Корпорациялардың рентабельділігі, оның түрлері мен көрсеткіштерін анықтау



Корпорация табыстары негізгі қызметтен түскен және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болып бөлінеді.
Корпорацияның негізгі қызметтен алынатын табыстары - олардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.
Негізгі қызметтен алынған табыстарға корпорация жүйесінде келесілер жатады:
- дайын өнімді /жұмысты, қызметті/ сатудан түскен табыстар;
- сатылып алынған тауарларды сатудан түскен табыстар;
- құрылыс-монтаж, ғылыми-іздестіру, геологиялық барлау және т.б. болған табыстар;
- көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен түскен табыстар;
- жалға байланысты алынған табыстар;
- байланыс ұйымдарының қызметінен түскен табыстар;
- сақтандыру компанияларының қызметінен түскен табыстар;
- инвестициялық қызметтен түскен табыстар;
Бұл табыстардың барлық түрлері үшін корпорацияның бухгалтериясында жекеленген бухгалтерлік шоттар ашылады.
Ал корпорацияның негізгі емес қызметінен түскен табыстары дегеніміз – субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады.
Оларға: -корпорацияның материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстар;
- негізгі құралдарды сатудан түскен табыстар;
- құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар;
- акциялар бойынша дивиденттер мен пайыздардан түскен табыстар;
- курстық айырмашылықтан түскен табыстар және т.б.
Сонымен қатар, корпорацияның мұндай табыстарына басқа заңды және жеке тұлғалардан тегін келіп түскен материалдық емес активтер, негізгі құралдавр, материалдар, ақша қаражаттары, айыппұлдар, өсімақылар және т.б. төлемдер жатады.
Жалпы кез-келген корпорацияда пайда көрсеткіштері экономикалық мазмұнына қарай, функционалдық мағынасына қарай келесі көрсеткіштерге бөлінеді: барлық есептеулердің негізгі базасы ретінде – баланстық пайда табылады, яғни корпорацияның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіші.
Жалпы пайда - өнімді өткізуден түскен пайда сомасы, негізгі құралдар және тағы басқа корпорацияның сатудан тыс операцияларынан түскен кіріс болып табылады. Бірақ жалпы пайда корпорацияның бухгалтерлік есеп беруінде көрініс таппайтын болғандықтан, корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетіледі. Ол нормативті құжаттарға сәйкес, яғни стандарт бойынша баланстық пайда деп аталады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университеті
Тілдер және менеджмент факультеті

Есеп және аудит факультеті

Баяндама
Тақырыбы: Корпорациялардың рентабельділігі, оның түрлері мен көрсеткіштерін анықтау.

Орындаған: 411 - топ студенті, Еспосинова Ж.Б.
Тексерген: магистр, Абдуллаева Л.И.

Орал - 2017 жыл
Корпорация табысының жіктелуі және рентабельділігі.

Корпорация табыстары негізгі қызметтен түскен және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болып бөлінеді.
Корпорацияның негізгі қызметтен алынатын табыстары - олардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.
Негізгі қызметтен алынған табыстарға корпорация жүйесінде келесілер жатады:
- дайын өнімді жұмысты, қызметті сатудан түскен табыстар;
- сатылып алынған тауарларды сатудан түскен табыстар;
- құрылыс-монтаж, ғылыми-іздестіру, геологиялық барлау және т.б. болған табыстар;
- көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен түскен табыстар;
- жалға байланысты алынған табыстар;
- байланыс ұйымдарының қызметінен түскен табыстар;
- сақтандыру компанияларының қызметінен түскен табыстар;
- инвестициялық қызметтен түскен табыстар;
Бұл табыстардың барлық түрлері үшін корпорацияның бухгалтериясында жекеленген бухгалтерлік шоттар ашылады.
Ал корпорацияның негізгі емес қызметінен түскен табыстары дегеніміз - субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады.
Оларға: -корпорацияның материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстар;
- негізгі құралдарды сатудан түскен табыстар;
- құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар;
- акциялар бойынша дивиденттер мен пайыздардан түскен табыстар;
- курстық айырмашылықтан түскен табыстар және т.б.
Сонымен қатар, корпорацияның мұндай табыстарына басқа заңды және жеке тұлғалардан тегін келіп түскен материалдық емес активтер, негізгі құралдавр, материалдар, ақша қаражаттары, айыппұлдар, өсімақылар және т.б. төлемдер жатады.
Жалпы кез-келген корпорацияда пайда көрсеткіштері экономикалық мазмұнына қарай, функционалдық мағынасына қарай келесі көрсеткіштерге бөлінеді: барлық есептеулердің негізгі базасы ретінде - баланстық пайда табылады, яғни корпорацияның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіші.
Жалпы пайда - өнімді өткізуден түскен пайда сомасы, негізгі құралдар және тағы басқа корпорацияның сатудан тыс операцияларынан түскен кіріс болып табылады. Бірақ жалпы пайда корпорацияның бухгалтерлік есеп беруінде көрініс таппайтын болғандықтан, корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетіледі. Ол нормативті құжаттарға сәйкес, яғни стандарт бойынша баланстық пайда деп аталады.
Салық салу мақсатына байланысты арналған көрсеткіш - жалпы пайда, ал оның негізінде салық салынатын және салынбайтын пайда болып бөлінеді. Салық салудан кейінгі және басқа да бюджет төлемдерінен кейінгі корпорацияның өзінде қалатын пайда таза пайда болып табылады. Бұл корпорация қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады
Корпорациядағы таза пайда келесі көздер бойынша бөлінуі мүмкін:
-резервтік капиталға;
-дивидендтер төлеуге;
-тұтыну және әлеуметтік қажеттіліктерге;
-өндірістік құралдар сатып алуға;
-кейінге қалдырылған несие төлемдерін жүзеге асыруға және т.б.
Корпорация табыстылығын жалпы бағалау үшін активтердің рентабельділігі анықталады. Рентабелділік - шығарылған өнімнің табыстылық дәрежесін сипаттайтын өндіріс тиімділігіне қатысты көрсеткіш. Рентабелділік көрсеткіші сауда-өндірістік процесстің табыстылығын, пайдалылығын көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады:
Р = Пайда Өнімнің өзіндік құны * 100
Осыған байланысты әр түрлі дәрежелердің рентабелділігі анықталады:
Капитал рентабелділігі = таза пайда таза активтер *100
Бұл көрсеткіш корпорацияның барлық салаларындағы жеке және заемддық капиталдарды, яғни ұзақ мерзімді негіздегі жұмылдырылған капиталдардың табыстылығын бағалауға арналған.
Сату рентабелділігі = сатудан түскен пайда сатудан түскен түсім *100
Сату рентабелділігі корпорация қызметінің негізгі табыстылығын сипаттайды. Менеджерлер бұл көрсеткіштерді баға арасындағы, өткізілген тауар саны және көлемі арасындағы байланысты бақылау үшін қолданылады.
Ра=(ТТА)*100,
мұндағы: Ра - активтердің рентабельділігі; ТТ - таза табыс; А - активтердің құны.
Активтердің рентабельділігімен қатар тәжірибеде өнімнің рентабельділігі кеңінен қолданылады. Ол келесі формуламен анықталады:
Рө=(ЖТӨҚ)*100,
мұндағы: Рө - өнімінің рентабельділігі; ЖТ - жалпы табыс; ӨҚ - өзіндік құн.
Рентабелділік көрсеткіштері корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметін талдау процесінде, қаржылық жоспарлауда, басқару шешімдерін таңдауда және т.с.с. маңызды орын алады.
Кәсіпорын үлкен пайдаға шығындар құнымен жетеді. Сондықтан да өндірістік кәсіпорынның қызметін бағалаудың үшін тек қана пайда көрсеткішін қолдану жеткіліксіз. Мысалы, екі кәсіпорынның табатын пайдасы да бірдей, бірақ олардың өндірістік қорларыны, сонымен қатар негізгі капиталының және айналым құралдарының құндары әртүрлі. Бұл жерде өндірістік қорларының құны төмен болған кәсіпорын тиімді қызмет етеді. Солай, кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауын бағалау үшін, пайда мен өндірістік қорларды. Міне, осы рентабельділік.
Рентабельділік - бұл шығындардың өтелу деңгейін және ресурстарды қолдану дәрежесін сипаттайтын өндірістің тиімділігіне қатысты көрсеткіш. Рентабельділіктің коэффициенттерін құру негізінде табыстың (көбінесе таза пайда) жұмсалған қаражаттарға немесе сатудан түскен пайдаға, я болмаса кәсіпорынның активтеріне деген қатынасы жатыр.
Рентабельділік көрсеткіштерін келесідей негізгі топтарға бөлуге болады:

Рентабельділік көрсекіштері
Есептеу формуласы
Белгіленуі
Барлық тауарлық өнім мен өндірістің жекелеген түрлерінің рентабельділігі
өнім бірлігінің есебінің табысы x 100% өнім бірлігінің өзіндік құны тауар шығару есебінің табысы x 100% өнім бірлігінің өзіндік құны баланстық (таза) табысы x 100% негізгі өндірістік қорлардың және материалдық айналым құралдарының сомасы
әртүрлі өнім түрлерінің табысын, барлық тауарлық өнімнің және кәсіпорынның рентабельділігін (пайдалылығын) сипаттайды
Өткізу (сату) рентабельділігі
өнімді сатудан түскен табысы x 100% сату бағасы
Кәсіпорынның әрбір теңгеден қандай пайыз табыс алатынын көрсетеді
Активтердің (капитал) рентадельділігі Ағымдық активтердің рентабельділігі Таза активтердің рентабельділігі
Пайда x 1 00% жиынтық активтер Пайда x 100% ағымдық активтер Пайда x 100% таза активтер
Бір теңгеге шаққандағы келетін активтердің қайтарымдылығын сипаттайды
Меншік капиталының рентабельділігі
баланстық (таза) пайда x ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты. Шетелдік инвестициялар, оларды тиімді пайдалану саясаты
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Корпорациялардың қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары
Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары» (БК «Транс - Сервис» ЖШС мысалында)
Экономикалық инвестиция
Сот медицина орталығы
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау
Фирма теориясы. нарықтық қатынастар жүйесіндегі фирма
Пәндер