Адам болмысының көптігі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Адам болмысының көптігі

Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды. [1; 233 б. ]

Өкінішке орай, адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан оның шығу тегі де, Жердегі өмірдің қай кезде пайда болғаны да қазіргі ғылым үшін жұмбақ күйінде қалып отырғанын мойындауға мәжбүрміз. Адам қалыптасуының алғы тарихын түсіндіріп беруге қабілетті, теріске шығармайтындай айғақтар және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай отыр. Адам туралы бар көзқарастар негізінен болжамдар мен ұсыныстарға ғана сүйенеді. Бұған тандануға болмайды, өйткені әлем туралы қазіргі ғылыми көзқарастар бұдан 300400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл адамзаттың көп ғасырлық тарихындағы аз ғана мезет. Алайда, осыған қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық деңгейде үлкен сенімге ие бола отырып, дұрыс бағыт сілтейді. [1; 233 б. ]

Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды. [1; 233 б. ]

Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізеді.

Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде «аспан» концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясы негізін аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үдерісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың мақсаты Конфуций концепциясында сай «идеалды адам», «қайырымды ер» (цзюнь-цзы) деңгейіне жету болып табылады. «Цзюнь-цзыға» жақындау үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі «өзіңе қаламағанды өзгеге жасама» деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы (адамшылық, гумандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Келтірілген ереже адамгершілік императив ретінде кейінірек әр түрлі нұсқаларда Ежелгі Грекиядағы «жеті данышпан» ілімдерінде, Інжілде, Кантта кездеседі. Конфуций сяо (кішінің инабаттылығы және ата-анаға, үлкенге деген құрмет) принципіне де ерекше көңіл бөледі. Ол өзге жақсы қасиеттер негізі және «үлкен отбасы» ретінде қарастырылатын елді басқарудың тиімді әдісі болып табылады. [1; 234 б. ]

Конфуций және оның ізбасарлары ілімімен қатар ертеқытай философиясындағы келесі бір бағыт даосизмді де атап өтуге болады. Оның негізін қалаушы Лао-цзы саналады. Даосизмнің түпкі идеясы дао туралы ілім болып табылады. Дао бұл жекелеген адамның қылығы және ойлауымен қатар, қоғамның, табиғаттың көзге көрінбейтін, барлығын қамтитын заңы. Адам өз өмірінде дао принципіне сүйенуі керек, яғни оның іс-әрекеті мен қылығы Ғаламның және адамның табиғатымен үйлесуі керек. Дао принципін сақтау толық азаттыққа, бақыт пен игілікке жеткізеді, ал егер оны сақтамаса, өлім мен сәтсіздікке ұрынады.

Ғаламды да, индивидті де жасанды жолмен тәртіп пен үйлесімділікке әкелуге болмайды, ол үшін әркімнің еркіндігі мен жаратылысынан бар ішкі қасиеттерін дамыту қажет. Сондықтан да данышпан билеуші дао жолымен жүре отырып, елді басқару үшін ешнәрсе істемейді (қылық жасамау принципін ұстанады) ; сонда ғана ол және оның мүшелері тыныштық пен үйлесімділік жағдайында болады. Даода барлық заттар бір-бірімен тең және барлығы да біртұтастыққа бірігеді: Ғалам мен индивид, ерікті мен құл, тұрпайы мен әдемі. Дао жолымен жүретін данышпан барлығына бірдей қатынас жасайды және өмір туралы да, өлім туралы да қайғырмайды, оның өткіншілігін түсінеді. [1; 235 б. ]

Ежелгі Шығыстың адам философиясын сипаттай отырып, оның маңызды бөлігі жеке тұлғаның әлеуметтік әлемге де, табиғи әлемге де бірдей өте құрметті және гуманды қатынас жасайтын бағдары екендігін атап өтуге болады. Сонымен бірге бұл философиялық дәстүр адамның ішкі әлемін жетілдіруге бағытталған. Қоғамдық өмірді, тәртіпті, әдет-ғұрыпты, басқаруды және т. б. жақсарту сыртқы әлем мен жағдайлардың өзгеруімен емес, ең алдымен индивидтің өзгеруімен, оның қоғамға бейімделуімен байланыстырылады. Адам өзін жетілдіру жолын өзі анықтайды және өзінің құдайы мен құтқарушысы болып табылады. Ежелгі Шығыстың адам философиясы және буддизм, конфуцийшілдік, даосизм сияқты дүниетанымдық ағымдар адам туралы ілімнің кейінгі дамуына, сонымен қатар Шығыс елдерінің дәстүрлері мен мәдени үлгілеріне, ойлау тәсілі мен өмір сүру тәртібі қалыптасуына орасан зор ықпалын тигізді. [1; 235 б. ]

Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи және әлеуметтік ортасымен, көршілерімен, полиспен, жанды және жансыз заттармен, жануарлармен, құдайлармен бірге ол біртұтас, ажырамас әлемде өмір сүреді. Ғарыш түсінігінің өзі мұнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тірі ағза ретінде, макрокосмос бейнесі микрокосм ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде пайымдалады. Гилозоизм позициясының, яғни тірі мен өлі арасындағы шекараны теріске шығарып, универсумның жалпы жандылығын мойындайтын позицияны ұстаған милет мектебі өкілдерінің көзқарастары дәл осындай еді. [1; 235 б. ]

Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. Ол «игілік білім» деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді. Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Және бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз адамгершілігіңнің мәнін ұғынуға бағытталады. [1; 236 б. ]

Демокрит адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Демокрит бойынша, адам табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады. Оның айтуынша өмірдің мақсаты бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес. Бақыт бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл-күйде болуы. Оның маңызды алғышарты ақыл-ой. Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тән антропологиялық дуализмі позициясын ұстанады. Бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ал тәң оған қарсы материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты және әлеуметтік статусы жанның сапасына тәуелді. Адам жаны үнемі идеялардың трансцендентті әлеміне тартылады, ол мәңгі, ал денеге өлім тән. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және жан мен тәннің қарама-қарсылығында. [1; 236 б. ]

Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Және адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарлардан да, «адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден» де, «жоғары адамнан» да ерекшелендіреді. Сондықтан да ол былай деп жазады: «егер кімде-кім өзіне-өзін жеткілікті санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабілетті болмай, оған деген қажеттілікті де сезінбесе, онда ол мемлекет элементін құрамайтын не жануар, не құдай болғаны». Адамның тағы бір ерекше белгісі оның ақылдылығы, «адам бұл ең алдымен ақыл-ой». Сонымен, Аристотельдің пікірінше, адам ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтік пен ақылдылық оны жануардан айрықшаландыратын екі негізгі сипаттамасы. Аристотель адамның әрекеттік мәні туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келеді. Оның ойынша адамның игілікті ісі әрекеттен көрінеді және онда тұлғаның өзін-өзі көрсетуінің бірден-бір мүмкіндігі берілген. Қоғам мен тұлғаның арақатынасында Аристотель индивидтен гөрі әлеуметтік тұтастықтың басымдылығын мойындайды. Алайда ол жеке меншікті жақтай отырып, экономикалық индивидуализмді қолдайды және ең алдымен «өзіңді-өзің көбірек сүю керек» дей отырып, этикалық индивидуализмді жақтайды. Бұл жерде біз ақылды эгоизм концепциясымен кездесеміз. [1; 237 б. ]

Ертегрек философиялық антропологиясы да Ежелгі Шығыс философиясы сияқты мифология мен дін таңбасын өзімен бірге ала жүреді және олармен тікелей сұхбаттаса дамиды. Бірақ Ежелгі Грекиядағы адам философиясы өз мектептеріне, бағыттары мен позицияларына қарай әр түрлі болып келеді. Оның шығыстық философиядан басты ерекшілігінің бірі, мұнда адамның әлемге қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсенді позиция ұстанылады. Оның үстіне, шығысқа қарағанда, батыстың философиялық антропологизмінде рационализм принципі басым. [1; 237 б. ]

Ортағасырларда адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Ал ол туралы көзқарас христиан дінінде көрсетілгендей, адам «құдайдың бейнесі және соған ұқсастығы» түсінігіне саяды. Әлеуметтік тұрғыда ортағасырларда адам құдіретті тәртіптің бей-жай қатысушысы деп жарияланды және құдайға қатынасында ол төмен әрі бейшара жан болып табылады Ортағасырлық христиандық философияның көрнекті өкілі Аврелий Августиннің пікірінше, адам бір-біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама-қайшылығы. Алайда, тек жан ғана адамды адам ете алады. Бұл оның жеке иммоненттік субстанциясы. Августиннің бұл мәселеге қосқан жаңалығы адами тұлғаның дамуы. Августинмен салыстырғанда Фома Аквинский адам туралы христиандық ілімді негіздеуде Аристотель философиясын пайдаланады. Адам бұл жануарлар мен періштелер арасындағы жан. Ол жан мен тәннің тұтастығын білдіреді, бірақ жан «тәннің қозғаушысы» және адамның мәнін анықтайды. Егер Августин үшін жан тәнге тәуелсіз және адаммен бірге болса, ал Фома Аквинский үшін адам екеуінің де тұлғалық тұтастығы болып табылады. Жан материалды емес субстанция, бірақ өзінің толық болмысын тек тән арқылы ғана көрсете алады. [1; 2337б. ]

Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Егер ортағасырлардың діни философиясы адам мәселесін мистикалық тұрғыда шешсе, ал Жаңғыру дәуірінің философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнәкарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бақытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысын бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән. [1; 237 б. ]

Бұл дәуірдің философиялық антропологиясында жеке мүдде үстемдігі мен туындап келе жатқан капиталистік қоғамдық қатынастарға байланысты жақындай бастаған индивидуализм, эгоизм және утилитаризм қадамдары байқалады. Жеке мүдде үстемдігінің адам туралы көзқарасқа әсері Т. Гоббс концепциясынан білінеді. Аристотельге керісінше, ол табиғаты жағынан адам қоғамдық жан емес деп есептейді. Керісінше, «адам адамға қасқыр», ал «барлығының барлығына қарсы соғысы» қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Оның методологиялық индивидуализмі мен номинализмі әлеуметтік және этикалық индивидуализммен тығыз байланысты. [1; 238 б. ]

Алайда жаңаеуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт болып есептеледі. Оның ойынша адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болып табылады және ол мынадай негіздеуші тезистен келіп шығады: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін». Оның үстіне бұл философта жан мен тәннің екеуін екі түрлі сападағы субстанция ретінде қарастыратын антропологиялық дуализмді аңғаруға болады. Декарттың ойынша, дене өзіндік машина болып табылады, сана оған әсер етеді және өз кезегінде оның ықпалын да қабылдайды. Бұл адамды машина ретінде қарастырған механистік көзқарас Жаңа заман философиясына кеңінен таралды. Ж. Ламетридің «Адам машина» деп аталатын жұмысында механистік материализм көзқарасы негізделеді. Ол бойынша, тек біртұтас материалдық субстанция ғана өмір сүреді, ал адам ағзасы сағат тетігі тәрізді дербес оталатын машина[1; 238 б. ]

Мұндай көзқарас XVIII ғасырдағы француз материалистеріне (Гольбах, Гельвеций, Дидро) де тән. Олардың философиялық антропологиясының өзгеше ерекшелігі адамды табиғат заңдарымен детерминацияланған оның өнімі ретінде қарастыру.

И. Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, бірақ оның дуализмі жан мен тән дуализмі емес, адамгершілік-табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Бірақ Кант адамның адамгершілік әрекетіне басым рөлді береді. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық, практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айқындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив кезкелген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандай да бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап. [1; 239 б. ]

Өз ілімінде Кант сана мен бейсаналық мәселелерін де қозғаиды. Ол адамда ақылмен бақыланбайтын «қараңғы елестердің» бар екенін айтады. Және бұл танылмаған елестер саласы сана саласынан әлдеқайда көбірек. Осылайша Канттың философиялық антропологиясы Фрейдтен көп уақыт бұрын адамдағы саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл жағдайда, егер Фрейд бойынша ләззат алу принципі биологиялық қажеттіліктерді өтеумен байланысты болса, ал Кант үшін «жұмыс өмірмен шаттанудың жақсы тәсілі». Адам көп жасаған сайын көп нәрсе тындырды, өмірі неғұрлым әрекетке толы болған сайын, өмірден көп ләззат алды. [1; 239 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыс формалары
Онтология мәселелері
Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары
ХХ ғ Батыс философиясы
ХХ ғ. батыс философиясының бағыттары
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Қазіргі заман философиясы туралы
Әлеуметтік үміттер, адамның ұмтылыс деңгейі және олардың нақты мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz