызыдды. Оньщ үстіне, Нұра кезеңінің мұра-сы ретінде әлі қодцанылып келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталар-мен қатар, тік бұрыш бітімді тас жәшіктер тарады; ол жәшіктер шомбал, жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағынан қойылды.

Атасу кезеңінде иіні дөңестеліп иілген ыдыстар сақталды, бірақмойыны мен бүйірінің арасы ойық құмыралар, қарапайым құты сияқты ыдыстар, аралық түрлер басым болды.

Иіні дөңестеліп иілетін көзелер бұрынғы әсем көрнекілігінен айрылады, олардың биікше, жіңішке түбі жоғалады, өрнектер үш қатарға - ыдыстың мойнына, бүйірінін жоғарғы бөлігіне және түбіне салынады. Әрбір қатарда өрнекті орналастыру дәстүрі қалыптасады. Мойньша көбірек салынатын сурет тік бұрышты немесе тең қабырғалы үш бұрыштардан ұшы жоғары қаратылып тізілген тізбектер болып келеді. Кейде үш бұрыштардың орны-на ромбылар, сынықсызықтар және басқалар салынады. Өрнектердің екінші қатары үш бұрышты фестондардан, меандрлардан, қатарлас каннелюрлер-ден қүралады. Бұл өрнектер қиюласып, кілемнің ою-өрнегіндей болып шығады. Түпкі қатар ұшы жоғары қаратылған үш бұрыштар немесе белдеулей сызылған қатар сызықтармен әсемделеді. Иіні дөңестеліп немесе ойықта-лып жасалатын ыдыстарда ғана өрнек көп кездеседі. Қарапайым құты тәрізді ыдь&та күрделі меандрлы немесе фестонды сурет болмайды және онда өрнекті белдеулер салынуы көп кездеспейді. Ондай ьідыстың ернеуі мен мойны ғана ірі ұш бұрыштармен, қатарлас сызықтармен, кейде шырша өрнекпен сәңделеді. Солтүстік және Батыс Қазақстаннан - Орталық Қазақстандағы ыдыстардың мойнында меандрлы фигуралардан жасалған өздерінің дәстүрлі айырмашылығы өрнегі болады.

Атасу заманында қола құю өнері жоғары дәрежеде кемеліне жеткен. Табылған бұйымдардың бәрі соғу, құю, ою және қақтау арқылы жасалған. Көне замандағы шеберлер қалақ тұріндегі қанжарларды, жебелердің қос қанатты, жалпақша ұштарын, екі ұшы сұйір моншақтарды, дөңгелек және тік бұрышгы айналарды кұйды. Соғу, қысып өрнектеу мен кактау төрт қы-рлы біздерді, инелерді, білезіктерді, алуан тұрлі алқаларды, мұсінді тоғалар-ды және басқаларды жасағанда қолданылды.

Ол замандағы қорымдардың көбі Атасу өзенінің алқабындағы қорымдар тобына ұқсас. Бұлардың ең ірілері - Дарат, Саңғыру, Мыржық, Ақсай, Телжан, Қосағал және әсіресе Үйтас (Қараөзек) қорымдары.

Мейлінше алуан түрлі бейіт құрылыстары жер бетінен 20-50 см сыртқа шығып тұратын көлемді тақта тастармен белгіленген. Оларда қосарлы және екі қабатты жәшіктерге қойылған көп лақытты әулеттік-патриархаттық үлкен қабірлердің саны көбейген. Қоршаулардың бәрінде дерлік лақыт жәшіктері екі-төрт гранит тақтамен жабылған. Негізгі ғұрып - өлікті өртемей жерлеу. Дегенмен, Атасу заманындағы басқа ескерткішгердегі сияқты, мұнда да өлікті өртеу кездеседі.

Қорымдардан көптеген қыш ыдыстар, бұранды бұрамалары түйісіп ке-летін қола білезіктер, самайға тағылатын алтын жалатылған сырғалар, қола тізбектер, алкалар және палеометалдан жасалған басқа да бұйымдар, ұнтақтан қатырылған, меруерттен, тастан жасалған моншактары бар алқа-лар, тесіп ілінетін жыртқыш азулары мен қабыршақтар жиналды.

Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Қоңырат ауданындағы Былқыдцақ, Қарасай, Темірастау, Қарабие қорымдары, Шерубай-Нұра өзені алқабындағы Басбалдак, Аксу-Аюлы-1 қорымдары, Бетпақдаланың солтүстік шетіндегі Елшібек, Қоласар қорымдары және ба-сқалар.

Құрбан шалынатын орындар да Орталық Қазақстандағы (Атасу өзені алқабының таулы жерлеріндегі, Нұра, Қарасу, Жарлы, Ақбілек өзендерінің алқаптарындағы) дамыған қоланың өзінше бір үлгідегі ескерткіштері бо-лып табылады. Олар әр уақытта жазық жерде, маңайына қарағанда дөңес-теу, қоныстар мен қорымдардан оңашалау жерде орналасады. Кебінесе бұл құрылыстар сопақ немесе онша дөңгелек емес түрдегі жалпағынан салы-нған сегіз-тоғыз шомбал тастан құралады.

Құрбан шалу аландарында табылған заттар құрбан шалудың тек діни ұғыммен ғана емес, сонымен қатар өндірістік үрдіспен де едәуір байланыс-ты болғанын көрсетеді. Оларды казғанда еңбек құралдары - тас кетпендер, кол диірмендер, астық түйгіштер табылды. Боқсайдағы (Атасу өзені) ғұрып орындарында ағаш кемірі мен кұлдін қалың кабаты, сондай-ақ қалындығы 40 сангиметрдей органикалык қалдықтар табылды (сірә, сүттен жасалған тамақтың қалдықтары болар) .

Нұра өзеніндегі (Бесоба ауылы, Жамантас қойнауы) құрбан шалу алаңыңда кварцты қүм қосып, алебастрдан жасалған екі мұсін табылды; бірі - добал орақ сиякты, екіншісі - параболалық үш бұрыш тәрізді. Бұлардың екеуі де, тегіңде, еңбек құралдарын бейнелесе керек. Мұнда сонымен қатар ұзыншалау тас келсап, түбі жайпақ ыдыстар керамикасының фрагменттері болды.

Дамыған қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тұрғындарының шаруа-шылығы мен тұрмысын коныстардан табылған археологиялық заттарға қарап топшылауға әбден болады; мүндай қоныстар әдетте тау қойнауларында не-месе даладағы өзендер мен көлдердің үскірік пен аңызақ соқпайтын жағаларында орналасқан.

Тұрғын үйлер мен қора-қопсылар тобы (10 және одан көбірек, кейде 80-ге дейін, Бүғылы-1) ортада ашық ішкі алаң қалдырылып айнала салынған; ол алан мал камауға арналған. Кейініректегі үй-жайлар ішкі алаңды айнала салынған орталық құрылыстар тобынан тысқары тұрғызылған.

Әдетте, құрылыстың негізі қазылған шұңқыр болды. Оның қабырғалары көлденең қаланған таспен бекітілді немесе қырынан қойылған тақта тастармен қаптадды.

Қоныстардың қалай орналасқанын, тұрғын үйлердің безендірілуін Аға-суға қүятын тау өзені Мыңбасайдың алқабындағы қоныстың қазылған ор-нына қарап білуге болады. Атасу қонысы дөңес алаңға орналасқан және ол шет-шеттерінен тақта тастар көрініп тұрған бірнеше тайыз апандар болып табылады. Ауданы 15 мың шаршы метрге жететін бұл жерге 35 тұрғын үй мен қора-қопсы орналасқан. Жеке үйлер жіңішке ұзын жолдар арқылы жалғасқан, әрқайсысында үлкен күлшұңқыр болған, онда күл мен қой-ешкі сүйектері жиналған. Әр үйдегі үлкен күлшұңқырлар қоныстың ұзақ уақыт болғанын дәлелдейді.

Қоныс орнын қазғанда бір тұрғын үй, мыс рудасын қорытатын бір ше-берхана, екі күлшұңқыр шықты. Адам тұратын жартылай жертөле тік бұрышты, аумағы 13x12 м. Онда екі мәдени қабат олардың ортасындағы өрт ізі бар қабат сақталыпты. Үйдің солтүстік бұрышымен іргелес кішкене үш жертөле бар; олар дәліз арқылы жалғасқан. Жаппаның тіреуіші ретінде ағаш бағандар пайдаланылған; бұлар әрі үйді екі бөлмеге бөлетін қабырға болған: бөлмелердің біреуінде адамдар тұрған, екіншісінде май ұсталған. Адам тұратын бөлменің жер едені тегіс, құмды-балшықпен тапталған және беті балшықпен сыланған. Қора-жайдың жер едені едәуір төмен, онда шіріген көң қалықтарының қабаты сақталған.

Тұрғын үйдің солтүстік-шығыс бұрышында гранит тақталардан қаланған ұзындығы 4 метр, көлденеңі 1 метр ошақ табылды; оның арнайы бөлінген үш бөлімшесі бар. Ошақтың бір тармағы, ең үлкені, үйді жылытқан; екіншісінде тамақ пісірілген, үшіншісі қорыту пешінің рөлін атқарған. Ошақ-та 5 килограмдай мыс құймасы, мыс шлагы, тас және қыш ожаулар мен шөміштердің сынықтары, құю қалыбы жатыр. Мұнда руда ұсақтайтын тас құралдар, балғалар, келсаптар, тоқпақшалар, дәнүккіштер, керамикалық бұйымдарды тегістейтін қалақтар, тас кетпендер табылды.

Атасу қонысының тұрғындары ыдыстың түрлі үлгілерін - тамақ пісіретін өрнексіз долбарлы керамиканы және тамақ ішетін, геометриялық өрнектермен сәнделген ыдыстарды жасай білген. Өрнектер көбіне тегіс қалыппен түсірілген, бірақ тарақ тәрізді қалыппен түсірілген өрнектер де аз емес.

Шаруашылық пен тұрмыста қола құралдармен қатар сүйектен жасалған тескіш, біз, теріні өндеу үшін жылқының жағынан жасалған лөкет пышақ сияқты құралдар да қолданылған. Ірі малдың жілігінен жасалған шүйке орағыштың табылуы жүнді ұқсатып, дөрекі мата тоқи білгендікті көрсетеді.

Ыдыстардың екінші тобында - Вишневка-1, Петровка-1, Алтын құз, Қарлыға-1 қоныстарынан шыққан ыдыстарда тарақ тәрізді қалыппен және таяқшамен түсірілген суреттер басым. Өрнектер тік, көлденең, ирек сызықтардың, бойлай сызылған бұралаң сызықтардың, шимақталған үш бұрыштардың қиюласуынан құралады. Ыдыстардың бүйірі ғана өрнекпен қапталған, ал түбінің сәнделуі сирек кездеседі. Ыдыстардың екі тобының арасындағы бұл айтылған өзгешеліктер олардың әр заманға жататындығынан туыңдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Андронов мәдениетінің ерекшеліктері
Қола дәуірі жайлы ақпарат
Андронов мәдени-тарихи қауымы
Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері
Қола дәуірі туралы ақпарат
Андроново мәдениеті
Орталық Қазақстанның тайпалары
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қола дәуірінің мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz