Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қолжазба құқығында
ҚҰТТЫБАЕВА ҰЛЖАЛҒАС ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
АҒЫЛШЫН-ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ
ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ
6N0205. ФИЛОЛОГИЯ: ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ
Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. к., доцент м. а. С. Т. Нышанова
ТҮРКІСТАН - 2010
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қолжазба құқығында
ҚҰТТЫБАЕВА ҰЛЖАЛҒАС ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
АҒЫЛШЫН-ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ
ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ
6N0205. ФИЛОЛОГИЯ: ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ
Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. к., доцент м. а. С. Т. Нышанова
ТҮРКІСТАН - 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
ТАРАУ 1. ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ
1. 1. Тіл мен мәдениет байланысы . . . 8
1. 2 Лингвомәдениеттанудың қалыптасуы, оның этнолингвистикамен
арақатынасы . . . 15
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени сипаты . . . 23
ТАРАУ 2. ФРАЗЕОЛОГИЯНЫҢ МӘНІ
2. 1 Фразеология теориясының қалыптасуы . . . 31
2. 2 Фразеологиялық бірлік. Аталым (номинация) мәселелері . . . 36
2. 3. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің
түрлері . . . 45
2. 4. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерінің лингвомәдени
ерекшеліктері . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызды кайта қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру - тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі саналады.
Ұлтаралық катынастар үйлесімділігін, халықтар достығы мен бірлігін нығайтуда егеменді еліміз бар күш жігерін салуда. Мұның өзі тілдерді дамытуға, сайып келгенде, мемлекеттік тілді өркендетуге келіп тіреледі.
Сонымен бірге, соңғы жылдары төл тілімізді генетикалық және типологиялық жағынан мүлдем алшақ тілдермен салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі де тіл білімінде кеңінен өркен жаюда. Бүған дейінгі салыстырмалы-салғастырмалы түрде жүргізілген зерттеу жұмыстары құрылымдық бағытта қарастырылып келсе, бүгінгі кезде антропоцентристік бағыттағы уақыт көшінде тілдерді салғастыра зерттеу көптеген зерттеуші-ғалымдардың қызығушылығын танытып отырғаны рас. Соның бірі ұзақ қолданыстан кейін ғана тұрақтылыққа ие болатын, мағыналық және құрылым-құрылысы жағынан ерекше, халықтық өшпес мұра саналатын фразеологизмдерді, оларды астарлап жатқан мәдени құбылыстарға талдау жасап, олардың қалыптасу көздерін табу теориялық және практикалық жағынан құнды болмақ.
Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп, қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерінің және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін көрсетеді. Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын тілдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін фразеологизмдер бойынан тауып, олардың бір-бірінен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін аныктауға, ұлттық нақыштарын тереңірек түсінуге болады.
Жалпы, лингвистикада сөздің дыбыстык таңбалануы мен мағынасы арасындағы байланысты түсіндіретін сөздің құрылымдық-мағыналық қасиеті ретінде қарастырылады. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары ішкі формаға негізделсе, 70-ші жылдары фразеология теориясының жеке пән ретінде қалыптасуына көптеген қазақстандық ғалымдардың (М. М. Копыленко, І. Кеңесбаев, В. В. Виноградов, Б. Қ. Қалиев, Б. Қ. Қасым, ) т. б. елеулі еңбектері негіз болды. Қазіргі кезде ол ономасиологиямен, семасиологиямен, философиямен, психологиямен тұтасып, астасып, көптеген ғылымдардың тоғысқан жерінде тұр. Фразеологизмдерді ашу үшін, ең алдымен ұлттық мәдени деректерге сүйенеріміз анық, себебі тек ұлттық мәдениетте ғана халықтың бұрынғы өмірінің бүкіл көрінісі сақталады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын және қазақ тілдерінің фразеологизмдерінің лингвомәдени аспектіде салғастыруға арналған.
Тақырыптың өзектілігін айқындайтын мәселелер:
- біріншіден, сөздік қордағы фразеологизмдер жүйесі, оның тілдік табиғаты- қандай да бір этностың жалпы әлем туралы, жаратылыс туралы таным-түйсігі, оны қабылдау, бағалау ерекшеліктерін, жалпы кез келгенқұбылысқа қатысты ұлттық дүниетаным мен көзқарастар тұтастығынтолығымен танытатын ерекше лингвомәдени бірліктер. Сондықтанаталған лингвистикалық категорияны екі тілдік семьяның өкілі болыптабылатын, әрі екі шалғай құрлықты мекен ететін әртиптес тілдер арқылызерттеп танудың маңызы зор.
- екіншіден, соңғы кезеңдегі әлемдік лингвистика ғылымы тіл материалдарын адами факторлармен, оның таным қарастыруға бет бұрып келеді. Соның ішінде зерттеуде олардың өзге тілдІк бірліктерден тек ерекшеліктерінғана атап қоймай, оның қолданыстық мақсаттарының түпкі себептерін ұлттанымымен байланыстыра отырып, аталымға себеп болған қозғаушыкүшті ішкі формасы арқылы ашу үдерісі дәстүрге айналып келеді.
- үшіншіден, еліміз егемендігін алып, тіл мәртебесі көтеріліп, экономика, саясат, мәдениет салаларында халықаралык қатынастар дамыған кезеңде, мемлекетіміз өркениетті елдер қатарына қосылуға талпынған тұста ана тілімізді беделді деген шет тілдерімен салғастыра қарастыру - ең бірөзекті де көкейтесті мәселе болып табылатыны даусыз.
Зерттеудің нысаны - ағылшын және қазақ тілдеріндегі ұлттық бояуы айқын фразеологизмдер жиынтығы.
Зерттеудің пәні - ағылшын және қазақ тілдеріндегі ұлттық мәдени реңктегі фразеологизмдер, олардың түрлері, дәрежелері, жіктелімі, саты.
Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып саралау, соның негізінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер типологиясын жасап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын шығару. Осыған байланысты төмендегідей бірнеше міндеттер туып отыр.
- тіл мен мәдениет сабақтастығы негізінде калыптасқан лингвомәдениеттанудың теориялык, өзіндік қалыптасу бағыттары мен қолданылатын терминдік ұғымдарын көрсету;
- фразеологизмдерінің ішкі форма, этимология, номинация (аталым) мәселелерімен аражігін, байланыс ерекшеліктерін көрсету;
- салт-дәстүрлер, тұрмыс ерекшеліктері, тарихи әдет-ғұрыптарға т. б. байланысты фразеологизмдерге қандай белгінің негіз, нышан болып тұрғанын, типтері мен үлгілерін, лингвомәдени табиғатын анықтап, жіктелім жүргізу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету;
- екі тілдегі фразеологизмдердің дәрежелерінің қаншалықтыдеңгейде өзгергендігін не өзгермегендігін айқындап, ұқсастықтары менайырмашылықтарын көрсету;
- екі тілдегі фразеологизмдер фразеологиялық мағына калыптастыруда түрлі сатыдан көрініс табатындығын көрсете отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұрын әр типтес тілдердегі фразеологизмдер алуан аспектілерде салғастырыла зерттелгенімен, арнайы зерттеу жүргізілмеген. Диссертацияның ғылыми жаңалығы мынадай жәйттермен дәлелденеді:
- ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер, этимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып кешенді түрде зерттеледі;
- екі тілдегі фразеологизмдердің түрлері мен дәрежелері
айқындалады;
- екі тілдегі фразеологизмдердің қоғамдық өмірдің түрлі саласынан орын алуына байланысты жіктелім жүргізіледі;
- екі тілдегі фразеологизмдер түрлі сатыдан көрініс табатындығыанықталады;
- фразеологизмдер лингвомәдени аспектіде салыстырыла-салғастырыла зерттеледі.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Фразеологизмдерінің ішкі форма, аталым, этимология мәселелері өзара тығыз байланыста қаралып, олардың өзіндік айырмашылықтары мен сабақтастығы зерттеледі;
- ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің жасалуындағы метафора, метонимия, мағынаның өзгеруі, тарылуы, кеңеюі т. б. сияқты тәсілдер айқындала отырып, бұлар фразеологизмдердің дәрежелерін зерттеуде айқын көрінеді;
- ағылшын және қазақ тілдері фразеологизмдерінің әр түрлідеңгейде көрініс табады, осының нәтижесінде типологиясынжасауға мүмкіндік туады;
- ағылшын және қазақ тілдері фразеологизмдерінің мағына
қалыптастыруда түрлі сатыдан көрініс табатындығы анықталады.
- фразеологизмнің көрінісіне, түрлеріне қарай: фонетикалық, морфологиялық, семантикалық болып сараланып, белгілері мен типтеріне қарай да бірнеше топтарға бөлініп, фразеологизмдердің жүйесін құрайды;
Зерттеудің теориялық кұндылығы. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер теориялық тұрғыдан салғастыра қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фразеологизмдердің ұлттық мәдени өмірмен байланысын танып білуге, олардын семантикалық, құрылымдық сипаттарын саралай келіп, негізгі типологиялык ұқсастық белгілері мен спецификалық ерекшеліктерін ажыратуға септігін тигізеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Жалпы фразеология», «Лингвомәдениеттану», «Салғастырмалы фразеология» тәрізді пәндерді окыту мен номинация теориясына арналған лекцияларда, осы тақырыпқа арналған жаттығулар мен практикалық сабақтарда, арнайы семинар курстарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының материалдары. Зерттеу жұмысымызға "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" (1974 - 1986), "Қазақ тілінің сөздігі" (1999), "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі" (I. Кеңесбаев. 1977), "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі" (1966), "Бір мың әсерлі де бейнелі орам" (Ә. Қайдар. 2003), "Англо - русский фразеологический словарь" (А. В. Кунин), "Русско - английский фразеологический словарь" (Д. И. Квеселевич 2000), Англо - русский словарь (В. К. Мюллер 1965) т. б. сөздіктерден қазақ және ағылшын тілдерінен 3000-дай ФТ-тер жинақталып, талдауға түсті.
Зерттеудің әдістері. Тақырып ерекшелігіне және жұмыс мақсатына байланысты диссертацияда тарихи-салыстырмалық және этимологиялық, сипаттамалык, сандық (статистикалық) зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылды.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі. Зерттеу жұмысында тіл ғылымының іргелі зерттеулері және бағыттары мен жаңалықтары негізге алынды.
Зерттеу жұмысынын құрылымы. Диссертациялық зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ТАРАУ 1. ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Тіл мен мәдениет байланысы
Әлемдік ғылым мен білім жоғары интеграциялық деңгейде тұрған жаңа ғасырда тек қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті емес, сонымен бірге бүкіл әлемдік өркениет пен мәдениеттін қазіргі кезде түбегейлі өзгеруін көріп отырмыз. Әлем халықтарының мәдени мұрасы - адамзатқа ортақ рухани құндылықтар қазынасы. Әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасаған тілінен көрініс табады,
Адам баласын табиғатпен біртұтас, үндес жаратылыс десек, оның тілі -
адамзат жаратылысының басты қасиеті, ерекшелігі. Сондықтан адамзат тілінің табиғатын зерттеу бүкіл адамзат болмысын танып, білумен тең. Адамзат болмысы әр халықтың, ұлттың тарихымен тығыз байланысты. Демек халықтың басынан өткен тарихи кезеңдері, ділі мен діні, өмірі мен өнері тілінде көрініс тауып жататындығы сөзсіз.
Халық тілін зерттеп, сырын ашу - тіл иесінің қоғамдық-әлеуметтік өмірін, тіршілік көзін, рухани мәдениетін, ұлттық рәсімін танып білу; ұлттық психологияның, ұлттық дүниетанымның әр түрлі қырын, сыр-сипатын зерделеу; сол арқылы халыққа, ұлтка жеткізу деген сөз. Ал әр ұлттың өзіндік биік мұраты, әр тілдің өзіне тән қадір-қасиеті болады. Бұл жөнінде «тіл - кез келген халықтың тәжірибесі мен танымы және мәдениеті мен тарихымен ұштасып жаткан әсерлі де сезімтал халық құндылығы» [1, 76б. ], - деген белгілі ғалым Г. С. Кнабе ой айтады. Бұл ойды әрі қарай О. С. Ахманова: «Тіл - сонау көне дәуірді әрбір жаңа дәуірмен үзбей жалғастырып келе жатқан ең берік, өміршең қоғамның жанды құбылысы. Тіл тамырына зер салған сайын, оның сан-алуан қыры мен тылсым сырына бөленесің» [2, 52б. ], - деп жалғастырады. Демек тілдің тылсым сырларын ашатын болсақ, ғасырлар қойнауында жатқан көптеген ұмытылған құнды дүниелер табылары анық. Тіл - мәдениет құрамы. Оған А. Ченкидің: «Тіл - қоғам мүшелерінің арасындағы коммуникация құралы ретінде мәдениеттің көптеген қырларын бейнелейді. Тіл құрылымы екі маңызды фактор арқылы туындайды. Оның бірі - ішкі, яғни әрбір жеке тіл иесінің ақыл-ойы, екіншісі - сыртқы, яғни басқа осы тілде сөйлейтін тіл иелерімен ортақ мәдениет» [3, 176б. ], - деген пікірі айқын дәлел. Тіл арқылы ғана біз халықтың мәдениетін, дүниетанымын танимыз.
Ал мәдениет - сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың рухани кұндылығын қамтитын, ұлттық дүниетанымынан хабардар ететін сананың жиынтығы. Мәдениет дегеніміз - қоғамдағы жинақталған және жинақталатын материалдық және рухани құндылықтардың қоры. Ол үнемі тарихи даму үстінде болып, адамның жеке тұлға болып қалыптасуына белгілі ықпалын тигізеді.
Бұрынғы замандардан бері қалыптасқан өмір салты, материалдық және рухани мұралар жасау машығы - сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының куәсі іспеттес. Яғни халықтың ғасырлар қойнауынан бастау алатын тек-тамыры, мәдени-рухани болмысы жалпы адамзаттық тарихтың, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады, сонымен бірге бүгінгі және болашақтағы сан тарау әлеуметтік, мәдени болмысының бой көтерер биік тұғыры да. Ұлттың мәдени-рухани әлемі мейлінше кең ұғым, өмірдің барлық саласымен сабақтас. Ф. Бэкон, Р. Декарт, Г. Лейбниц философияларында тіл философиясы ерекше орын алған. Декарт тілдің басты өзіндік ерекшелігі ретінде сөздің ақпараттығын, олардың гносеологиялық мағыналылығын қарастырады. Лейбниц қандай да бір ой сөз арқылы байланысады, сөз - ойлау құралы, біздің ойымызды тарататын құрал деп пайымдайды. Гоббс тілдің сөздік қоры адамның санасында, санада жинақталған ұғымдар мен ойлардан келіп сөз шығатынын дәлелдейді.
Қазіргі заманда мәдениетті тілмен байланыстыра қарастырған мәдениеттану ілімінің коғамдағы орны мен рөлін хабардар ететін әдебиеттер жеткілікті. Ең алдымен «мәдениет» дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру үшін осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегін сөз етелік. «Мәдениет» сөзі араб тілінде «мудун» - «қала» мағынасын беретін болса, ал «медәни» сөзі «қала тұрғыны» деген мағынаны білдірген. Осыдан келіп «мәдениет» сөзі шыққан [4, 76б. ] . Ал латынша «сиішге» сөзі ежелгі заманда «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру», уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде «білім беру», «даму», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастайды [5, 66б. ] .
Мәдениет өте ертеде пайда болғанмен, бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған құндылық. Оның тарихы тереңге кеткен сайын, құны жоғарылай түспек. Мәдениет терминінің көп мәнді, алуан мағыналы екені соншалық, бүкіл дүниені қойнына сыйдырған ұғымнан бастап, адам баласынып бойындағы қасиетке дейін қамтитын алуан түрлі тұжырымдарды білдіреді. Мәселен, «мәдениет» дегеніміз рухани құндылықтарды өндіру, сақтау, бөлу және қолданудан тұратын шындық болмысты рухани меңгеру жүйесі болса, [6, 78б. ], батыс мәдениетін зерттеуші Тхорик В. И. : «Мәдениет - бұл біртұтас кешен, мұны білім, сенім, өнер, құқық, әдет-ғұрыптар және басқа да адам қоғамындағылар құрайды» [6, 209б. ], - деп пайымдайды. Мәдениет дегеніміз - адам әлемі, себебі мәдениетті тудырушы, тұтынушы адам. Адамсыз, адам қоғамынсыз мәдениетті елестету мүмкін емес. Небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани-шығармашылық маңызының зор екендігі анық. Сондықтан болар мәдениеттің коғамдағы орны мен рөлі жөнінде ғылыми әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар берілген.
Ю. М. Лотман мәдениетке: «мәдениет дегеніміз - адамдар арасындағы немесе сондай бір топ арасындағы қарым-катынастың бір түрі . . . Мәдениет, біріншіден, коммуникациялық екіншіден, символдық табиғатқа ие» [7, 56б. ], -деген пікірін білдірсе, белгілі ғалым Э. Бенвенист оның ойын сабақтастыра мәдениет туралы былай түйіндейді: «Өркениеттің даму деңгейі қандай болмасын мәдениет адамзат қоғамынан бөлінбейді. Әрбір тіл сияқты, әрбір мәдениет те арнайы символдар аппаратын қолданады және де осы арқылы сәйкес қоғам танылады. Тілдер түрлілігі, мәдениеттер түрлілігі, олардың өзгерістері символизмнің конвенционалдық сипатын көрсетеді. Символизм оларға түр береді. Негізінде осы символ адам, тіл және мәдениет арасындағы тікелей байланысты іске асырады» [8, 32б. ] .
Сөйтіп мәдениетті ұжымдық тұлға сияқты нақты этноспен байланысты танымдық жүйе деп түсінуге болады.
Бұдан басқа американдык антропологтар А. Л. Кребер мен К. Клакхан "мәдениет" терминінің 164 нұсқасын ұсынса, М. С. Каган 70-ке жуық анықтамасын көрсетеді [9, 114б. ] .
Әрине, уақыт өткен сайын ғылымның дамуына сәйкес бұл көрсеткіштердің саны артатыны да анық, өйткені қоғамдық өмірді әр қырынан жан-жақты сипаттауда мәдениеттің алатын орны ерекше. Дәл қазіргі уақытта бұл ұғымның саны 600-ге жеткенін мамандар дәлелдеп отыр.
Қазақ тіл білімінде Г. Н. Смағұлова өз еңбегінде: «Мәдениет» сөзіне 200 астам ғылыми анықтама берілгенін атап өтеді. Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы - ұлттық өркениет заманында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылуымен сипатталады. Мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттың өзіндік бітім-болмысын, қадір-қасиетін, басқалардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ, менталитетіне қарап ажыратады [10, 152-153б. ], - деген пікірі құптарлық. Кез-келген адам белгілі ұлт өкілін танытады. Ал әрбір ұлттың тарихы мен мәдениеті өзіндік дастан, қайталанбас қасиеттердің жиынтығы болып табылады. Ендеше бүгінгі заманда ұлт мәселесі төңірегіндегі әлеуметтік, саяси т. б. өмірлерінің негіздері, мәдениеті мен рухани жағдайлары хақындағы мәселелер көптеген мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың пікір тоғыстыратын өрісіне айналуда.
Дәстүрлі мәдениет - ежелден пайда болып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, бірақ өзгерістерге ұшырағанымен, сол халықтың дүниетанымдық бастаулары мен басты құндылықтарының көзіне айналып, оның өмір сүруінің салттары мен бағыттарын, тәсілдері мен жолдарын реттеуші. Г. С. Кнабенің: «Мәдениет - адам жұне қоғам өмірі, ол өзіндік бейнесі бар жүйе» [1, 37б. ], -деген пайымы негізсіз емес. Қазіргі қазақтың ұлттық мәдениетінің ерекшелігі мен мәнін қазақтардың ғасырларға жалғасқан көшпенділік өмір салтынан іздеуге тиіспіз. Ал көшпенділік өмір салты туралы сөз қозғалғанда ежелден келе жатқан дәстүрлі мәдениетке сүйенеміз. Екеуі бір-бірінен ажырамас байланыстағы біртұтас үдеріс. Олай болатын болса, дәстүрлі мәдениет қазіргі өмір салтымызбен тығыз байланыстағы қазіргі мәдениеттің темірқазығы, негізгі көзі. Өйткені қазіргі элемдік өркениеттің көкжиегінен бірде-бір халықты, қоғамды, мемлекетті мәдениеттен тыс көзге елестету қиын. Адамзат баласының мыңдаған жылдық рухани сабақтастығының және саналылығының ең басты көрсеткіші - оның мәдениеті. Мәдениет жоқ жерде мәдениетсіздік, көргенсіздік, қасиетсіздік белең алатыны белгілі. Себебі бұл жерде «мәдениет» ұғымының ауқымы өте кең, керек десеңіз, оған рухани түсініктер ғана емес, адамзат қолымен жаратқан заттай айғақтар да кіреді. Осыдан болар мәдениетті материалдық және рухани деп жіктеу орын алып келеді. Бұлай саралауда шарттылықтар болуы мүмкін. Бірақ қалай болған күнде де кез келген мәдени құбылыс рухани ұғым мен заттай айғақ бірлігінің көрінісі. Материалдық мәдениет белгілі бір идеяның жүзеге асуы, білімнің заттай белгіге айналуы болса, рухани мәдениет, көбінесе, символдар мен заттар арқылы көрініс табады. Түптеп келгенде, адамдардың шығармашылық қабілеті алдымен ой-қиялында туындап, артынан белгі мен заттай көріністерге ұласады. Сондықтан да мәдениет - толық және тұжырымды анықтама беруге көне бермейтін абстракциялық ұғым. Оның алуан түрлі анықтамаларға ие болуы да содан.
Мәдениет туралы танымды едәуір алға оздырған ғалымдардың бірі -американдық мәдениеттанушы Л. Уайт. Ол мәдениетті біртұтас жүйе ретінде қарап, оның ішінен үш саланы тартады. Бірінші, типологиялық сала. Яғни материалдық игіліктер мен оны жасайтын кұралдар арқылы адам мен адам, адам мен табиғат араласқа түседі. Екінші, әлеуметтік сала. Мүнда адамдар арасындағы қарым-қатынастардан өзінен-өзі туыстық, экономикалык, саяси, этникалық, әскери, кәсіби т. б. қасиеттер қалыптасады. Үшінші, идеологиялық сала. Бұған идея, діни сенім, білім нысанның түрлері, мифология, ғылым, халық даналығы т. б. жатады [11, 65б. ] .
Мәдениет - адам баласының қоршаған ортасы. Ол үйде де, түзде де адамдардың іс-әрекетінің, жүріс-тұрыстарының, сөйлеген сөздері мен тындырған істерінің айнасы. Сондықтан да ұлттық мәдениеттің болмыс-бітімі ұлттық рухпен біте қайнасып, бірге қалыптасады. Рухы күшті ұлттың мәдениеті де өзгеше. Мәдениеттің өзегі, оның өзіндік даму дәрежесінің көрсеткіші болып табылатын дәстүр мен жаңашылдықтың сипаты, сырт әсерге берілгіштігі де мұндай рухы күшті ұлттардың мәдениеттерінде тіршілікке лайықты үйлесімін тапқан.
«Мәдениет» сөзі ғылыми термин ретінде ХVПІ ғ. екінші жартысында қолданыла бастады. Оның алғашқы анықтамасы Э. Тэйлордың ғылыми еңбегінде қолданылып, «мәдениет» - адам баласы иеленген білім, наным, өнер, заң, мораль, әдет-ғұрып т. б. мүмкіншіліктері мен дағдылар жиынтығы ретінде қарастырылады. Мәдениеттанушылар «мәдениет» ұғымын түсініп, айқындауда мынадай тәсілдерді атап көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz