Арал, Каспий көлдерінің экологиялық проблемалары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Экологиялық және санитарлық.эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
а) Каспий,Арал көлдеріне экологиялық ахуалды талдау
б) Экологиялық ахуал нашарлауының антропогендiк факторлары
Қорытынды

Жұртшылық бүгінде “ға¬сырға салмақ боларлық ғала¬мат жоба” ретінде атап жүрген Көкарал бөгеті құрылысының бітуі өңір өрнегін өзгертетін нышанды нысан болып отыр¬ғаны уақыт ұзаған сайын ай¬қын¬далып келеді. Толайым бө¬геттің тұрғызылуы Арал теңі¬зінің теріскей бөлігін түс¬тігінен бөліп тастап, кіші теңіз¬ді немесе Солтүстік Арал¬ды қатарға қосты. Осы ар¬қылы аймақтың экологиялық ахуалы біртіндеп сауыға баста¬ды. Сырдарияның те-ңізге құяр¬лығындағы он¬шақты ірі көл¬дің бәрі суға толып, жаға¬лары жайқалған жасыл желек жамылды. Су қоймаларындағы балықтың саны арта түсті.
Енді ептеп тарихқа көз жүгіртсек, Көкаралды қалыпқа келтірген “Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүс¬тік Арал теңізін сақтап қалу” деген ұлы жобаның 1994 жыл¬дың көктемінде Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында Орта Азия дәулеттері мен Ре¬сей Федерациясы басшылары¬ның қатысуымен өткен алқа¬лы жиында пайда болғанын айтар едік. Аталмыш бағдарла¬маға сәйкес Арал теңізі мен оның айналасының экология¬лық, экономикалық және әлеу¬меттік жағдайларын жақ-сартуға басты бағыт ұсталды.

1. Экспедиция "Арал-2004"
Эта экспедиция была организована как продолжение экспедиции «Арал-2003», ...
В организации экспедиции «Арал-2004» большую поддержку оказала Программа ...
2. Аральское моря - Арал - проблема ЦАР
"Арал: вчера и сегодня". Проблемы и перспективы Аральского кризиса (фотоальбом),
Алматы: МФСА, 1997., 128стр." Продолжение усилий президентов 5 ...
«Каспийдің кезекті мәселесі». Түркістан газеті 2002ж 22 наурыз.
3. «Каспий экологиясы қандай жағдайда?» Жас Алаш газеті 2003ж 25 қыркүйек.
4. «Қарт Каспий қасірет тартпасын.» Атамекен 2000ж 10 қараша.
5. «Каспий экологиясы.» Жас Алаш 2002ж 14 сәуір.
6. «Каспий экологиясын болашақта не күтіп тұр?» Атамекен 2003ж 12 қараша.
7. «Қазақстан Республикасы президентінің актілер жинағы.» Н .Назарбаев. 1992ж.
8. «Каспий қалай өмір сүруде?» Егемен Қазақстан 2003ж 21 қараша.
9. География оқулығы Есназарова 9 класс.
10. «Табиғатты пайдалану экономикасы.» С.Мұқаұлы, С.Үнішев 1999 жыл.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Арал, Каспий көлдерінің экологиялық проблемалары
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
а) Каспий,Арал көлдеріне экологиялық ахуалды талдау
б) Экологиялық ахуал нашарлауының антропогендiк факторлары
Қорытынды
Арал,каспий көлдерінің экологиялық проблемалары
Жұртшылық бүгінде “ғасырға салмақ боларлық ғаламат жоба” ретінде атап
жүрген Көкарал бөгеті құрылысының бітуі өңір өрнегін өзгертетін нышанды
нысан болып отырғаны уақыт ұзаған сайын айқындалып келеді. Толайым бөгеттің
тұрғызылуы Арал теңізінің теріскей бөлігін түстігінен бөліп тастап, кіші
теңізді немесе Солтүстік Аралды қатарға қосты. Осы арқылы аймақтың
экологиялық ахуалы біртіндеп сауыға бастады. Сырдарияның теңізге
құярлығындағы оншақты ірі көлдің бәрі суға толып, жағалары жайқалған жасыл
желек жамылды. Су қоймаларындағы балықтың саны арта түсті.
Енді ептеп тарихқа көз жүгіртсек, Көкаралды қалыпқа келтірген “Сырдария
өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу” деген ұлы
жобаның 1994 жылдың көктемінде Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстанның
астанасы Нөкіс қаласында Орта Азия дәулеттері мен Ресей Федерациясы
басшыларының қатысуымен өткен алқалы жиында пайда болғанын айтар едік.
Аталмыш бағдарламаға сәйкес Арал теңізі мен оның айналасының экологиялық,
экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға басты бағыт ұсталды.
Ғаламдық деңгейдегі ғаламат шара бойынша Сырдың жоғарғы ағысындағы Шардара
су қоймасынан еңістегі Арал теңізіне дейінгі аралықтың ахуалы түзетілмекші
болып белгіленді.
Көкарал түбегінің бергі мүйісіндегі бұрынғы Берг шығанағын байлаудың
алғашқы қадамы келесі, 1995 жылдың жазында қолға алынды. Әдепкі әрекетте
Арал ауданының басшылығы дарияны атырауынан байлап, арғы басынан тоған
тұрғызудың қамын өз беттерінше жасап көрді. Бұл іске 1996 жылдың көктемінен
бастап облыс басшылығы араласты. Осы екі жыл Берг шығанағын топыраққа
толтырып, оның бергі бетіне су жинауға жұмсалды. Өкінішке орай, домбайлап
соғылған сол тоған 1997 жылдың 30 сәуірі күні жоғарыдан түскен мол судың
нөпіріне шыдамай, бір түнде бұзылып кетті. Осыдан кейін сол 1997 жылдың
жазында теңізге екінші мәрте шабуыл басталды. Бұл жолы бөгетті тұрғызуға
Аманөткелдегі балық шаруашылығына қарасты жылжымалы механикаландырылған
колоннаның барлық техникасы жұмылдырылды. Бұдан бөлек бірнеше құрылыс
мекемесі ортақ тірліктің оябын келтіруге тартылды. Құмырсқадай қыбырлаған
тіршіліктің тінінде тоған тағы да тұрған орнынан бой көтерді. Келесі, 1998
жылы еңсесін тіктеген тоған 1999 жылдың 19 сәуірі күні тағы да жығылып,
кіші теңізге жиналған бар судың тасқыны ұлы теңізге қарай жөңкіле жөнелді.
Осы реттегі бөгет бұзылуының зардабы айрықша ауыр тиді. Ол көптеген
техниканың су айдыны астында қалып, кісі өліміне апарып соқтырды. Ғылыми
негізде тұрғызылмаған тоғандар осылайша бірінің артынан бірі толқынның
толқуына төзбестік танытып, еткен еңбектің бәрін зая кетірді.
Осыдан кейінгі 4 жылдай уақыт Көкаралды көтеру туралы толғамның
тоқтаған кезеңі болды. Ақырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей
тапсыруымен 2003 жылдың наурыз айында аталмыш бөгетті салу ісінің үшінші
әрекетіне дем берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай енді өз
еліміздің шеңберінде қабылданған “Сырдария өзенінің арнасын реттеу және
Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу” бірден қызу жүргізілуге
көшті. Ол екі кезеңге бөлініп қарастырылды. Мұның бірінші кезеңін 2003-2007
жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланса, екінші кезең 2008-2012 жылдар
ауқымын қамтитын болып бекітілді. Бірінші кезеңдегі жұмыстардың жалпы құны
85,79 млн. АҚШ долларын құрады. Жоба Бүкіләлемдік банк заемы (64,9 млн.
доллар) мен Үкімет бюджеті (21,29 млн. доллар) есебінен қаржы алды. Осынау
ауқымды жұмыстарға техникалық жағынан бақылау жасауға “Мотт Мак Дональд
Темелсу” атты ағылшын-түрік біріккен кәсіпорны тартылды. Ал жұмыстың
қоршаған ортаға әсерін бағалап, экологиялық мониторинг жүргізуге ағылшынның
“Скотт Вилсон” кеңесу компаниясы қатыстырылды. Жобаның бірінші кезеңінде
Сыр өңірінің бүгіні мен келешегі үшін үлкен орны болатын маңызды нысандар –
Әйтек, Көкарал, Қараөзек және Ақлақ су құрылыстары жүргізілді. Қазіргі
таңда бұлардың арасындағы Көкарал бөгеті мен Әйтек тоспасы пайдалануға
берілсе, Қараөзек құрылғысының құрылысы толық бітіп, іске қосылудың
қарсаңында тұр. Ал Ақлақ тоспасы алдағы жылғы күзде қатарға қосылады деп
күтілуде. Сонымен бірге бұл соңғы құрылыс нысанында жобаның екінші
кезеңінде 50 мегаватт электр қуатын өндіретін су электр стансасы салынып,
төмендегі Қазалы және Арал аудандарының сұранысын өтейді.
Қазіргі таңда Кіші Аралдағы су деңгейі екі метрге дейін көтеріліп,
Балтық жүйесі бойынша 42 метрлік белгіге жетті. Оның теңіздегі көлемі
бұрынғы 11 миллиардтан 25 миллиард текше метрге дейін көбейді. Осының
арқасында су Арал қаласына 20 шақырымдай ғана жерде тұр. Айдыны суға толған
Кіші Арал ел игілігіне жаратылуда. Биылғы жылдың өзінде ғана теңізден 2,3
мың тонна балық ауланды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда он еседен де
артық көрсеткіш. Келешегінің кемел екенін түсінген отандық инвесторлар енді
Арал теңізінде балық шаруашылығын дамытуға мүдделілік таныта бастады.
2005 жылдың сәуір айының соңында Қызылорда облысына келген сапарында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аттың басын алдымен Арал ауданына бұрып, Сыр
бойында ХХІ ғасырдың басындағы ең алып құрылыс болып табылатын Көкарал
бөгетіне аялдап еді. Құрылыс нысанындағы жұмыстың жай-күйімен жан-жақты
танысқан Президент сол жолы бөгет басында тұрып: “Аралға көмектесу мәселесі
ешуақытта жадымнан шыққан емес. Сырдарияның су жүйесін қалпына келтіру
жұмыстарына қыруар қаржы бөлінді. Сонау Шардарадан Аралға дейін 85,8 млн.
долларға атқарылатын орасан зор тірлік осындағы халықтың қуанышына
айналғалы тұр. Мұның көрінісі Әйтектен бастау алып, Ақлақ пен Кіші Аралға
дейін барады. Осы қаржының игерілуіне орай Әйтек су құрылғысы іске қосылды.
Таяу арада Көкарал бөгеті пайдалануға беріледі, көлдер жүйесіне су жинала
бастайды. Аралдан 80 шақырымға қашықтап кеткен теңіз 10-12 шақырымға дейін
жақындайды. Арал қаласына таза су жеткізілді, енді көлдер суға тола
бастағаннан балық шаруашылығы өркен жаяды. Ел экономикасының дамуы Арал
проблемасын белсендірек шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан да мемлекет
аймақтағы экологиялық жағдайды қалыпқа түсіру үшін барлық күш-жігерін
жұмсайды”, – деген еді тебіреністі үнмен. Арада бар-жоғы үш ай уақыт
өткесін, шынында Көкарал бөгеті салынып бітті. Мамандар болжамы бойынша,
алдағы 2-3 жылда Кіші Аралға 29 млрд. текше метр су жиналып, оның қойнауы
түгел суға толады. Бұдан қалды, Көкарал мен Ақлақтың арқасында жалпы көлемі
60 мың шаршы шақырымға жуық көлдердің арналары толығады. Соның нәтижесінде
балық шаруашылығын дамытудың мүмкіндігі артады. Алда теңіздің 60 мың гектар
табаны суға толғанда бұл аймақтың ауа райы күрт жақсарып, табиғаты жайнап-
жасара түсетіні анық.
Құдай қаласа, келер жылдың соңында бірінші кезеңі тұйықталатын
“Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін
сақтап қалу” (САРАТС) бағдарламасының екінші кезеңі 2008 жылдың басында
сөреден шығады. Осы кезеңге әзірлік жүріп жатқан қазіргі шақта республика
су мамандары Кіші теңізден, яки Солтүстік Аралдан тағы бір бөгет салу
туралы идеяның ұштығын шығарып отыр. Мәселенің түбіріне түптеп қарағанда,
мұның тектен-тек көтеріліп отырмағанын байқау қиын емес.
Күні бүгінге дейін Бүкіләлемдік банк пен Қазақстан Үкіметі жобаның осы
екінші кезеңін қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойып қойды. Осыған
орай аталмыш әлемдік қаржы ұйымы жапон үкіметі бөлген 800 мың доллар
қаржыны жобаның осы фазасының техникалық құжаттарын дайындауға бергелі тұр.
Сол қағаздарды әзірлеуге жұмсалатын қаржының 700 мың долларлық қалған
бөлігін республика бюджеті төлейді. Осы жұмыстар жоғары сапалы деңгейде
атқарылып шыға қалған жағдайда, банк жобаның басты негізгі бес шарасын
жүзеге асыру үшін 120 миллион доллар мөлшерінде қаражат бөледі. Бұл бес
шараның бастысы да, маңыздысы да Солтүстік Арал теңізіндегі судың деңгейін
Балтық жүйесі бойынша 46 метр биіктікке көтеру болып табылады. Мамандардың
пікірінше, судың деңгейі осы мөлшерге жеткенде ғана Аралдың солтүстік
бөлігі өзінің баяғы 60-шы жылдардың басындағы қалпына жетіп, Арал қаласы
қайтадан портты мойнаққа айнала алады екен. Осы жерде еске сала кету керек,
“САРАТС” бағдарламасы бірінші кезеңінің жұмыстары қолға алынған 2001 жылы
теңіздің осы аумақтағы деңгейі 38 метрде тұрған еді. Жағалау Арал қаласынан
110 шақырым қашықта болатын. Ал жобаның бірінші кезеңі аяқталуға қараған
дәл қазіргі таңда бұл мөлшер 42 метрге көтеріліп, теңіз қалаға қарай 70-80
шақырымға дейін жақындады. Енді деңгейді тағы 4 метрге көтеріп, 46 метрлік
белгіге жеткізетін күн туса, Арал қаласының дәл іргесін толқын ұрып
жататын бағзы заман қайта оралады.
Бірақ, өмірдің бүгінгі шындығы тап қазір олай жасауға болмайтынын
көрсетті. Себебі, ондай биіктіктегі судың нөпіріне жаңадан салынған Көкарал
бөгеті төтеп бере алмайтын болып шықты. Екі жылдың ішінде жиналған судың
өзі бөгетке қауіп төндіргесін, мамандар қазір ондағы бес қақпалы плотинаның
үшеуін ашып тастап, артық суды түстіктегі Ұлы теңізге жіберуге мәжбүр болып
отыр. Енді не істемек ләзім?
– Теңіздің жағалауын Арал қаласына дейін жеткізудің екі түрлі
техникалық шешімі бар, – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев осы ретте. – Біріншісі, бұрынғы Берг
шығанағының орнынан салынған Көкарал бөгетін тағы 4 метрге көтеруіміз
керек. Екіншісі, Арал қаласына қарай мойнақ болып кіретін Сарышығанақтан
тағы бір бөгет тұрғызуымыз керек. Бұл жағдайда жаңа плотина алдыңғысынан 4
метр биік тұруы тиіс. Осылай Солтүстік Арал екі жоннан тұратын теңіз болып
шыға келеді. Мамандар бұлай жасауға әбден болатынын айтып отыр. Мұның
артықшылығы болатын да түрі бар. Біріншіден, Көкаралды тағы 4 метрге
көтергеннен бұл жоба едәуір арзанға түседі. Себебі, жаңа бөгеттің ені одан
әлдеқайда қысқа, сосын Көкаралдың жіңішке жондарында жүріп оған топырақ үю
қиынға соғады. Екіншіден, теңіздің ащы суы мен дарияның тұщы суы мұнда
жақсы араласып, соңғысының үлес салмағы барған сайын көбейе түседі.
– Шындығын айтқанда, әу баста Кіші теңізді сол Сарышығанақ шығанағынан
тоған тұрғызу арқылы жасап көру идеясы көтерілген болатын, – дейді осы
бағдарлама баян етілген сәттен соның басы-қасында жүрген Қызылорда облысы
әкімінің орынбасары Айтбай Көшербай әңгіменің ауаны осылай қарай ойысқанда.
– Бірақ, кейін келе бөгесінді Берг шығанағынан салу жобасы басымдық алып
кетті. Сөйтіп, “САРАТС” жобасы қазіргідей реңк алды. Ал Солтүстік теңізді
жоғары жақтан, атап айтқанда, жаңағы Сарышығанақтан тағы бір мәрте буып,
екі ярус жасау туралы тұжырым сол кездің өзінде-ақ алға қойылған еді.
Өйткені, жердің релефтік өзгешіліктерін екшеп келгенде, осылай етпей, Арал
қаласына дейін су жеткізудің мүмкін емес екенін бәріміз де білдік. Бұл
жерде Көкарал бөгетін тағы 4 метрге көтеру жөнінде сөз етудің өзі артық.
Себебі, біз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz