«Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын жобалау



Кіріспе 3
1 САЙТТАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 5
1.1 PHP.дың мүмкіндіктері мен артықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Joomla контентті басқару жүйесі 10
1.3 Web сайттарды құру технологиялары 12
2 «КРЕАТИВ» МЕРЕКЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ АГЕНТТІГІНІҢ САЙТЫН ЖОБАЛАУ 17
2.1 РhpMyAdmin арқылы MySQL деректер базасын құру 17
2.2 Joomla басқару жүйесінде сайтты құру 19
2.3 CMS Joomla жүйесінде материалдарды құру 20
2.4 CMS Joomla жүйесінде мәзір құру 22
2.5 Сайттың контентін енгізу 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер 32
Қосымша А 33
Қазіргі заманда барлық алдыңғы қатарлы кәсіпорындар өздерін жеке Web-сайттары арқылы жариялайды. Веб-парақтардағы ақпаратты: мәтін, графика немесе анимация түрінде толтыру арқылы әрбір кәсіпорын Web-сайтын өзгеше етіп көрсетуге тырысады. Web-сайттың Интернеттегі жетістіктері оның қаншалықты сапалы және әдемі жасалғандығынан тәуелді. Сапалы Web-сайтты құру барысында парақтарды әдемі безендіруге дизайнердің білімдері, программалық бөлігінде кодтарды дұрыс теруге программисттің тәжірибесі қажет болады. Бұндай есептерді жеңілдету үшін арнайы программалар қолданылады. Соңғы кезде Web-сайттарды құруға жиі қолданылатын программаларға Dreamweaver жобалау ортасы жатады. Бұл мамандырылған веб-сайттарды жобалау, құру және әкімгерлеуге арналған қуатты орта. Dreamweaver кез-келген веб-технологиялар негізінде Web-сайттарды құруға мүмкіндік береді. Олар: HTML, XHTML, XML, ColdFusion, ASP, ASP.NET, JSP және PHP.
Сайттың дизайны көптеген факторларға тәуелді болады, мысалы: кәсіпорынның құрылымына, жұмыс істеу бағытына, құрылу мақсатына, енгізілетін ақпаратына.
Осылайша, Интернет арқылы кәсіпорын минималды қаражат шығындап, сапалы жарнамаға қол жеткізе алады. Сондықтан да, Web-сайттарды құру сұрақтарының актуальдылығы қоғам арасында күннен күнге өсіп жатыр.
Joomla! (Джу́млa дeп aйтылaды) — PHP жәнe Javascript нeгiзiндe құpылғaн мәлiмeттep бacқapуғa apнaлғaн жүйe (CMS). Мәлiмeттep қopы MYSQL нeгiзiндe жүpгiзiлeдi. GNU GPL лицeнзияcы бoйыншa aшық кoдпeн тapaтылaтын жүйe бoлып тaбылaды.
Зерттеудің мақсаты: Web-сайтты құру технологиясын теориялық тұрғыдан зерттеп, Joomla жүйесі негізінде «Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын құру болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
• Web-сайтты құру әдістерін теориялық тұрғыдан талдау;
• Web-сайттардың функционалдық мүмкіншіліктерін жүзеге асыру;
• Динамикалық Web-сайттарды құрудың Интернет-технологияларын меңгеру;
• Web-сайтты құрастыру және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру;
• динамикалық веб-парақтарды программалау құралын таңдау;
• Web-сайт мазмұнын анықтау;
• Web-сайт құру құралдарын таңдау;
• Теориялық материалдарды жүйелеу;
• динамикалық Web-сайттарды құру барысында PHP технологиясын қолдану мүмкіндігін зерттеу;
• Joomla жүйесі негізінде «Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын құру.
Курстық жұмыстың жаңалығы бір жобалау құралы аясында әртүрлі технологиялар негізінде динамикалық сайтты құру ерекшеліктерінің қарастырылғандығы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Web-сайтты дайындау технологиясы теориялық тұрғыдан толық зерттелсе, онда Интернет технологиясы саласында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесі жаңа сапалық деңгейге көтеріледі.
1. Веллингтон Л., Томпсон Л. «Разработка Истории интернета и web-приложений с помощью php и MySQL» / Л.Веллингтон, Л.Томпсон // – М.: Вильямс. – 2005.
2. Экслер А.Б. Укрощение Интернета, или Самый полный и понятный самоучитель работы в Сети. / А.Б. Экслер // – М.: НТ Пресс. – 2007. -944 с.
3. ru.wikipedia.org PHP // Википидия – свободная энциклопедия. Страница «PHP». [Электронды ресурс]. –http://ru.wikipedia.org/wiki/PHP
4. Бенкен Е.С. PHP, MySQL, XML: программирование для Интернета. / Е.С. Бенкен //– С.Пб.: BHV. – 2008. -570 c.
5. Харрис Э. PHP/MySQL для начинающих / Э. Харрис // – С.Пб.: Издательство «КУДИЦ-Образ». – 2005. -384 с.
6. ru.wikipedia.org CMS // Википидия – свободная энциклопедиа. Страницы «Системы управления содержимым». [Электронды ресурс].
7. -http://ru.wikipedia.org/wiki/Системы_управления_содержимым
8. ru.wikipedia.org Joomla! // Википидия – свободная энциклопедиа. Страницы «Joomla!» [Электронды ресурс]. -http://ru.wikipedia.org/wiki/Joomla
9. Рамел Д.А. Joomla! / Д.А. Рамел // Пер. с англ. – С.Пб.: BHV. – 2008. -572 c.
10. Колисниченко Д. Выбираем лучший бесплатный движок для сайта. CMS Joomla! и Drupal (+ CD-ROM) / Санкт-Петербург: БХВ-Петербург. – 2010.-288с.
11. Кузнецов М.В. «РНР 5 на примерах» / М.В.Кузнецов //-Петербург. – 2005 – 576 c.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 САЙТТАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 5
1.1 PHP-дың мүмкіндіктері мен артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Joomla контентті басқару жүйесі 10
1.3 Web сайттарды құру технологиялары 12
2 КРЕАТИВ МЕРЕКЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ АГЕНТТІГІНІҢ САЙТЫН ЖОБАЛАУ 17
2.1 РhpMyAdmin арқылы MySQL деректер базасын құру 17
2.2 Joomla басқару жүйесінде сайтты құру 19
2.3 CMS Joomla жүйесінде материалдарды құру 20
2.4 CMS Joomla жүйесінде мәзір құру 22
2.5 Сайттың контентін енгізу 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер 32
Қосымша А 33

Кіріспе

Қазіргі заманда барлық алдыңғы қатарлы кәсіпорындар өздерін жеке Web-сайттары арқылы жариялайды. Веб-парақтардағы ақпаратты: мәтін, графика немесе анимация түрінде толтыру арқылы әрбір кәсіпорын Web-сайтын өзгеше етіп көрсетуге тырысады. Web-сайттың Интернеттегі жетістіктері оның қаншалықты сапалы және әдемі жасалғандығынан тәуелді. Сапалы Web-сайтты құру барысында парақтарды әдемі безендіруге дизайнердің білімдері, программалық бөлігінде кодтарды дұрыс теруге программисттің тәжірибесі қажет болады. Бұндай есептерді жеңілдету үшін арнайы программалар қолданылады. Соңғы кезде Web-сайттарды құруға жиі қолданылатын программаларға Dreamweaver жобалау ортасы жатады. Бұл мамандырылған веб-сайттарды жобалау, құру және әкімгерлеуге арналған қуатты орта. Dreamweaver кез-келген веб-технологиялар негізінде Web-сайттарды құруға мүмкіндік береді. Олар: HTML, XHTML, XML, ColdFusion, ASP, ASP.NET, JSP және PHP.
Сайттың дизайны көптеген факторларға тәуелді болады, мысалы: кәсіпорынның құрылымына, жұмыс істеу бағытына, құрылу мақсатына, енгізілетін ақпаратына.
Осылайша, Интернет арқылы кәсіпорын минималды қаражат шығындап, сапалы жарнамаға қол жеткізе алады. Сондықтан да, Web-сайттарды құру сұрақтарының актуальдылығы қоғам арасында күннен күнге өсіп жатыр.
Joomla! (Джу́млa дeп aйтылaды) -- PHP жәнe Javascript нeгiзiндe құpылғaн мәлiмeттep бacқapуғa apнaлғaн жүйe (CMS). Мәлiмeттep қopы MYSQL нeгiзiндe жүpгiзiлeдi. GNU GPL лицeнзияcы бoйыншa aшық кoдпeн тapaтылaтын жүйe бoлып тaбылaды.
Зерттеудің мақсаты: Web-сайтты құру технологиясын теориялық тұрғыдан зерттеп, Joomla жүйесі негізінде Креатив мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын құру болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
* Web-сайтты құру әдістерін теориялық тұрғыдан талдау;
* Web-сайттардың функционалдық мүмкіншіліктерін жүзеге асыру;
* Динамикалық Web-сайттарды құрудың Интернет-технологияларын меңгеру;
* Web-сайтты құрастыру және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру;
* динамикалық веб-парақтарды программалау құралын таңдау;
* Web-сайт мазмұнын анықтау;
* Web-сайт құру құралдарын таңдау;
* Теориялық материалдарды жүйелеу;
* динамикалық Web-сайттарды құру барысында PHP технологиясын қолдану мүмкіндігін зерттеу;
* Joomla жүйесі негізінде Креатив мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын құру.
Курстық жұмыстың жаңалығы бір жобалау құралы аясында әртүрлі технологиялар негізінде динамикалық сайтты құру ерекшеліктерінің қарастырылғандығы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Web-сайтты дайындау технологиясы теориялық тұрғыдан толық зерттелсе, онда Интернет технологиясы саласында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесі жаңа сапалық деңгейге көтеріледі.

1 САЙТТАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
0.1 PHP-дың мүмкіндіктері мен артықшылықтары

Программалаудың серверлік тілдерінің ішіндегі ерекшеленетіндері: PHP (Hypertext Preprocessor), Perl, SSI (Server Side Include). Төмендегі кестеде әлемдегі кең таралған серверлік тілдер көрсетілген (Кесте 1).

Кесте 1. Әлемдегі ең кең таралған серверлік тілдер

Серверлік тілдер
Артықшылықтары
Кемшіліктері
ASP
Компоненттерді қолдану жеңілдігі
Компоненттері аз, қымбат
XML
Икемділігі жоғары, оқылымдығы
Көлем үлкен
SSI
Жылдамдығы жоғары
Меңгеру қиындығы
PERL
Мәтінмен жұмыс істеуде зор мүмкіншіліктері
Жылдамдығы төмен, библиотекасы аз
PHP
Тегін таратылады, барлық ОЖ қамтиды, көптеген мәліметтер қорымен, хаттамалармен жұмыс істейді
Үлкен жобаларды құруда тиімсіз

PHP (Hypertext Preprocessor) - атақты, кеңінен таралған, көп функционалды программалау тілі болып табылады және web-сайттар жасау үшін қолданылады. Сондықтан болса керек бұл тілдің алғашқы аты Personal Home Page (Жеке Негізгі Бет) деп аталған. PHP тілі синтаксисі көбінесе C, Java және Perl тілдері синтаксисінен алынған. Бұл тіл web программалауды үйренушілерге қарапайым оңай тіл болып келеді. PHP-дің басқа тілдерден артықшылығы web жасаушылар үшін web беттерді тез уақыт ішінде динамикалық түрде дайындау және өз құрамына HTML құжаттары PHP командалар арқылы енгізу мүмкіншіліктерін береді. PHP тілін алғаш рет 1995 жылы Расмус Лердорф жасап өз резюмесіне кіріп-шығушылар статистикасын енгізу мақсатында Perl скрипттер жиынтығын ұсынады. Web енді дамып жатқан кезде бұл мәселені шешетін мамандар жоқ болып, көптеген сұраққа толы хабарламалар келе бастайды. Расмус оларға өз Persanal Homepages Tools (PHP) - (Жеке үй беттеріне арналған жабдық) деп аталатын жабдығын тарата бастады. Тез арада функционалдылықты талап ететіндіктен Расмус өзінің жабдығының кеңейтілген баламасын жасай бастады. Сөйтіп, Лердорф Расмус бастапқы коды PHPFI-ді жалпыға көрсетіп, қателерін түзетіп, толықтырулар жасау үшін қояды.
PHPFI (Persanal Home Page Forms Interpreter - Жеке Бас Бет Форма Интерпретаторы) бүгінгі күнде PHP тілінің негізін алған. Жалпы синтаксисі Perl тілі синтаксисіне өте ұқсаған.
1997 жылдың қараша айында ресми түрде PHPFI 2.0 баламасы шығады. Бұл уақытқа дейін PHP өз қолданушылар санын бірнеше мыңға жеткізді, яғни жалпы дүние жүзі Интернет домендерінің 1% ғана есептелетін 50 000 шамасында домен пайдаланған.
PHPFI 2.0 шыққан соң, көп уақыт өтпей қазіргі күндегі PHP тіліне өте ұқсас PHP3.0 пайда болады. Оны құрушылар ретінде Энди Гутманс пен Зив Сураски тарих беттерінде қалды. Бұл балама ірі көлемдегі базаларды, протоколдарды сақтауымен және объектке бағдарланған программалау элементтерін алуымен алдыңғыларынан ерекшеленіп тұрды.
Кейін тілдің атауы PHP (Hypertext Preprocessor) деп қысқаша өзгертілді. PHP туралы алғашқы мақала 1998 жылы көктемде ComputerWorld-тың чех тіліндегі нұсқаларында жарық көрді.
1998 жылы PHP3.0 дүние жүзі Интернет серверлерінің 10% қолданды.
1998 жылдың қысына қарай PHP3.0 ресми түрде жарыққа шыққан соң, Энди Гутманс пен Зив Сураски PHP өзегін жасауға кірісті. Бұл шара нәтижесінде құрамалы қосымшалардың өнімділігін дамыту және код негізінің үлгішеңдігін артырттыру көзделді. Zend Engine деп аталушы 1999 жылда пайда болған қозғалтқыш жоғарыдағы тапсырмаларды орындады. 2000 жылы мамыр айында осы қозғалтқыш негізінде көптеген қосымша функциялар жиынтығымен бірге PHP 4.0 өз жұмысын бастады. PHP4.0 баламасына сессияларды қолдау, шығушы мәліметтерді буферлеу, қолданушылар енгізген мәліметтерді өңдеу және кейбір тілдік конструкцияларды жасау сияқты жаңалықтар енгізілді [1].
PHP әкімшілер (администраторлар) мен әзірлеушілер (developer-өндіруші) құзырына қауіпсіздіктің тиімді әрі икемді әдісін беріп қойған. Бұл әдіс екіге бөлінеді: жүйелік деңгейдегі қауіпсіздік әдісі және қосымшалық деңгейдегі қауіпсіздік әдісі.
Жүйелік деңгейдегі қауіпсіздік әдісі - PHP-де әкімшілер басқаруындағы қауіпсіздік механизмі бар. Егер ол дұрыс өңделсе, максималды еркіндік және қауіпсіздік береді. Сондай-ақ PHP тілі қауіпсіздік режимінде жұмыс жасай алады. Бұл іс-әрекет қолданушыларға барлық көрсеткіштерді көруін шектеп қояды.
Қосымшалық деңгейдегі қауіпсіздік әдісі - PHP стандартты функциялар жиынтығы ішінде сенімді шифрлау механизмі де бар. PHP бастапқы мәтінін браузерде көру мүмкін емес, себебі қолданушы сұрау салғанға (запрос жібергенге) дейін код компиляциядан өтіп болады.
PHP әзірлеушілер икемділігімен де ерекшеленеді. Өйткені, HTML, JavaScript, WML, XML тілдерімен үйлесіп жұмыс жасайды. PHP-де сценарийлер браузерлерде, сондай-ақ ұялы телефондарда, электронды жазу кітапшаларында, пейджерлерде, портативті компьютерлерде де жіберіледі.
PHP-де белгілі бір web-серверге арналған код жоқ, яғни қолданушылар белгілі бір сервер түрлерімен шектелмейді. Apache, Microsoft IIS, Netscape Enterprise Server, Stronghold және Zeus сияқты серверлердің бәрінде жұмыс жасай алады. Негізі жоғарыдағы серверлердің барлығы әр қилы платформаларда жұмыс істейді. Әйтсе де, PHP платформаға тәуелсіз болғандықтан UNIX, Solaris, FreeBSD, Windows 9598NT2000XP2003 және тағы басқа да платформалардың бәріне қол жеткізе алу мүмкіндігіне ие.
PHP тілі сервер жағында орындалатын скрипттерді жазуға арналған, ал браузер клиентке скрипттің өзі емес, оның жұмысының нәтижелері жіберіледі. Бұл сайттың парақшасын жүктеп алған қолданушы скрипттің түпнұсқа кодын көре алмайды және парақша динамикалық түрде құрылғандығын да білмеуі мүмкін [2].
PHP - бұл web-серверге жіберілетін скриптердің көмегімен web-беттердің динамикалық генерациясына қажетті программалау тілі. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған PHP операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP мен Cold Fusion-ға қарағанда, PHP ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. PHP Windows NT және Unix-тің көптеген баламаларында жасайды. Ол Apache-дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса PHP оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде үрдісті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod_perl-ді орнатудың қажеттігі болмайды
Құжат бетіндегі әртүрлі операциялардан басқа PHP көмегімен HTTP-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орнатуға болады. Сонымен қатар аутентификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттауға болады. PHP берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл PDF құжаттарды инерциялаудан, XML-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.
PHP операторлары парақшаға web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. PHP кодының блогы ?PHP тегінен бастап, ол ? тегімен аяқталады. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы PHP код ретінде интерпритацияланады. PHP тілінің синтаксисі Си және Perl синтаксисіне ұқсас келеді. Массивтер мен Хэмтер оңай жүзеге асырылады. Дегенмен PHP Apache құрылған жағдайда бәрінен жылдам жұмыс жасайды. PHP Web-сайтында оны Microsoft IIS және Netscape Enterprise Server орналастырудың реті бар. Егер PHP-ді орнатуға программалық қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны ресми Web-сайттан алуға болады. Ол жерден PHP-дің барлық ерекшелігі мен қызметі бейнеленіп түсіндірілген жетекшілікті табуға болады.
Соңғы он бес жылда ғаламтордың қиял-ғажайып дамуы және адамдардың арасындағы қарым-қатынастың жаңа әдістерін белгіледі. Бұл құбылыстың алдыңғы өкілі World Wide Web (WWW) болады [3].
PHP тарихы 1995 жылдан тәуелсіз бағдарламашы Расмус Лердорф сайтта оның онлайндық резюмесін оқып шыққан келушілердің санын есептеуге арналған PerlCGI-дің сценарийін жазудан басталады. Оның сценарийі екі есепті шешті: келушінің деректерінің тіркелуі және келушілердің санын - web-бетке шығару. WWW дамыту әлі тек қана басталды, бұл есептерді шешуге арналған ешқандай да арнайы құралдар болмады, сондықтан авторға көп сұрақтар лап берді. Лердорф Personal Home Page (PHP) немесе (гипермәтін процессоры) Hypertext Processor аталған өз құрал-сайманын тарата бастады.
Лердорфаның PHP құрал-сайманының шулы жетістігі PHP-дің кеңейтулерін өңдеуге әкеп соқты. Кеңейтулердің бірі HTML формада енгізілген мәліметтерді символдық айнымалыларға түрлендірді, осыдан оларды басқа жүйелерге шығаруға мүмкіндік берген. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Лердорф өңдеулерді жасауды ендігәрі Perl-ден С-ге өтуді шешті. Сол кезде PHP-дің құрал-саймандарыныі кеңейтуі 2.0-ші PHP-дің пайда болуына немесе PHP-FI-ді (Personal Home Page Form Interpretator) келтірді. Дүние жүзінен бағдарламашылар 2.0 баламасын жетілдіруге қатысты. Жаңа PHP баламасы ерекше мәлімділікпен пайдаланылды және өңдеушілердің негізгі командасы жақында іріктелді. Олар HTML-ға программалық кодтың енгізуінің бастапқы тұжырымдамасын тікелей сақтады және PHP-дің 3.0-ші баламасының пайда болуына келтірген лексикалық талдаудыің механизмін қайтадан жазды.
PHP 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде PHP 4-тің мүмкіндіктері зор еді. PHP 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20пайыздан көбіне қолданыла бастады.
2000-2004 жылдар арасында 4 баламаны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жасалды. Шамамен сол кезден бастап-ақ PHP Group жаңа баламаның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты, олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар.
2004 жылдың шілдесінде PHP 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы баламаларда PHP-дегі объектілік-жобалаушылық бағдарламалау минималды деңгейде мүмкін болатын болса, ал PHP 5 объектілік программалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие болды. Онымен қоса PHP XML мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды.
Скрипттік тілдер арасындағы ерекше танымалдылыққа PHP ие. Бұл тілдің көмегімен HTML технологиясынан ерекшеленетін күрделі web-ресурстар құрылады. PHP-ді қолдана отырып сайтқа кіріп-шығатын келушілер туралы олардың әрекеті туралы білуге болады, қонақ кітапшасын, чат, форумдар, есептеуіш, жүйелерді және тағы басқаларын құруға болады. PHP сайттарында кодтардың жартысы HTML-де жасалған, олар сыртқы түріне және ақпаратты шығаруға жауап береді, ал PHP өз кезегінде функционалдың динамикасы мен интерактивтілігіне жауап береді. Өзінің қарапайымдылығымен, ыңғайлылығымен және операцияларды орындау жылдамдығымен PHP тілі web-өндірудегі ең танымал стандарттар қатарына жатады.
HINEX.RU студиясымен құрылған сайттың басым бөлігін жасау кезінде PHP технологиясы қолданылған болатын, себебі сайттың деректер базасымен PHP коды арқылы байланыс динамикалық, көп функционалды Интернет-ресурсты құруда ажырамас шарт болып келеді [4].
Perl (Practical Extraction and Report Language) - әмбебап, түсіндірілген web-программалаудың тілі, сервер жағында орындалатын және сайттың жүмысын автоматтандыратын cgi-скрипттер мен cgi-программаларды жазуда қолданылады. Perl - бұл динамикалық web-парақшаларды құруға арналған ыңғайлы әрі кең таралған орталардың бірі. Perl форматы web-серверлерімен CGI (өзара әрекеттің жалпы интерфейсі) арқылы өзара әрекет орнату үшін керемет құрал болып табылады.
Perl интерпретирленген тіл болып табылады, Лари Уолл мәтіндер мен файлдарды өңдеу үшін ойлап тапты. Perl-дің шифрын былайша ашуға болады: Practical Extraction and Report Language (деректерді іс жүзінде шыңарудың және есептіліктерді жасаудың тілі).
SSI (Server Side Include) - web-парақшаларды бірнеше скрипттерден немесе файлдарды тұтас, функционалды бүтінге жинауға мүмкіндік беретін технология. SSІ web-парақшаға HTML құралдарына қол жетімді болмайтын, сервердегі мәліметті қосуға мүмкіндік береді. Негізінде SSІ PHP-ге өзінше ұқсас инклуд болып келеді. Сайт кодына бір ғана файл арқылы әрбір парақшаны өңдеуге мүмкіндік беретін, әрбір немесе ортақ парақшалар тобының элементін енгізуге рұқсат береді. SSI дерективалары кеңейтілімі .shtml, .htm және .html әрі .htaccess файлында белгіленеді.
ASP (Active Server Pages) - бұл бизнес үшін мықты әрі динамикалық web-шешімдерді құру мақсатында HTML тілін, скрипттерді және ActiveX серверлік компоненттерін біріктіруге рұқсат беретін web-қосымшаларды жасайтын ашық орта. ASP-парақшалар сервер жағында орындалатын скрипттерден тұратын парақшалар.
XML (Extensible Markup Language) - XML құжат деп аталатын мәліметтердің бүтін класының объектілерін сипаттайтын таңбалау тілі. Бұл тіл басқа тілдердің грамматикасын сипаттау үшін және құрылған құжаттардың дұрыстығын тексеру мақсатында қолданылады. Яғни, XML өздігінен таңбалауға арналған ешқандай тегтерден тұрмайды, XML тек олардың құрылу тәртібін анықтайды.
XML-дің тағы бір артықшылығы - оны ақпараттар қоймасына әмбебап сұраныс тілі ретінде қолдану мүмкіндігінде. Сонымен қатар, XML-құжаттар мәліметтерді сақтаудың бірегей тәсілі ретінде қолданылады, мұнда ол өз құрамына бір уақытта ақпараттарды өңдеуге арналған құралдарды қосады және оны клиенттік жақтан ұсынады.
XML сонымен бірге құжаттардың ішіндегі мәліметтердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады, құрамында әртүрді мәлімет болуы мүмкін құжат ішіндегі иерархиялық арақатынасты тексереді. Бұл оны бір жүйеде жұмыс жасайтын, түрлі қосымшалар арасындағы мәлімет алмасу сұрағы маңызды болып табылатын, күрделі ақпараттық жүйелерді құру кезінде қолдануға болатындығын білдіреді.
XML құжаты таңбалау элементтерінен (markup) және құжат құрылымы - мәліметтен (content). XML-тегтер құжат элементтерін, олардың атрибуттарын және басқа да тілдің конструкцияларын анықтау үшін арналған.
XML құжатта ереже бойынша ең болмағанда бір элемент анықталады, ол түбірі болып келеді. Түбірден бастап программа-анализаторлар құжатты қарауды бастайды. Егер элемент құрамында ештеңе болмаса, яғни ол анықтауы тиіс мәліметтер болмаса, элемент бос деп аталады [5].

1.2 Joomla контентті басқару жүйесі

Контентті басқару жүйесi (Content management system, ағылшынша CMS) - ақпараттық жүйе немесе компьютерлік программа, контенттi редакциялау, басқару үшiн қолданылатын бiрлескен үрдістер жиыны. Бұл жүйенің басты мақсаты барлық мәліметтердің әртүрлi көздерi және мәлiметтi рөлдер бойынша бiрлестiру, сонымен бiрге оларды оңай табуға болатындай мәліметтер базасымен оңай байланыс жасау. Құрастырылған мәлiметтермен және қызметкерлер жайлы ақпарат жобаларын, жұмыс топтарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
CMS сегменттерін зерттей отырып, дүние жүзіне әйгілі CMS (Joomla, Wordpress, Drupal, Modx) сияқты зерттеу барысында, Joomla өте қарапайым кішігірім сайттарға арналған, Wordpress көбінесе блогтар жасау үшін, Modx талаптарға келмеді. Басты алға қойған талаптар:
- әр тілде жұмыс істеуі (соның ішінде қазақша);
- қазіргі заманауи технологияларға сай болуы (AJAX, JAVASCRIPT, JQUERY);
- жұмыс жасау жылдамдығы жоғары, кроссбраузерлері.
Сайтқа деген талаптар күннен күнге өсуіне байланысты, мысалы үлкен көлемді трафикті шыдау қабілеттілігі, жылдамдығы, функционалдығы басты назар аудартады. Ең бірінші осы талаптарға жауап ретінде жеке меншік веб-студиялардың CMS ұсына бастады. Уақыт өте CMS мүмкіндіктері кеңейтіліп, тек қана арнайы жасақталған программистердің көмегімен жасалатын болды. Қазіргі таңда жаңадан ашылған веб-студиялар жаңадан сайт мазмұнын басқару жүйісін шығармай, дайын әрі тексерілген CMS пайдаланады. Тұтынушылардың талабы бойынша, көбінесе, белгілі CMS жобаларын жасауды сұрайды. Сонымен қазіргі таңда веб студиялардың жартысынан көбі дайын CMS қолданады. СMS екі түрі бар:
1) Тегін қолдану үшін (коды ашық);
2) Қорапты CMS (коммерциялық);
Қазіргі таңда сайт басқару жүйесі мындай тенденция бойынша дамуда:
Сайт мазмұнын басқару үшін көбінесе бұлтты сервистер арқылы қолдану;
Сайт мазмұнын басқару бір мезгілде мобилдік телефона арқылы басқару;
Әлеуметтік сервистермен тығыз байланысу;
Нарықтың бірігуінен CMS құрастырушылардың көбеюі;
Компоненттер бойынша сайт мазмұнын басқару, сайт мазмұнын географикалық орналасқаны бойынша сұрыптау;
Сайт мазмұны мен қолданушаларды зерттейтін модульдер құрастыру.
Joomla - MySQL және MsSQL деректер базасын қойма ретінде пайдаланатын PHP және JavaScript тілдерінде жазылған мазмұнды басқару жүйесі. GNUGPL лицензиясы бойынша таратылатын еркін бағдарламалық қамтама болып есептеледі [6].
Joomla атауы нәтижесін брендинг және маркетинг саласындағы мамандар бағалаған конкурс нәтижесінде таңдалды. Атауға негіз болған сөз Jumla болатын, африкандық тіл суахилиден аударғанда барлығы бірге немесе бүтін деген мағынаны білдіреді.
Joomla-ның басқалардан айырмашылығы көп мүмкіндіктерді ұсына отырып, заттарды қарапайым түрде сақтауға тырысатындығында. Сондықтан программалаудан хабары жоқ адамдар өздерінің сайтын толық басқару жүйесіне қол жеткізді.
Joomla CMS кең танымал CMS Mambo-ның тармағы болып есептеледі. 2005 жылдың тамыз айында CMS Mambo-ның өндірушілерінің көп бөлігі жүйені дамытудың экономикалық саясаты мен жоспарына келіспегендіктен Mambo жобасынан бөлініп кетеді. Ал 2005 жылдың 16 қыркүйегінің өзінде Joomla-ның бірінші баламасы шығарылады, ол атауы өзгерген Мambo 4.5.2.3 болатын және сол кездегі қателіктер мен осал тұстарының дұрысталғандығымен ерекшеленді.
Joomla-ның 1.0 баламасын өндіру 2008 жылдың ақпан айында тоқтатылды, ал берілген баламаның соңғы қолдауы 2009 жылдың 1 шілдесінде аяқталды. 1.0 баламасының орнына Joomla 1.5 шығарылды. Аталған балама 2007 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың наурыз айына шейін шығарылды, ал 2012 жылдың сәуір айында оның қолдауы тоқтатылды.
2011 жылдың соңы мен 2012 жылдың аяғында Joomla 1.6 және Joomla 1.7 шығарылды, олар Joomla 1.5 пен Joomla 2.5-тің аралық баламалары болатын.
Қазіргі таңда Joomla-ның екі баламасы қолдау тауып отыр - Joomla 2.5 Joomla 3, олар жақында шығарылған және Joomla CMS дамуының жаңа тармақтары болып есептеледі.
Joomla-ның баламалары стандартты (STS) және ұзақ мерзімді (LTS) қолдауға есептелген. Стандартты қолдаудың мерзімі 7 ай, ал ұзақ мерзімді қолдау - 22 айға созылған. Әрді 6 ай сайын жаңа STS шығарылады, х.5 баламалары LTS-тен тұрады.
Joomla 2.5 - баламасы LTS тұрады және 2013 жылдың қыркүйегінде Joomla 3.5-пен алмастырылды.
Joomla 3.0 - баламасы STS тұрады, 2013 жылдың наурыз айында Joomla 3.1 баламасына алмастырылады.
Joomla 3.1 - STS баламысымен сипатталады 2013 жылдың наурызынан 2013 жылдың қыркүйегі аралығында босатылады.
Joomla 3.5 - LTS-тан тұрады, 2013 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың наурызы аралығында шығады [7].

1.3 Web сайттарды құру технологиялары

Web-программалау - web қосымшаларды құруға бағытталған программалау бөлімі. Web-программалау тілдері - web технологиялармен жұмыс істеуге арналған тілдер. Ал кейбірі тек қандай да бір ресурспен жұмыс жасау үшін құрылған, көп уақыт өткеннен кейін ғана оларға даңқ пен көпшіліктің танымалдылығына ие болды. Web-программалау тілдері негізінен екі топқа жіктеледі: клиенттік және серверлік.
Клиенттік программалау тілдері - қолданушы серверінде орындалады, әдетте оларды браузер орындайды. Бұл клиенттік тілдердің негізгі мәселесін тудырады, яғни программаның орындалу нәтижесі қолданушының браузеріне байланысты. Егер де қолданушы клиенттік программаларды орындауға тыйым салса, онда бағдарламашы қанша тырысса да, программа орындалмайды. Кейде әртүрлі браузерде бір скрипт әртүрлі орындалуы мүмкін. Басқа жағынан алғанда, егер де бағдарламашы серверлік программаларды қолданатын болса, онда жұмысты оңтайландырады және жүктеме азаяды.
Клиенттік тілдердің артықшылығы скрипттерді осы тілде өңдеу серверге құжаттарды жібермей-ақ орындалатындығында. Мұны мысал ретінде түсіндіру жеңіл: мәселен, қолданушы e-mail-ді дұрыс енгізгендігін тексеру керек; мұны қолданушы жасау үшін, мәліметтер толтырылған форманы жіберу керек, сосын оның өңделуін күту керек, содан кейін ғана қателік туралы хабарламаны (егер бар болса) алу керек. Үрдіс тым ұзаққа созылады. Клиенттік тілмен программа форманың дұрыс толтырғандығын хабарлама жібермес бұрын тексереді, егер қажет болса қателікті шығарады. Осыдан программалаудың клиенттік тілінің көмегімен серверге ешнәрсе де жазылмайтындығы шығады, яғни оның көмегімен қонақ кітапшасын жасау мүмкін емес, ол үшін сервердегі қандай да бір файлға хабарлама жазу керек болады [8].
Клиенттік тілдердің кең танымалы JavaScript, оны жасаушы компания ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдағы бұқарамен байланыс бөлімінің ролі
Оқу-танымдық тәжірибе есебі
Трансляция бойынша роликтердің мынадай түрлері
Ғылыми зерттеу институтыныңақпараттық жүйесін жобалау
Туристік кәсіпорын қызметінің келешегін түрлі стратегияларды қолданып, арттыру жолындағы жоспарлауды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Қосымша білім беру институтының сайты
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕІЗДЕРІ
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттi басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру ерекшеліктері
Пәндер