Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... 2
Сандық білім беру ресурсы туралы жалпы түсінік, зерттеулер ... ... ... ..
2.1 Сандық білім беру ресурстарын биология сабақтарында қолданудың
тиімділігі ... ... .
2.2 12 жылдық білім беруге көшуде сандық білім беру ресурстарын қалыптастырудың маңызы
2.3 Жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы ...
2.4 Электрондық оқыту жүйесі ... ..
3. Bandicam бағдарламасы бойынша зерттеу бөлімі
3.1 Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып адам анатомиясы пәнін дыбыстық жазба арқылы түсіндіру ... ..
3.2 Зерттеулер нысаны, әдістемесі және зерттеулер нәтижелері ... ... ... ... .
3.3 Жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... .
Пайдаланылған әдебиеттер

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» Жолдауында ма¬ңызды мәселелер көп¬теп кө¬терілді. Жол¬да󬬬дың әр бөлімінде нақ¬ты бағыттар мен ай¬қын мақсаттар көрі¬ніп тұр. Бұған дейін «Қазақ¬¬стан-2050» Стра¬тегия¬сы қабылданғаны мә¬лім. Онда әлемдегі ең дамыған 30 елдің қата¬рына қосылу басты мақсат етіп қойылған. Ал осы Жолдауда сол мақсатқа жетудің жолдары мен механизмдері, түрлі иірімдері мен тетіктері көрсетілген. Себебі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу өте қиын әрі асқан жауапкершілікпен еңбек етуді талап ететін міндет.
Жолдауда Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идеясын көтерді. Онда Мәңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз керек. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды Мәңгілік Ел идеясына жұмылдыруымыз қажет.

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010. 6-б
2. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
3. Халықова Г.З., Сыдықова М. Бағдарлы оқыту жағдайында «ActionScript» тілін оқытудың ерекшеліктері// Журнал «Ізденіс», ҚР БҒМ халықаралық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан жоғары мектебінің қосымшасы», №2(1) /2011.
4. Халықова Г.З., Бөрібаев Ж. Мacromedіa Flash технологиясында электрондық оқулық жасау әдісі//«Кредиттік оқыту технология шартына сәйкес болашақ мамандардың кәсіптік құзырлығын қалыптастыру: тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты ІІ халықаралық ғыл. Прак. конф. мат. 22-24 сәуір 2010 ж. 328-332 бб. том 2.
5. Халықова Г.З. Болашақ информатика мұғалімдерін өзіндік іс-әрекет жүйесінде кәсіби даярлау моделі// Абай ат. ҚазҰПУ хабаршысы. №4 (28 ), 2009. -191-196 бб.
6. Халықова Г.З. , Шорникова О. , Ануарбекова Г. "Реализация принципов проектирования в учебном процессе как условие подготовки студентов"// Материали за VII международна научна практична конференция «Ключови въпроси в свъеременната наука – 2011. 17-27 април 2011 г. Том 25. Педагогически науки. София «Бял ГРАД-БГ» ООД 2011.
7. Кукушкин В. С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия “ Учение с увлечением”). – Ростов н/Д: изд-во “Феникс”, 2004. - 384 с.
8. Подласый И. П. Педагогика начальной школы: Учебное пособие . - М. : Гуманит. Изд. центр ВЛАДОС, 2000. - 400 с.
9. Ш. Т. Таубаева, С. Н. Лактионова Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования. - Алматы, Научно-издательский центр “Ғылым”, 2001 г. , 296 с.
10. Компьютерлік оқыту программаларын қолдану. Информатика-физика-математика журналы. №3. Алматы, 2000. –Б. 10-13.
11. Жалпы білім беретін оқу орындарында информатика курсын оқытудың мақсаттары мен міндеттері туралы. Материалы II меж. научно-метод конференций Матем. моделидов. информ. технологии в образовании и науке» (ММИТОН) II-том. -Алматы, 2003. –Б. 389-392. (М. П. Лапчик, Е. Ы. Бидайбековтермен бірлестікте)
12. Информатикалық пәндерді оқытудың педагогикалық технологиясы. Қазақстан мектебі. К. М. Беркінбаевпен бірлестікте. №11. -Алматы, 2006. –Б. 33-35.
13. Оқытудың ақпараттық технологиялары негізінде нновациялы-бағдарлы білім берудің әдістемелік қағидалары. -Алматы, 2001.
14. Модульдік оқыту технологиясын электронды оқу- әдістемелік кешен жасауда қолдану. «Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрларды даярлау» Респуб. ғылыми-прак. конференция. Б. Баймұхановпен бірлестікте. -Семей, 2007. –Б. 421-424.
15. Ақпараттық-компьютерлік білім беру орталарына бағдарлап оқыту. «Парасатты экономика» негіздерін қалыптастырудағы білім беру мекемелерінің рөлі мен міндеттері. Респуб. ғыл. -тәжіриб. конф. Ұ.А.Момбиевамен бірлестікте. - Шымкент, 2007. –Б. 92-95.
16. Компьютерлік оқу-әдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптері. Хабаршы. -№2(18). Б. Баймұхановпен бірлестікте. Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007.
17. Студенттерді ақпараттық-компьютерлік білім беру орталарына бағдарлап оқытудың педагогикалық негіздері. Хабаршы. -№4(20). Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. -Б. 156-159.
18. Краткий словарь иностранных слов // под. ред. О. П. Марасанова. М. , 1993. 318-б
19. Советский энциклопедический словарь// М. , Издательство «Советская энциклопедия», 1984. 613-б
20. Ожегов С. И., Шведова Н. Ю., Макаренко А. С. «Толковый словарь русского языка» // М. , 2004. 288-б
21. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
22. Шишов С. Е. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б
23. Хуторской В. А. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2, 2003. 58-94-б
24. Тұрғынбаева Б. А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. : теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
25. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б
26. Роберт И.В. Информатизация образования (педагогико-эргономический аспект). – М. : РАО, 2002.
27. Сибагатова Г.К. Образовательные технологии в практической деятельности студентов вузов. Дисс. . . к. п. н. : 15. 01. 04. – Атырау, 2004.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының
рөлі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011300-Биология мамандығы бойынша
Түркістан 2015

Қорғауға жіберілді
Биология кафедрасының
меңгерушісі
_______________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Адам антомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру
технологияларының рөлі
5В011300-Биология мамандығы бойынша
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 Сандық білім беру ресурсы
туралы жалпы түсінік, зерттеулер ... ... ... ..
2.1 Сандық білім беру ресурстарын биология сабақтарында қолданудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 12 жылдық білім беруге көшуде сандық білім беру ресурстарын
қалыптастырудың маңызы
2.3 Жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Электрондық оқыту
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
3. Bandicam бағдарламасы бойынша зерттеу бөлімі
3.1 Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып адам анатомиясы пәнін дыбыстық
жазба арқылы
түсіндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
3.2 Зерттеулер нысаны, әдістемесі және зерттеулер нәтижелері
... ... ... ... .
3.3 Жаңа педагогикалық технологияны ендіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Елбасының Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат.
Бір мүдде. Бір болашақ Жолдауында маңызды мәселелер көптеп көтерілді.
Жолдаудың әр бөлімінде нақты бағыттар мен айқын мақсаттар көрініп тұр.
Бұған дейін Қазақстан-2050 Стратегиясы қабылданғаны мәлім. Онда әлемдегі
ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу басты мақсат етіп қойылған. Ал осы
Жолдауда сол мақсатқа жетудің жолдары мен механизмдері, түрлі иірімдері мен
тетіктері көрсетілген. Себебі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу өте қиын
әрі асқан жауапкершілікпен еңбек етуді талап ететін міндет.
Жолдауда Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идеясын көтерді. Онда Мәңгілік
Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің
болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып
қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан
былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз
керек. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды Мәңгілік Ел идеясына
жұмылдыруымыз қажет. Негізі, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі
басты мақсатымыз – Мәңгілік Ел құру болатын. Мемлекет басшысы бұл
Жолдауында ол мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін
белгілеп берді. Енді Үкімет пен Парламент палаталары, сондай-ақ, басқа да
қоғамдық ұйымдардың бәрі осы Мәңгілік Ел идеясының қасынан табылып, кемел
келешек жолына жұмылуы керек. Осы орайда бұл идеяны іске асыруда, оқушылар
жүрегіне жарқын болашағымызға деген зор сенім мен елімізге деген шексіз
сүйіспеншілік орнатуда білім ордаларының маңызы үлкен, жауапкершілігі
жоғары екенін біздер ұстаздар қауымы сезініп отырмыз.
21 ғасырдағы дамыған ел дегеніміз: белсенді, білімді және денсаулығы
мықты азаматтар екені даусыз. Ол үшін бірегей білім беру жүйесі мен
денсаулық саласының жұмысын жақсарту қажет. Осы орайда замануи
бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну аса қажет
екеніне көз жеткізген Елбасымыздың жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек деген
ойы, біріншіден, біздерге, Зияткерлік мектептерге, сондай-ақ біздердің
жеткен жетістіктерімізге деген зор сенім, екіншіден, үлкен талап екенін
түсініп отырмыз. Себебі біздерде Зияткерлік мектептерде жинақталған озық
ойлар мен тәжірибені еліміздің мектептеріне тарату жүгі тұр.
Елбасы жыл сайынғы жолдауын негізінен жастарға арнайды. Себебін осы
жолғы жолдауда Оны (Қазақстан – 2050 стратегиясын) жүзеге асыратын да,
жемісін көретін де сіздер деп түсіндіріп кеткен болатын. Жастар арасындағы
патриоттық сезімді қалыптастырудың бірден-бір жолы – мемлекеттік тіл екені
белгілі. Жолдауда Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл
болды! деген Президент сөзі көңілімізге қуаныш ұялатты. Қазақстанның
болашағын тәрбиелеп отырған біз, ұстаздар, Елбасының айтқандарын назарға
ала отырып, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Назарбаев Зияткерлік
мектептерінде барлық қажетті жағдайлар жасалып отыр.
Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Қазақстан-2050 - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол,
- деп қорытындылады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Біз осыған кәміл сенеміз
және де еліміздің өсіп-өркендеуіне бар күш жігерімізді саламыз.
Зерттеудің мақсаты:
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесінің,
технологияларының рөлін, маңызын түсіндіру және Bandicam бағдарламасын
пайдалана отырып жұмыс жасау ережесімен танысу және биологтар үшін
қолданып оның әсерін бақылап зерттеу.
Зертеудің міндеттері:
- Сандық білім беру технологияларының рөлі, пайда болу себептері және оның
биологтар үшін маңызына сипаттама беру;
- Bandicam бағдарламасын пайдалану;
- Биологтар үшінBandicam бағдарламасының тиімділігін анықтау;
- Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып Адам анатомиясы пәнін дыбыстық
жазба арқылы түсіндіру
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Сандық білім беру жүйесін пайдалана отырып
сабақ өту әдісі болашақ жас ұрпаққа тиімді білім беру көзі екеніне көз
жеткіздік.
• Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып түсіндірілді.
• Сандық білім беру ресурстарын әзірлеуде алдыңғы қатарлы мультимедиялық
технологиялар қолданылады.
• Сандық білім беру ресурстары әзірлеудің алдыңғы қатарлы халықаралық
және отандық тәжірибесін қамтиды.
• Мұғалімдер сандық білім беру ресурстарын оқу процесіндегі басты немесе
қосалқы ресурс ретінде пайдаланады.
• Барлық сандық білім беру ресурстары халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сәйкес келеді.
• Оқушылар сандық білім беру ресурстарын сабақтарға өз бетінше дайындық
барысында және білімдерін бекіту үшін қолданады.
• Сандық білім беру ресурстарын әзірлеу платформааралық құру
технологияларын қамтиды.
Сандық білім беру жүйесін пайдалана отырып түсіндіру әдісі
студенттердің ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдірілді Адам анатомиясын
Bandicam программасының әсерінен биологтардың білімге ұшқырлығы, білім
сапасы, оқу үдерісінің деңгейі белсенді түрде жоғарылады және студенттер
үшін ыңғайлы әрі тиімді болғаны анықталды.
Практикалық маңызы: Адам анатомиясын пәнін оқыту үдерісінде сандық
білім беру жүйесін пайдалана отырып қолданатын болсақ және оны дамыта
түссек болашақта зор жетістіктерге жете аламыз. Өйткені сандық білім беру
арқылы студенттердің ойы, сана сезімі дамып, жетіледі, барлығы үшін тиімді
болып табылады. Сандық білім беру технологияларын пайдалану студенттердің
оқуға қабілеттілігін және білім сапасына жоғарлауын қамтамасыз ететіні
белгілі.
Диплом жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Әдебиетке шолу
2 Сандық білім беру ресурсы туралы түсінік, зерттеулер
Сандық білім ресурстары – қолданушының сәйкес ережелерді сақтай отырып,
бiлiм беру мақсатында қолдану үшiн жергiлiктi компьютерге жүктей алатын
барлық ақпараттар (мәтiндер, графика, мультимедиа) жиынтығы және бұл
заманауи оқудың мақсат міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, сандық,
тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат
көзі.
Сандық білім беру ресурсы - әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін
тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді.
Сенсеңіз, бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті
дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер атсалысады. Сондықтан бұл
командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім
беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды
жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды. Мәселен,
мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе,
мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру
мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу
орнының студенті ғылыми - әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады.
Міне , мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді
электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде?Ең
алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы
электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды
орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді,
интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы
тест сұрақтарына жауап береді. Мойындаңызшы, үш пен екіге оқығысы келетін
оқушы жоқ, барлық оқушылар жақсы оқығысы келеді. Тек оқушыға мүмкіндік
берілуі тиіс. Қазақстанда оқушының толыққанды білім алуына барлық жағдай
жасалуда.
Сандық білім беру ресурстары заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне
айналды. Осыған байланысты, біздің орталық 1-12 сыныптардағы оқытуды
сүйемелдеу үшін келесі сандық білім беру ресурстарын құру, бейімдеу және
сатып алу бойынша жобаларды жүзеге асырады:
— интерактивті мультимедиялық оқулықтар
— симуляторлар мен жаттығу құрылғылары
— 3Д роликтер мен видеолар
— виртуалды турлар мен зертханалар
— үйрететін және дамытпалы ойындар мен қосымшалар
Сандық білім беру ресурстарын әзірлеу дербес және халықаралық
серіктестер көмегім ен жүзеге асырылады.
Сандық білім беру ресурстары білім берудің бағдарламасының құралы
ретінде қандай қызмет атқарады?Дәстүрлі қолданылып жүрген оқыту
бағдарламаларынан бұның артықшылығы неде?
Аппликациялар, графопроекторлар арқылы демонстрациялау, тірі
табиғаттағы процестерді сипаттауда кино және видеофрагменттердің де
атқаратын қызметі зор. Тірі биологиялық объектілерге де бақылаулар жүргізу
биология сабақтарының маңызды деп есептелсе де, қазіргі кезде оқушылар мен
мұғалімдер сабақтағы дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында
компьютердің виртуалды кеңістігін пайдалануға мүмкіндік туды.
Биология сабақтарында тірі ағзалардағы биологиялық процестерді көрнекі
құралдарсыз, саусақ қимылымен түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан мұғалім оқу
процесін ұйымдастыруда тиімді оқытудың техникалық құралдарын таңдауы тиіс.
Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың
ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін
көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді [8].
Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық,
видео, фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің
жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск,
т. б. ), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т. б.) электронды
тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.
Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары
(пособие)) –білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге
негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру
траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін
электронды басылым.
Электронды оқулық – оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан
тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде
қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және
лабораториялық практикумдардың қасиеттерін қамтыған, мемлекеттік
органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы (пособие) – толық және жартылай электронды
оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты
бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мемлекеттік жалпы білім
беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша
жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас
конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын
жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, анықтама-
энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажерлар) саналады.
Сандық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған презентациялар,
сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен
білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті
кешен.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін
тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық
ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті
ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша
дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-
есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы
көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
Сандық білім беру кешендерінің мазмұны:
• Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден
үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиалық
құрылымдар, мультимедиалық презентациялар.
• Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы и иллюстрациялық
суреттер, дыбыстық объектілер.
• Виртуалды зертханалар: интерактивті модельдер, интерактивті
анимациялар, виртуалды зертхана;
• Анықтамалық материалдар: графиктер и диаграммалар, ғалымдардың
өмірдеректері, аннотациялы Интернет–сілтемелер.
• Терминдер, анықтамалар сөздігі.
• Аттестация: зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар мен тапсырмалар,
есептеулер.
Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптар
• Оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнына сай болуы;
• Оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және
мультимедиалық тұрғыдан қамтамасыз етуі;
• Оқушылардың жеке және жас ерекшелігіне сай, оқытуды саралау және
даралау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
• Оқушылардың осы пән бойынша алған білік-дағдылары негізінде
проблемаларды шешуде өмірлік тәжірибе қалыптастырға бағытталған оқыту
түрлерін ұсыну;
• Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастыру;
• Шынайы мәліметтерге сүйену;
• Оқулықтың сәйкес бөлімдерінің көлемін ұлғайту;
• Методикалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда ғана қолдану мүмкіндігі;
• ыңғайлы интерфейс.
Сандық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға
болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік,
дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру.
СБР – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал.
• Әртүрлі сандық объектілерді пайдалана отырып, сабақты құрастыру және
модельдеу.
• СБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез іздестіріп табу.
• Бақылау және өздік жұмыстарды дайындау;
• Шығармашылық тапсырмалар құрастыру;
СБР-ның сабақты өткізудегі тиімділігі.
• Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық
проектор арқылы демонстрациялау;
• Зертханалық жұмыстарды орындауда электрондық микроскоп, интерактивті
модельдерді пайдалану;
• Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;
• Сабақ үстіндегі оқушылардың СБР арқылы жеке зерттеушілік және
шығармашылық жұмыстары.
СБР – оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.
• Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен
оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды
оқушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі.
• Кез – келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде
тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау
құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі
жоғарылайды.
• Баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентациялар дайындауда
биологиялық объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Оқушы сабаққа,
сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер
жинақтай алады.
• Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады.
• Мультимедиялық анықтамалық – сөздіктерді, анықтауыш – атластарды
пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық
потенциалын арттыруға мүмкіндік береді.
• Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін
ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді.
• Оқушыларды қазіргі ақпараттық – технологиялармен жұмыс жасай білуге
үйрету.
Оқу процесі барысында сандық білім ресурстарының көптеген түрлері
қолданылады: анимациялар, интерактивті суреттер мен схемалар, интерактивті
тапсырмалар. Сабақ кезеңдерінде олардың әрқайсысын жан-жақты пайдалану
қажет. Сандық білім беру ресурстары табиғи объектілер мен көрнекі
құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында
белгілі бір жағдайға бейімдеуге, оқушылардың дайындық деңгейін ескеріп,
оқушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндіктері мол.
Интерактивті суреттер – интерактивті модельдердің қарапайым түрі. Ол
суреттер екі режимде жұмыс жасайды. Бірінші режим – демонстрациялық,
екіншісі – тестілік. Демонстрациялық режимде суреттермен жұмыс жасаған
кезде үш опциямен басқарылады: Көмек, Көрсету, Жасыру
Көмек опциясында оқушы суреттің белгілі бір бөлігін ғана көре алады.
Мұғалім оқушылардың назарын биологиялық объекті құрылысының қажетті
бөлігіне аударып, жаңа материалды түсіндіреді немесе оқулықпен өз бетінше
жұмыс жасайды, тақырып бойынша білімді тексеруге арналған тапсырмаларды
орындайды. Оқушы нақты объект бойынша белгілі бір сұраққа жүйелі жауап
бере алады. Сонымен қатар, суреттердің үстіне курсорды апарған кезде,
экраннан әрбір құрылымның қысқаша сипаттамасы көрінеді. Интерактивті
суреттер арқылы сыныптағы барлық оқушылармен фронтальды жұмыстар,
компьютерде оқушының жеке жұмыстары ұйымдастырылады.
Көрсету опциясын басқанда сурет толық беріледі. Мұны жаңа сабақты
қорытындылау мен бекітуде, зертханалық жұмыс жасағанда қолдануға болады.
Жасыру опциясында суреттің сипаттамасы жасырын тұрады, жаңа сабақ бойынша
сурет арқылы биологиялық объектілердің құрылысын түсіндіруге, оқушының
білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Тестілік режимнің тиімділігі – оқу материалын бекітуде, оқушы суретке
берілген сипаттамалардың ішінен дұрыс жауапты таңдауы тиіс. Тапсырма
орындалған соң, автоматты түрде тапсырманың жауабы тексеріледі. Оқушы
білімін сыныпта, үйде дербес компьютерде интерактивті суреттермен жұмыс
жасай отырып, тексере алады.
Интерактивті суреттерге түрлі анимациялар жасауға болады. Мысалы, ағзаның
құрылысын демонстрациялап қана қоймай, онда өтетін процестерді анимациялы
түрде көрсетуге мүмкіндік бар.
Сандық білім беру ресурстарының қорынан биологияның барлық салалары бойынша
flash-анимацияларды табуға болады.
Flash-анимациялар – оқытылатын тақырыпқа байланысты берілетін ұғымдар мен
түсініктерді қозғалмалы суреттер, сызбалар, жазбалар мен диктордың оқыған
мәтіні арқылы берілетін оқу роликтері. Flash-анимациялар арқылы ақпарат
белгілі бір көлемде және мұқият ойластырылған дикторлық мәтінмен беріледі.
Анимацияларды қараудың ұзақтығы – 30 секундтан 20 минутқа дейін.
Сабақты компьютерлік сыныпта өткізген кезде оқушыларға әртүрлі
күрделіліктегі тапсырмаларды орындатуға болады: құбылыстар мен процестерді
сипаттау, анимациядағы сұрақтарға жауап беру, анимацияларға сүйене отырып,
тірек-конспектілер мен сұрақтар дайындау.
Қазіргі кездегі сабақтардың көрнекі құралдарына оқу видеофильмдері ерекше
орын алады. Видеофильмдер көрсетілмес бұрын оқушыларға сұрақтар қойылады,
оқушылар ол сұрақтарға видеофильмді көріп болған соң жауап береді. Бұл
оқушылар бойында алдына мақсат қойып, сабақтың тақырыбына деген оқушылардың
қызығуын туғызады. Видеофильмдердің дауысын басып қойып, оқушылар жүріп
жатқан көріністерге өздігінен комментарий жасайды. Видеофильмдерді Жер
шарындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көптүрлілігін таныстыруда
тиімділігі жоғары екені мәлім.
Білім беру үрдісінде биология пәні мұғалімдері төмендегі сандық білім беру
ресурстары қолданады:
• Биология. Лабораториялық практикум. 6–11 класс. (2 CD), 2004.
• Биология пәні бойынша репетитор. Кирилла и Мефодия Виртуалды
мектебі, 2004
• Биология. Репетитор 1- С, 2003.
• Электрондық көрнекі құралдар кітапханасы. Биология 6 – 9 класс, 2003.
Оқыту барысында қолданылатын әдістемелерді дұрыс таңдап, оқыту үрдісі
мақсаттары мен талаптарына сай жетілдіріп, қарқындылығын арттыра түсу
қажет. Ақпараттандырылған оқыту барысында сандық оқыту құжаттары,
компьютерге арналған ойындар, мерзімді электрондық құралдар, оқу құралдары
мен оқу порталдарын құрастыру көзделуі керек. Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып
табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда
электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.
2. 2 Жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында
Н. Ә. Назарбаев
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса,
білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету
және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық
мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі
ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек,
қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және
терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді
шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
Н. Ә. Назарбаев
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне
айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық
үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық
почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық
технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай
жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық
оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау
көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды.
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының
қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы
білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың
өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім
алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың
мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине,
мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық
жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. Оқытудың жаңа
ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін
дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім
беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту
мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде
осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының
басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға
қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 11 – бабының 9
тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне
тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті
қойылған.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар
меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны
өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі
жетілдірілуде.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты
міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет –
оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-
әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік –
оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау,
табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың
түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер.
Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп
қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген
білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа
сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды
ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру,
олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана
алу қабілеттерін қалыптастыру.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –
оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық
ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр
ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты
жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін
және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің
функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және
шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары
бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде
мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік
пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық
сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік
технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім
алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын,
барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының
қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының
әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және
сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын
пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру
негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік
желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі.
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық
оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі
электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта,
телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану
арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып
айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше
факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер
техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық
оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда
білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу
процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін
комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу
құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді
қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?
Ақпараттық құзіреттілік:
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін
танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға
сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы
ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және
жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу,
материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты
қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби
бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа
тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын
қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды
таңдауға және қолдануға;
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы
адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге
асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен
қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына
сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен
ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық
бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
•іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
•қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін
дамыту құралы: Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып
оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу
траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-
білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға
талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу
орнында отырып қол жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушыларын емтихандар
мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы
мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге
мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау
мүмкіндіктері артады.
Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды
даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім
мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға
жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты
білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім.
Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс
жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді.
Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы
алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз
бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда
инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:
1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің
барлық деңгейін жетілдіру:
- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру,
- пәнаралық байланысты тереңдету,
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерді дамыту,
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын
қалыптастыру.
- компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы
эстетикалық тәрбие беру,
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу:
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:
- Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;
- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау:
Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі
мақсаттарға бағытталады:
- компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту
үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру:
- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз
ету:
- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық
байланысты тереңдету.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды
түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны,
видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық
проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы
қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар
мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды
математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін
(мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен
мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде
қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.
Сабақтың АКТ-ны қолданатын сабақ Дәстүрлі сабақ
параметрі
ақпаратты беру оқушылар ақпаратты неғұрлым мұғалімнің түсіндіруі, оқулық
қаныққан, көрнекі түрде бойынша параграфты өз
алады беттерімен оқуы, кестелерді
қолдануы
жұмыс қарқыны әр оқушы өз қарқынымен жұмысмұғалім сыныптағы оқушылардың
істейді, тапсырмалар мен көпшілігіне сәйкес келетін
мультимедиялық құралдар жұмыс қарқынын қолданады
білім алушылардың жеке
ерекшеліктерін, олардың сол
уақыттағы білім мен дағды
деңгейлерін есепке алады
оқушымен кері түсіндіру кезінде, бекіту ағымдық бақылау
байланыс кезінде іске асады.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың
қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
1)компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2)оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3)қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара
іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге
келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
·дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік
бағдарламаны талдау);
·әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау,
сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
·ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз
өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
·оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және
ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану
сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
·мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді
талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін
айқындау);
·компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын
білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
·дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
·тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық,
аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
·оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама
енгізу;
·осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында
сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін
анықтау.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез
орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт
үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін
тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын,
танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және
эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың
зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту
әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде
қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама
көтереді.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді
біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру
жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін
күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде тестік әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады.
Тестің саналылығы оның құру жүйесіне тәуелді және оған енетін
тапсырмалардың күрделілігі мен байланысты. Тест тәсілін қолдануды жүзеге
асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар, әдістемелер болуы
қажет. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір
мерзімде топтың , не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы оқушылардың
мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық технологияның міндеті-оқушыларды
білімге қызығушылығын, ізденушілікке баулу. Заман талабына сай сабақта
қолданылатын электрондық байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін
қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға
және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Өз сабағымда
оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын.
Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені,
дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді
пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра
түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Электрондық оқулықпен
оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін
бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін , шығармашылық
қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа
арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы,
фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын , қайталау
сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі,
оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы,
білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды
игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып,
онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді
өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.
Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде
жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын. Онлайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология
әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа
тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен
бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер
жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
2. 3 Сандық білім беру ресурстарын биология сабақтарында қолданудың
тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі заманғы
жүйесін қалыптастырудың негізгі алғы шарттары - оқытудан білім беруге
көшу, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту жеке тұлғаға
бағытталған, ашық білім беруге көшу; білімді жинақтау мен жүйелеуде,
оқушыларға білімді беру үдерісінде жаңа ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалану. Әлемдік тәжірибеде электрондық оқыту қазiргi
бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып табылады.
Ақпараттандыру саласындағы білім беру ұйымдарының материалдық-
техникалық базасы электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне өтуге дайын болуы
тиіс.
Бiлiм беру үрдістерінің ақпараттық жүйелері мектеп басшылары,
ұстаздармен және тәрбиешiлермен оқушылардың үлгерiмi туралы ақпараттарды
алу үшін ата-аналардың қатысуын, өзара ақпараттар алмасуды қамтамасыз етуi
керек. Түрлі байқаулар мен олимпиадалардың нәтижелері, пәндер бойынша
тестілер туралы толық ақпараттар және Ұлттық бірыңғай тестке даярлану
Интернет арқылы қолжетімді болады.
Электрондық оқыту жүйесі жергілікті желі мен ауқымды Интернет желісін,
желілік технологияларды белсенді қолдану арқылы ұйымдастырылатын
қашықтықтан оқытудың да мүмкіндіктері де енеді.
Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде АКТ-ның
графикалық, мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу материалдарын
игеруде интерактивтік ойындарды қолдану оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz