Қазақ елінде жастарға ұлттық тәрбие беру идеяларының мазмұндық ерекшеліктері және оларды оқу-тәрбие ісінде қолдану қажеттігі



1 Жас ұрпақтың тәлім.тәрбие жүйесінің мазмұны
2 Қазақстанда ұлттық тұлға қалыптастыру
Педагогика ғылымының даму және қалыптасу тарихына көз салсақ қазақ педагогикасында білім және тәрбие беру мәселелері ерте уақыттан бастап-ақ зерттеу нысанасына айналғанын байқаймыз. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбие жүйесінің мазмұны әр кездеде қазақ ағартушылары мен педагог ғалымдарын ойлантып келген. Қазіргі уақытта қазақ этнопедагогикасы ғылымы педагоги-ка ғылымының бір саласы ретінде қазақ халық педагогикасының бай мұраларын тек тарихи тұрғыдан зерттеп қана қоймай, оның тәлім-тәрбиелік мазмұнына сапалы талдау жасайды, тәрбие түрлерінің ерекшеліктерін түрлі көзқарас деңгейінде салыстырмалы қорытындылап келеді. Қазақстандық ғалымдар К.Қожахметова, Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова-лардың «Методоло-гия общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах» атты еңбектерінде Қазақстанда жастарға ұлттық тәрбие беру идеяларының мазмұндық ерекшеліктері 1973-2004 жылдар аралығы бойынша талқыланып, олардың мазмұндық ерекшеліктері айқындалған[1]. Осындай жүйелілік принципі негізінде жасалынған ғылыми еңбекте қазақ этнопедагогикасы ғылымының даму және қалыптасуын зерттеген ғылыми жұмыстарға әдіснамалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасалынған.
1. К.Қожахметова, Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова. Методология общейи этнической педагогики.- Алматы, 2005
2. Орынбасарова Э.А. Развитие теории нравственного воспитания школьников в истории педагогики Казахстана (60-е г. ХІХ в. –90-е г. ХХ в.) Алматы, 2001.
3. Д.Қамзабекұлы.Алаштың рухани тұғыры.- Астана:Ел-шежіре, 2008

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ елінде жастарға ұлттық тәрбие беру идеяларының мазмұндық
ерекшеліктері және оларды оқу-тәрбие ісінде қолдану қажеттігі

Педагогика ғылымының даму және қалыптасу тарихына көз салсақ қазақ
педагогикасында білім және тәрбие беру мәселелері ерте уақыттан бастап-ақ
зерттеу нысанасына айналғанын байқаймыз. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбие
жүйесінің мазмұны әр кездеде қазақ ағартушылары мен педагог ғалымдарын
ойлантып келген. Қазіргі уақытта қазақ этнопедагогикасы ғылымы педагоги-ка
ғылымының бір саласы ретінде қазақ халық педагогикасының бай мұраларын тек
тарихи тұрғыдан зерттеп қана қоймай, оның тәлім-тәрбиелік мазмұнына сапалы
талдау жасайды, тәрбие түрлерінің ерекшеліктерін түрлі көзқарас деңгейінде
салыстырмалы қорытындылап келеді. Қазақстандық ғалымдар К.Қожахметова,
Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова-лардың Методоло-гия общей и этнической педагогики
в логико-структурных схемах атты еңбектерінде Қазақстанда жастарға ұлттық
тәрбие беру идеяларының мазмұндық ерекшеліктері 1973-2004 жылдар аралығы
бойынша талқыланып, олардың мазмұндық ерекшеліктері айқындалған[1]. Осындай
жүйелілік принципі негізінде жасалынған ғылыми еңбекте қазақ
этнопедагогикасы ғылымының даму және қалыптасуын зерттеген ғылыми
жұмыстарға әдіснамалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасалынған.
Жоғарыда аталған ғылыми еңбекке және ХІХ ғасырдың екінші жартысы-ХХ
ғасырдың 90-шы жылына дейінгі Қазақстан педагогика ғылымындағы адамгершілік
тәрбиесі теориясының даму тарихы туралы Э.А.Орынбасарованың зерттеу жұмысы
бойынша[2], т.б. жұмыстарға жасалынған талдау жұмысы қазақ елінде жастарға
ұлттық тәрбие беру идеяларының концептуальды педагогикалық бағыттарын
анықтауды қажет етіп отыр. Сондықтан біз, осындай жауапты міндетті орындау
үшін зерттеу жұмысын белгілі тарихи кезеңдерге бөліп қарастыруды жөн деп
санадық. Алғашқы кезеңде (ХХ ғасырдың бас кезі) қазақ елінің азаттығы мен
тәуелсіздігін, бүгіні мен болашағын ойлаған қазақ ағартушы-педагогтарының
еңбектеріндегі жастарға ұлттық тәрбие беру идеяларының мазмұндарындағы
концептуальды педагогикалық бағыттарды анықтау мәселесі қойылып отыр.
Осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмысы ХХ ғасырдын бас кезіндегі
А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың,
Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың, т.б. педагогикалық мұралары туралы жазылған
зерттеу жұмыстары талқыланды және олардағы ұлттық тәрбие беру мен ұлттық
тұлға қалыптастыру идеяларының мазмұндары сарапталынды әрі жүйеленді.
Нәтижесінде Алаш қайраткерлері деп аталған осы шоқ жұлдыздың ұлттық тұлға
қалыптастыру идеяларының басты құраушылары айқындалды. Олар: тіл
мәдениетін қалыптастыру; ұлттық ойлау жүйесін дамыту; ұлттық тәлім-тәрбие
беру мазмұнын анықтау; ұлтжандылықты тәрбиелеу деген педагогикалық мазмұнды
құрайды. Осы мазмұнды анықтаушы құрылымдық элементтер негізінен қазақ
жастарының бойынан табылуға тиісті құлықтық және әрекеттік қызметтерді
қалыптастыруға тәуелді болатыны анықталынды. Қазақ елінің басқа елдерге
бодан болу қаупінен жоғарыда аталған ұлттық тәрбие беру мәселесінің жүзеге
асырылмау мүмкіндіктерін назардан тыс қалдырмау қажеттігі, сондықтан қазақ
елінде жастарға ұлттық тәрбие беру мазмұнының концептуальды бағыты айқын
болуы мәселесі туындаған. А.Байтұрсынов Біз елді түзетуді бала оқыту ісін
түзетуден бастауымыз керек десе, Ж.Аймауытов адам тұлғасының дұрыс
қалыптасуының негізі оның ұлттық санасының дұрыс бағытта болуымен
байланысты болатынын, Ә.Бөкейханов жерінен айрылған ел бәрінен айрылады,
жерді қорғау әрбір азаматтың борышы екендігін, М.Шоқай Атамекенді сүю –
еліңнің тұтас мүддесіне қызмет ету, керек болса жан пида қылуға дайын тұру
болып табылады деп, М,Жұмабаев ізгілік қасиеті бар, өз ұясын сүйетін,
өзге ұлттың да жыртысын жыртатын ұлттық тұлға қалыптастырудың қажеттілігін
айтып ұлттық тәрбие мен ұлттық тұлға қасиетінің ортақ белгілері мен
сапаларын көрсеткен болатын.
Бүгінгі ұрпақ осы зерттеу жұмыстарының тұжырымдарын сараптай отырып,
қазақ ағартушы-педагогтарының жас ұрпақ тәрбиесінде гуманистік бағыт
ұстанғанын білуі тиіс. Сол себепті біз ХХ ғасырдың басындағы қазақ
ағартушы-педагогтарының педагогикалық идеяларының мазмұнында адам-гершілік
тәрбиесінің ізгіліктік компоненттерінің басым екендігін айтуға тиіспіз.
Міне, біз қазақ халқының тәлім-тәрбие жүйесінде жас ұрпақтың гуманистік
көзқарасын қалыптастыру потенциалының жоғары екендігін дәлеледеген және
болашақ ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттігін толық растаған осы алаш
қайраткерлерінің педагогикалық мұраларының басты концептуалды бағытын
көрсете алдық.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген педагог-ғалымдардың оқу-тәрбие
процесін гуманитарландыруда адамгершілік тәрбиесінің теориялық базасын
күшейтумен айналысып жатқандығына тоқталып кетуді жөн көрдік. Педагог
мамандардың оқушыларға гуманистік бағыттағы тәлім-тәрбие беру потенциалын
пайдалануда және оларды ұлттық тұлға қалыптастыруға бағыттауда жоғарыда
айтылған қазақ ағартушы-педагогтарының ой-пікірлері мен ұстанымдарының
негізгі мақсатын түсінбей әрекет жасау кездейсоқ қателіктерге алып келуі
әбден мүмкін. Өйткені қазіргі ғаламдану заманында ұлттық сананы
қалыптастыруда ұсынылатын тәлім-тәрбие мазмұнына жүйелі талдау жасамай
күтілетін нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі төмен деп саналады. Сондықтан ХХ
ғасырдың басында қазақ ағартушы-ғалымдары ұсынған гуманистік тәрбие және
көзқарас қалыптастыру адамгершілік тәр-биесінің нәтижелі көрсеткіші ретінде
қабылдануы тиіс. Осы ұстаным негізінде қазақ жастарының ұлттық тұлғасына
тән гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұны мен әдістемесін анықтауға
болады. Аталған міндетті жүзеге асыру үшін қазақ этнопедагогикасының тәлім-
тәрбиелік жүйесіне тарихи-педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Зерттеудің жетекші идеясы
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Оқу процесінің мəн-мағынлары
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділіктерін дамыту
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Пәндер