Абылай хан – саяси қайраткер


АБЫЛАЙ ХАН - САЯСИ ҚАЙРАТКЕР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І ТАРАУ. Абылай Сұлтан
1. 1. Абылай туралы тарихи зерттеулер
1. 2. Абылай сұлтанның өмір жолы
1. 3. Абылай Сұлтаннның қайбірі туралы зерттеулер
ІІ ТАРАУ. Абылай хан
2. 1. Абылай ханның Жоңғар мемлекеті және патшалы
Ресеймен жүргізген дипломатиялық қатынасы
2. 2. XVII ғ. Цин империясы және қазақтар
ҚОРЫТЫНДЫ
СІЛТЕМЕЛЕР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсізідік алғаннан кейін ғана Абылайхан қазақ халқының тарихында аса кемеңгер мемелекет қайраткері, әрі көсемң ретінде ұрпақтарына кеңінен таныла бастады. Ресей және Кеңес империялары үстемдік еткен үш ғасыр бойы Абылай тұлғсына байланысты сыңар жақ көзқарас орын алып, оның қазақ тарихындағы айбынды роліне тиісті баға берілмеді. Ең алғаш рет осы мәселе жөнінде қарастырған, зерттеген өзіміздің туар азаматымыз М. О. Әуезов болды. Жазушының ойымен айтсақ: «Ескі қазақ елдігін, еісң жұрт тілегін, ту көтеріп, бір араға жинаған Абылай болатын», - деп, ол өз пікірін 1927 жылы баспадан шығарып, таратуға дайын тұрған кезде большевиктер тиым салып, өртеп жіберген кітабында ашық жазған еді. Тоталитарлық кеңес үкіметі тарапынан Абылайға тарих төрінен лайықты баға берілмейтінін айқын түсінген М. О. Әуезов ол туралы барлық деректерді жинап, тым болмаса, оларды арнайы архивте сақтап қалуға қамқорлық ниет білдірген болатын. Кеңес империясы Абылай ханның есімін туған халқының жадынан мүлдем шығарып, оны атаусыз қалдыруға тырысты. Коммунистік идеология АБылай туралы ғылыми ізденістерге мүлдем тиым салды, сол жылдары баспадан шыққан зерттеу сымақтары да Абылайды құбыжық етіп көрсету міндеті қойылды.
Иншалла, ХХ ғасырдың аяғында бодандықтың аты өшіп, Қазақ даласы егемендіктің шапағына бөленіп, Абылай ханды өз еліне деғ әлемге де танымал ету жолдары мен іс-әрекеттері кеш болса да, қолға алынды. Бүгінгі таңда Абылайға тағзым ету арқылы қазақ халқында тиісті сый-құрмет көрсету дәстүрі қалыптастырылуы қажет. Бодандықтан құтылған елінің алдында Абылай ханды және оның әруағын қастерлеу жөнінде айтар келелі мәселелер аз емес. Соолардың бірі - екі ғасырдан артық қазақтың рухани символына айналған Абылай хандй егеменді еліміздің деңгейінде жан-жақты таныта алмай, оны өткен дәуірдегідей тағы да сан -санаққа жүгіртіп, жоққа шығаратын болсақ, онда келешек ұрпақтың ұлттық рухына кешірілмейтін нұқсан келтірмейтіні былай тұрсын, олар мыңдаған жылдар бойы ата-бабалары иеленіп келе жатқан кең байтақ жерлеріненде тыс қалулары мүмкін. Олай дегеніміз табалдырығымыздан аттаған үш мыңжылдықта еліміздің бірлігін, жеріміздің тұтастығын, ұлттық рухани байлығын сақтап қалудың кепілдік кілттерінің бір сыры - тарихи тұлғалық тұрғыдан аттары ұлттық символға айналған Абылай хан сияқты халық перзенттері өз ел-жұртында мейлінше бағаланып, барынша қастерленуі қажет. Олардың әлем шеңберінде тарихты жаңғыртқан тұлғалар ретінде танысуымыз керек. Сонда ғана бүгінгі егеменді Қазақстанға әлемдік деңгейде сый-сыяпатқа кең жол ашылып: «Абылай хан, Қаныш Сатпаев, Құрманғазы сияқты халық перзенттері туған жердегі адамдар қандай бақытты!»-деген лебіз білдіруі мүмкін.
Абылайдай ұлы бабаларымыздың тарихын зерттеу және олардың рухын қастерлеу Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабындағы асыл пікірлерімен өзектілігін тауып отыр: «Мен үшін ата-баба рухына, әруаққа бас ию сезімдері олардың идеалын жалғастыру деген сезімдермен астасып кеткен. Ал ата-бабаларымыздың идеясы біздің бүгінгі өмір тіршілігіміздің ең киелі ұстамдарымен сай келіп жатыр». Абылай туралы іздену жұмыстары екі түрлі бағытта жүргізілді.
Бірінші, тарихи деректер мен құжаттардың мән-мағынасымен танысу және олардың шындығын анықтау. Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен архив материалдарымен танысу арқылы жүргізіледі.
Екінші, арнайы антропологиялық зерттеуге Түрік мемлекетінің Қожа Ахмет Иассауи кесенесін тұңғыш рет толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі түрткі болды.
Абылай хан - XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Тарихи тұлғаларды бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Дегенмен, Ресей үшін - І Петр, Германия үшін - Отто фон Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін - Абылай да сондай тұлға.
Қазақ ұлты - Орта Азиядағы байырғы ұлттардың бірі. XV ғасырда өз алдына хандық құрған. XVII ғасырға келгенде қазақ хандығында Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз сынды үш жүз қалыптасып, әрбір жүз өз алдына хан көтеріп, дара билік жүргізе бастаған. Үш жүздің ішінде Орта жүздің елі көп, жері кең болған. Абылай міне, осы Орта жүзге XVIII ғасырда билік жүргізген. Еліне елеулі еңбек сіңірген, талай-талай дастандар тудырып, ұрпақтан-ұрпаққа жырланып келе жатқан, әйгілі тарихи ардагер және де ақыл парасатына қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғаз, жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Екі ғасырдан астам атақ даңқы, аңыз-әңгімелер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, үдеп бара жатқан Абылай осындай қайраткер болған. Абылай елміз Тәуелсіздік алғанға дейін, әділ бағасын ала алмай тарихтан тиісті орын таппай келген.
Менің, «Абылай хан - саяси қайраткер» тақырыбын алудағы мақсатым - қазақ халқының XVIII ғасырдағы сұрапыл заманда өмір сүргені, тәуелсіздігімізді алғанға дейін тарихтан әділ бағасын ала алмай келген Абылай ханның өмір тарихымен толығырақ танысу және сол заманда өмір сүрген қазақ халқының тұрмыс жағдайымен танысу болды. Большевиктер - қазақ халқының біртуар азаматтарының ерекше тұлғаларын өздеріне, яғни қазақтарға олардың жақсы қырларынан көрсетпей, керісінше құбыжық ретінде бағалағанның кесірінен қазіргі ұрпақтар сол біртуар азаматтарымыздың түп тамырларын толығымен тани алған жоқ. Енді ғана өз Тәуелсіздігіміз - өзімізде, өз Егемендігіміз - өзімізде болғандықтан, олардың өмір тарихымен танысып жатырмыз.
Абылай хан тарихын зерттеу үшін басты деректер менқұжаттар орыс архивтерінде сақталған. Қазіргі таңда сол құжаттардың деректердің біразға жуығы ана тілімізде жазылып, келешек ұрпақтар үшін тарих аренасына шығып жатыр. Абылай хан туралы мәліметтер, деректер, әдебиеттер баршылық. Мысалы, революцияға дейінгі зерттеулерге - П. С. Палластың, П. И. Рочковтың, Н. Г. Андреевтың, А. И. Левшиннің, В. В. Родловтың, С. Е. Маловтың, В. Л. Томсеннің, Н. М. Ядренсевтың, И. Фольктің, И. Г. Георгийдің, Г. Н. Потаниннің, Н. П. Рычковтың, Н. А. Аристовтың, Г. Спасскийдің еңбектері жатады. Бұл зерттейлер Қазақстанның XVIII-XIX ғасырлардағы қоғамдық саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан, халық тұрмыс салтын, жағдайын, мәдениетін жан-жақты сипаттаған. Ал өзіміздің зерттеушілерден М. О. Әуезов, А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев және т. б ақын-жазушыларымыздың еңбектерін айтуға болады. Өзіміз елболған соң көптеген еңбектер жазылынып, зерттелмеген деректер, мәліметтер зерттелініп жарыққа шығып жатыр. Осының арқасында Абылай хан сияқты халық перзенттері мен толығымен танысуға болады. Төмендегі еңбектерді жинаудың барысында: Манаш Қозыбаев «Тарих зердесі», О. Смағұлұлы, М. Қожаев, А. Оразаққызы «Абылай хан», Қ. Әбуов «Қазақстан тарихының «Ақтаңдақ»беттерінен», К. Жманатаев «Абылай», С. Дәуіт «Абылай хан», А. Асқаров «Ұлы Тұранның ұлдары», Сәрсен Бек Сахаббат «Хан ордасы - Түркістан», Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы, «Қазақтар» Энциклопедиясы. Н. Мұхаметханұлы «Тарихи зерттеулер», Т. Шойынбаев «Прогрессивное значение и присоединение Каазахстана к Россий», Қ. Аманжолов, Қ. Рахметов «Түркі халықтарының тарихы» және Қазақ тарихы журналындағы Г. Ысқақованың «Қазақ мемлекеттігін нығайтудағы Абылай ханның рөлі», Е. Уәлиханотың «Абылай және Жоңғар шапқыншылығы», Л. Жүсіпованың «Мәшһүр Жүсіп Абылайдың хан атануы хақында», «Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы Абылай ханның ел билеу саясаты», Н. Мұхаметханұлының «Абылай ханның мәмлегерлік саясаттары» «Абылай азаттық күресті - ұйымдастырушы», «Ақиқат» журналындағы Р. Кареновтың «Қазақтың туы мен ұранына айналған хан Абылай» және т. б. зерттеулер арқылы диплом жұмысымдаАбылай ханның алып империяларымен «Қытай, Ресей, Жоңғар» дипломатиялық қарым-қатынасы, өмір баяны, жатқан қабірі туралы мәліметтерді көрсеткім келеді.
Ізденіс проблеманың талабына сай, ғылыми танымдық еңбек құрылым екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда Абалый ханның дана мемлекет басшысы ретінде Қазақ тарихында алатын орны, Абылай туралы тарихи зерттеулер, қабіріне жүргізілген антропологиялық зерттеулер жөнінде баян етіледі.
Екінші тарауда алып империялар «Қытай, Ресей, Жоңғар» мемлекеттерімен қарым-қатынастары туралы баян етіледі.
Бұл тақырыптағы өзекті мәселе - XVIII ғасырдағы аты әлемге әйгілі Абылай ханның теңдесі жоқ ерекше тұлға екендігі, сонымен қатар Абылай ханның қабірі, дене бітіміне антроологиялық зерттеулер жүргізіп, оның қабірі Қ. А. Иассауи кесенесінде жатқандығын дәлелденуі.
Енді тарихнамалық шолуға тоқталсақ, Қ. Әбуов Қазақстан тарихының «Ақтаңдақ» беттерінен деген еңбегінде «Хан Абылай атандық» атты мақаласында XVIII ғасырдағы қазақ халқының және қазақ хандығының ірі мемлекеттермен арасындағы қарым-қатынасы туралы, Абылай ханның өмір тарихы туралы Төңкеріске дейінгі Абылайды зерттеген және Абылай тақырыбын зерттеген атақты ақын-жазушылардың еңбектеріне тарихнамалық шолу жасаған.
О. Смағұлұлы, М. Қожаев, А. Оразаққызы «Абылай хан»атты еңбектерінде - бұл еңбек 5 тараудан тұрады. Бірінші тарауда - Абылай ханның дана мемлекет басшысы ретінде қазақ тарихындағы алатын орны, екі империяның Ресесй мен Циннің ортасында қалған қазақ жұртын дербес ел қатарында сақтап қалу жолындағы қайраткерлік іс-қимылы жөнінде айтылады.
Екінші тарауда - Абылай ханның қабірі Әзірет Сұлтан ғимаратының сыртында болған деген жазбалар мен пікірлердің теріс және қате екендігі дәлелденіп, хан мүрдесінің Қ. А. Иассауи кесенесінің ішінде дара жатқаны, қабірінің орны нақты деректер мен құжаттарға сүйеніп анықталады.
Үшінші тарауда - Абылай қабірінің сақталуы жеке мүрдеде жатқан адам сүйегінің моналитпен алынуы және осы адамның қаңқа сүйек ерекшеліктерін Абылайдың дене бітімі жөніндегі құрылысы/деректер мен салыстыру нәтижелері баян етіледі.
Төртінші тарауда - Абылай бабамыздың анықталған бас сүйегі мен қаңқа сүйектеріне арнайы антропологиялық зерттеулер жүргізілгені және олардың көптеген нәтижелері нақтылы кестелер, суреттер арқылы жүйеленіп беріледі. Сонымен қатар антропологиялық әдіспен қайта қалпына келтірілген бас сүйегі бойынша Абылай ханның тұңғыш жасалған мүсін портретінің сипаттамасы келтіріледі.
Бесінші тарауда - қазіргі кезде жұртшылыққа кең таралған Абылай «суретінің» қайдан алынғаны және ол суреттің шын авторы М. Айтпаев екені туралы тұжырымдар мен қорытындылар сөз етіледі.
Манаш Қозыбаев: «Тарих зердесі» атты еңбегінде - «Абылай және оның заманы» деген мақаласында - Абылай ханның - ғажайып батырдың, ұлы қолбасшының, жоғары дәрежедегі мемлекет қайраткерінің, көреген дипломаттық өмірі бір ғасырға жуық қазақ халқының тағдыры мен оның ата тарихымен сабақтас екендігі және XVIII ғасыр халқымыздың тарихына Абылай заманы болып енетіндігі баяндаған. Бұл еңбекте де Абылай туралы зерттеген зерттеулер туралы баяндаған. Соның ішінде қазақтың Геродоты А. Левшиннің Абайды былай деп суреттегенін де келтірген: «Абылай тәжірибесі ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының аны, күші жағынан болсын. Сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың богдыханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта ерте білетін еді.
К. Жамантайұлы «Абылай» атты еңбегінде- Ш. Уәлихановтың «Абылай» деген еңбегіне тоқталған. Е. Мырзахметовтың «Ер ұраны Абылай» деген мақаласына тоқтаған және Абылай дастанының «Сабалақ» бөлімінен үзінді келтірілген. Ш. Уәлиханов бұл еңбегінде - Абылай Орта жүз қазақтарының XVIII ғасырда өмір сүрген хан екендігі және оның кіші жүз сұлтандарының кенже буынына тарап, үшінші атадан барып Әбілмәмбет ханға қосылғандығы, Абылайдың 1771-1781 жылдар аралығындағы өмір тарихына кеңінен тоқталған. Ал Е. Мырзахметов «Абылай аты біздерге қағаздалып, хатталып, қалған жәдігерліктерден емес, қазына халқымыздың көкірек көнбесінде асыл мұрадай сақталып, атадан балаға ауысқан өсиеттей айтылған аңызға бергісіз әңгіме арқылы жеткені анық»-дейді.
Сәрсен Бек Сахаббат «Хан ордасы - Түркістан» деген еңбегінде жалпы Түркістан қаласы жөнінде мағлұматтар келтірген. Соның ішінде «Абылай хан» деген мақаласында Абылайды «Жоңғарға, Қытайға қарсы азаттық күресін бастаған, бытыраңқы елдің басын бір емелекетке қосуыды мақсат тұтқан, төңірегіндегі Орта Азиялық халықтарды өзімен санасуға мәжбүр еткен көсем тұлға» ретінде көрсеткен.
Н. Мұхаметханұлы «Тарихи зерттеулер» атты еңбегінде Абылай туралы зерттеу деген бөлімінде - Абылайдың шыққан ортасы, өмірі, хандық дәрежеге қалай көтерілгені туралы баян етілсе, сонымен қатар XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ хандығымен Цинь империясының қарым-қатынасын, оның ішінде XVIII ғасырдағы екі елдің сауда жолындағы қарым-қатынастарына толығырақ тоқтаған.
Е. Уәлиханов «Абылай және жоңғар шапқыншылығы» деген мақаласында екі елдің қарым-қатынасы және екі мемлекеттің арасындағы шапқыншылықтар жөнінде баян еткен. Ол «Біздерге бұл күндері Абылайдың саясаты, әскери және дипломатиялық шеберлігі, әсіресе, қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы қарым-қатынастарға байланысты істер өте қызықты және қажетті болып тұр»-дейді.
Л. Жүсіпова «Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы Абылай ханның ел билеу саясаты» атты мақаласында «Абылай аспас сары бел» оқиғасының 1779 жылы болғаны туралы баяндайды. Сонымен қатар ол бұл оқиғаны Қытай деректері растайды дейді.
Н. Мұхаметханұлы «Абылай ханның мәмлегерлік саясаттары» атты мақаласында Абылай ханның Қытай Империясымен байланыстары, әсіресе, осы орайдағы мәмлегерлік тактикалары мен саясаттары туралы, екі ел арасындағы экономикалық саудасы туралы кеңінен тоқталған. Сонымен қатар автор «Қытаймен эконосикалық сауда жасау - Абылау ханының Қытаймен мәмлегерлік байланысының маңызды саласы», - дейді.
І ТАРАУ. АБЫЛАЙ СҰЛТАН.
1. 1. Абылай туралы тарихи зерттеулер.
Абылай хан. Міне оның туғанына 291 жыл толып отыр. Бұл есімді атағанда барша қазақ атауының жадына «Бостандық, егеменді ел, қазақ халқы, туған жер, отан, ел бірлігі, ынтымағы» сияқты қасиетті ұғымдар оралады. Айбынды да айдынды, әруақты Абылай бабамыздың есімі, рухы осы бір ұғымдардың синонимі емес деп, ешкімде айта алмас. Өйткені Абылай ханның - ғажайып батырдың, ұлы қолбасшының, жоғары дәрежедегі мемлекет қайраткерінің, көреген дипломаттың өмірі бір ғасырға жуық қазақ халқының тағдырымен оның ата тарихымен сабақтас. Шын мәнінде, XVIII ғ. халқымыздың тарихына Абылай заманы болып енетіні хақ.
Абылай хан - XVIII ғ тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Траихи тұлғаларды бір-біірмен теңдестіре салыстыруға болмайды. Абылайдың дара тұлғасы туралы атақты тарихшы А. Левшин «Абылай тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғдыханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді» деп суреттейді.
Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық талантымен саяис көрегендігі, қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығымен, Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты, көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін Қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды.
Абылай тақырыбын зерттеу үшін баст деректер болып саналатын құжаттар орыс архивтерінде. Ол орыс патшаларының грамоталары мен указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері аталмыш органдардың хандар мен сұлтандармен жазысқан хаттары, қазақ хандығында болып қайтқан орыс елшілерінің жазбалары. Міне, осындай документтерден тұратын «Қазақ-орыс қарым-қатынастары»деген жинақта 500 -ден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы саясаттарынан мағлұмат беретін көптеген жайттар кездеседі. Әрине, ол құжаттарды жасаған негізінен үкімет мекемелері патша чиновниктері, ал олар отарлау әкімшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен қүжатты пайдаланғанда бітірлік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келетінін ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеп, пайдаланбай біз тарихи шындыққа жете алмаймыз. Бұлардан басқа Абылай туралы мәліметтер Революцияға дейін басылған энциклопедиялық сөздіктерде, сондай-ақ «Россия біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деген іргелі басылымда кездеседі. Осы басылымның 18-томы түгелдей қазақ өлкесіне арналған. Мұнда төмендегі сөздерді оқуға болады. «Қырғыздардың (яғни қазақтардың) арсында кең танымал хан атанған Абылай қырғыздарды бөгделердің билігінде қалдырмауға тырысты. ».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz