Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті
«Қорғауға жіберілсін»
Ветеринарлық медицина және биотехнология
факультетінің деканы, в. ғ. д., профессор Кушалиев Қ. Ж.
“ ” 2011 г.
“Алдын ала қорғаудан өтті ”
«Эпизоотология, паразитология және ВСС»
кафедрасының меңгерушісі, в. ғ. д., профессор Шалменов М. Ш.
“” 2011 г.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: “ Шекарадағы және кедендік пунктегі
ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру ”
Орындаған: «Ветеринарлық санитария»
мамандығының ВС-51 топ студенті Ғазизова С. А.
Дипломдық жұмыс жетекшісі:
в. ғ. д., профессор Таубаев Ө. Б.
Сын пікір беруші:
в. ғ. к., доцент БҚВҒЗС-ның
аға ғылыми қызметкері, Тұяшев Е. К.
Орал, 2011
МАЗМҰНЫ
Бет.
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар . . .
Қысқарту мен белгілер . . .
КІРІСПЕ . . . 3
1 . ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 6
2. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР . . . 33
2. 1 Зерттеу шаралары мен әдістері . . . 33
2. 2 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі Солтүстік-Батыс аймақтық инспекциясының шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың Батыс-Қазақстан облысы бойынша инспекциясының қызметі . . . 37
2. 3 Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылауында болатын жүктерді
импорттау және экспорттау кезінде қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар . . . 38
2. 4 Жануарларды, мал шаруашылығы өнімдерімен жануар тектес шикізаттарды экспортқа шығарғандағы мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық қадағалау . . . 42
2. 5. Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық қадағалау бақылауында болатын жүктерге ветеринарлық жолдама құжаттарын рәсімдеу тәртібі . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
К І Р І С П Е
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау бұл мемлекеттік және мал дәрігерлігінің мекемелерімен ұйымдарын жүзеге асыратын ветеринарлық-санитарлық шаралардың кешені.
Еліміздің нарықты экономиканың түріне өтуі ветеринарлық жұмыстарды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің түбегейлі өзгеруін, агроөнеркәсіп қадағалау кешені, мемлекеттік шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды күшейтуді талап етеді.
Біздің еліміз жан-жақты сыртқы сауда қатынастарын жасай отырып, шет мемлекеттерден асыл тұқымды, спорттық (жарыстық), сойыстық, және шаруашылықта пайдаланылатын малды, зоопарктік және цирктік жануарларды, алуан түрлі мал өнімдері мен жануартектес шикізаттарды тасымалдайды.
Шет мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастардың ұлғаюына қарай жұқпалы аурулардың, әсіресе, мал шаруашылығы үшін аса қауіпті экзотикалық індеттердің әкелу мен таралу мүмкіндігі арта түсті. Осы жайлар мемелекеттік ветеринарлық қадағалауды қатаң жүргізуді қажет етеді.
Жануарларды, мал өнімдері мен жануартектес шикізаттарды шет мемлекетке шығару және шет мемлекеттен әкелу кездеріндегі мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық қадағалауды жүзеге асыру үшін, республикамыздың мемлекеттік шекарасында, негізінен, кедендік бекеттер бар жердің бәрінде шекаралық ветеринарлық бақылау бекеттері ұйымдастырылған.
Шекаралық ветеринарлық бақылау бекетінің негізгі міндеті-елімізді сырттан, яғни басқа шет мемлекеттер аумағынан тарайтын жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырушыларының енуінен қорғау, сондай-ақ Республикамыздан шығарылатын жануарлардың аурудан таза болуы.
Көліктегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып жануарлар, соның ішінде құстар, балықтар сонымен қатар тасымалдауға ұсынылған ет пен ет өнімдері және жануар тектес шикізаттар, тасымалдауға қолданылатын көлік құралдары (вагондар, кемелер, баржалар, автокөліктер, ұшақтар) және де жүкті тиеу-түсіру алаңдары, құрал-жабдықтар, суару құбырлары және жануарлар мен жануар т ектес шикізаттарды қысқа мерзімді ұстау орындары саналады.
Малды және мал шаруашылығындағы малдардан өндірілетін өнімдерін тиегенде, тасымалдағанда, түсіргенде және тасымалдау алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізу барысында қаралған тиісті ветеринарлық-санитарлық ережелердің орындалуын бақылап отыру жұмысын тікелей көліктегі және шекарадағы ветеринарлық бақылау пункттері, ветеринарлық бақылау күзеттері іске асырады.
Темір жол көлігі мен су жолы көлігіндегі, теңіз және өзен порттарындағы, халықаралық қатынастағы автомобильдегі шекаралық ветеринарлық бақылау пункттерінде бірнеше ветеринар мамандарының ұжымын біздің еліміздің аумағын шет елден енетін жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының таралуынан қорғауға жұмылдырылған.
Жүктерді тасымалдау кезінде жүргізілетін шаралардың тиімділігі, жануарлардың ет пен жануар тектес шикізаттардың шығарылатын жерінің эпизоотиялық сәттілігіне, тасымалдау вагондарының техникалық күйінің материалдық техникалық қамтылуына, суару пункттерінің жабдықталуына, көңді және вагондарды зарарсыздандыру технологиясының сақталуына, жолшыбай мал өлекселерін уақытылы түсіріп алуына байланысты болады.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы субъектілердің әл-ауқаттары жақсарып, мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жаңа шаруашылық субъектілерінің қатары көбейіп келеді. Осылайша ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарының саны көбейіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шешіліп жатыр. Отандық мал шаруашылығы өнімдерін бәсекелестікке сәйкестендіру және сыртқы рынокқа шығару Қазақстанның негізгі стратегиялық бағыты болып табылады.
Жануарлардан алынатын өнімдерді облыс сыртына тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды сақтап, арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылады (етті қатарлау және асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі) .
Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес температуралық режим сақталады.
Автокөлік құралымен жануарлардың етін тоңазытылған, мұздатылған немесе суыған қалпында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі (кебу қабығы пайда болып, 6 сағат бойы суытылған) .
Малды, құсты тасымалдау арнаулы көліктермен немесе қарапайым жүк машиналарын осы мақсатқа арнайы жабдықталғаннан кейін жүргізіледі. Бұл үшін автокөліктер тасымалдау жағдайына байланысты жабдықталуы тиіс. Ірі қара, қой, шошқа, ешкі малдарын тасымалдайтын автокөлік қорабының қалқаны қажетті 100 - 150 биіктелуі тиіс.
Осыған байланысты, дипломдық жұмысты орындау барысында келесі мақсаттар мен міндеттерді қоямын:
- Жануарларды, өнімдер мен шикізаттарды және басқа да қадағалау бақылаудағы жүктерді бір жерден екінші жерге ел ішінде тасымалдағанда, импорттағанда және экспорттағанда сонымен қатар ел арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүргізу.
- Көліктегі ветеринарлық санитарлық бақылау пункттері қажет болған жағдайда шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасының нұсқауы бойынша, шекаралық ветеринарлық - санитарлық бақылау пунктінің қызметін атқарады.
- Жануарларды, өнімдер мен шикізаттарды және басқа да қадағалау бақылаудағы жүктерді бір жерден екінші жерге ел ішінде тасымалдағанда, импорттағанда және экспорттағанда сонымен қатар ел арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүргізу.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
К. Д Даулетбаевтың [1] мәлімдеуінше шекарадағы ветеринарлық-санитарлық бақылау пәні «Ветеринарлық санитария» ғылымының негізгі бір саласы болып табылады.
Шекарадағы ветеринарлық-санитарлық бақылау бұл мемлекеттік ветеринарлық мекемелері мен ұйымдары жүргізетін ветеринарлық - санитарлық шаралар кешені.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық басқармалары, республика аумағына сырттан басқа мемлекеттерден енетін және тарайтын жұқпалы және экзотикалық аурулардан қорғауда өзінің құзырының тиісті шегінде атқарушы және қадағалау- бақылау қызметін атқаратын аумақтық орган болып табылды.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық басқармаларының Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізімге сәйкес, барлық облыстарда бөлімшелері мен шекаралық ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттері (ШВСП) ұйымдастырылған.
Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіңің заңды ұйым құқығындағы дербес бөлімшесі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме ретінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария департаментінің құрамына кіреді.
М. П. Бутконың [2] айтуынша көліктегі ветеринарлық -санитарлық бөлімшелері мен шекарадағы ветеринарлық бақылау пунктінің жұмыс жоспарына-жануарларды тиеу және түсіру кезіндегі ветеринарлық -санитарлық бақылау, өздерінің аумағындағы жануар тектес шикізаттар мен өнімдерді, түрлі шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық жағдайы бақылау және де басқа қаржылық мақсатта жүктерді тиеу кезінде міндетті жүйелі түрде өткізіліп отыру қажет. Комиссия құрамына (ең кемінде жылына бір) көліктің мемлекеттік ветеринарлық бақылау бөлімшесінен, қалалық ветеринарлық инспекторы, қалалық санитарлық қызмет өкілі мен темір жол қызмет өкілі кіреді.
Шаруашылықта тексеру қорытындысы бойынша акт толтырылып, ескертулер болса жазылады.
Тиеу кезінде тасымалданатын дайын өнімнің санитарлық жағдайын, көлік тазалығын, жұмысшылардың жұмыс киім жағдайларын тексереді.
Малды, құсты тасымалдау арнаулы автокөліктермен немесе қарапайым жүк машиналарын осы мақсатқа арнайы жабдықтағаннан кейін жүргізіледі.
Бұл үшін автокөліктер тасымал жағдайына байланысты жабдықталуы тиіс. Ірі қара, шошқа, қой мен ешкі малдарын тасымалдайтын автокөлік қорабының қалқаны қажетті 100-150 сантиметрге биіктелуі тиіс.
Жануарларды тасымалдау кезінде қолайсыз ауа райының әсерінен (қатты ыстық, жаңбыр, қар) қорғау үшін автокөлік қорабының едені таза, жуылған, бұқырланған және едені төселгішпен (сабын, ағаш ұнтағы және т. б. ) жабылуы тиіс.
Тез бұзылатын жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау кезінде температурасынан қорғалуы керек жүктер. Мұздатқыш вагондарда мұздатылған жүктерді тасымалдау уақыты шектелмейді. Тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға тек қана тасымалдау жағдайы сапасына сәйкес болса, орамда орнатылған стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес болса тасымалдауға жіберіледі. Орамы бүтін, мықты, таза, аққаның ізі жоқ болуы керек.
П. Г. Песковтың мәлімдеуінше жануар тектес шикізаттарды теміржол көліктерімен тасымалдау жұқпалы аурулардан таза шаруашылығынан ғана рұқсат етіледі. Жүкті жөнелтуші тұлға өнімдер мен жануар тектес шикізаттардың әрбір вагонына белгілі үлгідегі ветеринарлық куәлігін ұсынады.
Теміржол бекетінің әкімшілігі көліктегі ветеринарлық санитарлық бақылау пунктінің мамандырын, мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудағы жануартектес шикізаттың тиелетіндігі туралы 12 сағат бұрын хабар беруі тиіс.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудағы жүктер тек қана ветеринарлық куәлікте көрсетілген бекетте және жүкті қабылдаушы тұлғаны көрсетілген мекен жайына дейін тасымалдауға қабылданады. Баратын бекеттің немесе жүкті қабылдаушының мекен-жайын өзгерту тек қана тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының рұқсатымен жұргізіледі. Жүкті жөнелтуші бекетінің қызметкерлері ветеринарлық куәлікке күнтізбелік таңба басады, бұл осы куәліктің қайта қолдануда жарамсыз екенін білдіреді.
Темір жол көлігімен тасымалданбақшы мал жұқпалы аурудан сәтті шаруашылықтардан шығуы тиіс және дені сау болу шарт. Малды темір жол көлігімен тасымалдау оның қалыптасқан жағдайын өзгертеді. Тасымалдау кезінде мал организмі әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан малды тасымалдауға дайындау шаруашылықтарда 5-7 күн бұрын жүргізілуі тиіс. Тасымалдауға жататын мал оның жынысына, жасына, тірілей салмағына, құндылығына байланысты топтарға бөлініп, малды азықтандыру тәртібі, тасымалдау кезіндегі азықтандыру кестесіне сәйкестендіреді. Жануарларды жөнелтпекші шаруашылықтың әкімшілігі, мал жолда болатын күнде есептен азық қорымен, төсенішпен малды жолда күту үшін қажетті құрал - сайман, жабдықтармен, малды күтуге арналған жолсеріктерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Акттың бір данасын тасымалдау құжаттарына тіркейді. Сұрыптау бекетінде мал шаруашылық шикізаттары үшін, қоймаларда биіктігі 2, 5 метр қарағай қабырғаларымен бөлінген орындар, алаңдар болуға тиіс.
Шикізаттың тиісті станциясына жеткізілген туралы станциясының бастығы мал дәрігерлік-санитарлық бақылауына хабар береді.
Ветеринария журналының жазбалары бойынша басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шекара мен кеден пункттерінде шекараның ветеринарлық санитарлық бақылау пункттерін ұйымдастырады,
Шекара мен ветеринарлық-санитарлық бақылау пунктінің міндетті түрде мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылауында болатын жүктер алып өтілетін шекара мен кеден пункттерінде ұйымдастырады.
Шет елге шығарылатын немесе шет елде әкелінетін өнімдердің жануар тектес шикізаттардың және тағы да басқа бақылаудағы жүктердің ветеринарлық санитарлық жағдайларын тексереді.
Шекарадағы ветеринарлық санитарлық бақылау пунктінің ветеринария саласындағы уәкілетті орган шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып саналып, соның басшылығымен бақылауымен өзінің қызметін атқарады. Шекарадағы ветеринарлық санитарлық бақылау пунктінің Республикалық бюджет есебінен ұсталады.
Шекара мен мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Коснтитуциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және үкіметтің жарлықтар мен өзге де ветеринария саласындағы кесімдерін (актілерін) басшылыққа алады.
Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді атқарады:
- Қазақстан Республикасының аумағы сырттан басқа мемлекеттерден енетін және тарайтын жұқпалы және экзотикалық аурулардан қорғау;
- мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудағы жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдағанда, импорттағанда және экспорттағанда, сондай - ақ осы жүктерді көліктердің барлық түрлерімен (темір жол, су, әуе, автокөлік қатынасы) тасымалдағанда және жөнелткенде, қол жүктерін қоса есептегенде, жүктердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылауындағы жүктер тек қана (ауылдан, шаруашылықтардан, ұйымдардан) жұқпалы аурулардан таза және карантинде емес жерлерде шығуы керек. Аудан көлемінен шығарылатын бүкіл бақылаудағы жүктерге, жүк жіберуші тасымалдаушыға орнатылған үлгідегі ветеринарлық куәлікті көрсетуге тиіс. Егер бақылаудағы жүктер тек қана аудан көлемдегі тасымалданса, онда ветеринарлық анықтама беріледі.
А. И. Талий [4] мәлімдеуінше ірі малдар (жылқы, сиыр, бұқа) автокөлікте басымен алға қарай орналастырылып байланады. Ірі қара малдың екі автокөлікте басымен алға қарай орналастырылып байланады. Ірі қара малдың екі жасқа дейінгісі, шошқа, қой және ешкі басқа ұсақ жануарлар байлаусыз бос тасымалданады. Егер сыртқы ортаның ауа температурасы + 30 0 С жоғары болса, шошқаны тасымалдауға жіберіледі.
Жануарларды тасымалдау кезінде малдың санына қарамастан, автокөлік жүргізушісінен өзге, міндетті түрде арнайы тағайындалған жолсерігі болуы қажет.
Жануарлар ұзақ сапарға 6 сағаттан астам тасымалданатын болса, онда жөнелтуші шаруашылық міндетті түрде малдарды қажетті мөлшерде азықпен қамтамасыз етеді. Жолда малды тәулігіне кем дегенде екі рет азықтандырып, сұрау қажет. Малдар жол бойында 12 сағаттан астам уақыт тасымалданса, оларды әр 10-12 сағаттан кейін 2-3 сағатқа демалдырады. Тынықтыру кезінде жолсерік міндетті түрде жануарларды суарып, азықтандырады және автокөлік қорабын қидан тазалап, жаңа төсеніш салады.
Малды тынықтандыратын, қиды түсіретін жер, тасымалдау бағыты жергілікті әкімшілікпен мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет органдарымен күні бұрын келісіледі. Жануарларды тасымалдау бағытында әрдайым белгіленген және орналастырылған мал суаратын орны болу керек. Жануарлар автокөлікте бірқалыпты, қатты жұлқымай, оқыс тежемей, жайлы жүріспен сағатына жүру жылдамдығы 60 шақырымнан аспайтын жағдайда тасымалдануы тиіс. Малдың тірілей салмағын төмендетпей жарқат және өлім-жітімге ұшыратпау үшін тасымалдау ұзақтығы 24 сағаттан аспағаны жөн.
Тасымалданбақшы малдар мал дәрігерінің бақылауынан өткізіліп, малдардың жалпы жағдайын және тасымалдауға жарамдылығы анықталады.
Малды тиеу кезінде денесіне жарақат түсірмеу үшін арнайы баспалдағы бар қондырғылар қондырады.
Жүк жіберуші ветеринарлық куәлікті автокөлік жүргізушісіне немесе бірнеше автокөлікке тиелсе, автоколонна бастығына беруі тиіс, соңыра жүргізушінің жол құжатына ветеринарлық куәліктің рет санын, берілген күнін көрсетіп, жүк жіберушінің мөрімен бекітіледі. Жүк жіберуші міндетті түрде, егер керек болса, жол бойында бақылау жүргізетін қызметтің қызметкерлері сұрауы бойынша ветеринарлық куәлікті көрсетуі қажет.
Жануарлар және құстар тасымалына арналған автокөліктер тасымал жағдайына байланысты жабдықталуы керек. Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі тасымалдайтын автокөлік қорабы керек (100-110 см) биіктікте болу қажет.
Жануарлар тасымалдау кезінде қолайсыз ауа райынан ( өте ыстық, қыс, күз уақытында) сақтау үшін автокөлік қорабы брезентпен немесе басқа материал мен жабдықталуы тиіс. Автокөлік қорабы тесіксіз және бүтін болуы керек.
Жануар тасымалына арнаулы (мал тасымалдайтын көлік) ағаш едені бар көлік пайдалануы керек. Автокөлік қорабы таза болып, қорап едені төселгішпен (сабан, ағаш ұнтағы және т. б) төселінуі тиіс.
А. А. Крючков [5] мәліметтеріде көрсетілгендей республиканың көлік жүйесінде халық шаруашылығының жүктерінің, соның ішінде үй, жабайы, зертханалық жануарларын ет пен ет өнімдерін, жануар тектес шикізаттарды, биологиялық препараттарды, консервіленген қанды, малдың ұрықтарын, асыл тұқымды жұмыртқаларды өсіруге пайдаланатын балықтарды, араларды тағы да басқа жүктерді жедел тасымалдауда әуе жол көлігінің алатын орыны ерекше. Осы аталған жүктердің бәрі де жедел тасымалдауда, сонымен қатар тиеу, тасымалдау, үсіру және әуежайда уақытты сақтау кезегіндегі тиісті арнайы жағдайды сақтауды қажет етеді.
Бұдан басқа әлемнің әртүрлі елдерінің авиакомпаниялары асыл тұқымды, цирктік, спорттық және жабайы жануарларды, ондай-ақ ветеринарлық қадағалаудағы бақыланатын тағы да басқа жүктерді тасымалдайды. Бұл жүктерді түсіру және жүктерді алушының көлігі кідірген жағдайда оларды әуежайда уақытша ұстау кездерінде қолайлы жағдай туғызу үшін, сондай-ақ елімізге жұқпалы ауруларды енгізбеу мақсатында арнайы шараларды жүргізу үшін тиеп-түсіру және дезинфекциялау кезінде оларды арнайы техникамен жабдықтау қажет.
Автомобиль көлігімен жануарлар еті ауданнан сырт жерлерге, тек қана мұздатылған, салқындатылған және суытылған күйлерінде тасымалдауға жіберіледі. Жаңа сойылған ет кем дегенде 6 сағат ішінде табиғи жағдайда суытылып, беткі жағы кебіңкіреген қабықшамен жабылған жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Жаңа сойылған еттерді суытылмаған күйінде немесе жібітілген сәтінде тасымалдауға тиым салынады. Ірі қара малдар (жылқы, сиыр, бұқа) автокөлікте басымен алға қарай орналастырып малдар қорапқа қатты байланады.
Жануарларды тасымалдау кезінде малдың санына байланыссыз, автокөлік жүргізушісінен басқа, міндетті түрде арнайы бөлінген жолсерік болуы керек. Егер керек болса жолсерік жануарларды жол бойында қарайлау үшін, автокөлік қорабында малдардың жанына орналастырады. Бұл үшін жолсерікке арнаулы (ірі жануарларды тасымалдағанда қораптың алдыңғы жағынан) жануарлардан бөлек орын дайындайды.
А. Д. Третьяковтың [6] мәлімдеуінше малдарды сою, өнімдерді дайындау, өңдеу, сақтау және тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың шаруашылықтарының індеттенулік және ветеринарлық-санитарлық жағдайларын зерттейді.
Жануарларды, мал өнімдері мен шикізаттарды тиегенде, түсіргенде, еліміз арқылы тасымалдағанда тексеруден өткізіп, ветеринарлық құжаттардың толтырылуының белгіленген талаптарға сәйкестігін салыстырып қарап дұрыс болған жағдайда ветеринарлық куәліктерге өздерінің қолтаңбаларын қойып тасымалдауға рұқсат береді.
Тасымалдау барысында жолшыбай жұқпалы аурулармен ауырған малдар табылған уақытта ол туралы тез арада шекара мен көліктегі Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бекетіне хабар берілуі тиіс. Тасымалдау кезінде жолшыбай өлген мал өлекселерін тасымал бекетінің күшімен түсірілуін және тазартылуын бақылап отырады.
Жануар тектес шикізаттарын тасымалдау жұқпалы аурудан сәтті шаруашылықтардан, елді-мекендерден ауданның немесе қаланың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторымен рұқсат етіледі.
Шет елден әкелінген және жинақы заттар қатаң ветеринарлық-санитарлық бақылауда болуы тиіс. Бұл шикізаттар, соның ішінде жануарлар мен аң терісі міндетті түрде ветеринарлық зертханада Асколи бөлімінде преципитация реакциясымен (ПР) топалаң індетіне тексерілуі қажет.
Тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық және зоогигиеналық талаптардың орындалмау салдарынан әртүрлі аурулардың шығуы ықтимал.
Малды күтуші жолсеріктерінің жиі кездесетін жұқпалы емес аурулар туралы түсініктері болуға тиіс, сондай-ақ олар жолшыбай ауырған малдарға алғашқы мал дәрігерлік көмек көрсете білуі қажет.
Тасымалданатын малдар арасында жұқпалы емес аурулардың алатын үлесі қомақты. Бұл аурулардың ерекшелігі, тек айқын ауру малдардан өзге (тасымалдауға жіберілмейтін), клиникалық сау немесе резистенттілігі төмен деңгейлі, сондай-ақ олар жолшыбай ауырған малдарға алғашқы мал дәрігерлік көмек көрсете білуі қажет.
П. Г. Песковтың[7] мәлімдеуінше жануарларды, құстарды, терілерді, сүйектерді және тағы да басқа шикізаттарды тасымалдаудан және ет комбинатында әрбір түсіруден кейін міндетті түрде тазартып дезинфекциялайды. Ет пен ет өнімдерін тасымалдау кезінде күн сайын, тасымалды аяқтағаннан кейін көлік құралдарын тазартып, ыстық сумен жуып, профилактикалық мақсатпен дезинфекциялайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz